ҚР банк қызметін даму ерекшеліктері мен экономикадағы рөлі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 8
1 ҚР банк ҚЫЗМЕТІН даму ерекшеліктері мен
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ . . . 10
- Банктік жүйенің дамуы және банктердің нарықтық экономикадағы рөлі . . . 10
- Банк қызметін ұйымдастыру негіздері: қызметтері мен операциялары . . . 18
- ҚР банк жүйесіндегі АҚ «ТұранӘлемБанкінің» даму тарихы
және қызметтері . . . 31
- ҚР банк жүйесіндегі АҚ «ТұранӘлемБанкінің»
қызмет нӘтижесін талдау . . . 39
- АҚ «ТұранӘлемБанкінің» қаржылық нәтижелерін талдау . . . 39
- АҚ «ТұранӘлемБанкінің» қызметтері мен операцияларының
көрсеткіштерін талдау . . . 43
- ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ АКТИВТЕРІН
БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 53
- Проблемалық активтердің басқарудың ұсынылған үлгісінің жетілдіру
жолдары . . . 53
3. 2 Бизнес-жоспар: «Жеке тұлғаларға ұсыныстар пакетін енгізу» . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда банктік несиелік қызметтерді дамыту, олардың түрлерінің саны емес, сапа жағынан көтеру сияқты мәселелердің өз шемімін тауып, банктердің қызмет ету жүйесі жоғары қарқында дамып жатқанын айта кеткен жөн.
Соның ішінде “Тұран Әлем Банкі”-нің өз тұрғындарына қызмет көрсетіп келе жатқанына сексен жылдай уақыт болды. Банктің несиелендіру, салымдарды қабылдау және сақтандыру қызметтері мен олардың түрлерін ерекше тоқталып өткен жөн. Несиелендіру қызметі бүгінгі таңда тұрғылықты халықтың іскерлік қызметін жалғастыру немесе жаңадан бастау үшін басты күш, ал банк үшін табыстың негізгі қайнар көзі. Несиелендіру қызметін дамыту барысында жаңа түрлерін ойлап тауып, халыққа ұсыну, олардың жеңілдетілген шарттарын қарастыру, белгілі бір артықшылықтарын бекіту неиеге деген сұраныстың өсуіне алып келетіні сөзсіз.
Салымдарды арттырудың да банк қызметі үшін белгілі бір әсері бар. Бұл банк тарапынан көрсетілетін барлық қызметтер бір-бірімен тығыз қатынаста. Банктің бүгінде бөлімшелерінің саны арта түсуде. Өткен жылдың өзінде ТМД елдері бойынша жаңадан бес еншілес банктер қосылды. “Тұран Әлем Банкі”-нің жеті серіктесі және кең ауқымды банктік жүйесі бар. Банктің несиелік қызмет көрсету ішінде ипотекалық несиелендірудің өзінен нарықта 25%, ал Ресей елінде 1% алып жатыр. Ал жалпы ТМД елдерін алатын болсақ банктің ипотекалық несиелендіру қызметінің үлесі 3%- ға жетеді екен. Бұл банктің несиелік қызметі үшін үлкен жетістік болып табылады.
Банктердің несиелендіру және депозиттік қызметін, ақша аударымдары мен сейфтік қызметтерін дамыту, жаңадан бағдарламалар енгізу, банктің персоналдық басқару қызметін одан әрі күшейту, болашақта отандық банктердің әлемдік стандарттарға сай қызмет ететініне еш күмән жоқ. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл орта және кіші бизнес. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар, өйткені орта және кіші бизнесте ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Орта және кіші бизнестің да өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес - жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Тақырыптың тағы бiр өзектілігі, қарастырылып отырған банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденциялрды, оны басқару әдiстерi Қазақстанның банк жүйесiн дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылады.
Қазіргі кезде коммерциялың банктердiң iс-әрекетi саласы көбейюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк тәжiрибеде белгiлi барлық қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. Бұл проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жаңа бағыт болып табылады, сондықтан да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлуде. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлы аталған себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсатары мен негiзгi мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi : Жұмыстың мақсаты банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
- Банк iсiнiң дамуынның қазiргi кездегi теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құралын анықтау, маңызын нақтылау және оларға анықтама беру;
- Банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтау әдiстерiне талдау жүргiзу және әртүрлi қызмет түрлерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
- Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандың банк мекемелерiне банк iсiн жетiлдiру үшiн нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi мен объектiсi . Жұмыстың пәнi реттiнде банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаудың құралдарымен және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң қызметi болып табылады.
Диплом жұмысынын әдiстемелiк негiзiн : Қазақстан Республикасының заңдары, ережелерi, шетелдiк және отандық экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар мерзiмдi басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың мәлiметтерi құрайды.
Диплом жұмысынын құрылымы : кiрiспеден, үш бөлiмнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 ҚР банк ҚЫЗМЕТІнің даму ерекшеліктері мен ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
- Банктік жүйенің дамуы және банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
Қазіргі заманғы коммерциялық банк, әрі қаржы делдалы, әрі институционалдық инвестор болып саналады - ол - өзінің саясаты мен Ұлттық банк саясатын қолдайтын меншік иесі.
Банк секторы ақша қаржы саласында жүйе құрайтын міндеттерді орындай отырып, басты орынды иеленеді. Банкілер, қаржы делдалдары мен бірлескен инвесторлар ииституттары ретінде қалыптасуға және экономикалық субъектілер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары, қаржы институттары, мемлекет) арасындағы қаржы ағынына өздерінің қатысуына тікелей атсалысады. Қысқасы, олар, ішкі валюталық экономикалық қызметтің барлық түрлерінде өнім банктік қызмет құрылуы арқылы әсер етеді. Қазіргі банк жүйесі экономикалық қатынастарды ырықтандыру, кеңестік және коммерциялық банкілерді реформалау нәтижесінде дамуда. Бұның негізі 1990 ж. қабылданған «Қазақ КСР-дағы банкілер және банк қызметтері туралы» заңмен бекітілген.
Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін банк жүйесінің қалыптасуы басталды және тұрақтылығы төмен бола тұра ондағы мекемелердің саны қарқынды өсуімен сипатталды. Жаңа банкілер ашылуы мен қабілетсіз немесе нашарларының жабылуы қосарлана жүрді. Мұндай белсенділіктің экономикалық себептері - экономикалық нақты сектордың дағдарысының удеуі, инфляцияның өсуі, банк қызметтерінің басқа түрлерімен салыстырғанда әлеуетті жоғары табыстылығы. Осы орайда, салықтар коммерциялық банкілер үшін осы уақытқа дейін, экономиканың басқа салаларына қарағанда, айтарлықтай төмен болғанын атап өту керек. ҚР Ұлттық банкі мен Қаржы министрлігінің құнды қағаздар операцияларынан алынған табыс сияқты инвестициялық несие үшін банк сыйақысы 2004 жылғы 1 қаңтарына дейін салықтан босатылған болатын. Ұқсас салық рұрсаттылығы нәтижесінде ҚР банк жүйесінің басқа қаржы институггарына қарағанда бәсекелестік артықшы-лығы болды және бола береді. Қор және сақтандыру нарықтарының жеткілікгі дамымауы жағдайында оның қаржы нарығында оның орны ерекшелеу болады, сөйтіп банкілерге салық жеңілдіктерінен түсетін пайдаларына толықтыру ретінде сыйақының жоғары пайыздарын қамтамасыз етеді. Бастапқыда банк жүйесі, негізінен, бір құрылымды болды. Банкілік операциялар жүргізе алатын банкілік емес ұйымдар атымен жоқ болды. Дегенмен кейінгі кездері ондай ұйымдардың есуі байқала бастауда. Ырықтандыру саясатының арқасында банк жүйесі кеңеюде, оның құрылымы күрделенуде, әр қилы түрде болуда, әр түрлі, меншіктегі қаржы ұйымдары құрылуда, отандықтан басқа, шетел институттары да қызмет көрсете бастауда.
1993-1996 жылдардағы қарқынды өсуден кейін, ЕДБ желісінің заңды тарылуы жүрді. Банк секторының әрі мемлекеттік, әрі аймақтық деңгейде қысқартылуы басталды. Филиал желісі азайды. Бұған несие нарықтарындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік, банкілердегі капиталдандыру үдерістері, Ұлттық банкінің, жеке банкілер мен олардың филиалдарын жабу жөніндегі стратегиялық шешім қабылдауға әсері мүмкіндік туғызды. ЕДБ-лердегі капи-талдандырудың ауқымы мен қарқынының біркелкі еместігіне жарғылық капитал мен активтердің айтарлықтай саралануы себепші болды.
Банк жүйесінің озық дамуы түрлі қаржы топтарының қалыптасуы үшін жағдай жасады. ҚР-сындағы банкілер мен банк қызметі жөніндегі заң банкілердің үлестес тұлғалар құрылымына қатысуына рұқсат береді. Алайда мұңдай құқықты тек ірі банкілер гана пайдалана алады, сондықтан жетекші ЕДБ-лер маңында қаржы топтары құрылды. Мүлік банк секторындағы саны жағынан басым орташа және шағын банкілер жөнінде айтуға болмайды.
Біздің көзқарасымызша, Казкоммерцбанк және «ТұранӘлем» банкілердің қаржы топтары айтарлықтай» өкілдікті болып табылады. Мысалы, «ТұранӘлем» қаржы қызметтерінің толық шоғырьша ие, бұл лизинг («Огіх лизинг» ТӘБ), зейнетақы қоры («Құрмет Қазақстан» ТӘБ ЖЗҚ), сақтандыру қызметтері (СК ТӘБ «Династия» СК, КБ8 «Гарант»), ипотека (БТА«Ипотека»), бағалы қағаздар нарығы (ТұранӘлемҚаржыВУ), ТМД-дағы ТЭБ желісі (8-стратегиялық серіктестер банкі және 9-өкілдік) .
«ТұранӘлем» банкін бірлескен, бөлшек сауда, халықаралық банктерінің үлгісі, сондай-ақ шағын жәие орта бизнестің нысаны ретінде тануға болады. Оның қаржы құрылымы былай бейнеленеді: активтер - 23%, капитал - 14, 5%, клиенттердің депозиттері - 18, 1 %, кредиттер - 27, 6%.
БТА тобына енетін «БТА Табыс» үлестік жариая инвестициялық қоры әлеуетті инвесторлардың инвестициялық мүмкілдіктерін кеңейтуге, инвестициялау мерзімділігі байланысынан тыс пайыздық пайда алуға, Алматы қаласындағы қаржы орталығын халықаралық реттеумен қоса Қазақстанның қор нарығын дамыту үшін алғышарттар құруды көздеген.
Қазіргі уақытта ҚР банк секторы Еуроодақтың халықаралық стандарттарына жақындай түсті. Қолда бар деректер бойынша, ол Орталық Азия елдеріндегі ұқсас жүйелерді басып озуда, ал бірқатар параметрлері бойынша ол ТМД-да ең дамыған болып есептеледі. Банк саласын нығайту және дамыту үдерісі жалғасын табуда, әрі ол тұрақты бола түсуде.
Банк саласы басқа экономикалық жүйеден, бірінші кезекте оған мемлекеттің ерекше коціл болуімен айтарлықтай ерекшеленеді және оның уәкілетті өкілі ҚР Ұлттық банкі болып есептеледі. ҰБ үлттық валюта эмиссиясына монополиялық құқығы бар - жалғыз заңды төлем құралының, ақша мөлшері мен ақша айналымының саннын реттейді, пруденциялық нормативтерді белгілейді, банк қызметіне лицензиялауды жүргізеді. Банк және салық-бюджет жүйесі сияқты экономиканың бірде-бір басқа секторы қатаң рет-телмейтініне көз жеткізуге болады. Мұнда экономикалық еркіндік шектелген, басқарудың ең жиі тарағаны - бір қалыпсыз тәсіл. Дүиие жүзінде жеке ақша түрлерінің көп болғанына жауап әрекеті сияқты мемлекеітің банк жүйесіндегі анықталу жағдайы тарихи түрде қалыптасты. Алайда қазіргі кезде ақшаның бірлескен нысандарын қолданып, ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты, оның нысандарының алуан түрлерін шығару әрекеттері алынып тасталмайды.
Қазақстанда банк саласын реформалау басталғаннан бері қос деңгейлі жүйе қалыптасты, бірінші деңгейі - Ұлттық банк және оның облыстық бөлімшелері, ал екіншісі коммерциялық банкілер болып табылады.
Мемлекеттік банкілер өз қызметтерін нарық ережелері бойынша жүргізеді, ЕДБ мен мемлекет арасында өзара міндеттемелер жоқ, ал банкілердің өзара іс-әрекеттері нарық қатынастары негізінде орындалады.
Алайда, жеке меншік банкілердің басым болуы себебінен банк жүйесі тұтасынан берік емес, ал иелерінің құрамы бойынша ол клиенттер үшін мүлде жабық. Жеке банктің меншікті құрылымы өзіндік банк «қүпиясын» құрайды. Мұндай жағдайда, банкілердің клиенттері үшін тәуекелдіктер деңгейі сөзсіз артады, бірақ депозиттер үшін пайыздық мөлшерлемелері бұл тәуекелдікті ескермейді.
Шамасы, жақын жылдарда, банкілер саны азая түспек. Себептерінің бірі, ЕДБ-де тәуекелдіктерді басқару жүйесін енгізуге, оның қымбатшылығына байланысты көпшілігінің күшінің жетпеуімде. Казкоммерцбанк мамандарының бағалауы бойынша, тек бағдарламалық өнімді әзірлеу оған 2 млн АҚШ долларыннан кем түспейді. Бұл қосылу және қайта құрылу үдерісін жылдамдатады. Банк активтерінің шоғырлануы белсенді жүріп жатқанына, ұлттық банкідің нарық көрсететін қызметтерге молығатындығына, ірі жетекші-банкілер капиталдарын шетелге жіберетіндігіне, олардың банк бизнесіңде кейбір сегментгерді босататына назар аударған жөн. Ең ірі үш банктің - Казкоммерцбанк, ТұранӘлембанк, Халықтық банктің үлестері түседі де, тиісіншс, қағидалардың үлесі арта бастайды. Нәтижесінде бәселестікке төтеп бергісі келетін тек ұсақтары емес, сонымен бірге көлемдері орташа және тіпті ірі банктер де қосылуға мәжбүр бола бастайды.
Банк сандарының азаюы сөзсіз, тек бәсекелестік Ұлттық деңгсйде емес, ең алдымен халықаралық деңгейімен түсіндірілетін объективті үдеріс. Еліміздің алда түрған ДСҰ-на кіру жағдайында ірілену және бір-бірімен, немесе шетел банктерімен қосылу қажеттілігі тұр. Бұл - Алматы қаласында болашақта халықаралық аймақтық қаржы орталығын қалыптастыруға байланысты ай-қындала бастаған ақиқат. Ірі топтарға енбейтін еліміздің бірнеше банктерінің іріленуі, олардың дамуына, елдің банк капиталындағы бөлінбеген үлесінің өсуінің негізін қалауына және банк өнімдерінің арзандауына, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге, олардың қызметтерін әртараптапдыруға мүмкіндік туғызады. Мұны сырттан дұрыс реттеген кезде жасанды тежеу емес, жүйенің өздігінен дамуы тиімді шоғырландыруға әкеледі.
ҚР банк жүйесінің бұдан әрі қарай дамуы қаржылық жаһандану әсерінің барған сайын көбеюінде болады. Ол мына бағыттарда жүреді:
- Алматы қаласын Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы ретінде дамыту;
- ТМД елдерінің нарығына экспансия;
- дамыған Батыс елдерінің банк жүйелерімен байланыстарды күшейту, олармен Ресейді және Орталық Азияны байланыстыратын буын - Қазақстан болуы.
Мемлекеттің банк секторына айтарлықтай қатысуы екі жақты иәтиже беруде. Бір жағынан, мемлекет өз капиталымен ЕДБ-дің ресурстың базасын және отанымыздың иивестициялық әлеуетін арттырады. Екінші жағынан - мемлекеттік кредиттерді пайдалану тиімділігі жеке салымдардыц көрсеткіштерінен кем болып шығады. Елімізде кредит ресурстарының салыстырмалы түрдегі артықшылығы жағдайында мемлекеттік банктердің үлес салмагын азайту қажет. Жуық арада мемлекеттік екінші дәрежедегі банктерді жекешелеидіру қажеттілігінің тууы ықтимал .
Өзін-өзі ұйымдастыру - банк жүйесінде салыстырмалы ұғым. Оның деңгейі мен тиімділігі жүйенің тек ішкі факторларына ғана байланысты емес, сонымен бірге тікелей және әсіресе, жанама әсердің дер кезділігі мен келісушілігіне, олардыц бірін-бірі толықтырушылығына, банк қызметін ынталандыруға және оның инвестициялық құрамдас бөлігіне байланысты. Уәкілетті мемлекеттік құрылымдардыц белсенді араласуы тек дағдарыс жайдайлары болған немссе болжанғанда болуы мүмкін. Сөйтіп, оңтайлы реттеу тек банк бизнесіндегі артық шектеулерді жоюда ғана емес, сонымен бірге реттейтін шараларды белгілі бір тізбектілікпен немесе, керісінше, уақыт үйлесуінде кешенді, жүйелі жүргізуді тұспалдайды.
Банк жүйесінің жай-күйі көбінесе банктердің меншікті капиталының көлеміне байланысты. Оған қатысты іс жүзінде әлемнің көпшілік елдерінде барлық пруденциялық нормативтер есептелінеді.
ҚР коммерциялық банктер меншікті капиталының серпінін талдай отырып, тұтас алғанда оның өсуі жүріп жатқанын атау керек. Дегенмен өсу қарқыны жылына ондаған пайыздарға жетсе де, меншікті капитал көлемі активтердің озық жүрген қалыптасуымен салыстырғанда 0, 2%-ға төмендейді. Бұл үрдіс, біріншіден, экономиканың басқа секторларының банкке деген сенімімен түсіндіріледі. Бірақ та, екінші жағынан, ЖІӨ-ге қатысты меншікті капиталдың мөлшері әлі де болса жеткіліксіз.
Тұжырымдағанда: орта және ұзақ мерзімді несиелсрдід үлесі өсуде, яғни еліміздің халқы тек тұтынушылық мұқтаждыққа ғана емес, сонымен бірге өндірістік мақсаттарға да пайдалана бастады.
Несие қоржынының ең үлкен үлесі - Халық, Казкоммерц және ТұранӘлем банктерінде. Несиенің үлесі Халық, Орталық Несие банктерінде үдемелі өсуде. Бұл көрсеткіштің елеулі төмендеуі Темірбанкте және әсіресе, Қазақстан Ситибанкінде байқалады.
Пайыздық мөлшерлемелер жоғары деңгейінің іс-тәжірибесі елдегі қаржы-экономикалық дағдарыс жылдарына барып тіреледі. Сол кезеңде кредиттер 200 және одан да жоғары жылдық пайызбен берілді. Алайда дағдарыс кезеңіндегі олардың деңгейінің томендеуі инфляцияның төмендеу қарқынынан артта қалды. Банктерде инфляцияның төмендеуінен кешігу нәтижесі найда болды.
Алайда, қазір кредит нарығында қарыз қаражатын шағын қарыз алушылардың пайдасына шоғырландыру күшейе түсуде. Дүниежүзілік Банк деректеріне сәйкес, 2001 ж. ЕДБ-дің ірі қарыз алушыларыныц жартысына кредиттің жалпы сомасьшың 85% келді, сол қарыз алушылардыц жартысына, яғни банк жүйесінің жалпы кредиттеу көлемінің 45%-ы жатады. Теориялық тұрғыдағы мұның тетігі былай қалыптасады: кәсіпорындарда төменірек пайыздық мөлшерлемелер мен ұзақ мерзімді несиелер қажет болған кезде, банкілер, негізінен, қысқа мерзімді кредиттеуге арналған ресурстарды ұсынады. Өндірістің қалыпты қызмет етуі үшін кәсіпорындар түрлі банктерден кредиттерді «тізбек бойынша» алуға және банктерге «тізбек бойынша» мерзімі болысымен қайтарып есеп айырысуға мәжбүр. Егер кәсіпорынға мерзімі 1 жылға 4 млн. тенге мөлшерінде кередит қажет болса, ал банк қарызды нақты 3 айға берсе, онда бірінші банктен 1 млн. тенгені, екіншіден - екі миллион тенге (1 миллион тенгені бірінші банктің кредиттін қайтару үшін), үшінші тоқсанда үшінші банктен, қарызға алушы енді үш млн. тенге (екі миллион тенгені банкіге қайтару және 1 миллион тенге (екі миллион теңгені банкіге қайтару жәнс бір миллион теңге - меншікті жобаны қаржыландыруды ескеріп) алады. IV тоқсанда кредит сомасы 4 млн теңгеден кем болмайды, өйткені үшінші банкіге қайтару 3 миллионға тең де, бір миллионы - кәсіпорынның өз мұқтажы үшін жұмсалады. Сөйтіп, бір жағынан, кәсіпорын өзін ырғақты қаржыландырады, екінші жағынан - бір жылда банк жүйесі бергее кредиттердің көлемі жөніндегі есептемелерде, 10 млн теңге өтеді: бір миллион теңгені бірінші банк көрсетеді, екіншісі - екі, үшіншісі -үш және төртінші банк есебінде төрт миллион теңге көрсетіледі. Яғни, төрт миллион кредит бір жыл мерзімге беріп, банк жүйесі 2, 5 есе көтеріңкі кредит сомасын көрсетеді. Мысал гипотеза емес, ол банктердің есептемелерінде нақгы кездеседі және кредит сапасын бағалауда, олардың кө-лемін мерзімдері бойынша бір бөлгішке келтіру мүмкіндігіне уақытша көзқарастың қажеттілігін растайды. Бір жылга делік, 1 млн теңгеден 3 айға берілген төрт кредит, бір жылға берілген бір кредитке тең болады. Мәселенің бұлай қойылуы экономиканың нақты секторындағы кредитте қажеттіліктің қалай «өтелегінін» дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл проблеманы бақылауды құрылып жатқан кредит бюросы жүргізеді. Банкі аралық бәсекелестікті ескере отырып, несие бюросы толығымен, немесе мемлекет тарапынан бастапқы кезеңде әрекет ете алады. Мұндай бюролар, ең алдымен, ірі банктерге пайдалы. Олар аймақтарда клиенттер жөнінде сенімді ақпаратқа ие болады және азырақ капиталдандырылған аймақтық банктерді ығыстырып шығарады.
Нәтижесінде, тәуекелділіктер азаяды, көрсетілетін қызмст сапасы жақсарады, ең маңыздысы бүкіл банк жүйесі тұрақтылыққа ие болады.
Халық салымдарының құрылымында мерзімді депозиттер үлесі біртіндеп өсуде. 2006 жылдың соңында бұл корсеткіш 78, 93%-ды құрды, ал бір жылдан кейін - 80, 4%-ға тең болды.
Қазақстан Ұлттық банкісінің ақшаны жинақтауға ынталандғру Багдарламасын жүзеге асыруда жеке тұлғалардың депозиттеріне (салымдарына) кепілдік беру (сақтандыру) Қорының қызметіне көбірек көңіл бөлінеді.
Коммерциялық банкілердегі азаматтар салымдарын сақгандыру пайдасының негізгі дәлелдері: салымшылар арасында үрейді болдырмау және «ақпарат алмаған салымшыларды қорғау». Салымшылар банктің банкроттығы бойынша негізді және негізсіз қауіптенуі, қарыз қаражаттарымен жұмыс істейтін тек жеке банктің банкроттауына ғана емес, сонымен бірге ол негізінен жиі болатын «домино әсері» деп аталатынға да әкелуі мүмкін. Бұл банк жүйесінің жүйелік дағдарысына әкелуі мүмкін болатын салымшылар өз қаражаттарын банктерден жаппай алған кезде басталады, сонымен бірге «банктерге шабуыл» сенімсіз ақпарат, газеттің «жалған хабары» себебінен болады. Дағдарыс жағдайына ұшыраған банк клиентгерінің депозиттерін тым болмаса ішінара өтеу арқылы банк үрейін болдырмау, шығыстары әдеттегідей, жүйелік дағдарыс салдарын жою шығындарынан әжептәуір аз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz