Зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық универстет

Реферат

Тақырыбы: Зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

Орындаған: Сұлтан Ш. (ЭО-104К)

Тексерген: Рамазанова Г.

Алматы 2013

Зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

Жоспар:

  1. Кіріспе

1. Қауіпсіздік түсінігі

  1. Негізігі бөлім

1. Төтенше жағдай және төтенше жағдайды топтау

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.

Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамнын іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз

ІІ. Негізгі бөлім

Төтенше жағдай

Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.

Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп-қатермен кездесуде. Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.

Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар) ;
  • апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.

Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.

Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т. б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:

  • экологиялық катастрофа;
  • өндірістік немесе көліктік катастрофа;
  • техногендік катастрофа.

Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге, атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.

Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с. с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.

Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды.

Төтенше жағдайды топтау

Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан -табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.

Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т. б. жатады.

Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т. б. жатады.

Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.

Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер, терроризм, геноцид, соғыс және басқалар кіреді.

Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.

Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының бір ғана жүйесінде, технологиялық тізбегінде, қондырғысында орын алған оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға сол мекеменің өз күштері жеткілікті.

Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік -орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал.

Глобальді төтенше жағдай - бұл төтенше жағдайдың зардабының ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың сипаттамасы

Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 1 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі - оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т. б. жағдайлар орын алуы мүмкін.

Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.

Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.

Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады.

Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.

Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Геологиялық сипаттағы құбылыстың әсерінен болған стихиялық апаттарға жер сілкінісі, вулканның атқылауы, опырмалар, қар көшкіні, сел және т. б. жатады.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай: Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.:

Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел.

:
Метеорологиялық - боран, бұрқасын, смог, дауыл .:

Метеорологиялық - боран, бұрқасын, смог, дауыл .

:
Гидрогиологиялық - су тасқыны, цунами, тайфун .:

Гидрогиологиялық - су тасқыны, цунами, тайфун .

:
Табиғи өрттер - ормандық және далалық:

Табиғи өрттер - ормандық және далалық

:
Биологиялық - эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.:

Биологиялық - эпидемия, эпизоотия, эпифитотия.

:
Ғарыштық - астероиттар, каметалар, сәулелену.:

Ғарыштық - астероиттар, каметалар, сәулелену.

Сурет-1 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың топталуы

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. 21-сурет Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған.

Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.

Кесте . Жер сілкінісінің магнитудалық М - шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы

Баллдар
Жер сілкінісі зардабы
Баллдар: 0
Жер сілкінісі зардабы: Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады.
Баллдар: 1
Жер сілкінісі зардабы: Адамдарға еш білінбейді.
Баллдар: 2
Жер сілкінісі зардабы: Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады.
Баллдар: 2, 5-3, 0
Жер сілкінісі зардабы: Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады.
Баллдар: 3, 5
Жер сілкінісі зардабы: Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады
Баллдар: 4-4, 5
Жер сілкінісі зардабы: Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін.
Баллдар: 5
Жер сілкінісі зардабы: Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады.
Баллдар: 6
Жер сілкінісі зардабы: Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды.
Баллдар: 6, 5
Жер сілкінісі зардабы: Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т. с. с құлай бастайды.
Баллдар: 7, 0
Жер сілкінісі зардабы: Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника) . Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады.
Баллдар: 7, 5
Жер сілкінісі зардабы: Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін.
Баллдар: 8
Жер сілкінісі зардабы: Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады
Баллдар: 8, 5
Жер сілкінісі зардабы: Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады.
Баллдар: 9
Жер сілкінісі зардабы: Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді.

Жалпы алғанда жер сілкінісі - бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.

Жер сілкінісінің ошағы - бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.

1935 жылы Калифорниялық технологиялық институтының профессоры У. Рихтер жер сілкінісі энергиясын бағалау үшін магнитуда шамасын ұсынды. Қазіргі кезде де осы Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінісінде пайда болатын сейсмикалық толқынның энергиясын бағалау жүргізілуде.

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:

  • сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;
  • сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;
  • халықтың сейсмикалық білімін арттыру;
  • хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

Вулкан атқылауы

Дүние жүзіне 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жүріп жатқанынан болады.

Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.

Магма (грек тілінде - қою мазь) - жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.

Вулкан - бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.

Вулкандар - атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.

Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.

Сөнген вулкан - бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.

Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады.

Опырмалар

Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс.

Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:

  • топырақтың сусыздануына және құрғауына;
  • өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен (вида насождении) ;
  • өсімдік қабатының құрып кетуінен;
  • желденуінен.

Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады.

Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүмкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар тіктігі 20 градусқа жуық жарларда жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Ірі опырмалардың көлемі 50-60 га дейін жетеді.

Қар көшкіні

Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әр түрлі көшкіндер болып тұрады, ол орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырауда.

Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын - шашын наурыз - сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.

Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс - әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.

Сел

Сел - тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауынның салдарынан, мұз бен қардың еруінен және жер сілкінісі әсерінен болатын құбылыс.

Қазақстанда Іле, Жоңғар, Талас, Алатау жоталарында, сонымен қатар Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері сел қауіпі бар аудандар қатарына саналады.

Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, платина және су бөгеттерін салып, тау беткейлеріне қар ұстайтын ағаштар отырғызылады.

Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай төмендегі жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін:

Желдің. Оның ішінде боранның, дауылдың, құйынның. Бұл жағдайлар желдің 25м/с пен одан жоғары жылдамдық болған жағдайында орын алады.

Нөсер жауында. 12 сағат ішінде жауынның көрсеткіші 50мм және одан да көп болған жағдайы.

Ірі бұршақтарда. Бұршақтың диаметрі 20мм және одан үлкен болған жағдайда

Қатты қар жауғанда. 12 сағат ішінде 20см биіктіктегі қарды жауып тастауы

Қатты бұрқасында. Желдің жылдамдығы 15м/с және одан да жоғары болғанда

Шаңды дауылда.

Жылы мезгілдегі. Бір денен күннің суығанда (замороски) . Вегетациялық периодтағы топырақтың температурасы 0С дейін жеткенде

Циклондар мен антициклондар

Жердің атмосферасы біркелкі элементтерден тұрмайды. Жер бетіндегі атмосфераның құрамы: 78% азоттан, 21% оттегіден, 0, 9% оргоннан және болар болмас пайыздары көмірқышқыл газдан (углекислый газ), сутектен, гелийден, неоннан және т. б. газдардан тұрады.

Атмосфераның төменгі қабатында 20км деңгейде су буы бар. Ал 20-25 км биіктікте азон қабаты орналасқан. Ол қабат тірі организмдерді зиянды қысқа толқынды сәулелерден қорғайды. 100км биіктікте газдардың молекулалары атом мен иондарға бөлініп ионосфераны құрайды.

Температураның таралуына байланысты атмосфера тропосфераға, стратосфераға, мезосфераға, термосфераға және экзосфераға бөлінеді. Ауаның жерге қатысты қозғалуын жел деп атайды. Желдің күшін Бофорт шкаласы бағалайды.

Желдің бағыты үлкен қысымнан кіші қысымға бағыттылады. Атмосферадағы қысымның кіші аймағының ең кіші қысымының ортасы циклон деп аталады.

Дауыл

Дауыл - бұл өте үлкен күші мен ұзақ уақытта сақталу мүмкіншілігі бар жел. Бұл кезде желдің жылдамдығы 32м\с және одан да көп болып, желдің күші Боферт шкаласы бойынша 12 баллдан асады. Дауылдың размерлері әр-түрлі болуы мүмкін. Әдетте дауылдың енін катастрофалық қираған зонаның енімен алады. Кейбір жағдайлардадауылдың ені 1000км-ге дейін жетіп қалады. Тайфунның қирау ені (разрушении) 15-45км. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн. Дауыл өзінің стихиялық апат әсері жағынан жер сілкінісінен кем болмайды. Көп жағдайда дауыл нөсер жаңбырмен қатар өтіп халық пен шаруашылыққа тигізер зиян зардабын өте күрделі масштабтарға дейін жеткізуі мүмкін.

Боран

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
Төтенше жағдайлардағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі, этикалық ережелерді бұзған үшін соттың жауапкершілігі
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
ТЖ кезінде халықты қорғау
Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін меңгерту
Су басқан аумақтағы адамдарды шұғыл іздеу ұйымдары
Төтенше жағдайда халықты қорғау
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz