Инвестиция мәні мен түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 1 Инвестиция туралы жалпы түсіні . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 1 Инвестицияның мәні және оның түрлері . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық қорлардың ерекшеліктері . . .
3: 6
Кіріспе . . .:

1. 3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар . . .

1. 4 Инвестицияның принцептері мен операциялары . . .

3:

8

10

Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: 2 Инвестиция қызметі және Қазақстан Республикасындағы жағдайы . . .
3: 13
Кіріспе . . .: 2. 1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері . . .
3: 13
Кіріспе . . .: 2. 2 Инвестицияның есептеу әдістері және бағалануы . . .
3: 14
Кіріспе . . .: 2. 3 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері . . .
3: 16
Кіріспе . . .: 2. 4 Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері . . .
3: 18
Кіріспе . . .: 3 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары . . .
3: 24
Кіріспе . . .: 3. 1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері . . .
3: 24
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 26
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 28

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы “Инвестиция мәні мен түрлері”. Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясатының рөлін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.

Оған дәлел 2010 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 2009 жылдардың басындағы экономикалық ахуалының неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда «Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді»-деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты-инвестициялық теорияны толығымен түсіну үшін инвестициялық жүйе туралы түсінік болу қажет. Яғни инвистицияның дамуы, қалыптасуы, пайда болуы туралы ақпараттарды толығымен ашып көрсету. Белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру.

Бұл курстық жұмыстың міндеті-бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы кәсіпорнының маңызды мәселелерін негізге ала отырып, кәсіпорын үшін дұрыс және тиімді инвестициялық жоба құру, инвестициялық тарту көздерін қалыптастыру, оны орналастыру үшін түбегейлі мәселе болып табылады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инвестиция туралы жалпы тоқталып өттім. Яғни инвестицияның түрлерін, атқаратын қызметін және инвестициялық қорлар жөнінде қарастырған болатынмын.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Ал, екінші бөлімінде, ҚР-дағы шетел инвестициясы туралы мәлімет берілген.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 2009 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан - 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясына тоқталды.

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

Үшінші бөлімде жалпы ҚР-ның инвестициялық қызметі және оның маңызды мәселелері туралы қарастырылды.

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

1 Инвестиция туралы жалпы түсінік

1. 1 Инвестицияның мәні және оның түрлері

Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді [4; 52] .

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.

Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

-табиғи активтерге инвестициялар;

-ақша активтеріне инвестициялар;

-материалдық емес активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге -өндірістік ғимараттармен құрылымдар, қызмет уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналармен жабдықтар және өндіріс процессінде қолданылатын басұа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне-басқа да жеке тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде-депозиттер, облигациялар акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдіктер т. б.

Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады [12; 49-51] .

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» заңдармен және де «Банкорттық жайлы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы», « Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

- Инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

- Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;

- Жобаны техникалық - экономикалық негіздеу;

- Жер учаскесін алу немесе жалға алу;

- Келісім құжаттарын дайындау;

- Құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;

- Объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі [19; 59-60] .

1. 2 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық

қорлардың ерекшеліктері

Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:

• компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді қатыстырады;

• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты - қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор бойынша компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы болып табылады, қор мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;

• тіркеуші - қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;

• аудитор - есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі (мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты барлық жерде бірдей [5; 69] .

Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады - заңды және операционды құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және келісім-шартты болып бөлінеді.

Корпоративті қорлар. Ең кең тараған қорлардың типі - корпоративті, ол акционерлік қоғам тәріздес құралады, басқа компаниялардың облигацияларын өздерінің акционерлерінің атынан инвестициялауды жузеге асырады; бұл инвестициялардан түскен табыс, қор акционерлерінің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің құны қор инвестициясының құнындағы өзгерістерге сәйкес өседі (немесе төмендейді) . Корпоративті қордың иесі акционерлер болып табылады, оны компанияның директоры олардың атынан басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік басқаруын компанияның тәуелсіз басқарушысы жүзеге асырады.

Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің негізінде қор активтерінің және қордың жариялаған қызметінің мақсаттарының аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық портфелін басқарады, тәртіп бойынша, әкімшілік процедураларды жүзеге асырады. Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік етудің қосымша қорғау құралы болып табылады. Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары мен Австралия сияқты, британдық жалпы құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында пайдаланылады.

Келісім-шартты қорлар. Кейбір елдердің заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді, бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен) ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор активтерінің заңды иеленушісі болып не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар болып табылады. Активтердің сақталуына жауап беретін көбінесе банк немесе басқа кредиттік институт, еншілес құрылымы немесе оның бөлімшесі басқарушы болып табылады. Активтерді сақтау функциясымен қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік институттардың жоғары репутациясымен және реттеушілер жағынан олардың үстінен қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады [6; 169] .

Қорлардың бұл типі Германия және Францияда қолданылады. Операциондық көзқарас бойынша жабық және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.

Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың нақты белгіленген саны болады, акционерлік қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы сатылуы керек және бұл операция қор биржасында акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау және шығару немесе акцияларды жою үшін сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін талап етеді.

Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар сатушылар және сатып алушыларға байланысты әрдайым шығарылып және жойылып отырады. Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына алады [8; 135] .

1. 3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық

бағыттар

Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж. ) ; “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж. ) ; ”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж. ) ; “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж. ) ; “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж. ) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады [9; 23-24] .

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау.

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат-жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:

- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;

- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.

Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет [5; 16] .

Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

- жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;

- экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

- ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

- менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

- жаңа жұмыс орындарын құру;

- жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

- өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған [2; 18] .

1. 4 Инвестицияның принцептері мен операциялары

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды - реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.

2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.

3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:

• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;

• Мемлекеттік зейнетақы қорына;

• Аймақтық бюджетке;

• Республикалық бюджетке;

4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.

1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі

2. "Замазкалау" принципі.

3. Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:

1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай талдау.

Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.

2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.

3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

4. Үйренушілік шығындар принципі.

Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.

Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.

Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық) . Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Қоржындық инвестиция қарекеті
Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және тиімділігі
Инвестициялар, олардың түрлері, қызметі және жүйесі
Жергілікті инвестиция есебі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні
Өндірісті кеңейту инвестициясы
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Инвестициялық есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz