Қан айналымына әсер ету шаралары


ҚАН АЙНАЛЫМЫНА ӘСЕР ЕТУ ШАРАЛАРЫ
Тері сыртқы ортаның сан алуан ықпалын қабылдайтын көптеген нервтің ұштары орйаласкандықтан, рефлекторлық реакция принципі бойынша ішкі мүшелерге әсер етеді. Нерв рецепторларын жылумен немесе суықпен тітіркендірудің салдарынан тек қана терідегі емес, ішкі мушелердің де қан тамырлары улғаяды немесе тартылады. Назарын аударушы дәрі-дәрмектер (оңқа, қыша қағаз, сулік, компрестер, ванналар т. б. ) деп аталатындарды қолдану осы принципке құралған. Алайда бул процедуралар дұрыс орындалмаса, ауыр зардаптарға ушырайды, сондықтан мейіркеш орындау техникасын, әрекет механизмін, көрсеткішін және ем болмайтынын жақсы білуі тиіс.
ҚЫША КАҒАЗДАР
Сырқат денесіне қыша қағаздар зфирлі қыша майы мен терінің қан тамырларын тітіркендіру және кеңіту аркылы әсер етеді.
Қ о л д а н ы л у ы. Қыша қағаздар өкпе немесе бронх қабынғанда, қан тамырлары қысылғанда туйілгенде және бірқатар басқа да ауруларға қолданылады. Фабрикада жасалған қыша қағаздарының көлемі 12X18 см оған ерекше тәсілмен қурғақ қыша жағылған. Қыша қағазды өзіміз дайындауымызға болады. Бір ас қасық қышаны альш, оны бір ас қасық бидай унымен жайлап араластыра отырып, бірқалыпты қоймалжың масса болғанша ыстық су (45-50°С) құяды. Оны эфир майы пайда болғанша 30 минут бойы қойып қояды. Содан кейін қажетті мөлшерде екі қабат дәкеге немесе қағазға тым қалың-датпай (0, 5 см) жағады да, оны терінің қажетті бәлігіне сальга, таңғышпен бекітеді. Бұл қыша фабрикалыққа қарағанда біршама күштірек, сондықтан куйіп қалмас ушін уақытында алып тастау қажет. Қыша қағаздарды курғақ әрі қараңғы жерде сақтау керек; сақтау мерзімі 8-ден 13-айға дейін. Жарамды қыша қағаз жарамсыздан ерекшелігі одан қыша майының әткір иісі шығады және қышасы шашылып қалмайды. Қолдану алдында осы сапаларын тексеру қажет. Қыша қағазын дененің. барлық жеріне қоюға болады.
Қолдану алдында қыша қағазды жылы (35°С жоға-ры) суға малып, сілкіп, терінің қажетті бөлігіне қышасын төмен қаратып 10-15 минут ұстайды. Егер сырқат терісі өте сезімтал болса, онда қыша қағаздың астына суға малынған папирос қағазын салып, үстінен салфет-камен немесе сүлгімен жабу керек. Қыша қағазды газет-тің үстіне қоюға болмайды, себебі қыша майының теріге тікелей тигізетін әсері жойылады. Егер қыша қағаз дұ-рыс қойылса, тері қызарып, күйдіргендей болады. Қыша қағазын ұзақ ұстаса, аса сезімтал терінің күюі мүмкін. Қыша қағазды алған соң теріні сумен жуып, қүрғатып сүртеді, сырқатты киіндіреді де қымтап жабады.
Қолданылмауы. Қыша қағазды тері ауруы мен қан ағу кезінде қоюға болмайды. Терінің пигментация-сын (түсі өзгеруін) болдырмау үшін қышаны бір орынға қайталап салуға рұқсат етілмейді.
Жоғары тыныс жолдары аурулары чсезінде, сондай-ақ қан қысымын азайту үшін аяққа қыша ваннасын (судың температурасы 50°С, бір шелек суға қыша концентраты 50 г, ваннаның ұзақтығы 20-30 минут) салады. Ваннадан соң жылы сумен аяғын шаяды, жақсылап сүртіп, төсекке жатқызады.
ОҢҚАЛАР
Ауруханада дәрігердің белгілеуімен мейіркеш күнделікті жасайтын емдік процедуралар саны жеткілікті, оның бірі - оңка қою. Қабыну ошақтарын жою мен ауырсынуды азайту мақсатында оңқалар ткандар мен мүшелсрге қан жүргізуде рефлекторлық әсер ету арқылы теріге тигізіп ықпал жасау тәсілі болып табылады. Көбіне кәдімгі құрғақ оңқалар қолданылады. Олар - асты жалпақтау, дөңгелек, ауыз жағы жұмырланып жақсы-лап тегістелген колба сияқты шыны ыдыс.
Қ о л д а н ы л у ы. Қөкірек клеткасының қабынуы, қа-бырға аралық невралгия, құяң, жедел және созылмалы миозиттер. .
Қ о л д а н ы л м а у ы. Өкпеден қан аққанда, екпе ту-беркулезі мен көкірек клеткасында ісік болса, тері ау-руы мен оның өте сезімталдығы, әлсіреу, жалпы тырысыпқұрысуы, қозу кезінде.
Әдетте оңқаны сырқатты жатқызып 10-нан 20-ға де-йін салады. Оларды пайдалану алдыyда тазартып ыстык сумен жуады, құрғатып сүртеді, шеттерінің сынбағанына көз жеткізген соң сырқат төсегінің жанына қояды. Содан кейін су өткізгіш мақтаны ұзындығы 12-15 см металл стерженьге орап, оны тез тұтанатын сұйыққа (спиртке) сәл ғана батырады. Сырқат терісін күйдіріп алмас үшін артық сұйықты сілкіп тастап, оны тұтатады. Оңқаны көбінесе арқаға, белдемеге т. с. с. дененің ет пен май қабаты неғұрлым қалыңдау жерлерге салады. Әйелдер-дің белдемесі мен емшек безіне оңқа салуға болмайды. Егер дене жүн басқан болса, жүнін қырқып, жылы сумен жуады да вазелинмен немесе басқа да маймен майлайды, дене күймеуі және ауа астынан кірмеуі үшін оңқа шеттері денеге тиіп түруы тиіс.
Оңқаны сол қолмен сырқат денесше жақындау ұстап, оң қолымен шамалы уақыт (2-3 с) оңқаға жанып тұрған тампонды ендіреді, содан кейін кеңдеу жағымен тездетіп денеге қояды. Оңқаның ішіндегі ауа сиретіледі, соның арқасында тері 1-3 см ішіне қарай созылады да, шымқызыл немесе қоңырқай түске боялады. Бұл іс ептілікті қажет етеді, себебі тампон жөнді жанбаса, оң-қа орнықпай домалап кетеді. Оңқаны тым қыздырып жіберсе, денені күйдіреді. Оңқаны денеде 15-20 минуттай ұстау қажет. Егер оңқалар дұрыс қойылса, олардың асты қанталайды.
Оңқаны денені ауыртпай суырьга алу үшін оны жай-лап бір жағына қарай қисайтып, екінші қолдың саусақтарымен оңқаның екінші қарама-қарсы жақ шетінен теріні басу керек. Оңқаны суырып алған соң сырқат терісін сүртіп, жылы киіндіреді де, көрпесін жауып тас-тайды.
Асқынулар. Неғұрлым жиі асқынулар - терінің күлдірегенше күюі, қан қысымының кенет төмен түсуі қанда лейкоциттер санының уақытша азаюы мен қанның ұюы артады. Тері күйгенде оған Коньков майы, 1 : 1000 риваналь немесе балық майы жағылған зарарсызданған салфеткалар салғаи дүрыс. Байқалған асқынуларды мейіркеш дәрігерге хабарлауы және оның белтілеулерін қатаң орындауы тиіс.
Қолданылып болған оңқаларды дұрыстап сүртіп, жәшікке салу керек. Онда сондай-ақ спирт, вазелин мен сіріңке сақталады. Мейіркеш оңқа салып жатқанда палатаның форточкасы ашылмауын, желорай болмауын қадағалауы тиіс.
СҮЛІКТЕР
Сүлік - тұщы суда тіршілік ететін қос жынысты құрт. Олардың сілекей безінде қан ұюын баяулататын зат - гирудин бар.
Қолданылуы. Сүлік белгілі бір жердің қанын се-руға қолданылады (гирудотерапия) .
Қолданылмауы. Қанның ұю жүйесі бұзылғанда, тері ауруына, қаны аздық және антикоагулянттармен емдеуді қатар жүргізгенде.
Сүлік қолдану.
а - сүлік қоятын жерлер; б - сүлік қою.
Сүлік денесінің басқы жақ ұшында сорғыш бар, оның тереңірек ішінде жақтары бар ауыз орналасқан, тістері да бар. Осы тістерімен сүлік теріні тістеп теседі де, қанды сора бастайды. Сүлік тек қанды сорып қоймай, гирудин бөледі, ол канның ұюын молайтып емдік әсерін күшейтеді. Сүлікті қойған соң қан қысымы төмендейді. Басқа әдістерге қарағанда, сүлік қоюдың артықшылығы, оны басқа тәсілдерді пайдалануға болмайтын жерлерге қоюға болады. Бір сүлік 2-ден 10 мл дейін қан сора алады. Сүліктерді өзеннің немесе су құбыры суы құйылған банкада сақтайды, ауа кіріп түруы үшін банканы дәкемен жауып қояды. Суды күнделікті ауыстыру керек. Банканы терезенің алдына, мүмкіндігіне қарай 10-15°С температурада ұстайды. Суда тез қозғалмайтын, тек дені сау, аш сүліктер ғана пайдалануға жарамды. Сүліктің
баяу қимылдауы, үстінің түйін-түйін, беріштенген және жабысқақ болуы оның аурулы және қолдануға жарамсыз екенін көрсетеді. Әдетте сүлікті 6-дан 12-ге дейін қояды. Сүлікті вена немесе артерия қан тамырлары тері-ге жақын орналасқан жерге салуға болмайды, себебі сүлік жұқа әрі сезгіш теріні немесе тері астындағы клетчаткасы өте бос жерлерді (қабық, ұма) тістеп үзуі мүмкін.
Сүліктер тек дәрігерлердің белгілеуі бойынша қолданылады. Сүліктерді қою үшін зарарсызданған астауша мен пинцет, сутегі тотығы құйылған флакон, тұз салған су, мензурка, глюкоза ерітіндісі, зарарсызданған дома-лақ мақта салфеткалар, таңғыш материал дайындау қажет. Соратын жердің жүнін қырып, сумен жақсылап жуып, құрғатып сүртеді. Сүліктін, дұрыстап соруы үшін теріні тәтті сумен сулайды. Теріні иіс сабынмен, эфирмен, йодпен сүртуге болмайды, себебі сүліктер сормай қояды. Мейіркеш үнемі сырқат күйін және сүліктердің түсіп қалмауын бақылап отыруы тиіс. Сырқат адамға сүлікті көрсетуге болмайды, себебі олардың түрінен ауру шошынып, жағымсыз әсер салдарынан есінен танып қалуы мүмкін.
Сүлікті пинцетпен ұстап, құйрық жағын төмен қаратып пробиркаға немесе мензуркаға салады, содан соң сырқаттың қажетті жеріне қояды да, сүлік қанды сорғанға дейін күтіп түрады. Содан ксйін сүліктін, құлап түспеуін қадағалай отырып, пробирканы шығарып алады. Әдетте сүлік 30-дан 60 минутқа дейін тұрады да өзі түсіп қалады. Егер сүлікті одан бүрын алу керек болса, теріге тұзды су жағады. Егер сүлік соруын қойса, оны түртіп қалу керек, сонда ол тағы сора бастайды. Сүлікті жұлып алуға болмайды, себебі ол теріні жаралауы, одан қан ағуы мүмкін. Әрбір жараланған жерден 10-нан 40 мл дейін қан ағады. Сүліктің тістеген жері тәулік бойы жә-не одан да кеп қанауы мүмкін. Қанаған жерге асептикалық таңғышты кейде тіпті тартып байлау керек. Жа-ралы жер әдетте 2-3 күннен . кейін жазылады. Инфекция кіруін болдырмау үшін сүлікті алған соң, жараланған жерге зарарсызданған салфеткалар салудың мәні зор. Сүлікті тек бір рет қана пайдаланады, ал содан соң тұзды суға, формалиннің немесе мүсәтір спиртінщ ерітіндісіне салып, канализациядан ағызып жібереді.
А с қ ы н у ы. Асептика ережелері бұзылса, жараның терісі қышуы немесе сыздауық шығуы мүмкін. Қышыманы кетіру үшін жараның айнала терісін мүсәтір спиртімен вазелин майынан бірдей үлеспен жасаған қоспамен майлайды.
Сүлік салған сырқаттарды мұқият күту қажет. Аурудың қан тамырларының соғуы мен қысымын қадағалау қажет, себебі сүлік салғаннан кейін қан қысымы төмендейді. Сүлік сорған жердің жарасы 2-3 күн өткеннен кейін де қанай берсе және тартып байлаған таңғыштың жәрдемі жарамаса, жараны калий пермангантының түйіршіктерімен күйдіреді.
Мидың қан айналысы бұзылғанда сүліктерді құлақ қалқанынан 1 см кейін, вертикаль бойымен шығыңқы еокінге қояды. Ұзаққа созылған стенокардия мен мио-кард инфарктісінің ұстамасында сүліктер ауыртпайтын да әсер етеді. Олардың 8-10 данасын жүректің тұсына төстен 1 см солға қарай шегіне отырып үшінші, тертінші және бесінші қабырға аралықтарына қояды. Іркілген бауыр ауруы кезінде қабырғаның ұшын бойлай 10-12 сүлік қояды.
КОМПРЕСТЕР
Қомпресс - кетіруші және қайтарушы дәрі-дәрмек ретінде әсер ететін көп қабатты емдік таңғыш.
Қыздырма компресс - терең орналасқан және тері-дегі қан тамырларын бірқатар кеңейтеді, соның салдарынан қажетті жерге қан қүйылады да қабыну ошағы қайтып, сырқаттың ауырсынуы азаяды. Қыздырма компресті дененің кез келген бөлігіне қоюға болады.
Болмайды. Тері ауруларына: дерматит, теодермия, фурункулез.
Қыздырма компресс үш қабаттан тұрады: 1) бөлме температурасындай сұйыққа малып алып, жақсылап сығылған таза, тығыз, бірақ жұмсақ әрі ылғал өткізгіш ылғал тартқыш мата (кенеп немесе салфеткалық мата, . бумазей т. б. ) ; 2) клеенка немесе балауыз қағаз; 3) мақта. Ылғалы уақытынан бұрын кеуіп кетпеуі үшін әрбір кейінгі қабат алдындағыдан 2 см жалпақтау болуы тиіс. Дайындалған компресті оньщ ылғал жағы теріге тиіп, ал қалғандары артығымен оны жауып тұратындай етіп ұқыпты түрде салады. Содан кейін компресті мұқият етіп бинттейді. Таңғышты жылы жүн орамалмен немесе шарфпен байлауға болады. Қомпресті қою орташа ұзақтығы 6-8 сағат болуы, бірақ 12 сағаттан аспауы тиіс. Компресті таңертең және кешке ауыстырып отырады. Тері тітіркеніп түршікпеуі үшін компресс салатын жерді оны ауыстырар алдында жылы сумен дұрыстап жуып, жұмсақ, жылы орамалмен қүрғата сүртіп, 2 сағатқа үзіліс жасайды. Жаңа компресс салу үшін таза материал алу керек. Компресс үшін жылы су, сірке суының сұйық ерітіндісі (1 шай қасық сірке суын 0, 5 л суға ерітеді), арақ, одеколон немесе су қосылған спирт қолданылады. Егер тері бөрітсе оған тальк, ұнтақ себу керек. Егер компресс салынғаннан кейін ауру қалтырап жаураса, онда компрестің дұрыс салынбағаны, компресті шешіп, қайта салу керек. Егер клеенка немесе мақта дәкені тұтас жауып тұрмаса немесе бинт нашар оралған болса, оның арасыка ауа мен су етеді де қыздырудың орнына, тоңдырады. Міне, сондықтан да компресті айтылған ережелерді сақтай отырып, өте мұқият қою керек. Оның дұрыстығьін қыздырма компрестінің ішіне бармақты сұғғып жіберіп, оның ішкі қабатыньвд дымқылдығыи анықтай отырып тексереді. Егер 2 сағаттан кейін ішкі қабаты дымқыл болса, компресс дұрыс қойылған.
Егер қыздырма компресс аумағы үлкен жерге салынса, сырқатты төсекке жатқызып қойып салады.
Арақпен салған немесе спиртті компрестер буланып, тез кебеді, Сондықтан оларды жиі өзгертіп отыруға тура келеді. Мұндай компрестерді үнемі қолдануға болмайды, себебі олар теріні қатты тітіркендіреді.
Суық компрестер (дымдама) ұрылып жырылған, жарақаттанған, қанаған жерге қойылады. Олар қойылған жерді суытып, қан тамырларын тарылтады, қанның құйылуы мен ауыруын азайтады. Суық компресс қою үшін бірнеше қабат бүктелген дәкенің немесе матанын, кесімін алып, суық суға малады, сығып, компресс жылып кетпейтіндей тек 2-3 минут қажетті жерге қояды, сонан соң жаңасымен ауыстырады.
Ыстық басу ауырған жердің қабынуын тезірек жазу үшін қолданылады. Ол үшін зығыр дәні, кебек немесе құм қолданылады. Құмды жақсылап қыздырады (дән мен кебекті қайнатады), содан кейін мата калтаға салып, теріге қояды да клеенкамен, жүн орамалмен немесе жамылған көрпемсп жабады. Басылған ыстық суымауы үшін үстінен грсл-ка басады.
ГРЕЛКАЛАР (БАСҚЫЛАР)
Грелка қабыну ошақтарын тарату, денені жылыту үшін және ауыруды жеңілдеткіш ретінде қолданылады. Болмайтын жағдайлар: ішкі органдардың жедел қабыну процестерінде (аппендицит, холедистит, панкреатит), ісік, қан ағу, соғып алғанда (алғашқы сағаттарда) . Резеңке және электр грелкалар болады.
Резеңке грелкалар - тығыны жақсылап бұралатын 1-1, 5 л су құйылатын резервуар. Салмақ түсірмеу үшін грелканың 3/4 бөлігін суға толтырады. Содан соң басып ауасын шығарады да құрғатып сүртіп, сүлгіге орап, сыркатқа қояды, Грелканың теріні қаншалықты қыздыратынын анықтау қажет. Дақтарын болдырмау үшін грелка қоятын жерді вазелинмен немесе маймен майлауға болады. Грелканы суығанша ұстау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz