Бақтыбай Жолбарысұлы



Жетісу өңіріндегі атақты ақындар
Бақтыбай жеті жасқа келгенде
Затында өзі де ақын
Бақтыбай Жолбарысұлы
(1842-1902 ж.ж.)

Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю,Жолбарыс,Үден деген үш бала өрбіген.Жолбарыстан Тәттібай тарайды.Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған.Аңламас қарияның балларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар.Күш пен айланың заманында аю,жолбарыс сияқты батыр туса екен деп армандаған болуы керек,бірақ оның ұрпағынан Бақтыбай сияқты атақты ақын шығарын,әрине,ол білген жоқ.
Адам тағдырын ың сонша қиын да қызық екенін мынадай байқаңыз:жеті айлығында шала туған нәрестені атасы Аңламастан қалмған ескі тымаққа салып ,ай кереге іліп қойған.Бала үшкін бойы ауызына нәр алмапты .Ескі ырым бойынша ,шешесі Шәуке қайнысы Үденнің тұзақпен ұстап,үйінде бағып отырған бұлбұл құсын сұрап алып ,жас нәрестені соның тілін таңдайына салып ауыздандырған екен. Бақтыбай жеті жасқа келгенде әке-шешесі бірдей өліп ,нағашысы асырап алады.Жас баланың он жасқа келгенше тілі шықпаған.Он екі жасынданағашысының ешкілерін қасқырға талатып ,қорыққанынан күзгі жауында суық түнінде өз еліне қарай қашады.Әрі тоңып әрі қорқып келе жатқан бала айдалада әлі шоғы сөне қоймаған жер ошаққа кез болған.Соныңкүліне аяғын тығып жатса ,көзі ілініп кетеді.Түсінде Қабан ақынды көреді.Ел,Ескелді ,Балпықпен қатар әулие санайтын осынау аруақты ақын : «Өлең аласың ба,көген аласың ба?» – деп сұрапты мыс.Бақтыбай: «Өлең аламын» деген.Қабан ауызына түкіріп, «жұтып қой» депті.Шаттана оянған баланың сол күненен бастап тілі шығып, айнала дүниеге ақын көзімен қарай бастайды. Бұл туралы өзі де былай деген:

Жасымда жетім болып безіп кеттім,
Қаңғырып айналаны кезіп кеттім.
Түсімде қабекеңнен өлең алып,
Қызырға бай қылатын кезікпеппін.

Айналад адасқан бала елін таба алмай келе жатқанда, ұзын қара жолда бір сауда керуеніне кездеседі. Бұлар керіші өзбектер екен. «Еліңді тауып береміз» деп баланы алдап, өздерімен бірге алып кетеді. Сөйтіп, үш жылдай өзбекерде малайлықта жүреді. Есі кірген соң күншығыс жақта, Қаратал, Көксу өзендерінің бойында елі бар екенін білетін боз бала бір түнде қашып кетеді. Жолда жер өлшеп жүрген бір орыс инжденеріне кездеседі де, оның да жұмысын бір жылдай атқарып жүргенде өрістегі жылқыдан бір жүйрік ұстап мініп, «елім қайдасың?» деп тартып отырады....
Көп қорлықпен, әркімнен сұрастыра жүріп ауылына келсе, ағасы аюдың ешкілері күтіп тұр екен. Ешкі соңында жүрсе де өмірдің тақсіретін
http://kk.wikipedia.org/wiki/Бақтыбай_Жолбарысұлы

http://www.zox.kz/load/aza_debiet_t_l_alary/ba_tybaj_zholbarys_ly/12-1-0-1468

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бақтыбай Жолбарысұлы
(1842-1902 ж.ж.)

Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю,Жолбарыс,Үден деген үш бала өрбіген.Жолбарыстан Тәттібай тарайды.Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған.Аңламас қарияның балларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар.Күш пен айланың заманында аю,жолбарыс сияқты батыр туса екен деп армандаған болуы керек,бірақ оның ұрпағынан Бақтыбай сияқты атақты ақын шығарын,әрине,ол білген жоқ.
Адам тағдырын ың сонша қиын да қызық екенін мынадай байқаңыз:жеті айлығында шала туған нәрестені атасы Аңламастан қалмған ескі тымаққа салып ,ай кереге іліп қойған.Бала үшкін бойы ауызына нәр алмапты .Ескі ырым бойынша ,шешесі Шәуке қайнысы Үденнің тұзақпен ұстап,үйінде бағып отырған бұлбұл құсын сұрап алып ,жас нәрестені соның тілін таңдайына салып ауыздандырған екен. Бақтыбай жеті жасқа келгенде әке-шешесі бірдей өліп ,нағашысы асырап алады.Жас баланың он жасқа келгенше тілі шықпаған.Он екі жасынданағашысының ешкілерін қасқырға талатып ,қорыққанынан күзгі жауында суық түнінде өз еліне қарай қашады.Әрі тоңып әрі қорқып келе жатқан бала айдалада әлі шоғы сөне қоймаған жер ошаққа кез болған.Соныңкүліне аяғын тығып жатса ,көзі ілініп кетеді.Түсінде Қабан ақынды көреді.Ел,Ескелді ,Балпықпен қатар әулие санайтын осынау аруақты ақын : Өлең аласың ба,көген аласың ба? - деп сұрапты мыс.Бақтыбай: Өлең аламын деген.Қабан ауызына түкіріп, жұтып қой депті.Шаттана оянған баланың сол күненен бастап тілі шығып, айнала дүниеге ақын көзімен қарай бастайды. Бұл туралы өзі де былай деген:

Жасымда жетім болып безіп кеттім,
Қаңғырып айналаны кезіп кеттім.
Түсімде қабекеңнен өлең алып,
Қызырға бай қылатын кезікпеппін.

Айналад адасқан бала елін таба алмай келе жатқанда, ұзын қара жолда бір сауда керуеніне кездеседі. Бұлар керіші өзбектер екен. Еліңді тауып береміз деп баланы алдап, өздерімен бірге алып кетеді. Сөйтіп, үш жылдай өзбекерде малайлықта жүреді. Есі кірген соң күншығыс жақта, Қаратал, Көксу өзендерінің бойында елі бар екенін білетін боз бала бір түнде қашып кетеді. Жолда жер өлшеп жүрген бір орыс инжденеріне кездеседі де, оның да жұмысын бір жылдай атқарып жүргенде өрістегі жылқыдан бір жүйрік ұстап мініп, елім қайдасың? деп тартып отырады ...
Көп қорлықпен, әркімнен сұрастыра жүріп ауылына келсе, ағасы аюдың ешкілері күтіп тұр екен. Ешкі соңында жүрсе де өмірдің тақсіретін көп тартқан ,бірақ жүрек оты сөнбеген бала өздігінен домбыра тартуды үйреніп ,жиын тойларда ән айтып ,ауыл елге таңыла бастайды.Өнерінің арқасында ешкі бағудан құтылады.17 жасында Жетісудың азуы алты қарыс билеушісі ,халық хан атаған,орыс полковнигі,Абылай ханның немересі Тезек төрені іздеп баруы оның бойындағы ақындық алапат күш пен өжетілігін аңғартатындай.Оқиға былай болған:Тезек төре Алман деген жайлауда ақ шаңқан үйлерін тіктіріп ,шаруа істейтін қараша үйлерден алыстау отырады екен.Өзі шақырмаса ,оның ауылына баса-көктеп ешкім бара алмаған. Шақырылып барғандардың өзі аттарын алысқа байлап, қол қусырып жаяу келген. Қолында кішкене домбырасы бар жұпыны киімді бала жігітті ешкім елең қылмайды. Ақ Ордада осы елег ақылымен, шешендігімен аты шыққан Суан қожбамбет бидің Тезек Төремен әңгіме-сұхбат құрып отырғанын алыстан байқап-біліп, аңдаусызда үй сыртына жеткен Бақтыбай Ескелді атасының аруағына сиынып, өлең тиегін ағыта жөнелед:

Үш жүзге Абылайлап шыққан атың,
Ешкімге біленбеген жамн атың.
Кембағал алдыңызға келді қонақ-
Алла - жар, білесіз ғой жетім ақын.
Шешенде тіл ,шеберде мін бола ма,
Нашарда шыға-тұғын ,үн болама
Ақ сүйек хан иемнің баласы едің,
Бір аттар босағаңнан күн бола ма

Затында өзі де ақын,бірақ хан тұқымы болғансоң,жөнсіз жайыла бермейтін Тезек бала жігіт қанша мақтап өлең айтса да сынағысы келдіме ,әлде бейбастақ жігітке шын ашуланды ма-есік күзетіп тұрған жасауылдарына үй сыртында шаңқай түстеқақсап тұрған жетімді Әрі қуып тастаңдар,кетпесе басын алыңдар деп бұйырады .Табиғаттың өжет Бақтыбай жетіп келген екі жеткіндекте : Ментөрені даттағам жоқпын,мақтадым.Неге басымды ал дейді? Менің басымды төре алмайды, алланың өзі алады деген сөзін үйде отырып естіген соң Тезек көзбе-көз сынап көргісі келді ме екен: Жарайды, кірсін, - дейді. Жас ақын кірген бойда домбырасын қағып-қағып жіберіп, өлеңмен сәлемдеседі де, төрені біраз мақтаған соң, аяқ жағында:

Жас та болса мейманмын,
Қарсы алады деп едім.
Сары ала тұйғын сен едің,
Сары ала тышқан мен едім,
Тышқанға көзін салғандай,
Қарғалық заңың бар ма еді№- деп тиседі.

Соңғы сөзіне ашуланайын десе де, мына балаң жігітте ақындық күш бар екенін сезген Тезек сабыр сақтап, тағы да сынамақ болады. Қожбамбет бимен екеуіне сызылып қымыз құйып отырған ақ Дәнекер аталған сұлу келіншекті иегімен мезгеп:
- Мына сұлуды мен көркіне қызығып, ол менің хандығыма қызығып, тиген күйеуінен тартып алып едім. Мақтай аласың ба?- дейді Тезек. Бақтыбай: мақтайын, дейді. Сонда суан руынан шыққан Қожбамбет би:
- сен, бала, ескелді бидің тұқымысың. Кейбір ақын қорыққанынан немесе жағыну үшін өтірік мақтайды. Өтірік сөз жүрекке жақпайды, арна жоқ жерден су ақпайды. Шындықты айтсаң, құдайдың өзі сақтайды,- деген екен. Бақтыбай сонда:

Дәнекер - сіздікі емес, біздің қатын,
Тартып ап қатын қылдың білмей затын.
Төркіні Дәнекердің қоқандықтар,
Қоқанның қайын қылдың тәжік, сартын.
Қатынды кім мақтайды елден шыққан,
Қорқауға жұтылды ғой көрден шыққан...-

деп екуін де оңдырмайды. Дәнекер бетін басып төмен қарайды. Хан түгіл, жай адамды жерге кіргізетін тағы басқа сөздерінің ішінде мынау да бар:

Хан тезек, қатарында сен бір жайсың,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетісу ақындық, жыраулық дәстүрі
Хронологиялық деректер тізбесі
Сөзден жеңілген төре
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Тәжірибелік оқыту әдістері мен көрнекілік әдістерін зерттеу
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Мінез және оны тәрбиелеу
Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы
Тарих қойнауынан сыр тартқан
Пәндер