Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
1.1 Кәмелетке толмаған тұлғалардың түсінігі
1.2 Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыс жасау денгейі және тұлғалық ерекшеліктері.
II ТАРАУ. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша сот өндірісіне дейінгі іс жүргізу.
2.1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеу пәні.
2.2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша іс жүргізудің процессуалдық тәртібі.
III ТАРАУ Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істері бойынша сот талқылауы.
3.1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша сот талқылауының ерекшеліктері.
3.2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша үкім шығарған кезінде сот шешетін мәселелер. IV ТАРАУ Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде кететін кемшіліктер және шешу жолдары.
4.1 Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде кететін кемшіліктер. 4.2 Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық істер бойынша отбасылық соттар.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе

Республикамызда кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар көбеюде. Еліміздегі криминогендік ахуалдың барлық талаптарына болашақта ықпал етуі ескеріле отырып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Соңғы жылдары жасөспірімдер ортасының криминализациалануының тұрақты өсу үрдісі қалыптасқан, олар жасаған қылмыстардың 75% ауыр және аса ауыр қылмыстар (оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық шабуыл) болып табылады. Кәмелетке толмағандар топтасып жасайтын қылмыстардың алдын алу өзекті мәселе болып отыр қылмыстық қол суғышылықтарға қатысатын кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы оқушылар мен студентер болып табылады. Көптеген жасөспірімдер құқықа қайшы іс - қимылды алкогольдік мас күйінде жасаған немесе бұған дейін қылмысты болған.
Әр түрлі себеп салдарынан әлеуметтік жетімдік және балалардың кезбелікке салыну мәселесі шиеленісе түсуде.
Бұл мәселеге қоғамның көңіл бөлу үшін қандай жағдайлар туындауы қажет, егер балаға өмір қиындығына төтеп беруге көмектеспеу немесе немқұрайлы қарау ертенгі мемлекетіміздің болашағына тигізетін кері ықпалы мол болмақ. Өйткені Қазақстанның болашағы бүгін жасалады, ал ертенгі күн ұрпақсыз болу мүмкін емес.
Қазақстан халқына Президентінің жолдауында бала мен анасының денсаулығына байланысты қорғау мәселесі біздің мемелекеттіміздің, қоғам және денсаулық сақтау органның басты көңіл бөлуінде болу керек делінген.
Кәмелетке толмағандардын қылмыстарымен күресу және алдын алу мемлекетте экономикалық, идеологикалық және ұйымдастырушылық түріндегі шараны қолдану ретінде органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асыруы қажет.
Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы «Жеті жарғы» 1999 жыл.
2. Ковенция о правах ребёнка. Алматы 2005 г.
3. Адам құқықтары туралы халықаралық билль. Алматы 1998 жыл.
4. Международный пакт о гражданских и политических правах. Алматы 1998 жыл.
5. Международный пакт об экономических, социяльных и культурных правах. Алматы 1998 жыл.
6. Минимальные стандартные правила ООН, касающихся отправления правосудия в отношении не совершеннолетних. Основные международные документы. Права человека. М, 1989 год
7. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы «Юрист» 2005 жыл.
8. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі. Жалпы, ерекше бөлім. Алматы 2001жыл.
9. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
10. Уголовно-процессуальный кодекс РК. Особенная часть. Коментарий. Алматы «Жеті жарғы» 2003 год.
11. Уголовный процесс. Досудебное производство. Сарсембаев Т.Е, Хан А.Л. АСТАНА «ФОЛИАНТ» 2000 ГОД.
12. Б.Қ. Төлеубекова, Қ.Ж. Қапсәләмов.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар. Алматы «ҚазГЗУ» 2005 жыл.
13. Капсәләмов К.Ж. Уголовное процесуальное принуждения. Астана «Фолиант»2001 год.
14. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты редакторлар: С.М. Рахметов, Г.ә. Бапанов. Алматы 2001 жыл.
15. Уголовное право Республики Казахстан. Учебник. Особенная часть. Часть 1. Алматы «Данекер» 2005г. Под. ред. И.Ш. Борчашвили и С.М. Рахметова.
16. «Неке және отбасы туралы ҚР Заңы». № 321 1998 ж. 17 желтоқсан.
17. Қазақстан Республикасының Заңы. «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 30.03.99. № 353-1.
18. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Алматы : «Юрист», 2005 жыл. Қазақстан Республикасының Заңы.
19. Қазакстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы-«Қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған балалар мен жасөспірімдерді арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберу тәртібі туралы». 18 қазан 1993 жыл.
20. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 апреля 1994 года №415 Об утверждении Положения о специальном учебно-воспитательном учереждении для детей и подросков, нуждающихся в особых условиях воспитания.
21. Нормативное постановление №6 Верховного Суда РК от 11 апреля 2005 года. О судебной практике по делам о преступлениях несовершеннолетних и о вовлечении их в преступную и иную антиобщественную деятельность. Фимида №6 2005 г. 4 стр.
22. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтарын алдын-алу. Президенті және Үкіметтің актілер жинағы 48\2005. 21 бет.
23. № 1/2003 Бюллетень Верховного Суда РК. В надзорной коллегии Верховного Суда РК. Стр 16.
24. № 2/2003 Бюллетень Верховного Суда РК. 1) Обзор судебной практики расмотрения уголовных дел надзорной коллегией Верховного Суда РК в 2005 году. Стр.16. 2) Обобщения судебной практики по вопросу соблюдения в ходе уголовного судопроизводства требований закона о праве подозреваемого, обвиняемого, подсудимого на защиту. Стр.22 .
25. Правоохранительные органы: Сборник законодательных актов. Алматы: Юрист, 2000 год.
26. Қазақстан-2030. Назарбаев. Н.А. Алматы: Білім, 1997 жыл.
27. Аккулеев А.Ш. Уголовный кодекс РК: Проблемы и перспективы. Сборник научных трудов. Международные документы по правам ребёнка и уголовное законодательство РК. Караганда 1999 год.
28. Бегалиев К. Предупреждения безнадзорнасти и правонарушений несовершеннолетних. Алма-Ата «Казахстан» 1980 год.
29. Бегалиев К. Меры борьбы с преступностью несовершенолетних. Алма-Ата «Казахстан» 1975 год.
30. В.И. Басков «Курс прокурорского надзора» учебник для вузов. Москва «Зерцаво» 1998 год.
31. Под. редакцией А.Д. Бойкова и И.И. Карпеца. Курс Советского уголовного процесса. Общая часть. Москва «Юридическая литература» 1989 год.
32. Диденко П.В. Уголовно-исполнительное право РК. Алматы: Дәнекер, 2001 год.
33. Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии. Учебник для вузов. М: «Юристъ» 1996 год.
34. Жадбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних. Алма-Ата «Мектеп» 1982 год.
35. Под. ред. В.Н. Кудрявцева и В.Е. Эминова. Криминология. Москва «Юристъ» 1999 год.
36. Қайыржанов Е. Жасөспірім және заң. Алматы 1972 жыл.
37. Н.А. Минжанов. Психолгия и педагогика в деятельности сотрудников ОВД. Учебное пособие. Караганда 2000 год.
38. А.М. Нечаева. Правовая охрана детства в СССР. Москва «Наука» 1987 год.
39. Құрастырған Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негідері. Хрестоматия. – Алматы: Атамұра, 1996 жыл.
40. Томас Бюргенталь. Халықаралык адам құқықтары: қысқаша шолу-\ағыл. аудар. – Алматы: Ғылым 1999 жыл.
41. С.А. Шапинова. Подросток: Общество и закон. Алма-Ата «Наука» 1989 год.
42. Алауханов Е., Саттыпалды К. Причины корыстно-насильственных преступлении: взаимодействие семьи и подростка. Фемида №2 2003. Стр.32
43. Булеваева А. Уголовная ответственность несовершеннолетних. Фемида №5-6 2000. Стр 80.
44. Сисько В. Вместо школьной скамьи-на скамью подсудимых ? Фемида №1-2 2000. Стр.36
45. Анастасия Градова. Казахстанская полиция №9 2005 год. Ростки ювенальной юстиции. Стр 7.
46. А. Ли Психологический портрет школьника 2000 год. ЮГ.13 сентября.
47. Вестник КазГУ. Серия юридическая, №4. А.Н.Ли «Особенности личности несовершеннолетних учащиехся образовательных школ. Совершивших преступление.
48. Вестник КазГУ. Серия юридическая, №8. Воспитательная роль суда при рассмотрении дел о преступлении несовершеннолетних. Т.С. Матымов.
49. Заң. 2005 №8. 58-59.
50. Заң және заман. Алматы 2005 №3. 53-56 бет.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша іс
жүргізу ерекшеліктері.
1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың түсінігі
2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыс жасау денгейі және тұлғалық
ерекшеліктері.

II ТАРАУ. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша сот өндірісіне
дейінгі іс жүргізу.
2.1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша
дәлелдеу пәні.

2.2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша іс жүргізудің
процессуалдық тәртібі.
III ТАРАУ Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істері бойынша
сот талқылауы.
3.1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша сот талқылауының
ерекшеліктері.

3.2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша үкім шығарған кезінде
сот шешетін мәселелер.
IV ТАРАУ Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық істері бойынша іс жүргізу
кезінде кететін кемшіліктер және шешу жолдары.
4.1 Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық істері бойынша іс жүргізу
кезінде кететін кемшіліктер.
4.2 Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық істер бойынша отбасылық
соттар.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Республикамызда кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар көбеюде.
Еліміздегі криминогендік ахуалдың барлық талаптарына болашақта ықпал етуі
ескеріле отырып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың
алдын алу ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Соңғы жылдары жасөспірімдер
ортасының криминализациалануының тұрақты өсу үрдісі қалыптасқан, олар
жасаған қылмыстардың 75% ауыр және аса ауыр қылмыстар (оның ішінде кісі
өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық шабуыл) болып
табылады. Кәмелетке толмағандар топтасып жасайтын қылмыстардың алдын алу
өзекті мәселе болып отыр қылмыстық қол суғышылықтарға қатысатын кәмелетке
толмағандардың жартысына жуығы оқушылар мен студентер болып табылады.
Көптеген жасөспірімдер құқықа қайшы іс - қимылды алкогольдік мас күйінде
жасаған немесе бұған дейін қылмысты болған.
Әр түрлі себеп салдарынан әлеуметтік жетімдік және балалардың
кезбелікке салыну мәселесі шиеленісе түсуде.
Бұл мәселеге қоғамның көңіл бөлу үшін қандай жағдайлар туындауы
қажет, егер балаға өмір қиындығына төтеп беруге көмектеспеу немесе
немқұрайлы қарау ертенгі мемлекетіміздің болашағына тигізетін кері ықпалы
мол болмақ. Өйткені Қазақстанның болашағы бүгін жасалады, ал ертенгі күн
ұрпақсыз болу мүмкін емес.
Қазақстан халқына Президентінің жолдауында бала мен анасының
денсаулығына байланысты қорғау мәселесі біздің мемелекеттіміздің, қоғам
және денсаулық сақтау органның басты көңіл бөлуінде болу керек делінген.
Кәмелетке толмағандардын қылмыстарымен күресу және алдын алу мемлекетте
экономикалық, идеологикалық және ұйымдастырушылық түріндегі шараны қолдану
ретінде органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асыруы қажет.
Қылмыс жасаған кәмелетке толмаған қайта тәрбиелеу оларға катысты
заңдылықты жүзеге асырушы органдардың басты көңілінде болуы керек.
Сондықтан да кәмелетке толмағандардың мәселесiн дұрыс түсіну үшін арнайы
білімдер және тәжрибелер қажет етеді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша қылмыстылық
заңдылық мәселесі қазіргі кезде актуалды болып отыр. Осы актуалдық
мәселелердін себептеріне осы категория жастағы тұлғалар қылмыстары туралы
істері бойынша заңдылық мақсаттарын дұрыс орындауды сот оргындары және ішкі
істер органдары тарапынан күшейту керек.
Жүзеге асып отырған заңдылық қылмыстық процестін міндеттері қылмыстарды
тез және толық ашу, олардын жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық заңды
дұрыс колдану болып табылады. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда
белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан,
олардын құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз
адамды заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық
ақтауды қамтамасыз етуі, сондай ақ заңдылық пен құқықты құрметеу көзқарасын
қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша ерекше іс
жүргізу өндіріс тәртіптері заңмен 18 толмаған тұлғалардын жағдайларын
жастық, психофизикалық, әлеуметтік – психологиялық және басқа қасиетерін
есекере отырып белгілеген. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша іс
жүргізу тәртібі ҚІЖК жалпы тәртіптермен және 52 тарауымен (ҚІЖК 480 – 495
баптары) реттеледі.
Төменде мен кәмелетке толмағандардын істері бойынша алдын ала
тергеуде және сот стадиясында іс жүргізуді және оның ерекшеліктерін
қарастырамын.

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
ерекшеліктері.
1.1 Кәмелетке толмаған тұлғалардың түсінігі.

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша, яғни қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 52-тарауында белгіленген нормалардың жүзеге асуы осы топтағы
тұлғаларға ғана қолданылады, яғни бұл тұлғалар қылмыс жасаған уақытта 14-ке
толған бірақ 18-ге толмағандар табылады.
Сонымен қоса осы ҚІЖК 52-тарауында көрсетілген нормалар кәмелетке
толмағандардың істері бойынша жүргізуіне қарамастан, судья ҚК 87-бабына
сүйене отырып ерекше жағдайларда, яғни қылмыстың жасалу мазмұны мен қылмыс
жасаған тұлғаның ерекшелігіне қарап қылмыстық кодекстің 6-тарауының 18-
жасқа толған бірақ 20-жасқа толмаған тұлғаларға қолдана алады.
Сұрақтардың ерекшелік маңыздылығына қарай отырып, кәмелетке
толмағандарға байланысты заңдылықты жүзеге асыру негізінен ҚР Жоғарғы
сотының арнайы талдау нысанасы болып табылады. Сондықтан, осыған байланысты
мынадай нормативті қаулы: 2005 ж. 11-сәуірдегі №6 кәмелетке толмағандардың
қылмыстық істері және оларды қоғамға қайшы іс-әрекетке тарту туралы сот
практикасы шығарылды.
Қылмыстық іс-жүргізу заңына кәмелетке толмағандар түсінікті еңгізу
арқылы, заңшығарушы кәмелетке толғандар мен кәмелетке толмағандардың
арасында заң шекара белгілеп отыр, бұл арқылы ол ерекшелік құқықтары мен
міндеттері бар автономды демографиялық топты бөліп отыр. Бұндай топтың
бөліну қажеттілігі арнайы, ерекше психо-физиологиялық және әлеуметтік
қасиеттермен байланыстырады. Кәмелетке толмаған дамып келе жатқан ағзасы
оны сыртқы және ішкі жағымсыз факторлардан дұрыс қорғай алмайды, сондықтан
бұл жағдай қоршаған адамдармен және заңмен қайшылыққа түсуге әкелуі мүмкін.
Яғни өзгеріп отыратын өмір жағдайлары кәмелетке толмағандардың дұрыс
бейімделуге түсе алмауы жастығы олардың қылмыстық іс жүргізуде заң жүзінен
ерекше қорғау болып табылады.

2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыс жасау денгейі және тұлғалық
ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел
ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға
кірісті. Жаңа ғасырдағы Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік
және экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшандығы Қазақстан
жастарының хал-жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде жағымсыз
ықпал етуде. Яғни, жастар мәселесі бүгінгі таңда бірқатар теріс
факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі. Бүгінгі таңда
білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымдарының қызметін үйлестіретін бірігей
орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы,
олардың арасындағы бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы
сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының күрт өсуіне негіз
болып отыр. Тұтас алғанда қазіргі қазақ жастарының бүгінгі қоғамдық және
экономикалық байланыстар жүйесіне жарым-жартылай бейімделген, тұрақсыз
мәртебеге ие әлеуметтік топ ретінде тани аламыз.
Біздің елімізде 1999 жылы жүргізілген санақ нәтижесі бойынша
Қазақстанда 14953126 адам тұрады екен. Ал 10 жас пен 19 жас аралығындағы
жастар мен жасөспірімдер саны 2994949, ал бұл жалпы халықтың 20 пайызы.
Олай болса, жастар арасындағы маскүнемдік пен нашақорлық, тонау, ұрлық
сияқты қылмыстардың күннен-күнге өршуі қаншалықты дәрежеде қауіпті екендігі
айтпаса да түсінікті. Сөзімді растау үшін мына статистикалық көрсеткіштерге
тоқталып өтейік: қорқытып алушылық қылмысы 1997 жылы барлығы 75 рет
жасалған болса, сол қылмыс саны 2001 жылы 221-ге, қарақшылық 268-ден 327-ге
жеткен, адамды тонау қылмысы 618-ден 961-ге, ал ұрлық 3330-дан 4562-ге
жетіп отыр. [49, 58 бет]
Құқық бұзушы болған кәмелетке толмағандардың тұлғасының қалыптасуына
қолайлы және қолайсыз жағдайдың айырмашылығы осы процесс жүзеге асыруындағы
акпарат каналдары немесе қоғамдық өмір аумағының айырмашылығында емес,
ақпараттын мазмұнында болып отыр. Кәмелетке толмаған құқық бұзушынын
тұлғасы белгілі бір тәртіп нормаларын сақтайтын азаматтын тұлғасы сияқты да
қоғамдық–тұрмыстық айналасында қалыптасады. Олардың даму мінездері және
әрекетерінің мазмұны, мүдделерінін ерекшеліктері бірінші және екінші
жағдайда да әртүрлі болуы мүмкін.
Тұлғанын қоғамға қайшы бағыттарының бірінші қасиеттері, көбінесе бала
кезінде, қоғаммен белгіленген нормаларды сәл- пәл бұзуында, яғни ұсақ ұрлық
және бұзақылық жасау тағы баскадан көрінеді бұл мәселе бойынша Буянов. М.И.
былай жазды: Науқастардың ішкі дүниесін қалай бұзылатыны, оларды дөрекі,
ызаланған, зиянкес қылатын мәселелерді дәрігерлер ылғида түсінуге тырысқан
және ылғида бір қортындыға келген: бала кезінде белгілі бір қажетті
жағдайға көңіл бөлмеген, содан кейін бала кезінде кеткен кемшіліктер
есейгенде үлкен меселеге әкеп соқтырады. [ 47, 35 бет.]
Тұлғаның өнегелі дамуының нақ сол сәтінде жасөспірім кезіндегі
тәртібінің кері тәжірбиесі жиналады, яғни ол ешқашан сыртқа шықпауы да
мүмкін немесе белгілі бір кешігуімен болуы да мүмкін. Адамның ішкі
сенімнің комбинациалары және толқылуларын бірге алғанда оларды болжағанша,
оның сыртқы тәртібін білген жөн, - деп Павлов И.П. жазды. [ 47, 35 бет.]
Жасөспірім құқық бұзушының тұлгасын зерттегенде, ол жалпы адамдық
қасиеттерді зерттеумен сәйкестендірілуі қажет. Өйткені адам - өзін-өзі
реттеуші, ұстаушы, қалпына келуші, түзетілуші және дамып отыратын ерекше
жүйе.
Кәмелетке толмаған тұлғасы өнегелі және психикалық касиетінің өзгеріп
отыратын, тұраксыз және толық дамымаған құрлымын құрайды, яғни:
- әлеуметтік бағытының дамымағандығы тұрақсызданбағандығы: бұл
жастағы өзін қоршаған ортаға қатынасын әлі белгілемегендігі,
сондықтан жасөспірімнің жүріс–тұрысының кез келген ауытқушылығын
қоғамға карсы бағыттаушы немесе іс-әрекеті деп бағалау керек;
- өзінің сезімі және күш жігерінің дұрыс дамымағаны ол қоршаган
ортаға деген жақсылық пен жамандыктын айырмашылығын көп біле
бермейді; ол тек қана қоршаған ортамен байланыс жасауды, осы
өмірдегі орны мен ролін айқындауда жаңа түсініп келеді;
- әлеуметтік тәжрибенің жоқтығы; жасөспірім жұмыс істеуге
қабілеттенбеген, олардың өзінің жүріс - тұрысында қолдану нормасы
болуына негізделген қоғамның дұрыс өмір сүру заңдылықтарын
білмейді;
- өмірлік қиын жағдайларда өзінің тәртібі және эмоциясын бақылай
алмауы.
Сондықтан да жасөспірімге оны қоршаған ортаның заңдығын білу үшін,
әлеуметтік құндылықтарды (жалпы гумандық) дұрыс түсуіне көмектесуі керек,
өйткені адамдық ізгілік, рақымдылық, мейiрімділік – барлығы бала кезінде
болса ол тек бакытқа әкеледі.
Кәмелетке толмаған тұлғасын әлеуметтік – демографиялық мінездемесіне
байланысты келесі мәселелерді атап өту кажет:
- қылмыстардың көбін 16-18 жастағы тұлғалар жасайды, олар әр түрлі
себептерге байланысты: біріншіден, ол өзіндік ересектенудін және өзін
өзі көрсетудін шегі (жасөспірімдер күәлік алады, кейбіреулері жұмыс
істей бастайды, колледждерде, техникумдарға түсе бастайды және тағы
басқа); екіншіден таныстардың көбеюі, қыздар мен ұлдар алдарында басқа
да күрделі мәселелер пайда болады.
- екінші орында, қылмыс жасайтындар – 14-16 жасындағылар;
- әлеуметтік тұрғыдан қарағанда көп жасөспірім қылмыскерлер жұмысшы
отбасынан (көбінесе квалификациясы төмен және квалификациясы жоқ) қызмет
көрсету аумағындағы (көбінесе сауда), қызметтік (әр түрлі деңгейдегі
басқару құрамындағы отбасылардан) болады;

- кәмелетке толмағандардың жартысынан көбі сәтті емес отбасыларынан немесе
толық емес отбасыларынан шығады; (кестені қараныз)

- кәмелетке толмаған әйел жыныстылар еркек жыныстыларға карағанда аз;

- кәмелетке толмағандардын кылмыстылығы ауылдардағы жасөспірімдер жасайтын
қылмыстарына қарағанда қалаларда (әсіресе үлкен) көбірек жасалады.[29,
36 бет]. Мәдени – білім деңгейін алып карастырсақ, келесі жағдайларды
атап өткен жөн:

- кәмелетке толмағандардың білім деңгейіне қарағанда олардын қылмыс
жасаған құрбылары екі – үш жылға төмен, олар оқуды дұрыс менгере
алмайды немесе дұрыс оқымайды, мектеп қоғамынан алшақтық байқалады;

- кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға тән қасиет олар рухани сұранысының
жоқтығы, олар театрларға, музейлерге, кітапханаларға және тағы басқа
мәдени орындарға бармайды.

- кино, телеарна, видео, радио олар үшін уақытты өткізу ретінде болады.
Осыған сәйкес олар қорқыныш және фантастика, эротика және порнография,
боевиктер жене детективтер көреді.
- осы топтағы кемелетке толмағандар көбінесе салақтық уақыт өткізуімен
болады: көшелерде мақсатсыз қанғырып жүріп, көрінбейтін жерлерде
жиналып (подвал, шатыр астында ), спирттік ішімдік ішеді, ұландырғыш
және есірткі заттарды тұтынады; міне осындай жағдайларда көбінесе ұрыс-
керістер туындайды (кіші жастағыларға жәбір көрсетіледі ) және тағы
басқа жағдайлар. Эмоционалды – күш–жігер аумағында қылмыс жасаған
кәмелетке толмағандарға көбінесе тиесілі:
- ұят сезімінің жоқтығы, қоршағандардың аландаушылығына салақтық білдіруі,
яғни эмоционалдық лабильділік және эгоцентризм танытады, өзін-өзі ұстай
алмайтындылық, дөрекілік, өтірік айтушылық, екі жүзді, өзін-өзіне баға
беру деңгейінін жоқтығы;[35, 487 бет].
- сенбеушілік, қорқақтық, эмоционалды тұрақсыздығы, дөрекілік тәртібі,
агресивтілігі, ызаланғыштығы, дауланғыштығы; Нервті – психиқалық
аномалиясы (есі дұрыстық шегінде), өнегелік деңгейі, құқықты түсіну
денгейі және көз-қарасы тұрғысынан келесі жағдайларды бөлу қажет:
- озінің айналасыдағылардың мүддесін жоғары қояды (ұқыптылықты,
тәрбиелікті, ұятты, міндеттілікті, жолдастық сезімдерді дұрыс
түсінбеуінен тұындайтын қатнастар);
- өзін бекіту, көрсету максаты алдында тұрады;
- өмірлік мақсаттар, өзінің референттік тобында психологиялық
комфортқа жетүге, бір сәттілік ләззәт алуымен ауыстырылады;
- егер референттік топқа немесе өзіне қажеттілікті қанағаттандыру
үшін құкык бұзушылыққа барса, толығымен қолдау көрсетіледі;
- оларға тән қасиет құқықтық санасынын төмендігі, сондыктан да олар
құқық қорғау органдарына көмек көрсетпейді;
- көп жағдайларда қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар
жазаланбайтындығына сенеді, яғни көрініп қалу немесе ұсталынып қалу
мүмкіндігіне сенбейді.
Сондықтан, кәмелетке толмаған құқық бұзушыны сипаттайтын кәмелетке
толмағандардын қоғамға қайшылық тәртібін сипатайтын әлеуметтік жағдайда
сипаттама беруге болады.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардын тұлғасын зерттеу ертенгі құқық
бұзушылықтын алдын алу мәселелерін қарастыруға көмегін тигізеді.

2. Кәмелетке толмаған тұлғалардың істері бойынша сот өндірісіне дейінгі іс
жүргізу.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша сотқа дейінгі
іс жүргізу келесі тергеу әрекеттері болуы мүмкін:
1. Күә ретінде жауап алынуы мүмкін тұлғалар:
- міндетті түрде ата-анадан, ұстаздардан, соның ішінде сынып
жетекшісінен, тәрбиелеушілерден;
- көршілер, оқу, жұмыс бойынша құрдастар мен қызметтестерден және тағы
басқалары;
- күә ретінде қылмыс жасауға өздерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі
себеп болған тұлғалар шақырылады;
2. Тергеуші оқу мекемесінен, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен мінездеме
талап етуі керек.
3. Полицияның арнайы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу
бөлімшелерінен және кәмелетке толмағандар қылмыстық істері бойынша
комиссиядан сұрау қағазын талап етуі қажет.
4. Жасөспірімнің өмір сүру жағдайы және тәрбиелеу туралы мағлұматтар
жинайды.
5. Кәмелетке толмағандардың топтық қылмыстары бойынша әрбіреуінің
қылмысқа қатысушылығынын мазмұны мен деңгейін анықтау қамтамасыз
етіледі және де басқа тергеу әрекеттері.
Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады,
не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе
қылмыстық әрекетпен шуғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті
негіздер болған кезде, сондай – ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін
қылмыстық процессті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде кәмелетке
толмағанға бұлтартпау шарасын қолданады. Кәмелетке толмағанға бұлтартпау
шаралары қолданылуы мүмкін: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы;
жеке кепілдік беру; кәмелетке толмағандарды қарауға беру: кепіл болу; үйде
қамауда ұстау; қамау болып табылады.
Бұлтартпау шарасы және оның қайсысын қолданудын қажетілігі туралы
мәселені шешу кезінде келесі жағдайлар қарастырылады: тағылған айыптаудың
ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы,
отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай күйі, тұрақты тұратын
жерінің бар жоғы және басқа мән жайлар ескерілуге тиіс.
Айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он
тәуліктен кешіктірілмей, ал егер сезікті адам ұсталып, содан кейін қамауға
алынса, - ұсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс. Егер бұл
мерзімде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады.
Соттар кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша сот
өндірісін белгілеген кезде ҚІЖК 300 бабынын тармақтарымен қоса кәмелетке
толмағанды қамауға алудың дәлелдемесін нақты тексеру қажет.
Егер айтылған мәселелерді тергеу органдары орындаған iс әрекетi
кәмелетке толмағанды қамауға алу негізсіз болса, онда сот бұл бұлтартпау
шарасын өзгертеді немесе алып тастайды.

2.1 Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстары туралы істер бойынша
дәлелдеу пәні.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша, ҚІЖК- нің 117 – бабында
көзделгендерден баска, дәлелдеуге жататын мән- жайларды алдын ала тергеу
және сот талқылауын жүргізу кезінде:
1) кемелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы );
2) кәмелетке толмағандардың тұрмысы мен тәрбие жағдайы;
3) интелектуалдық, күш-жігерінің және психиқалык даму дәрежесі, мiнезі
мен тегеурінділік ерекшеліктері, мұқтаждары мен мүдделері;
4) кемелетке толмағандарға ересек адамдар мен баска да кемелетке
толмағандардың ықпалы анықталуы тиіс.
Кәмелетке толмағанның жасы.
Қылмыстық іс жүргізу заңы кәмелетке толмағандардың жасын анықтауда
манызды көніл бөледі.
Қазақстан Республикаксының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына
сәйкес, кылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершилік жасы ҚР ҚК 15 бабында
берілген кәмелетке толмағанына байланысты қылмыстық процессті жүргізетін
орган қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаның туған күнің, айын,
жылын нақты анықтауға шара қолдануға міндетті. Бұл жерде тұлға белгілі бір
жаска толуы оның туған күні емес, келесі теуліктен басталады.
Бұл мәліметер туу туралы куәліктен, төлқұжатымен немесе туу туралы
куәлікті қарау хаттамасымен белгіленеді. Егер жасқа байланыстты мәліметтер
арасында қайшылықтар туындаса туған жерінің тіркеу орнына сұрау жіберу
қажет.
Егер жасқа байланысты нақтылайтын құжаттардың жоқ болуы немесе
құжаттардын шындыққа сәйкес келмейтіне күдік туса, онда ҚІЖК 241-бабының 2-
тармағы бойынша сараптама тағайындау қажет. Бұл жағдайда туған күні болып
сарапшылардын белгіленген жылдын ен соңғы қүні болып саналады.
Сарапшымен жастын төменгі және жоғарғы шегін белгілегенде (мысалы, 14
тен 15 ке дейін) сараптаманың белгілеген жасынын төменгі шегін алу қажет.
Сот медициналық сарапшылардын анықтауға байланысты келесі сұрақтарды
қою қажет:
- қазіргі таңдағы сіздерге берілген сезікті (айыпталушының) жасы
нешеде?
- қаралып жаткан сезікті (айыпталушы ) қылмыс жасаған кезінде ( бұл
жерде күні, айы, жылы және тәулік сағаты көрсетілуі қерек ) 14, 16, 18
жасқа толдыма?
- Сараптама шешілуіне баланың оның күәліктік жасына байланысты, оның
даму деңгейіне байланысты сұрақтар қоюға болмайды.
- Кәмелетке толмағандардың жасының мәліметтері септігін тигізеді:
- айыпталушының тұлғасын анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке
тарту сұрағын шешу;
- кемелетке толмагандардың физикалық мәліметтердің есептеуіне
байланысты белгілі бір әрекетті жасауды анықтау (мысалы, ересек адамға
накты түрде қарсылық көрсету, жыныстық акт жасауы және тағы баска );
- қылмыстық іс бойынша ерекше сот өндірісі тәртібі сұрағының шешілуі;
- тергеу әрекеттерін жасаған кезде тұлганың жасын және әлеуметтік –
психологиялық қасиеттерін есептеуі және тағы басқа.
Кәмелетке толмаған тұлғаның өмір сүру деңгейі мен тәрбиелеуін
анықтау.
Кәмелетке толмаған тұлгаларға байланысты заңдылықты жүзеге асыратын БҰҰ
Минималды стандарт ережелеріне сейкес, кәмелетке толмаған тұлғаға
байланысты әділеттілік жүйесі бірінші орында кәмелетке толмаған тұлғаның
сәттілігін сақталуға бағытталуы керек және кез келген кемелетке толмаған
құқық бұзушыға қолданатын ықпал ету шарасы ылғи да құқық бұзушының
тұлғасының ерекшелігімен жене құқық бұзушылық жағдайларымен сәйкес болуы
керек.
Осы ережеге сейкес қылмыстык іс жүргізу заңы кемелетке толмағандардың
қылмыстары туралы істері бойынша қолданатын шаралардың максималды
индивидтендіруге бағытталған жагдайларды анықтайды.
Сонымен ҚІЖК- нің 494 – бабы бойынша, барлық көрсетілген жагдайлар іске
байланысты үкім шығарғанда еске алынады.
Кәмелетке толмаған тұлғаның тәрбиесі мен оның өмір жагдайының
анықталуы, негізінен оның физикалық және психологиялық ахуалы,
интелектуалды деңгейі, өнегелік дамуы және оның мінезінің ерекшеліктерін
жан жақты зерттеуі үшін қажет.
Кәмелетке толмаған тұлғасының қандай жагдайда қалыптасқаны туралы
мелеметтерді аныктау қажеттілігі мынада:
- қылмыстын жасаудың ниетін анықтау үшін;
- жасаған әрекетке кәмелетке толмаған тұлганың қатыстылығын аныктау
үшін;
- басқа қылмыстардың жасалуының алдын алу үшін;
- ата-анасының немесе тәрбиелеушісінің жауапкершілігін зеттеу үшін;
Кәмелетке толмаған тұлғаның өмір сүру деңгейін аныктау үшін тергеуші
мен судьяға келесі меселелерге көңіл бөлуі қажет:
- кәмелетке толмаған тұлғаның тәрбиесімен кім айналысатыны;
- ата – анасы қай жерде және кім болып істейтіні;
Қылмыстық іс материалдарында тәрбиелеу мен өмир сүру жағдайын аныктау
үшін келесі мәлiметтер жиналуы қажет:
А) ата-анасының, тәрбиелеушісінің - жұмыс орны, мамандығы, білімі,
өсиеттік қасиеттері, бір-біріне және балаға қатнасы, баланы тербиелеуге
байланысты міндеттілігі және кім кәмелетке толмағанның тәрбиесімен нақты
айналысатыны;
Б) жанұяның материалдық-тұрмыстық жағдайы, кәмелетке толмаганның өзінде
мүлкі, табыс көзі барма және қандай мөлшерде екенің анықтау;
В) кәмелетке толмаған қандай мектепте (жай немесе қосымша) білім алатыны,
қай сыныпта, үлгерімі, тәртібі; мектептін қоғамдық өміріне араласуға
қатысатыны, кіммен достастықта; қандай әрекеттері үшін, айыптыға тәртіптік
шара қолдандыма. Егер кемелетке толмаған қылмыс жасаған кезде, мектепте
оқымаса немесе жұмыс орынында істемесе, оның неге мектепті немесе
жұмысты тастап кеткені, бұл жағдай туралы жанұясы білетіні-білмейтіні
анықталуы қажет.
Г) кәмелетке толмағанды тәрбиелеуге оның отбасымен байланысының нығайтудағы
мектептін және басқа да жалпы оқыту мекемесінің көңіл бөлушілігі;
Д) осы отбасындағы балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін
жағдайлардың ата-анасының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың
міндеткерліктерінің қасақана бұзуы орын алғандығы және тағы басқа
жағдайлар;
Жоғарыда айтылған мәлiметтерді нақтылау үшін кәмелетке толмаған
тұлғаның заңды өкілін, еңбек ұжымының өкілдерін, тұрғылықты, оқу және жұмыс
орнынан кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекциялар мен
комиссияларды қатыстыру керек.
Сонымен қоса кәмелетке толмағандардың индивидуалдық-тұлғалық
қасиеттерін, яғни иландырушылығы, қозығушылығы, тәуелділігі, лидерлікке,
ойланушылығына бейімділігі және тағы басқа қасиеттерін аныктау қажет. Осы
мақсатта кәмелетке толмаған кімнің қолында тәрбие алып отырған тұлғадан
жауап алу қажет. Кәмелетке толмағанның денсаулығына және интелектуалды
дамуына байланысты ресми кұжаттарды талап ету керек.
Кәмелетке толмағанның денсаулығы мен оның жалпы дамуының қалыптылығы
жағдайы анықталады.
Кәмелетке толмағанның мінезінің негізгі ерекшеліктері, оның мүддесі,
машыктары, жас психикасының деңгейі анықталуы керек. Оның қандай аурулармен
ауырғаны, оның физикалық немесе психикалық кемтарлығы және жарақаты бар ма
деген сұрақтарға ерекше көніл аудару қажет.
Айыпталушының мүддесін анықтаған кезде оның уақыт өткізуі және кіммен
байланыста болғандығын аныктау керек. Кәмелетке толмағанның толық тұлғасын
белгілеу үшін оның өзін-өзіне көз-қарасы, есірткі заттарды тұтынады ма,
егер тұтынатын болса кім үйреткені, қандай мөлшерде және осы заттарды кім
бергендігін және осындай жат жағдайда құқық бұзушылық жасады ма, осыны
аныктау болып табылады.
Сонымен қоса кәмелетке толмағанның бұрынғы тәртібі қандай болғаның
қарастыру қажет. Манызды жагдай болып келесі жағдайлар табылады:
- бұрынғы кезінде қылмыс жасағаны, қашан және қандай;
-қандай қылмыстары үшін сотталғаны, қай жаста, қай мерзімге, қанша рет;
- жазаны қай жерде өтеді, қанша уақыт, жазаны өтеу мекемесіндегі
тәртібі;
- кәмелетке толмағанның істері туралы инспекцияның тізімінде
тұрғандығы;
- әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы.
Міне осы жоғарыда берілген мәліметтер кәмелетке толмағанның тәртібі
мен өмір сүру деңгейін анықтайтын бірден бір критерилер болып табылады.
Қылмыс жасауға итермелейтін жағдайлар мен себептер.
Қылмыс жасауға итермелейтін жағдайлар мен себептерді анықтау үшін,
келесі мәлiметтер айқындалады:
- жасөспірімнің антиқоғамдық көз-қарасы мен машықтарының пайда болу
көздері (кері үлгі, отбасында дұрыс тәрбиелемеу, ата-аналық міндеттерді
қасақана бұзу, антиқоғамдық элементтердін ықпал етуі және тағы басқа
жағдайлар.;
- қылмыс жасауға итермелеген және қылмыстық ниеттін пайда болу
жағдайларын;
- қылмысқа дайындалу және жасауға жағдай жасаған және де антиқоғамдық
іс-әрекетпен көрінетін қылмыстық топтардың құрылуына байланысты
жағдайларды;
- ішімдік, есірткі және басқа да есенгірететін заттарды және осы
заттарды тұтыну жағдайлары мен иемдену көздерін анықтау;
- қылмыс қаруы мен құралдарын жасау мен иемдену көздерін;
қылмыстын жасау ниеттері анықталады, сонымен қоса жасқа байланысты ерекше
себептері (ұрлық, өзін өзі көрсету үшін көлікті ұрлау және тағы басқа)
немесе өмірдің ауыр жағдайларымен байланысты анықтау; [34, 12 бет]
Қоғам және құқық қорғау органдардың іс әрекетеріндегі кемшіліктер
рецидивтін жасалу себептерімен жағдайлары арнайы зерттелу қажет.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша өңдірісі кезінде ҚІЖК 387 бабын
мызғымас орындау қажет, жасөспірімдермен қылмыс жасауға негіз болған, әрбір
іс бойынша себеппен жағдайларды анықтау керек, кәмелетке толмаған құқық
бұзушылардың тәртібіне бақылау жасайтын лауазымды тұлғалар және әкімшілік
органдардың іске асырудағы кемшіліктері мен қателіктеріне көңіл бөлу, және
де сот өңдірісі кезінде заңдылық бұзған факті бойынша жеке қаулы шығару
керек. [10, 547 бет]
Ересек адамдар ықпалы туралы мәліметтер және басқада қылмысқа
қатысушы тұлғалар.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша дәлелдеме
болып табылатын жеке мағлұматтар жағдайлар тобын құрайды. Осындай ересек
адамдардың қоғамдық қауіпті әрекеттерін ескере отырып, кәмелетке
толмағандарды қылмыстық, антиқоғамдық іс – әрекетке қатыстыру рөлін ерекше,
нақты зерттеу қажет.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК 481- бабының 4 тармағына сәйкес
кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша ересек адамдардың
ықпалы немесе қылмысқа қатысушылығы мағлұматы көрсетіледі, және де ата –
анасы мен басқа тұлғалар тарапынан:
- алдын ала сөз берілген жасырушылық;
- қылмыстық жолмен алынған мүлікті иеленуі;
- кәмелетке толмағандарды сұраушылықа, жезөкшелікке, құмарлық ойындарға
, арақ ішу және есірткіні пайдалануға тартылған;
- қылмыс жасауға негіз болған қаруды дұрыс сақтамау мәселесі;
- кәмелетке толмағандарды азаптау, балаларды асыраудан қасақана
жалтару, притондар ұстау және тағы басқа.
Ересек адамдардың кәмелетке толмаған тұлғаларды қылмысқа тартуы немесе
қатысу ақпаратын тексеруде мына фактілер: ересек дамдар физикалық және
психологиялық ықпал көрсеткенің анықтап алу қажет.
Кәмелетке толмағандар тұлғасына байланысты ересек адам өзінің тәртібі
мен қылмыс жасауға немесе антиқоғамдық машықтардың пайда болуына себеп
болса және де өзінің лауазымдық міндеттерін орындамаса қылмыстық
жауаптылықа тартылмаса онда ол тәртіптік, әкімшілік жауаптылықа тартылуы
қажет.
Кәмелетке толмағандардың даму деңгейін анықтау.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша алдын ала
тергеу органдары және сот ҚІЖК 481- бабының 3 - тармағы талаптарын орындай
отырып кәмелетке толмағандардың интелектуалдық кемтарлығын анықтауға
міндетті.
Психикалық аурумен байланысты емес кәмелетке толмағандардың
интелектуалдық кемтарлығы – бұл берілген жастын ойлау, тану іс –
әрекетерінің, білім қорынын, эмоциялық – күш–жігер ауқымының дамуы және
тағы басқа даму деңгейінің дұрыс қалыптаспау немесе дамуда қалып қоюы.
Интелектуалдық кемтарлығын анықтау үшін ата – анасының, қамқоршысынын,
ұстаздардың және басқа тұлғалардан жауап алуы керек; айыпталушынын
интелектуалдық және жігерлік даму деңгейін анықтайтын мәліметтер бар
құжаттарды, баланың даму картасын, бұрынғы ауырған ауруларынын тізімін
талап ету керек. Егер осы туралы мәлімет болса, онда кәмелетке
толмағандардың интелектуалдық кемшілігінің қандай деңгейде қамтыйтыны және
өзінің әрекеттерінің жасаған кезінде оларға толық мән бергендігін және
басшылықа ала алатындығын анықтап алу қажет.
Егер кәмелетке толмаған сезіктіде, айыпталушыда жүйке ауруынын немесе
дамуында ауытқушылықтардың бар екендігі және нақты жағдайда іс – әрекетін
игеру қабілеті туралы мәселені шешу үшін кешенді психологиялық –
психиятриалық сараптама тағайындау міндетті (ҚКІЖ 489 бабынын 1 тармағы).
Сұрақтарды шешу барысында кешендi психологиялық – психиатриялық
сараптама тағайындалуы негізіне психологтар және психиатрлар құзыреттерінің
бірігуінің нәтижесінде жүзеге асады.
Психологиялық – психиатриялық сараптаманың пәні істін жағдайларының
келесісін анықтау: тұлғаның ерекшеліктерінін психикалық және психологиялық
ауытқуы тұлғаның психикалық әл – ауқаты; психологиялық паталогияның
табиғаты, түрі және типі, оның ауырлығы және жеке білдіруі; психикада дұрыс
психологиялық пен психопатиялықтың сәйкестігі; белгілі бір жағдайдың
талабына сәйкес паталогиялық психиқалық дұрыс адаптациясының процессіндегі
қорғаушылығы; психиканың динамикалық әл-ахуалы және тұлғалық сипаты, кейбір
тұрақты психологиялық қасиеті; нақты сәтте эмоциялық-ахуал реакциясының
терендігі мен түрі; аномальді немесе акцептуалды тұлғаның индивидуалды-
психологиялық ерекшелігі; құқықтық мағына болатын психикалық дамудың
тежелуінін және де тагы басқа жеке тұлғалық ерекшеліктері табиғатымен
дәрежесі нақты жағдайда өзінің занды тәртібін басқаратын және рефлекстеліп,
қоршаған ортаны қабылдай алатын тұлғаның ерекше психологиялық ахуалы және
белгіленген тұлғалық мінезінің ықпал етуі.
Психологиялық – психиатриялық сот сараптамасынын шешілуіне мынадай
сұрақтар қоюлуы тиіс:
- тұлға индивидуалдық – психологиялық ерекшеліктері барма, қандай түрде
(нақты түрін көрсету);
- тұлғаның нақты жағдайдағы тәртібіне саналықты кемсітетін және
айыптағу іс – әрекетінің нақты ықпал ететінің анықтау;
- тұлға айыпталатын әрекеттін жасаған кезде аффект немесе басқа
эмоцианалды жағдайда болғаның анықтау, яғни оның қақтығыс жағдайларымен
байланысты болғандықтан оның санасы мен іс – әрекетіне ықпал ету мүмкіндігі
болуы мүмкін бе?
- тұлғада психикалық дамуында аномалия барма, егер болса ол неден
байқалады және немен байланысты? яғни осының негізінде ол өзінің қоғамға
қауіпті іс – әрекетін және фактілі мінезін нақты жағдайда оны қолдануды
сезіне алғандығын;
- кәмелетке толмаған сезіктінін (айыпталушының) интелектуалдық дамуынын
деңгейіне сәйкес келеді ме?
- Кәмелетке толмаған сезікті (айыпталушының) психикалық және физикалық
статусы қай жаска сәйкес келетіні?
Сот психологиялық сараптаманың пәні болып қылмыстық істін жағдайлары
келесіні анықтаумен байланысты: оның айыпталған әрекетін жасаған кезіндегі
тәртібіне ықпал етуі және сезікті мен айыпталушынын тұлғалық идивидуалды –
психологиялық ерекшелігі; өзінің әрекетінің қоғамдық қауіпті екенің фактілі
түрде есеп бере алатыны, яғни оның психикалық аурумен байланысты емес, даму
жағынан кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы, сотталушының психикалық
тежелуі қасиеттерін анықтау.
Психологиялық сараптаманың шешілуіне келесі сұрақтар қойылады:
- тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшелігі қандай;
- тұлғада индивидуалды – тұлғалық ерекшеліктері барма, мынадай
(айыпталушыны тұлғаның ерекшелігіне байланысты керекті сот – тергеу
органдарының қойылатын сұрақтар тізімі);
- оның қылмыстық әрекет жасаған кезде оны индивидуалды – психологиялық
ерекшеліктері оның тәртібіне ықпал ете алады ма?
- психикалық ауруға байланысты емес, тұлғада психологиялық дамуында
тезеушілік барма?
- іске қатысты маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдай алуының психикалық
даму деңгейі, индивидуалды – психологиялық ерекшелігі мен психикалық әл-
ахуалын есепке алып отырып, қойған мәселеге байланысты дұрыс жауап бере
алады ма?
Осы бөлімді аяктай отырып мен ҚІЖК 481 бабының нормаларын сот отырысын
белгілеген және істі қараған кезде осы тәртіпті тергеу органдары сақтау
қажет. Егер бұл нормалар бұзылатын болса немесе толығымен орындалмайтын
болса онда бұл іс бойынша объективті шындыққа жету мүмкін емес және бұл іс
сот отырысынан қайта тергеуге жіберіледі.
2.2 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің процессуалдық
тәртібі.
Кәмелетке толмаған сезіктіні, айыптаушыны ерекше шақыру тәртібі.
Егер кәмелетке толмағанды ұстауға немесе қамауға алуға байланысты
бұлтартпау шарасы қолданбаса онда кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы
тергеуге немесе сотқа оның ата – аналары немесе басқа заңды өкілдері
арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдары арқылы
шақырылады.
Кәмелетке толмағанды шақыру қағазы ата – анасына немесе заңды өкілдің
функциясын жүзеге асырушыға, егер олар болмаған жағдайда қамкоршы немесе
қорғаншы органдарына тапсырылады. Шақыру уақыты басқа айыпталушы және де
жәбірленуші және куәләрмен кездесу және сөйлесу қаупі болмау үшін, арнайы
ескертілуі тиіс.
Кәмелетке толмаған айыпталушы заңды өкіліне шакыру қағазында жалпы
мәліметтерден басқа заңды өкілдердің шақырылған тұлғаның келуін қамтамасыз
етуі міндеттілігі туралы белгіленуі керек. Бұл шақыру қағазы бойынша заңды
өкілде шақырылуы мүмкін. Кейбір жагдайларда егер заңды өкіл арқылы
айыптаушыны шақыру шындықты белгілеуге кедергі болуы мүмкін болса, және де
кәмелетке толмағаның келуі тез арада келуі қажеті болған жағдайда кәмелетке
толмаған айыпталушыны телефонограма бойынша шабарман арқылы
шақыртылады.[10, 55 бет]
Арнаулы балалар мекемесінде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған
– ол ұсталатын орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады. Егер айыпталушыны
белгілеген орынға және уақытында жеткізу мүмкін болмаса, онда мекеме
әкімшілігі жеткізу туралы талап еткен тұлғаға алдын ала жеткізуді
болдырмайтын себептерін белгілей отырып хабарлауға міндетті.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы іс бойынша іс – жүргізуге
қорғаушының қатысуы.
Балалар құқығы жөніндегі Конвенциясына сәйкес кез – келген
бостандығынан айрылған бала тез уақыт аралығында құқықтық және басқада
көмекке ие құқығы болуы керек.
ҚІЖК 71- бабының 1 - тармағының 2 - тармақшасының және 486 баптың 2
тармағына сәйкес барлық сот өндірісі стадиялары кәмелетке толмағанды ұстау
немесе қамауға алу кезінен бастап, және де сезікті немесе айыптаушы ретінде
бірінші жауап алынғанан кейін, кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс
бойынша қорғаушының қатысуы міндетті.
Қорғаушы сезіктінің, айыптаушыны айыбын жоққа шығаратын немесе
жауаптылығын женілдететін жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды
құралдар мен қорғау тәсілдерін пайдалануға және оларға қажетті заңгерлік
көмек көрсетуге міндетті.
Соттар мен қылмыстық құдалау органдары Конститутцияның 13 бабының 3
тармағы және ҚІЖК 28 бабына сәйкес кез – келген жағдайда сезіктіге,
айыпталушыға, сотталушыға білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Қорғаушы ретінде егер заңды өкілдер іс жүргізуші орган болатын болса
классификациялық заңды көмек алуға құқықтық кепілдік бере отырып,
конституциялық принципті бұзбауы керек, осыған байланысты сұрақ туындап
отырады. Заңды өкілдер айыпталушымен туысқандық байланысты екенің
дәлелдейтін құжат көрсетуін немесе қамқоршы және қорғаншы органың сәйкес
шешімі керек.
Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыптаушының алдын ала тергеу кезінде
қорғалу құқығы бұзылған болса, онда соттар сот өндірісінің принциптері мен
заңдардың бұзылуы мен алынған дәлелдемелерді бағалаған кезде ҚІЖК 9,
116,128 бабтарына жүгіне отырып және заңмен белгіленген іс материалдарын
негізгі дәлелдеме күші жоқ деп таныйды.
Сот қарау кезінде кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері
бойынша қорғаушының міндетті қатысуы туралы заңның талабын орындамауы ҚІЖК
415 бабының 3 тармағының 4 бөлiмiне сәйкес қылмыстық іс жүргізу заңның
бұзылғандығы ретінде қорғалуы тиіс және ол үкімнің күшін жойылуына әкеп
соғады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша қорғаушының
қатысуына кәмелетке толмағандардан сезікті немесе айыптаушы ретінде алғашқы
жауап алынған кезден бастап, ол айыпталғанға дейін рұқсат, ұсталған не
қамауға алынған жағдайда, ұсталған не қамауға алынған кезден бастап рұқсат
етіледі.
Қорғаушының құзыреттілігі жүзеге асуы, іске оның қатысуы кезінде
басталады. Осы сәт қорғаушының құзыреттілігін дәлелдейтін құжатты немесе
ордерді қылмыстық процессті жүргізуші органмен қабылдауымен анықталады.
Қүзыреттілігі тексерілгеннен кейін іске қатысуы туралы рүқсат ету (көп
тәртіпте ауызша) қабылданады.
Адвокатпен сезіктіні, айыпталушыны қорғауға алу сәті келесі болып
саналады:
а) келісім берген кезде – айыпталушымен іске байланысты жалпы
позицияларын сәйкестіргенде;
б) келісім берген кезде (қоргаушыны тагайындаған кезінда – қылмыстық
іске қатысу фактісі).
Егер кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы не олардың заңды өкилдері
адвокатпен келісім жасаспаса, тергеуші, прокурор, сот іс бойынша
қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
ҚІЖК 72 бабы 2- тармағына сәйкес кәмелетке толмаған айыпталушының
қорғаудан бас тартуын қылмыстық процессті жүргізуші органның қабылдауына
болмайды. Егер сезікті, айыпталушы, сотталушы сот қарауында немесе тергеу
жүргізген кезде кәмелетке толмаған болса, онда қылмыстық процессті
жүргізуші орган оның қорғаудан бас тарту туралы өтінішін қабылдауға құқылы.
Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілінің алдын ала
тергеуге қатысуы.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізуге
заңды өкілдердің қатысуы олардың құқықтары мен мүдделерін корғаудағы
маңызды кепілдіктердін бірі болып табылады.
Қылмыстық процессті жүргізуші орган іске қорғаушының қатысуы кәмелетке
толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілінің қатыстыру міндетінен
босатылмайды.
ҚІЖК 7 бабына сәйкес заңды өкілдер – сезіктінің, айыпталушының ата-
аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні,
айыпталушыны, жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен
адамдардың өкілдері.
Егер кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының ата-анасы немесе
басқа да заңды өкілдері болған кезде олардың іске қатысуы міндетті. Олар
болмаған жағдайда қорғаушы және қамқоршы орган өкілінің қатысуы міндетті.
Қорғаушы және қамқоршы асырауында болған туыстық фактісі, заңмен
белгіленген тәртіпте анықталады.
Заңды өкілге, ал ол болмаған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның
өкілінің іске қатысуға тергеушінің қаулысымен кәмелетке толмағаннан
сезікті, айыпталушы ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат
етіледі. Заңды өкілге ал ол болмаған жағдайда - қорғаушы және қамқоршы
орган өкіліне іске қатысуға рұқсат етілген ретте, заңды өкілдің құқықтары
түсіндіріледі.
Қылмыстық процессті жүргізуші органға еске алатын бір сәт ол тұлғаның
кәмелетке толған кезде заңды өкілдің функциялары аяқталады, бұл мәселе
жөнінде қылмыстық құдалау органымен қаулы шығарылады, ал сотпен сот
отырысының хаттамасында арнайы белгіленеді. Бұл жағдайды заңды өкіл болған
тұлғалар олардың келісімі бойынша тұлғаның психологиялық мінездемесіне және
өмір сүру жағдайы мен тәртібіне байланысты сұрақтарға күә ретінде жауап
беруге тартылады.
Заңды өкілдің кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
қорғаушыға қарағанда басқаша нысанда жүзеге асырады. Ол
қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдармен (отбасы, азаматтық) берілген
құқықтар мен міндеттер негізінде дәлелдемелерді жинауға белсенді қатысады;
қылмыстық процессті жүргізуші органға кәмелетке толмағаның тұлғасын, өмір
сүру деңгейі және тәртібіне байланысты жан – жақты және терен мағлұмат
алуға көмегін көрсетеді.
Заңды өкілдің жене оны аустыратын тұлғалардың құқықтарын тергеушімен
түсіндіріліп қана қоймай, сонымен қоса алдын ала тергеу жүргізген кезде
лауазымды тұлғалармен қамтамасыз етілуі керек. Заңды өкілдің ҚІЖК 487-
бабы 3-тармағына сәйкес: Кәмелетке толмағанға не жөнінде күдік келтіріп
немесе айып тағылып отырғаның білуге, айып тағу кезінде қатысуға, кәмелетке
толмаған тұлғадан жауап алуға, сондай ақ тергеушінің рұқсатымен, -
кемелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің және оның қорғаушысының
қатысуымен жүргізілетін өзге де тергеу іс-әрекетіне қатысуға; өзі
қатысқан тергеу іс – әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы
жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға;
өтінімдер мен қарсылықтар мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың шешімдері
мен іс-әрекеттеріне шағым жасауға; дәлелдемелер ұсынуға; тергеу
аяқталғаннан кейін істің барлық материалдармен танысуға, одан кез -
келген көлемде кез – келген мәлімет көшіріп алуға құқығы бар.
Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін кәмелетке толмағандарды
қылмыстық істің материалдарымен таныстыру оның психикасына әсер ететін
болса, онда тергеуші кәмелетке толмағанды істің материалдарымен таныстыру
туралы қаулы шығарады. Бұл жағдайда тергеуші кәмелетке толмаған
айыпталушының заңды өкілін істің материалдарымен таныстыруға міндетті болып
келеді.
Заңды өкілдің мүдделері кейбір жағдайларда кәмелетке толмағанның
мүддесімен сәйкес келмейді. Мұндай келіспеушілік тек қана қылмыстық іске
байланысты болмай, сонымен қоса заңды өкілдің кәмелетке толмағанның
мүддесімен қоса өзінің мүддесін қоғауда мүмкін.
Егер заңды өкіл мен кәмелетке толмағанның мүддесінде қарама – қайшылық
болатын болса, онда кәмелетке толмағанның мүддесіне заң басымдылық
береді. Сондықтан заңды өкілдің іс-әрекеті кәмелетке толмағанның мүддесіне
зиян келтіреді немесе істі объективті тергеуге кедергі келтіруге
бағытталған деп санауға негіз болса, тергеушінің қаулысымен заңды өкіл
іске қатысудан шеттетіледі немесе тергеудің кейбір бөлімдеріне қатысудан
шеттетіледі. Заңды өкілдің шеттетілуі қылмыстық істің объективті тергелуіне
кедергі жасайды деген негіздер болғанда да жүзеге асуы мүмкін. Егер заңды
өкілдің толық шеттетілген жағдайда, іске қатысуға кәмелетке толмағанның
басқа заңды өкілі жіберілуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың істеріне психолог пен педагогтың қатысуы.
Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бірақ психикалық
дамуында мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің,
айыпталушының қатысыуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде педагогтың
немесе психологтың қатысуы міндетті. Іс жүргізу әрекетіне қатысушы
психолог, педагогтың басты мақсаты болып келесі жағдайлар табылады:
1) қылмыстық процессті жүргізуші органға кәмелетке толмаған
айыпталушымен психологиялық байланыс белгілеу үшін көмектеседі;
2) қылмыстық процессті жүргізуші орган тарапынан психологиялық ықпал
етпеуге байланысты қатысады.
Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерi
бойынша педагог немесе психолог іске қатысуға тергеушінің, соттың ұйғаруы
бойынша, не қорғаушынын, заңды өкілінің өтініші бойынша жіберіледі.
Қылмыстық процессті жүргізуші орган өзінің қарауы бойынша және де
кәмелетке толмағаның заңды өкілінің өтініші бойынша педагог пен психологтың
16 жастан асқан кәмелетке толмағандардан жауап алуға қатыстырылуы мүмкін.
Бұл жағдай іске тек қана психологиялық – психиатриялық сараптаманың
белгіленген қортындылары болғанда ғана емес, сонмен қоса кәмелетке
толмағандардың интелектуалдық кемшілігі туралы басқа да мәліметтер болғанда
жүзеге асады.[10, 558 бет]
ҚР Жоғарғы Соттың 2005 жылы 11 сәуірдегі нормативті қаулысына сәйкес,
қылмыстық процессті жүргізуші орган ҚІЖК 84 бабының 2 тармағында берілген
педагог пен психологтың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті,
өйткені бұл жерде олар маман болып табылады.
Педагог, психолог, тергеушінің, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған
сезіктіге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал іс жүргізу әрекеті аяқталғанан
кейін – тергеу қимылының хаттамасымен танысуға және ондағы жазбалардың
дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты,
тергеушінің, соттың ұйғарымы бойынша кәмелетке толмағандардың жеке басын
сипаттайтын іс материалдармен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеуші
педагогқа, психологқа іс жүргізу әрекеті басталар алдында түсіндіреді, ол
туралы тергеу қыймылын хаттамасында, сот отырысын хаттамасында белгі
жасайды.
Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу ерекшелігі.
Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу ҚІЖК 216, 217-
баптарында көзделген тәртіппен қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет
болған жағдайда психологтың, педагогтың қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы
жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғанан кейін – хаттамамен
танысуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқығы бойынша кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығына жалпы сипаттама.
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Пәндер