Минералды сулар



Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
2. Минералды сулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.5 бет
3. Қазақстан минералды сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.14 бет
4. Су айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.16 бет
5. Жер асты сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.21 бет
6. Жер асты суларының физикалық —
химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23 бет
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24 бет
8. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25 бет
Кіріспе
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын *************************. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада **********************болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі *********************************************** пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға****************************
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызд******************нциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы******************** орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204.
2. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
3. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.
4. Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.
5. Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.
6. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
7. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
8. Облыстық экологиялық орталық. 2006 ж. мәліметтер.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКЕМЕСІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Минералды сулар

Орындаған:
Тексерген:

Семей 2013
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
2. Минералды сулар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-5 бет
3. Қазақстан минералды сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...6-14 бет
4. Су айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-16 бет
5. Жер асты сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-21 бет
6. Жер асты суларының физикалық --
химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-23 бет
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24 бет
8. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25 бет

Кіріспе
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% -- ын су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% -- ын, ал оттегінің 50% -- дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.

Минералды сулар - түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңізсуларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетінетаяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттардакөміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. Минералды сулар кендерінің типтері құрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохимиялықерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар (CO2, H2S, AsS, т.б.) мөлшеріне қарай анықталады. Минералды сулардағы минералды қосындылардың мөлшері 2 гл-ден төмен болғанда әлсіз, 2 - 5 гл-де аз, 5 - 15 гл-де орташа, 15 - 35 гл-ден жоғары болғанда минералды, 35 - 50 гл-де - тұзды, 50 гл-ден астам болғанда күштітұзды сулар болып саналады. Минералды 7 - 8 гл-ге дейінгілерін ішу, ал басқаларын әр мөлшерде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге пайдаланады. Температурасына қарай салқын (200С-қа дейін), жылы (20 - 370С), ыстық (37 - 420С) және өте ыстық (42ӘС-тан жоғары) болып бөлінеді. Аниондары мен катиондарының шамасына сәйкес Минералды сулар хлоридті, гидрокарбонатты, сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі, газ бен арнаулы элементтеріне қарай көмірқышқылды, сульфидті, азотты, бромды, иодты, темірлі, күшәлалы, кремнийлі, радиоактивті (радонды) болып ажыратылады. Минералды сулардың құрамындағы кальций денедегі ісіктерге қарсы ем болып, жүйке жүйесін нығайтады. Хлорлы магний суы қан тамырын кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен өт пен ішті тазалауға көмектеседі. Йодты сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе - бауырдың қызметін жақсартады. Бромды сулар орталық жүйке тамыр қызметін қалпына келтіреді. Темірқосындысы қанның гемоглобиніндегі темір жетіспеушілігін толықтырады. Гемоглобиннің артуына Минералды сулардағы кобальт, никель, күшәла да пайдалы. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Көпшілігіне гидрогеологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, 70%-дан астамы (көбінесе Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс аудандарда) пайдаланылуда. Мысысалы, "Алмаарасан", "Қапаларасан", "Сарыағаш", "Мерке", т.б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.

Қазақстан минералды сулары
Алмаарасан минералды суы - Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы жер асты суы.
Алматы облысы
Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 26 км жерде орналасқан. Құрамы мен емдік қасиеті бойынша кремнийлі-термальды суларға жатады. Диорит жыныстарындағы жарықшалардан шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3. Суда күкіртті сутек иісі бар, бұлақтарының ернеуі сульфат-бактериялардың қардай ақ түсті колонияларымен көмкерілген. Бұл төңіректе 1951 - 53 жылдары 5 ұңғыма бұрғыланған, олардан тәулігіне 520 - 525 м3 су өздігінен атқылап шығады. Судың температурасы 33 - 38°С, минералды 0,3 гл, химиялық құрамы сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі, оның кремний диоксиді (40 - 75 мгл), фтор (3,6 - 6 мгл), күкіртті сутек (0,58 мгл), радон (9 - 13 эман) тәрізді биологиялық активті құраушылары бар. Алмаарасан минералды суы негізінде 1932 жылдан Алмаарасан санаторийі жұмыс істейді.
Атасу минералды суы - Қарағанды облысы Атасу темір жол станциясынан солтүстікке қарай 50 км жерде орналасқан шипалы жер асты су көзі. Сулы қабат 80 м-ден төмен тереңдіктегі девон кезеңінің жарықшақтанған құмтастарынан түзілген. Ұңғымадан шығатын судың тәуліктік мөлш. 200 м3-ден астам. Судың минералдылығы 3,7 гл, ол хлоридті-сульфатты натрийлі түрге жатады. Құрамында стронций, бром, фтор, т.б. элементтер болғандықтан, бұл минералды су асқазан, ішек, бауыр ауруларын емдеуге шипалы. Атасу минералды суы жергілікті тау-кен кәсіпорындарының емдеу-сауықтыру мекемелерінде пайдаланылады.
Аяққалқан минералды суы - Іле өзенінің сол жағалауындағы палеоген, неоген құмды қабаттарындағы тектоник. жарылымдардан бұрғыланған ұңғымалар арқылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек а-нан солт.-батысқа қарай 45 км жерде, Іле өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1956 ж. бұл жерде аудандық санаторий ашылды. 1960 - 70 ж. суы шипалы сусын ретінде "Алматы минералды суы" деген атпен сатуға шығарылды. Суының темп-расы 29°С, құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералд. 4,5 гл. Асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын және әйел ауруларын емдеуге пайдаланылды. 1970 жылдан кейін минералды су шығып тұрған ұңғымалар, бұлақтар Қапшағай бөгенінің астында қалып, Аяққалқан курорты жабылды. Кейін 1989 - 91 ж. Қапшағай бөгенінің шығыс жағалауында жүргізілген гидрогеол. барлаудың нәтижесінде антропоген құмды қабаттарынан, бұл минералды судың жаңа көздері табылды. Ұңғымалардан атқылаған судың мөлш. тәулігіне 8 - 20 мың м3-ге жетеді.
Ақсай минералды суы - Алматы қаласынан батысқа қарай 13 км жерде, Төменгі Каменка ауданы маңында орналасқан шипалы жер асты суы. Ол 1900 - 2600 м тереңдіктегі палеоген және неоген сулы қабаттарында таралған. Ақсай минералды суының химиялық құрамы хлорлы натрийлі-кальцийлі келеді. Суы арынды. Нөмірі 5-Т ұңғымасынан атқылап шығатын судың секундтық мөлшері 11 л, температурасы 55,5°С, минералды 6,1 гл. Суының құрамында бром (12,5 мгл), фтор (2,9 мгл), йод (1,34 мгл) және кремний қышқылы (52 мгл) бар. Суында еріген газ негізінен азоттан (80,5 - 84,0%) тұрады. Ақсай минералды суы Алматы қаласының төңірегінде орналасқан санаторийлер мен профилакторийлерде, ауруханаларда қол-аяқ буындарын, асқазан-ішек, жүйке, гинекология ауруларын емдеуде қолданылады.
Горельник минералды суы -- Іле Алатауының солтүстік беткейіңдегі минералды бұлақтар. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 18 км қашықтықта орналасқан. Минералды судың жылылығы 20-22° С; бұлақтардың тәуліктік су өнімі 1,5 м3-ден 17,3 м3-ге дейін. Гидрокарбонатты сулыратты-натрийлі тұщы судың минералдар 0,120,14 гл. Су құрамында радон (25-27 эман), кремний қышқылы (20-36 мгл) бар. Тереңдігі 250 м ұңғымадан тәулігіне 800 м3-ге дейін шапшымалы жыны су (27°С)алынады.
Ералиев минералды суы (Ералиевские минеральные воды) --
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысы, Ералиев кентінен ұңғыма бұрғылау кезінде 1961 жылы табылған. Температурасы 69,7°С , тәулігіне 1235 м3 арынды су шығатын бұл шипалы қор 966 -- 1031 м аралығында жоғары-орта алып жікқабатында жиналғаң. Ералиев минералды суы ем үшін ішуге де, ваннаға шомылу үшін де 1972 жылдан бері пайдалануда. Құрамы сульфатты-хлорлы-натрийлі, аздап сілтілі, шамалы сульфидті, минералдылығы -- 8,1 -- 8,8 гл. Иондар мөлшері (гл): С -- 1,0-3,2; 502~4 -- 1,8 -- 2,1; СоО,09-0,1; ОН- -- 2,9 -- 3,0. Емдік белсенді және органикалық заттар мөлшері (мгл): -- 1,69; В) -- 13,3; 5і0-48,6; метабор қышқылы 80; гумин қышқылы 1,1; фенолдар 12; май қышқылдары 66,4-ке дейін. Азот басым болатын газ қүрамында 1 литрде 11 мг-га дейін күкіртті сутек, макроэлементтер (мгл): марганец -- 0,08; темір -- 0,12 және т.б. болады.
Жаманты минералды суы - Алматы қаласынан батысқа қарай 135 км жерде орналасқан шипалы су көзі. Алматы облысы Жамбыл ауданы Бесмойнақауылының солтүстік-батысындағы Жаманты өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 1620 м биіктікте. Жергілікті халық оны Қайнар арасан деп атайды. Бұлақтар Жаманты өзенінің аңғарын кесіп өтетін, беті борпылдақ шөгінді жыныстармен жабылған тектоник. жарықтардан шығып жатыр. Бұлақтардың жалпы су өнімділігі тәулігіне 235 м3, минералдылығы 0,4 - 0,7 гл, температурасы - 26,3°. Суының құрамында сульфат, гидрокарбонат, кальций, натрий және денсаулыққа пайдалы микроэлементтер: ортокремний қышқылы (36 - 40 мгдм3), фтор (3,7 - 5,0 мгдм3) бар. ЖАМАНТЫ МИНЕРАЛДЫ СУЫ аяқ, қол, жүйке, т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады.
ЖАРТАС МИНЕРАЛДЫ СУЫ, Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде орналасқан. Әктас пен алевролит жыныстарынан түзілген. Қарағанды синклиналінің оңтүстік шетіне ұштасып жатыр. Жартас минералды суы көбіне сульфатты-хлоридті натрийлі, минералдығы 3,8 гл, тәуліктік қоры 30 м3 шамасында бағаланған. Жартас санаторийінің гидроминералдық базасы ретінде ұсынылған.
Көктал - Арасан минералды суы, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал аулынан солтүстікке қарай 23 км жердегі бұлақтар. Тоқсанбай жотасының оңтүстік баурайындағы Долантау тауында, Бурақожыр өзенінің аңғарында 1280 м биіктікте орналасқан. Бұлақтарды Қу-Арасан немесе Жаркент-Арасан минералды сулары кені деп те атайды. Қайнар сулары тас көмір кезеңінде қалыптасқан фальзит-профирлерді тіліп өтетін тектоникалық белдемге шоғырланған. Қайнар суларының дебиті 1,7 - 104 м3тәуліктей, температурасы 30,4 - 35,2°С, минералдығы 1 - 1,1 гл. Бұлар сульфатты-натрийлі суға жатады, құрамында 80 - 96 мгл кремний қышқылы, 7 - 8 мгл фтор, аз мөлшерде родон бар. Осы минералды қайнарлар негізінде Жаркент-Арасан емдеу орталығы жұмыс істейді.‎
Майбалық минералды суы -- Ақмола облысындағы "Бурабай" курортының солтүстік-шығысында 8 км жердегі көл шарасындағы минералды су. Суының терендігі -- 7 м, балшық қабаты қалыңдығы -- 2 м-дей. Хлоридті-сульфатты судың минералдылығы -- 10 -- 16 гл, "ерекше" қасиеті мен минералы жоқ бальнеологиялық топқа жатады. Бұл су "Бурабай" курортында асқазан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Балшығы: сульфатты, минералдылығы -- жоғары, ерітіндісі -- хлоридті натрийлі-магнийлі, минералдылығы -- (мгл). Құраушыларының мөлшері (мгл): күкірт-сутек -- 50-60, бром 1,6, йод -- 1,3.
Макинск минералды суы -- шипалы жер асты су көзі. Ақмола облысы Макинск қаласынан шығысқа қарай 7 км жерде. Макинск минералды суының аймағын гидрогеологиялық тұрғыдан зерттегенде құрамында радоны бар жер асты суы табылған. Бұл жерде 50 -- 71 м тереңдікте 15 ұңғыма қазылған. Минералды су 3,2 м тереңдіктен басталады. Судың деңгейі 10,7 м-ге төмендегенде, ұңғымадағы су шығымы 2,7 лс-қа жетеді. Жер асты суының минералдығы 0,4 гл, ал температурасы 7°С. Судың құрамы хлоридті-гидрокарбонатты, натрийлі-кальцийлі, кейде гидрокарбонатты-хлоридті магнийлі. Макинск минералды суының емдік қасиеттері жоғары және 38°С-қа дейін қыздырса, бальнеологиялық мақсатта қолдануға болады.
Мерке Минералды Суы - Жамбыл облысы Мерке ауданындағы, Мерке а-нан оңт.-шығысқа қарай 16 км қашықтықтағы жер асты шипалы суы. Ұңғымалардан шығарылған судың темп-расы 17 - 23°С. Суы тұщы, минералд. 0,19 - 0,28 гл. Хим. құрамы хлорлы-гидрокарбонатты, сульфатты натрийлі.
Сары ағаш суы -- Келес артезиан алабы өңірінен 1948 ж. табылган Сарыағаш шипалы суы, Сарыағаш минералды суы. Шипалы-термальды су -- сеноман жікқабатында, 800-1170 м терендікте, өрқайсысының қалыңдыгы 150-200 м қүмтас, қиыршық- тас, саз қабаттарында кездеседі. Суы -- азотты, минералдылығы -- 0,5-0,8 гл, гидрокарбонаггы-натрийлі, сілтілі. Қүра- мында кремний қышқьшы (30-40 мгл), фтор (1,5-4,4 мгл) мөлшері көбірек кездеседі. Суының температурасы 42 -- 57°С. Үңғымалардан секундына 5 л су арындап шығады. Осы суды ем үшін пайдаланылатын "Сарыағаш" курорты 1956 ж. ашылды. Курорт үңғымалардан төулігіне 84 м3, Сарыағаш қаласы төу-лігіне 354 м3 су алады. Бүдан басқа онда- тегіс, батыстан шығысқа карай аздап еңкіштеу келеді. Онтүстік-шығыс бөлігіңде Аралтебе түбегі (биіктігі -- 117 м), солтүстік-батысында Аралтөбе аралы (ауданы -- 11,2 км², үзындығы -- 5 км, ені -- 2,8 км, биіктігі 47 м) бар. Көл жағасы аласа, камысты. Сасықкөлге Тентек, Қаракөл, Ай өзендері қүяды. Шілде айында көл суы 29°С-ка дейін жылынады. Айдыны бетінде есетін желдің жылдам-дығы -- 2 -- 4 мс. Толқын биіктігі -- 1 -- 1,8 м. Қарашаның аяғында мүз қатып (ақпандағы калыңдығы -- 60 -- 62 см), сәуірдің бас кезінде музы ериді. Көктемде өзен деңгейі көтерілген кезде Үялы көлімен (Алакөл мен С. аралығында) жалғасып кетеді. Жылына көлге 989 млн. м3 өзен ағыны, 100 млн.м3 жер асты суы, 212 млн.м3 жауын-шашын суы қосылады. (1932 -- 1964 ж.ж. аралығы бойынша). Деңгейінің жылдық ауытқуы -- 0,65 м, суының минералдылығы -- 0,270 гл -- 2,16 гкг, мөлдірлігі -- 0,2 -- 2,6 м. Көл суының химиялық күрамы гидрокарбо- натгы. Көлде балықтың 8 түрі бар (сазан, көксерке, алабүға, көкбас т.б.). Сасықкөлге Тентектің құяр түсында ондатр жерсін- дірілген (1943 жылдан). 1946 ж. мунда Алакөл мемлекетгік ондатр шаруашылығы қүрылды. 1956 жылдан ондатр терісі дайындалуда. Көлде: үйрек, қаз, бірқазан, аққу, балшықшы, шағала, ал жағасындағы қамыс арасын: қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық) және т.б. мекендейді.
Темірсу минералды суы, Бұкар жырау ауданында орналасқан. 1962 жылында ашылған. Девонның, пиритті вулканды жыныстарынан түзілген. 2-Ботақара шоқысының солтүстік-шығысқа беткейінде орналасқан. Суының құрамында сульфат кальциі, магнийлі-натрий бар, тұщы, минералдылығы -- 0,2-0,9 гл. Судың бальнеол. құндылығы құрамындағы биологиялық активі қос валентті темірдің (30-35мг) және марганецтің (2-8мгл) болуымен айқындалады.Қоры тәулігіне 173 м3 мөлшерінде бағаланады. Шөлмектерге құюға және асханалық-шипалық ауыз сурегінде пайдалануға болады.
Шалқар минералды суы -- Шалқар қаласының маңында жоғарғы палеоген сулы қабатынан алынатын шипалы су. 1961 жылы барланып, 1962 жылдан пайдаланылып келеді. Тереңдігі 60 -- 100 м, қалыңдығы 35 -- 150 м. Суы арынды; ұңғымадан 2 -- 8 м жоғары атқылайды. Арынды су деңгейін 0,5 -- 6,6 м-ге төмендеткенде өнімділігі 35 -- 1300 м3-қа жетеді. Минералдылығы 2,3 гл, құрамы гидрокарбонатты хлорлы натрийлі. Су құрамы (мгл): кремний қышқылы -- 32,3, бром -- 15, фтор -- 1, барий -- 2, бор қышқылы -- 6,6, бұдан басқа еріген газда азот, күкіртсутек, көмір қышқылы, аргон бар. Шипалы судың тәуліктік қоры 432 м3, ауыз суы ретінде ішуге жарамдысы 3080 м3. Шипалық қасиеті жағынан Арменияның Арзни курортының суына ұқсас. Шалқар минералды суы ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады.
Шонжы минералды суы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының шығысында 25 - 35 км жерде, Кетпен жотасы мен Іле өзеннің аралығында орналасқан. Оны 1970 ж. гидрогеологиялық барлау кезінде Қарадала минералды су көзі деген атпен 300 - 600 м тереңдіктен ұңғымалармен қазып алған. Суы өте арынды, жер бетінен 10 - 60 м, кей жерлерінде 100 м-ге дейін биіктікке шапшыған. Бұрғылау кезіндегі анықталған өнімділігі 16000 m³тәулік, минералдылығы 0,6 - 1,0 гл, суының жылылығы 25 - 48°С шамасында. Суының минералдық құрамы: гидрокарбонатты-сульфатты, гидрокарбонатты-хлорлы, гидрокарбонатты-хлорлы-сульфатты кальцийлі, кальцийлі-магнийлі немесе таза гидрокарбонатты натрийлі болып келеді. Шонжы минералды суының химиялық құрамы мен шипалық қасиеті жағынан Сарыағаш минералды суына өте ұқсас.
ҚАПАЛАРАСАН МИНЕРАЛДЫ СУЫ, Алматы облысы Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 83 км, Қапал ауылынаннан 35 км жерде, Бүйен өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ол 1000 - 1200 м биіктікте тектоник. жарықтар арқылы тереңнен шығып жатқан қайнар бұлақ су көзі. Суы шипалы. 1954 - 64 ж. бұл арада бірнеше ұңғымалар қазылып, минералды судың құрамы мен шипалық қасиеттері зерттелді. Суы арынды, жер бетінен 0,2 - 5,5 м биіктікке дейін көтеріледі. Деңгейін 7,5 - 15 м-ге төмендеткенде тәулігіне 130 - 670 м3 су алынады. Химиялық құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералдар 0,5 - 0,6 гл. Суының температурасы 34 - 44°С аралығында. Судың құрамындағы элементтер мөлшері: кремний қышқылы (50 - 88 мгл), фтор (8 - 9,7 мгл), бром (0,3 - 0,5 мгл), бор (0,2 мгл), молибден (0,03 мгл), вольфрам (0,003 мгл). Суда еріген газдың құрамында азот (63,6%), көмір қышқыл газы (10,02%), аргон (1,05%), гелий (0,15%), т.б. бар. Қапаларасан минералды суы жүрек, қан айналу, қозғалыс, жүйке, өкпе-бауыр, тері және гинекологиялық, т.б. көптеген ауруларға ем. Қапаларасан минералды суы негізінде 1886 ж. Қазақстанда ашылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей қаласындағы минералды ауыз суларға экологиялық сараптама
Санаторлы - курортты емдеу
Санаториялық-курорттық емдеу
Минералды су өндiрiсi кәсiпорынының метрологиялық қызметi
Курорттық-сауықтыру туризмнің дамуы
Емдік туризмнің түсінігі
Емдік туризмнің түрлері
Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау
Газдалған алкогольсіз сусындар жайлы
Курорттық іс пәні бойынша дәріс кешені
Пәндер