Ұлтымыздың болашағы - діни бірлігімізде



ҰЛТ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАПҚАН МИССИОНЕРЛЕР
Миссионерлердің қазақша сөйлегеніне неге мәз боламыз?
ОТАНДЫ СҮЮ ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ДІНИ БІРЛІГІМІЗДЕ [1]

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.
Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-экономикалық жағдайын есепке алғанда, осыншама көп конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне, ұлтымыздың болашағына нұқсан тигізуі ықтимал ма, деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Демек, қоғамның алуан дінге бөлінуі ұлтты ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті бұзатын қауіпті фактор. Жалпы, адамзат тарихы дінге бөлінушілік және діни өшпенділік салдарынан туындаған қақтығыстар мен дағдарыстарға толы...
Осындай жағдайда не істей аламыз? Ұлтымызды айрандай ұйытқан дінімізді сақтау және мемлекетіміздің сенімділікте дамуын қамсыздандыру үшін не жасауымыз керек? Ең бастысы, Қазақстандағы конфессияаралық татулықты сақтауымыз шарт. Бұл басқа дін уәкілдеріне толеранттылықпен қарауды қажет етеді. Ислам дінде зорлық-зомбылық жоқ екенін (Құран, 2/109) және адамдардың түрлі діндерге сену еркіндігін мойындаған бірегей дін (Құран, 109/1-6). Дініміз адам құықтарын таптауға, бейкүнә адамдарға жәбір көрсетуге, фитнә жасауға, лаң салуға, бейбітшілікті бұзуға жол бермейді. Сонымен қатар, ислам діні мұсылмандардың өз имандарына берік болуын, адастырушы күштердің арбауына түспеуін, ізгі амал істеп, пайдалы ой және өнім өндіруін бұйырады. Қазіргі заңдарды пайдаланып, миссионерлер елімізге дендеп кіріп, жаппай азаматтарымызды көндіріп жатқанда, саналы мұминдердің қарап отырғаны болмас. Біз нағыз мұсылмандар, нағыз отансүйер қауым Құрандағы «Аллаһтың жолына хикметпен және әдемі үгітпен шақыр! Олармен ең әдемі түрде күрес! Шынында, сенің Раббың өз жолынан адасқандарды ең жақсы білуші! Ол, тура жолдағыларды да ең жақсы білуші!» (Құран, 16/125) аяты бойынша, өз дінімізді халқымызға түсіндіруші және мұсылмандар арасындағы береке-бірлікті нығайтушы іс-әрекеттерді ұдайы жасап тұруымыз шарт.
Басқа ағымдар мен теріс пыйғылды діни секталармен, адастырушы тариқаттармен күресудің ең басты жолы, тіпті басты шарты – алдымен хақ жолды, яғни ислам
http://ru.wikipedia.org/wiki/Ислам
.http://islamic.kz/

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ДІНИ БІРЛІГІМІЗДЕ [1]

Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес! (Фатиха сүресі)

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің
көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі
күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі
дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы,
құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан
бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің
діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген
ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша
алады.
Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық,
зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-
саяси және гео-экономикалық жағдайын есепке алғанда, осыншама көп
конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне, ұлтымыздың
болашағына нұқсан тигізуі ықтимал ма, деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер
тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде
қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де
күшті болғанын дәлелдеген. Демек, қоғамның алуан дінге бөлінуі ұлтты
ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті
бұзатын қауіпті фактор. Жалпы, адамзат тарихы дінге бөлінушілік және діни
өшпенділік салдарынан туындаған қақтығыстар мен дағдарыстарға толы...
Осындай жағдайда не істей аламыз? Ұлтымызды айрандай ұйытқан дінімізді
сақтау және мемлекетіміздің сенімділікте дамуын қамсыздандыру үшін не
жасауымыз керек? Ең бастысы, Қазақстандағы конфессияаралық татулықты
сақтауымыз шарт. Бұл басқа дін уәкілдеріне толеранттылықпен қарауды қажет
етеді. Ислам дінде зорлық-зомбылық жоқ екенін (Құран, 2109) және
адамдардың түрлі діндерге сену еркіндігін мойындаған бірегей дін (Құран,
1091-6). Дініміз адам құықтарын таптауға, бейкүнә адамдарға жәбір
көрсетуге, фитнә жасауға, лаң салуға, бейбітшілікті бұзуға жол бермейді.
Сонымен қатар, ислам діні мұсылмандардың өз имандарына берік болуын,
адастырушы күштердің арбауына түспеуін, ізгі амал істеп, пайдалы ой және
өнім өндіруін бұйырады. Қазіргі заңдарды пайдаланып, миссионерлер елімізге
дендеп кіріп, жаппай азаматтарымызды көндіріп жатқанда, саналы мұминдердің
қарап отырғаны болмас. Біз нағыз мұсылмандар, нағыз отансүйер қауым
Құрандағы Аллаһтың жолына хикметпен және әдемі үгітпен шақыр! Олармен ең
әдемі түрде күрес! Шынында, сенің Раббың өз жолынан адасқандарды ең жақсы
білуші! Ол, тура жолдағыларды да ең жақсы білуші! (Құран, 16125) аяты
бойынша, өз дінімізді халқымызға түсіндіруші және мұсылмандар арасындағы
береке-бірлікті нығайтушы іс-әрекеттерді ұдайы жасап тұруымыз шарт.
Басқа ағымдар мен теріс пыйғылды діни секталармен, адастырушы тариқаттармен
күресудің ең басты жолы, тіпті басты шарты – алдымен хақ жолды, яғни ислам
дінін, оның бұрмаланбаған, хұрафасыз, бидғатсыз, яғни қоспасыз, саф
формасын үйрену. Нағыз исламды білу үшін біз мұсылмандар қасиетті Құран
Кәрімді басшылыққа аламыз. Өйткені, Құран адамзатты тура жолға бастаушы
(2185), өз ішінде қайшылықтары жоқ және тақуа иелерін тура жолға
бастаушы (22), барлық әлемдерге арналған үгіт (690, 3887), Аллаһ
тарапынан жіберілген анық нұр (4174), ұлы хабар (3867), теңі жоқ
кітап (4141), көңілдегі дерттерге шифа (1057), нағыз шындық
(6951) ... Құран бізге бұ дүниеде бақытты болу жолын ұсынады, ахиреттегі
қуанышты сыйлайды, бұрынғы үмметтердің ғибратты өмірінен хабарлайды, басқа
діндердің қателескен тұстарын ашып береді, олардың даулы мәселелеріне жауап
береді. Пайғамбарымыз барлық елшілік жылдарын қасиетті Құранды түсіндірумен
өткізген. Құран былай дейді: Күдіксіз Құран аса абыройлы бір елшінің сөзі!
Ол, бір ақынның сөзі емес! Қаншама аз сенесіңдер! Ол, бір сәуегейдің яки
көріпкелдің де сөзі емес! Қаншама аз ойлайсыңдар! Ол, әлемдердің Иесі
тарапынан түсірілген! Егер кейбір сөздерді біздің сөзіміз сияқты етіп
көрсеткенінде, оның оң қолын жұлып алар едік! Соңыра, оның күре тамырын
міндетті түрде үзер едік! Сонда, ешқайсыларың оған қорған бола алмас еді!
Шынында, Құран тақуа иелері үшін үгіт һәм ескертуші! Іштеріңде оны жалған
деушілердің бар екенін әлбетте білеміз! Даусыз, Құран кәпірлер үшін
қасірет! Және ол, нағыз шындықты қамтыйтын білік! Ендеше, сен Ұлы Раббыңның
атымен ұлықта! (Құран, 6940-52).
Исламтанушы ғалымдардың ұйғарымы бойынша мына аят әзиз Пайғамбарымызға
түсірілген ең соңғы аят: Дәл бүгін сендер үшін діндеріңді кемеліне
жеткіздім! Сендерге деген ізгілігімді (нығметімді) тәмам еттім! Сендер үшін
дін ретінде исламды таңдадым, исламға разы болдым! (Құран, 53). Осы аят
ислам дінінің толықтай түсіп болғандығын анық баяндайды. Құранның осы
аятынан кейін ешкім дінге ешнәрсе қоса алмайды және діннен еш нәрсені алып
тастай алмайды. Бұл маңызды қағиданы мұқият түсініп алуымыз шарт, ағайын.
Өйткені, діндегі теріс ағымдар мен дінді бұрмалаушылықтар ылғи да Құранның
кейбір үкімдерін жою яки жоққа шығару арқылы, немесе Құранға сәйкес емес
жаңа үкімдер шығару арқылы жасалған. Әрқандай нәрсенің ислам дініне
сәйкестігін Құран Кәрім арқылы тексеріп алуымыз шарт. Құран Кәрімді жан-
жақты зерттегенімізде, Аллаһ Тағаланың мына 5 қағиданы басшылыққа алуымызды
бұйыратыны белгілі болады. Олар кезегімен:
1. АҚЫЛ (10100, 1042, 20128, 2053, 1323, 1320, 1322)
2. УАХИ (Құран)
3. ЖАРАТЫЛЫС ЗАҢДАРЫ (Сұннетұллаһ, 4823, 838, 3543)
4. ҒЫЛЫМ (346, 5811, 318, 378, 17107-109, 20114)
5. МАҒРҰФ (Күллі адамзатқа ортақ ізгі құндылықтар, 2178-180-228, 45-8,
3104-114, 971)
Мұнда ақылдың бірінші орынға қойылуы тегін емес. Имам ағзам Әбу Ханифа (699-
767), Имам Матұриди (уаф. 944.), Қазы Абдұлжаббар (уаф. 1025), Нәжмұддин әл-
Туфи (уаф. 1316) сияқты ғалымдар мен ақида имамдары, әл-Фараби (870-950),
Ибн Сина (980-1037), әл-Бирұни (973-1048), Ибн Рұшд (1126-1198) сияқты
хакімдер ақылды уахидың алдына қойған. Араб тілінің теңдесі жоқ шебері
Рағыб әл-Исфаһани (уаф. 1108) бір еңбегінде былай деп жазған: Ақыл
қолбасшы болғанда, дін әскер. Ақыл болмаса дін жарамды және баянды
болмайды. Әлбетте, дін болмағанда ақыл да тентіреп қалады. Бұл екеуінің
бірігіп, құшақтасуы болса нұр үстіне нұр болады. Нұр сүресіндегі (Құран,
2435) нұр-ұн ғала нұр осыны білдіреді (әл-Исфаһани, әз-Зәриға ила
мекарими әш-Шәриға, 207-бет). Аллаһ Тағала Йұнұс сүресі 100-аятта ақылдың
маңыздылығын қандай ғаламат паш еткен: Аллаһ ақылын пайдаланбағандардың
үстіне кір-қоқыс құяды! (Құран, 10100). Осы аяттың басында Аллаһтың
рұқсаты болмайынша ешкім иман етпейді! делінген. Демек, Аллаһтың иман
етуге рұқсат беруінің басты шарты адамдардың ақылды болуы һәм ақылды
қолдануына тікелей байланысты. Өйткені, Рәсұлұллаһ бір хадисінде: Адамның
сүйеніші – ақылы. Ақылы жоқтың діні де жоқ! деген.
Ақыл мен уахидың, яғни Құранның Жаратушысы бір – Аллаһ Тағала. Сондықтан,
ақыл уә Құран ешқашанда қайшылыққа түспейді. Басқа діндердің кітаптары мен
ақылдың нәтижелерінің көпшілік жағдайларда қайшылыққа түсетінін аңғару
қыйын емес. Бүгінгі ислам үмметі ішінде пайда болған көптеген теріс
ағымдардың іс-әрекеттерінің Құран Кәрімге және ақылға қайшы келетіні де
сондықтан. Ақыл арқылы білуге болатын нәрселерді дінге телудің қажеті жоқ,
ал ақыл біле алмайтын нәрселерді бізге уахи (Құран) ғана білдіреді.
Ислам діні абсолютті монотеист дін, яғни Жаратушы ретінде тек Аллаһ
Тағаланы ғана таныйтын, Оған ортақ қосуға үзілді-кесілді тыйым салатын дін.
Құран Кәрім басынан аяғына дейін осы бұлтартпас қағиданы қайталайды. Аллаһ
Тағалаға ортақ қосуға шірк дейді. Шірктің өзі ашық шірк және жасырын
шірк болып екіге бөлінеді. Ашық шірк дегеніміз адамдардың пұттарға табынуы
яки Аллаһ Тағалаға жанама тәңірлер қосуы. Жасырын шірк дегеніміз болса,
Аллаһ Тағаланы Жаратушы ретінде мойындай отырып, оның кейбір биліктерін,
құқықтарын, аттрибуттарын фәни адамдарға да беру.
Аллаһ Тағала Құранда барлық күнәларды кешіруі мүмкін екенін айта келіп,
шіркті ешқашанда кешірмейтінін білдіреді: Күдіксіз, Аллаһ өзіне серік
қосылуын әсте кешірмейді! Бұдан басқа күнәларды қалаған құлдары үшін
кешіреді. Аллаһқа серік қосқан адам шексіз үлкен күнә істеп, жала жапқан
болады! (Құран, 448). Тәухид, яғни исламдағы Аллаһ Тағаланың бірлігі
ақидасына аса сақтықпен ие болуымыз шарт. Бұл дініміздің ең маңызды
мәселесі, Пайғамбарымыздың ақтық деміне дейін қайталаған өсиеті. Әз Елші
шіркке апаруы ықтимал әр нәрседен бас тартып ғана қалмай, олардан аулақ
болуды бұйырған. Бірде сахабалар жасырын шірк туралы сұрағанда
Пайғамбарымыз: біреудің харам дегенін харам, ал халал дегенін халал деп
тану деген екен. Осы мәселеде де ойланатын көп тұстар бар...
Қазір елімізде ислам атын жамылып, әр түрлі үгіт насихат жасап жатқан
топтар бар. Олардың бір сыпырасы саяси мақсатты көздейтін топтар болса,
енді біреулері экономикалық мүдделер төңірегінде ұйымдастырылған.
Қазақстанымыздың жер асты һәм жер үсті байлықтарына көз алартқан кейбір
сыртқы күштер тарапынан арнайы ұйымдастырылған және ислам үмметінің ішіне
келбетін ауыстырып кірген шіркшіл, фитнәшіл, бидғатшыл һәм пасық топтардың
бар екенін ескерелік. Олардың жалған уағыздарына инанып кетушілер қаншама
десеңізші! Бір нәрсені нақтылы түсініп алуға мәжбүрміз: Қазақстанның
тәуелсіздігінің сақталуы, еліміздің аман, жеріміздің тыныш болуы
халқымыздың мығым бірлігіне тікелей байланысты. Жас мемлекеттің керегесін
керісіп, уығын қадасқан бүгінгі ұрпақ ұлттық бірлік пен татулықтың үлгісін
көрсетуі керек. Ал, ұлттық бірліктің берік болуы діни бірлігімізге тәуелді.
Бөтен ағымдарға жол бермейік ағайын! Сол үшін хақ дінімізді екі қолымызбен
мықтап ұстайық! Қасиетті Құран өзгеріссіз халде алдымызда тұр және ол күллі
замандарға уә күллі адамзатқа жіберілген кітап ретінде барлық
сұрақтарымызға жауап бере алады! Тек, оны оқыйық һәм зерттейік! Сөздерімді
Ғасыр сүресінің аяттарымен аяқтағым келеді: Ғасырға (заманаға) ант болсын!
Адам баласы, шынында, зиянда! Иман еткендер, салих (жақсы, хайырлы) амал
(іс) істегендер, бір-біріне хақты үгіттегендер мен сабырды насихаттағандар
ғана зиянда емес! (Құран Кәрим, 1031-3)

[1] Мұртаза БҰЛҰТАЙ, Ұлтымыздың болашағы діни бірлігімізде. Жас Алаш
газеті, №58-59, 19.05.2005 ж., 9-бет және Дала мен Қала газеті, №20(97),
20.06.2005 ж., 11-бет.

ҰЛТ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАПҚАН МИССИОНЕРЛЕР

Ең алдымен басқа дінге тарту жайлы әңгіме болғанда миссионерлік жөнінде
айту керек. Бүгінде Қазақстан діни экcперимент алаңына айналып отыр.
Басқаша айтқанда Қазақстан діни экспанcия алаңына айналған. Сол
экспериментті қарқынды, жүйелі және ұйымдасқан түрде жүргізіп отырған —
христиан миссионерлері. Олардың басым көпшілігі АҚШ-тан арнайы жолдамамен
жіберілген — шоқындырушы-үгітшілер армиясы.
Христиан діні дүние жүзінде ең көп тармаққа бөлінген дін десек
қателеспейміз. Онда католик, протестант, православие атты үш негізгі бағыт
бар. Бұлардың ішінде, әсіресе протестанттар көптеген тариқаттар мен
секталарға бөлінген. Осындай шіркеулердің 20-дан астамы Қазақстанда
миссионерлік әрекет жасауда. АҚШ-тағы миссионер ұйымдары Қазақстанға арнайы
дайындықтан өткен, әбден ақпараттандырылған, мәліметтендірілген
миссионерлерді ғана жібереді. Олар бір жарым, екі жыл қазақтың тарихын,
мәдениетін сенімін зерттеп, кейбірі қазақ тілімен қоса, орыс тілін де
меңгеріп келеді. Әбден дайындалып, үгіт-насихат әдістемесі, тілі шыққан
осындай дінтаратушылардың алдына қазақтарды христиандыққа кіргізу деген
үлкен мақсат қойылған. Олар психологиялық дайындықтан өтіп, мейлінше қоюына
келтірілген адамдар. Іждиhаттылықпен барлық мақсаты, ойы қазақ халқын
христиандыққа кіргізу. Қатардағы шіркеу қызметкері, қатардағы миссионер
ұйымының мүшелері бұл жаққа жіберілмейді. Сондықтан, оларға өз саласының
маманы және үгіт-насихат жасау ісінің шебері ретінде қарауымыз керек.
Кейбірі адам психологиясын тыңшыларға, барлаушыларға тән дәрежеде зерттеген
және экономикадан, саясаттан, құқықтан хабары бар адамдар. Сондықтан,
бұларды кездейсоқ келген диуана, дәруіш сияқты көру — қателік. Миссионерлік
христиандықтың ежелгі дәуірлерінен бастау алады. Бүгінгі Інжілдерде басқа
адамдарды христиандыққа шақыруды бұйыратын үндеулер бар. Христиандықта Иса
Мәсіх жер бетіне қайтып келіп, Әке Құдайдың патшалығын орнатады деген
сенім бар. Миссионерлерлердің міндеті сол патшалықтың алғышарттарын іске
асыру. Олар әлем халқын Иса Мәсіхтің билігіне дайындаушылар ретінде қызмет
жасайды. Матфей жазған Інжілдің соңғы тарауында Барлық ұлттарға бар және
шәкірттер тап. Оларды шоқындыр және бұйрықтарымды үйрет! деген жолдар бар.
Миссонерлікте Тарсұстық Павелдің өсиеттерінің маңызы зор. Ол өзінің
коринфтықтарға жазған бірінші хатында (Библия, 919, 22): Мен азат едім.
Көбірек табыс табайын деп өзімді баршаға құл еттім. Йаһұдилерді
(еврейлерді) өзіме баулыйын деп, йаһұди сияқты әрекет жасадым. Өзім
шариғатты (Тәуратты айтқаны) тұтпасам да, шариғат заңындағыларды өзіме
қарату үшін оларға шариғатқа бағыныштымын деп әрекет жасадым. Не істеп, не
жасасам да, адамдарды өзіме қарату үшін әркімге жағымды халде болдым
дейді. Миссионерлікте адамдарды христиандыққа тарту үшін керек болған
жағдайда тақиййа жасауға болады деген қағида бар. Тақиййа —басқаша болып
көріну деген ұғымға саяды. Яғни, жалпақ тілмен айтқанда екіжүзділік деп
түсіндірсе болады. Демек, миссионерлердің ең негізгі ережесі ешқашан да
өзінің шын жүзін әшкерелемеу, керек болса ортаға сәйкестендіріп бет-
бейнесін ауыстырып тұру болып табылады. Түпкі мақсат нысанадағы адамды
инандырып христиандыққа кіргізу.
Христиандықты тарататын шіркеулер АҚШ-тағы өте бай ұйымдардың қатарына
жатады. Олардың меншігінде үлкен территориялар, өндіріс орындары,
бақылауында бизнес салалары, оқу орындары, кітапханалар, жатақханалар,
кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдары, баспаханалар бар. Америкалық
миссионерлерді Конгрес пен Сенат мүшелері, мемлекет құрылымдарында қызметте
отырған зиялылар, арнайы барлау ұйымдарының қызметкерлері, стратегиялық
жоспар жасайтын мекемелерге қатысы бар адамдар, әскерилер, дипломаттар
қолдайды. Жиhандастырудың жылы лебін артқа алып, әртүрлі сипатта келіп
жатқан дінтаратушылар халықтың осал тұсын аңдиды. Христиан миссионерлігі
1000 жылдан астам уақыт тәжірибе жинақтағандықтан дін тарату тәсілдері де
қатты дамыған. Әсіресе, заманауи технологиялық жабдықтарды өте тиімді
пайдаланады. Олар христиандық таратылатын елдегі ішкі, сыртқы саяси,
экономикалық, демографиялық, мәдени және экономикалық ахуалды өз мүдделері
үшін өте тиімді пайдалана біледі. Мысалы, ол елде жұмыссыздық көп пе, осы
мәселеге үгіт-насихаттың бір саласына арнайды. Студенттер көп пе?
Студенттер проблемасын шешу үшін қызмет етеді. Олар нені қажет етеді.
Студентке материалдық көмек қажет пе, сырлас достар керек пе, оқу құралы
жетпей ме, интернет қажет пе, осы секілді барлық проблемаларын шешіп
береді. Шәкіртақы тағайындап, онымен қоса, жұмыспен қамтамасыз етеді.
Шәкіртақыны шәкіртақы деп емес, ағылшын тілі мен компьютер үйретеміз деп,
грант ұтып алдың деп, алдап беретін кездері де болады. Оны студент
байқамайды. Бұл батпан құйрықтың соңы сенбі-жексенбі күндері өтетін құдайы
дастархандарға, семинарларға, отырыстарға, кеңес сұхбаттарға, қыдыруларға
ұласады. Біздің адамдар оған қалай барғанын байқамай қалатын жағдайлар да
аз емес. Осындай іс-әрекеттер арқылы олар үлкен ортаға ие болады.
Шоқынған қазақтардың ішінде білімді, сауатты адамдар да бар. Оларды әртүрлі
категорияларға бөлуге болады. Жастар, оқып жатқандар, бітіргендер,
халықаралық фирмаларда істейтіндер, зиялылар, мемлекет қызметкерлері мен
шенеуніктер. Олардың көпшілігі шоқынғанын әзірше жасырады. Олар рухани
ашырқап жүргендер. Кереметтей білім алған, жұмыс істейді, табысы өзіне
жетіп, экономикалық проблемаларын шешіп, енді рухани ізденіске түсе
бастағандар десе де болғандай. Мен қандай дінді ұстануым керек, қай жол
мені бақытты етеді? деген сауалды саналы түрде өздеріне сұрайтын осындай
жандармен де шұғылданатын миссионерлер бар. Олар дәл сондай адамдарды іздеп
тауып, дәл сол адамдарға лайықтандырып әзірленген методикамен үгіт-насихат
жасайды. Ал, осындай азаматтарымыздың басым көпшілігі исламның не екенін
тереңдеп білмейді, қазақша сөйлей алмайтындар да аз емес. Сондықтан, рухани
иммунитеті әлсіз азаматтарымызды өз қатарына тартып, олардың мыйларын әбден
жуып, өзге діннің сана-сезімін құяды. Осындай азаматтарымыз басқа дінге
енген соң мүлде өзгеріп, мүлде басқаша менталитеттегі адамдарға айналады.
Бұдан басқа олардың толық мағлұмат беретін интернет сайттары бар. Онда
Қазақстан жайлы жазылған мыңдаған беттерге көз жүгіртуіңізге болады. Оларды
елімізде он жылдан аса тұрып келе жатқан миссионерлер дайындайды. Әрбір дін
таратушының жеке-жеке интернет парақшалары бар. Олар Америкадағы дін
қарындастарына, қожайын ұйымдарына есеп беріп отырады. Онда суреттер,
видеороликтер, миссионерлік әрекеттер туралы, қазақтарды қалай шоқындырғаны
жөнінде әңгімелейді. Шоқынған қазақ жөнінде арнайы есептер жазылған. Онымен
қалай танысқаны, қалай шоқынғаны, дінге тарту жолы қалай қыйынға соққандығы
хабарланады. Көп сайттардан пәленбай деген қазақтың Иса Мәсіхтің жолына
түсуі үшін дұға жасаңыздар — деген сынды өтініштерін де көруге болады.
Кейбір сайттарға шоқынған қазақтардың мойындаулары жазылған. Демалыс
кезіндегі, қаланың ішінде, қаланың сыртындағы, діни ритуал кезіндегі,
шығармашылық кештердегі суреттерімен қоса берілген. Бұдан тыс кейбір
жобаларға көмек сұралады. Шіркеу салуға, христиан кітаптарын қазақ тіліне
аударуға, компакт диск немесе үн таспа шығаруға, офис ашуға, т.б қаржылай
көмек сұрап жазған жазбаларды да оқуға болады.
Бұл сайттардың тағы бір ерекшелігі, кейбір миссионер сайттарында
Қазақстанды қаралау науқаны да жүргізілуде. Қазақстанда миссионерлерді
қудалайды. Діни сенім еркіндігі жоқ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
діндесімізді тергеген, миссионерімізді іске тартып жергілікті сот айыппұл
салған, халық айғайлап діндарларды қуған, ол аз болғандай сақшы
қызметкерлері әлімжеттік көрсеткен — деген сияқты көптеген ақпараттар
тарату арқылы елімізді қаралауға, диктаторлы мемлекет ретінде көрсетуге
тырысады. Мақсаты, біріншіден Батыстағы христиан ұйымдарының наразылығын
туғызу. Екіншіден солар арқылы саясаткерлерге, бизнес саласына, халықаралық
ұйымдарға ықпал жасау. Үшіншіден, осындай ақпарат тарату арқылы
мемлекетіміздің билігіне ықпал жасауды көздейді. Халықаралық ұйымнан еліміз
дереу сескенеді. Біздегі кейбір шенеуніктер Батыста осындай ақпараттар
тараса, қорқып, айқара ашылған есікті былай қойып, терезелер мен басқа да
саңылауларды миссионерлерге ашуға дайын тұрады. Осыны көздеген миссионерлер
психологиялық ықпал жасау арқылы өздерінің бұл науқанын қауырт жүргізіп
жатыр.
Интернеттен тағы бір байқағаным қазір олар ауылды жерлегі тұрғылықты
халықты шоқындыру үшін арнайы миссионерлер қосынын құрып жатқанға ұқсайды.
Олардың мынандай да тактикасы бар. Миссионер әйел болса, жергілікті
жігіттерге тұрмысқа шығады, ал еркектері қазақ қыздарын алады. Бұл да
сенімді таратудың ең маңызды жолы. Шетелге сатылған жетімектердің
көпшілігін асырап алғандар да христиан миссионерлер. Бүгінге дейін
Қазақстаннан шетелдерге 5,000 бала экспортталған екен. Олар сол
балалардлы болашақта Қазақстанды шоқындыруда қолданбақ. Қорыта айтқанда,
Қазақстанда дендеген миссионерлер мәселесі бар. Бұл исламға қарсы жасалып
жатқан әрекет. Ислам дінінің өз отанында қарқынды дамуының алдын алу үшін.
Тарихта қазақ дінге бөлінбеген және басқа дінге кірмеген сенімі таза ұлт
болатын. Сол ел қазір 40 шақты конфессияға бөлінді. Бұл жерде тек
христиандарды ғана айтып отырмын. Ал, басқа діндердің ағымы қаншама. Олар
сайнтология, хара кришна, будда ағымы, Батыстан келіп жатқан бахаизм
сенімі, сатанизм шіркеуі т.т.. Бұлардың барлығын қосқанда қазақтың діни
бірлігі жайлы сөз қозғау қыйындау секілді. Қайта діни бөліну жайлы әңгіме
қозғау оңайырақ секілді және оған мәжбүрміз. Шіркеулер ұйымдасқан түрде
үгіт жүргізіп жатыр. Нәтижесінде бір деректерде 50 мың қазақ, ал кейбірінде
500 мың қазақ басқа дінге кірген делінген. Оның нақты санын дөп басып ешкім
айтып бере алмайды. Барлығы да мемлекетіміздің тұтастығы, халқымыздың
береке-бірлігі тұрғысынан алғанда өте қауіпті. Он бес жыл бойы миссионерлер
елімізде қарқынды жұмыс істеді. Он мыңдаған қандасымызды өзінің дініне
тартты. Бұған қандай көзқарастағы адам да болса қарсы тұру керек. Себебі,
халықтың дінге бөлінуі асқандықтың, тасығандықтың, еркіндіктің,
демократияның, адам құқықтарының, дамығандықтың көрінісі емес. Бұл ыдырау
мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТАУЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі
Жастар саясатының бағыттары
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің жеткен жетістіктер
Әдістер классификациясы
КТТ АҚ жастар саясаты
Психологиялық зерттеу әдістері
«Қазақстан Халқы Ассамблеясы» туралы Заң жобасын талқылау
Тілдің негізгі қызметі
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі
Пәндер