Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Жұмыссыздық және жұмыссыздық деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1. Жұмыссыздық: мән.мағынасы, себептері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздық туралы экономикалық теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Жұмыссыздық деңгейі және табиғи жұмыссыздық деңгейі ... ... ... ... ... .12

2. Қазақстандағы жұмыссыздық және оның экономикалық өсуге әсері ... ... 16

2.1. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне жалпы талдау ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Қазақстандағы халықты жұмыспен қамтуды реттеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3. Еліміздегі жұмыссыздықты азайту мақсатында қолданылатын бағдарламалар және экономикалық өсуге жағдай жасау ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Дәл осы процесс Қазақстанда да жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар, бұл проблема халықпен, халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз байланысты және тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болғандықтан, қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.
Курстық жұмысты жазу себебім: біріншіден, еңбек рыногына елеулі әсер еткен экономикалық өсім үрдісіне, макроэкономикалық тұрақтылыққа; екіншіден, экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық міндеттері мен экономиканы ұзақ мерзімге дамыту басымдылықтарына; экономиканың бірқатар негізгі салаларында еңбек тиімділігінің төмендігі; жұмыс әлеуеті сапасының нашарлауы; жұмысқа деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік сәйкессіздігінің жиі етек алауы; халықтың едәуір бөлігіне арналған жұмыстың болмауы; облыстың жекелеген аудандарында жұмыссыздықтың ұзақ мерзімді белең алуы.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Осы күнге дейін елімізде осы проблема аясында бірқатар жоспарлар мен бағдарламалар енгізіліп, мәселе толыққанды ашылып жатыр, осының салдарынан халқымыздың әл-ауқаты біршама жақсарып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Міне осының өзі тақырыптың өзектілігін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқы үшін маңызы өте зор, терең «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламасында айтылған: «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келеді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын бабаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік».
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. // «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы - 2000 ж.
2. Назарбаев Н.Ә., «ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» // Егемен Қазақстан – 2012
3. Плакся В.И., Безработица – Москва, 2004 ж.
4. // Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі – 2012 жыл
5. Курс экономической теории / под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001 ж.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы – 2007 ж. - 6 сәуір
7. Курасова А.М., «Халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері» // Қазақстандағы мамандар анықтамасы – 2008 ж. - №1
8. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011ж.
9. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
10. Шүкірбекова Ә.Н., «Ауыл жастарын жұмыспен қамтуды реттеудің ерекшеліктері» // Түркістан - 2005 ж. - 7шілде
11. Айтжанқызы Г.Н., «Еңбек ресурстарымен басқару» // Нұр Астана – 2006 ж. - 15 қаңтар
12. Байпақбаев Ж.Ж., «Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері» // Саясат-Policy - №7 – 2006 ж.
13. Құдайбергенұлы Қ., Экономикалық саясат - Алматы, 2004 ж.
14. Байболова Е.Н., «Халықты жұмыспен қамту саясаты» // Саясат-Policy, Аймақ - №4 – 2006 ж.
15. Нұрмұхамедова Ш.С., «Жұмыссыздық – кедейшіліктің басты себептерінің бірі» // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы - №2 (48) - 2005 ж.
16. Кенбаева А.А., «Кедейлік және жұмыссыздық: демографиялық аспекті» // Саясат -2006 ж. - №1
17. Иванова В.Н., Управление занятостью – С-Петербург, 2000 ж.

Интернет сайттары

1. www.kazstat.kz
2. www.goverment.kz
3. www.minplan.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Жұмыссыздық және жұмыссыздық
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1. Жұмыссыздық: мән-мағынасы, себептері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздық туралы экономикалық
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 10
1.3. Жұмыссыздық деңгейі және табиғи жұмыссыздық
деңгейі ... ... ... ... ... .12

2. Қазақстандағы жұмыссыздық және оның экономикалық өсуге әсері ... ... 16

2.1. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне жалпы
талдау ... ... ... ... ... ... ... 1 6
2.2. Қазақстандағы халықты жұмыспен қамтуды реттеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Еліміздегі жұмыссыздықты азайту мақсатында қолданылатын бағдарламалар
және экономикалық өсуге жағдай жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..30

Кіріспе

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады және
де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Дәл осы процесс Қазақстанда да жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар
жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар, бұл проблема халықпен,
халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз байланысты және тікелей әсер етеді.
Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің
төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті
көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын
жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздық – күрделі әлеуметтік-экономикалық
құбылыс болғандықтан, қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында
жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен
қамтудың белсенді саясатын жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас
түрде қаралуға тиіс.
Курстық жұмысты жазу себебім: біріншіден, еңбек рыногына елеулі әсер
еткен экономикалық өсім үрдісіне, макроэкономикалық тұрақтылыққа;
екіншіден, экономиканы дамытудың жаңа стратегиялық міндеттері мен
экономиканы ұзақ мерзімге дамыту басымдылықтарына; экономиканың бірқатар
негізгі салаларында еңбек тиімділігінің төмендігі; жұмыс әлеуеті сапасының
нашарлауы; жұмысқа деген сұраныс пен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік
сәйкессіздігінің жиі етек алауы; халықтың едәуір бөлігіне арналған жұмыстың
болмауы; облыстың жекелеген аудандарында жұмыссыздықтың ұзақ мерзімді
белең алуы.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Осы күнге дейін елімізде осы
проблема аясында бірқатар жоспарлар мен бағдарламалар енгізіліп, мәселе
толыққанды ашылып жатыр, осының салдарынан халқымыздың әл-ауқаты біршама
жақсарып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Міне осының өзі тақырыптың
өзектілігін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде еліміздің жағдайын жақсарту,
экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған
мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Осыған орай
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқы үшін маңызы
өте зор, терең Қазақстан – 2030 атты стратегиялық бағдарламасында
айтылған: Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір
сүргіміз келеді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де бұрын бабаларымыз
бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық. Бұған сіздер мен біздер
өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз
бүгінгідей биікке көтерілдік.
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық не себептен туындайды,
жұмыссыздарға қандай әлеуметтік көмек көрсету керектігін ашып көрсету,
жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мейлінше үлкен назар аудару, еңбек
рыногында жұмыссыздардың бәсекелестігін арттыруға үлес қосу, жұмыспен
қамтудың тиімділігін қарастыру. Жұмыссыздықтың тек кері емес, сонымен қатар
пайдалы жақтары да бар болса керек,өйткені көптеген экономистердің ойынша
жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға
болмайды,жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті,
бәсекені тудыратындығы жатады.

Курстық жұмыстың міндеттері – еліміздегі жұмыссыздық деңгейінің
бәсеңдеуіне жағдай жасау, жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне үлес қосу. Ал
ол үшін келесі міндеттер орындалу тиіс: еңбек рыногында тиімді жұмыспен
қамтуға жәрдемдесуге бағытталған белсенді саясатты жүзеге асыру;
экономикалық өсімді ынталандыру; тұрмыс деңгейін арттыру; жұмыс күшіне
деген қажеттілікті қанағаттандыру; жұмыссыздық пен жұмыспен жартылай
қамтылу деңгейін төмендету; кәсіби білім, жастар мен жұмыссыз азаматтарды
қайта оқыту сапасын арттыру; кадрларды даярлау жүйесін экономика сұранысына
сәйкестендіру; кәсіпкерлік қызметтер мен өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау;
еңбек рыногының бейресми, көлеңкелі секторында жұмыспен қамтылғандардың
еңбек қатынастарын заңдастыру (жариялы ету); халықты жұмыспен қамту
саласындағы әдістемелік базаны жетілдіру; еңбек ресурстарының ұтқырлығын
қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың маңыздылығы: нарықтық қатынастар пайда бола бастаған
кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі –
еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылды.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың
басынан-ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930
жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері
үлкен әсерін тигізді, яғни қазіргі күнгі басты мәселесі – жұмыс орнының
жетіспеушілігінде болып отыр. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға
деген сұраныс өте аз.
Жұмыста отандық және шет елдік авторлардың кітаптары мен мерзімдік
басылымдар кеңінен қолданылады: Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория;
В.И.Плакся Безработица; Баймуратов У.Б. Национальная экономическая
система; Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы және т.б.
Курстық жұмыстың қайнар көзі: www.kazstat.kz , www.egemen.kz,
www.minplan.kz және т.б. сайттар қолданылды.
Бұл жазылған курстық жұмыста жұмыссыздықтың жалпы мән-мағынасы,
теориялары, түрлері, оның себептері, әлеуметтік қорғау мәселелері мен шешу
жолдары біршама айқын көрсетілген.

1. Жұмыссыздықтың жалпы мәселесі
1.1. Жұмыссыздық: мән-мағынасы, себептері және түрлері

Қандай да жұмыссыздық болмасын, қоғамдағы аса ауыр экономикалық және
әлеуметтік қайшылық. Жұмыссыздық – күрделі құбылыс және ол еңбек нарығының
біртұтас элементі болып табылады.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың
өндірісте жұмыспен қамтылмауы немесе жұмыс жасауға қабілетті халықтың
белсенді бөлігінің жұмыс таба алмауы.
Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу
мәселесі жұмыс орындарын құрылуымен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын
жүргізумен, жұмыссыздықтан қорғау мен біртұтас түрде қаралуға тиіс.
Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік
саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде
қамтыла бастаған болатын.
Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге
жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе
оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми–техникалық прогрестің
салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде
көбейді.
Жұмыссыз болу дегеніміз – бұл тұрақты жұмысы жоқ және соның ізденісінде
жүргендер. Жұмыс іздеумен айналысқандар жұмыссыздар қатары болып саналады,
ал оны іздемегендер –жұмысшы күшіне қосылмайды.
Жұмыссыздықтың ресми деңгейі - бұл экономикалық белсенді тұрғындарға %
жүзіндегі жыл аяғындағы тіркелген жұмыссыздардың саны.

Шын өмірдегі нарықтық экономикада толық жұмысбастылық үнемі
жұмыссыздықпен қатар жүреді. Ал, жұмыссыздық – ол уақытша немесе тұрақты
жұмысынан айырылған жұмысқа жарамды тұрғындардың бір бөлігі. Еңбек күшіне
деген сұраныс сол еңбек күшіне жұмсалатын капиталдың көлеміне немесе
ауыспалы капиталға байланысты. Жұмыссыздықтыңтүпкілікті себебі - капиталдың
техникалық өсуі.

Осыған байланысты, өндірістің қосымша әскері нарықтық экономикадағы
капиталдың жинақталуының көрінісі болып табылады.Жұмыссыздық – белсенді,
еңбекке жарамды тұрғындардың бір бөлігі жұмысты таба алмағанның нәтижесінде
артық тұрғындарға, яғни қосымша еңбек әскеріне айналуы.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік
бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы
– адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әр
аулан қысылтаяң ахуалдар көрнісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Экономикалық теорияда еңбек нарығындағы экономикалық тұрақсыздықтың
ақиқат бейнесін айтып бере алатын екі көрсеткішті қолданады. Бұл
жұмыссыздық деңгейі және оның орташа ұзақтығы. Жұмыссыздық деңгейі
өндірісте жұмысқа қамтылғанның санын жұмыссыздықтың ұзақтылығы жұмыстағы
үзілістің орташа уақытын сипаттайды.
Мұндай пікірді ғылыми деп мақұлдауға болмайды, өйткені кез-келген
жүйенің еңбек нарығы оның әр түрлі варианттары кезінде – сұранысы шектелу
нарықтан (қарапайым пайдалы нарық) ресурстары шектелу нарыққа дейінгі
(дефициттік типтегі советтік нарық) - бірдей уақытта жұмысшы күшінің
артықшылығын (жұмыссыздықты) және жекеленген мамандықтары бойынша жұмысшы
күшінің дефицитін береді. Бірақ бұл экономикадағы жұмысшы күшінің дефициті
мен жұмыссыздықтың тепе-теңдесу нүктесі әр түрлі деңгейде тұр.
Әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту
бұған дейін осындай ауқымды бізге беймәлім болған кедейлік пен жұмыссыздық
проблемаларын туғызды, яғни нарықтық қатынастарға көшуге, экономикалық
реформалауға байланысты көптеген кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттер
жұмыссыздық мәселелеріне амалсыздан душар болып отыр. Бұлар қылмысқа,
есірткіқұмарлыққа құнарлы негіз қалап, қоғамдық түңілушілікті туындатады
және қоғамдық тұрақсыздық мүмкіндігін арттырады. Жұмыссыздықтың белгілі бір
деңгейден ауыспауы нарықтық экономикаға тән табиғи құбылыс. Мысылы: кейбір
экономистер 3-4%-ды, 5-6%-ға дейін жұмыссыздықты табиғи мөлшер деңгейде деп
белгілеген. Ал осы деңгейден жұмыссыздық аса бастаса, онда амалсыз, еріксіз
жұмыссыздық пайда болады.
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:
1) Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерін-де бір
жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына
байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың
бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби
біліктілігі мен жеке талғамдарына сәйкес келетін жұмыс орындарын іздеу
белгілі бір уақытты талап етеді. Мұндай жағдайда, бос жұмыс орындары және
оған лайық азаматтар туралы ақпараттар жетілмеген болып табылады.
Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты
талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің, тұрғылықты мекен-
жайларының өзгеруімен және басқа да себептердің болуы-мен байланысты өз
қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші
рет іздеп жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді.
Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске асыру
үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап
болған азаматтар жұмысқа деген қабілетті-ліктерін еш жоғалтпай оны кез-
келген уақытта еңбек нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі
өзгеріп отыруына орай және адамдардың жұмыспен қамтылғандар категориясынан
жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан және керісінше ағылуынан
жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды.
2) Құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың
сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыс-сыздық.
Жұмыссыздықтың бұл түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен
байланысты және осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы
өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары ескірген немесе ғылыми-техникалық
прогресстің дамуына байланысты экономикаға қажеті шамалы болып табылатын
азаматтардың арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған
азаматтар өз еңбек қызметтерін дайын күйінде еңбек нарығына ұсына алмайды
және жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері
қажет. Қайта даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе
мемлекет тарапынан қосымша шығындар жұмсауды талап етеді.
3) Циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық
сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс
таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі.
Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен
ауытқуымен байланысты. Экономикалық құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыздық
фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал
экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық жоғалады.
Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрикциондық
және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық
болса құлдырау кезеңдерінде орын алады да, соның салдарынан жұмысбастылық
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік
жұмыссыздықтың орын алуы күрделі макроэкономикалық мәселеге айналады,
макроэкономикалық тұрақсыздықты туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын
болдырады. 8, 184-185 беттер
Шетелдік мамандар басқа да жұмыссыздықтың түрлерін қарастырады,
жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын
нақты факторларын қарастырады. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары
болады: жасырын, маусымдық, технологиялық және т.б. Осыларға толық
тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық – өндірісте және мемлекеттік аппараттың артық
жұмысшыларды қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс
жасауы. Бұл кейбір ауылшаруашылық өндіріс саласында кездеседі, әсіресе,
қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б. Циклды жұмыссыздықты өнеркәсіптік дағдарыс
және депрессия уақытындағы өндірістің құлдырауын тудырады. Жандандыру және
дамуға өту кезінде жұмыссыздықтар әдетте аз болады.
Ерікті жұмыссыздық. Кез-келген қоғамда өздерінің психикалық құрылымы
бойынша немесе басқа себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін
адамдардың әлеуметтік тобы бар.
Институционалды жұмыссыздықты өнеркәсіп еңбек нарығының өзін
ұйымдастыру жеткіліксіз тиімді кезінде туындайды. Былай болсын делік, бос
жұмыс орны туралы ақпарат толық емес. Ақпарат жүйесінің жұмысы тәртіпке
салынған кезде жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Дәл осы бағытта
жұмыссыздық бойынша тым арттырылған жәрдем ақы немесе тым кемітілген табыс
салығы жүреді. Бұл жағдайда жұмыссыздық ұзақтығы үдейеді. Өйткені жұмыс
іздеу ынтасы басылады.
Технологиялық жұмыссыздық – өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни,
экономикалық циклдың фазасымен байланысты. Циклдың жұмыссыздық құлдырау
кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындарының жетіспеушілігімен
сипатталатын кезеңде пайда болды. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұранысы
азайғанда, жұмысбастылық төмендейді. Жұмыссыздықты кейде сұраныс
тапшылығына байланысты “жұмыссыздық” деп атайды. 5, 403 бет
Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейген жағдайда,
еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден немесе
толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір
қызметкерлер өздерінің мамандық тәжербиелері нарық сұранысына сәйкес
келмейтіндігіне көздері жетеді, олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология
мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескеріліп керексіз
болып қалады.
Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс
орындар арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінін
қажеттілігі жатады. Еңбек нарығының тепе-теңдік үлгісі жұмысшылар
деңгейінің біраз жұмыс орындарының сәйкестігін болжайды. Жұмысшы кез келген
жұмыс орнына лайықты. Егер де, ол шынымен солай болса, еңбек нарығы тепе-
теңдік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын
еді.
Құрылымдық ығысу ұдайы болғандықтан және жұмысшыларға жұмыс
ауыстыру үшін белгілі уақыт қажеттілігі уақытша жұмыссыздықтың жалғыз
себебі емес, бұдан басқа, егер фирма банкротқа түссе, егер олардың
жұмысының сапасы қанағаттандырылмаған жағдайда немесе олардың нақты
мамандығы қажет етілмесе, онда жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады.
Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің
басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында
фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығындағы уақытша
жұмыссыздық әрқашан болады.
Керісінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын
ұлғайтатын мемелекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарламаға сәйкес
жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін.
Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға
өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған
жұмысшылар әр түрлі жалақы алады. Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің
көтерілуі туралы факт, бұл саясатың қажетсіздігін білдірмейді. Оның жағымды
жағы жұмысшылардың нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Салыстырмалы
нәтижиелік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын
бағалау қиын проблема.
Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономистер, көбінесе
жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады.
Сондай ұсыныстардың біріне жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздың
жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Мұндай жүйе жүз
пайыздың өтем жүйесі деп аталады, себебі әр фирманы жұмыссыздықтың
масштабын бейнелейді. Қолданыстағы бағдарламалардың көбі ішінара өтем
жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан босатылған
жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен,
оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу
пайдалы. Өтем ақының өсетіндігіне көбінесе уақытша жұмыстан босатуды
шектеуге мүмкіндік туғызады.
Жұмыссыздықтың екінші себебі жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді
өзгере алмайтындығынан. Тепе теңдікеңбек парағының үлесіндегі нақты жалақы
сұраныс пен ұсыныстың теңестіруден өзгеріп тұрады. Бірақ шын мәнінде жалақы
әркашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе теңдіктен жоғары
дейгейдеболады. Бұл мысал жалақы қатаңдығы не себептен жұмыссыздықа
әкелетінін көрсетеді. Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігіне сай келетін
деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсынысоған сұраныстан артық
болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу
ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздың деңгейін
жоғарлатады.
Жалақының қатаңдығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын
жұмыс орының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады.
Жұмысшылар жұмыссыз болуына себебі олардың мамандығына сәйкес өсу
жоғары деңгейде еңбек ұсынысынан фирмалар жағынан еңбек сұранысына артық
болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді.
Жалақы қатандығы және жұмсыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін ең алдымен
еңбек нарығы тепе-теңдігі жағдайда келмейтінін білу керек. Жалақының нақты
деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек ұсынысы сұраныстан
көп болса жұмыс берушілердің жалақы төмендетулерін күту болуының себебі
еңбек ұсынысы артық болса да фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмады.
Енді жалақы қатаңдығының үш себебін қарастырайық. Ең төмен жалақы
туралы заң қабылдау кәсіподақтарда монополияның күштін болуы және
фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындамуы.
Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауда оны тепе-теңдікте деңгейге дейін
түсіреуге кедергі жасауға мүмкіндік туғызады. Ең төмен жалақы туралы заң
барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін
белгілейді.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет – жағынан
жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен.
Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту
жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделеріне кері
әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының
бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына әкеліп соқтырды, үлкен экономикалық
шығындарға жол берді.

1.2. Жұмыссыздық туралы экономикалық теориялар

Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең
өткір мәселесәнің бірі жұмыссыздықтың әр түрлі мектеп өкілдері әр түрлі
түсіндіреді.
Классикалық теорияның негізін салушы А.Смит жұмыспен қамту жөнінде:
Оның көлемі бір жұмысшының еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты
анықталады, себебі олардың арасында тікелей байланыс бар: шамадан тыс
жоғары еңбекақы төлеу жұмыспен қамтудың толық болмауына әкеп соқтырады, -
деп атап өткен. Ол құбылмалы нарықтық механизм табиғи еңбекақыны белгілі
бір деңгейде ұстай алады деп есептеді. Еңбекақының едәуір өсуі халықтың,
еңбек ресурстарының өсуіне, жұмыс күшінің ұсынысының ұлғаюына және
жұмысшылардың арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне әкеп соқтырады. Өз
кезегінде бұл факторлар еңбекақының табиғи деңгейінің, табыстың төмендеуіне
әкеліп соқтырады да, соның салдарынан тұрғындардың бала тууы азайып, еңбек
ресурстарының саны кемиді де нәтижесінде жұмыскүші ұсынысы түседі және
кәсіпкерлердің арасында бәсекелестік күшейеді. А.Смит ілгерлемелі өсу
заңдылығына сәйкес келеді және еңбекке деген сұраныстың жоғарылау шарты, -
дейді.
А.Смит ілімін жалғастырушы Д.Рикардо еңбектің өзі мен еңбекақы тауар
болып табылады және өз негізінде табиғи бағамен анықталады да, оның
маңайында ауытқиды деген. Құбылалы реттеушінің әсерінен еңекақысының ең аз
мөлшері мен оңтайлы еңбек ұсынысының арасында өзіндік тепе-теңдік
қалыптасады.
Батыс мектебінің өкілдері XX-ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық жолдамалы жұмыскердің
өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны
талап өтеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны
ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессоры А.Пигу өте
дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан жұмыссыздың
теориясы кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарындағы
жаппай жұмыссыздықтың кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша
айқындала түсті.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, толық жұмысшылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға биімділігін жоюы
қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғары деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дұрыс. Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем
қабілеттілігінің жеткіліксіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен
түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен
қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен
белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар
және өндірістің көлемдері реттеп отырады.
Қазіргі жағдайда азаматтық өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынын тез
өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралыағылшын экономисі Джон
Бериал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғалым кітабында былай
деп жазған. Қазіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізіндеде ядролық
энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық
негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді.
Зеландияның экономисі Олбен Филлипс (1914) осы тәуелділікті
математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол Филлипс қисығы
деп атады. Осы Филлипс сызығының нәтижесінде инфляция жұмыспен қамтуға
айтарлықтай әсер еттеді. Сондықтан 1958 жылы Филлипс оның ықпалын
көрсететін сұраныс инфляциясы деген үлгіні ұсынған екен. Ол 1861-1956 ж.ж.
Ұлыбритания санақ деректерін пайдалана отырып, жалақы ставкасы өзгеруі мен
жұмыссыздық деңгейі арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы
көрсетті. Сөйтіп,Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артық көбейтуі баға мен
жалақының өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді. А.Филлипс есебінің теориялық
негізін экономист Р.Лепси жазды, Р.Самуэльсон және Р.Солоу Филлипстің қисық
сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағаларының өсу
қарқынымен ауыстырды.
К.Маркстың қорлану теориясына сәйкес капиталдың қорлану процесінде,
яғни қосымша құнның капиталға айналуында (қосымша ғимараттар, альт
құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін ұлғайту үшін қажетті
қосымша жұмысшыларды сатып алу) капиталдың техникалық және құндық
құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзіне қосымша құнның жұмыс күшін сатып
алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді. Осының салдарынан жұмыс
күшінің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс саласынан ығыстырлып шығарады.
Соның арқасында өнеркәсіпте резервтік еңбек армиясы пайда болады. Осы
жұмыссыздар армиясы жұмысшы халық капитал қорларынөндіре отырып, -деп
жазды.
Экономистер жұмыс жасағысы келетін және жұмыс жасай алындардың
барлығына жетерліктей еңбек орындарын құруға шамасы келмеген жағдайда,
тауарлар мен қызметтердің потенциалды өндірісі қайтарымсыз жоғалады.
Экономистер бұл жоғалған өнімді ЖҰӨ көлемінің кішірейгені деп анықтайды.
Бұл кішірейгендік табиғи ЖҰӨ-нің потенциалды ЖҰӨ-нен азайғандығын
сипаттайды. Осыған қоса,жұмыссыздық деңгейі көтерілген сайын, ЖҰӨ-нің азая
түсетінін байқауға болады. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты
болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы
қолданылады. Аталған заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780)
есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен
жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты
көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи
деңгейіне қарағанда 1%-ке өсуі нақты ЖҰӨ- нің потенциалдық мүмкіндігімен
салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциалды ЖҰӨ - толық
жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Осы 2,5 санымыз – Оукен
коэффиценті болып табылады. Мына 1 : 2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ
көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен
байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

1.3. Жұмыссыздық деңгейі және табиғи жұмыссыздық деңгейі

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі табылады,
ол жұмыссыздар санының жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс істейтіндер мен
жұмыс істемейтіндер санының сомасына) қатынасы арқылы анықталады және
пайыздық көрсеткішке ие болады:

немесе,
мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E –
жұмыспен қамтылғандар саны
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығының
лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс толық жұмысбастылық және
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген ұғымдарды енгізді.
Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5%
мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай
тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр
елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100%
жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін
толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи
деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына
тең.
Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы
деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи
деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда
2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы
игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды.
Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:

Y* – Y Y* = γ (u – u*),
мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті
көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты
деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті; u – u*
– жұмыссыздықтың циклдық деңгейі. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің
жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады. 8, 183-
186 беттер
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер
уақытша және құрылымдық жүмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан
толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын
жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық
кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрылымдық жұмыссыздық
деңгейлерінің қосындысына тең.
Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық
деңгейі циклдік жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық
жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи (шынайы)
деңгейі” деп те атайды. Жүмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі
өнімнің нақты көлемі “экономиканың өндірістік әлуеті” деп аталады. Бүл
толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты
(шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жүмыссыздық деңгейі немесе
жүмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-тендік жағдайында
болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген
жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз — оң өлшем,
ойткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек.
Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге
немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жүмыс іздеп жүрген
адамдардың саны бос жүмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші
нарықтары сәйкес келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс
тапшылығы мен циклдік жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда,
жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі
байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар
санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи
деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мүндай тапшылық
инфляциямен қатар болады.
“Табиғи” термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс
істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді.
Біздің іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жүмыссыздық
деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде
экономикадағы жүмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдына түрақсыз көрсеткіш. Ол кезеңді
түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістермен байланысты
демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі.
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан
шығарады, ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар
қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен
анықталады. Берілген бөлімде біз жұмыссыз- дықтың табиғи деңгейімен
анықталатын факторларды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін
қүрамыз.
L — жүмыс күші, Е — жүмысшы саны, ал U — жүмыссыздар саны болсын. Әрбір
жұмысқа жарамды адам не жұмысшы, не жұмыссыз болатындықтан, онда:
L = Е+U

Ендеше, жұмыс күшінің жиыны жұмысшы мен жұмыссыздар санының қосындысын
береді. Жұмыссыздық деңгейі UL тең болады.
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру
үшін, жүмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз. Жұмысқа
орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 2.1. сызбада
көрсетілген.

Сызба 2.1.

s — жүмысшылардың жүмыстан шығу деңгейінің корсеткіші болсын, яғни әр ай
сайын жүмыс жоғалгқан жүмыс істейтіндер деңгейі, f — жұмысқа орналасу
деңгейінің көрсеткіші, яғни орай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі. Осы
екі көрсеткіш тұрақты дейік және олар жұмыссыздық деңгейін қалай
анықтайтынына көз жеткізейік.
Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса, яғни еңбек нарығы тұрақты,
онда жұмысқа жалданғандар саны жұмыстан шығарылғандар санына тең болуы
керек. fU — жұмысқа жалданған адамдар саны, ал sЕ — жұмысын жоғалтатын
адамдар саны болғандықтан, бұл екі шама тең болуы керек:
fU = sЕ

Бұл тендеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін
табуымызға болады.Е = L—U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің
жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең.Бүл fU = s (L-U) екенін
білдіреді. Тендіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда

f(UL)= s (1-UL) шығады.
Тендеуді түрлендірсек,
UL = ss+f

Бүл тендеу UL жұмыссыздық деңгейі жұмысқа жалдану мен жұмыстан
шығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді.
Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық та
соншалықты жоғары. Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса,
жүмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады.
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен
жұмысқа орналасу деңгейлерінің көрсеткіштері арасындағы байланысты көрсетсе
де, ол негізгі сұраққа жауап бермейді: жұмыссыздық сияқты құбылыс неге орын
алады? Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса, жүмысқа
орналасу деңгейі өте жоғары, ал жұмыссыздық деңгейі нөлге жақын болар еді.
9, 64-67 беттер
Шетелдік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша NAIRU деп
атайды. NAIRU (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment)
түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың деңгейі немесе
инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі.

2. Қазақстандағы жұмыссыздық және оның экономикалық өсуге әсері
2.1. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне жалпы талдау

Қазіргі таңда халық санының әлеуметтік жағдайына келер болсақ, ең
алдымен, жұмыссыздық мәселесі басты мәселелердің біріне айналып отыр.
Бұл күрделі мәселені зерттеп, оның шешу жолдары мен жұмыссыздық
деңгейінің дамуына дол бермеу үшін, ең алдымен Қазақстан Республикасындағы
1991-2012 жылдарға қысқаша талдау жасаған жөн болар. Ол төмендегі 2.1.
кестесінен көрініс тауып отыр. Бұл кестеде жұмысбастылар, жұмыссыздар саны
және жұмыспен қамтылғандар көрсетілген.

Кесте 2.1. 1991-2012 жылдардағы жұмысбастылар және жұмыссыздар саны

Экономикасоның ішінде
лық
тұрғыдан
белсенді
халық,
мың адам
жұмыспен соның ішінде жұмыссыздық
қамтылғандар
жалдамалы өз бетінше
жұмысшылар жұмыспен
қамтылғандар
1991 7 716,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздықтың экономикалық өсуге әсері
Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері
Экономикалық өсу теориясы
Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні
Экономикалық өсу жайында
Экономикалық өсудің кейнстік модельдері
Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық
Экономикалық қауіпсіздік жайлы ақпарат
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Пәндер