Шағын топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы мен психологиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Психология бөлімі 2-курс

Тақырыбы: Кіші топтар психологиясы

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2012

Әлеуметтік шағын топтардың әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы

Шағын топ - іс-әрекет мақсаттары ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы.

Шартты топ - бұл топтар жалпы белгілеріне, жасына, жынысына, ұлтына, білім деңгейіне, әлеуметтік тұрмысына, лауазымына, т. б. қарай біріккен адамдар тобы

Нақты топтардағы адамдардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттері үнемі бірге өтеді. Олар табиғи және лабораториялық топтарға бөлінеді. Лабораториялық топтардың ғылыми қызығушылықтары қарастырылған.

Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын-ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқаларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.

Бейресми топтар тұлғаның қызығушылығы мен таңдаулары негізінде қалыптасады. Бейресми топ мүшелері тұлғалық симпатия немесе антипатия негізінде қалыптасады.

Әлсіз дамыған топтар - топ тіршілігінің алғашқы әлсіз ұйымдасқан кезеңі.

Дамуы жоғары топтар - жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен ерекшеленетін топ.

Диффузиялық топтар - (лат. diffusion - сейілу, төгілу-жойылу) тек қана жалпы эмоциялармен, қайғырулармен, біріккен кездейсоқ адамдар тобы.

Ұжым - бірлескен іс-әрекетке қолайлы, сәтті жағдай жасайтын адамдардың биік формадағы бірлестігі. Ұжымға тән негізгі белгілер:

  1. барлық адамдардың бір объектіге бағыттылығымен, яғни жұмыс уақыты мен орнының, жалпы өндіріс құралдарының, ғимараттарының болуымен ерекшеленеді;
  2. ұйымдасқан адамдардың бірлігі, нақты бекітілген құрылымы, жалпы ерік-жігердің мықтылығы, сондай-ақ ұжым мүшелерінің ерік-жігерінің иегері ұжымның сенімді өкілдері болып табылады;
  3. жалпы ойлар мен пікірлер, этикалық және ар-ождандық нормалардың бірлігі, өзара жақын қарым-қатынас.

Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын адам бағдарға алады.

Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып шынайы түрде кіреді.

Шағын топтардың психологиясы

Шағын топ - дербес іс-әрекет субъектісі. Оның мазмұнына психологиялық сипаттама беруге болады. Шағын топтың рухани өмірі мен психологиясының бірлігі оның жеке ерекшелігімен бірлеседі. Демек, оның құрамындағы тұлғалар бір-бірімен қызметтес сипатта болады:

  • өзара қатынас (тұлғааралық қатынас) - индивидтің әр түрлі эмоциялық күйлерін ілестіруден және адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінде туындайтын субъективті байланыстар.

Шағын топтың өзін-өзі дамытуы мен қалыптасу механизмі, адамдардың мінез-құлығы мен бірлескен іс-әрекетін ынталандыру өзара қатынаста шартталады.

  • Топтық ұмтылуға шағын топ мүшелерінің бірлескен күші мен мінез-құлқы негізінде масқаты, міндеті, қажеттілігі, мотивтері (қызығушылықтары, құндылықтар) жатады. Адамдардың іс-әрекеті және қоғамдық өмір жағдайының әсерімен ұмтылу жүйесі қалыптасады және дамиды.
  • Топтық көңіл-күй - белгілі кезеңдегі адамдардың түрлі көңіл-күй жиынтығы. Жалпы топ мүшелерінің эмоциялық дайындығы мен көріністері күрделі эмоциялық күйге жатады. Топтық көңіл-күй жеке адамдардың сезімін күшейтеді, олардың өмірі мен іс-әрекетіне, топтың тұтастай дамуына әсер береді.
  • Дәстүрлер - шағын топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекетінің ұзақ тәжірибесі негізінде және өмір нормаларын, ережелерін, әрекеттер мен мінез-құлық стереотиптерін күнделікті өзара қатынаста сақтау негізінде қалыптасады. Осы дәстүрлерді шағын топтың әр мүшесі қажетсінуі керек.

Шағын топ психологиясы әрбір уақыт аралығында ерекше атмосферамен, белгілі күймен және дайындығымен сипатталады. Сондай-ақ, шағын топтағы эмоционалды ахуал топ мүшелерінің ұмтылуының тиімділігі мен бағыттылығын анықтайды.

Әр шағын топ қоғамның құрамында болғандықтан, ірі қауымдастықтардың (ұлттық, таптық, діни, кәсіби, жас ерекшелігі және т. б. ) бітімі олардың психологиясына тән. Сонымен қатар шағын топ психологиясының өзіндік ерекшелігі тұрақты болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н. С. Ахтаева, А. І. Әбдіғапбарова, З. Н. Бекбаева «Әлеуметтік психология»
  2. М. И. Еникеев «Социальная психология»
  3. Г. М. Андреева «Социальная психология»
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік топтардың жіктелуі мен әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырылуы
Топ пен ұжым психологиясы: шағын әлеуметтік топтардың ұғымы, типологиясы және әлеуметтік-психологиялық белгілері
Спорттық топтардың әлеуметтік психологиясы: құрылым, басқару және қарым-қатынастың психологиялық негіздері
Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясы: теориялық негіздері мен практикалық аспектілері
Топ психологиясы және кіші топтардың психологиясы
Қылмыстық топтардың құрылымы мен психологиясы және олардың әлеуметтік қаупі
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиясы мен құрылымы
Тұлға мен топтардың қарым-қатынасының психологиясы
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиясы мен мінез-құлық ерекшеліктері
Топтардың түрлері, сипаттамасы және даму принциптері: әлеуметтік-психологиялық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz