Бағалы қағаздар нарығы және оған қатысушылар


БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАТЫСУШЫЛАР
Жоспар
1. Бағалы қағаздар нарығының мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі және маңызы
2. АҚШ қор биржасы және Қазақстан қор биржасы
3. Қазақстан қор нарығының дамуының негізгі тенденциялары.
4. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар брокер мен дилер туралы
Бағалы қағаздар нарығының мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі және маңызы
Бағалы қағаздар қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рольде ойнайды;
Бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге талап етуі көрсетілген құжаттар. Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының мақсаты - уақытша бос ақша қаражаттарын бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдығ ету. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылыктардын орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншісіне ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы кағаздар нарығы экономикалық мәні - нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл- алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвсстициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың мұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағытталып отырады.
Нарықтық экономиканын тәжірибесінде капитал, ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл- өркендеген нарықтық экономиканың басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған - жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамнын зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал, нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.
Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листинг тізіміне енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Бұл бөлім сенімсіздеу эмитенттердің қаржы активтерін қор биржасына түсірмеу мақсатында бағалы қағаздарды мұқият талдау негізінде қатаң сараптау және іріктеу жүргізеді. Сөйтіп, листинг инвесторлардың мүддесін қорғауды және биржа айналысындағы бағалы қағаздарға олардың сенімін арттыруды қамтамасыз етеді. Мысалы, АҚШ-та бағалы қағаздарды 20 мыңнан астам әртүрлі фирмалар мен компаниялар шығарады, алайда олардың тек оннан бір бөлігінің ғана бағалы қағаздарын биржада саудаға түсіруге рұқсаты бар.
Бағалы қағаздардың ерекше қызметтері :
Ең біріншіден қайта бөлу процессі болып табылады. Мемлекеттік және жергілікті органдардың кемшілігін мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздарды шығару арқылы кәсіпорындар мен халықтың бомс ақша қаражатын қайта бөлу арқылы іске асады.
Екіншіден туынды бағалы қағаздарды - фьючерстік және опциондық шарттарды сақтандыру
Бағалы қағаздар нарығының маңызы. Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар арқылы қосымша ақша қаражаттарын табу сондай-ақ капитал, инвесторларды тарту жоғары деңгейде тұр. Алайда дүние жүзіндегі ең ірі қор биржалары АҚШ-та орналасқан. Оның ең ірі қор биржасы болып -Нью Йорк қор биржасы болып табылады.
Түрі Қор биржасы
Орналасқан жері АҚШ, Нью-Йорк
Құрылған жылы 8 наурыз 1817
Иесі NYSE Euronext
Басты адамдары Дункан Нидерауер
Валютасы АҚШ доллары
Акция нарығын капиталандыру $ 13. 39 триллион (2010)
Листингтен өткен компаниялар саны 2297
Акциялар сату көлемі $ 1. 439 триллион (2010)
Биржа индекстері NYSE Composite Dow Jones Industrial Average
Нью-Йорк қор биржасы (ағылш. New York Stock Exchange, NYSE) - әлемдегі ең ірі және АҚШ-тың бас қор биржасы. АҚШ-тың қаржы қуаттылықтың және жалпы қаржы өнеркәсібінің нышаны. Биржада бүкіл әлемге танымал Доу-Джонстың өнеркәсіптік серіктестерге үшін акциялар (ағылш. Dow Jones Industrial Average), NYSE Composite және NYSE ARCA Tech 100 Index қор индекстері анықталады.
1972 жылдың 17 мамырында қаржы құралдарымен жұмыс істеген 24 нью-йорктік брокерлер және олардың лондондық әріптестер, кофеханаларда (ең белгілі кофехана «Тонтин»), Нью-Йорк қор биржасын құру туралы «Платан астындағы келісім» (Buttonwood Agreement) құжатына қол қойды.
1975 жылдан бастап 1366 жеке мүшелердің меншігінде болған коммерциялық емес корпорацияға ауысты. Корпорациядағы мүшелер орындары сатыла алады, әрбір орынның құны қазіргі кезде 3 миллион АҚШ долларына тең.
2006 жылдың наурыз айының басында NYSE Archipelago Holdings электрондық биржасымен қосылуын аяқтады және өз тарихында бірінші рет инвесторларға акцияларын ұсынды, сөйтіп, коммерциялық ұйымға айналды. NYSE Group акцияларының сауда-саттығы биржаның өзінде жүргiзіледi; капиталандыру 2007 жылдың 5 желтоқсанына қарай $22, 6 млрд. құрды.
2006 жылдың маусым айының басында Нью-Йорк қор биржасының болашақта еуропалық Euronext қор биржасымен қосылып кетуі туралы жарияланды. Бұл қосылу 2007 жылдың 4 сәуірінде болды
Нью-Йорк қор биржасындағы жерде жатқан «трейдерлер». Әрбір сатылатын құнды қағаздың бөлек сауда орталығы бар.
Биржада акциялар мен басқа да құнды қағаздармен операциялар жүргізіледі. Биржада бағалы қағаздар 3 мың (2008) серіктестіктермен баға белгіленеді. NYSE-де сататын серіктестіктіерінің жалпы капиталандыруы, 2006 жылдың соңына қарай $26, 5 трлн. құрады.
NYSE директорлар кеңесі төрағадан, президенттен, биржаның он мүшесінен және iскерлер тобының он өкiлдерiнен тұрады . [1]
АҚШ-тың қор биржалары сәл өсті. Хабарламаға сәйкес, Dow Jones индексі 13345, 89 пунктке жетіп, 0, 02%, S&P 500 - 1433, 82 пункт 0, 04%, Nasdaq Composite - 3016, 96 пункт 0, 38% артты.
Қазанның 22-сінде американың қор индекстері өткен аптада болған 2 күндік төмендеуден кейін сәл өсті. Котировкалардың өсіміне Еуропадан келіп жеткен жағымсыз ақпараттар әсер етті. Қыркүйек айында Жапонияның экспорттық операцияларының көрсеткіштері төмендеді. Алайда, американың ұжымдық саласында еңбек етіп отырған ұжымдық құрылымдарының есептері жақсы болып отырсында. [2]
АҚШ пен Қазақстанның өор биржаларының айырмашылықтары көп-ақ, яғни біріншіден Алматы биржасының қорландырылуы 90 миллиард долларды құраса, АҚШ-та оның мөлшері 20 триллион доллар шамасында. Айырмашылық жер мен көктей. Қор биржасы неғұрлым қомақты болса соғұрлым еліміздің қаржы секторының тұрақтылығы байқалады.
Қазақстан аумағында Бүгінгі таңда еліміздегі қор биржасы қызметін KASE АҚ атқарады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 1993 жылғы 17 қарашада «Қазақ банкаралық валюта биржасы» деген атпен құрылды. KASE - коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді.
KASE-нің 2013жылы "Қор нарығының мүшесі" санаты бойынша мүшелер саны - 52 , "Валюталық нарық мүшесі" санаты бойынша мүшелер саны - 22 , "Мерзімдік нарық мүшесі" санаты бойынша мүшелер саны - 9 , Мүшелердің барлығы - 62 (09. 10. 13 жылғы дерек бойынша) - «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар.
KASE-нің ең ірі АҚ-ы көрсетілген 09. 10. 13ж
KASE ақпараттары
KASE Орталық Азиядағы аса ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады. Ол қызмет көрсететін нарықтар: мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен тікелей және автоматты репо; шетел валюталары (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі) ; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (соның ішінде қазақстандық халықаралық облигациялар) ; ХҚҰ облигациялары және шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар; вексельдер; акциялар; корпоративтік облигациялар және т. б.
Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - аймақтық жетекші қаржы нарығы ретінде қалыптасу, онда бүкіл әлемнен келген инвесторлар барынша аз есептік тәуекелдермен, және ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес кең ауқымды қаржылық құралдар саудасын жүргізу мүмкіндігіне ие болуға, сондай-ақ сан алуан әрі сапалы түрде көрсетілетін ілеспе биржалық қызметтерді пайдалануға тиіс. Қазiргi уақытта KASE-де қорға қатысушы тұлғалар 80-нен астам, бұл 2006 жыл басындағы 4 қатысушыға қарағанда әрине көп. Олар: Ұлттық Банк, екiншi деңгейдегi банктер, брокерлiк-дилерлiк компаниялар, зейнетақы қорлары, активтердi басқару компаниялары жатады
Қазақстан қор биржалары өзінің дамуы жөнінен әлемнің ірі қор биржаларынан әлі де болса қатты артта қалуда. 1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында жасалған мәмілелер алғашқы орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы) [3. 5б. ] .
Қазақстанның бүгінгі таңдағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы оның дамуды қажет ететіндігін көрсетеді. Инвестициялық салымдардың тиімділігі мен сенімділігі тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасының дамуын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады және де біз үнемі соған ұмтылуымыз қажет.
Бүгінгі Қазақстандағы қор нарығы артық ақша ресурстарын тарту функциясын атқармайды десе де болады. Қазақстан қор нарығы нашар дамыған, өтімділігі төмен, сондай-ақ белсенді трейдерлер де аз. Халық көбінесе оның жұмысы жайлы көп біле бермейді.
Көптеген азақстандық брокерлер нарыққа енудің минималды сомасын орнатпайды, мұнда кез келген қаражат сомасы бар клиентті құшақ жая қарсы алады, тек брокерлік қызметті төлеуге қаражаты жетсе болды.
Қазақстан қор нарығының негізігі кемшілігі - өтімділіктің жоқтығы. Бұл жердегі ең басты себеп - еркін айналыста акциялардың жетіспеуі. Айналыстағы бағалы қағаздар мөлшері де аз, өйткені олар тез арада институционалды инвесторлардың қолына түседі де қайтадан еркін айналысқа шығарылмайды. Нарықтағы бағалы қағаздардың негізгі бөлігін банк секторының бағалы қағаздары құрайды.
Қор нарығының жалпы проблемасына келер болсақ, бизнес онсыз да жақсы дамуда. Күні бүгінге дейін елімізде халық жинақтарын тартатын және қаражаттарды инвестициялау үшін қызықты құралдары бар алаң жоқ.
Қазіргі таңда қор нарығы эмитенттерді, жаңа енгізулерді және өтімділікті қажет етеді. Қор нарығын ынталандырушы болып мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру табылады. Мемлекеттік компаниялар үшін ол өте тиімді, биржаға енудің қиындығымен қатар, бұл оларға қаражат тартудың жаңа көздерін табуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар нарыққа жаңа перспективті компаниялардың бағалы қағаздарын енгізу - тар нарықты жандандыру мүмкін, әсіресе де ол компаниялар өңдеу саласынан болса. Өкінішке орай, қазіргі таңда қор нарығына тартылған жаңа компаниялардың тартымдылығын бағалау мүмкін емес болып отыр. Себебі, көптеген жекеменшік компаниялар жиі жағдайда өздерінің қаржылық есептерін жарияламайды. Бірақ өндіру және өңдеу саласындағы компаниялар Қазақстанда үнемі қызығушылық тудырды.
Қор талдаушыларының ойынша , компаниялардың қор биржасына шығуына басты кедергі болып олардың акцияларының Қазақстан қор биржасы (KASE) индексі талаптарына сай келмеуі. Сондықтан мамандардың пікірінше, үкімет оларға KASE акциялары индексіне кіруі үшін белгілі бір уақыт аралығын беруі қажет. Көп уақыт қаржылық кеңесшілерді таңдау жөнінде тендерлерді ұйымдастыру мен өткізу үшін кетеді. Кәсіби мамандардың айтуынша, компанияны қор нарығына шығару үшін орта есеппен 3 айдан 9-11 айға дейін қажет. Соның өзінде компанияда сәйкес аудит бөлімі және олардың алғашқы нарыққа орналастыруға дайындығы болуы шарт.
Халықты қор нарығына тарту үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, Батыс елдерінде халықтың көпшілігі үлкен қызығушылықпен «қор нарығы» атты ойынды ойнайды. Ол банк депозиттеріне қарағанда тәуекел деңгейі жоғары болып келгенімен, сәйкесінше, оның табыстылығы да жоғары болып келеді. Айта кететін жайт ойынға деген қызығушылық, қор нарығы дамуына тура пропорционалды.
Халықты даярлау және қаржылық сауатсыздықты жою шараларымен кәсіби қатысушылар, яғни, брокерлік компаниялар шұғылдануы тиіс. Өйткені олар болашақта жеке тұлғаларды өздерінің клиенттері етуге мүмкіндіктері бар. Бірақ ешбір брокерлік компания мемлекет ауқымында мұндай шараларды жүзеге асыра алмайды. Сондықтан бұл шараларға мемлекет те міндетті түрде араласу керек.
Бүгінгі таңда қазақстандық биржаларды ұлғайту, биржа арқылы өтетін барлық операциялар клиенттер үшін тәуекелсіз болатындай жүйені ұйымдастыру мәселесі алда тұр. Өйткені бағалы қағаздар нарығының болашақтағы дамуы негізінен біздің елімізде қор биржаларының даму дәрежесіне тәуелді. Ол үшін алдыңғы қатарлы мәселелерді шешу қажет. Дәл қазіргі таңда Қазақстан инвестициялық деңгейі жоғары емес елдер қатарында тұр. Сондықтан мемлекетіміздің басты мақсаты экономиканың даму қарқынын үдету, сол арқылы бағалы қағаздарға бөлінетін салымдар көлемін ұлғайту.
Сонымен қатар қор биржасының инфрақұрылымын дамыту: қор биржаларын және биржадан тыс ұйымдық жүйелерді жандандыру.
Қор биржасындағы қызметтің табыстылығы көбінесе қаржылық ақпарат таратудың жеделдігіне байланысты, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қор биржасында эмитенттер және олардың бағалы қағаздары жайлы ақпарат толық емес. Юджин Фаманың классикалық анықтамасына сүйенетін болсақ, «тиімді қор нарығы - ақпаратты өңдеуде болашағы зор нарық», ал Қазақстан қор нарығының ақпаратты тиімділігі АҚШ қор биржаларымен салыстырғанда бірнеше есе төмен [4. 3б. ] .
Болашақта қор биржасын ұйымдастыру деңгейін көтеру қажет және де инвесторларды алаяқтықтан қорғаудың тиімді жүйесін ойлап табу, қор биржасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру, дамыған мемлекеттердің қор биржаларымен байланыс аясын кеңейту қажет.
Тек осы жоғарыда аталған мәселелерді шешкен кезде ғана қазақстандық қор нарығы басқа өркениетті елдердегі қор нарығы тәрізді өзінің негізгі қызметін - қаржы саласынан өнеркәсіп саласына капитал ағымын жасауды жүзеге асыра алады.
Қазақстандық қор нарығының даму мәселесін қарастыра отырып, оның екі құраушы бөлігін қарастыру қажет, олар - биржалар саясаты және бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекетттік басқару органдарының саясаты.
Биржалар саясаты. Жалпы Қазақстан Республикасында қор биржаларының дамуы олардың нарығы тұсынан алып қарағанда екі бағытта болды. Алдымен ол - қор биржасын құру, ал екіншіден әр түрлі қаржылық құралдар мен валюталар нарығын қалыптастыратын, сонымен қатар қатысушыларға толық қызметтер жиынтығын - сауданы ұйымдастырудан, есеп айырысуға дейінгі қызметтер көрсететін әмбебап институттарды құру.
Алғашқысының мысалы ретінде - «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ, ал екіншісіне «Қазақстан қор биржасы» АҚ жатқызуға болады.
Технологиялық қырына келетін болсақ, бұл жағынан алғанда Қазақстан Республикасында ерекше бірлік байқалады - барлық биржалар және сауда жүйелері залдық аукциондық дауыс беру механизмінің орнына электронды сауда жүйелерін пайдаланады. Аймақтық қамту тұрғысынан алып қарағанда, сауданы ұйымдастырудың электронды технологиялары арқасында Қазақстан Республикасындағы барлық жетекші алаңдар өз аймақтарымен ғана шектелмейді, олар басқа аймақтармен ойдағыдай байланыс орнатуға тырысады. Бағалы қағаздар нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар саясаты. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы әлемдік беталыстан қалуда. Мысал ретінде қазақстандық реттеушілердің коммерциялық емес серіктестіктерге ерекше көңіл бөлуін айтуға болады, мысалы қор биржасы, клирингтік орталық, депозитарийлердің кейбір түрлері тек қана осы ұйымдық-құқықтық форманың шеңберінде ғана қалыптаса алады. Бағалы қағаздар нарығында түрлі кәсіптік қызметтерді қиыстыруға шектеулер сақталуда. Реттеушілермен кәсіби қатысушылардың талабы ескерілмеуі жиі байқалады.
Қазақстан қор нарығының дамуының негізгі тенденциялары .
Бағалы қағаздар нарығы әлемнің экономикасы дамыған елдерінде қызмет атқарады және олар жиі өздері пайда болған мемлекет шеңберінен шығып кетеді. Нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттердің осы заманғы бағалы қағаздар нарығының даму тенденциялары болып келесілері табылады:
- капиталды шоғырландыру және орталықтандыру - аспектіде көрініс табады: кәсіби делдалдар ұйымдарын ұлғайту және олардың санын қысқарту, бағалы қағаздар нарығы қоғам капиталын көптеп тартуда;
- нарықты жаһандандыру - ұлттық капитал мемлекет шекарасын асып, әлемдік бағалы қағаздар нарығы қалыптасады, капитал қозғалысы жолындағы кедергілер алынып тасталады;
- ұйымдастыру деңгейін көтеру мен мемлекеттік бақылауды күшейту;
- бағалы қағаздар нарығын компьютерлеу - сауда жасау тәсілдері мен нарыққа қызмет көрсетуде көптеген жаңалықтар енгізуге септігін тигізді;
- нарыққа жаңалық енгізу - жаңа құралдар, бағалы қағаздарды саудалау жүйесі, нарық инфрақұрылымы;
- секьютирлеу - ақша қаражаттарының өзінің дәстүрлі формаларынан бағалы қағаздар формасына өтуі;
- капитал нарығының басқа түрлеріне ену[5. 280б. ] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz