Мәдениет, салт-дәстүрлер



Балаға ат қою
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.

Бесікке салу
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

Қырқынан шығару
Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет, салт-дәстүрлер
Балаға ат қою
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат
қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: Сенің атың... деп үш рет қайталайды.

Бесікке салу
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.
Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі
аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел
бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен
аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады.
Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап
қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады.
Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы
іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің
тұяғын байлайды.

Қырқынан шығару
Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан
шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке
шомылдырады. Әйелдердің үлкені Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық
қабырғаң жылдам қатсын деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды.
Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте
баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына
қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін
киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді.
Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

Тұсау кесу
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін,
болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған
ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып
тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға
тартсын деген тілектен туған рәсім.

Атқа мінгізу
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген ұл
баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға
ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам
құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге
сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек
балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

Тоқым қағу
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа
жолаушылап шыққан кезде Тоқым қағар тойы жасалады. Жиналғандар домбыра
тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа айналады.

Салт-дәстүрлер
Сүйінші
Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші-сүйінші деп келеді. Мұндайда
қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық
ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның
сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сәлемдеме
Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет
тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне
жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы.
Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға
ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте
көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы
алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да
танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа
ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты
айтылады.

Базарлық
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-
көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар
әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі
және ескерткіш ретінде қабылданады.

Жеті ата
Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс
саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-
бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата
әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке.
3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының салт дәстүрлеріне кіріспе
Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақстан мәдениетінің тарихы
Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Қазақтардың мәдени дәстүрлерінің исламдық негіздері
Мәдениеттің кеңістігі мен формалары, құрылымы, парадигмалары, мәдени сценарийлер
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Этнопсихология туралы түсінік
Пәндер