Деңгейлеп оқыту технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясына сипаттама . . . 7

1. 2 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі . . . 9

1. 3 Математика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын

қолдану . . .

2 ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДАҒЫ

ТИІМДІЛІГІ

2. 1 Математика сабағында деңгейлік есептер шығарту арқылы оқушыларды

шығармашылыққа баулу . . .

2. 2 Деңгейлеп-саралап оқытуда ойын элементтерін пайдалану . . .

2. 3 Ойын технологиясының дамытушылық қызметтері .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

1-Қосымша . . . 62

2-Қосымша . . . 62

3-Қосымша . . . 62

КІРІСПЕ

Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.

Деңгейлеп оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Деңгейлеп оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.

Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.

Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.

Тақырыптың өзектілігі: а дам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда математика пәні мұғалімдердің негізгі міндеті - ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар, математиканы жетік меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.

Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.

Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде көрінумен бедерленеді» делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен «Білім бұлағы-кітапта» демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре білетін шебер мұғалім қажет.

Диплом жұмысының мақсаты : білім беру сатылары арасындағы деңгейлеп оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • деңгейлеп оқытуда математика сабағындағы сабақтастықты анықтау;
  • деңгейлеп оқытудағы математикалық есептердің ролін анықтау;
  • дәстүрлі сабақ түрлерін деңгейлік тапсырмалармен толықтыру.

Зерттеу пәні: Орта мектепте негізгі буында математиканы деңгейлеп-саралап дамыта оқытуда сабақтастықтың орындалу үрдісі.

Орта мектепте негізгі мектеп математикасын сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету жолдары.

Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра отырып, орта мектепте оқытудың жетекші компоненттері мен мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда негізгі мектептерде математиканы сабақтастық негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы . Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, математикалық әдебиеттерді және озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу негізінде орта мектепте математиканы оқытуда деңгейлеп оқытуды қолданудың психологиялық-педагогикалық негізі анықталып, оны оқытуды жекелендіруде қолданудың дидактикалық аспектілері айқындалды

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы. Орта мектепте математиканы оқытудың сапасын арттыру үшін деңгейлік тапсырмалардың көмегімен оқушылардың білім деңгейін көтеру. Ол оқушылардың математиканың абстрактілі ұғымдары мен ережелерін түсініп меңгеруіне, соның негізінде оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға үлкен әсерін тигізетіндігі, математикалық есептерді шығару біліктерін қалыптастыруға ықпал ететіндігі анықталды. Бұлардың барлығы орта мектепте математиканы оқыту әдістемесін одан әрі дамытуға үлкен әсерін тигізіп, оған қосылған қомақты үлес болып табылады.

Диплом жұмысының қазіргі уақыттағы жағдайы . Қазіргі кезде әр ұстаз алдында үнемі ізденіс үстінде жүретін оқу үрдісіне өз ойларын толық айтып жеткізіп, алған білімдерін өмірде қолдана білетін, кез келген жағдайда пайдалана отырып, болашақта өз бетімен шешім қабылдай алатын шәкірттер дайындау міндеті тұр. Сондықтан деңгейлеп оқытуды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттыру, шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру, бүгінгі күннің басты талабы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Диплом жұмысының өзектілігі мектеп оқушылары үшін «Теңдеу және теңсіздіктер құруға арналған есептерді шешу» алынбас қамалға айналып барады. Олар есеп мәтінін, мазмұнын түсініп, берілген ақпарат пен табуға қажетті ұғымдарды ажыратып, байланыстырып, есеп моделін құрып, оны есептеу алгоритімін айқындау қажеттігін көз алдарына елестете алмайды. Көпшілігі ой қорытып, есепті шығаруға талпынбайды да, керісінше немқұрайлық, бейқамдық сыңай танытып үмітін мұғалімге артып отыра береді, ҰБТ -де көзді жұмып, белгілей салады.

Сондықтан оларды ең болмағанда стандартты (жалпыға ортақ) жолмен есеп шығара білуге үйретудің маңызы зор

Диплом жұмысының мақсаты: Теңдеулер мен теңсіздіктер құруға берілген есептерді шығарудың әдіс-тәсілдерін оқушыларға үйрете отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы математикалық білім сапасын арттыру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • математикалық ойын жеткізе білуін қалыптастыру ;
  • теңдеу құруға берілген есептерді шығаруға үйрету;
  • теңсіздік құруға берілген есептерді шығаруға үйрету.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі: математиканы оқыту әдістемесі

1 ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Деңгейлеп оқыту технологиясына сипаттама

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Деңгейлеп-саралап оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.

(Тірек-сызба 1)

Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім - ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.

Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.

Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .

Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Деңгейлеп-саралап оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.

- Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;

- Масаттағы айырмашылықтар

- Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

- Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;

- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

- Мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

- Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас.

Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.

Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін ашайық.

Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.

Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткалардың бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиелей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп бара-бара жойылатындығына көзімізді жеткізеді. Ғылымда белгілі себептермен аңдар арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауына басты себеп осы болар.

Деңгейлеп-саралап оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қайта жетелейді. Мысалы: «А» әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен нәтиже береді.

Деңгейлеп-саралап оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі - теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай - балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы - оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг - ұпай жинау әдісіне баулу.

1. 2 Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс бұл уақыт талабы»-дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат-жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой-өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды.

Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

3. оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.

4. Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік білімге сай.

5. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.

Мақсаты:

1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2. деңгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Ерекшелігі:

1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.

2. Дарынды балалар болса қушының - зерттеу жұмыстарын дамыту.

3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

Сондықтан өз іс-тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

I-репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттері анықтайды. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.

II-алгоритмдік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттері анықтайды. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.

III-ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Инновациялық педагогика
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы жайлы мәлімет
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ж.А.Қaраевтың денгейлеп оқыту технологиясын бастауыш сыныпта математика, қазақ тілі пәндерінде пайдаланудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz