Еуроодақта сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің мемлекетаралық жүйесінің қалыптастыру кезеңдері


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. КІРІСПЕ . . . 3

II. Негізігі бөлім . . . 4

А) Еуроодақта сақтандыру нарығының дамуы . . . 4

Б) Мемлекетаралық жүйені қалыптастыру үшін қолданылалын модельдер. . 9

III. Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кiрiспе

Экономикалық механизмнің әдіснамалық сұрақтары оның практикалық қолданысы мен жетілдірілуі Қазақстанның ұлттық экономикасында реформа жүргізуге байланысты белсенді зерттеліп келеді. Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлiкке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады.

Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшiн сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады.

Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткендей, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға ұшырамайды, және алапат құбылыс - сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi.

Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы, сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы қорқыныш, сөзiнен алынған.

Сақтандырудың алғашқы түрі натуралды сақтандыру запастары: бидай, фураж, тағы басқа өнiмдер және әр жақтан натуралдық жарна ретiнде алынған материалдардан құрылған қор.

Сақтандырудың ақшалай түрі прогрессивтi, ыңғайлы және жұмсақ болып, алғашында өзара сақтандыруда, одан кейiн қатысушылар өзара шығындарын ақшамен жаба бастады.

Отандық сақтандыру ғылымы жиырмасыншы жылдан бастап өсiп және мемлекеттiк сақтандыруды дамытумен, оның қоғамдық өндiрiс процессiнiң дамуына қатынасы, ұлттық кiрiстi бөлу, халықтың материалдық жағдайымен айналыса бастады.

.

ІІ. Негізігі бөлім

А) Еуроодақта сақтандыру нарығының дамуы

Қаржылық қатынас кез-келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтык экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

тандық тәжірибеде қолданылатын сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің үлкен тәжірибесі индустриалдық дамыған мемлекеттер арқылы жинақталған еді. Шетелдің сақтандыру нарығын және реттеу жүйелері бойынша зерттеу жүргізуде үлкен рөл атқарғандар - В. В. Шахов, К. Е. Турбина, Н. Ф. Галагуза, Л. Н. Клоченко, Р. Т. Юлдашев, Т. А. Федорова, Т. А. Плахова, А. П. Плешков еді. Олардың зерттеулерінде шетел елдерінің нарықтары, сақтандыру компаниялары мен сақтық қадағалау органдары қызметін ұйымдастыру, сақтандыруды реттейтін нормативтік актілер, сақтандыру нарығының жаһандану мәселелерә мен оны реттеу жөнінде жазылған.

Әлемдік тәжірибе сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің 2 амалын жасап шығарды. Амалдардың әрқайсысы құқықтың белгіленген жүйесі шегінде, яғни «континенталды» және «англо-американдық» түрде іске асырылады.

«Континенталдық» құқық жүйесі (роман-германдық немесе кодификацияланған) Германия, Франция, Италия, Испания мемлекеттерінде кең таралған. Бұл жүйе нарық субъектілері қызметінің қатал заңнамалық регламентациясына негізделген. Бұл жүйеге сақтандырушылар қызметіне барлық жағынан регламентацияның орнауы мен сақтандыру операцияларын орындауда заңнамалық актілердің жүзеге асырылуына жүйелі бақылауды жүргізу тән болып келетін сақтандыру ісін қатал реттеудің моделі.

Дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бiрi. Мүлiк немесе кiрiсi жоғалғанда, шығынды жабуға кепiлдiк бере отырып адамдарды қорғау арқылы, қоғамда сақтандыру әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етедi. Сақтандыру компанияларының резервтерi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфералардың салаларында инвестицияның тиiмдi көзi болып есептеледi.

Қазақстанға өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалардың байланыс деңгейiнде сақтандырудың потенциалды ролi жоғары. Бiрақ сақтандыру резервтерiнiң жеткiлiксiздiгi стихиялық апат, авария немесе техногендi катастрофа болған жағдайда өнiмдi тұтыну, жинақтау, бөлудi жоспарлауды бұзуға әкеледi. Сондықтан нарықтық экономикада халық шруашылығы комплексiн жандандыру жүрiп жатқанда, сақтандыру, елдiң тағдырын анықтауда негiзгi экономикалық мiндеттердi шешуде шетте қалмауы тиiс.

Өкiнiшке орай, кейбiр сақтандыру компанияларына, жабайы нарық, рецидивтерi кедергi жасайды. Сақтандыру iсi мамандарының бiлiктiлiгiнiң төмендiгi, сақтандырудың теориялық және практикалық сұрақтарда жақсы бағыт ала алмайтындығы байқалады

Қазіргі әлемде капиталды орталықтандыру және концентрациялау процесi сақтандыру iсiнде де жүрiп жатыр. Экономиканың басқа саласында iс жүргiзетiн, iрi корпорациялармен байланысы бар күштi сақтандыру монополиялары құрылуда. Олар әлемдiк сақтандыру нарығына бақылау жасап, ондағы сақтандыру сыйлықтарын басқарады. Әсiресе дамыған елдерде осындай акционерлiк сақтандыру қоғамдарың саны көп. Акционерлiк сақтандырудың үлесi сақтандыру операцияларында әртүрлi: әсiресе Ұлыбритания, Германия, Франция да көп, ал АҚШ-та аз, себебi онда iрi акционерлiк сақтандыру компаниялары өзара сақтандыру қоғамы болып қайта құрылған.

Интернационализм процессi Европалық сақтандыру нарығында орын алған.

Сақтандыру нарығында позицияларды жақындастыру, алғашқы кезекте, мүлiктiк сақтандыруда iрi қауiптi жабуға жұмсалады. Шет елдiк клиенттермен сақтандыру келiсiм шартына отыру жағдайлары жақсаруда.

Бiрақ сақтандыру нарығын дамытуға жеке кедергiлер де кездеседi. Европалық Экономикалық Қоғамдастық құрылғанға дейiн ақпаратпен алмасу және Европалық Экономикалық Қоғамдастықты ұйымдастыруда қатысушы елдердi таныстыру және дамытуда Европалық Сақтандыру Комитетi құрылды. Алғашында Европалық Сақтандыру Комитетiне 18 елдiң сақтандыру компанияның ұлттық ассоциациясы, сонымен бiрге бақылаушы ретiнде Югославия сақтандыру қоғам ассоциациясы кiрдi. Осы уақыттан бастап үлкен өзгерiстер болды. Бiрiншi жоспарға Европалық Қоғамдастық елдер қызметi шығарылды. Европалық Сақтандыру Комитетi 11жаңа елдер ендi 1993 жылы - Исландия, Кипр және Мальта, кейiн Польша, Венгрия, Чехия және Словакия ассоциациялық мүше ретiнде ендi, ал 1996 жылдан - Словения, Эстония, Литва және Латвия ендi. Қазіргі таңда Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 29 мүшесi бар.

-Қазір біз елдің шикізатқа тәуелділігінің төмендегенін байқап отырмыз. Бұған инвестициялық жобалар, елде өңдеу зауыттарының ашылуы әсер етіп отыр. Бұдан бөлек, қосалқы құны жоғары өнімдердің өндірісі артып келеді.

Болашаққа болжам құрған сала мамандары, ЕО-қ елдері рецессиядан шыққан кезде Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері артатын болады деп отыр.

Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 18 салалық комитеттерi бар. Олар әртүрлi сақтандыру түрлерiн өзара кураторлыққа бөлген және жыл сайын 200-ге жуық жиналыс өткiзедi. Европалық Сақтандыру Комитетi сақтандыру бойынша кеңестiк қызмет көрсетедi. Жыл сайын отызға жуық, Европалық Сақтандыру проблемасы талқыланатын жиналыстар ұлттық ассоциация iшiнде өткiзiлетiн берiлген тақырыптарға дискуссияның катализаторы болады. Сонымен қатар сақтандырудың техникалық және құқықтық жақтары да қараусыз қалмайды.

Европалық Сақтандыру Комитетi жыл сайын өз қызметi бойынша есеп берiп, Европадағы сақтандыру жетiстiктерiн сипаттайды. Атап өтетiн жағдай, Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiккен Европалық нарықтан тыс жерлердi де қамтиды. Европалық қоғамдастық ұйымы негiзгi партнер бола тұра, басқа да европалық емес ұйымдар - ОЭСР, Европа кеңесi, ГАТС, халықаралық сауда палатасымен қарым-қатынас жасайды.

Жалпы Европалық сақтандыру ұйғарады:

  • 15 елдi қамтитын Европалық қоғамдастықтың кең жалпы нарығын құрұды аяқтау
  • компания және филиалдарды еркiн құру
  • стандартты заңды құқықтар комплексiн енгiзу

Жалпы нарық қаржылық облыста үш фундаментальды еркiндiкке негiзделген:

  • Құру еркiндiгi: Бұл еркiндiк кезкелген компанияға басшы конторы мемлекеттiк-қатысушы бола тұра, кез-келген аймақта филиал ашуға құқық бередi.
  • Қызмет көрсету еркiндiгi: Бұл компанияға басқа аймақта уақытша қызмет көрсетуге құқық бередi.
  • Капитал қозғалысы еркiндiгi: Іоғамдастық азаматтарына Европалық Сақтандыру аймағында қаржылық келiсiм-шарт жасауға мүмкiндiк бередi.

Қазіргі уақытта Европалық қызмет нарығы төменгi келiсiмдерге тек маңызды деп есептеген уақытта негiзделедi. Бұл тек кәсiпорындар ғана емес, ұлттық заңдылықтарда өзара бәсекелес екенiн бiлдiредi.

Қызметке қатысты, төменгi келiсiм және өзара мойындау бақылауды елдiң басшыларына беру керек екенiн мойындайды, ол жаңа өнiмнiң енгiзiлуiне және оның диверсификациясына әкеледi, сәйкесiнше тұтынушының қорғалуына кепiлдiк бередi.

Бiрiңғай сақтандыру нарығын құру үш этапта жүргiзiлiп, жиырма жылға созылды.

Бiрiншi этапта құрудың еркiндiк принципi бекiтiлдi, ұқсас жағдайларда басқа мемлекет аумағында сақтандыру компаниясының филиалын ашу деген мағынаны бiлдiредi.

Европалық одақ мемлекеттiк-қатысушылары компанияны құру келiсiмi бiрнеше жылға созылды.

Бiрiңғай сақтандыру нарығы бес принципке негiзделедi:

  • Бiр лицензиялы принцип кез-келген компанияға алғашқы рұқсат негiзiнде Европа аумағына қызмет көрсетуге рұқсат бередi.
  • өз елiнде берiлген рұқсат, европа мемлекеттерiнiң кез-келген аумағында компанияға қызмет көрсетуге рұқсат бередi
  • әртүрлi бақылау органдары қолданатын рұқсат және бақылау жүйесiн өзара мойындау
  • бұрынғы келiсiм және бағалау жағдайын толық ауыстыру және сақтандыру компаниясының төлем төлеу қабiлетiне ауыстыру
  • капиталдың еркiн қозғалысы принципiн iске асыру үшiн ережелердi либерилизациялау

Осы уақытқа дейiн Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiңғай сақтандыру нарығын құруға бағытталған едi.

Шекараның ашылғанына және сақтандыру қызметiнiң либерализациясына қарамастан, тұтынушылар, Европалық нарықтың қызметiне қанағаттанбайды. Оның негiзгi себебi, алдын-ала берiлген ақпараттардың дұрыс еместiгi.

Европалық Сақтандыру Комитетi, сақтандыру компаниялары қоршаған ортаға көңiл бөлу керек деп ойлайды.

Европалық Комиссия қазiргi уақытта экономикалық жағдайдағы төлем төлеу шегiнiң мүмкiндiктерiн қарастыруда.

Сақтандырудың әр түрлi салалары, өз ерекшелiктерi бола тұра, қазiргi жағдайда жалпы проблема-мемлекеттiк және жеке сақтандыру шекарасын iздеумен кездесуде. Шағымдардың шиеленiсуi, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары және азаматтық құқықты сақтандыру бойынша шығынды жабу, мемлекеттiк бағдарламаның өзгеруi-осының барлығы сақтандыру, сақтандырушы, өкiмет арасындағы алшақтық, сәйкесiнше, тәуекел бағасының өсуiне әкеледi. Осылайша, европалық сақтандыру компаниясы маңызды проблемалармен соқтығысуда, ол бизнеске көлеңке түсiруде.

Кооперация Бағдарламасын жасау аяқталуда, ноу-хауға қолдау көрсеткен тиiмдi, ол жаңа қызмет түрі есебiнен кеңейтiледi. Кейбiр түрлерi өмiрде қолданыла бастады:

  • Балтия елдерiмен кооперация
  • Беларусияда TACIS сақтандыру орталығын құру жобасын енгiзу.

Европалық экономикалық қоғамдастық сияқты Азия континентiнде Экономикалық қоғамдастық ұйымы бар. Оған Иран Ислам республикасы, Пакистан Ислам Республикасы және Турция Республикасы кiредi. 1992 жылы Бұл қоғамдастыққа Орта Азия және Қазақстан елдерi де кiрдi. Осы қоғамдық шекарасында Туркия, Пакистан, Иран сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыру компанияларын құрып бiрiктi. Осыған байланысты Бұл елдердiң өкiлдерiнiң ойынша, барлық сақтандыру нарықтары қайта бiрiгуi тиiс. Осыны талқылау мақсатында Азербайжан, Ауғаныстан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркмения елдерiнiң қатысуымен жиналыс өттi.

Бұл елдерде сақтандыру экономиканың дамуымен қатар жүрдi.

Қайта сақтандыру компаниялары бұрынғы қорға қарағанда мынадай артықшылығы бар:

  • Белгiлi капиталмен қолдау көрсетiлетiн және Экономикалық қоғамдастық ұйымының компаниясы қайта сақтандыру резервтерiн ұзақ мерзiмге аккумуляция жасау қайта сақтандыру көлемiн ұлғайтады.
  • Аймақ төңiрегiнде және тыс жерлерде қайта сақтандыру компанияларын дамытудың үлкен мүмкiндiктерi бар.
  • қайта сақтандыру компаниясы барлық сақтандыру бизнесiнiң класстарында жұмыс жасай алады. Сонымен қатар авиацияны сақтандыру, адам өмiрiн сақтандыру саласында да жұмыс жасайды.
  • Экономикалық қоғамдастық ұйымы қайта сақтандыру аймақтың экономикалық дамуының инвестициялық қорын құра алады. Бұндай инвестициядан алынатын кiрiс үнемi өсiп, резервтi қаржыландыруға мүмкiндiк бередi.
  • Қайта сақтандыру компаниясы өте дамыған болуы мүмкiн.

Қойылған мiндеттердi ескере отырып, Экономикалық қоғамдастық ұйымы қайта сақтандыру компанияларының негiзгi қызметiн атап өтсек :

  • Экономикалық қоғамдастық ұйымының аумағы және тыс төңiректе барлық сақтандыру түрі бойынша қайта сақтандыру операцияларын жургiзу
  • Қайта сақтандыру компанияларын өз нарығын көбейту мақсатында көбейту
  • Сақтандыру операцияларын жүргiзуде қатысушы-компанияларға өз қызметiн жүргiзуде жағдай жасау
  • Экономикалық қоғамдастық ұйымының төңiрегiнен валютаның ағымын төменгi деңгейге тусiру
  • ұлттық және қайта сақтандыру ұйымдарының iскерлiк қарым-қатынаса әсер ету
  • Қордан Экономикалық қоғамдастық ұйым елдерiнiң экономикалық дамуына әсер ететiндей инвестиция жасау.

Қазіргі уақытта сақтандырудың дамуына келесi факторлар әсер етедi: сақтандыру нарығын , сақтандыру және несие нарығының өсуi, сақтандыру қызметтерiнiң жаңа түрлерiнiң пайда болуы, капиталдың концентрациялануы.

Соңғы жылдары әлемдiк экономика өсу стадиясында болды.

Сақтандыру бизнесiнде маңызды орынды Француз нарығы алады. Ол шет елде өз операцияларының 14-тен 20 процентке дейiнгi мөлшерiн жүргiзедi. Франция теңiздiк сақтандыруда үшiншi орын алады және әлемдiк авиациялық тәукелдiң 20 процентiн құрайды.

Францияда қайта сақтандыру әлсiз орындардың бiрi едi, соңғы уақытта операциялар көлемi өсуде.

Жалпы әлемдiк сақтандыру сыйақысы нарығы бойынша Франция әлемде бесiншi орын алады. Тiкелей операциялар бойынша iшкi нарықтың сыйақысын жинаудың 77 процентiн құрайды.

Сақтандыруды процессiнiң өсуiне байланысты проблемаларда өсуде. Швеция, Швецария, Австрия, Финляндия интеграция процессiне қосылу мүмкiндiгiн жiбергiсi келмейдi.

Швецияның сақтандыру нарығы қызығушылық туғызуда. Швецияда адамға келтiрiлген кез-келген шығын толық төленедi. Шығынды толтырумен сақтандырушыдан бөлек конпенсация қызметi айналысады. Шығынды толтыру заңы барлығына қатысты. Шығынды толтырумен қатар мiндеттеменi сақтандыруда кең көлемде қолдануда. Шығын көлемi жәбiрленушiнiң кiнәсiнiң деңгейiн ескере отырып анықталады.

Мiндеттемелер заңына сәйкес, егер шығын адамдарға әуе транспортында келтiрiлсе, жауапкершiлiк әуе көлiгi иесiне жүктеледi.

Швед мемлекетiнiң транспорт заңына сәйкес автоинспекцияда тiркеуден өткен кез-келген транспорт құралы мiндеттi тұрде сақтандырылады, егер сақтандырылмаса 1 мың крон айып пул төлейдi.

Мынандай транспорт құралдары сақтандырылмайды:

  • алынған, пайдалану құқығымен де, жеткiзуге пайдаланылған жазбаша келiсiм шарт негiзiнде әскери мақсатта журген транспорт құралдары.

Швецияда швед сақтандыруынан өтпесе де, егер ол 1959 жылы 20 сәуiрiнен Европалық конвенцияға тiркелсе, швед сақтандыруынсыз тасымалдауына рұқсат берiлген.

Қазақстан сақтандыру компаниялары Жапонияның сақтандыру нарығымен бизнесiне қызығушылық туғызуда.

19 ғасыр ортасында сақтандыру нарығы Жапония аралдарына да келiп жеттi.

Жапонияның сақтандыру бизнесiнiң негiзiн осындағы шетелдiк кемелер салды. Алғаш рет жағалауды Ұлыбритандықтар игере бастады. Иокогома портында 240 сақтандыру компаниясы бар едi. Отандық сақтандырушылар 1879 жылдан бастап пайда болды. Алғаш рет ”Токио Марина” сақтандыру компаниясы құрылды, қазiргi таңда елдегi ең iрi компания болып есептелiнедi. Сегiз жылдан кейiн “Ясуда” сақтандыру компаниясы пайда болды. Ол өмiрлiк емес сақтандыру бойынша екiншi орынға көтерiлдi.

1900 Жапонияда сақтандыру жайлы заң қабылданды. Жүз жыл өтсе де Бұл заңға өзгерту екi-ақ рет жүргiзiлдi.

1940 жылы сақтандыру компаниясы 48 едi, ол бес жылдан кейiн олар 16 болды, оған дүние жүзiлiк соғыс кiнәлi. Қысқа уақытта экономикалық көрсеткiштерi жағынан әлемде бiрiншi және екiншi орынға көтерiлдi. Сәйкесiнше, сақтандыру да дамыды. 1955 жылы автокөлiктi мiндеттi сақтандыру жайлы заң қабылданды. 1973 жылы теңiздiк сақтандыруды активизациялау енгiзiлдi.

Қазіргі уақытта Жапонияда өмiрлiк емес сақтандыру бойынша 56 сақтандыру компаниясы бар. 1955 жылмен салыстырғанда сақтандыру төлемдерi 124 есе өстi, жыл сайынғы өсу 13 проценттi құрайды.

Сақтандыру компаниясының қызметiн Жапон қаржы министрлiгi бақылайды. Оның қарамағынан сақтандыру компаниясы ассоциациясы құрылды:

  • өрттен, бақытсыз жағдайлардан өмiрлiк емес сақтандыру
  • автомобильдi сақтандыру

Жапония компаниясы экономикалық тұрақты болғанына қарамастан, шығындарды азайтып, кiрiстi көбейтуге көңiл бөлiп отыр. Жапонияда жүктi сақтандыру орын алған.

1997 жылы қыркүйектен “дискриминациялық автокөлiк сақтандырылуы” рұқсат етiлдi, ол сақтандыру төлемдерiн анықтау жұмсақ жүйемен жүргiзiлуге мүмкiндiк бередi. Сақтандыру сыйақыларын ставкасын либерализациялау 1996 жылдан басталып сақтандыру брокерлерiн активизациясын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады, шетелдегi сақтандыру ұлттық экономикада маңызды сектор, iшкi жалпы өнiмнiң 8-12 процентiн қайта бөлудi қамтамасыз етедi.

Ақша құралдарын сақтандыру арқылы аккумулизациялау iрi инвестиция көзi болып есептелiнедi. Сақтандыру компанияларының қаржы ағымы көбiнесе мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет етуге бағытталған. Шетелде сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу негiзiнен сақтандыру компанияларының жұмысының қаржылық жақтарын бақылауға бағытталған.

Б) Мемлекетаралық жүйені қалыптастыру үшін қолданылалын модельдер

Корпоративтік басқару үлгісіндегі негізгі құрауыштар қатарын келесілерімен бөліп көрсетуге болады: тікелей қатысушылар құрамы, қызығушылық танытқан орта, акционерлік капитал құрылымы, директорлар кеңесінің құрамы, акционерлік қоғам қатысушыларының өзара әрекет ету тетігі, акционерлік қоғам қызметін нормативтік қамтамасыз ету және т. б. Аталып өтілген элементтердің нақты көрсетілуінің жалпы белгісі бойынша акционерлік қоғамның ағылшын - американдық, германдық және жапондық басқару үлгісін ажырату қабылданған.

Корпоративтік басқару отандық және шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Қаржы нарығының құрылым
Ұлттық банк – ақша-кредит жүйесінің ортақ буыны, ақша айналымын реттеуші орган
Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстандағы қаржы мекемелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ұлттық банктің ақша нарығындағы ашық операциялар және оның ақша – несие реттеуіндегі мәні
Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Халықаралық валюталық қатынастар
Халықаралық валюталық өтімділік
Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz