Қарым-қатынас және өзара әрекет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Психология бөлімі 2-курс

Тақырыбы: Қарым-қатынас және өзара әрекет

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2012

Қарым-қатынас - бір адамның басқа адаммен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп, жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын аңғартуға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруде өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ барысында адамның денесі мен рухани жағынан дамып-жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуіне тура келеді. Бұл сынақ бойынша, адамға кіммен болса да қарым-қатынас жасауға тыйым салынып, оны он тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде «маритао» делініп, адамның өзімен-өзі тілдесуіне де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздықтағы тіршіліктің ащы дәмін халден құтылғандай күй кешіп, кез келген адаммен сөйлесіп, тілдескендей, одан орасан зор ляззат алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді.

Осы орайда адамдардың күнделікті өміріндегі кәсіптік салада өзара тілдесіп, қарым-қатынас жасауының оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады.

Сондықтан әрбір маман мен кәсіпкер, ұстаз бен жетекші, жұмысшы мен бастық, бизнесмен мен конгресс мүшесі, депутат пен сайлаушы - бұлардың бәрі де күнделікті тіршілікте өз қызметі саласында үнемі бірімен-бірі тілдесіп, пікір алысып, халық бұқарасымен қарым-қатынас жасайды. Онсыз кез-келген адам рухани тоқырауға душар болары сөзсіз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауда аса қажетті шарттың бірі - сөйлесушілердің өз ой-пікірін өзгелерге, тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатуда сөйлесуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігі. Бұл жайттан біз қарым-қатынас жасаудың үнемі екі жақты процесс екендігіне көзіміз жетеді.

Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, адамдардың басым көпшілігі өзінің 70 пайыз уақытын осы қарым-қатынас жасауға жұмсайды. Қазіргі заманда адамтану ғылымдары ішінде психология ғылымының игі мақсаттарды іс жүзінде айқындап, оның заңдылықтарын ашып көрсетуде елеулі табыстарға ие болып отырған - шындық фактор. Әсіресе, бұл пәннің өндіріс пен өзге де салаларда ұжымды басқару ісіне мекеме басшыларына, жетекші мамандар мен ұстаздарға, әсіресе өндірісте қызмет атқаратын басшыларға тәжірибелік жағынан тигізер пайдасының мол екендігін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Тілдесу арқылы адамдар өзара қарым-қатынас жасап, бір-біріне білдірмек болған ойын жеткізіп, пікір алысады. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдарды өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, теориялық ой-пайымдары дамиды. Әр алуан іс-әрекетін жүзеге асырып, хабар алысады. Сөйтіп, олардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды. Өзара тілдесу арқылы бірігіп, тірлік етеді, еңбектеніп, әрбір іс-әрекетті орындау нәтижесінде кәсіби іскерлігін арттырады. Ұжымдық іс-әрекетін жетілдіру, өзара қарым-қатынас жасау арқылы бірін-бірі түсініп, мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерін де қалыптастыруға ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, олар өзара тілдесіп, тіршілік еткен ортасын, әлеуметтік жағдайды түсінетін деңгейге көтеріледі.

Қоғамдық сипатта атқарылатын істердің нәтижелі болуы, ең алдымен, адамдардың ақыл-ойы мен дене күшін біріктіре отырып, оларды саналы түрде жүзеге асыруына тәуелді. Мұндай ретте адамдардың ісі мен әрекеті оның мақсатының болуына байланысты екендігін осы заманғы психологиялық зерттеулер айқындап берді. Өндіріс пен шаруашылықта адамдар арасында дұрыс қарым-қатынас орнатудың тиімділігі мемлекеттік маңызды мәселе екендігі қазіргі кезде әр тараптан іздестіріліп, оның пайдасы мен шындығы ғылыми тұрғыдан дәйектелді. Осындай зерттеу қорытындылары адамдар арасындағы қарым-қатынас жасау мәселесінің күн өткен сайын күрделене түсетін мемлекеттік деңгейдегі мәселе екендігін көрсетеді. Мәселенің күрделене түсуіне тікелей әсер ететін әлеуметтік факторлар қатарына осы заманғы ғылым мен техника жетістіктерін және адамдардың кәсіби білімі мен сана-сезімінің өсіп-жетілуін жатқызуға болады.

Адамдардың бірімен-бірінің тілдесіп, қарым-қатынас жасауының күрделене түсіп, маңызының артуы өндірістегі техника мен адамдардың кәсіби деңгейінің өсуіне байланысты екендігін әлеуметтік өмірдегі шындық фактор деп мойындайтын болсақ, мұндай күрделі мәселенің түйінін байыбына барып, шешіп отыру басқарушы кадрлардың көпшілікпен тіл табысып, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату біліктілігіне байланысты. Мекеме мен өндіріс басшыларының басқару қызметіндегі білімдарлығы мен тәжірибесі, іскерлік дағдысы және бағынушы адамдармен тіл табыса білуі кез келген жұмыс саласының ойдағыдай нәтижелер беруінің, көпшілік арасындағы ұйымдастыру істері мен саяси тәлім-тәрбие жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асырылып отыруының кепілі болмақ.

Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жеке мән беріп, оларға жеке назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу екендігін өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс түрлері, еңбек өнімділігін арттыруы, олардың жасаған өнімдеріне сапалы түрде жауапкершілікпен қарауы, ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуал орнатуға, яғни еңбек ұжымындағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың іскерлігі мен олардың әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға қамқорлық жасауына тәуелді. Екіншіден, іскер адамдардың әлеуметтік белсенділігі мен қоғамдық сапасын өрістету үшін, яғни ұжым жетекшісінің жоспарланған істерді жүзеге асыруы үшін әрбір жұмысшы мен техниктің, әрбір адамның даралық мінез-құлқын да жете білуі талап етіледі. Мұндай талап әлеуметтік психологияда ерекше орын алатын мәселенің бірі - адам факторын үнемі ескеріп, ондай ерекшеліктермен санасып отыруды қажет етеді.

Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:

  1. Коммуникациялық- адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
  2. Интерактивті- адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
  3. Перцептивті- адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.

Қарым-қатынас барысында келесі кезеңдер бөлінеді:

  1. Қарым-қатынасқа түсу қажеттігі адамды басқа адамдармен байланысқа түсуге итермелейді;
  2. Қарым-қатынас жағдайы мен мақсатына бағдарлану;
  3. Өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның тұлғасын бағдарлау;
  4. Өз мәліметінің мазмұнын жоспарлау, яғни адамның не айтатыны туралы ойлауы;
  5. Айтатын нақты өздерін таңдау, қалай айтатынын және өзін қалай ұстайтынын ойластыру;
  6. Өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның жауап қайтаруын қабылдау және оған баға беру, кері байланыс негізінде қарым-қатынас тиімділігін бақылау;
  7. Қарым-қатынастың тәсілдерін, стилін, бағытын өңдеу.

Егер қарым-қатынастың осы актілерінің біреуі бұзылса, онда адам күткен нәтижесіне жете алмайды, яғни қарым-қатынас тиімді болмайды. Ал осы актілердің бәрін дұрыс орындай білу қабілеттері «әлеуметтік интеллект», «психологиялық-практикалық ақыл», «коммуникативті құзыреттілік», «ашық мінезділік», «қарым-қатынасқа тез түсушілік» деп аталады.

Коммуникативті құзіреттілік. Коммуникация - өзара түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Егер адамдар өзара түсінушілікке келмесе, онда коммуникация орындалмаған болып табылады. Коммуникацияның сәтті болуы үшін адамдардың сізді түсінгені, сізді қалай қабылдағаны және мәселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыс алу қажет.

Коммуникативті құзіреттілік - басқа адамдармен байланысты орнатып, оны сақтай білу қабілеттілігі. Қарым-қатынас жағдайын жақсы түсіну және өзара түсінушілікке жету тиімді коммуникацияның белгісі болып табылады.

Коммуникацияның нашар болуының себептері:

  • Стереотиптер- жеке адамдар немесе жағдайлар туралы қалыптасқан ой-пікірлер, нәтижесінде адамдарды, жағдайларды, мәселелерді түсіну және объективті талдау қиын болады;
  • Өзінің көзқарасына қарсы келетін пікірлерді қабылдамау, оларға қарсы болу;
  • Адамдар арасындағы жаман қарым-қатынас, нәтижесінде басқа адамдарды өз ойыңыздың дұрыстығына сендіре алмау пайда болады;
  • Басқа адамның зейіні мен қызығушылығының жоқ болуы, ондай қызығушылық адамның өзіне қажетті, маңызды ақпараттың мәнін санадан өткізу нәтижесінде пайда болады;
  • Көптеген фактілерді елемеу, яғни қажетті фактілер аз болса да, қорытынды жасау;
  • Өз ойын білдірудегі қателіктер, мысалы, логиканың жоқ болуы, дұрыс емес сөздерді қолдану, қарым-қатынастың күрделігі;
  • Қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасының дұрыс болмауы.

Қарым-қатынас стратегиясы:

  1. Ашық - жабық;
  2. Монологтық - диалогтық;
  3. Рөлдік - тұлғалық.

Ашық қарым-қатынас - өз ой-пікірін жеткізе білу және басқа адамдардың позицияларын, пікірлерін есепке алу. Жабық қарым-қатынас - жағдайға қатысты өз ой-пікірін білдіре алмау немесе белдіргісі келмеу. Сонымен қатар «бір жақты сұрау» және «мәселені истерикалық түрде ұсыну» деген қарым-қатынас стратегиялары да болады. «Бір жақты сұрау» - жартылай жабық қарым-қатынас, мұнда адам өз ой-пікірін айтпай, басқа адамның ой-пікірін білуге ұмтылады. «Мәселені истерикалық түрде ұсыну» - басқа адамның ой-пікірін сұрамай, өзінің мәселесі мен сезімдерін ашық түрде бірдіру.

Қарым-қатынас тактикасы - қарым-қатынас ережелерінің техникалары мен білімдерін қолдану негізінде нақты бір жағдайда қарым-қатынас стратегиясын жүзеге асыру тәсілі. Қарым-қатынас техникасы - қарым-қатынас икемділіктерінің жиынтығы: сөйлеу және тыңдау.

Қарым-қатынас түрлері:

  1. Маскалар байланысы- ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл - басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы;
  2. Қарапайым қарым-қатынас- басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау, мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі;
  3. Ресми-рөлдік қарым-қатынастақарым-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті;
  4. Кәсіби қарым-қатынастатұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады;
  5. Рухани қарым-қатынас- достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бір-бірін білуі арқылы орнайды;
  6. Манипулятивті қарым-қатынасадамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т. б. арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады;
  7. Ауқатты қауым қарым-қатынасындаадамдар өз ойын емес, тек сол жағдайға рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә) келісушілік; б) ашық мінезділік, мейірімділік.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынастың ерекшеліктері
Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас арқылы дамуы
Қарым - қатынас феноменологиясы
Қарым қатынас туралы пікірлер
Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi
Тұлға аралық коммуникациядағы өзара түсінісу механизмдері
Оқу–тәрбие үдерісіндегі қарым–қатынастың өзекті мәселелері
Қарым - қатынаста мұғалімнің оқушыға, оқушының мұғалімге сенуі
Өзара түсіністікті қалыптастырудағы педагогикалық ілімдер
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz