Баланың құқықтарын қоргау


Мазмұны

Кіріспе . . . 3-11

1. Баланың құқықтарын қоргау: тарихи және теориялық аспектілері
1. 1. Балалар мүддесін көздейтінмемлекеттік саясат . . . 36-42

1. 2. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері . . . 43-58

2. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары қорғалуы

2. 1. Бала құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау

2. 2. Қазақстанда бала құқығын бақылау практикасы

3. Қазақстан Республикасында балалардың құқығын қорғау проблемаларын жалпы орта білім бері мектепте оқыту

3. 1. Жалпы білім беру мектептін құқықтану пәнінің бағдарламасы мен оқулықтарында балалар құқығын қорғау проблемасының қарастырылу денгейі.

3. 2. Жас өспірімдердін балалар құқықтыры туралы білімдерін қалыптастыру әдіс-тәсілдері

Қорытынды . . . 85 -87

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 88-91

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3-11

1. Құқық -жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелері

1. 1. Құқық ұғымы, құқықтың пайда болуы, дамуы . . . 12-19

1. 2. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында . . . 20- 35

2 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345-ІІ Заңы

(2007. 27. 07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. 1. Балалар мүддесін көздейтінмемлекеттік саясат . . . 36-42

2. 2. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері . . . 43-58

2. 5. Бала құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау . . . 59-66

3. Оқу-тәрбие үрдісінде бала құқығын қорғау

3. 1. Құқықтық тәрбиенің мақсат, міндеттері, мектептегі мазмұны . . . 67-74

3. 2. Отбасында бала құқығын қорғау және күш көрсетпей тәрбиелеу . . . 75-78

ІІІ. Іс-тәжірибелік бөлім . . . 79-84

ІҮ. Қорытынды . . . 85 -87

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 88-91

Кіріспе

Қазіргі қоғам - білім беруді қайта құру, оқушы тұлғасын, оның өмірін қалыптастыру, жаңа педагогикалық идеяларды енгізу, мен жаңаша ойлау типін қалыптастыруды талап ететін қоғам. Қазіргі қоғамдағы басты құндылық - адам, адамның құқығы. Адам қалған құндылықты жасаушы, құрушы, жүргізуші. Қоғамдағы барлық институттар адамға, адамның игілігі үшін қызмет етуі керек. Осы тұрғыдан алғанда оқушыға құқық тәрбиесін беру, құқық нормаларын меңгерте отырып, өз құқықтарын білуге және оны қорғай білуге үйрету мәселесі өзекті болып саналады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттері: Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу, және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық - саяси, әкономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» деп көрсетілген. Осы ретте білім беру мекемелері жања білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізуі тиіс. Тәрбие мен білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным тәрбие мен білім берудің мәдениет қалыптастырушы қызметінің жандануына мүмкіндік береді. Осындай түрлендіру тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу бағытын анықтау - мұғалімнен үлкен жүректілікті, біліктілік пен шығармашылыќ белсенділікті талап етеді. [ 36, 2 б. ]

Тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін тәрбие бағытының бірі - құқықтық тәрбие. Ол кез келген адамның әсіресе, жас ұрпақтың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін және мінез-құлқын қалыптастырудың қайнар көзі болумен бірге саяси тәрбиемен тығыз байланыста қызмет етеді. Бұл міндетті шешуде педагогтардың баста назары оқушылардың құқықты сақтауына және оны бұзушылық проблемасының туу себептерін күнделікті өмірден, қоғамдық қарым-қатынастан қарастырып, оқушылардың назарын заңға бағынушылық пен құқық қорғаушылық мәселелеріне баса аудару көзделеді. Осы уақытқа дейін алдымен оқушылардың бойында өздерінің қылықтарына жауаптылықты қалыптастырумен байланыстырылатын құқықты қорғау мәселесі өткір проблема ретінде қойылып келеді. Қазіргі қатаң нарықтық экономика жағдайында адамгершілік нышандардың тапшы болуы оқушылардың бойында жеке жауаптылықты тәрбиелеуді қоғамдық-әлеуметтік істермен байланыстыра қарастыруды керек етіп отыр. Олай болатын себебі, адамгершілікті категория ретінде қарастырып талдау, әлеуметтік теңсіздікті құқық қорғау ісімен байланыстыра қарастыруға үйрету, сөйтіп, келешек қоғам мүшесінің өз құқығын өзі қорғауға дайын болуын қаматамасыз ету көзделеді. Бұл жеке тұлғаның ішкі психологиялық жолының өмірлік мәнін құрайды. Жеке тұлғаның қоғамдағы өмір сүру құқығын қорғай алатын көптеген жағдайда тұлға сөнеді, құндылық бағдардан айрылады, олай болса көркем-эстетикалық, экологиялық, экономикалық, еңбек, азаматтық, сол секілді рухани-адамгершілік қарым-қатынастарда тұрақсыздық пайда болады. [33, . 51 б. ]

Қазіргі «Білім туралы заңның» талаптарының бірі - құқықтық сауатты азаматтарды дайындап шығару. Құқықтық сауатты адамдар қылмысқа ұрынбауға әрекет жасайды. Өмір сүрудің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренеді. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдың меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады.

- Әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу

- дүниеге этикалық жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дағдыланған, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол адам дайындау ісі құқықтық тәрбиенің негізгі міндеттері болып саналады.

Өркениетті қоғамда құқық нормалары сақталуы қажет. Адамдар белгілі бір әрекет барымында басқа тұлғалармен анықталған қатынастарға түседі. Осы қатынастардың көбі құқықпен реттеледі.

Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.

Н. Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мән берген. [ 35, 4 б. ]

Жеке адамның мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.

Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдың тәртіпті сақтау да енеді.

Жеке адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Заңды білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Жеке адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқыңтық білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы білім беретін оқу орны басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.

Құқықтық тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.

Қоғамының өзі талап етіп отырғандай дұрыс ұстанымы бар, адамдармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алатын, өмірлік бағыты бар ұрпақ тәрбиелеу - білім беру жүйесінің негізгі мақсаты.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бала құқығын зерттеу қоғамда маңызды орын алады. Балалар құқығын қорғау мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады.

Құқық ұғымы, құқықтың пайда болуы, дамуы мен мәнін Алексеев С. С. Государство и право. Начальный курс, Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан, Булгакова Д. А. Теория государства и права., ЖанЖак Руссо. Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері., Основы государства и права. (Под ред. Сапаргалиева Г. ), Хропанюк В. Н. Теория государства и права. М, 1996г. 6. Общая теория государства и права (Под ред. В. В, Лазарева) еңбектері арқылы танып, құқықтың -жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелері екендігі ашылып, талданды.

Балалар мүддесін көздейтінмемлекеттік саясат, баланың негізгі құқықтары мен міндеттері, бала құқықтарының негізгі бағыттары мен салалары, баланың қоғаммен қарым-қатынасына байланысты құқықтары, бала құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жайлы Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345-ІІ Заңы және Дүниежүзілік Балалар құқығын қорғау Конвенциясы қарастырады.

Оқу-тәрбие үрдісінде бала құқығын қорғау : құқықтық тәрбиенің мақсат, міндеттері, мектептегі мазмұны жайлы Байсеркеев А. Педагогические основы нравственно-правового воспитания учащихся в общеобразовательной школе. , Әбенбаев С. Ш. Сынып жетекшісі., Воронов В. В. Технология воспитания ., Гумманистические воспитательные системы вчера и сегодня. /Под общей ред. Доктора пед. наук. Н. Л. Селивановой., Григорьева. Т. Г., Линская Л. В., Усольцева Т. П. Основы конструктивного общения., Жубакова С. С. Воспитание политической-правовой культуры старшеклассников в современных условиях., Нравственно-правовое воспитание в дошкольном учреждений. Методические рекомендаций., Шелихова Н. И. Техника педагогического общения., Шилова М. И. Учителю о воспитанности школьников., Шуркова Н. Е. Воспитание : новый взгляд с позиции культуры еңбектерінен алынып, талдау жасалды. Отбасында бала құқығын қорғау және күш көрсетпей тәрбиелеу мәселелері жайлы Әленұлы Ш. Халықтық тәрбиенің тағылымдары., Байярд р. Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток, Қоянбаев Ж. Отбасы және балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу., Оразбекова К. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми педагогикалық негіздері. , Пинт А. О. «Ата - аналар сіздер үшін», Сухомлинский В. А. Балаға жүрек жылуы., Шабажанова С. Қ. Ұлт өнегесі-ұрпақ тәрбиесі еңбектерінде «бала құқығын сақтау, қорғау- ата-аналардың басты міндеттерінің бірі екендігі және солай ете отырып, өз құқығын қорғай алатын, белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтарды тәрбиелейтіндігі» жайлы ортақ ой айқындалып, жүйелі талданып, ұсынылды. Мектепте бала құқығын қорғау шараларын ұйымдастыру жайлы Волович А. Игра-путешествие «Права детей», Харчев А. Г. Социология воспитания: О некоторых актуальных социальных проблемах воспитания личности., Шевченко Л. Л. Мир детства: педагогика взаймодействия еңбектерінен алынды.

Қазақстан Республикасындағы құқық мәселелеріне қатысты заңдар мен заңдық актілер талданып, соның ішінде бала құқығына қатысты заңнамалар алынып, зерттелді: Қазақстан Республикасының Конституциясы. А. 1995. , Гражданский Кодекс Республики Казахстан. Общая(1994г. ) и особенная (1999г. ) части. , Гражданское право Республики Казахстан. Учебник под ред Сулейменова М. К., Басина Ю. Г., Дулатбеков Н. О., Амандыкова С. К., Турлаев А. В. Основы государства и права современного Казахстана., Концепция правовой политики. Указ Президента РК. От 20. 09. 2002. №949. және қоғамдағы адам құқығы оны қорғау мәселесіне қатысты арнайы құжаттар: Всеобщая декларация прав человека. Организация Объединенных наций. Департамент общественной информации, алҚазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі бала тәрбиесін қатысты нормативті құжаттар пайдаланылды: Комплексная программа воспитания в организациях образования Республики Казахстан. 2002., Концепция воспитания детей дошкольного и школьного возрастов., Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» мен Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жалпы құқықтық тәрбие беру және баланың өз құқығын білуге, қорғауға қатысты мәліметтерді нормативті құжаттардан алынды: Концепция правового обучения учащейся молодежи в РК. Постановление президента РК от 21. 06. 1995. №2347.

Жоғарыдағы ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біз бала құқығын қорғау жалпы қоғамдық құндылық екендігіне және оған бүкіл қоғамдық бірлесе іске асырғанда ғана тең құқықты қол жеткізуге болатындығына және ол адамдардың қоғамдағы әдебі, нормаларымен байланыстылығына көз жеткіздік.

Балалардың құқығын қорғау манызды болғандақтан, көптеген әдебиетте жан-жақты зерттелсе де, Қазақстанда балалар құқығын бақылау әрі толық қарастырылмаған, сондықтан тақырыптың өзектілігі туындайды

Диплом жұмысының мақсаты:

Бала құқығын білу, оны сақтау жолдарының теориялық негізделуі және тәжірибеде жүзеге асыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • мәселе боынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді қарастыру
  • құқық ұғымы, құқықтың пайда болуы, дамуын қарастыру
  • Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясындағы қызметін анықтау, талдау
  • ювеналдық мәдениет: кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғауды анықтау
  • Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңмен танысу, талдау, сараптау
  • балалар мүддесін көздейтінмемлекеттік саясаттың басымдықтарын анықтау
  • баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін сараптау
  • баланың қоғаммен қарым-қатынасына байланысты құқықтарын талдау
  • бала құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғаудың ықпалдық мәнін ашу.
  • оқу-тәрбие үрдісінде бала құқығын қорғау жолдарын қарастыру
  • құқықтық тәрбиенің мақсат, міндеттері, мектептегі мазмұнын анықтау, ықпалдық мәнін ашу
  • отбасында бала құқығын қорғау және күш көрсетпей тәрбиелеу жолдарын анықтау, талдау, ұсыну
  • бала құқығын туралы ғылыми-әдістемелік жүйені даярлау және эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.

Зерттеудің нысаны : Бала құқығы

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер:

- Бала құқығы, баланың өз құқығын білуі теориялық тұрғыдан негіздеселсе;

- Бала құқығы отбасы жағдайында қорғалып, сақталынса,

- бала құқығын қорғаудың педагогикалық шарттары анықталса;

-тәжірибелік-эксперимент өткізіліп, бала құқығын қорғау жүйелі түрде оқыту, тәрбиелеу үдерісіне ендірілсе, онда бала құқығын қорғау, қоғамда сақтау ісі оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты туғызады және баланың өз құқығын білуі жеке тұлғалық қасиеттерінің, азаматтық позициясының және оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымы «Балалар құқығы» туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» туралы Заңы, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы қарарлары мен бағдарламалары, конституциясы, және басқа құжаттар мен ресми материалдар, оқу әдістемелік құралдар, педагог, мәдениеттану, құқықтанушылардың, әлеуметтанушылардың дүниетанымы, білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектері.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, тақырыпшалардан, қорытындыдан, іс-тәжірибелік бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. 1 Құқық -жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелері.

1. 1. Құқық ұғымы, құқықтың пайда болуы, дамуы.

Құқық - бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, құқық адамдардың адамдардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімдік нормалар жүйесі. Құқықтың мазмұны оның негізгі бастамаларында, яғни негізгі ұстанымдарында көрініс табады. Олар мыналар: саяси биліктің халық еркіне бағынуы; меншік түрлерінің теңдігі және адамгершілік ұстанымдарына сүйену. [7, 61 б. ]

Құқық дегеніміз:

  • Ең алдымен құқық бұл біздің қалауымыз, Бірақ біздің қалауымыздың ақылға сыйымды негізгі болуы тиіс.
  • Бұл біздің күнделікті іс әрекетіміз бен мінез-құлқымыз. Біздің әрқайсысымыз барлық заңдарды дерлік, түгел есімізге сақтай алмаймыз. Бірақ соған қарамастан, біз күнделікті өмірімізде бұлардың бірде-біреуін бұбаймыз. Себебі заңның өзі біздің күнделікті әрекетімізден алынады.
  • Құқық - бұл адамдардың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибелік іс-әрекеттерінің көрінісі де болып табылады.
  • Құқық - қоғам мүддесі мен еркін де білдіреді. Біз оны әдетте міндеттер деп атаймыз.

Құқықтың қағидалары:

  1. Әлеуметтік бостандық - құқық шекарасымен белгіленген бостандық мүмкіндігін алу.
  2. Адамгершілік - адам, оның құқығы, бостандығы ең жоғарғы құндылық, құқық адамдардың өмірін, қоғам өмірін жақсарту үшін пайда болған.
  3. Демократизм - демократия құқық пен бостандықты қорғаудағы заңдық кепілдік болуы қажет.
  4. Теңдік - қоғам әртүрлі топтарға бөлінсе де, құқыққа қатысты ешкімнің де артықшылығы болмауы тиіс. [ 1, 6 б. ]

Жеке адамның құқығы деп - кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады.

Құқықтың пайда болуының экономикалық алғышарты - жеке меншіктің қалыптасуы. Құқық тарихи дәуірдің дамуымен жетіледі. Ең алғашқы заңдар, б. д. д. III мың жылдықта ерте Мысыр елінде пайда болды. Ерте әлемнің құқықтық тарихы негізгі екі мемлекеттік- құқықтыққа бөлінген: ерте Шығыс және антикалық. Бірінші топты Мысыр, Вавилон, Үнді және Қытай елдері құраса, екінші топқа Грек елі мен Рим державасын жатқызамыз. Алғашқы зандарда қазіргі мүлдем кездеспейтін нақты жағдайды суреттеу де басым болды, мысалы, "егер адам өгізді, қойды, есекті ұрлап алса . . . " (Хаммурапи заңы), ал қазіргі заңда адамның ұрлағанын бұлайша санап жатпайды.

Ерте дүние заңдары нақты құқық салаларына да бөлінген жоқ. Бір ғана заңның ішінде отбасылық та, қылмыстық та, мемлекеттік мәселелер реттеле берді. Олардың кейбіреулері тіпті бапқа да енбеген. Ерте дүние заңдары өте қаталдығымен ерекшеленеді. Мысалы, Халық бес, он отбасымен бірігіп орнықсын, оған көнгісі келмегендер шауып өлтірілсін . . . " (б. д. д. 350 жылғы Цинь жарлығы) . Ерте Грек, әсіресе Рим құқығы классикалық болып есептеледі. Олрда негізгі айырмашылық - еркін адамдар мен құлдар арасында ғана қалды, ал еркін азаматтардың құқықтық жағдайлары бірте-бірте теңелді. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының ұстанымдары жатады. Бұл мәселеге адамдар ертеден назар аударған. Ежелгі грек философшылары барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады, сондықтан олардың барлығының да тең табиғи құқығы бар етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиісті деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар өкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болады.

Атақты шешен Марк Тулий Цицероннан "құқық көзі не?" деп сұрағанда, ол "құқық көзі - халық" деп жауап қайтарды. Цицеронның пікірінше, адамдарға табиғат ақыл, құқық және әділеттілік сыйлаған. Сондықтан құқыкты адамға ешкім сыйлаған жоқ, ол оған қаратылысынан тиесілі. Бұдан шығатын қорытынды: мемлекет халықтың еркін білдіретін құқыққа бағынуы тиіс. "Мемлекет - бұл жиынтығы, сондықтан заңға мемлекетің өзімен қоса барлығы мойынұсынуы тиіс", - деген ұстаным Цицеронға тиесілі. [ 51, 72-б. ]

Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.

Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын. Жеке адам құкығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т. б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Олардын ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді (ол 1776 жылдың 4 шілдесінде бекітілді) . АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Франциянын адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Отбасы құқығы түсінігі
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Баланың мүдделерін қорғау
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz