Өлшем бірлігін қамтамасыз ету



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Өлшем бірлігі қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Өлшем бірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі ... ... ... ... ... ... ... ...7

2 Калибрлеу өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесі ... ... ..11
2.1 Өлшем құралдарын калибрлеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Калибрлеудің Қазақстандық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

3 Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері және сұлбалары ... ... ... ... ... ... ..16
3.1 Салыстырып тексеру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3.2 Салыстырып тексеру сұлбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Стандарттау мен сертификаттаумен бірге өлшеу ғылымы метрологияның мағынасы артады. Бірде бір өлшеуді қолданбайтын практикалық қызмет жоқ, материялдық және басқа да ресурстарды үнемді шешуге метрологиялық өлшем берлігін қамтамасыз ету үлкен роль атқарады.
Метрологиялық қамтамасыздандырудың дамуының негізі өлшем бірлігін қамтамасыз ету мен өлшеудің қойылған дәлдігінің бұрыннан қолданылып келе жатқан шағын қызметінен өлшеу сапасын қамтамасыз етудің жаңа ережелеріне көшу болып табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер. Егер өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің принциптері халықаралық ережелермен, нормалармен үйлестірілгенін ескеретін болсақ, онда калибрлеу өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесіне кіреді. Сондықтан осы курстық жұмыста мен берілген тақырыпта шектелмей, сонымен қатар калибрлеу өлшем бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесі болғандықтан осы тақырыпты ашып жаздым.
Калибрлеу – өлшем құралдырын салыстырып тексеру әдісі, мұнда түрлі өлшемдер, олардың үйлесімі немесе түрлі комбинацидағы көп мәнді өлшемдердің шкала белгілері салыстырылады және оның нәтижесінде есептеледі.
Калибрлеу біздің елімізде бұрынырақта болған өлшем құралдарын ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырады (ҚР СТ 2.12-2000). Мемлекеттік метрологиялық қызметтер жасайтын тексеруге қарағанда, калибрлеуді жүргізуге жағдайы бар кез келген метрологиялық қызмет (жеке тұлға) орындай алады.
Зертеудің мақсаты: а) келешекте коммерциялық жұмысты тиімді жүргізу үшін қажетті білім, бағдар және іскерлікті қалыптастыру болып табылады;
ә) Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер салдарынан сақтау;
б) өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау.
Зерттеудің міндеті: а) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру;
ә) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар стандартизация, метрология және сертификация саласындағы заңнамаға сәйкес жасалу жолдарын көрсету;
б) шама бірліктер эталонды базасын жетілдіру;
в) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Нысанбаева С.Н. және т.б. Сапаны басқару: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 111с.
2. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 711 с.
3. Шишкен А.Ф. Метрология. – М.:Наука, 1990.
4. Акишев К., Дартбаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2008. – 256бет.
5. Пронкин Н:С: Основы метрологии динамических измерений: Учеб. пособие для вузов. – М: Логос, 2003. – 256с.
6. Лифиц И.М. Основы сандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000.
7. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебное пособие для вузов. –М.: Логос, 2001. – 408 с.
8. Лифиц И.М. Стандартизация, метрология, сертификация негіздері: Оқулық – 2-ші баспа, түзетілген және қосылған – М.: Юрайт – М, 2001.–268с.
9. Бурдун А.Г., Марков Б.Н. Основы метрологии: Учебное пособие для вузов. - М: Стандартов, 1985. – 256 с.
10. Крылова Г.Д. Стандартизация, сертификация, метрология негіздері: Жоғарғы оқу орындары үшін оқулық – 2-ші баспа, қайта қаралған және қосымша қосылған – М.: ЮНИТН – ДАНА, 1999. – 711с.
11. ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Поверочные схемы. Содержание и построение».
12. СТ РК 2.12-2000 «Система калибровки Республики Казахстан. Калибровка средств измерений. Организация и порядок проведения».
13. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы. 2000 жылғы 13 маусым.
14.СТ РК ИСО/МЭК 17025-2001 «Общие требования к компетентности испытательных и калибровочных лабораторий».
15. СТ РК 7.5-2000 «Основные требования и порядок аккредитации на право проверки средств измерений».
16. СТ РК 7.3-2002 «Общие требования к испытательным лабораториям (центрам)».

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Өлшем бірлігі қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Өлшем бірлігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5

1.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ..7

2 Калибрлеу өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік
жүйесі ... ... ..11

2.1 Өлшем құралдарын калибрлеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .11

2.2 Калибрлеудің Қазақстандық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .12

3 Салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістері және
сұлбалары ... ... ... ... ... ... .. 16

3.1 Салыстырып тексеру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .16
3.2 Салыстырып тексеру
сұлбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.19

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Стандарттау мен сертификаттаумен бірге өлшеу
ғылымы метрологияның мағынасы артады. Бірде бір өлшеуді қолданбайтын
практикалық қызмет жоқ, материялдық және басқа да ресурстарды үнемді шешуге
метрологиялық өлшем берлігін қамтамасыз ету үлкен роль атқарады.
Метрологиялық қамтамасыздандырудың дамуының негізі өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мен өлшеудің қойылған дәлдігінің бұрыннан қолданылып келе
жатқан шағын қызметінен өлшеу сапасын қамтамасыз етудің жаңа ережелеріне
көшу болып табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем
бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар
мен басқа да нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер. Егер
өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің принциптері халықаралық
ережелермен, нормалармен үйлестірілгенін ескеретін болсақ, онда калибрлеу
өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесіне кіреді. Сондықтан
осы курстық жұмыста мен берілген тақырыпта шектелмей, сонымен қатар
калибрлеу өлшем бірлігін қамтамасыз етудің әлемдік жүйесі болғандықтан осы
тақырыпты ашып жаздым.
Калибрлеу – өлшем құралдырын салыстырып тексеру әдісі, мұнда түрлі
өлшемдер, олардың үйлесімі немесе түрлі комбинацидағы көп мәнді өлшемдердің
шкала белгілері салыстырылады және оның нәтижесінде есептеледі.
Калибрлеу біздің елімізде бұрынырақта болған өлшем құралдарын
ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырады
(ҚР СТ 2.12-2000). Мемлекеттік метрологиялық қызметтер жасайтын тексеруге
қарағанда, калибрлеуді жүргізуге жағдайы бар кез келген метрологиялық
қызмет (жеке тұлға) орындай алады.
Зертеудің мақсаты: а) келешекте коммерциялық жұмысты тиімді жүргізу
үшін қажетті білім, бағдар және іскерлікті қалыптастыру болып табылады;
ә) Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс
емес нәтижелер салдарынан сақтау;
б) өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін,
нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау.
Зерттеудің міндеті: а) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік
базасын құру мен жетілдіру;
ә) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар
стандартизация, метрология және сертификация саласындағы заңнамаға сәйкес
жасалу жолдарын көрсету;
б) шама бірліктер эталонды базасын жетілдіру;
в) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер
мен әрекеттерін дамыту.

1. ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Өлшем бірлігі

Өлшем – арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен
физикалық шама мәнін табу. Өлшем берілген сапаның өзін сақтай отырып,
сандық өзгерістердің шегін білдіреді.
Өлшем бірлігі – бұл нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде
көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен бейнеленген өлшем
күйін айтамыз.
Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп
түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен
оның нақтылығымен қабаттас жүреді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес
өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік
стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік
құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер[1].
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қазақстан
Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер
салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңының формулировкасы туралы
ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау).
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары:
- қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім
сапасының қауіпсіздігі;
- ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің
дұрыстығы;
- материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы;
- қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін
қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу
нәтижелерінің дұрыстығы.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мәніне – өлшеу құралдары мен өлшеудің
бірдейлігін қамтамасыз ету кіреді.
ӨБҚ – заттардың құрамы мен қасиеттері, табиғи құбылыстардың
қасиеттері, қоршаған ортаның күйі мен адам денсаулығын қорғау, хабарласу
құрылғылары мен көлік жұмыстарының сапасы туралы, өлшеудің дұрыс мәлімет
алудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың
құқығын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінің салдарынан қорғау кепілі болып
табылады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін еңгізер алдында
ҚР метрологтары өзінің әрекеттерін өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін
қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырған. Яғни олар нормаларға сәйкес келетін,
мемлекетте бекітілген бірліктер мен олардың метрологиялық сипаттамаларда
барлық градуировканы иеленуді қадағалайды.
МӨЖ – өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың
ережелерін бекіткен, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі (ҚР МӨЖ) бұл –
Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару
жүйесі.
ҚР МӨЖ-нің негізгі мақсаты – өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі
мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық
жағдайларды жасау болып табылады.
ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер
мен әрекеттерін дамыту;
- шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру;
- метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту;
- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен
жетілдіру;
- метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге,
халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар
мен талаптардың оңтайлылығы;
- өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу.
ҚР МӨЖ объектілері мыналар:
- шама бірліктері;
- шама бірлік эталондары;
- өлшеу құралдары (ӨҚ);
- өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап
қою;
- өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ);
- нормативтік құжаттар (НҚ).
ҚР-ның териториясындағы міндетті түрде қолданылатын ҚР МӨЖ нормативтік
құжатын стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті
орган бекітеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттер және мемлекеттік
басқару жүйесін құру мен еңгізу үшін салмақты алғышарттар бар:
- біріншіден, өлшеу адам әрекетімен жасалған жаппай өнім болып
табылады, және де еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қадағалау,
өнім қауіпсіздігі мен сапасын қадағалау, материалдық және
энергетикалық құндылық ресурстарының есебі, ауруларды емдеу
диагностикасы және т.б. қадағалау шарттары негізінде жыл сайын
оларға деген сұраным өседі;
- екіншіден, өлшем адам әрекетінің ең негізгісі болып табылады және
оның сапасының талаптары (яғни дәлдікті) үздіксіз өсіп отырады;
- үшіншіден, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы (сату, ғарышты
танып білу жөнінде бағдарламаларды бірігіп зерттеу, медицина
саласы, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара
сенімділікті талап етеді.

1.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік
жүйесінің нормативтік негізін, нормативтік құжаттар комплексі құрайды. Олар
Қазақстан Республикасындағы қажетті өлшем дәлдігі мен бірдейлікті
қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін
регламенттейтін, бірдей нормалар мен ережелерді бекітеді.
Қазақсатн Республикаының нормативтік құжаттары мыналарды
регламенттейді:
- шама бірліктерін;
- мемлекеттік салыстырып тексеру сызбалары мен шама бірліктерінің
мемлекеттік эталондарын;
- өлшеу құралдарын тексеру құралдары мен әдістерін және калибрлеуін;
- өлшеу дәлдігінің нормаларын;
- өлшем дәлдігінің көрсеткіштері мен өлшеу нәтижелерінің берілу
формалары мен әдістерін;
- өлшеуді орындау әдістемелерін;
- материалдар мен заттардың қасиеті жөнінде мәліметтердің берілуі мен
дұрыстығын бағалау әдістемені;
- материалдар мен заттардың құрамы мен қасиетінің стандартты
үлгілеріне қойылатын талаптарын;
- материалдар мен заттардың қасиеттері бойынша мәліметтерді сараптау
және атестациялау, жобалаушы, құрлымдық және техналогиялық құжаттардың
метралогиялық сипаттаманың нормативтік құжаттарын калибрлеу мен салыстырып
тексеруді, метрологиялық аттестациялауды, сынауды ұйымдастыру мен өткізу
тәртібін;
- метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды.
ҚР-ның нормативтік құжаттары мыналарға бөлінеді:
- негізгі, яғни нормалар мен ережелерді және жалпы талаптарды бекіту;
- қандай да болсын түрдегі өлшемдердің нормалар мен ережелерді және
талаптарды регламенттеу;
ҚР-ның МӨЖ нормативтік құжаттарына бекітілген тәртіпті қолданылатын
мемлекетік стандарттар, халықаралық (аймақтық) стандарттар, ережелер, өлшем
бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды өткізу тәртібі мен талаптарды
анықтайтын нұсқаулар мен басқа да нормативті-әдістемелік құжаттар жатады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар
стандартизация, метрология және сертификация саласындағы заңнамаға сәйкес
жасалады және қолданылады.
Қазақстан Республикасының териториясында қолдануға міндетті ҚР-ң МӨЖ
нормативтік құжаттарын стандартизация, метрология және сертификация
жөніндегі өкілетті орган бекітеді.
Төменде ҚР МӨЖ-ң қолданылатын нормативтік құжаттары көрсетілген:
1. ҚР СТ 2.0-2000 ҚР МӨЖ. Негізгі ережелері.
2. ҚР СТ 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдері мен анықтамалары.
3. ҚР СТ 2.2-97 ҚР МӨЖ. Метрологиялық ережелерді сақтау, өлшемді
аттестацияланған әдіспен орындау, өлшеу құралдарын қолдануын, күйін және
шығарылуын мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі.
4. ҚР СТ 2.3-97 ҚР МӨЖ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары.
Негізгі ережелер. Жасау, бекіту, регистарциялау, сақтау және қолдану
тәртібі (алғаш еңгізілген).
5. ҚР СТ 2.4-2000 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.
Орындауды ұйымдастыру тәртібі.
6. ҚР СТ 2.5-98 ҚР МӨЖ. Эксперт-аудиторларға қойылатын талаптар және
оларды аттестациялау тәртібі.
7. ҚР СТ 2.6-99 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарының түрлерін бекіту мақсатымен
мемлекеттік сынау бағдарламасының түрлері. Жасау, безендіру, бекіту және
регистрациялау тәртібі.
8. ҚР СТ 2.7-99 ҚР МӨЖ. Аккредитацияның объектілері мен өлшеу
құралдарының Мемлекеттік реестрлерін еңгізу тәртібі.
9. ҚР СТ 2.8-99 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын индикатор разрядтарына
ауыстыру тәртібі.
10. ҚР СТ 2.9-2000 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралраны өндіру, салыстырып тксеру
және жөндеу бойынша лицензиялау тәртібі.
11. ҚР СТ 2.10-2000 ҚР МӨЖ. Аттестацияланған қоспалар.
Аттестациялауды қолдану тәртібін жасау.
12. ҚР СТ 2.11-2000 ҚР МӨЖ. Қазақстан Республикасының калибрлеу
жүйесі. Негізгі ұғымдар.
13. ҚР СТ 2.12-2000 ҚР МӨЖ. Қазақстан Республикасының калибрлеу
жүйесі. Өлшеу құралдарын калибрлеу. Орындауды ұйымдастыру тәртібі.
14. ҚР СТ 2.13-2000 ҚР МӨЖ. Тұрмыстық газ счетчиктері. Салыстырып
тексерудің әдістерлері мен құралдары.
15. ҚР СТ 2.14-2000 ҚР МӨЖ. Сауда опперациялары кезіндегі тауардың
саны бойынша мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүргізу тәртібі (алғаш
еңгізілген, ПР 50.2003-94 есебімен жасалған).
16. ҚР СТ 2.15-2000 ҚР МӨЖ. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен
мемлекеттік метрологиялық бақылау. Негізгі ұғымдар (алғаш еңгізілген).
17. ҚР СТ 2.18-2001 ҚР МӨЖ. Өлшеуді орындау әдістері. Аттестациялау
мен қолдануды жасау тәртібі.
18. ҚР СТ 2.20-2001 ҚР МӨЖ. Салыстырып тексеру таңбалары. Сақтау,
қолдану және жасау тәртібі.
19. ҚР СТ 2.21-2000 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарының түрлерін бекіту мен
мемлекеттік сынауды жүргізу тәртібі.
20. ҚР СТ 2.30-2001 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын метрологиялық
аттестациялады жүргізу тәртібі.
21. ҚР СТ 2.38-2002 ҚР МӨЖ. Салыстырып тексеру жұмыс жерлерін
аттестациялау.
22. ҚР СТ 2.39-2002 ҚР МӨЖ. Салыстырып тексеру сызбалары. Құрлымы мен
мазмұны.
23. ҚР ПР 50.24-96 Метрология бойынша ережелер. Метрологиялық
қызметтін әрекеттері бойынша мемлекеттік қадағалауды жүргізу тәртібі мен
ұйымдастыру (заңды тұлғалар).
24. ҚР ПР 50.2.26-96 Метрология бойынша ережелер. ҚР МӨЖ. Өлшеу
құралдарды салыстыруды жүргізу тәртібі.
25. ҚР ПР 50.2.27-96 Метрология бойынша ережелер. Стандартты үлгілері
бойынша базалық ұйымдастырудың үлгілі күйі.
26. ҚР СТ 7.0-99 Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесі.
Негізгі ұғымдар. №1 Өзгерістер.
27. ҚР СТ 7.2-2000 Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесі.
Сертификация бойынша органдарға қойылатын талаптар (ҚР СТ 3.294 с
01.04.2000. орнына).
28. ҚР СТ 7.3-2000 Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесі.
Сынау лабараторияларына (орталықтарға) қойылатын талаптар (3.2-94 с
01.04.2000 орнына).
29. ҚР СТ 7.4-2000 Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесі.
Калибрлеу лабараторияларына қойылатын талаптар.
30. ҚР СТ 7.5-2000 Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесі.
Салыстырып тексеру лабараторияларына қойылатын негізгі талаптар.
31. ҚР СТ 7.8-2002 Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесі.
Калибрлеу, сынау және салыстырып тексеру лабараторияларын (орталықтарын)
аккредитациялау тәртібі.
32. МЕМСТ 8.009-84 ҚР МӨЖ. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар.
33. МЕМСТ 8.010-99 ҚР МӨЖ. Өлшеуді орындау әдістері.
34. МЕМСТ 8.207-79 ҚР МӨЖ. Көп ретті бақылаумен тура өлшеулер. Өлшеу
нәтижелерін өндеу әдістері. Негізгі ұғымдар.
35. МЕМСТ 8.395-80 ҚР МӨЖ. Салыстырып тексеру кезіндегі нормаланған
шарттар.
36. МЕМСТ 8.401-80 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарының дәлдік класстары. Жалпы
талаптар.
37. МЕМСТ 8.417-81 ҚР МӨЖ. Физикалық шама бірліктері.
38. МИ 1317-86 ҚР МӨЖ. Өлшем қателіктерінің сипаттамалары мен өлшеу
нәтижелері.
39. МИ 1552-86 ҚР МӨЖ. Көп ретті және тура өлшемдер. Өлшеу
нәтижелерінің қателіктерін бағалау.
40. МЕМСТ 24555-81 ҚР МӨЖ. Сынау құрылғыларының аттестациялау
тәртібі.
41. ҚР Р 50.2.3-2001 ҚР МӨЖ. Калибрлеу жүйесі. Калибрлеу белгілері.
Жалпы талаптар.
42. ҚР Р 50.2.4-2002 ҚР МӨЖ. Заңды тұлғалар мен мемлекеттік басқару
органдарының метрологиялық қызметі бойынша үлгілі жағдай.

2 КАЛИБРЛЕУ ӨЛШЕМДЕРДІҢ БІРІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӘЛЕМДІК ЖҮЙЕСІ

2.1 Өлшем құралдарын калибрлеу жүйесі

Өлшем құралдарын калибрлеу – метрологиялық сипаттамалардың нақты
мәндерін және мемлекеттік метрологиялық бақылау (ММБ) мен қадағалауға
жатпайтын өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау және растау
мақсатында жүргізілетін операциялар жиынтығы. Өлшем құралдарының
жарамдылығы деп оның метрологиялық сипаттамаларының нормативтік құжаттарда
көрсетілуі немесе тапсырыс беруші анықтауы мүмкін, одан бұрын орнатылған
техникалық талаптарға сәйкес келуін айтады. Жарамдылық туралы қорытындыны
калибрлеуші лаборотория жасайды [2].
Калибрлеу – өлшем құралдырын салыстырып тексеру әдісі, мұнда түрлі
өлшемдер, олардың үйлесімі немесе түрлі комбинацидағы көп мәнді өлшемдердің
шкала белгілері салыстырылады және оның нәтижесінде белгілі мәнге
байланысты жеке өлшемдер, белгілер есептеледі [9].
Калибрлеу біздің елімізде бұрынырақта болған өлшем құралдарын
ведомстволық салыстырып тексеру және метрологиялық аттестацияны алмастырады
(ҚР СТ 2.12-2000) [12]. Мемлекеттік метрологиялық қызметтер жасайтын
тексеруге қарағанда, калибрлеуді жүргізуге жағдайы бар кез келген
метрологиялық қызмет (жеке тұлға) орындай алады [13]. Ол үшін бұл қызмет
біліктендірілген деңгейге сәйкес болуы шарт. Калибрлеу – ерікті операция
және оны содай-ақ кәсіпорынның өзінің метрологиялық қызметі де жүргізе
алады. Бұл міндетті жүргізілетін және ММҚ (мемлекеттік метрологиялық
қызмет) органдары тарапынан бақыланатын салыстырып тексерудің тағы бір
айырмашылығы.
Дегенмен, калибрлеудің ерікті сипаты кәсіпорынның метрологиялық
қызметін белгілі бір талаптарды сақтау қажеттілігінен босатпайды.
Талаптардың ең бастысы - жұмысшы өлшем құралын ұлттық эталонға
міндетті сәйкестендіру. Осылайша, калибрлеу функциясын өлшем құралдарының
бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырған жөн. Ал егер өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің
принциптері халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілгенін
ескеретін болсақ, онда калибрлеу өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің
әлемдік жүйесіне кіреді.
Осы талапты орындау (эталонға сәйкестендіру) басқа көзқарастан да
маңызды: өлшемдер - технологиялық процестің ажырамас бөлігі, яғни олар
өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өлшемдердің
нәтижелерін салыстыру мүмкіндігі болуы керек, ол мемлекеттік эталондардан
бірлік мөлшерін беру және заңдылық метрологиялық нормалары мен ережелерін
сақтау арқылы ғана жасалады. Өнімді сатушыға сенімділік - беделді ұлттық
метрологиялық ұйымдар атынан берілген, өлшем құралдарын калибрлеу туралы
сертификатпен бекітіледі.
Калибрлеуді енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар. Батыс елдерінде
калибрлеу жұмыстары өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі қажеттілігіне
байланысты кеңейіп, дамып отырған. Мұнда салыстырып тексеруге (міндетті
функция ретінде) өлшем құралдарының шектелген номенклатурасы жатады. Ал
Қазақстанда калибрлеу құрал жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін бақылау
процестерін мемлекетсіздендірудің өнімі болып табылады. Осының салдарынан
салыстырып тексерудің жалпыға ортақ міндеттілігінің жойылуы калибрлеу
функциясының пайда болуына алып келді.
Калибрлеуді енгізуге бәсекелестіктің жоқтығы кедергі жасайды. Мұнда
белгілі бір қарама қайшылықтар туындайды. Бір жағынан, кәсіпорындар заңға
сәйкес өздері өлшем құралдарын калибрлеуді жүргізуге құқығы бар және олар
калибрлеу жұмыстарын жүргізу құқықтарына аккредиттеудің білікті
органдарында аккредиттелгісі келмейді (бәсекелестік жоқ кезінде). Екінші
жағынан, кәсіпорындар мемлекеттік эталоннан қол үзу - өлшем нәтижелерінің
дәлдігі мен сенімділігін жоғалтуға әкеп соғатынын түсінеді.
Калибрлеу жұмыстарын ұйымдастырудың мүмкін нұсқалары:
• Кәсіпорын калибрлеу жұмыстарын өз бетінше ұйымдастырады және ешқандай
жүйеде аккредиттелмейді;
• Кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оны
аккредиттеуші ұйым атынан калибрлеу жұмыстарын жүргізуге калибрлеудің
Қазақстандық жүйесінде (КҚЖ) аккредиттеледі;
• Кәсіпорын калибрлеу жұмысын коммерциялық негізде орындау мақсатында
КҚЖ-де аккредиттеледі;
• Өлшем құралын салыстырып тексеру құқығына аккредиттелген кәсіпорын
сонымен бірге өлшеудің сол түрлерін калибрлеу жұмысын жүргізуге де
құқық беретін аттестат алады;
• Метрологиялық институттар мен ММҚ органдары КҚЖ-не бір мезгілде
аккредиттеу органы және калибрлеуші ұйым ретінде тіркеледі;
• Кәсіпорынды ашық түрдегі шет ел калибрлену қызметіндегі калибрлеуші
лаборотория ретінде аккредиттеу.

2.2 Калибрлеудің Қазақстандық жүйесі

Бүгінгі таңда Қазақстанда калибрлеу ісін ұйымдастырудың тиімді нұсқасы
анықталған жоқ. Бірақ КҚЖ-нің ұйымдастыру принциптері жайлы айтуға
тұрарлық. КҚЖ мына принциптерге негізделеді:
- өз еркімен қатысу;
- мемлекеттік эталондарынан бірлік мөлшерлерінің міндетті берілуі;
- КҚЖ субъектілерінің кәсіпқойлығы және техникалық біліктілігі;
- өзін өзі ақтауы.
КҚЖ-не кірудің негізгі себебі - өнім сапасының көрсеткішіне
тұтынушылардың сенімділік дәрежесін өсіру керек. Бұл процесті сондай-ақ,
калибрлеу ұйымдарын да қамтитын елімізде дамып келе жатқан сынақ жүргізу
зертханаларын аккредиттеу жүйесі ынталандырады. Сонымен қатар, КҚЖ-не
мүшелікті калибрлеу қызметін ақпараттық қамтамасыз етеді.
КҚЖ субъектілері болып мыналар табылады:
• шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына бағынатын эталондарды
пайдалану арқылы өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттелген
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері;
• мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтар (Қазақстанның
Мемстандартының метрологиялық қызметі) және КҚЖ-не аккредиттеуші орган
ретінде тіркелген мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары;
• Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ
Метрологияның теориялық негізі.
Қазақстан Республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базаға талдау жасау
Шамалар бірліктері
Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Өлшем бірліктерін қамтамасыздандыру құқықтық негіздері
Метрология туралы ұғым
Өлшеу құралдары және түрлері
Пәндер