Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Кәсіпкерліктің теоретикалық.экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, құрылымы ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 21 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек».
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады.

Қолданған әдебиеттер тізімі
1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
3. С.С. Сахариев, А.С. Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».
6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, Экономика, 2002ж.
7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»
8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
10. «Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К.Ж. Алматы 2007ж.
11. «Кәсіпкерлік» Бисенғазиев М.Б.
12. «Қазпочта» акционерлік қоғамы туралы ақпарат
13. Годовой отчёт АО «Казпочта» за 2004-2005 годы.
14. План развития акционерного общества «Казпочта» с 2002 по 2010 годы.
15. Отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности АО «Казпочта» за 2005 - 2006 годы.
16. Бухгалтерский баланс АО «Казпочта» за 2005 год.
17. Отчет о доходах и расходах АО «Казпочта» за 2005 год.
18. Отчёт о движении денег АО «Казпочта» за 2005 год.
19. Отчёт об изменениях в собственном капитале АО «Казпочта» за 2005 год.
20. План развития АО «Казпочта» на 2006 - 2008 годы.
21. Пояснительная записка к Отчету по итогам за 6 месяцев 2006 года.
22. ҚР үкіметінің 2007-2009 ж.ж арналған бағдарламасы

1 Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны, құрылымы ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .15
2.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының
институттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік
тәжiрибесi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 35
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту
үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін
республикамыздың тәуелсіздігінің 21 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз
жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі
өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды,
сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін,
қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты халқына жолдауында ...
кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары
үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.
Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға
бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, метталлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия
өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған жасырын монополияларды
құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ
отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына
кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы
секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек.
Кәсіпкерлік саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына
орасан роль атқаратыны мәлім. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықты
экономикаға көшуінің өзі, қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер
алып келді. Бүгінгі күні кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңадан көптеген
жағдайлар жасалынуда. Елдің жаңа экономикалық қатынастарға түсуі, оның
дамуының мықты инфрақұрылымын құру, әрине, кәсіпкерліктің дамуынсыз жүзеге
асуы мүмкін емес.
Кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты, артықшылықтар кешені, атап
айтқанда нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының
жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, прогрессивті
жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды
пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу,
инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалары, көптеген
өнеркәсібі дамыған елдер кәсіпкерлікке жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) негізгі
бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік
шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге,
өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік
береді. Кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа
топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты
барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш – кәсіпкерлер тобы
өмірге келе бастады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің,
барлық экономиканың негізгі буыны – бұл кәсіпорындар. Міне, сондықтан да,
бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс.
Бұған жағдайлар да жасалған. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар
жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғары өнімді техника мен
технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында
өндірісті және өнімдерді сатуға немесе өткізуге кеткен шығындарды мейлінше
азайтуға тырысады. Сол сияқты Бизнес – жоспарлар, маркетинг қолданылады,
тиімді басқару жүйесі – менеджмент, есеп жүргізу – бухгалтерия іске
араласады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық
жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егерде ол нарықтық
талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс
талабын қанағаттандыратын, өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті
қызметкерлерге жоғары табыспен, ең сонында көп пайданы табуды қамтамасыз
ете алатын болса, болашақта өндірісті жүргізуге маманданған экономистер
үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.
Бұл жұмыста халық шаруашылығының негізгі буыны кәсіпорындардың
өндірістік әрекеттерінің проблемалары, кәсіпкерліктің дамуы баяндалады.
Сондай-ақ, өтпелі экономиканың қалыптасуы негізінде, жаңадан пайда болып
жатқан әр түрлі меншік формалары мен нарық жағдайына, өндірістің әлеуметтік-
экономикалық проблемаларына сүйенеді. Осыған байланысты тақырыптың
мақсаты:
- Кәсіпкерлік, оның қалыптасуы, мәні, мазмұны және түрлері;
- Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық негізін зерттеу;
- Кәсіпкерлікті ұйымдастыру – экономикалық формалары;
- ҚР-дағы халық шаруашылығының бастапқы буындарының пайда болуы және
даму процестері;
- Сақтандыру – кәсіпкерлік қызметтің түрін айқындау;
- Қазақстан Республикасының сақтандыу нарығының даму тенденциялары;
- Кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін
қорыту;
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны
шешу жолдары болып табылады.
1 Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні
1.1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен мазмұны
Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені
мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға
өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен
жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай
елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі
жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсеңді қарастыруда: басқару,
қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік,
аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді
қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орташа және ірі
кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау,
кәсіпкерліктің қызмет атқару жүйелері.
Осы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетелдік
ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында,
елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын,
орташа және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өнделген сандық және сапалық
бағалау өлшемдерінің критерияларының, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін
ойластырылмаған ұғымдық аппараттарының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге,
кәсіпкерліктің мәнін анынтауда алдымен кәсіпкерліктің негізгі түсінігін
нактылау қажет ашып және айқындалған орынды.
Кәсіпкерлігік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және
оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:
- Азаматық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
- Дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтыр
кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам
мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
- өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық
санасының қалыптасуы мен нығаюы және сонымен байланысты
экономикалық еркіндік немесе экономикалық тандау еркіндігі;
- меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық
биліктің саяси биліктен бөлінуі;
- өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
- нарықтық экономианың пайда болуы және тағы басқалары.
Жоғарыда айтылған алғышарттар өндірістің капиталистік тәсілін сипаттайды
және автордың мәләмдеуінше, кәсіпкерлік өндірістің капиталистік тәсілінің
өнімі болып табылады.
Кәсіпкерлік, кәсіпкер және кәсіпкерлік табыс эволюциясының
барлық кезеңдерін талдай отырып, берілген түсініктердің әрбір кезең сайын
толықтырылғанын және түрін өзгерткенін айтуға болады. ХIV ғасырдан бастап,
Батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасында натуралды
шаруашылықтың тауарлы-ақшалай қатынастармен біртіндеп, бірақ әйтседе тез
ығыстырылуы болды және мұнын бәрі алтын мен күміс түріндегі ақшаның қолда
бар қорларының тапшылығы жағдайында өтті. Бұл жағдайларда ақша жеке алынған
индивидум мен мемлекеттің тұтастай экономикалық ойының басты тақырыбы
болды, өйткені олардың жеткілікті мөлшері өндірушілердің шаруашылық
өмірінің бір қалыпты өтуіне және дамуына, демек, мемлекет табысының өсуіне
мүмкіндік тұғызады.
Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық
экономикалық теорияға (саяси экономияға), неоклассикалық теорияға,
кейнсианстваға, неолиберализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге
негізделген әр түрлі бағыттар тән. Әрбір бағыт мектеептер мен ілімдердің
алуан түрімен сипатталады. Хроникалық ретпен әр түрлі мемлекеттерде
экономикалық ойдың даму тарихына экскурсия жүргізіп, кәсіпкерлік,
кәсіпкер және кәсіпкерлік пайда (табыс) терминдерінің эволюциясын
қарастыруға талпынайық (Қосымша А).
Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін
меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман,
Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм
теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да
болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын
өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі.
Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес
кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады.
Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның
нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы
байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-
көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды.
Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда,
коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал
кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда
қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.
Француз тілінен таралған кәсіпкерлік (enttrepeneur) ұғымын
экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон
енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын
болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне
қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды
(саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше,
кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар саяси
экономияның ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия
мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-
1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған.
Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл
ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго
(1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші
(жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім
өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы
топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар,
фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын
қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей
өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп
ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық
қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.
Француз экономисті Жан Батис Сей (1767-1832) кәсіпкерді өз есебінен
тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам – деп түсіндіреді.
Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезетін
адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы –
табиғат, еңбек пен капиталды – біріктіріп іске қоса алатын мықты
қабілеттілік болуы тиіс.
Неміс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам
үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсім десе, В.Зомбарт (1863-1947)
кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухы терең
сезініп, дөп басып білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкерліктің ісі
оңға басылады деп түсіндіреді.
Кәсіпкер әрбір мүмкіндікке дұрыс баға беріп, оның көп формасының
ішінен жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға ең қолайлысын таңдауы қажет Қолайлы
мүмкіндіктер ресурстарды тиімділігі төмен аймақтардан тиімділігі жоғары
аймақтарға ауыстыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде кәсіпкерлік қауіптер,
есептелінетін және есептелімейтін формаларда көрінетін, екі бөлікке
бөлінеді. Қауіптің бірінші түрі – бұл жай қауіп. Екіншісі – белгісіздік.
Егер қауіп нәтижелердің белгілі жинағын болжаса, онда белгісіздік,
өндірілген өнім немесе қызметтерге сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен
қамтылған, үнемі өзгеретін нарықтық жағдаймен байланысты. Кәсіпкердің
негізгі сипаттамалары сақтық, тәкаппарлық, ұқыптылық, ұстамдық, пайданы
алудың пайда болған мүмкіндіктеріне сезімпаздық және ең бастысы, қоршаған
ортада болашақта болатын өзгерістерді болжау сияқты белгілермен
толықтырылды. Ал кәсіпкерлік пайда, неолибералистер пікірі бойынша, бұл
күтілген және нақты түсімдер арасындағы ойда болмаған айырма, ол
Й.Шумпетердің (J.Schumpeter) кәсіпкерлік табыс анықтамасына сәйкес келеді.
Ғасыр ғалымдарының экономикалық ойларын жүйеге келтіру кәсіпкерлік
түсінігін ескішілдікке негізделген бизнестен түбегейлі өзгешеленетін,
инновациялық процесс ретінде; кәсіпкерді – қолайлы мүмкіндіктерді
іздеестіретін және өз қызметін болжай алатын, жаңашыл ретінде; кәсіпкерлік
табысты – бұл тек пайда емес, сонымен қатар үстеме пайда ретінде анықтауға
мүмкіндік береді.
XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары
отандық ғалымдардың және ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде кеңінен
қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге
және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар
авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында
сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда
мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр
түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға
байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін
жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық модельі ретінде қарастырған.
Кәсіпкерлер жұмысты тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне
ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-
зерттеушілермен ертеректе және әр түрлі варианттарда қарастырылды.
Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің
экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, кәсіпкер(enterpmeneur)
категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну,
зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік
берді:
1. кәсіпкер – бұл қауып, белгісіздік;
2. кәсіпкер – бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты
алу;
3. кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;
4. кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтергді өндіруге, жаңа
әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық
менеджментке; т.б.
5. кәсіпкер – бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен
ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;
6. кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға,
алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан коньюктурасы
тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті болуы;
7. кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді
қабылдауы тиіс.
Кәсіпкердің берілген қабілеттері, кәсіпкерлік процестің барлық сатыларына
(өнімді құру сатысы, еңбек өнімін өндіру сатысы, еңбек өнімін тұтыну
сатысы) сәйкес бірқатар белгілі функцияларды орындау арқылы жүзеге асады.
Ол:
1. сатып алушылардың сұранысын және олардың төлем қабілетін зерттеу бойынша
ғылыми зерттеулерді жүргізу;
2. өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ететін, бұйымның белгілі өлшемдері мен
сыртқы түрі бойынша техникалық құжаттарды дайындауға;
3. бұйымдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға;
4. өнімді өндіруді барлық қажетті шикізат, материалдық және еңбек
ресурстарымен қамтамасыз етуге;
5. берілген өнімді өндіру үшін ең жетілген технологиялық процесс пен
басқарудың тиімді схемасын таңдауға;
6. халықтың төлем қабілеті едәуір жоғары өткізу нарықтарын анықтауға
міндетті.
Кәсіпкер түсінігінің ұсынылған сипаттамаларын және оны орындауға
тиісті функцияларының тізімін пайдаланып, кәсіпкерлік анықтамасын
нақтылауға тырысамыз, және де берілген анықтама кәсіпкерліктің әр түрлі
формасына қатысты алғанда толық, онда тек сапалық сипаттамаларорын алып,
сандық бағалау өлшемдері мен шаруашылық жүргізу субъектілердің ұйымдастыру-
құқықтық формаларының болмауы тиіс. Өйткені, кәсіпкерліктің шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің сандық сипаттамалары мен ұйымдастыру-құқықтық
формалары арнайы қабылданған нормативті-құқықтық актілермен бекітіледі.
Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатында өндірістің барлық факторларын
қозғалысқа келтіретін, қауіп пен белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын
инновациялық процесс.
Кәсіпкерліктің берілген анықтамасы қазіргі заманғы кәсіпкерліктің
табиғатын сипаттайтын шарттармен толықтырылуы және оның кәсіпкерлердің
күнделікті қызметінде бағыттаушы болуы керектігін атап өту қажет.
Кәсіпкерліктің отандық теориясында қазірге дейін кәсіпкерлік мәнінің нақты
анықтамасы жоқ, әдетте ұсынылатын тұжырымдар кәсіпкерлік қызметтің мақсатын
көрсетеді немесе кәсіпкерлікті әдеттегі бизнеске теңестіреді. Сонымен, бұл
процесті пайданы алу мақсатымен экономиканың әр түрлі аймақтарындағы қызмет
ретінде сипаттайтын, кәсіпкерліктің тұжырымдары бизнес пен кәсіпкерлікті
теңестіреді, ал жоғарыда келтірілген талдау, кәсіпкерліктің инновацияға
негізделген бизнестің ерекше түрі екендігін, оның қызметінің нәтижесі
орташа пайданы алу емес, үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу болып
табылатындығын көрсетеді. Кәсіпкерліктің басқа тұжырымдары оны шаруашылық
жүргізудің инновациялық бағыты ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік процесстегі
шаруашылықты жүргізудің инновациялық бағыты ғалымдармен әр түрлі көзқараста
түсіндіріледі. Бір ғалымдар, инновация – бұл жаңа өнім, өндірісті
ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері, жаңа техника және аналогтары жоқ
технологиялар деген Й.Шумпетердің пікірін қолдайды. Басқа ғалымдар
иммитацияны жеке шаруашылық жүргізуші субъектінің инновациялық бағыты деп
санайды, яғни жаңалықтарды белсеңді түрде шеттен алып пайдалану ол үшін
инновация болып табылады. Иммитациялық процесті жүзеге асыру тек елде ғана
емес,сонымен қатар оның сыртында да пайда болған жаңа идеяларды енгізу
бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілермен көрсететін ынталы қызметсіз
мүмкін емес. Сонымен қатар, еліктеушілер өз қызметімен жаңашылдарды жаңа
ойларды дайындауға итермелейді. Ғалымдардың келесі тобы инновациялық бағыт
белгісін ресейлік экономиканың кәсіпкерліктің субъектілері көздейтіе
ақырғы мақсаттарға, әдістер мен тәсілдерге қатыссыз нарыққа ауысуына
көмектесудің факторы ретінде кең түрде қарастырады. Осының нәтижесінде
нарықтық қатынасты қалыптастыру мен дамытудың барлық белсеңді қатысушыларын
жаңашылдар деп қорытуға болады. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның
қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті
былайша түсіну қажет:
Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын
қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген,
қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-
өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік
жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық
аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың
белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің
пайдасы (таза табыс)және үстеме пайдасы.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің тектілік түсінігіде өлшемдер және
мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен
байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу.
Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі
қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты
екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің әрбір
формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.
Кәсіпкерлік – адамдармен олар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес
шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік
жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті
шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру
ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-
жігерді жүзеге асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа,
жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай
екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел
буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, кездескен
кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде
тапқырлықпен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге
тікелей қатысты.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:
- Қазақстанның азаматтары;
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер,
акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр
түрлі бірлестіктер, корпорациялар т.б.).
Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның
белсеңділігі және іскерлігі. Белсеңділік және іскерлік – адамның адамның
еркін өмір сүру түрі. Белсеңділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы
типтерімен байланысты болатын шығар. Павловтың классификациясы бойынша
адамдардың қандай типтері белсеңді,іскер болар екен? Өздерініз ойланызшы:
холерик пе, сангвиник пе, флегматик пе, әлде меланхолик пе? Сан есебінен
алғанда белсеңділік өте азғантай энергетикалық шығыннан шамадан тыс энергия
шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін бару мүмкін.
Мысалы, Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалистік революциясы. Сапа жағынан
спонтандық белсеңділік (ішкі себептермен пайда болған, сартқы әсерлерден
болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсеңділік (қайғы-қасірет
шегу), сонымен бірге еркін белсеңділік. Адамдардың белсеңділігі әр түрлі
болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, аудандық т.б.
болып бөлінеді.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды,
акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы,1554 жылы Англия сауда
компаниясы, 1660 жылы Ост-Индия сауда компаниясы, XVII ғасырдың аяғында
акционерлік банктер іске қосылды.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар
болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп, қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік
қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік
– ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас
тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді. Барлық күш қуатын жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен,
коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін экономикалық қызметі. Ал
кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер
бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині қолданылады.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланты. Оны түсіну үшін
кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек:
1) Кәсіпкерлік барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру
процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістік
қозғаушы күші, себебі істеген ісінің пайда беретініне сенеді.
2) Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешемдерді өз қолына алады
және кәсіпорынның іс бағытын айқындайды.
3) Кәсіпкер – бұл жаңашыл коммерциялық негізінде жаңа тауар өндіруді
жаңа технологияны енгізу бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын
енгізуге аянбай жұмыс істейтін адам.
4) Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам. Тәуекелге бару үшін істелетін
істі талдап, қорытындысында не болатының білген жөн. Кәсіпкер тек
қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды,
сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және серіктестерінің немесе
акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Ресурстарға төлем.
Өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі:
- Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады;
- Жер, су бергеніне рента алады;
- Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады;
- Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, зияны да болуы мүмкін.
1.2 Кәсіпкерлік субъектілерінің жіктелуі, түрлері
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік - өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып
бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек
өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар
өндіру, қызмет көрсету асырылады.Тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы басқаларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске
асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде
қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру
және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікпен айналасу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді
іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек.
Одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану болашақ тұтынушылармен байланысу
сонымен қаиаршикізат, материалар, энергия т.б. жабдықтаушылармен ара
қатынасты орнату.
Келесі кезең өндіріс факторлары: а) негізгі өндірістік қорлар,
ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе
арендаға алу. б) өндірістік айналым қоры; еңбек заттары, шикізаттар,
негізгі және қосымша материалдар, отын және энергетика ресурстары, жөнінде
жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері,
полуфабрикаттар келешекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен
инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасмен және пайдалану
мерзімінен бөлінеді.
Алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз –бірінші кезегі тауар өндіруді
меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей
қатынасады.
Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы, немесе құлақтандыру арқылы жалдап
алады.
Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі жеке
қасиеттері т.б. ескерілуі керек.
Қажетті ақпарат –ресурстары қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып,
алдын ала есептеу.
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік –тәуекелдік
бизнес. Ол технологиялық жаналықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу
жұмыстарының қорытындысы комерцияландыруға,әсіресе ғылым сайымдылығы көп
өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғары технологиялық өндірістерде
қолданылады, онда тәукелділік, тиімділікке кепілділік болмау мүмкін.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары сауда мекемелері.
Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты істейтін көтерме сауда нарығы.
Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен, сауда жасаумен бірге,
келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұнда
шарттар бойынша төлемді мерізім уақыт өткенен кейін келісімге бағамен
сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша
берем, сен 4-5 айдан кейін астағыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім
шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- Сауда –сатық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- Тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді
- Баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін
факторлар зжөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес,
тауарларды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды
жабдықтау туралы шарттар жасаудан турады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу –сату
операцияларымен байланысты. Өндірісті кәсіпкерліктен коммерциялық
кәсіпкерліктің айырмашылығы, бірінші тауар өндірсе, екіншісі сатып алып
сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда
өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету
қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу,
нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарықты маркетингалық
талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық
істердіұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Коммерциядық келісімдер бағдарламасы:
- Сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау;
- Ғимарраттар, қоймалар, ұсақ сауда үй сатып алу немесе жолдау;
- Тауар сатып алу, сату;
- Тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және оны
уақытында пайыз ставкасымен қайтару;
- Жоспарлауға керекті ақпараттарды табу, жасақтау;
- Тұтынушыларға тауар сатып ақшасын алу;
- Финанс органдырына салық және басқа төлемдер мерізіміне төлеу.
Қаржылық кәсіпкерлігіне негізімен коммерциялық банкілер және қор
биржалары кіреді. Коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан
оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есептелінеді:
ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер,
кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама
формада жүргізледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл
коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерліктің технологиялық мәмілесі
коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар –
қаржы активтері болып саналады.
Коммерциялық банкілер – бұл финанс – кредит мекемелері, негізінен
акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие
береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қайрады. Банкіде активті
және пассивті операциялар болады. Қор биржалары- бағалық қағаздар нарығы.
Ол капиталдың қорзғаласын жеделдетеді және активтердің реалдық құнын
анықтамайды.
Кеңес берушілік кәсіпкерлік бұл ой нарығының бір бөлігі онда мынандай
жұмыстар істеледі, финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау белсенді
маркетинг тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағыттану туралы финанстық, шаруашылық
талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі.
Консультация ( кеңес беру ) әдістері:
1. экспертік кеңес беру –мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер
жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2. Процестік кеңес беру –кәсіпорынның маманы клиетпен белсенді түрде
қарым – қатынаста болады, оны өз ойы айтуына ынталандырады, клиетпен
бірге талдау жасайды сонан кейін ұсыныстар белгілейді;
3. оқулық кеңес беру – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын
жасақтау т.б.
2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
2.1 Шағын орта кәсіпкерлік түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі
Шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады.
Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi
шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты
экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен
қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
• Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
• Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың
барлық сферасын қамтиды;
• Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық
зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi
салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты:
өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп
профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,
агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық , құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында .
Шағын кәсiпкерлiк нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта.
Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың
тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi.
Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны
ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық
дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты
жасақтайды. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға
болады:
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Класстерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне үлесiн
қосады;
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму
қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң 50%-iн
кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын кәсiпкерлiк
үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен шұғылданады және
жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ғылыми
зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да, өндiрiске енгiзiлетiн iрi
жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды.
Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы - Елдегi әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына
оң ықпал еттi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi
бойынша 2010 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар
тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар -
10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын
құрайды. Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған
азаматтардың саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2010
жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады. Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан
үлесi 2010 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта
кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi. Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк
субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы
2011 жылы 2012 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады. Шағын кәсiпорындардың
қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ.
Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан
сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы
басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың
жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен
қамтылғандардың жалпы санынан 31%-ы).
2006 жылы
көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан
1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта
бағаланды. Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып,
астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да
көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырыса
Атқарушы өкімет органдарының шағын бизнесті қолдауға бағытталған шаралары
салдарынан оның тұрақты және жағымды даму серпіні байқалады. 2007 жылда
тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 564 бірлікке артты. Облыста
барлығы 11232 шағын кәсіпорын бар. Әрекеттегі кәсіпорындардың саны 229
бірлікке артты, қазірде олар – 7891.Шағын бизнес кәсіпорындарындағы
жұмысшылардың саны 50208 адам, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 5594 есеге
көп.Шағын бизнес кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар және қызметтерді
шығаруы 17 пайыздан артты. Жеке кәсіпкерлердің саны 5,9 адамға көбейді,
облыста қазір олар 60 мыңнан астам.Жылдың басынан әрекеттегі шаруа
қожалықтарының саны 1569 бірлікке артты, 16866 бірлік деңгейіне жетті.
Шаруа қожалықтарында 33,7 мың адам жұмыс істейді.Шағын кәсіпкерлік
саласында 10895 жаңа жұмыс орны құрылды. Елімізде 1 миллионға жуық шағын
кәсіпкерлік субъектілері тіркелген АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат Ернұр
Ақанбай - 2008 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша, республикамызда
985,5 мың шағын кәсіпкерлік субъекті тіркелді. Бүгін Астанада ҚР Премьер-
Министрі Кәрім Мәсімовтің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуінде
бұл туралы Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник айтты, деп
хабарлайды ҚазАқпарат.
В. Школьниктің сөзіне қарағанда, тіркелген шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің 190 мыңы - заңды тұлғалар, 601 мыңы - жеке кәсіпкерлер, 194
мыңы - шаруа қожалықтары. Жалпы алғанда шаруашылық субъектілеріндегі шағын
кәсіпкерліктің үлесі 93 пайыз. 2011 жылмен салыстырғанда өткен жылы
тіркелген субъектілердің саны 17 пайызға көбейді. Ал жұмыс істеп тұрған
субъектілер тіркелгендерінің 76 пайызын құрайды, - деді министр. Бұл ретте
ол тіркелгенімен ұзақ уақыт бойы дұрыс жұмыс істемей тұрған субъектілердің
азаймай, бұрынғысынша 24 пайыздық деңгейде қалғанын айтты. Бұдан бөлек В.
Школьник шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны
өткен жылы 1 млн. 838 мың болғанын, яғни оның алдындағы жылмен
салыстырғанда 11 пайызға өскенін жеткізді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері
әлі күнге дейін сауда, автокөлік және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу, ауыл
шаруашылық салаларында басым болса, өнеркәсіп саласында мейлінше аз.
Сурет-1. Шағын бизнестiң жалпы кәсiпкерлiк қызметтегi үлесi
Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестiң үлесi
айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты
экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн шағын бизнес екенi белгiлi. Жұмыспен
қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр
үшiншi адам сауда және қызмет көрсету жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi
өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды
жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%,
өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары түрлi
қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректiрдiн сауда iсi әлi де
басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлiде өзгере
қоймаған көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту
және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар
есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi.
Бiрақ елiмiздiң шағын бизнес саласының дамуында оған кедергi болып отырған
келесiдей шешудi қажет ететiн мәселелердi атап өтуге болады: Өндiрiстiң
негiзгi құралдарының 80%-ы тозуы салдарынан олар шығарған өнiмдердiң
бәсекеге қабiлетсiздiгi;
• Рыноктық қатынастардың, шағын бизнестiң, әсiресе бәсекелестiк
қатынастың дамуына монополиялардың кедергi болуы;
• Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымның жеткiлiксiздiгi;
• Қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң
әлсiздiгi;
• Салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;
• Экономикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк
үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлiгi және тым жоғары
жалға алу ақысы;
• Кадрларды даярлау және шағын кәсiпкерлiктi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz