Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар теориясы
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар теориясы
1.1.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздер ...4
1.2. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету ...9
2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы.
2.1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы ...14
2.2. Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу ...17
3 Бағалы қағаздар нарығының даму болашғы
3.1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын жетілдіру ...26
3.2. Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану мәселелері ...33
Қорытынды ...36
Қолданылған әдебиет ...37

КІРІСПЕ
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады.

Пайдаланған әдебиет
1. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок - М.: Перспектива, 1997.
2. Мусатов В.Т. Фондовый рынок: Инструменты и механизмы - Москва: Международные отношения, 1991. - 192 с.
3. Поляков В.П., Москвина Л.А. Денежное обращение и кредитная система. Москва. 1997.
4. Пятов М.Л. Вексель: вопросы учета, анализа и налогооблажения. - Москва: Финансы и статитика, 1997. - 208с.
5. Рынок ценных бумаг и его финансовые инструменты: Учебное пособие / Под. Ред. В.С. Торкановского/ - СПб "АО Комплект", 1994. - 421 с.
6. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. В.А. Галанова, А.И. Басова. 2-е изд., перераб. и доп. - М: Финансы и статистика, 2002. - 448с.
7. Рынок ценных бумаг: Учебник. / Под ред. Е.Ф.Жукова - М: ЮНИТИ -ДАНА, 2005. - 339с.
8. Рынок ценных бумаг. Круглый стол в сенате парламента РК./ Аргументы и факты Казахстан. № 6 (713) от 7 февраля 2007г.
9. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. - Алматы: МЧП. 1993.- 320с.
10. Сборник нормативно-законодательных актов по ценным бумагам в Республике Казахстан - Алматы, 1996.
11. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1998
12. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 27 желтоқсан 1994ж.
13. "Құнды қағаздар және қор биржасы туралы" №2227 Президенттің заң
күші бар жарлығы 1995 жылғы 21 сәуірде. Оған: 1995ж. 12.05. №2672;
1995ж. 12.23. №2720 - заңдарымен өзгерістер енгізілген.
14. "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Президентінің
Заң күші бар Жарлығы. 30 наурыз, 1995 ж.
15. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.

1.1.Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздер
4
1.2. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету
9
2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы.
2.1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
14
2.2. Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу
17
3 Бағалы қағаздар нарығының даму болашғы
3.1. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын жетілдіру
26
3.2. Бағалы қағаздар рыногын дамытуда шетелдік тәжірибені пайдалану
мәселелері
33
Қорытынды
36
Қолданылған әдебиет
37
КІРІСПЕ
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып
табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып
алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың
орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан
тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан
басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір
жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай
білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың
тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы
жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз
талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы
мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын
көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық
ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға
міндетті.
Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми
мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол
немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде
Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр.
Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы
азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру
қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал
десек те болады.
1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы.
1.1Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері.
Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе
жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық
нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге
бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың кеңестік үлгісінен
экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді
түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң
шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы
тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен
Кеңес мемлакетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық
институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті
мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.)
тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге
бейімдендіру.
Бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік
органдардың бағалы қағаздар айналасы тиімді және мағыналы болуы үшін
белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі
мен халық керегін қанағаттандырып бет алған қоғамның объективті
экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның заңдарына
мемлекетіміздің егемендік алғанынан бергі шыққан заңдар, Президенттің
жарлықтары және үкіметтің кауылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі
Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын
құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз
міндеттемелерінің айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-
бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен
олардың меншігіне қатынасу құкығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы
мүліктік кұқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен
расталады. Ол құжат багалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі
азаматтық- құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына
айналыскд түспейді. Мыс, Қазақстан заңдары бекіткен - ипотекалық куәліктер,
сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына
айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып
кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы
мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың
құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.
Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.
1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір
бөлігі болғандықтан ХVШ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында азаматтық жэне сауда
қатынастары орыстың саудалық-қүқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан
кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған катынастар РСФСР-
дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың
айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа
байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель
және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен
қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып
алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер жэне т.б. бағалы
қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым
болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат
жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен
заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және кор биржалары мен бағалы
қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы
құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм
идеяларына жат элементтер деп есептелді.
1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін
кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмагандықтан айналымға акциялар, облигациялар
шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық кәсіпорындары мен
шаруашылық серіктестіктерін кұру туралы құқық болған жоқ. Алайда,
мемлекеттің өз ішінде айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар
шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мем лекетке де облигация сатып,
акша тарту, халыққа да облигацияны сатып ал ып, аз болса да не проценттік
өсім, не ұтыс алу тиімд і болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға
өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен ойын
ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың
негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде
күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде
вексельдер, чектер жэне сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.
Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті
қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол
сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын
арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО
Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі Бағалы қағаздар
туралы Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және
Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның
толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол
сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге
арналған. Бағалы қағаздар туралы дэл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында
Қазақ КСР-ның Жоғары кенесінің Экономикалық реформа жүргізу квзінде
азаматтық ққцық қатынастарын реттеу туралы қаулысы Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды
нарықта сатуға мүмкіндік беретін жогарыда айтылған
Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер
қабылданды. Олар:
• 1991 жылдың 21 маусымындағы Шаруашылыц серік-тестіктері және
акционерлік қоғамдар туралы Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын
қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін
заң;
• 1991 жылдың 11 маусымындағы Бағалы қағаздар айналымы және қор
биржасы туралы бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге,
бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға,
қор биржасын құруға жэне оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
• 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер
Кабинетінің қаулысы бекіткен Бағалы қағаздар туралы № Ереже
шығарылатын бағалы кағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын
мағлұматтарды белгіледі;
• осы нормативті актілер негізінде шығарылған ережелер жиынтығы
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, занды тұлғалар шығарған бағалы
қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және басқа да қркаттарды
шығару тәртібін белгіледі;
• мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы
кэсіпорынды акцияландыру, сол сияқты инвестициялық қорлардың жұмысын
реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер;
• вексельдер,банктік(депозиттік)серти фикаттардышығаруды және оларды
айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді реттейтін Қазақ КСР-
ы Мемлекеттік банкінің ережелері.
Сол жылдары кейбір акционерлік қоғамдар алғашқы акцияларын шығарып,
оларды айналысқа түсірді. Сонымен бірге қор биржалары және тауарлы-қор
биржалары құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда
бола бастады.
Шығарылған актілерді қолданудың нэтижесінде Қазақстанда бағалы
қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары
жасалып, бұл жүйеде аз да болса тәжірибе жинақтап және оның мәнін түсінуге
мүмкіндік туындады.
Өз тәжірибеміз бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын рөлін
көрсетті. Бір уақытта ол әрі бағалы қағаздардың эмитенті, әрі инвесторы,
әрі бағалы қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақылаушы
субъект ретінде өзінің әртүрлі органдары ретінде катынасады. Айта кететін
жәйт, мемлекеттік орган басқа жақпен әрі ойынға қатысушы, әрі өзіне де
ойынға басқа қатынасушыға да ойынның ережесін шығаруына кұқығы жоқ.
Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің Бағалы
қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы жарлығы бағалы қағаздар
нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган
ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.
Бұл жарлық 1991 жылғы: Бағалы қағаздар апналымы және қор биржасы
туралы Заңды және Бағалы қағаздар туралы Ережені жойды. 1994 жылдың алты
айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құкықтык қамтамасыз етілмеген
жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің
қаулысымен Бағалы қағаздар турал ы уақытша ереже бекітілді. Ол Қазақстан
бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың
сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында Республика Президенті
Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссиясының төрағасымен оның төрт
мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы
бағалы қағаздар нарығын калыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы
уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға
кірісті.
Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын
дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды.
Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында
салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.
1.2. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы
Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-
шілде 2003 жылғы құнды қағаздар нарығы туралы Қ.Р заңынан және басқа ҚР
нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол
қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген
болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Қазақстанда Азаматтық құқықтағы бағалы қағаздарды толық қалыптастыру
үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету
керек. Қазақстан экономикасыныңөндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып
экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі
мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының
қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар
екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің
мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру
кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап
отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге
келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы.
Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде
сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың
тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет
білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген
нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны
көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын
құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың
ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз — түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын
құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері,
бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар
және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген
тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе
бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз
болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не
бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған
индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз
бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына
ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам
көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды
индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана
шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК-
тің 132-бабы).
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге оны зат деп те
көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге
қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары,
тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат
береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы
бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз
құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық
құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау
мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны,
кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және
басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей
сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе

болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің
талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы
қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.
Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына
қарап бағалы кағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде
немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған
басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-
тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік
болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал
тұпнұсқаны ұсынушы келесітұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін
жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағапы қағаздар онда көрсетілген мерзімде
нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың
мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл
құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).
Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті
субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды
ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде
көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын
белгілі бір тұлғаға беріледі.
Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту
мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған.
Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу —
индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы
тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант)
құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады.
Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі
болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал
екінішісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың
тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты
көрсетілмейді.
Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса
құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы
қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша
тапсыруға және индоссаментке өзінің атьш жазуға құқылы болады.
Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы
қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге
асырылады.
Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретіменжазылады. Ал
мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі
құжаттың тұпнұсқасындағы міндеттерді орындау үшін ұсынарда
индоссаментттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл
реттердің үзілмеуі база формальдық белгілермен айқындалады, аталған
индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда
қабылдаушының да аты жазылады.
Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап
береді ("Қазақстан Республикасындағы141 вексельдік қатынастар туралы"
Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты
кімнің қолында екенін білсе, кұжатты қайтаруға ликдикациялық талап қоюға
құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық
меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда
оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың
балама данасын беруге болмайды.
Атаулы бағалы қағаз — бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім
екендігі құжаттың мәтінівде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша
құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.
Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің
белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде
атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы
туралы" Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.
2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар функциялары.
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара
бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор
биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана -
Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында Бағалы кағаздар нарығы туралы және
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы
қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының
базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға
сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби
қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық
актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы
қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан
кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, Бағалы қағаздардың Ортлық
депозитарийі ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор
нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі.
Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық
стандарты саналатын - Отыздар тобының ұсынысымен құрылған.
Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да
кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі
деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке
салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса,
ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар
саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-
банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр
қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол
34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі
факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-
ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек
тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 -
1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы
қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы
қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары
арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені
бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір
себебі - жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің
болмауынан.
1997 жылдың 20 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңға сәйкес Үлттық комиссия Зейнетақы
активтерін басқару жөніндегі Компанияның (ЗАБК-КУПА) қызметін реттейтін
және лицензиялайтын, сондай-ақ мемлекеттік жэне мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау тэртібін анықтайтын
мемлекеттік орган болып саналады.
2001 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қаржы
нарығын мемлекетгік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-
шаралар туралы жарияланған жарлыкка сэйкес бағалы қағаздар жөніндегі
Үлттык комиссия таратылып, онын барлық өкілеттілігі мен қызметтері
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Осы күннен бастап 2003
жылдың 4 шілдесіне дейін бағалы қағаздар нарығын реттеуді Үлттық Банктің
бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттейтін департаменті жүзеге асырды.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар
мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық
инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару
жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің
қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан
мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын
бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:
• 2000 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
қызметі туралы;
• 2003 жылғы 13 мамырдағы Акционерлік қоғамдар
туралы;
• 2003 жылғы 2 шілдедегі Бағалы қағаздар нарығы
туралы;
• 2003 жылғы 4 шілдедегі Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды
мемлекеттік реттеу жэне кадағалау туралы;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасындагы кредиттік
бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі Инвестициялық қорлар туралы. 2003
жылдың 13 мамырында қабылданған Акционерлік қоғамдар туралы жаңа
заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі Акционерлік қоғамдар туралы
қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:
1. Акционерлік қоғамды ашық, жабық деп типке бөлу жойылған.
2. Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.
3. Акцияларды мемлекеттік тіркеусіз салықтық инвестициялық номер беру
жолымен нарыкка шығару жойылған.
4. Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет
жүргізіледі.
5. Акцияларды жабық тәсілмен орналастыруга шектеу қойылған.
6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алганы үшін айыппұл төлеу
енгізілген;
7. Соттың шешімі бойынша акцияны өтеу процедурасы
енгізілген.
8. Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы
органдарына сайлауға шектеу қойылган.
9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар
(акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін
сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.
10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол
туралы тек түсінік берілген болатын).
11.Орналастыру бағасы, ірі акционер, төлем агенті деген
ұғымдар енгізілген.
12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі
бойынша шектеу қойылған.
13. Халықтық акционерлік коғам екенін білдіретін белгілердің саны
азайған. Н.Құрылтайшы жиналысына қойылатын талаптар пайда болған.
Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында Осы Заң
қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа
енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына
тиісті өзгерістер енгізуге міндетті және 2 тармағында Осы талаптарды
орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан
кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға
міндетті делінген.
2.2 Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-
әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге
бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін
екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы
ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның
жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік
құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде
мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік
актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-
саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби
делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін
уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
• мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін
мемлекеттік органдар шұғылданады;
• нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына
кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы
мемлекеттің немесе нарыктын кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін
бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-
әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;
• қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.
Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер
мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін
жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі
түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей
араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті
органдардың жұмысы;
• осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен
бұйрықтары;
• бағалы кағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін
немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары.
Негізінен бұл бағалы қағаздар нарыгына қатысушыларға лицензия
беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе
оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
• несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша
массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
• мемлекеттің салық саясаты;
• депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазы-нашылық
облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы
қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару)
арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің
тууы;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен
алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с.
жұмыстарды реттеу);
• мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту
немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы
ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не
мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды
шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар
және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы
министрлігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржьюын қорғауға бағытталған
негізінен үш қызмет атқарады.
Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін
барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы
қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін
барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет,
яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz