Құқық. ҚР конституциялық құқығы



1.кіріспе
2. негізгі бөлім
а) ҚР конституциялық құқығы. мемлекеттің негізгі заңы
б)ҚР конституциясының қалыптасу кезеңдері
в) 1993 жылы қабылданған конституциядан 1995 жылы қабылданған конституцияның ерекшелігі
3.қорытынды
пайдаланылған әдебиеттер
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «конституция » деген сөз «саяси құрылыс » ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы Франция төңкерісі қарсаңында «конституция» сөзі «мемлекеттік жай – куйі» ұғымын танытты. Конституция сөзі Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Коституция ұғымының қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та, сонан соң Францияда қабылданды. Кез – келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер көрініс тапты.
Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар, бар жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Е.Баянова «Мемлекет және құқық негіздері»,
Алматы ,«Жеті Жарғы» - 2001
2. А. Ыбраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин, «Құқықтану»,
Алматы Мектеп -2006

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
\s

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы Франция төңкерісі қарсаңында конституция сөзі мемлекеттік жай - куйі ұғымын танытты. Конституция сөзі Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Коституция ұғымының қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та, сонан соң Францияда қабылданды. Кез - келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер көрініс тапты.
Конституцияның ерекше белгілерін айқындай отырып, құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар, бар жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ желгілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі мен қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды.Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың ірге тасын қалайды, оның заңдарың заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептелінеді.
Қазақстан Рспубликасының қазіргі Конституциясы төртінші Ата Заң ( 1987, 1978, 1993, 1995ж.ж). Кейінгі екеуінің алдыңғыларынан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995 ж) құқықтыңмемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандылығы ( сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалыққатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеледі.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституцияның мәтінінен көріп отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал Конституцияның өзі референдумда немесе Құрылтай жиналысында немесе басқаша да қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты - мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Сайып келгенде, Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәне жағынан конституция ол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әртүрлі қоғамның бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті : заң ( құқықтың басты қайнар көзі ретінде ), саяси ( мемлекеттің құрылысын ) және идеологиялық ) қоғамның алтын қазынасын - адам және адамның өмірін, құқықтарын мен бостандықтарын ) дәріптеуші қызметін атқарады.
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата Заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.

Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері:
Қазақстан Конституциясының қалыптасу тарихы өзінің бастамасын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация болды. Декларацияның жаңа одақтық шарт пен Қазақстан Конституциясының жасауға негізі болатындығы осы декларациясының арнайы бабында айтылады.
1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясы
Кеңестердің билігін бекітсе, 1990 жылы егемендік декларация мемлекеттік биліктің тармақталу қағидасы жарияланған бірінші акті еді.Заң шығару билігі жоғарғы Кеңеске берілді. Республика басшылығы және жоғарғы атқару билігі жоғарғы соттың қолына берілді. Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтаудың таптық нәсілі көрсетілмеді. Егемендіктің және мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі халық деп жарияланды.Республикадағы билік органдары мен басқару жүйесі саласындағы ірі өзгерістердің бастамасы болған 1990 жылы 20 - қарашада Қазақ КСР-ның жергілікті халық депутаттары кеңестері және жергілікті жердегі өзін-өзі басқару туралы заңдар қабылданды. Бірінші заң бойынша бұрынғы КСРО Министрлер Кеңесі Президенттің жанындағы Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. 15-ке жуық Министрліктер мен мекемелер жойылып, жартысы қайта құрылды. Республикада Вице президент пен бас прокурор лауазымдары енгізілді.
2 - кезеңі:
1991 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Конституция. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп атын өзгерту туралы заңын қабылдаудан басталды деуге болады. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.
3 - кезең:
1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес қабылдаған егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясынан басталады. 1993 жылғы Конституция Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын жаңаша анықтады. Конституция 1978 жылғы Қазақ КСР-нің кейбір ережелерін сақтады. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы және т.б идеялар сақталды. Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара қарым-қатынастарының тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдаланудың және Конституция нормаларының тура әрекет ережелерін бекітті.
4 - кезең:
Бұл Конституция 1995 жылы 30 - тамызда қабылданды. Бұл Коституцияның алғашқыларынан айырмашылығы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануында
5 - кезең:
Конституциялық дамудың 5- кезеңінде 1998 жылы 7 - қазанда Парламент осы Конституцияға 19-шы жарлығына сайлау жүйесіне түзетулер енгізді.
Парламент 1999 жылы 10-шы қаңтарда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Президент билігін 5 жылдан 7 жылға ұзартты. Президентке кандидаттың шектеулі жас мөлшері алынып тасталды.
6 - кезең:
2007 жылы 21 мамырк күні Парламент қабылдаған номері 254 - 3 Коституциялық заң бойынша еліміздің Конституциясына 54 өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басталды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.
Қазіргі Конституция кіріспеден (преамбуладан ), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте , Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Құқықтық Мемлекеттің концепциясы
ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Әлеуметтік мемлекет
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Пәндер