Несие және оның қызметтері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы . . . 6

1. 1 Несие теориясы және оның дамуы . . . 6

1. 2 Несие түрлері . . . 8

1. 3 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру . . . 20

2 Несиенің ролі және Қазақстан Республикасында несиелерді беру . . . 24

2. 1 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері . . . 24

2. 2 Қазақстандағы несие жүйесі . . . 26

2. 3 Қазақстан Республикасында несиелерді беру . . . 27

3 Қазақстандағы Банк жүйесі . . . 29

3. 1 Қазақстандағы Ұлттық Банк жүйесі . . . 29

3. 2 Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл аралығындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері . . . 30

Қорытынды . . . 34

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 35

Кіріспе

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

Несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

Несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі

сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады. Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн - несиеленген құн болып табылады.

Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.

Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік - экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Несиеге толық анықтама берейік. Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым - қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады.

Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі аталанатыны ауыспалы түсіндіріледі.

Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.

Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай - ақ халықта да болуы мүмкін.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.

Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

1 Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы

1. 1 Несие теориясы және оның дамуы

Несие (лат. creditum - несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады.

Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.

Теорияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблеммалырдың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.

Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак - Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады. Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенінің дәлелді екенін дәлелдеді.

Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.

Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай - ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды. Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.

1929 - 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кейнстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз - инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс - табысқа, табыс - бағаға әсер етеді. Сондай - ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады.

Батыс және Еуропамен 24 - тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ - тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.

Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай - ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорларының және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.

Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.

Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму

тұрғысынан енді - енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.

Капиталдық жасампаздық теорияны әрі қарай монетаристер дамытуда. Оқулықтың алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары - несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.

Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге болып отыр.

Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 - 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.

1. 2 Несие түрлері

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс - тәсірибедегі нақты қосымшасы.

а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелену объектінің экономикалық белгілері бойынша:

- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;

- негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;

- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай - ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;

- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;

- төлем несиелері;

ә) қамтамасыз етілуі бойынша:

- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ - пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;

- ішінара қамтамасыз етілген;

- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .

б) қайтарылу мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді;

- орта мерзімді;

- ұзақ мерзімді;

в) өтелу тәртібі бойынша:

- бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту) ;

- бір жолғы өтеу

- кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.

г) тәуелді деңгейі бойынша:

- субстандартты;

- стандартты;

- күмәнді;

- сенімді;

- cенімсіз;

- ұзартпалы.

ғ) ақылығы бойынша:

- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты) ;

- жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары) ;

- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен) ;

- пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

- сауда - саттық несиесі;

- өнеркәсіп несиесі;

- ауыл шаруашылық несиесі;

- құрылыс несиесі

ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

- жай ссудалық шот бойынша несие;

- арнайы ссуда шоты бойынша несие;

- контокорренттік шот бойынша несие;

- овердрафт бойынша несие;

- несие желісі бойынша несие.

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т. б. ) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие ( ағылшынша revolve - айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) - сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясында несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап ақшалай қаражат болмаса, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегіне беріледі.

Несие нысаны - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені - банктік деп атайды.

Коммерциялық несие. Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады. Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма - қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.

Вексель - бұл сатып алушы - қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы-индоссамент жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің операциялары
Банктің активті және пассивті операциялары
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Банктер жүйесі жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz