Дене шынықтырудың адам өміріне маңызы.



Реферат жоспары
1. Дене шынықтырудың маңызы
2. Дене шынықтырудың пайдасы
3. Дәрігер.ғалымдар дене шынықтыру туралы
Дене шынықтыру – жеке адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан
"Қазақ энциклопедиясы",5 том

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дене шынықтырудың маңызы
Дене шынықтыру - жеке адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене шынықтырудың құрамдас бөлігі спорт болып табылады. Спорт адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан, материалдық және рухани байлықтарды игіліігіне дарыту.
Дене шынықтырудың пайдасы
Кейбіреулер дене шынық-тыру мәдениетіне мән бермейді, оны басқа мәдениет түрлерінен төмен қояды. Бұл дұрыс емес. Адам өз денсаулығына бала кезінен көңіл бөлуге тәрбиеленіп, оны шынықтырумен айналысса, сымбатты, денса-
улығы мықты азамат болып өседі. Орыстың терапиялық мектебінің негізін қалаушы ғалымдардың бірі М.Я.Мудров осы орайда былай деген: Денсаулықты сақтау үшін, ал онан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы.
Амал не, көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз, еңбек пен демалысты алмастырып отырмаймыз. Мұнан жүз жыл бұрын жер бетіндегі барлық жұмыстың 96 пайызын адамдар өздерінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса, енді бәрін де техника жүзеге асырады. Бұл да адамдардың аз қозғалуына әкеліп соқтыруда.
Ғылыми зерттеу деректері бойынша, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адам-дар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады, дәрігерге сирек қаралады. Негізінен, спортпен айналысатындар онымен ай-налыспайтындарға қарағанда шамамен дәрігерге төрт есе сирек қаралатын көрінеді. Және де дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылданатындар онымен жүйесіз шұғылданатындарға қарағанда дәрігерлік көмекті екі есе сирек, ал оны біржола керек қылмайтындарға қарағанда 3 есе сирек қажет етеді.

Дәрігер-ғалымдар дене шынықтыру туралы:
1. Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарылауын төмендетеді, төмендеуін жоғарылатып отырады, қандағы холестерин құрамын қалыпқа келтіреді, тұз алмасуын бір мөлшерге түсіреді.
2. Дене жаттығулары процессінде сыртқы қолайсыз факторларға, радиацияға, індетті ауруларға, ауа-райы температурасының құбылмалылығына тұрақты-лық, тежеу берушілік пайда болады.
3. Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу қан жасалу жүйесінде жағымды терең өзгерістер жасайды: гемоглобиннің саны артып, ақ қан формуласы тұрақтанады, ферментті жүйелердің әрекеттілігі артады.
4. Денесі жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда оттегі жеткіліксіздігін жеңіл көтереді.
5. Төрт сағат бойы қозғалмай тұруға мәжбүр болу дене шынықтыру жаттығу-ларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдарға анағұрлым аз әсер етеді.
6. Дене қозғалысы жас сәбидің сөйлеу органының өте тез және дұрыс қалыптасуына зор мүмкіндік ашады.
7. Денесін жақсы шынық-тырған адамдардың 80 пайызы ұшақты ұшыру техникасын игеруде өте жақсы баға алады. Ал дене шынықтыруға әзірлігі қанағаттанарлық деген бағамен белгіленгендердің өте жақсы баға алатындары 47 пайыздай ғана.
8. Мидың жұмыс қабілетін жоғары ұстау үшін арнайы ми гимнастикасын жасау өте пайдалы.
9. Дене шынықтыру жаттығулары психикалық қызметке екі түрлі әсер етеді: 1. Оның өсуіне мүмкіндік береді.
2. Ой еңбегі қабілеттілігінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
10. Бір қалыпты, мөлшерлі әрі дағдылы дене қозғалысы жұмысқа қабілеттілікті екі есе арттырады.
Ой еңбегі және дене шынықтыру

Шаңғымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт тарихы
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері
Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен маңызы
Құқықтық негіздер
Пәндер