Құқықтық әдет – құқықтық нысаны ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Кафедра:
Факультет:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ - ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5-7
І Құқық НЫСАН ҰҒЫМЫ МЕН мазмұны
1. 1 Құқық нысандары түсінігі, түрлері . . . 8-9
1. 2 Құқық нысанының мазмұны мен құрылымы . . . 10-22
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ - ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2. 1 Құқықтық әдет түсінігі, мазмұны . . . 23-31
2. 2 Құқықтық әдет ерекшеліктері . . . 32-33
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35
ҚОСЫМШАЛАР . . . 36-38
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Құқықтық әдет - құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында ғасырлар бойы қолданылған, өмірде жан-жақты тәжірибе арқылы қалыптасқан. Мысалы, Ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» және т. б. айтуға болады. Қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда, күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.
Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көршіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау әдеті) . Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған. Қазақтың әдеті бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық коғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілетін. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа құрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес құрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.
Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдеттер ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олярдың өсіп-өніп, өмір суруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылады. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекетін алғаш бағыттап отырады. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп , мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналады. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау, орындау - міндет пе әлде құқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те шықпайды. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзінен-өзі түсінікті жағдай болып саналады. Рулық әдеттер, дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан да көруге болады.
Ру - туыстық (бір атадан тараған ұрпақтардың) байланыстардың дәнекер болуынан жеке шаруашылықты бірлесіп жүргізуге негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Құқықтық әдет нормалары - көп рет қайталана отырып, әдетке айналу нәтижесінде, соған орай, қоғамдық пікірмен сақталатын және қолдау табатын, тарихи даму процесінде қалыптасатын нормалар. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті жоқ.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т. б. қатынастар. Құқықтық нормалар арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйелігінде.
Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтың болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар обьективті түрде заңды бола алмайды. Курстық жұмыста құқықтық әдет пен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі, түрлері, субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы мен міндеттері толық айқындалған.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқықтық әдет-ғұрыптарын толық зерттей отырып, олардың құқық теориясындағы орнын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті - құқықтық әдет-ғұрыптардың, әдет нормаларының міндеттерін, ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін зерттеу.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі 30 беттен тұрады.
І Құқық НЫСАН ҰҒЫМЫ МЕН мазмұны
- Құқық нысандары түсінігі, түрлері
Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория - «Мазмұн мен нысанды» жақсы білу қажет. Мазмұн - белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал нысан - мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Тек қалыптасқан белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды, мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-қатынасында басты ролді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді. Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін нысан оның дамуына, ілгері басуына жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін ескі нысан оның дамуына кедергі жасайды. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.
Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны. Ғылым құқықтың ішкі-сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны - құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді; сыртқы нысаны - құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.
"Құқықтың нысаны" және "құқықтың негізі" бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан - құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз - құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.
Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалдық заңды. 1) материалдық негізге - қоғамдағы экономикалық базистың, меншіктердің талаптарына сәйкес қабылданған нормативтік актілер жатады; 2) идеалдық негізге қоғамдық идеологияның, сананың талаптарына сәйкес қабылданған құкықтық нормалар; 3) заңды негізге - қоғам жақсы, сапалы дамуының талаптарына сәйкес қабылданған нормалар, құқықтық жүйелер. Бұл көрсетілген үш күрделі бағыттан басқа құқықтық негіздерінің тағы бірнеше түрлері бар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, корпоративтік, діни, нормалар, заң ғылымының қорытынды ұсыныстары т. б.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді. Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен салдарына қолайлы жағдайлар жасап, қоғамды жаксы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады: қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ұлттық даму процесі, адамдардың рухани сана-сезімі, халықаралық, мемлекетаралық байланыстар т. б. Бұл процестердің құқыққа әсері іштей де, сырттай да, объективтік және субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Олардың әсері әр түрлі деңгейде болады және өзгеріп отырады - бірде күшейіп, бірде бәсеңдеп, әсіресе елде экономикалық, әлеуметтік жағдай төмендесе, нашарланса халықтың қысымы, айғайы, тұрақсыздығы күшейеді. Осының бәрі құқықтың мазмұнына, негізіне, нысанына, сапасына көп әсер етеді. Бұл әсерлердің жақсылыққа апаруы да, жамандыққа ұшыратуы да мүмкін. Құқықтың негіздері мен нысанының сапасының деңгейіне қарап құқыққа, қоғамға баға беруге болады.
Құқықтың негіздері мен нысандары әр формацияда әр түрлі болады. Құл иелену формациясындағы құқықтың негіздері мен нысанының түрлері: діни, әдет-ғұрып, моральдық нормалар, лауазымды тұлғалардың нұсқаулары, доктриналдық талқылаулар. Феодалдық құқықтың негіздері мен нысандарының түрлері: «күштінің құқығы» - деген атақ (праов сильного) берілген, діни нормалардың үстемдігі және соттың прецеденты, заңгер ғалымның еңбектері. Буржуазиялық құқықтың негіздері мен нысандары мемлекеттік басқаруды бірте-бірте күшейте отырып, қарым-қатынастардың басым көпшілігін құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқаруға көшті.
Сонымен, әр елде құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде - парламенттің, екінші елде - президенттің, үкіметтің, үшінші елде - соттың, төртінші елде - діннің рөлі күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың, мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені олар өзара байланыста болып, бір-бірінің жақсы, заңды тәжірибелерін пайдаланып отырды.
1. 2 Құқық нысанының мазмұны мен құрылымы
Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі болып отыр.
Құқық нысаны - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді; екінші - мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді; үшінші - қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды құқықтың нысаны дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар. Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаң да құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құқықтың нысаны.
Құқық нысанының белгі - нышандары, ерекшеліктері:
1. Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске асыратын нормалар;
2. Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.
3. Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар.
4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.
Құқық нысанының негізгі түрлері:
Құқықтық әдет-ғұрып, бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», т. б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
Прецеденттік құқық нысаны - белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар: а) соттық прецедент, ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі) .
Заң ғылымы - (құқықтық доктрина) - құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.
Нормативтік шарттар - қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы, ГФР - ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т. б.
Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі. Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.
Нормативтік-құқықтық акт - мемлекеттік органның қабылдаған - бекіткен актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі, біріншіден - нормативтік актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады, екіншіден - құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.
Нормативтік-құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:
1. Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңды құқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.
2. Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжірибесін пайдалануға көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.
3. Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші рөлін, Конституцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.
Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр:
- құқықтың тарихи ескерткіштері;
- тарихи ескі мұралар;
- археологиялық қазба деректер;
- заң жұмыстарының тәжірибесі;
- заңгерлердің еңбектері;
- заң бағытындағы ғылыми еңбектер;
- құқықтық шарттар;
- нормативтік актілер;
- заңдар, заңға тәуелді актілер.
Міне осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады.
Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаларда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың, ұжымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.
Құқықтың ең күрделі нысандары:
- Құқық салаларының нормативтік актілері;
- Қоғам салаларының нормативтік актілері;
- Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік-ведомстволардың актілері;
- Жергілікті органдардың актілері;
- Сот жүйесінің актілері.
Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық - қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.
Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың жиынтығы.
Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;
Техникалық нормаларға кең көлемде, «адам - машина», «адам мен еңбек құралдары», «адам және өндіріс», «адам- табиғат» (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады.
Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың «Субъективтік құралы» тек адамдарға ғана қатысты емес.
Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Мысалы, кейбір топтағы техникалық нормалар, өздерінің маңыздылығына байланысты әлеуметтік нормалардың заңдарында бекітіліп техникалық - заңдылық сипаттағы нормалар атауына ие болады. Ол дегеніміз - техникалық жағдайлар, әртүрлі мемлекеттік стандарттар (ГОСТ ылар), әсіресе суды, темір жолды және әуе жолдарын пайдаланғанда (техникалық қауіпсіздікті сақтау) . Ол тәртіптерді бұзғаны үшін, заңды жауапкершілік тағайындалады: мүліктік, әкімшілік - құқықтық және қылмыстық -құқықтық.
Тұрмыста пайдаланылатын техникалық нормалар құқықпен жанаспайды, сондықтан оларды бұзудан жауапкершілік тумайды (мысалы, әртүрлі тұрмыстық заттарды пайдалану - телевизорды, тоңазытқыштарды, магнитафондарды пайдалану кезінде, оның тетіктері дұрыс пайдаланбағандықтан бұзылса, оны жөндеу соның иесіне жүктеледі) . Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.
Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада қолданылатын құқық Констетуцияның, соған сай келетін заңдардың, өзгеде нормативтік - құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері - делінген Констетуцияда, ол - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі - ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі - оң және теріс мінез - құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым - қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz