Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы


1986 жылғы желтоқсан көтерілісі .
1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г. В. Колбин қойылды.
Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады.
Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.
Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.
Газета «Дидар»
Желтоқсан оқиғасы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 26-сәуір күнгі жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, Парламент депутаттары, қоғам және ғылым қайраткерлері атынан Елбасына жолданған Үндеуді жария етті Желтоқсан оқиғасы Оған демократиялық және халықаралық стандарттар бойынша саяси әрі құқықтық тұрғыдан жаңаша объективті баға беру барынша қажет етіліп отыр.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
. . . Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының
тарихи маңызын толық дәрежеде
бағалап үлгерген жоқпыз.
(“Ғасырлар тоғысында” кітабынан)
Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады.
Үстіміздегі жылғы желтоқсанда халқымыз екі ұлы тарихи күнді атап өтуге дайындалуда, олар: Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының 15 жылдығы және Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің (1986 ж. ) 20 жылдығы. Алғашқы тарихи күнді біз, әдетте, өз деңгейінде атап өтеміз, ал ХХ ғасырдағы халқымыздың тарихындағы аса көрнекті осы екінші күнге деген көзқарас, кеңестік жүйе жағдайында. Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың жұмылған ерік-жігерін алғаш рет нақ осы көтеріліс білдіргеніне қарамастан, негізінен бұрынғысынша, яғни кеңестік замандағы күйінде қалып отыр. Желтоқсандықтар уақыт талабына лайықты үн қата білді. Осы уақытқа дейін біз оның қасіретін ғана сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы мәні, яғни осы оқиғадағы отансүйгіштік пен қаћармандық туралы айтатын кез келді. Халқымыздың, соның ішінде оның орыс тілді бөлігінің тұтас бір тарихи кезең деуге болатын осы 15 жыл ішінде өсіп-жетілген сана-сезімі Желтоқсан оқиғасына демократиялық және халықаралық стандарттар бойынша саяси әрі құқықтық тұрғыдан жаңаша объективті баға беруді барынша қажет етіп отыр. Бұрынғы ойдан шығарылған айыптаулардың, бір жақты әрі жалған баға берудің сол кездің өзінде жеткілікті негізі болмап еді, ал қазіргі таңда уақыттың өзі оларды толықтай теріске шығарды. Біздің көп ұлтты халқымыз даналық танытып, сан түрлі арандатуларға ермеді. Бүгінгі күні оған көптеген дәлелдер бар.
Сіз бұл оқиғалардың белсенді қатысушыларының бірі Қ. Рысқұлбековке “Халық Қаћарманы” атағын беріп, оның ерлігін тиісінше жоғары бағаладыңыз. Ал партиялық-полицейлік режимнен қорықпай, қатыгездікпен жазаланатынын біле тұрып, Қазақстанның ар-намысы, тәуелсіздігі мен мүддесі үшін күреске шыққан жүздеген, мыңдаған, тіпті ондаған мың жігіттеріміз бен қыздарымыздың жаппай ерлігіне Қазақстан осы 15 жылдық тәуелсіздігі ішінде неге тиісті баға бермеді деген сұрақ көптің көкейінде жүр.
1986 жыл Қарағанды қаласы
Желтоқсан қаћармандары өздерін жаппай соққыға жығып, қақаған аязда мұздай су шашқанына, өздеріне қарсы иттер, БТР-лер, сапер күректері мен шоқпарлармен қаруланған милицияның ерекше отрядтарын, арнаулы әскерлердің курсанттары мен солдаттарын айдап салғанына, сондай-ақ, “бейбіт жасақтар” дейтіндердің темір сыммен, арматурамен соққының астына алғанына, жаппай тұтқындауға қарамастан, бірнеше күн бойына бүкіл Қазақстанда бір жерде ашық, бір жерде жасырын түрде халықтың еркі мен мұң-қайғысын жанына жалау етіп, республиканың дербестігіне, еркіндігіне және тәуелсіздігіне қол жеткізу жолындағы күресті жалғастыра берді. Олар денсаулығын, болашағын, тіпті өмірін де құрбандыққа шалды! Сол кездегі қыздарымыздың ерлігі мен батырлығы ел ішінде аңызға айналды. Қоғамымыздың озық ойлы бөлігін біз оларды неге мақтан етпейміз, бүгінгі оқушылар мен студенттерге оларды неге үлгі етпейміз? деген сұрақтар алаңдатады.
Біз Алматы, Целиноград, Арқалық, Ақтөбе, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Шымкент және басқа да елді мекендерде халықтың Қазақстанда тұрып жатқан орыс ұлтының немесе басқа да ұлттардың өкілдеріне қарсы көтерілмегеніне кәміл сенеміз. Олар саяси және әлеуметтік әділеттік үшін көтеріліске шықты және туған елі Қазақстанның намысын, еркіндігі мен егемендігін қорғауды мақсат тұтты. Оның үстіне, Қазақстанның нағыз патриоттары, өзге ұлт өкілдері, оның ішінде Н. К. Фокина, И. Г. Дауранов сияқты орыстар және сол сияқты басқа да көптеген адамдар көтерілісшілер жағына шықты. Қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылып, комсомолдық-партиялық шара қолданылғандар, оқу орындарынан, жұмыстан шығарылғандар, соққыға жығылғандар, тұрып жатқан жерінен көшірілгендер арасында басқа ұлт өкілдері де болды. Қайтыс болған Е. Спатаев, С. Савицкий, Л. Асанова және басқалар, сондай-ақ, жарақат алған милиционерлер мен солдаттар баррикаданың қай жағында жүргеніне қарамастан, олар да сол кездегі партиялық режимнің солақай саясатының құрбаны болды. Бұл жөнінде конституциялық соттың материалдарында бұлтартпас дәлелдер бар.
Қазақ халқына қай кезде болсын интернационализм, төзімділік және Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне деген құрмет сияқты асыл қасиеттер тән болып келді. Сондықтан, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, шыншылдықпен жаңаша баға беру, сөйтіп, Қазақстанның негізгі этностарының арасына қағылған қажетсіз сынаны алып тастау, Сіз жүргізіп отырған саясаттың заңды жалғасы әрі ұлтаралық, дінаралық және қоғамдық келісімді одан әрі нығайту сияқты асыл мұратымызға қол жеткізудің айқын айғағы, сондай-ақ имандылық пен қайырымдылық актісі, осы оқиға құрбандарының да, қызметтік және қоғамдық міндеттерін жалған түсіну салдарынан жаңылыс басқандардың да ақиқатқа мойынсұнып, татуласу актісі болмақ. Біз бұл қиын түйінді келешек ұрпаққа қалдырмауға тиіспіз.
Қазақстандағы желтоқсан (1986 ж. ) көтерілісі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына, социалистік лагердің тарауына алып келген ұлттар мен ұлыстардың еркіндікке ұмтылысының бастамасы болды, мұның өзі, түптеп келгенде, әлемдегі күштердің арасалмағының демократияның пайдасына өзгеруіне жол ашты. Алайда әлем осы өзгерістердің бастауында Қазақстанның тұрғанын мойындауы үшін біз бұған өз елімізде әлемдік стандарттар бойынша толыққанды баға беруге тиіспіз. Халықаралық қоғамдастықтың көзге көрініп тұрған фактіні мойындауы Қазақстанның беделі мен қадір-қасиетін арттырады.
Дүниежүзілік маңызы бар бұл оқиғаны, әлем таныған тұлға және мемлекетіміздің ел таныған көшбасшысы ретінде Сіз ғана лайықты деңгейге көтере аласыз. Біз Сізден осы идеяны қолдап, оны жүзеге асыруға бас болуыңызды өтінеміз. Бұл мәселенің шешілу дәрежесі демократиямыз үшін сын және оның көрсеткіші де, сондай-ақ, қазақстандықтарға патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың аса маңызды құрамдас бөлігі болмақ. Біздің арамызда да осы оқиғаның құрбандары бар. Алайда, біздің ниет қара басымызды күйттеу емес, жастардың жаппай ерлік пен қаћармандық жасағанын танып, тиісінше сондай баға берілуіне қол жеткізу. Біз осыны үлгі етіп өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін тиісті деңгейге көтергіміз келеді. Осындай аса күшті адамгершілік және идеологиялық негізде қазақстандықтарды жұдырықтай жұмылдырғымыз келеді, сөйтіп олардың қарышты қадам жасап, ерлік істерге баруын, сол арқылы еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына шығуын қалаймыз.
Құрметті Елбасы, мыңдаған, миллиондаған қазақстандықтар атынан Сізден төменде ұсынылып отырған шараларды қолдауыңызды өтінеміз:
- Өз шешіміңізбен Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия (бұдан әрі -Комиссия) құру. Бұл Комиссияға жоғары мәртебе беру үшін Мемлекеттік хатшыны немесе Парламент палаталары спикерлерінің бірін оның Төрағасы етіп тағайындау. Комиссия құрамына әр түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдерін, депутаттарды, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелерін, осы проблеманы зерттеп жүрген ғалымдар мен мамандарды енгізу. Желтоқсан мерейтойын лайықты қарсы алу, қазақстандық патриотизмді насихаттау үшін Комиссияға халықаралық ауқымда ұйымдастырушылық, заңдық, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар кешені Жоспарын әзірлеп, Үкіметке енгізуді тапсыру.
Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін Үкімет Комиссияға мемлекеттік резервтен немесе қосымша бюджеттік түсімдерден жеткілікті қаражат бөлу қажет. Комиссияның ұсынысы бойынша қажетті заңнамалық актілерді қарау және қабылдау, сондай-ақ, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі (Президиумы), Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті, министрліктер мен ведомстволар қабылдап, жаппай саяси қуғын-сүргінге негіз болған актілердің күші жоқ деп тану. Біздер 20 жылдық қарсаңында 86-жылғы Желтоқсанның ұлылығын, ақыр аяғында, ұғынамыз және лайықты баға береміз деп үміттенеміз, сондай-ақ, онымен мақтанамыз, туған еліміз Қазақстанның болашағы - балаларымыз бен немерелерімізді солардың отансүйгіштік және қаћармандық өнегесімен тәрбиелейміз деп сенеміз.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары:
Қасымов Ғ. Е. - Қазақстанның патриоттар партиясының төрағасы
Қалиев Ғ. А. - Қазақстанның “Ауыл” социал-демократиялық партиясының төрағасы
Назарбаева Д. Н. - республикалық “Асар” партиясының төрайымы
Сиврюкова В. А. - Қазақстанның азаматтық альясының президенті,
Қазақстанның ҮЕҰ конфедерациясының төрайымы
Беляков Г. Ф. - Жетісу казактарының мәдени орталығының төрағасы
Ким А. Г. - Қазақстан корейлері қоғамдық қорының президенті, ҚХА мүшесі
Матаев С. Б. - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы
Орсариев А. А. - Қазақстан жастары Конгресінің төрағасы
Оразалин Н. М. - Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы
Чернега Т. А. - Украин бірлестігі Кеңесінің төрағасы
Иманкожа Б. - Председатель общественного объединени “Желтоқсан рухы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотталушы
Каримов М. А. - Татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары ассоциациясының президенті, ҚХА мүшесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz