Заңдылықтың түсінігі және қағидалары



Мазмұны

Кіріспе

1.Жалпы бөлім
1.1. Заңдылықтың түсінігі және қағидалары.
1.2.Заңдылықтың кепілденуі.
1.3. Заңды процесс және заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны.
2.Негізгі бөлім
2.1.Құқықтық тәртіптің түсінігі.
2.2.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.
2.3.Жалпыға ортақтық.
3.Зерттеу бөлімі
3.1. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі
3.2. Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету амал.тәсілдерінің жүйесі
3.3. Қадағалау мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілі ретінде

Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қоғам тәртіпке,заңдылыққа негізделіп,соған арқа сүйеп қалыптасып,өмір сүре алады.Қоғамда тәртіп болмаса,ол құлдырайды,қирайды,оның келешегі болмайды.Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын,іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады.Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы,көп жүйелі процесс.Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері,ықпалы және құқықтық реттеудің,басқарудың рөлі.Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты құқықтық реттеудің,басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымның элементтері: құқықтық норма,құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.
1) Құқықтық норма – арқылы қоғамдағы заңдылықтың,тәртіптің талабы,мазмұны,шеңбері,мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары,жолдары,тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса,жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2) Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын,құқық пен міндеттерін анықтап,біліп отырады.Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3) Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып,аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асыруы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі,оны түзеу,орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы,ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі,субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі,құқықтық білімі,мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек.Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі,аса жауапты мүдде-мақсат – ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамыз ету.Сол арқылы халықтың бостандығын,теңдігін дұрыс дамыту,қоғамда әділеттікті,демократияны орнату,құқықтық мемлекетті қалыптастыру.
Сонымен,қатынасты құқықтық реттеу механизмі – субъектілердің арақатынасын нормативтік актілер арқылы реттеп,басқарып іске асыру бағыты,әдісі,тәсілі.Бұл заңды жүйе,заңды механизм.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің,бірлестіктердің,саяси ұйымдардың,дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы; халықтың бостандығы,теңдігі дамып,жеке адамның,қоғамның мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
2. ҚР Қылмыстық кодексі. 24 шілде 1997. Алматы, 1997.
3. ҚР Азаматтық кодексі. 31 шілде 1997. Алматы, 1997.
4. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.
5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.
6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.
7. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
8. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.
9. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 // Егемен Қазақстан, 1996. 13 қаңтар.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.
13. Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.
14. Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік туралы» 26 маусым 1998 // Егемен Қазақстан, 1996. 1 шілде.
15. Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» 24 наурыз 1998 // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1998. №2-3, өзгерістері мен толықтыруларымен қоса.
16. Қазақстан Республикасы заңы «Дін тұтыну бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 15 қаңтар 1992 // Жаршы, 1992. №4.
17. Қазақстан Республикасы заңы «Саяси партиялар туралы» 14 маусым 2002 // Парламент Жаршысы, 2002, №6.
18. Қазақстан Республикасы заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 // Парламент Жаршысы, 1996. №8-9.
19. Қазақстан Республикасы заңы «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 шілде 1999 // Егемен Қазақстан, 1999. 6 тамыз.
20. Қазақстан Республикасы заңы «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» 8 желтоқсан 1993 жыл. өзгерістерімен қоса // ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1993. №17-18.
21. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2030». Жеке басылым. Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
22. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі тәуелсіздігін күшейту шаралары туралы» 1 қыркүйек 2000 жыл// Егемен Қазақстан,2000. 2 қыркүйек.
23. Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» 12 ақпан 1994. Алматы, 1994.
24. Қазақстан Республикасы Президенті ¤кімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, 1996. №9.
25. Қ.Д.Жоламан,А.Қ.Мұхтарова,А.Н.Тәуекелев – «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы,1999 жыл;
26.Булгакова Д.А. - «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы,2004 жыл;
27.Қ.Д.Жоламан - «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы,2005 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1.Жалпы бөлім
1.1. Заңдылықтың түсінігі және қағидалары.
1.2.Заңдылықтың кепілденуі.
1.3. Заңды процесс және заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны.
2.Негізгі бөлім
2.1.Құқықтық тәртіптің түсінігі.
2.2.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы.
2.3.Жалпыға ортақтық.
3.Зерттеу бөлімі
3.1. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету  түсінігі
3.2. Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
амал-тәсілдерінің жүйесі
3.3. Қадағалау  мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз ету  тәсілі
ретінде

Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғам тәртіпке,заңдылыққа негізделіп,соған арқа сүйеп қалыптасып,өмір
сүре алады.Қоғамда тәртіп болмаса,ол құлдырайды,қирайды,оның келешегі
болмайды.Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.Сондықтан да қоғамда тәртіп
адамдардың мінез-құлқын,іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен
орнатылады.Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі;
ол көп салалы,көп жүйелі процесс.Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты:
құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері,ықпалы және құқықтық
реттеудің,басқарудың рөлі.Бұл екі процесті қосып айтқанда – қатынасты
құқықтық реттеудің,басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымның элементтері:
құқықтық норма,құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы
туралы акті.
1) Құқықтық норма – арқылы қоғамдағы заңдылықтың,тәртіптің
талабы,мазмұны,шеңбері,мүдде-мақсат ы анықталады; олардың орындалу
бағыттары,жолдары,тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс
орындалмаса,жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2) Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-
мақсатын,құқық пен міндеттерін анықтап,біліп отырады.Ол мүдде-
мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың
басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3) Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық
орындалып,аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асыруы; дұрыс
орындалмаса себептері көрсетіледі,оны түзеу,орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге
бөлінеді: қатынастың басталуы,ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге
келуі,субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс
атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі,құқықтық білімі,мамандық
тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек.Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл
бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі,аса
жауапты мүдде-мақсат – ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында
орындалуын қамтамыз ету.Сол арқылы халықтың бостандығын,теңдігін дұрыс
дамыту,қоғамда әділеттікті,демократияны орнату,құқықтық мемлекетті
қалыптастыру.
Сонымен,қатынасты құқықтық реттеу механизмі – субъектілердің
арақатынасын нормативтік актілер арқылы реттеп,басқарып іске асыру
бағыты,әдісі,тәсілі.Бұл заңды жүйе,заңды механизм.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы
мемлекеттің,бірлестіктердің,саяси ұйымдардың,дұрыс әділетті жұмыс жасауының
сипаттамасы; халықтың бостандығы,теңдігі дамып,жеке адамның,қоғамның мүдде-
мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Заңдылық дегеніміз – мемлекеттің конституциясын,парламенттің қабылдаған
заңдарын,президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап,оларға нышан
келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа
жатпайды.Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.
1.Қоғамда әділ заң саясаты болу керек.Сол арқылы мемлекеттің заңдары
бостандықты,теңдікті,адамгершілікті ,инабаттылықты,парасаттылықты т.б.
жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс
басқару.
2.Конституцияның,заңның мазмұнын толық іске асыру; дұрыс орындау."Сөз бен
іс бір жерден" шығу керек.
3.Конституция мен заңды халықаралық құқықтың принциптерін қатаң
қорғау,оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп,қалыптаса,қоғамда заңдылық
орнап,құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.
Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет,оның органдары,лауазымды
тұлғалар,қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса.Жеке тұлғалар –
азаматтар заңдылықты қорғаудың субъектісі болмайды.Олар заңды
бұзса,құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық – дамыған елдердің
саяси,мемлекеттік,экономикалық,әлеу меттік,мәдениеттік құрылысының
негізі.Жақсы заңдылық қоғамның барлық саласына өзінің әсерін,ықпалын
тигізеді.Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:
- заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау,дамыту барлық
қоғамның жұмысы.Бұл жұмысты қамтамасыз ету
мемлекеттің,бірлестіктердің,одақтар дың,ұжымдардың,саяси партиялардың
міндеті.Бақылау мемлекеттік органның жұмысы.
- Заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды.Олар бір-
біріне зор әсер етіп отырады.Бірі жақсы дамыса екіншісі де жақсы
дамиды,нашар дамыса,екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз байланысты екі мәселені
дұрыс дамытуды қалайды:
- заң шығаруды дамыту,нығайту,кемшілікке жол бермеу;
- заңды бұлжытпай,уақытында орындауды қамтамасыз ету.
Заңдылықтың негізгі талабы:
- заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
- заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң,орындау;
- адам өз құқығын,өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан
келтірмеуге міндетті;
- заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды;
- құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.
Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне
байланысты.Заңдылық жақсы болса,тәртіп те жақсы болады.Бұл екеуі бір-
бірімен тығыз байланыста дамиды.
Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетте тиісті жүйелері болады,оның
түрлері: саяси,құқықтық,моральдық,эстетикалы қ т.б. Бұлардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері болады.Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске
асыруға,орындауға үлес қосады.Мақсат – азаматтардың рухани сана-
сезімін,психикасын,білімін,өмірлік тәжірибесін,тәртібін,адамгершілігін
көтеріп жақсарту.Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормалардан
нәр алады,соларға арқа сүйейді.Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептілік
нормалар арқау болса,соғұрлым заңдардың әділеттік,адамгершілік мәні жоғары
болады.
Осы жүйенің негізгі түрлерінің бірі – құқықтық тәрбиелеу.Бұл жұмыс екі
бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты – азаматтарға құқықтық білім беру;
екінші бағыты – олардың құқықтық сана-сезімін жақсарту.Құқықтық тәрбиенің
негізгі мақсаты:
- адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп,жақсы
түсінуін қамтамасыз ету;
- адамдардың заңға,құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін
жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану,дұрыс орындау тәжірибесін
жақсарту.
Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:
1) субъект – мемлекеттік орган,лауазымды тұлғалар – тәрбие жұмысын
жүргізетін;
2) объект– адамдар;
3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар,іс-әрекеттер.
Құқықтық тәрбиені іске асыру,орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:
1) қоғамдық құқықтық сана;
2) құқықтық норма жүйесі;
3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.

Құқықтық тәртіптің мазмұны – субъектілердің дұрыс тәртібі,нормативтік
актінің талабына сәйкес жұмыс жасау,іс-әрекетте қателікке жол бермеу.
Құқықтық тәртіптің құрылымы – қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-
әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде- мақсатын іске асыру.Құқықтық
тәртіптің ерекшелігі – бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге
келіп,мемлекеттің бақылауында болады.Егерде қарым-қатынаста қателіктер
кетсе,оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.

1.Жалпы бөлім

1.1. Заңдылықтың түсінігі және қағидалары.
Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық
нормаларын қатаң түрде сақтауы.
Заңдылық үшін екі жақ тән: а) мазмұнды жағы – бұл құқықтық,әділ, ғылыми
негізделген заңдардың болуы; ә) формальды жағы – бұл оларды
орындау,себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де
жеткіліксіз.
Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық
қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары;
қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар;
азаматтар.Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-
тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.
Заңдылықтың қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі
идеялар,бастамалар.Оларға мыналар жатады:
1) заң үстемдігі – барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға
бағыныстылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің
бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі – құқықшығармашылық және құқықты жүзеге
асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең
дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін,заңдылық
пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді,
яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде
іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті
түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

1.2.Заңдылықтың кепілденуі - бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің
орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен  мемлекеттің мүдделерінің
ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар.
Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
1) әлеуметтік-экономикалық–бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі,
оның жағдайының деңгейі, меншік нысандарының алуан түрлілігі, экономикалық
бостандық және т.б.;
2) саяси–бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің
демократиялылығының [1] дәрежесі, саяси плюрализм, көппартиялық, биліктің
тармақтарға бөлінуі және т.б.;

1. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

3) ұйымдастырушылық–бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын
бақылайтын арнайы органдардың (прокуратура, сот, полиция және т.б.)
қызметі;
4) қоғамдық–бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу
және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені;
5) идеологиялық–бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң
білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы
адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі;
6) арнайы-заңды–бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және
қудалау  мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен
құралдар.

1.3. Заңды процесс және заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны.

Мемлекеттік аппараттың жақсы,сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның
барлық саласында қатаң тәртіп болу қажет.Оны әр мемлекет өздерінің
заңдары,қаулылары,ережелері,нұсқаул ары арқылы реттеп,тиісті тәртіп
қалыптастырып отырады.Мысалы,халықтың өкілдік органдарының жұмыс
регламенті,мемлекеттік органдардың қызметінің ережелері,жалпы халықтық
сайлау жүргізу ережелері,мұрагерлік мәселелерін шешу ережелері т.б. нұсқау-
құжаттар.Осы нормативтік актілер,нұсқауларға сәйкес әр мемлекеттік аппарат
өз жүйесіндегі органдардың қызметінің жоспарын,бағдарламасын жасап
отырады.Сол арқылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға
алып,сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.
Мемлекеттік аппараттың қызметтері санқырлы болады.Оның жеңіл және
күрделі түрлері болады.Мысалы,азаматтық актілер беру,( адамның
тууы,өлуі,үйленуі туралы құжаттар),нотариалдық кеңседе әртүрлі құжаттар
растап-бекіту т.б. Бұл қызметтер жеңіл іс-әрекеттер.Ал,азаматтық,қылмыстық
құқықтағы істерді жан-жақты объективтік тұрғыдан тексеру,ол істерді сотта
қарап,әділетті үкім немесе шешім шығару өте күрделі процесс.Сондықтан
мемлекет күрделі қызметтер мен істер туралы арнаулы
ережелер,кодекстер,заңдар қабылдап отырады.Мысалы, азаматтық-
процессуалдық,қылмыстық- процессуалдық кодекстер.Мемлекеттік аппараттың
қызметтерінің жеңіл-ауыр,күрделі түрлеріне қарамай ,бәрі де іс-әрекетпен
дұрыс,сапалы шешілуі қажет.Егерде мемлекеттік орган қате жіберіп,істі
сапалы қарауды қамтамасыз етпесе,онда тиісті мемлекеттің органы іске
араласып,заңдылықты,құқықтық тәртіпті реттеуге және кінәлі лауазымды
тұлғаларды жауапқа тартуға міндетті.
Заңды қызметтердің іс-әрекеттердің атқаруының мемлекеттің бекіткен заңды
нысандары болады,оны бұлжытпай орындау барлық органның,лауазымды тұлғаның
міндеті.Бұл міндеттерді орындауға барлық азаматтар, ұйымдар,
ұжымдар,парпиялар тиісті,сапалы үлес қосулары өте қажет.Себебі қоғамдағы
заңдылықты,құқықтық тәртіпті тұрақты,сапалы процеске айналдыру барлық жеке
және заңды тұлғалардың міндеті.
Мемлекеттік органдардың қызметінің заңды нысандары екі топқа бөлінеді:
1) азаматтардың,қоғамдық ұйымдардың,ұжымдардың,партиялардың құқықтық іс-
әрекеттері; 2) сол іс-әрекеттер нысаны және заңды құжаттар нысаны деп
атайды.
Заңды процесс дегеніміз – қоғамдағы барлық заңды іс-әрекеттерді
нормативтік актілер арқылы реттеп,басқарудың нысандарының топтасқан
түрі.Заңды процесс бірнеше кезеңдерге бөлініп, әр кезеңнің өзіне тән іс-
әрекеттері болады.Мысалы,азаматтық құқық процесінде жеті кезең болады: 1)
сот процесін қозғау; 2) істі соттың қарауына дайындау; 3) сотта істі қарау;
4) істі кассациялық инстанцияда қарау; 5) істі бақылау – қадағалау
инстанцияда қарау; 6) жаңадан белгілі болған жағдайда сәйкес істі қайтадан
қарау; 7) соттың шешім-үкімін міндетті түрде орындау.Осы кезеңдердің
әрқайсысында міндетті түрде үш элемент болуы қажет: а) кезеңнің міндет-
мақсаты; б) ол мақсатты орындау үшін іс-әрекеттің ерекшеліктерінің болуы;
в) заңды құжаттардың ерекшелікитері.
Заңды процестің объективтік басталу негіздері,себептері болады.Мысалы,
барлық кодекстерде,ережелерде,заңдарда кіріспе бөлімі болады.Онда сол
нормативтік актілердің мақсаты,мазмұны,нысандары көрсетіледі.Соған сәйкес
мемлекеттік органдардың,азаматтардың,ұйымдардың ,ұжымдардың,партиялардың іс-
әрекеттері реттеліп,басқарылып жатады.
Заңды процесс әр қоғамның іс-әрекеттерінің екі бағытын біріктіреді: 1)
құқықтық (процедураларды)[2]дәстүрлерді; заң шығару,жалпы халықтық сайлау
жүргізу,қызметке тағайындау,босату т.б. дәстүрлерді іс-әрекеттері; 2) сот
процесі арқылы қоғамда мемлекеттің сот билігі орындалып жатады; Сот процесі
төрт түрге бөлінеді: азаматтық,қылмыстық,әкімшілік,конст итуциялық.
Қоғамның объективтік даму процесінде тәжірибенің атқаратын қызметі өте
зор.Онсыз қоғамның прогрестік жолмен дамуы мүмкін емес.Адам қоғамының
салаларына сәйкес тәжірибе қалыптасады.Сол көп салалы тәжірибенің күрделі
бағыты құқық тәжірибесі. Заңды тәжірибе – мемлекеттік органның әлеуметтік-
құқықтық тәжірибелерді жинақтап-сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар
жасау қызметі.Заң тәжірибесінің белгі-нышандары:
- Қоғамды құқықтық басқару процесінде әлеуметтік тәжірибе бірте-бірте
заң тәжірибесіне айналуы;
- Заң тәжірибесі адам қоғамының даму процесінде мәдениеттің негізгі
салаларының күрделі бағыты болып қалыптасуы.Мысалы,көне Рим
республикасының заң тәжірибесі кейінгі дәуірде мемлекеттерге көп әсер
етуі;
- Заң тәжірибесі қоғамдық,ұжымдық,ұйымдық іс-әрекеттің нәтижесінде
тексеріліп,анықталып өмірге келеді;
- Заң тәжірибесінің даму процесінде қоғамда материалдық,саяси,әлеуметтік
құбылыстар,өзгерістер болып соған сәйкес заңды нәтижелі қарым-
қатынастар туып нормативтік актілердің,өмірге келу,іске асу процесінің
сапасын жақсартады;

↑ Қазақ энциклопедиясы

Заң тәжірибесі қоғамның барлық саласына әсер етіп оның даму процесін
шапшаңдатады немесе бәсеңдетеді.
Сонымен заң тәжірибесінің қоғамның құқық жүйесінде атқаратын қызметі
өте күрделі,көп салалы.
Қоғамдағы барлық нормативтік актілерді қолдануда,іске асыруда
орындалуында көптеген жақсы-жақсы тәжірибелер қалыптасады,сонымен бірге
кемшіліктер де анықталып жатады.Өмірде оларды сараптап,кемшіліктерді
түзеп,жақсы тәжірибелерді пайдалану заңды процесс.Сөйтіп заңға тәуелді
актілерді шығару,қабылдау,бекіту жұмыстарын жақсартып,құқықтық
нормалардың сапасын жақсартып отырады.Бұл істің маңызы өте зор.
Заңды тәжірибелердің түрлері:
- заңды,заңға тәуелді актілерді шығарудағы тәжірибе;
- нормативтік актілерді қолданудағы тәжірибе;
- нормативтік актілерді іске асырудағы,орындалуындағы тәжірибе;
- заңдылықты,құқықтық тәртіпті реттеудегі,бақылаудағы тәжірибе;
- субъектілеріне сәйкес заңды тәжірибенің түрлері: парламенттік
тәжірибе,соттың тәжірибесі,нотариалдық органның тәжірибесі т.б.
Заңды тәжірибенің маңызы:
1) қоғамның экономикалық, саяси,әлеуметтік, экологиялық, демографиялық,
рухани,мәдени т.б. жұмыстарын жақсартуға зор әсер етеді.
2) Норманы шығару,қолдану,түсіндіру,қорғау жұмыстарының сапасын
жақсартуға үлес қосады.
3) Норманың нақты жағдайға тигізетін әсеріне қарай заңды тәжірибенің екі
түрі болады: тіркелу-куәландыру – субъектілердің өзара қатынасын
мемлекеттік органның тіркеп,куәландыруы (көбінесе бұл жұмысты
нотариалдық органдар жүргізіледі).Екінші түрі – реттеп бейімдеу –
қоғамдағы қатынастарды бір орталықтан,өлкелік нормативтік және жекелік
реттеу,басқару.
4) Нормативтік актінің уақытына сәйкес тәжірибенің функциясы төртке
бөлінеді: түпкілікті,уақытша,негізгі,арнаулы.
Заңды тәжірибенің қоғамдағы маңызы өте зор:
- заңды тәжірибелерді іріктеп қалыптастыру арқылы құқықтық нормаларды
шығарудағы,қабылдаудағы,бекітудегі, іске
асырудағы,орындаудағы,қорғаудағы кемшіліктер түзетіледі;
- заңдардың,құқықтық нормалардың сапасын жақсартып,олардың
дұрыс,уақытында орындалуына мүмкіншілік жасап қоғамдық қатынастарды
реттеп,басқару дамып,нығаяды.
- Заңды жақсы тәжірибелер заң ғылымының дұрыс дамуына зор әсер етеді.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқықтық нормаларда
өзгеріп,ескеріп жаңарып,дамып жатады.Бұл өте күрделі процесс.Сондықтан
өмірде құқықтың дамуында кемістіктер кездесіп жатады.Ол кемшіліктердің
түрлері:
- нормативтік актілердегі кемістіктер;
- заң шығарудағы кемістіктер;
- құқықтағы кемістікре.
Бұл кемшіліктер норманың грамматикалық қателіктері емес немесе
құқықтың жүйе салаға бөлінуінің кемістігі емес.Бұл қоғамның
объективтік даму процесі арқылы қатынастардың сан алуан
өзгеріп,ескеріп,жаңарып,дамып жатуынан жаңа қатынас қалыптасып оны
реттейтін,басқаратын жаңа құжаттың болмауы.Өйткені қоғамның дамуы
қатынастарды дамытады.Қатынастардың дамуы құқықты дамытады.Құқықтың
дамуы нормативтік актілерді сала-салаға,жүйе-жүйеге бөліп
дамытады.Міне осы даму процесіне қоғамдағы қатынастардың бір саласында
құжат жедел шықпай,құқықтың дамуында кемшіліктер қалыптаса
бастайды.Осы кемістіктерді көпке созбай,тезірек жаңа нормалар
қабылдап, олқылықтарды жою мемлекеттің негізгі міндеттерінің
бірі.Бұл мәселе мемлекеттің нормативтік актілер шығаратын органдарының
бақылауында болады.Мұндай кемістіктер ешқашан толастамайды.Өйткені
қоғам бір орында тұрмайды.Бір кемшілікті бүгін жойсаң,ертең екінші
кемістік өмірге келеді.Сондықтан нормативтік актілерді шығаратын
органдардың қызметкерлері өте сауатты,білімді,тәжірибелі болулары
керек.Сонда ғана олар өмірдің даму процесіне сәйкес нормативтік
актілерді дамытып,жаңартып отырады.
Құқықтың дамуындағы кемшіліктер объективтік процесс.Сол объективтік
кемістікті субъективтік қателікке айналуына жол бермеу керек.Егерде ол
субъективтік қателікке айналса,онда ешкімге кешірім жасауға
болмайды.Барлық күшті,мүмкіншілікті сол субъективтік қателікті тезірек
жоюға бағыштау керек.
Өмірде құқықтың дамуындағы кемшіліктерді білу,байқау өте қиынға
соғады.Оны тек заң мамандары,заң ұйымдары,көп тәжірибелі мамандар ғана
байқай алады.Олар осы бағытта өздерінің жұмысын ешқашан
тоқтатпайды.Егерде кемістік байқалса,оны жан-жақты ғылыми тексерістен
өткізулері керек. Тексерісте төмендегі сұрақтарға нақты жауап алулары
керек.
- Кемістік шын ба,әлде жалған ба?
- Ол кемістікті бар нормативтік актілермен реттеуге,басқаруға бола ма?
- Жаңа норма қабылдау керек пе?
Осы сұрақтарға ғылыми тұрғыдан толық жауап алғаннан кейін қорытынды
шығару керек болса,онда жұмысты осы бағытта тездету керек.Ол үшін
атқаратын жұмыстар:
- құқықтың кемістігі бар жүйе-саласын анықтау;
- жаңа норма жобасын жасау; мазмұнын,материалдық шығынын,уақытын
анықтау;
- тиісті мемлекеттік органға жобаны тапсыру.
Мемлекеттің нормативтік актілерді шығаратын органдары жаңа жобамен
танысып,мына сұрақтарға толық жауап алу керек:
- қандай кемістікті жоюға керектігі;
- кемістікке сәйкес жаңа норманың шеңберін,мазмұнын анықтау;
- жаңа норманы орындау бағытын анықтау;
- оны орындайтын жауапты адамдарды белгілеу.
Жаңа норманы тек тиісті мемлекеттің органы қабылдайды.Кемшілікті
жоюдағы норманың заңды күші жай нормалармен бірдей.
Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес егерде бір істі қарап,шешуге тиісті нақты
норма болмаса,оны ұқсастық жолмен қарауға рұқсат беріледі.Құқықтағы
кемшілікті жойып,жаңа норма қабылдау үшін көп уақыт керек.Сондықтан тиісті
органдар өздері шешуге міндетті.
Ұқсастықтың екі түрі болады: заңды ұқсастық және құқықтық ұқсастық.
Заңды ұқсастық – мәселені ұқсас заңға,ұқсас нормаға сүйене отырып шешу.
Құқықтық ұқсастық – мәселені құқықтық саясатқа сүйене отырып шешу.
Дамыған елдердің құқығы да өте жақсы дамиды.Сондықтан бұл елдерде
аналогияны өте сирек қолданады.
Біздің мемлекетте ұқсастық жолмен мәселені шешу көп деуге болады.Себебі
нарықты экономикаға әлі толық көшіп болғанымыз жоқ.Құқық өте жақсы дамыған
жоқ,нормативтік актілердің кемшіліктері жеткілікті.
Норманы ұқсастық әдіспен қолдану үшін тиісті шарттар болу керек:
- егерде құқық жүйесінде норма анық болмаса;э
- егерде істің ұқсастығы айқын болса;
- егерде қаралатын іс төтенше жағдайда өмірге келіп,кейінге қалдыруға
болмайтын болса;
- егерде мемлекеттің саясатына қарсы келмейтін болса.

2. Негізгі бөлім

2.1.Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп–бұл субъектілердің
құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл
әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық
қатынастарға айналуының нәтижесі.
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:
а) ол құқық нормаларында жоспарланған;
ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.

2.2.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Заңдылық пен құқықтық
тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді.
1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық
тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер
қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға
байланысты шаралар қолданылады;
2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа
тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;
3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;
4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты
болады.  

2.3.Жалпыға ортақтық. Заң нормаларын сақтау талабы бәріне ортақ деген
сөз.Мемлекет бекіткен тәртіптен ешкім де бас тарта алмайды,сондай- ақ
мемлекет те тұлғаның заң бекіткен құқықтарын қамтамасыз ету және
қорғаудан бас тарта алмайды.Жалпыға ортақтық заңның үстемдігінің маңызды
нышаны ретінде мемлекет пен оның азаматтарына бірдей қатысты болып
табылады.Мемлекет азамат алдында,ал азамат мемлекет алдында жауапты деген
сөз.
Жалпыға ортақтықтың барлық мемлекеттік органдары,қоғамдық,шаруашылық
ұйымдар мен азаматтардың қызмет аясының негізгі,жалпы қағидасы болып
табылады.
2.Заңның үстемдігінің құқықпен тығыз байланыста болуы.Бірақ заңдылық
режимнің жағдайы,мемлекеттің заңдары қоғамдық дамудың объективті
қажеттіліктерін қаншалықты бейнелей алатындығы арқылы бағаланады.Егер
мемлекет шығарған құқықтық нормалар барлық халықтың жалпы және жеке
мүдделерін ескерместен,тек жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтарға ғана
қатысты қорғайтын болса заңның үстемдігі жоқ деген сөз.Егер де құқықтық
нормалар халықтың мүддесін формальды түрде ғана бейнелеп,бірақ оған
кепілдеме бере алмаса,онда бұл жерде заңның үстемдігі жөнінде сөз де болуға
тиісті емес.Тарихта,мемлекеттің қоғамдық өмірді жан-жақты бейнелеп,бірақ ол
азаматтық мүддемен ешқандай байланысы жоқ,құқыққа жат заңдармен жүзеге
асырылғандығы жөніндегі кезеңдер белгілі.Сондықтан да заңның үстемдігінің
нормативті негізі болып,қоғамдық қатынастың барлық қатысушыларының жалпы
және жеке мүдделерін бейнелейтін құқықтық заңдар қалыптасу қажет.Оны екі
негізде көрсетуге болады:
а) Қоғамдық прогрестің қажеттілігіне жауап беруші,жан-жақты көзделген
заңдар.
ә) Мемлекеттік органдар,лауазымды тұлғалар,азаматтар мен түрлі
бірлестіктердің заңдар мен заңға сәйкес нормативті актілерді қатаң және
мүлтіксіз орындауы.
Сөйтіп,заңның үстемдігінің құқық жүйесіне әсері – құқықтық қатынасқа
қатысушылардың еріктері арқылы жүзеге асырылатын заңдылықтың нәтижесі.Ал
бұл нәтиже арқылы ерікті түрде пайда болатын құқық,бостандық,
міндет,демократиялық,өркениетті қоғамның алғышарты болып табылады.Заң
үстемдігінің талаптары бірлікте және өзара әрекет ете отырып, қоғам
өмірінің тұрақтылығын,үйлесімділігін қамтамасыз етіп, азаматтық
қоғамның,тарихи прогрестің объективті заңдарына сәйкес дамуына мүмкіндік
береді және құқық жүйесін құрудың негізгі қағидасы ретінде орын алады.
Құқық жүйесі – қоғам өміріндегі жалпы заң үстемдігінің негізінде
құралатын объективті құқықтық құбылыс болып табылады.Қоғамда шын мәнінде
орын алып отырған қоғамдық қатынастардың бейнелеушісі ретінде объективті
шындық негізінде құралады.
Бір жағынан құқық нормалары заң шығару органының субъективті саралы
ерікті қызметінің жемісі болып табылады,екінші жағынан, құқық нормалары
әлеуметтік қарым-қатынастар шеңберінде бостандық пен әділеттіліктің
жоғарғы шегін анықтай отырып,қоғамдық өмірдің қажеттіліктерін объективті
тұрғыда бейнелей алса ғана,құқық жүйесінің шынайы элементі болып
табылады.Осыдан келіп қоғам өмірінің түрлі саласында пайда болатын сан
алуан қоғамдық қатынастарды жалпы құқықтық реттеумен қамтамасыз етуді
көздейтін практикалық қажеттілік туындайды.Бұл қажеттіліктің негізі
заңның үстемдігінен бастау алады.Әр кезде де құқықтық нормалар,құқық
жүйесі жалпы объективтік заңдылықтардың негізінде құралып,жұмыс
істейді.Құқық жүйесі қоғамдық өмірдің заңдылықтарын бейнелеуші әрі
бекітуші сипатқа ие болғандықтан,міндетті түрде заңның үстемдігінен асып
кете алмайды.Құқық жүйесі субъективті жасанды жүйе емес, қоғамдық даму
барысында жаңа қарым-қатынастармен бірге өмірге келетіндігі жөнінде айтын
өткен болатынбыз.Ал жаңа қарым – қатынастардың өзі жаңа заңдармен реттеліп
отырады.Реттеу үшін ол заңдардың,әрине, міндетті түрде үстемдік сипаты орын
алуы тиіс. Демек, қалай алғанда да құқық жүйесі заң үстемдігін басшылыққа
ала отырып,қағидалық маңызын ұстана отырып қана өмірге келеді.
Біз жұмыстың негізгі бөлімінде біраз мәліметтер арқылы бірқатар
мәселерді қарап өттік.Сол мәселелердің қай-қайсысы да біздің тақырыбымыз –
заң, заңдылық,заңның үстемдігі жайлы сөз етеді. Сонымен бірге біз Кеңес
дәуірі мен бүгінгі күнді салыстырып қарап, біраз нәрсені ұғындық. Осыған
дейінгі қазақ халқы тоталитарлық – бюрократтық орталықтандыру жағдайындағы
ұлттың қағаз жүзіндегі мемлекеттік басқару мен өзін-өзі билеуі айқын
көрініс табады.Мұндай жағдайда заңдылық, құқықтық тәртіптің қандай сарында
болғандығын байқау қиын емес.Қоғамдық өмірдің осы бір бөлімі еліміздің өз
алдына дербес, тәуелсіз мемлекет болып,егемендік алғаннан кейін ғана өзгеше
сипат ала бастады.Әрине,мемлекетте жоғарғы заңдылық толығымен орнап,
құқықтық тәртіп мықтап орын алды деп айтуға ертерек.Әлі ол жетістікке жете
қойған жоқпыз.Яғни, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында заңдылық пен
құқықтық тәртіптің тек алғашқы қағидалары мен демократияның нышандары
жасалуда.Бұл жетістікке қол жеткізудің бірден – бір сара жолы құқықтық
мемлекет құру арқылы жету болып табылады.
Құқықтық мемлекетті құру, бұл Қазақстан Республикасының алдында тұрған
басты мақсат. Бұл мақсатты іске асыру үшін әлі көптеген жұмыс
жасап,бірқатар істер атқаруға тура келеді.
Құқықтық тәртіп — ол құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың
тәртібі, құқықтық қатынас мүшелерінің субъективті құқықтарының іске асуы
мен заңды міндеттерінің орындалуы мемлекетпен кепілденеді, заңдылықтың іске
асуы, құқыққа сай заңды мінез-құлық қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде демократия, оның қалыпты дамуы – құқықтық тәртіп пен
заңдылықтың өмір сүруінің қажетті объективті және субъективті шарты, 
әлеуметтік-саяси негізі. Демократиясыз, шынайы заңдылық, мықты құқықтық
тәртіп туралы сөз болуы мүмкін емес. Демократия толық дамыған болса,
қазіргі қоғамның ең жоғарғы сатысында көрініс алу, яғни құқықтық мемлекетке
жылжу айқын болған сайын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
шарты қолайлы болады.
Ал басқа жағынан қарастырғанда, заңдылық пен құқықтық тәртіп халық
билігін бекіту мен ары қаратай даму үшін, өркениетті азаматтық қоғамның
қалыптасуы мен құрылуы үшін, күшті демократиялық құқықтық мемлекет үшін
қажет.
Құқықтық тәртіп демократияның маңызды институттарын бекітеді, заңнама
және заңдылық азаматтарға кең демократиялық құқықтар мен бостандықтарға
кепілдік береді, оларды нақты пайдалану азаматтарды мемлекеттік барлық
істерде басқаруда қатысуға қамтамасыз етеді.
Саяси режим ретінде демократия өзінен-өзі нық құқықтық тәртіп пен
заңдылықты талап етеді, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы
деңгейін тәрбиелейді, елдегі қатаң заңдылық пен жоғарғы саяси-құқықтық
саналылық, нық енгізілген құқықтық мәдениеттің өмір сүруі, қоғамның саяси
ұйымының демократизациялығы туралы өзінен-өзі жақсы күәландырады.
Демократизация жаңа құқықтар мен бостандықтарды қосымша заңнама тіркеу
арқылы, бар заңи рұқсат ету мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру кепілдіктерін
нығайту арқылы да, құқықтарды іске асыру механизмінің өзі арқылы және
сәйкес заңи міндеттерді  орындау арқылы да жүруі мүмкін. Басқаша айтқанда,
конституцияда және басқа да нормативті құқықтық актілерде  бекітілген
азаматтар мен ұйымдардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету.
Демократиялық қоғамда құқықтық тәртіпті тағайындау мыналарды реттеуді
қажет етеді:
а) әрбірінің алдында айқын мінез-құлық бағдарламасын қоя, мемлекеттік
істерге азаматтарды қатыстыру мен қатысуы;
ә) құрамдас өзіндік буындар мен олардың өзара әрекеттері көзқарасы
жағынан демократияның жүйесі, механизмі;
б) демократияның негізгі институттары (азаматтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Халықаралық құқықтың түсінігі
Құқықгы жүзеге асыру
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық шығармашылығы
Пәндер