Вексельдің негізгі түсінігі


Вексельдің негізгі түсінігі
- Вексель несие және төлем құралы ретінде
Вексель, несие және төлем құралы тауар және ақша қатынасының көп жылдық даму нәтижесінде шаруашылықта пайда болды.
Вексельдің пайда болуы ақша аударым қажеттілігін бір ортадан келесі ортаға аударуымен байланысты, сонымен қатар тиынның ауыстырылуын, бір орталықта өтімді вексельді басқа мемлекеттің валютасына ауыстыру.
Бұл көп қиындыққа әкелді: тоналу тәуекелі, ақшаны шет мемлекетке шығаруға тыйымдар .
Қазақстанда вексельдің нормативті анықтамасының 1-ші әрекеті «вексельді жүйесінің есебі туралы уақытты жағдайы» 1992 ж 27ақпанда жасалды. Бекітілген жарғылықтың 1-ші бабында - Вексель дегеніміз сөзсіз, дауыссыз, қатаң орнатылған қалпында қарызды құжат, ақшалық міндеттемесі бар бағалы қағаздың түрі. Бірақ 97ж 28 сәуірде шыққан «Қазақстан Республикасы вексельдік айналым туралы» заңында вексель дегеніміз бір жақты сөзсіз, ақша міндеттемесі бар қатаң орнатылған қалпындағы төлеу құжаты. ҚР вексельді айналым бойынша қатынастар Женева вексельді конвенсиялар құрайтын вексельді құқықпен реттеледі. Сонымен қазіргі заңымен басқа да ҚР-ы заңнамалық актімен ҚР-ы ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Вексель беруші, вексельді тапсыру кезеңінен тиісті қалпында дайындаудан вексельдік міндеттеме пайда болды. 1997ж 28 сәуірде бекітілген «ҚР-ы вексельдік айналым туралы» заңға сәйкес вексельдік тауарды жеткізу туралы мәміле бойынша төлемді кейінге қалдыруға берілді.
2003 жылы шілдесінен бастап бұл заңға өзгертулер енгізілді. Бұл енгізулер вексельді қолданудағы шамалы ауданын кеңейтеді. Енді коммерциялық вексельдер тауарды сату, сатып алу келісім шарты. Қаржылық емес мінездемелерге қызмет ету және жұмыс атқару келісім шарты бойынша төлемді кейінге қалдыру үшін берілуі мүмкін. Вексель белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздың міндеттемесін білдіреді.
2. Вексель негізгі қаржы құралы ретінде
Вексель екі басты функцияны орындайды: несиелік және есептік.
Вексельдің есептік функциясын қарастырамыз. Түп негізінде вексель берушіге төлеуді қамтамасыз етіп, вексельді қолданысқы жібереді, вексель төлем құралы ретінде беріледі, сонымен қатар ақшаны алмастырады, маңызды функциясы болып табылатыны вексель төлем құралы бола алады.
Вексель эволюциясында ақшаның бір бөлігін бартер орнын басты. Нақты айырбас сату актінен бөлініп сатып алу актісінде, вексель ақшаны алмастырып, төлеу актін алу актісінде ақша болды .
Ақшаның екінші функциясы кіргізіліп бағамен шектелді. Қоғам ақша бірліктерін қолдануда ресурстармен пайдаға масштабты түрде сапалы өлшем деп санайды.
Бұл айқын тиімділігін көрсетеді. Ақша жүйесін қолданып, әрбір өнімнің бағасын басқа өнім арқылы төлеу. Вексель сонымен қатар келесі сатыда көрсетіледі: ол өзімен ақша атқарымын аккумулировать етеді, бір немесе бірнеше тауар бағасын көрсетеді, бізді қайта есептеу процесінен құтқарады, аударымнан, ақшаны сақтандырудан, төлемнің әмбебап құралы болып табылады.
Вексель классификациясы.
Вексель сыныпталуы жеткілікті көп қырлы, олар эмитентпен ерекшеленеді, қызмет көрсетуші субъектінің келісім шартымен, төлем алушы болып табылады.
Эмитенттің белгілеріне қарай бөледі:
- вексель қазынасы - қысқа мерзімді қарыз міндеттері, мемлекеттік басшылықтың шығаруын әдетте делдал болып Орталық банк төлеу уақыты шектеулі, 90-180 күннен белгіленген;
- жеке вексельдер - корпорацияның эмитенті, қаржылық топтардың, коммерциялық банктер.
Вексель қаржылық және тауарлы келісімдерге қызмет көрсетеді. Қаржылық вексель зайем алушыдан вексель бурушіге вексель ұстаушыдан пайыз түрінде алынады. Вексельдің қаржылық жағдайынан несие беру іске асырылады, бюджетке салық аударымдары, бюджеттен қаржы алу, төлем ақы, ақша айырбасы және т. б.
Қаржылық вексельдің әртүрлілігі мыналар болып табылады:
- достық вексель бір тұлғаның екінші тұлғаның қатысымен ақша төлеу жүргізіледі, вексельдің бір келкі ақшалай есептеу құралын іздеу жолымен банкпен келіседі. Негізі достық вексельмен (тең мөлшерде, мерзімде) екі тұлға арасында жүреді, олар сонымен қатар бір-біріне сенімді қатынаста болады, себебі кейін есепке алу немесе банкке кепілзатқа беру және алғаннан кейін соның валюта түрінде алып немесе тауарға төлем жүргізу болады.
- бронзалық вексель нақта қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Бронзалық және достық вексельдың қолданысы көбінесе несиегердің төлемге қиындағанында жүреді.
Жәй және аудармалы вексель
Вексельдің екі түрі болады: жәй және аудармалы вексель.
Жәй вексель борышқордың қарыз берушіге берген төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Мұнда екі субъекті: сатушы мен сатып алушы. Аудармалы вексель немесе тратта. Вексель берушінің (трассант) қарызды алушыға немесе трассатқа белгілі соманы белгіленген мерзімге үшінші бір тұлғаға немесе ремитент төлеу туралы бұйрығынан білдіреді. Трассат яғни қарыздаушы тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап борышқор болып табылады.
Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссаментке (басқа біреуге аудару туралы қолы) байланысты айналыста бола алады. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша бірлескен түрде жауап береді.
1
2
3
4
- Сатып алушы немесе вексель беруші вексельді сатушыға ұсынады.
- Сатушы немесе вексель ұстаушы сатып алушыға тауарын, өнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады немесе қызметін көрсетеді.
- Сатушы вексельде көрсетілген, яғни мерзімі жеткенде вексельдегі қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады.
- Сатып алушы вексельді төлейді.
1
2
3 4 5
Трассант - вексель беруші
Трассат - төлеуші
Ремитент - қаражат алушы
- Вексель беруші немесе трассант төлеушіге, яғни трассатқа тауарын және оған қоса аудармалы вексельді, траттаны жөнелтеді.
- Төлеуші немесе трассат акцептелген вексельді вексель берушіге трассантқа қайтарады.
- Вексель беруші трассант акцептелген вексельді ремитентке, аудармалы вексель бойынша қаражатты алушыға жібереді.
- Вексельде келісілген төлем мерзімінде ремитент вексельді трассатқа төлеуге ұсынады.
- Трассат вексельді төлейді және сонымен бірге вексельдің келесі бетінде төлегені туралы белгісін салады.
Жәй вексельмен аудармалы вексель коммерциялық вексельдің түрлері болып табылады. Сонымен қатар вексельдің мынадай түрлері болады:
- Қаржылық
- Қазыналық
- Достық
- Бронзалық
Қаржылық вексель белгілі бір соманы қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель - бұл қаржылық вексельдің бір түріне жатады. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздың міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар.
- Абстрактылық, яғни вексельде мәміледе вексельдің нақты түрі көрсетеді.
- Даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиісті.
- Айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы төлем құралы ретінде вексельдің берілуі вексельдік міндеттемелерді өзара есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Вексельдер жүктелімі
Вексель кластары сан алуан олар эмитентті мәмілемесі мен ақыны алушы субъекті бойынша ерекшеленеді. Эмитент белгісі бойынша :
- Қазыналық вексель - орталық банк делдалын әдетте 90-180 күн аралығында өтелуі үшін үкімет шығаратын қысқа мерзімді борыш міндеттемелері.
- Жеке вексельдер «корпорациялар» қаржылық топтар «коммерциялық топтар» шығаратын вексельдер.
Вексель таза қаржылық және тауарлық мәмілелерге қызмет көрсетеді. Қаржылық вексель берушінің вексельді ұстаушыдан белгілі бір пайызбен қарызға алатын ақшасының қатынасын көрсетеді. Қаржылық вексель арқылы несиені беру, салықты бюджетке аудару бюджеттік қаржыны, жалақыны алу, валютаны айыру және тағы басқа іске асырылады.
Вексель нысандары
Вексель жазбаша құжат болып табылады. Заңды күшке ие болу үшін ол белгілі бір ережеге сай құрылуы керек. Жазбаша құжат ретінде вексель бір міндетті реквизиттерге ие.
І Жәй вексельдің реквизиттері :
- Құжат құрылған тілде жазылған .
«Вексель» атауы
- Жәй және белгілі бір соманы төлеу жөніндегі ештеңемен бекітілген міндеттеме.
- Төлем мерзімін көрсету.
- Төлем орнын көрсету.
- Төлем кімге және кімнің бұйрығы бойынша берілуі керектігінің атауы.
- Вексельді құрудың күні және орнын көрсету.
- Вексель берушінің қолы.
ІІ Аудармалы вексельдің реквизиттері:
- Құжат қағазға енгізілген, құжат құралған тілде көрсетілген «вексель» атауы.
- Жәй және белгілі бір сомманы төлеу жөніндегі қарапайым міндеттеме.
- Вексель бойынша төлейтіннің атауы.
- Төлем мерзімін көрсету.
- Төлем орнын көрсету.
- Төлем кімге және кімнің бұйрығы бойынша берілуі керектігінің атауы.
- Вексель құрудың күні және орнын көрсету.
- Вексель берушінің қолы.
Вексель бойынша төлем
Вексельдің тартымды жақтарының бірі оның төлем қабілеттігі болғандықтан вексель бойынша төлемге ерекше тоқталғымыз келеді . Вексель бойынша төлем вексельдің табиғатымен, өзімен еркшеленеді. Төлем бірінші кредиторға емес вексельді ұстаушыға жүргізілуі керек, яғни вексельді индоссирлеу мүмкіндігі кезінде тек соңғы адам ғана вексель ұсынатын құндылықтың толық иесі болады. Төлем жүргізілуі үшін вексельді кредитор борышкерге белгіленген мерзімде ұсынуы керек. Сонымен борышкер кредиторға қажетті соманы жеткізуі қажет деп есептейтін төлем туралы жалпы нұсқау өзгереді. Борышкер төлем орнында болмаған және борышқордың дәрменсіздігі кезінде төлемді ол үшін жәй тұлға жүргізе алады. Ұсынылған вексель бойынша төлемеу наразылық әкеледі: ұсынбау және наразылық жасалуы вексельдің күшінің жойылуына әкеледі. Вексель ұстаушы вексель бойынша қайта жауапты жақтар мүддесі үшін жартылай төлеуден де бас тарта алмайды. Әрине іс жүзінде вексель толық санамен төленуі керек. Вексельдік айналымның нормальді процесі вексельді уақытында төлеумен аяқталады және вексельді төлей отырып төлеуші өзін вексельдік міндеттемеден босатады. Вексельдік төлем бойынша өзара жауапкершілік жағдайында вексельдің нақты кәсіпорынға өндірістің үздіксіз процессін және жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді қамтамасыз ету үшін қажет.
Вексельді инкассирлеу
Банктер вексельді ұстаушылардың вексель бойынша төлемді уақытында алу жөніндегі тапсырмасын жиі орындайды. Банктер вексельді төлеушіге уақытында ұсыну және ол бойынша төлемді алу жөніндегі жауапкершілікті өзіне алады. Егер төлем түссе, вексель борышкерге қайтады. Егер түспесе вексельдің төленбегені жөніндегі наразылықпен кредиторға қайтады. Сондықтан банк наразылықты жіберіп алудан туындайтын салдарға жауап береді. Осы операциялар арқылы банктер өз шоттарына елеулі қаражаттарды шоғырландыра алады және оларды тегін пайдаланады. Сонымен бірге зор пайда әкеледі. Инкассо үшін белгілі бір ақы алынады. Олар клиент үшінде пайдалы. Себебі банктер өздері арасындағы тығыз қарым-қатынас арқасында клиент тапсырмасын тез және арзан орындай алады. Ол клиент коммисиондық банктерге қарағанда шығындарды көбірек талап еткен вексельді төлемге ұсыну мерзім қадағалау қажеттілігінен босатылады.
Вексельді домициляциялау
Банктер клиент тапсырмасы бойынша белгіленген уақытта вексель бойынша төлем жасай алады. Вексельді домициляциялай отырып банк ешқандай жауапкершілікті алмайды. Яғни бұл клиент төлем сомасын алдын ала енгізеді деген сөз. Басқа жағдайда банк төлемнен бас тартады да вексель бойынша вексельді ұстаушыға қарсы әдеттегі тәртіппен наразылық жасалады.
Индоссамент
Индоссамент - (indossa - айналымда) вексельді немесе атаулы бағалы қағазды басқа адамға берген кезде олардың сыртқы бетінде жазылатын табыстама жазба.
Ол жазбаның мәтіні былай болады: «Х» әріпінің орнына бұйрық бойынша төлем жүргізіңіз, тұратын мекен жайы, мамандығы, индоссанттың қолы, күні, печать.
Шет елдердің сауда - саттық қарым - қатынас индоссаменттің келесі түрлері қалыптастырған:
- Достық - индоссамент, вексель бойынша төлемнің кепілдікпен шығарылуы.
- Бланктік (ұсынбалы) индоссамент бенефицердің аты-жөні көрсетілмеген вексельдегі өткізу жазбасы.
- Атаулы (толық) индоссаменттің аты немесе атауы көрсетілді, өткізілген жазбаның үзіліссіздігін міндетті түрде анықтау.
- Айналымды индоссамент индоссатқа қайта айналып келеді.
- Айналымсыз индоссамент - индоссантқа қайта келмейді.
- Инкасстық индоссамент - осы вексель бойынша өндірістік төлету үшін оның банкке тапсырылуы туралы вексельдегі жазба.
Акцепт
Акцепт, ризалық - 1) Басқа тараптық ұсынысына \офертасына\ сәйкес шарт жасауға келісім
2) Аудармалы вексель (тратта) бойынша төлеушінің трассаттың ондағы көрсетілген мезгіл болғанда вексельді төлеу міндеттемесін қабылдауы.
3) Аударма вексельде көрсетілген соманы төлеуге кепілдік беруге банктің келісімі.
4) Бір қатар елдерде шаруашылық ұйымдар оларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарының бірі «Төлеймін», «Акцептелген», «Қабылданған».
Вексель наразылығы
Вексель ұстаушы индоссантқа қарсы өз наразылығын бағыттай алады, егер вексель берушіге және басқа жауапты тұлғаға да қатысты:
- Төлем уақыты жеткенде;
- Төлем жасалмаған жағдайда;
- Төлем уақытынан ерте болса да;
- Егер акцепте толық немесе ішінара қарсылық білдірсе;
- Егер төлеуші банкроттығын мойындаған және өз еркімен вексельді акцептеді ма, жоқ па, төленбеген жағдайда. Бұл сот шешімімен келісілмесе немесе нәтижесіз дүние мүлікін таппаған жағдайда;
- Вексель берушінің банкроттығын вексель бойынша мойындауы және ол акцепте жатпайтындығы;
Сот қаулысымен шешілген айғақ (факт) төлеуші төлемдерді тоқтатса, және мүлікті қолдануды келісілген шарттар заңның 94-беті регрестік іс (иск) жүзінде, акцепт және төлем векселіне жауапты тұлға. Жауапқа тартылуы мүмкін мерзімінен ерте төлем векселі бойынша.
Акцептен немесе төлеуден бастарқаны акт бойынша белгіленуі керек. Куәландыратын батарту факті (наразылық акцепсіз және төлеумісіз) . Наразылық (заявление) мен ауыстыруына болады, вексельдің құрамындағы вексельдің өзінде және төлеушінің қол қоюымен, бұл жағдайларды алдын алу, вексель беруші ауыспалы вексельдің тақырыбында наразылық болғанын көрсететін арнаулы акт көрсетеді.
АЛЛОНАЖ. Вексель тіркелетін қосымша парақ; оған кепілгерлік кепілдеме жазба - жазылады.
КӨШІРМЕ.
Кез келген вексель ұстаушы, вексельдің көшірмесі алуға құқылы. Көшірме шығарылған оригинал индоссаментпен және тағы басқа., сондағы берілген белгілермен дәл болуы тиіс. Сол жерде көрсетілуі керек, қай жерге жеткені, мүмкін ол индоссерленген және авальданған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz