Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері


Мазмұны
І Бөлім: Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері.
1. 1 Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық сипаты.
1. 2 Жасөспірім жасындағылардың зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.
1. 3 Жасөспірім жасындағылардың қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.
ІІ Бөлім :Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің
деңгейлерін эксперименталды зерттеу.
2. 1. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеу әдістері мен процедуралары.
2. 2. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеудің нәтижелері.
2. 3.
Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зеиін қасиеттерін дамытатын
тәсілдер.
Қорытынды Әдебиеттер тізімі Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерішң жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Жұмыстың езектілігі:
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның міндеті болашақ педагогтарды, психологтарды, өндіріс басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерді қызығушылықпен орындауға байланысты, Соның негізінде бағыты белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шоғырланған тұлға қалыптасады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас және зейін проблемасы жан-жақты қаралады.
А. А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке теңейді. В. А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И. Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды, Т. А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
В, Вундт сана мен зейінді байланыстырады. Дегенмен, әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байданыстары қаралмаған.
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Зейінді іс-әрекетте әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Іс-әрекетте зейіннің мазмұнды болуының нәтижесінде оның қасиеттерінің динамикалық - ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін - бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталғак.
Өз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.
Қарым-қатьнас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың бір факторы екені де белгілі, Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтанда сырт жерлерден келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу жұмысының объектісі
Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеп, коррекциялық тәсілдермен дамыту.
Зерттеу жұмысының пәні:
Қарым-қатынаста зейін қасиеттері көлем, тұрақтылық, шоғырлану
деңгейлерін диагностикалық әдіспен анықтау және қасиеттерді дамыту
процестері арқылы зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
І. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас пен зейін мәселелері туралы
әдебиеттер мен материалдарга психологиялық талдаулар жасау, 2. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас пен зейіннің өзекті мәселелеріне теориялық талдаулар жасау.
3. Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
1. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттері эффективті түрде орын алғанда қатьшас нәтижелі болады.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі.
Кеңестік психологияда қарым-қатынастағы зейін мәселелеріне көптеген методологиялық және теориялық зерттеулер арналды, олар А. А. Леонтьев Г. М. Андреева, В. М. Бехтерев, А. А, Бодадев, С. Л. Рубинштейн, Н. Ф. Добрынин, Д. Н. Узнадзе, П. Я. Гальперин, А. А. Ухтомский және т. б. ғалымдардың еңбектерінен өз бейнелерін тапты. Ал, шетелдік психологияда Т. А. Рибо, У. Джеме, Н. Н. Ланге жөне т. б. ғалымдардың еңбектерінде жазылған қарым-қатынастағы зейін мәселелері жайлы көзқарастарына теориялық талдаулар жасалды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы,
- Кеңестік және шетелдік психология әдебиеттердегі талдаулар зейін мен қарым-қатынас мәселелерінің жеткілікті түрде талқыланғанына себеп болады. Зейіннің қасиеттері зерттеліп, іс-әрекеттің нақты бір типіне байланысты құрылымы да анықталған. Жалпы іс-әрекетте зейін мен жеке қасиеттердің қызметі анық және жеткілікті түрде берілген. Бірақ осы жүйелердің сипаттамасы қарым-қатынаста және біріккен іс-әрекетте аз еңделген. Яғни, жүмыстың ғылыми жаңалығы да зейіннің жеке зерттелуіңде емес, қарым-қатынаста зерттелуінде болып отыр.
І. Бөлім; Жасөспірімдердің зсйіні мен қарым-қатынасының
психологаялық ерекшеліктері,
1. 1. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық
сипаты
Психология ғылымындағы негізгі үғымдардьщ біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарьш-қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды негізі бола отырып, ертеден барлық ғалымдар үшін қызықты тақырыптардың бірі екені анық. Біздің назарымызды студенттердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер толғандырып отыр. Себебі қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптастырудың бір факторы екені белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекеттерін реттеуші және адамгершілік, эстетикалық қүндылықтардьі, мінез-қүлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болын табылады. Сондықтан жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынас жасауындағы ерекшеліктерді анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі сияқты ілгері басады, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастың басқа адамдарға қоғамдық маңызын айқын көрсетеді.
Қазіргі таңда студенттердің коммуникативтік икемділігін, бір-бірімен қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қаблетін қальштастыру үшін педагогикалық теория және жоғары оку орындарында тажірибе, диалогтік және пікір таластық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Бұндай әдістемелер жастардың қарым-қатынас барысында икемділігін көрсете білуін және өз көзқарастарын дәлелдеп, сұрақтарды нақты жеткізе білу қаблеттерін қалыптастырады. Ал студент - болашақ маман, сондықтан коммуникативті икемділікті дамыту барысында да, өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың мол болуы қажет.
Қарьш-қатынастың шынайы түрғыдан әр түрлі жолдары бар. Жоғары оқу орнына қабылданған студенттерді алғашқы күндерінен бастап-ақ оқуға ынтылығын арттыруға ұмтылып, қарым-қатьнас мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табыдады. Себебі, студент қауымының ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан «нашар» көрінгісі келетін студент жоқ. Оны Ж. Ж. Руссо өһзінің «Исповеди» атты еңбегінде бейнелейді: «Менің бірінші ең үлкен, ең күшті қажеттілігім тұтастай менің жүрегімде қортындыланды: бүл мүмкін болатын интимдік жағдайда тығыз қарым-қатынастағы қажеттілік».
Шартты түрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің негізгі екі формасын белуге болады:
- қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілі ретінде;
- қарым-қатынас адамның басқа адамның рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;
Ол жастық аспектте де әр түрлі кезеңдерден өтеді және ол жүйелік тәсіл аймағында да өте қажет. Жастық аспектіні қарастыруда қарым-қатынас қажеттілігінің дамуы әсіресе тәсіл мен «көлем» оның тұлғаны қалыптастыруда қанағаттануы да маңызды.
Студенттік шақтағы психофизиологиялык сипаттаманы орташа алғанда 17-ден 25 жасқа дейін ор түрлі жастағы субъектілермен бейнеленетін кезеңдермен күрделенеді. Сондықтанда студентгік кезеңнің заңды және спецификалық сипатын бір жастық сызықта ашу ең қарапайым себепке байланысты қиындық туғызады, әр жастық кезең өзінше ерекшеленеді.
Сондай-ақ жалпы заңды сәттерді жоққа шығармайтын психологиялық сипаттар да бар. Атақты ғалым Б. Г, Ананьев кеш жасөспірімдік және ерте жасөспірімдік кезеңді анықтай отырып, былай деп жазады: «дәл осы жаста есте сақтаудың белсенділігі мен зейін ауыспалығының жылдамдығы, вербальді-логикалық тапсырмаларды шешу және т. б, жиі байқалады. Осы шақта әлі оқуға жеткілікті түрде пайдаланылмаған синзитивтік кезең орналасқан».
Синзитивтік кезең тұлғааралық өзара әрекеттердің дамуы үшін өте қолайлы. Оқымыстылардың зерттеуінше жасөспірімдік кезеңде мақсатқа бығыттылықты дамыту үшін қарым-қатынас өте қажет. Г. С. Абрамованың бағалауынша жасөспірімдіктің шекарасы адамның міндетті түрде қоғамдық өмірге қатынасу жасымен байланысады.
Әсіресе қарым-қатынастағы қажеттілік студентіердің бірінші курстарында көрінеді. Олардың көпшілігінде жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі жеке байланыстар үзіледі (жанұямен, достармен) . Үйренбеген жаңа. ортада интенсификация (күшейту) болады. Яғни тек басқаны ғана танып қоймай өз-өзін тану да қатар жүреді. Айналадағылармен үйреншікті өзара қатынастың бұзылуы сирек невротикалық бұзылыстардың көрінуіне әкеледі. Психологиялық кеңес беруде, психотерапияда жұмыс істейтіндердің айтуынша оларға кемек сұрап баратындардың көпшілік проценті 17 ден 25 жасқа дейінгі жастар. Көптеген адамдар дәл осы студенттік шақта пайда бодған қарым-қатынастың стихиялы стилін түзетуді қажет ететінін түсіне бастайды. Оларға айналадағылармен өзара қатынастың міндеттерін қайта құруға тура келеді.
Бұл ез кезегінде көп ойланатын жастарды өзін терең түсінуге, өзінің жеке сапаларын, жетістіктері мен жеткіліксіз жақтарын түсінуге, өз-өзін тәрбиелеумен айналысуға итермелейді.
Қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, тіпті олардың кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде де маңызы өте зор.
Сондықтанда студенттердің арасында топтық қызығушылықтарын қорғауымен байланысты хабарлай отырып орындауға болатын ұжымдық бағытта жүретін тапсырмалардың маңызы өте зор. Студенттер коммуникативтік дағдылар қажеттілігінің маңыздылығын, қатынастың дамуын айқын меңгереді.
Жоғарғы оқу орнына келген студенттер алғашқы кездерде әр түрлі жағдайлық сензитивті кезеңдерді, жаңа талаптар мен ықпалдарды жоғары қабылдайды.
Студенттердің қарым-қатынас стилін қадыптастыруда осы кезеңнің маңызы өте зор, бірақ жиі оны ешкім ешқалай ескермейді. Осы кезеңде ойластырылған недагогикалық өзара әрекеттер маңызды түрде студенттердің әлеуметтік өмірдегі тәжірибелерді меңгеруі, көптеген әр түрлі әлеуметтік топтармен байланысты құруы, қаблетілікті, жолдастықты, достықты дамытуы, тәжірибемен, ақылымен, мұңымен, көңіл-күйімен бөлісе білуі эффективтілікті жоғарлатады.
Студенттік орта белсенді түрде мінез-құлық стилін, мәнерлерді, дәмді, әдеттерді, қызығушылықтар мен икемділіктерді қалыптастырып, жағдайдың бағалануьша, дүние танымға әсер етіп, жиі қарама-қайшы ақпараттарды тудырады, ал кейде жалған ақпараттарды да тудырады.
Күнделікті қарым-қатынастың негізінде студенттік орта маңызды дәрежеде тұлғаның әлеуметтік, психологиялық және моральдік қасиеттерін қалыптастырады.
Батыс әлеуметтік психологиясын тұлғаның қарым-қатынастағы сипатын білдіретін әртүрлі теориялық бағыттар ұстанатын негізгі екі ұғым қолданылады: «өзін-өзі ашу» - гуманистік психологияда және «өзін-өзі көрсету» - интеракционизмде.
Өзін-өзі ашу, американдық психолог С. Джурардтың ойына сәйкес, - бұл басқа адамдарға өзің жайлы мәлімет, ақпарат беру, айту. Ол адамдардың осы өзін-өзі ашудың көмегімен өздерін тануға мүмкіндік беретініне тоқталған.
Өзін-өзі көрсету - бұл өзіңді басқаларға таныту актісі десе де болады.
Педагогтер, психологтер үшін жасөспірімдік кезеңдерде адамның өзіндік сана сезімі қалыптасатын кезде, өзіңді түсінетін, ашық сөйлесіп, мұңыңды шерте алатын дос құрбыны қажет ететіні белгілі, Сонымен бірге беделді ересек адамдармен де сенімді қатынастар құнды болып табылады. Басқа адамдардың қарым-қатьшастағы ашықтығы, шынайылығы оларды дұрыс түсініп, тануға, оған адекватты қатынасуға мүмкіндік береді, Жоғарыда аталғандай, келесі ұғым - «өзін-өзі көрсету». Бұған адамның қоршағандарға белгілі бір әсер қалтыру үшін қолданылатын тактикалар, стратегиялар жатады. Жалпы қарым-қатьшаста тұлғаның өзін-өзі ашу мен өзін-өзі көрсетуін зерттегенде, тұдға ең алдымен коммуникация арқылы қарастырыдады. Адамның коммуникативті қасиеті де тұлғалық бейімделу потенциялын құрайтын негізгілердің бірі болып табылады. Адам үнемі әлеуметтік ортада болады, оның іс-әрекеті басқа адамдармен қарым-қатынасқа жетуіне және тәжірибесінен, сондай-ақ қақтығыс деңгейінің болуымен анықталады. бейімделу процесінің маңыздылығы кем емес қыры больш индивид үшін ұсынылған нақты әлеуметтік ортаны оның дәлме-дәл қабылдай алу қабілетін қамтамасыз ететін мінез-құлықтың адамгершілік ережесін сақтау болып табылады. Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі -әлеуметтік ортаның оған ұсьнатын талаптарына тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестеуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез-құлықтың сай болуы. Түлғаның әлеуметтік бейімделуі ортаға әлеуметтік - психологиялық бейімделуіне негіз болады. Егер әдеуметтену процесінде индивид ең алдымен қоғамның әсер ету объектісі болса, тұлғаның әлеуметтік бейімделу барысында қарым-қатынас және іс-әрекеттің субъектісі болып табылады».
Әлеуметтену түлғаны қогамдық қарым-қатынас жүйесіне енгізу, онымен бірге қоғамдық қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру. Әлеуметтенудің негізгі функциясы индивидтің қоғамда қалыпты функциялануын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше әлеуметтік - психологиялық бейімделу процесіне темперамент ерекшелігімен, қүндылық бағдарымен, қызығушылығымен, түлғаның ішкі құрылымдық іс-әрекетімен және қоғамдық белгіленген мінез-құлықпен жетеді.
Біз студенттердің қарьм-қатынастағы бағыттығымен бірге олардың өзін-өзі ашу деңгейімен өзін-өзі көрсетуін қарастырып, қарым-қатынастағы ерекшеліктерін ашудың бір жолы деп ойлаймыз. Біздің ойымызша жаңа мекемеге, әлеуметтік ортаға, бейімделудегі студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктері осылармен анықталады деуге болады. Сондықтанда қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, олардың кәсіби қалыптасуы, тұлғалық қасиеттерінің дамуы, топта және студенттік ұжымның қалыптасуындағы тұлғааралық қатынастың қалыптылығы, әлеуметтік-психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны өте үлкен.
«Қарым-қатынас» үғымының мәні түсінікті және ерекше бір анықтауды талап етпейтін сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен, күнделікті болмыста және ғылыми қолданыстарда сәйкес келе бермейтін мағыналар мен түсініктер де аз емес. Сондай-ақ ғылымның өзінде де әр түрлі мағынада қолданылатын терминдер болады. Бұл да «қарым-қатынас» ұғымына қатысты.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы. Қазіргі кезең қатынас мәселесін психология, философия, әлеуметтану, сияқты әр саладағы ғалымдар жан-жақты зерттейді. Ал, 60 жылдары Б. Д. Парыгин қарым-қатынасты әлеуметтік психологияны зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырады. Сондықтанда қарым-қатынас таза психологиялық құбылыс, күрделі және көп жақты процесс сияқты талданады.
Леонтьев А. А. «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.
Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б. Ф. Ломов берді; « . . . қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табыдады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әр түрлі формалары, деңгейлері, түрлері, оның құрамдас бөлімдері сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі - жайлы сөз қозғайды, Б. Ф Ломов қарым-қатынас деңгейлерін анықтайды:
- макродеңгей
- мезодеңгей
3 ) микродеңгей
Макродеңгей - индивидтердің қоғамдық қатынастарға, дәстүрге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауының контактілі байланысы.
Неміс - американдық психологы К. Левин адамдарды жекелей өзгерткенде тәні арқылы әсер етудің дұрыс болмайтындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайдың тиімділігі ертеден халыққа белгілі болған, Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде эмоциялардың қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер етуі басты мақсат болды. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылардың әрекеттері топта санасыз қабылданып, түсінікті қылықтарға иландырылып пихологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, тренингтік топтардың жетіліп, дамуы Левиннің есімімен байланысты. Ол АҚШ-та 1933 жылы топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселесін шешумен айналысқан. Осыған байланысты Левин өзінің өрістер теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығьш құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамдарды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болды.
Топтық динамика ұғымын да алғаш қолданған осы ғалым болған. Г. М, Андреева өзінің «әлеуметтік психология» еңбегінде қарым-қатынас мәселесіне қатысты әлеуметтік психологиялық тұрғыларды интеграциялауға тырысты. Г. М. Андреева әр түрлі көзқарастарды біріктіре, әрі жалпылай отырып, қарым - қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс - әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылатынын, яғни, адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым - қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашан да сол жайында іс әрекеттерімен де қарым -қатынаста болады дейді.
Сондай-ақ қарым-қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зеретеу барысында М. Андрееваның қарым - қатынас құрылымын талдау нәтижесіне жүгіндік. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік. Қарым-қатынастың коммуникативтік немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру - алмасу мәселесімен анықталады; интерактивтілік қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігініңұ йымдасуымен қорытындыланады;
Перцептивтілік адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдап, тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасуы. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.
Р. С. Немов та қарым-қатынас құрылымын жіктеуге аса назар аударды. Яғни, ол мазмұны бойынша. Қарым-қатьшастың келесі түрлерін бөледі: материалдық (зат пен іс әрекет өнімдерін алмастыру), когнитивтік (білімдерін алмастыру), кондициондық (психикалық және физиологиялық жағдайларды алмастыру), мотивациялық (мақсатпен, қызығушылықпен, мотивпен, қажеттілікпен алмасу), іс-әрекеттік (әрекетпен, операциялармен, іскерлікпен, дағдымен алмасу) .
Мақсаты бойынша, (яғни адамда белсенділік неден пайда болады деген) биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас деп беледі, Тәсілі бойынша (кодпен хабарлау, жіберу мәліметтің шифрді ашу амалымен) қарым-қатынас тура және жанама болады.
Түрлері бойынша - іскерлік (әдетте адамдардың қандай да бір біріккен өнімінің іс - әрекеті сияқты болады), тұлғалық (көбінесе адамның ішкі сипатының психологиялық мәселесінің аймағына шоғырланған), құралдық (яғни өзіндік мақсат болын табылмайтын қарым-қатынас өз беттілік қажеттілікпен стимулданбайды), мақсаттық (спецификалық қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі бойынша өзіне-өзі қызмет ету қарым-қатынасы) болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz