Ақша массасының экономикалық мәні мен теориялық негіздері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.АҚША МАССАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Ақша массасының құрылымы және оны реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

2.ҚР.НЫҢ АҚША МАССАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ
2.1.Ақша агрегаттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2.Ақша базасы мен массасын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

3.ҚР АҚША МАССАСЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша.несие саясатын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2Ақша массасын реттеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Осы курстық жұмысымның өзектілігі – нарықтық заманда ақша массасы үлкен ролді алып отырғандығы белгілі,сол себепті де еліміздегі ақша массасың жағдайы қандай екендігін білу маңызды,сонымен қатар ақша массасы экономикаға үлкен әсер ететіндігі белгілі сондықтан да елдің жүргізетін саясатына қатты әсер етеді.
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).Ақша массасы көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге ,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы , бағаның тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі – бұл мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық ұсынымы мен ақша массасының өсу қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.Ақша айналымын ұйымдастыру ақша массасының бірлігі бір құрылымын ұсынады. Шаруашылық айналыстарға қызмет көрсететін қолма-қол ақша және қолма -қолсыз ақша қаражатын білдіретін ақша массасының элементтері арасындағы айырмашылықтар олардың дәрежесімен және сипатымен байланысты.
Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай – ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Ал осы курстық жұмыстың объектісіне ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі ақша массасының жетілу жолдарын және реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде-ақша массаның мәні мен жылдамдығы,сонымен қатар ақаша массасынң қазіргі кездегі ақша массасының ақша айналымдағы ролі,ақша массасының маңыздылығы қарастырылады.
Екінші бөлімде-қазіргі кездегі Ұлттық Банктің жүргізіп отырған ақша –несие саясатын талдау,елдегі соңғы жылдардағы ақша массасы мен бақша базасының өзгерістерін талдау қарастырылған.
Үшінші бөлімде –ақша массасын мен ақша айналысын реттеу жолдарын дамыту,жетілдіру,елдегі ақша массасын жетілдіруде өз ұсыныстарым қарастырылған.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады.Сонымен қатар соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер пайдаланылған.
Пайдаланған әдебиеттер

1.С.Б.Мақыш.«Банк ісі».Алматы,«Издатмаркет»2007ж
2. Б. А. Көшенова. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы «Экономика» 2000 ж.
3. www.nationalbank.kz
4. С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілияс “ Банк ісі”. Алматы «Қазақ университеті» 2004 ж.
5 Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы», Алматы, 2007ж
6.Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер», Алматы, 2001ж
7.Лаврушин О.М. «Деньги. Кредит. Банки.» – Москва, 1999. –
8.Баймуратов У. Б. «Национальная экономическая система.».Алматы.
Ғылым,2000ж.
9.Дробат Ю.Л. Экономическая система».Москва.Асафа 2004ж.
10.Есипова Р.Р. «Денежный оборот Республики.»Алматы,2000ж
11.Саниев М.С. Ақша, Несие. Банктер – Алматы: Алматы экономика және статистика институты. 2001.
12. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, 2003.
13.М. С. Биханұлы «Банк ісі» 2007 жыл
14.Ғ.С. Сейітқасымов «Банк ісі» 2003 жыл
15.М. С. Биханұлы «Ақша, несие, банк»
16. «Егемен Қазақстан» газеті
17. «Банк және банк қызметі туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 31 наурыздағы Заңы
18.Ілиясов Қ. Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық.-Алматы:2005.
19.Міржақыпова С. Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық.-Алматы:
Экономика.-2004.
20.Кеулімжаев Қ, Әжібаева З, Құдайбергенов Н, Жантаева А. Қаржылық есеп.-Алматы, Экономика, 2001.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Осы курстық жұмысымның өзектілігі – нарықтық заманда ақша массасы
үлкен ролді алып отырғандығы белгілі,сол себепті де еліміздегі ақша
массасың жағдайы қандай екендігін білу маңызды,сонымен қатар ақша массасы
экономикаға үлкен әсер ететіндігі белгілі сондықтан да елдің жүргізетін
саясатына қатты әсер етеді.
Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі
параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен
көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде
анықтауға болады.  Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың
динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз
жұмыс істеуіне әсер етеді.Ақша массасының жиынтығы ақшалардың барлық
түрлерін құрайды (қолма-қол ақша,қолма-қолсыз ақша,несиелік).Ақша массасы
көлемі мен оның өсу қарқынының өзгеруі маңызды экономикалық өзгерістерге
,сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаттарына қол жеткізуге
әсер етеді. Халықты еңбекпен қамтудың жоғарлылығы , бағаның
тұрақтылығы,экономикалық өсу,төлем балансының теңгерілімдігі – бұл
мәселелердің барлығы ақшаның жиынтық  ұсынымы мен ақша массасының өсу
қарқынының өзгеруімен тікелей немесе жанама түрда байланысты.Ақша айналымын
ұйымдастыру ақша массасының бірлігі бір құрылымын ұсынады. Шаруашылық
айналыстарға қызмет көрсететін қолма-қол ақша және қолма -қолсыз ақша
қаражатын білдіретін ақша массасының элементтері арасындағы айырмашылықтар
олардың дәрежесімен және сипатымен байланысты.
Курстық жұмысымның мақсаты ақша массаның құрылымын толығырақ
қарастыру және оның проблеммалары мен перспективаларын, Қазақстандық
тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу мен жеке сипаттау болып табылады. Сондай –
ақ, шетел тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасында
пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайларды қарастыру. Ал осы курстық
жұмыстың объектісіне  ақша массасы мен ақша агрегеттары жатады.Қазіргі
кезде өзекті мәселе әрине осы ақша массасы болып табылады,елдің
экономикасың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша айналысы болса,осы ақша
айналсының ең негізігі құралдарынң бірі –ақша массасы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті – еліміздегі ақша массасының жетілу жолдарын
және реттелуін, олардың даму мәселелерін анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде-ақша массаның мәні мен жылдамдығы,сонымен қатар ақаша
массасынң қазіргі кездегі ақша массасының ақша айналымдағы ролі,ақша
массасының маңыздылығы қарастырылады.
Екінші бөлімде-қазіргі кездегі Ұлттық Банктің жүргізіп отырған ақша
–несие саясатын талдау,елдегі соңғы жылдардағы ақша массасы мен бақша
базасының өзгерістерін талдау қарастырылған.
Үшінші бөлімде –ақша массасын мен ақша айналысын реттеу жолдарын
дамыту,жетілдіру,елдегі ақша массасын жетілдіруде өз ұсыныстарым
қарастырылған.
Курстық жұмыстың ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономист
ғалымдарының оқулықтары, ғылыми мақалалары жатады.Сонымен қатар соңғы
жылдардағы статистикалық мәліметтер пайдаланылған.

1.АҚША МАССАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Ақша массасының экономикалық мәні мен жылдамдығы

Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі
параметр болып ақша массасы саналады.Ақша массасы ақша айналысының
құрылымына жатады.

Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда
қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай табыстарының бөлінуін
қарастырса қолма-қаолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің
қарастырады.Ақша белгілері әртүрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол
рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынттығымен қамтамасыз етілсе қолма-
қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика
жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық
қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың қандай бағада
атылатыны белгілі болған.Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек
жойылуы. Тауар айналымы процесіндегідегі қолма-қол ақша қозғалысы және
төлемақының жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге
кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың
алмасу-ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін
қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалысты, яғни айналыста болуына мүмкіндік
жасайды. Тауар сатып алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады.
Ал ақша айналысты әрқашан жүреді.
Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша
қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы
экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп
айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар.
Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма – қол ақша мен
қолма – қол ақша айналысынан немесе қолма – қол емес ақшалардан тұрады.
Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы
мүмкін – вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.
Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде
басқа да бағалы қағаздарды қолма – қол емес ақша айналымына жатқызады.
Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма – қол ақшаның барлығына
қарсы шығады да, ақша деп тек қолма – қол ақшаларды санайды.Тауарлы
айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет.
Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез
келген келісім шарт жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар
бағасының қажетті сомасын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың
теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:
MV = PQ, немесе M = PQ V
Мұндағы:
M – ақша айналымына қажетті ақша массасы;
PQ – тауар бағасының сомасы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім
болған. К.Маркс өзінің Капиталының І томында бұл теңдікті былай
көрсеткен болатын:
Ақша массасы = тауарлар сомасы ақша бірліктерінің айналым саны
Сондай – ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:
М = ( Ц*Т – Кц + П – Вп ) n
Мұндағы:
Ц*Т – тауар бағасының сомасы;
Кц – несиеге сатылған тауарлар сомасы;
П – ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер
ағымдағы периодта жүзеге асады;
n – ақша бірлігінің айналым саны; [1]
Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі
депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады, қаншалықты
резервтеу нормасы жоғары болса, соншалықты банктер несиелеу үшін аз
қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік
ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау
коэфицентімен анықталады. Яғни, ақша массасының көлемі Орталық банк
жүргізетін ақша – несие саясатымен тығыз байланысты деп айтуға болады.
Мұндағы ең басты мақсат ақша масссасының өсуін сақтау екенін көруге
болады. Мақсатты белгілеуде Орталық Банк келесі көрсеткіштерді ескереді:
1. нақты бейнелеудегі ЖҰӨ -нің болжанатын өсімі;
2. жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін жылдамдығы;
3. жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген
деңгейі;
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық
потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере
отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының
өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.
Ақша массасының жылдамдығы – ақша қозғалысының интенсификациялы
көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы
табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.
Ақша массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға,
экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық
факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен
өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және
тағы басқаларға байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коэфицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын
жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айнаысының жылдамдығы айналыстығы
ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері
пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі
азаяды деп санауға болады.
Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша
қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ
мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін нәрсе – ақша айналысының жылдамдығы және
төлемдердің өту жылдамдығы деген ұғымдардың бір – бірінен ерекшелігі
бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға:
өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш
техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші
болады:
1. Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші –
жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына,
дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш
ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы
байланысты көрсетеді.
2. Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші – банктік
ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша
массасының орташа көлеміне қатынасы.[6]

1.2Ақша массасының құрылымы және оны реттеу

Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.
Ақша айналымының екі жағының ( қолма –қол ақша мен банктік айналымдағы
ақшаның ) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша
массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы - ақша
айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі
бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты
ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар
жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша
агрегаттары деп аталады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша агрегаттары бір – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең
өтімділігі жоғары агрегат болып М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 –
дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.
М2 ақша агрегаты қолма қол ақша және қолма – қол емес құралдар арқылы
анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды
тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан
мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде
жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында
ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады. Ендеше халықтың
жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын
атқарады деп айтуға болады.
Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша
массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің
құрамына бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының
депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа
мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы
жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты
қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.
Енді осы ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек – бөлек тоқталып
өтейік.
М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы
нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.
Кейбір елдерде бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда
тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ –
та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен
шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға
жататын депозиттерді де жатқызады.
Негізінде, М1 агрегата айналыстағы ақша массасының тар көрсеткіші
болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның
төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың барлық
өтімді қорларлануын қамтиды. Осы уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз
ставкасының және халықтың өтімділікті таңдауының арақатынасы деп саналды.
Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін.
Өкінішке орай қазіргі кезде бұл заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық
шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.
М2 және М3 агрегаттарын анықтау барысында елдер арасында мәнді
айырмашылықтар бар.
Францияда М2 агрегатына М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі
мерзімсіз депозиттер; АҚШ - та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша
нарығы қорларының акцияларын, АҚШ – ғы банктерде және шетелдегі
банктердегі АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда – чек
шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді
жатқызады.
М3 агрегаты М2 агрегатынан басқа: Францияда резидент еместердің
ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы
мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда жинақ депозиттерін;
Ұлыбританияда мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер
мен сертификаттарды жатқызады. Яғни М3 агрегаты ақша массасының кең
көрсеткіші болып табылады.
М3 агрегаты мемлекеттегі халықтың сатып алу қабілетінің толық соммалы
көрсеткіші деп санауға болады. Сондықтан мемлекет көп жағдайда осы
агрегатты пайдаланады және айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында
қолданады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға
бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының
өзгеруі.Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша - несие
жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт,
Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша
агрегаттары қолданылады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің қаржылық статистикасында мынадай ақша
агрегаттары қолданылады:
М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы
қаражаттарды қамтиды;
М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4
жылға дейінгі );
М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;
М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;
Сонымен, барлық ақша агрегаттары иерархиялық жүйеге тізбектеледі:
әрбір келесі агрегат өзінің алдындағы агрегатты қосып алады.[2]
Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы. Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары
бар. Оның құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.
Еліміздегі ақша агрегаттарына келетін болсақ бізде М0,М1,М2,М3
агрегаттары қолданылады.Ақша агрегаттары Қазақстан Республикасынң Ұлттық
банк арқылы реттеліп отырады.Себебі ақша агрегаттары ақша массасының ең
негізгі компоненттерінің бірі.Ақша агрегаттарын қолданғанда шетел
тәжірибесін қолдана отырып ел үкіметі еліміздің экономикасына сай ақша
агрегаттарын қалыптастырып отыр.Ал енді Қазақстан Республикасындағы ақша
агрегаттарын көрсетейік:

ҚР-ның ақша агрегаттары
1-сурет

Ескерту:Автор тарапынан құрастырылған
Мұндағы,
Аудармалы депозиттер —
• 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға
ауыстырылады;
• 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;
• 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа
ақша массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа депозиттер — негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана
алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз
қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары
дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер,
сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді
қамтиды.
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
• банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.
• Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
• мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке
несие беруімен
• Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және
мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
• чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту
негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын
шығару);
Ақша массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық
айнымалыларға әсер ететіндіктен, ұлттық экономика дамуының негізгі
мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.
Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік
бойынша өлшеу.
Ақша массасын трансакциондық өлшеу ақшаның айналым құралы ретіндегі
функциясына негізделеді. Бұл ойды қолдаушылар ақшаның мәні тауарлармен
қызметтерді төлеу үшін қолданылады деп санады. Олардың ойынша , айналыс
құралы қызметін атқаратын ақшалар, яғни активтерді басқа активтерден
ерекшелендіретін маңыздылығы осыда. Барлық активтер құнды сақтау қызметін
атқарады, олардың ішіндегі кейбіреулері ғана айналыс құралы ретінде
қолданылады.
Ақша массасын трансакцонды өлшеу айналыс құралдары қызметін атқаратын
активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы
ретінде қолданылатын монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен қатар,
оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды ) жатқызуға болады.
Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді
актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген
берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін
білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай
айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана
ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың
өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.
Ақшалар – ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті
сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал,
мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен
тауарларды сату көп уақытты алады.
Ақша массасының негізгі компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы
міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол
келесі формуламен анықталады:
МВ = СІС + RR + DCB
Мұндағы:
CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік
шоттарындағы қаражаттары;
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланыстыақша базасы
(резервтік ақша) мыналардан тұрады:
-ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ-нен
кассасындағы қолма-қол ақашаларды қоспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс
қолма-қол ақшалардан);
-ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен;банктік емес қаржылық
ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;
-ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес,қаржылық емес ұйымдардың
теңгедегі ағымдағы шоттарынан.
Ақшаның төлем құрамы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның
жалпы көлемін қысқарады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігін қарыз
талаптары мен міндеттемелерінің көп бөлігі қарыз талаптары мен
міндеттемелерін өзара есептеу арқылы табу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп,
несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді неғұрлым тауарлардың
көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет
етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн, айналыстан алынған ақшаның
белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша
резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын
анықтайтын заң келесі түрдегі формалар мен беріледі.
А – төлем құралы және айнасы ретінде қажетті ақша саны,
Т – тауар бағасының сомасы;
Н – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы;
Т - қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Ө - өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтері;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретіндегі айналымының орташа
саны.
Теңдікте көрсетілгендей экономикадағы ақша массасының айналды мүмкін
себептердің бірі ретіндегі тауарлар бағаларының едәуір аз төленбеген төлемі
болып табылады. Бұл жағдайда Т шамасы кері таңбаға ие. Алайда бұны нарықтық
экономикаға өтуші Қазақстанда және басқа да елдерде, өнеркәсіптер арасында
орын алған төлемсіздік мәселесін ақша массасын көбейту арқылы шешуге болады
деуге болмайды, мұның себептері көп әлсіз төлем тәртібі, төлемсіздік
тізбесінде потенциалды банкроттардың болды, банкроттықтың тиімді
тәжірибесінің болмауы, жекешелендіру процесінің аяқталмауы, төлем
құралдарының әлсіз дамуы және т.б.Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті
ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен
экономикалық даму факторының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын
анқытайды.
Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы
көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:
А = М3МВ
Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының
әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттігін көрсетеді. 2008 жылы ақша
массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәнін, өткен
жылмен салыстырғанда 3,15-дан 4,36-ге дейін өсіріп отыр.
Ақша массаның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатынасы арқылы экономиканың
монетизациялану коэффициентін (Км) анықтауға болады.
Км = (МЗ (ақша массасы) ЖІӨ) x 100
Ақша массасының құрылымы мен динамикасының анализі ақша
айналымының реттеу механизімін жасауда маңызы зор. Айналымдағы ақша
көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие эмиссиясының
көмегімен болжамдалады. Несиелеу процесі кезінде, алтынвалюталық
қорлардың өсуі және шетел волютасын сатып алу нәтижесінде оның
активтері көбейеді. Бұл, сонымен бірге, пассивтердің өсуіне, яғни
ақша агрегаттарының ( қолма – қол ақша, міндетті резервтер ) пайда
болуына әкеледі. [6]
Ақша айналысы ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңына сәйкес реттеледі.Яғни
ақша массасын да Ұлттық банктің ақша-несие саясатымен реттеледі. Ұлттық
банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін
анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың
тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын
белгілейді.Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші
деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз кушімен
енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі
кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Коммерциялық
банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол
ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын шамасын Ұлттық банктің
корреспонденттік шотындағы екінші денгейдегі банктердің қаражат мөлшерін
реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл
аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Инфляцияның теориялық негіздері
Ақша массасы, ақшаға сұраныс және ұсыныс ақша нарығы
Монетаризмнің пайда болуы және мәні
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Ақша нарығы, оның тепе - теңдік сақтау проблемасы
Ақша - несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Ақша реформасы және ақшаның табиғы ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Банк және ақша-несие саясаты
Пәндер