Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы


Кіріспе
Бұл курстық жұмыстық тақырыбы «Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы».
Курстық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде нарықтық жүйенің теориялық мәнін және атқаратын қызметтері мен қатар барлық экономикалық жүйелердің ерекшеліктерін қарастырып өттім.
Екінші бөлімде нарықтық жүйеденің елімізде алатын орны яғни экономикаға әсер ету жолдары мен шет елдері экономикасының нарықтық жүйеде қызмет етуінің біздің елмен салыстырып айырмашылықтары мен кемшіліктері туралы айттып өттім.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы нарықтық жүйенің одан әрі дамуы мен оны жетілдіру туралы жаздым.
Кез келген жүйенің экономикалық даму сипатын анықтау үшін «экономикалық жүйе» түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema - тұтас, бөлімдерден құралған) өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс - тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми - теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы - А. Смит «Халықтар байлағының табиғаты мен себептері туралы» (1776 жылы жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады
1 Нарықтық жүйенің теориялық мәні
... жалғасы1. 1 Нарықтық жүйенің экономикалық мәні, сипаттамасы
Кез келген жүйенің экономикалық даму сипатын анықтау үшін «экономикалық жүйе» түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema - тұтас, бөлімдерден құралған) өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс - тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми - теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы - А. Смит «Халықтар байлағының табиғаты мен себептері туралы» (1776 жылы жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д. Рикардо (1817ж), Ф. Лист (1841ж), Дж. С. Милль (1848), К. Маркс (1867ж), К. Менгер (1871ж), А. Маршалл (1890ж), Дж. М. Кейнс (1936ж), П. Самуэлсон (1951ж) еңбектерінде орын алды.
(Экономикалық жүйенің даму бағыты туралы қарама - қарсы көзқарастардың тұжырымы бойынша:
1. Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер өзара экономикалық тепе - теңдік күйде өмір сүреді, бірақ ұзақ мерзімде бар жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас.
2. Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бірін - бірі толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігуі арқылы жаңа экономикалық жүйені туындатады.
Мұндай кереғар көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру - мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау - одан бас тартумен, орталықтандыру - орталықсыздандырумен ауыстырылады.
Экономикалық жүйенің қасиеттері: оның біртұтастығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама - қайшылығы.
Қоғамның даму процесінде қарама - қайшы мүдделердің орнын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; және тағы басқалары. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық - нарықтық және мемлекеттік өндірістің сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.
Экономикалық жүйе - бұл өзінің алдында тұрған экономикалық: не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек деген мәселелерін шешу үшін қоғамды ұйымдастыру тәсілі
Экономикалық тиімділік - алынатын нәтижелер мен өндіріске жұмсалатын шығындар арасындағы қатынас.
Экономикалық жүйенің сипатты белгілері:
1) экономикалық жүйені құраушы бөлшектердің біртұтастылығы;
2) экономикалық жүйедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық - заттай өзара тәуелдігі;
3) экономикалық жүйе құрылымының күрделілігі
Экономикалық жүйенің әрбір элементі өзінше ішкі жүйені қалыптастырады. Мысалы, қазіргі өндіріс екі ішкі жүйеден: материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларынан құралған.
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіншіліктері пайдаланылатын ресурстардың сиректігіне байланысты шектеледі. Сондықтан қоғамның алдында таңдау мәсіелесі туындайды. Яғни, сирек кездесетін қымбат ресурстардың орнына жеткілікті әрі арзан ресурстарды пайдаланып, аз шығынмен көп пайда алатиын тиімді жүйені таңдау
Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарттарға ие болуы тиіс және не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Керек деген экономиканың үш негізгі міндеттерін шешу тәсілін кез - келген қоғамға тән ақпарттық жүйе анықтайды. Шаруашылық іс - әрекетте әрбір субъектінің өз жоспары, талғамы, артықшылық беруі және өндіріс әдістері туралы көзқарастары болатындықтан, таңдауды үйлестіруді кім және қалай жүзеге асырады деген сұрақ туындайды.
Экономикалық теорияда үйлестірудің екі түрлі тәсілі қарастырылады. . ішкі немесе табиғи тәртіп және сатылы тәртіп.
1. Табиғи тәртіп бойынша қажетті ақпарттар баға арқылы алынады. Ресурстар мен өндірілген игіліктердің бағалары шаруашылық субъектілеріне қай бағытта әрекет ету қажеттігін көрсетеді. Яғни, не, қалай, кім үшін өндіру керектігін анықтайды
2. Нарықтық қатынастардың шекарасы ұлғайған сайын, көптеген шаруашылық субъектілердің ресурстар, шығындар, пайда көлемі туралы толық ақпарат алуы қиындайды, өйткені ресурстар, талғамдар және тұтынушылардың артықшылықтары туралы ақпараттар шашыраңқы болады. Мұндай жағдайда баға мен балама шығындардың өзгерісі адамдардың экономикалық таңдауын үйлестіреді.
3. Ақпарат алудың екінші тәсілі - орталықтан орындаушыға (өндірушіге) бұйрық, тапсырма түрінде жоғарыдан төмен қарай берілетін сатылы тәртіп жүйесі. Бұл жүйеде шаруашылық субъектілердің ақпараттар алуы, қызмет ету бағыттарын анықтауы дербес, еркін таңдау арқылы емес, биліктегі өкілетті органдардың шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Сатылы тәртіп жүйесіне мысал ретінде, бұрынғы Кеңес елдеріндегі мемлекеттік жоспарлаудың (қандай бағада, не, қалай өндіру, ресурстарды қайда бөлу?) бұйрықпен орындалғанын айтуға болады.
Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе.
- орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық - әкімшілдік немесе тоталитарлық) .
- нарықтық экономикалық жүйе.
- аралас экономикалық жүйе.
2. Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:
- дәстүрлі - қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және тағы басқа ұрпақтан - ұрпаққа мұраға қалып отырады.
- либералды - қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалдық қоғам)
- аралас - бірінші және екінші типтердің элементтерінен құралады.
3. Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе - шаруашылық іс - әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады (натуралды шаруашылық) .
- ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады (натуралдық шаруашылық) .
Қоғамдық - экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы. Оның күрделі жүйеленген сатылы құрылымы бар. Қоғамдық экономикалық формацияны құрылымдық элементтер - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.
Дамудың белгілі бір деңгейіндегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының біртұтастығы мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндірістік қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді. Қондырма - саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, отбасылық және басқа қоғамдық қатынастар мен институттар жиынтығын сипаттайды, яғни қоғамның саяси құрылымы. Қондырманың негізгі нысаны - мемлекет. Әлеуметтік - экономикалық формация - қондырмасы бар тарихи айқындалған өндіріс әдісі немесе олардың өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі. Адамзат дамуының табиғи - тарихи жолы әлеуметтік - экономикалық формацияның жүйелі ауысуынан көрсетеді. Оларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік әлеуметтік - экономикалық формациялар жатады.
Қазіргі даму бастаулары туралы ғылыми көзқарастар бойынша жүйенің жоғарғы деңгейдегі өсуі ұйымдастыру мен жүйенің біртұтастығы арқылы жүзеге асады. Ал жүйедегі қарама - қайшылық оның тиімді дамуы үшін кедергі болып табылады. Адам мен табиғат арасында қайшылық жоқ, олардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге қабілетті ұжымдық іс - әрекетті ұйымдастыру дамуға жағдай жасайды.
Артта қалған қоғамдық қатынастарды біртіндеп жетілдіруге, сондай-ақ даму диалектикасының әр елде әртүрлі болуына салт - дәстүрлер, мәдениет, дін, ұлттық психология және тағы басқалары орыны ерекше.
Экономикалық әрекеттердің әмбебап әрі өте тиімді әдісі ретінде нарық, қоғамды дамытуда жаңа факторлардың әсеріне бейімделуге тиіс. Бұл экономикалық субъект ретінде мемлекеттің реттеушілік рөлінің артуымен байланысты.
1. 2 Нарықтық жүйенің атқаратын қызметі
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешеннің, халық шаруашылығының экономикалық қан тамырлары іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы » жүзеге асырылады.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейінгі айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қоймады. Көпшіліг нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік етін ұйымдастырылмаған, у - шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық - тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын өмірге әкеледі. Көп уақыт бойы біздің елімізде әкімшілдік - әміршілдік әдістің үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр.
Нарықтың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жүйесі жедел жаңаруда. Осыған байланысты дамыған елдерде қолданылатын моделдердің ерекшеліктері мен тиімді жақтарын зерттеу маңызды.
Кез келген экономикалық жүйе мен онң даму бағыттары мына жағдайларға тәуелді:
- географиялық:
- табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуіне;
-тарихи даму шарттарына;
- елдің әдет - ғұрып, салт - дәстүріне
- өндіргіш күштердің дамуына;
- қоғамның әлеуметтік ортасына.
Барлық нарықтық модельдерге тән ортақ белгілер:
- меншік нысандарының көптеге түрлерінің болуы;
- бағаның еркін қалыптасуы;
- еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
- дамыған кәсіпкерлік қызмет;
- экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің болуы.
Қазіргі әлемдік экономикада нарықтық экономиканың жеті моделін ерекше бөліп қарастырады.
1. Американдық немесе либералды модель.
Оның ерекшеліктері:
1) мемлекеттік меншіктің үлесі аз
2) экономикадағы мемлекеттіі реттеуші рөлі төмен
3) ірі бизнестің жан жақты дамуы
4) бай мен кедей адамдардың өмір сүру деңгейіндегі үлкен алшақтық
5) жалақы мөдшеріндегі үлкен алшақтық
6) кедей толық топтарының өмір сүру жағдайларының орташа болуы.
2. Жапондық модель.
Жапондық модельдің ерекшеліктері:
1) ұлттық экономикалық негізгі даму бағыттарына мемлекеттік араласудың деңгейі жоғары.
2) экономиканы тұрақтандыру мен тиімділігін жоғарылату үшін 30 жылға арналған стратегиялық жоспар, қорғаныс күштерін дамыту және күшейту үшін 5 жылдық жоспар қолданылады.
3) ортақ мүдделерге сай бірігу, басқару мен шешім қабылдауға жұмысшыларды құрастыру механизмдері іске қосылған
4) фирмаларда өмір бойы жұмысқа қабылдау кеңінен тараған.
5) жалақы деңгейіндегі айырмашылық шамалы
6) модель әлеуметтік бағдарланған. Мемлекет әлеуметтік теңсіздікпен күрес жүргізеді, жұмыссыздардың, зейнеткерлердің, еңбекке жарамсыз адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғалуын қадағалау
7) жұмсшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу міндетті корпорациялар мен бірлестіктерге де жүктелген.
3. Неміс моделі. Ол өзінің әлеуметтік - экономикалық мазмұны бойынша жапон моделіне жақын. Әлеуметтік нарықтық экономиканың немістік моделінің негізін салушы, басты идеологы Л. Эрхард.
Неміс моделінің ерекшеліктері:
1) мемлекеттің экономикаға әсері үлкен, әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде оның орны ерекше. Германиядағы әлеуметтік міндеттемелердің елеулі бөлігін мемлекет өз мойнына алады: тегін медицияна, білім беру және тағы басқалары
2) ХХ ғасырдың 70 жылдары Германия ең алғашқылардың бірі болып негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді таргеттеу қағидасын енгізді. Әлеуметтік әріптестік қағидасы жүзеге асырылады. Ол бойынша кәсіпорын жұмысшылары мен месі тең құқықты әріптес болып табылады.
4. Швед моделі. Кейде швед моделін социяализмнің екінші үлгісі деп те атайды. Швед елі өмір сүру деңгейі мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мемлекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен табыстарды қайта бөлуде белсенді қызмет етеді. Бұл моделдің ерекшеліктері:
1) әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика.
2) мүлік теңсіздігі өте төмен
3) халықтың қорғансыз топтарына көмек жоғары
5. Француз моделі модель американдық және неміс экономикасының ерекшеліктерін қамтиды. Мұнда мемлекеттің реттеуші рөлі жоғары. Францияда 1947 жылдан бастап 5 жылдық индикативті жоспарлау жүзеге аса бастады. Мемлекеттік жоспарлаудың ерекше үлгісі ретінде франциялық жүйе нәтижелі болып табылады. Моделдің өзіне тән рекшеліктері:
1) халық шаруашылығында мемлекеттік кәсіпкерліктің үлесі ауқымды.
2) капиталдың қолдану процесінде мемлекеттің кеңінен араласуы
6. Оңтүстік Кореялық модель. өз экономикасын дамыту процесіне осы модельді қолдану арқылы қысқа мерзім ішінде экономикасы нашар елдің индустриалд дамыған елге айналды. Моделбдің ерекеліктері: мемлекеттің экономиканы реттеуші ролі басым. Ол келесі тетіктер арқылы жүзеге аысрылады:
1) экономикалық дамуды жоспарлау
2) ұзақ уақыт бойы қаржы - несиелік сферада мемлекттің монополиялық үстемдігі
3) отандық өндірушілерді қолдау мақсатында экспорттық тауарларды ынталандыру, импортты шектеу.
7. Қытай моделі. Қытай экономикасын реформалау ауыл шаруашылығынан басталады. Шарашылық жүргізу жүйесін өзгерту шаруа қожалықтары өндірген өнімнің бір бөлігі салық, екінші бір бөлігі жергілікті билік органдарының қорына берледі. Қалғаны мемлекеттік жоғары бағамен немесе нарықта сатылады.
Шағын шаруашылық қаржылық, техникалы, технологиялық мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, шаруа қожалықтарын кооперациялардың әртүрлі нысандарына біріктіру жүзеге асырылады.
1. 3 Экономикалық жүйелердің сипаттамасы, қызметі және ерекшеліктері.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1. 1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
1. 2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
1. 3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді
1. 4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі - таза нарықтық экономика жағдайындашаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық жәнесалалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту) .
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе - тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
5. Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
2 Қазақстан Республикасындағы нарытық жүйенің алатын орны
2. 1 Қазақстан Рсепубликасының экономикасына жүйенің әсер ету ерекшеліктері
Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасында қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық, әлеуметтік - демографиялық, ғылыми - техникалық, ұйымдық - құрылымдық, табиғи - шикізаттық, табиғи - климаттық және географиялық сипаттармен.
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.
Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік - әміршілдікпен ғана емес, сондай - ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz