Балалардағы гастродуодениттер


Балалардағы гастродуоденит.
Асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары қазіргі таңда ересектер арасында ғана емес, сондай-ақ балалар арасында да жиі кездесетін аурулардың бірі болып отыр. Жыл сайын науқастар саны, сәйкесінше аурулар түрі де көбейіп жатқандығы баршамызға мәлім. Мұның бәрі біздің пайдаланып жатқан тағамдарымызға, психоэмоционалды жағдайға және қоршаған ортамызға тікелей байланысты. Ас қорыту ағзаларының аурулары арасында гастрит, холецистит, панкреатит, колит секілді аурулар жиі кездеседі. Солардың бірі - гастродуоденит.
Гастродуоденит - (лат. gastroduodenitis ; грек. γαστήρ асқазан+ он екі елі ішек + -ит - қабыну) он екі елі ішек пен асқазанның пилорикалық бөлімінің шырышты қабатының қабыну ауруы болып табылады.
Жиі созылмалы гастриттің қабыну процессі он екі елі ішекке жайылуынан дамиды.
Гастродуоденит жедел (тұрақсыз, қысқа мерзімді ауырсынулар) және созылмалы (асқазан мен 12-елі ішекте байқалатын жүйелі ауырсынулар, клиникалық көріністері айқын ) түрге бөлінеді. Созылмалы гастродуоденитте асқазанның шырышты қабатының толық өзгерістеріне дейін алып келетін секреторлы және моторлы-эвакуаторлық қызметтер бұзылысы байқалады.
Этиологиясы:
Гастодуоденит полиэтиологиялы ауру болып табылады және оған экзогенді және эндогенді факторлар алып келеді. Көп мөлшерде қышқылдың түзілуі, шырыш өндірілуінің төмендеуі мен секреция өндірілуінің гормоналды бұзылыстары себептерінен эндогенді факторлар дамиды. Сондай-ақ гастродуоденит дамуына бауыр мен өт жолдарының аурулары, эндокринді жүйеде қызметінің бұзылыстары алып келеді.
фЭкзогенді факторлардың туындауына физикалық (ащы, салқын немесе ыстық тағамдарды пайдалану) және химиялық препараттар қолдану (пестицидтер) алып келеді. Маңызды факторлардың бірі асқазан-ішек жолдарына Helicobacter pylori бактериясының енуі жатады.
Патогенез:
Патологиялық этиологиялық фарторлардың әсер етуі салдарынан асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатында қабыну реакциясы пайда болып, ол өз кезегінде шырышты қабаттың физиологиялық регенерациясының бұзылуы мен атрофиясына алып келеді.
Сондай-ақ түрлі созылмалы асқазан-ішек аурулары оттегінің активті формаларының (ОАФ) артық мөлшерде түзілуі нәтижесінде пайда болған тіндердің бұзылыстарымен бірге жүреді.
Гастродуоденалды аймақтағы ОАФ түзілуінің негізгі себепшісі асқазан мен 12-елі ішектің шырышты қабатының инфильтрациясын туғызатын полиморфтыядролы лейкоциттер болып табылады. Антиоксидантты қорғаныс (АОҚ) жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан қышқылдық орта бұзылады. Нәтижесінде жоғарыда аталған факторлар шырышты қабаттың секреторлы және моторлы қызметтері толығымен бұзылуы, яғни асқазан тонусы мен моторикасының күшеюі, 12-елі ішек дискенезиясына алып келеді.
Жіктелуі:
- Этиологиялық факторларға байланысты:
- біріншілік (экзогенді) гастродуодениттер
- екіншілік ( эндогенді) гастродуодениттер
- Орналасуына байланысты:
- жайылмалы гастродуодениттер
- орныққан гастродуодениттер
- Қышқылдық деңгейіне байланысты:
- секреторлы функциясы қалыпты гастродуодениттер
- секреторлы функциясы төмен гастродуодениттер
- секреторлы функциясы жоғары гастродуодениттер
Клиникалық көріністері:
Ересектермен салыстырғанда балаларда аурудың көріністері шамалы өзгеше болады, алайда асқазан-ішек жолдары бөлімдерінің жүйелі зақымдануына алып келеді. Мұндай өзгерістерге 12-елі ішектен бөлінетін, ас қорыту жүйесіндегі өзге ағзалардың секреторлы және эвакуаторлы қызметіне әсер ететін гормондар алып келеді. Нәтижесінде қабыну ауруларының үдемелі кезеңінде асқазан, ұйқы безә, өт шығару жолдары зардап шегеді. Жиі қыжыл мен жалған құсу шақырулары мазалайды. Бала салмақ жоғалтады, тері қабаты бозғылттанып, іштің аймағында ауырсыну сезімі, тілде сарғыш жабынды және тістің іздері байқалады. Бұдан өзге балалар вегетативті және ішкі дүниесінің күйзелістерінен зардап шеге бастайды.
Диагностика:
Гастродуоденит диагнозын гастроэнтеролог дәрігер анамнез жинау, сұрау және зерттеулер жүргізу (, қажет жағдайда асөазан шырышты қабатының биопсиясы, рентгенологиялық зерттеу) арқылы қоя алады. Сондай-ақ асқазан мен 12-елә ішек секрециясын тексеру- рН-метрия жүргізу қажет. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ем тағайындалады.
- Эндоскопиялық зерттеу
Эндоскопиялық зерттеу кезінде гастродуоденитте шырышты қабаттың ошақты немесе диффузиялық гиперемиясы, қатпарларының ісінуі мен гипертрофиясы, т. б. анықталады.
Кейде шырышты қабат бозғылт, жұқарған, қатпарлары жазылған болвп келеді. Ьұндай өзгерістер атрофиялық процесті көрсетеді. Алайда нақты атрофияның бар-жоқтығы мен оның дәрежесін тек гистологиялық зерттеу нәтижесі ғана көрсетеді.
- Гистологиялық зерттеу
Шырышты қабаттағы қабыну және дистрофиялық процестерінің дәрежесін анықтау мақсатынла қолданылады.
- Асқазанның секреторлы функциясын бағалау
Асқазанның секреторлы функциясын бағалау асқзан ішілік рН-метриямен жүргізіледі.
Асқазан денесі бөліміндегі қалыпты 5 жастан асқан балаларда рН= 1, 7-2, 5 ; гистамин енгізгеннен кейін -1, 5-2, 5 ке тең. Асқазанның антральды бөлімі қышқылды нейтралдау қасиетіне ие, қалыпты жағдайда рН-5 тен жоғары, яғни асұазан денеси мен антральді бөлімдері арасында рН айырмашылығы 2 ге тең. Бұл көрсеткіштің төмендеуі антральді бөлімдегі нейтралдау қасиетінің төмендегендігін, сәйкесінше 12-елі ішектің қышқылданғанын көрсетеді.
Балалардағы созылмалы гастродуоденит жиі секреторлы функцияның қалыпты немесе жоғарылаған деңгейінде көрінеді.
- Моторлы қызметін анықтау
Моторлы қызметті анықтау антродуоденальды монометрия, электрогастрография (ЭГГ), ассқазанды УДЗ көмегімен жүргізіледі.
- Рентгеноскопия
Гастродуоденитті дифдиагностикалау (тума ақаулар, стеноз, ісіктер, созылмалы дуоденальды өтімсіздік) мақсатында барий көмегімен жүргізіледі.
- Нр-инфекциясын диагностикалау
Нр-инфекциясын диагностикалау гастродуоденит типін анықтау және сәйкесінше ем қолдану мақсатында қолданылатын маңызды зерттеу болып табылады. Хеликобактериозды анықтаудың 3 тәсілі пайдаланылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz