Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерінің класификациясы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім . . . 4

2. 1 Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерінің класификациясы . . . 5

2. 2 Сапа көрсеткіштерінің жіктелуі . . . 7

2. 3 Сапа көрсеткіштерінің атаулықтары . . . 9

  1. Қорытынды . . . 11
  2. Қолданылған әдебиеттер . . . 12

КІРІСПЕ

Өнім сапасы қаныққан нарық пен бағалық емес бәсекелестіктің басым шарттарында кәсіпорынның қызмет етуінің маңызды критерилерінің қатарына кіреді. Өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін арттыру ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен жалпы өндіріс әсерлілігінің өсуін анықтайтыны, экономика интенсивтілігіне, отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігіне және елдің өмір сүру деңгейіне айтарлықтай әсер етеді.

Сапа - көп жобалы түсінік, оны қамтамасыз ету көптеген мамандардың шығармашылық потенциалы мен тәжірибесін біріктіруді талап етеді. Сапаны арттыру мәселесі тек қана мемлекет, басқарудың ұлттық органдары, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарының мүшелері мен жетекшілерінің жұмылдырылған күшімен ғана шешілуі мүмкін. Өнімнің сапасын әрине біз сапа көрсеткіштері арқылы толығымен біле аламыз. Сонымен сапа көрсеткіштері дегеніміз не, оның мәні мен қызметі қандай ?

Сапа көрсеткіштері - өнімнің мақсатын, сенімділігін, технологиялылығын, стандарттау мен унификаттау деңгейлерін, сондай-ақ эргономикалық, эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, патенттік-құқықтық аспектілерін және тасымалдылық, қауіпсіздік, экономикалық параметрлерін сипаттайтын өзарабайланысты көрсеткіштер жиынтығы.

Сапа көрсеткіштерінің мәні оның саңдық маңызын анықтау, қызметі - сапаның көрсеткішін түсіну болып табылады.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

• сұрыптылығы;

• маркасы;

• жүктелімі;

• пайдалы заттың мазмұны;

• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т. б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Сапа көрсеткіштері - дегеніміз өнімнің тағайындалымын, сенімділігін, технологиялығын, стандарттау және унификаттау деңгейін, эргономикалық, эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, патентті-құқықтық аспектілерін, көліктік тасымалға жарамдылығын, қауіпсіздігін, экономикалық өлшемдерін сипаттайтын өзара байланысқан көрсеткіштерінің жиынтығы.

Өндіруші түсінігіндегі сапа мен тұтынушы түсінігіндегі сапа ұғымы өзара байланысты. Өндіруші өнімді тұтынудың толық кезеңінде сапаға қамқорлық көрсетуі керек. Бұдан басқа ол сатудан кейінгі қажетті қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі керек. Әсіресе бұл бағдарламалық өнімдер үшін, пайдалану күрделілігімен ерекшеленетін тауарлар үшін аса маңызды.

Бұйым сапасы тұтыну процесінде айқындалуы мүмкін. Тұтынушы талаптарына сәйкестік тұрғысынан өнім сапасы түсінігі дәл осы нарықтық экономика шарттарында құрылған, осының нәтижесінде сапаны жүргізу өмір салтын, адам мен қоғамның жетісті дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық негізді анықтайтын фундаменталды санаттардың бірі болып қалыптасты. Жалпы алғанда сапа аумағындағы саясат келесі қағидалар негізінде қалыптасуы мүмкін:

  • барлық деңгейде ашықтық қағидасы- сенімділікке қажетті шарт. Ол ақпаратқа, егер бұл ақпарат қауіпсіздік талаптарына, стандарттауға, сынау әдістеріне немесе сертификаттауға қатысты болса, бәрінің - дайындаушылардың, мемлекеттік билік органдарының және тұтынушылардың бірдей қол жетерлігін білдіреді.
  • бәсекелестік қабілетті арттыру- өнімнің ақаулықтарын жойып, артықшылықтарын арттыруды білдіреді;
  • адамдық потенциалды ортақ фактор түрінде қолдану, мемлекеттің әр түрлі ұлттық мәдениеттерінің иілгіш интеграциясында;
  • сапаның инфрақұрылым элементтерінің дамуы мен беріктенуіжәне осы элементтер мен компаниялардың тығыз қызметтері, бұл соңғыларының қызметін әсерлірек және нарықтық экономиканың жаңа талаптарына үйренгіш етеді;
  • сапаға жаңа ықпал- бұл қағида тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру үшін толық өндіріс циклын үздіксіз жақсарту процесіне жұмысшыларды жұмылдыру мен компанияның барлық бөлімшелерініғ қызметіне негізделген фирманы басқару стратегиясындағы жаңа философияның қалыптасуын білдіреді.

Өнім сапасын басқару мен оны арттыру үшін сапа деңгейін бағалау қажет. Өнім сапасын сандық бағалайтын қызмет аумағы квалиметрия деп аталады. Өнім сапасын сандық бағалайтын қызмет аумағы квалиметрия деп аталады. Өнімнің сапасф мен деңгейін бағалау өнім сапасын басқару жүйесінде қажетті басқарушы әсерлердә өндіру үшін негіз болып табылады.

Бағалау мақсатымен келесілер шартталады: қарастыру үшін сапаның қандай көрсеткіштерін таңдау керек, олардың мәндерін қандай әдістермен және қандай дәлдікпен анықтау крек, бұл үшін қандай амалдар керек, бағалау нәтижесін қалай өңдеп, оны қандай формада көрсету керек.

Өнім қасиеттері сапалық және сандық түрде сипатталуы мүмкін. Сапалық сипаттамалар - бұл, мысал үшін бұйымның қазіргі заманға сәнге, дизайнге, түске және т. б. сәйкес болуы. Өнім сапасын құрайтын, оның құрылуының және пайдалануының немесе тұтынылуының белгілі шарттарына қатысты қарастырылатын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы өнім сапасының көрсеткіші деп аталады. Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдісі 2 топқа бөлінеді: ақпаратты алу әдісі бойынша және ақпаратты алу көзі бойынша.

1-кесте. Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерінің класификациясы.

Өлшенетін әдіс - техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен өлшеніп алынатын сапа көрсеткіштерінің сандық мәндер алу ақпараты.

Өлшенетін әдіспен көптеген сапа көрсеткіштері анықталады. Мысалы, өнімнің массасы, оның өлшемдері, механикалық және электрлік кернеуі, қозғалтқыштың айналу саны, транспорттың жылдамдығы және сапаның басқа көрсеткіштері.

Статистикалық (тіркелетін) әдіс - бұл әдіс белгілі бір іс-шараның, өнімнің немесе шығын санын бақылау және есеп жүргізу негізінде алынады. Бұл әдіс бойынша өнімді эксплуатациялаған кездегі қабылалмау санын анықтайды, өнімді құру немесе эксплуатациялау шығынын есептейді, күрделі бұйымның бөлшектер санын есептейді (барлығы, стандартты бөлшектер, унификатталған бөлшектер, ерекше бөлшектер, патентпен қорңалған бөлшектер және т. б. ) .

Органолептикалық әдіс - сезу мүшелері арқылы алынған ақпараттар: көру, есту, дәмді сезіну, иісті сезу және т. б. Бұл әдісте сезу мүшелерінің сезімталдығын қарқындататын өлшеу құралдарын қолдануға болады. Мысалы, лупа, микроскоптар, дыбысты көтеретін микрофондар және т. б.

Есептелінетін әдіс - сапа көрсеткіштерінің параметрлерге теориялық тәуелділігін қолдануда негізделген. Бұл әдіс әзірленетін бұйым тәжірбиелік зерттеу объектісі болмаған кезде, техниканы жобалау және конструкциялау барысында пайдаланады. Септеу әдісі болжамдау және үйлесімді (нормативті) мәнді табу үшін қолданылады. Мысалы, өнімділік, еңбек сиымдылық, сенімділік және т. б. көрсеткіштер.

Экперттік әдісте ақпараттарды алу көзі бойынша, көрсеткіштер тұралы шешім эксперттермен қабылданады. Бұл әдіс басқа да жоғары объективті әдістермен көрсеткіштерді анықтау мүмкін болмағанда қолданылады.

Әлеуметтік әдіс - қарастырылатын өнімді тұтынушылардың мүмкін немесе нақты көз қарасын жинақтау және талдауға негізделген.

Дәстүрлі әдіс - сапа көрсеткіштерінің мәнін, оның дәстүрлі көздерінің ақпаратын пайдалану алқылы анықтауға негізделінген және кәсіпорынның есептік бөлімшелердің арнайы тәжірибелік қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Сапа көрсеткіштері - өнімнің мақсатын, сенімділігін, технологиялылығын, стандарттау мен унификаттау деңгейлерін, сондай-ақ эргономикалық, эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, патенттік-құқықтық аспектілерін және тасымалдылық, қауіпсіздік, экономикалық параметрлерін сипаттайтын өзарабайланысты көрсеткіштер жиынтығы.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жалпы жиынтығын, оның қасиетін сипаттайтын жеке және кешенді көрсеткіштерге, сондай-ақ оның сапасының деңгейін білдіретін жалпылама көрсеткіштерге бөлуге болады.

Жалпылама көрсеткіштер шығарылатын өнімнің түрі мен мақсатына қарамай сапасын сипаттайды. Оларға, жекелегенде, белгілі топ өнімнің жалпы шығарылуындағы алғы, өте тиімді жеке бұйым түрлерін өндірудің көлемдік және үлестік салмағын, сондай-ақ жоғары сапалы өнім пайдаланудағы экономикалық тиімділік мөлшерін жатқызуға болады. Жалпылама көрсеткіштерге, сондай-ақ бірқатар өнеркәсіп салаларындағы өнімдердің сорттылық көрсеткіштері де жатады. Сапаның жалпылама көрсеткіштері өнеркәсіптер, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық мекемелер жоспарларында қолданылады.

Сапаның жеке және кешенді көрсеткіштері, шығарылатын өнім ерекшеліктері мен оны өндіру сипатын ескере, сапаны жақсарту жөніндегі нақты тапсырмаларды анықтау үшін қолданылады. Олар конструкторлар мен технологтар жұмыстарында өнім жасау мен жаңаларын игеру және бұрын игерілгендерді жаңартуда (модернизациялау), оларды өндіруді техникалық бақылау мен басқа да мақсаттарда пайдаланылады.

Өнім сапасының көрсеткіші өнімнің белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылық деңгейін санды түрде сипаттайды. Өнімнің сапа көрсеткіштер атаулыға оның тағайындалымына байланысты, ол әр түрлі бірліктерде өрнектелуі мүмкін.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің әр түрлі белгілері бойынша жіктелуі мына кестеде көрсетілген.

Сапа келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Өнім сапасының көрсеткіші - өнімнің сапасын құрайтын бір немесе бірнеше қасиеттерінің санды түрдегі сипаттамасы;

Жалпылаушы көрсеткіш - шығарылатын өнімнің сапасын тағайындалымы мен түріне байланыссыз сипаттайды.

Сапаның жалпылауыш көрсеткіштері кәсіпорындардың, ұйымдардың жоспарында қолданылады. Осы көрсеткіштер деңгейінен жалпы кәсіпорын мен салада шығарылатын өнім сапасы туралы түсінік алуға болады.

Өнім сапасының бірлік көрсеткіші - өнімнің қандай да бір қасиетін сипаттайтын көрсеткіші. Күрделі өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін көп мөлшердегі бірлік көрсеткіштерді есептеу керек, бұл әр түрлі бағаланушы өнімдер сапасының деңгейі туралы шешім қабылдауды қиындатады. Бұл жағдайларда қабылданатын шешімдер бойынша кепілдемелерді негіздеу үшін өнімнің техникалық деңгейін таңдап алынған бірлік көрсеткіштерді бір кешендік көрсеткішке біріктіру нәтижесінде шығатын бір санмен бағалап, осындай әдіспен өнім сапасының деңгейін кешенді бағалауға ауысқан жөн.

Өнімнің сапа деңгейін дифференциалды бағалау әдісі деп өнім сапасының бірлік көрсеткіштерінің мәндерінің жиынтығын сәйкес базалық көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруға негізделген бағалауды айтамыз.

Екі қатынастан қолданысы кезінде көрсеткіштің қатынастық мәнінің өсуі өнімнің техникалық деңгейі артуына әкелетінін таңдап алады.

Бағаланушы өнім сапасының бірлік көрсеткіштер мінінің жиынтығын базалықпен салыстыру кезінде келесі жағдайлар пайда болуы мүмкін:

  • барлық қатыстық міндер бірге тең немесе одан көп. Бұл бағаланушы өнімнің техникалық деңгейінің базалыққа тең немесе одан артық екенін көрсетеді;
  • көрсеткіштердің барлық қатысты мәндері бірден аз, Бұдан бағаланушы өнімнің техникалық деңгейінің базалықтан кіші екенін білдіреді;
  • көрсеткіш мәндерінің бір бөлігі бірге тең немесе артық, ал қалған бөлігі бірден аз. Бұл жағдайда өнімнің сапа деңгейін бағалаудың кешендік әдісін қолдану қажет.

Өнім сапасының кешенді көрсеткіші - өнім сапасының бірнеше қасиетін сипаттайтын көрсеткіш.

Өнімнің техникалық деңгейін дұрыс анықтау үшін сапаның кешенді көрсеткіштерін жеткілікті дәрежеде негіздеу қажет. Сонымен қатар, жоғары сапалы өнімге кешенді көрсеткіштің кішірек немесе үлкенірек мәні, ал кешенді көрсеткіштің ең үлкен немесе ең кіші мәні ең жақсы өнімге сәйкес келуі керек.

Осы шарттарды қанағаттандыратын сапаның кешенді көрсеткіштері құрамды деп аталады. Өнім сапасының кешенді көрсеткіші екі жолмен өсірілуі мүмкін:

  • өнім сапасының алғашқы көрсеткіштерінен басты немесе интегралды көрсеткіштің функционалды қатынасынан;
  • өнім сапасының орташа өлшенген көрсеткіштерінен.

Бірінші әдісте кешенді көрсеткәштің функционалды қатынасы өнімді тағайындалымы бойынша пайдалану процесінің математикалық моделін анықтаумен табылады. Мұндай кешенді көрсеткіштерге мысал ретінде дайындық коэффициенті мен өнім сапасының интегралды көрсеткішін келтіруге болады.

Өнім сапасын кешенді бағалау үшін барлық мүмкін жағдайларда өнімнің өзінің негізгі тағайындалымын орындауға мүмкіндігін толығырақ айналдыратын көрсеткішін аныктап, қолдану қажет. Мысалы, машина дөңгелегінің сапасын анықтаушы көрсеткіші дөңгелектің километрде жүруі, ал көліктік амалдар үшін - белгілі қашықтыққа тасыған жүк немесе жолаушылар, металл кесуші станоктар үшін - өндірістілігі және т. б.

Өнімнің сапасын кешенді бағалауда әрқашан кешенді көрсеткіштің қарастырылып жатқан құбылыстың физикалық мәнін көрсететіндей бастапқы көрсеткіштерге қатынасын анықтау керек.

Сапаның интегралдық көрсеткіші өнімді пайдаланудан немесе тұтынудан пайдалы әсер сомасының оның пайдалануына немесе тұтынуына кеткен шығын сомасына қатынасын көрсетеді.

Сипатталатын қасиеттеріне байланысты сапа көрсеткіштерінің бірнеше тобын қарастыруға болады:

1. Техникалық әсер (тағайындалымы) көрсеткіштері - өнімнің тағайындалымы бойынша пайдаланудан және оның қолданысы аумағына көрсетілетін қызметтен пайдалы әсерді сипаттайтын көрсеткіштер.

2. Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік сапа көрсеткіштерінің маңыздыларының бірі болып есептеліп, бұйымның белгілі кезең ағысында нақты пайдалану шарттарында берілген функцияларды бастартусыз орындау қабілеттілігін сипаттайды.

Сенімділік көрсеткіштерін сипаттау үшін алдын-ала келесі ұғымдар қатарын қарастыру қажет:

- сенімділі - объектінің орнатылған шектерде уақыт бойынша өзінің өлшемдерін сақтау қасиеті;

- бастартусыз - объектінің біршама уақыт ішінде өзінің жұмысқа қабілетті күйін үздіксіз сақтау қасиеті;

- жұмысқа қабілетті күй, жұмысқа қабілеттілік - объекті өлшемдерінің орнатылған шекте болатын күйі;

- бастарту - жұмысқа қабілетті күйдің бұзылу жағдайынан тұратын оқиға;

- жөндеуге жарамдылық - объектінің жұмысқа қабілеттілік күйін ұстап тұруға және қайта қалыптастыруға қабілеттілігінен тұратын қасиет;

- дайындық коэффициенті - бұл объектінің тағайындалуы бойынша қолданысы қажет болған кез-келген уақыт кезінде жұмысқа қабілетті күйде болу ықтималдығы;

- техникалық пайдалану коэффициенті - біршама кезеңде объектінің жұмысқа қабілеттілік күйде болу уақыт сомасының математикалық күтудің объектінің сол кезең ішінде техникалық қызмет көрсетуге байланысты жұмыссыз тұру және жөндеу уақытының математикалық күту сомасына қатынасы;

- сақталғыштығы - объектінің сақтау және көліктік тасымал кезінде немесе тағайындалымы бойынша қолданулар арасындағы үзілістерде жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті;

- ұзақ қызмет ету - объектінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің орнатылған жүйесінде біршама уақыт ағысында шекті күйге жетпеу қабілетін көрсететін қасиет.

Бұйымның сенімділік және ұзақ уақыт қызмет ету көрсеткіштерін анықтауда бұйымның дефектілік деңгейін, бұйымның дефектілік индексін және сенімділік коэффициентін санды түрде бағалауды қабылдау жүргізіледі.

3. Ресурстарды үнемді пайдалану - өнімді дайындау мен пайдалану кезінде кеткен материалдық шығынды сипаттайтын көрсеткіштер.

4. Эргономикалық көрсеткіштер - өнім сапасын оның адаммен пайцдалануға қабілеттілік тұрғысынан сипаттау. Эргономикалық көрсеткіштерді келесі топтарға бөлуге болады:

- антропометрлік көрсеткіштер өнімді адам денесі өлшемдері мен пішіндері тұрғысынан сипаттайды;

- физиологиялық көрсеткіштер өнімді адамның күштік мүмкіндіктері тұрғысынан, оның сезім мүшелері - көру, есту - мүмкіндіктері тұрғысынан сипаттайды;

- психофизиологиялық көрсеткіштер бұймның адамның сезім мүшелерінің ерекшеліктеріне сәйкестігін сипаттайды. Олар жұмыс қимылдарының жылдамдығы мен мөлшеріне, көру, есту ақпараттарының көлеміне әсер етеді;

- психологиялық көрсеткіштер бұйымның адамның жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктері мен мүмкіншіліктеріне сәйкестігін сипаттайды;

- гигиеналық көрсеткіштер өнімнің гигиеналық қасиеттерін - шу, діріл, температура, ылғалдылық, шаңдылық деңгейін сипаттайды.

Эргономикалық деңгейлердің көбі берілген саладағы дайындалған арнайы баллдық бағалау шкалалары бойынша эргономист - сарапшылар анықтайды.

5. Эстетикалық көрсеткіштер - өнімнің эстетикалық қасеттерін - копазиция тұтастылығын, үйлесімділігін, бейнелілігін және т. б. сипаттайтын көрсеткіштер.

Тұрмыстық тағайындалымды бұйымдар үшін бұл тауарлық түрі, сәнге сәйкестігі. Келесі топшаларды атап өтейік:

  • пішінінің рационалдық көрсеткіші;
  • ақпараттық бейнелілік көрсеткіші;
  • компазицияның тұтастылық көрсеткіші;
  • өндірістік орындалудың жетілдірілу көрсеткіштері.

6. Экологиялық көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезіндегі

оның табиғатқа зиянды әсері деңгейін сипаттайды. Бұл әсерлер атмосфераға шығарылатын қалдықтар, су мен жердің ластануы түрінде байқалады.

7. Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері айналасы мен пайдалану немесе тұтыну кезінде қызмет көрсетуші персонал мен жанасушы объектілердің қауіпсіздігін сипаттайды.

Көрсеткіштердің аталған топтарынан басқа өнім сапасын сипаттау үшін өнімнің немесе оның қолдану ерекшеліктерімен шартталған басқа қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер де қолдануы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Сапа деңгейін бағалау
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Квалиметрия
Құс етінің классификацисы. жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау
Ақпараттық жүйелер басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Квалиметрия дайын өнім сапасын сандық бағалау әдісі ретінде
Веста ЖШС –ның экономикалық көрсеткіштерін талдау
Газгольдерлер классификациясы және эжекторлық төгу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz