Аурудың тұрақтылығы және даму себебі


Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Жұғымтал эктиманы шығу ақуалындағы індет процесін зерттеу барысында тек қана биологиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи- географиялық, әлеуметтік-экономикалық (қой қожалықтары) жағдайларымен байланыстылығы ескерілді.
Зерттеу жұмысы Алматы облысының Кербұлақ ауданының қой қожалықтарында жүргізілді. Бұл өлке жұғымтал эктиманың тұрақты ошағына айналып, жыл сайын осы жерлерде тіркеледі. Көптеген ғалымдардың пікірінше жұғымтал эктиманың тұрақты орын алуы, вирустың сыртқы ортаға төзімділігінен болып саналады.
Н. Г. Самойловтың мәліметі бойынша Алматы облысындағы жайылым жерлерде жұғымтал эктиманың вирусы 270-300 күнге дейін сыртқы ортада сақталады. Ал жердің беткейінде және мал қиында 200 күн, мал қораларында 3-5 жылдай сақталады.
Алматы облысының географиялық рельефі және өсімдіктер саласы әралуан. Алматы облысының таулы аймақты зоналарының басқа жерлерден айырмашылығының зор екенін ескере отырып, 2005 жылы 26-маусымда жұғымтал эктиманың қоздырушысын нақты анықтап білу үшін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Вирустың топырақтағы сақталу уақытын анықтауда Н. Г. Самойловтың әдісі қолданылды.
Құрамында вирус бар материал (қабыршақ капронды қапта) 5 және 10 см тереңдіктегі топыраққа көмілді.
Вирустың өмір сүру уақытын анықтау үшін 10, 15, 20, 30, 40, 60, 80 және 100 күндік күшіктерге биосынама қойылды. Зерттеу нәтижесі 6-кестеде көрсетілген.
6-кесте. Жаз мезгіліндегі Жоламан елді мекеніндегі таулы-құмды жерлеріндегі жұғымтал эктима вирусының өмір сүру ұзақтығы.
6-кестеде көрсетілген мәліметтерге қарап, жер бетінен 10 см тереңдіктегі вирустың сақталу мерзімі Кербұлақ ауданының топырағындағы вирустың өмір сүру уақытының ұзақтылығының жалпы Алматы обысының көрсеткішінен айырмашылығы жоқ.
Н. Г. Самойловтың мәліметі бойынша жұғымтал эктиманың қоздырғышы жаз айларында 80 күндей өмір сүреді. Алматы облысының топырақтағы вирусы 100-120 күндей өмір сүретін болса, біздің тәжірибемізде вирустың инактивациясы ертерек басталды (15-60 күнге) .
Біздің зерттеулерімізде жұғымтал эктима қоздырушысының топырақ бетінде өмір сүру белсенділігі тез жойылатындығын байқадық, ол 15-60 күндей шамасында болды.
Кербұлақ ауданының жартылай құмды-тасты топырағында жұғымтал эктима қоздырғышының белсенділігін тез жою себебі, оның топырағының бетінің жазда қарқынды қызуында.
2005 жылы 26-маусымда топырақтың температурасын өлшеу жүргізілді. Зерттеу жүргізгенде топырақ 15. 00-де 60°-тай қызған, бұл топырақ беткейіндегі температура, ал 5 см тереңдікте 47°-қа дейін қызған.
Кербұлақ ауданының қой қожалықтарында жұғымтал эктиманың стационарлық ошағының болуы, қой қораларында вирустың ұзақ уақыт сақталуында деп болжауға болады. Бірақ біз жүргізген зерттеулерде аурудың шығуы қоражайдан басқа жағдайда болуы мүмкін.
2004 жылы Жоламан елді мекенінде «Газовик» қой қожалығында ұйымның малын көбейту мақсатында жаңа қой қорасы салынды. 2005 жылы наурыздың аяғына таман бұл ұйымға жаңа саулық басы қосылды, ол қой басы Аязбаевқа тапсырылды. Осыған қарамастсн сәуір айының алғашқы күндерінде қозылар арасында көктемгі қоздау кезінде жұғымтал эктима ауруы тіркеле бастады. Ал тамыз айында отардағы 70% мал басы осы ауруға шалдықты.
Жоғарыдағы келтірілген мысалға ұқсас жағдайлар бұрын қой ұсталмаған «Малайсары» бөліміндегі қой қожалықтарында орын алды.
Салыстырмалы зерттеу 2005 жылы «Малайсары» бөлімінде де жүргізілді, бұл жерде де қой қорасы жаңа салынған (аға шопан Хасанов Я) . Бұл қой қожалығында жұғымтал эктиманың тіркелуі көктемде басталды.
Жұғымтал эктиманың өршуі Сәрсенбеков С., Аязбаев А. (2004ж), Алданбаев Н., Мұқанғанов А. (2005ж) қой отарларында да кездесті. Бұл мәліметтерге қарап жұғымтал эктиманың таралуы вирустың сыртқы ортада сақталуынан деп есептеуге болады, бірақ ол әлі нақты дәлел емес.
Сондықтан да біздің зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша тек қана эктима вирусының сыртқы ортада ұзақ сақталуынан аурудың түпкілікті түрде дамуы кейде орындалмайтыны анықталды. Осыған орай қой қожалықтарындағы көктемгі мал төлдеу науқанында аурудың шығуына зор көңіл бөлдік. Осындай 2005 жылғы қой қоздау науқаны кезінде емізілетін қозылардың ауыз қуысының кілегейлі қабығында эктималық зақымдану пайда болып, ал олардың енелерінің желіндері зақымдалғанын тіркедік. Осымен бірге саулықтардың желініндегі патологиялық процестер аяқталуға жақындаса, емшектегі қозылардың эктималық зақымдануы жаңадан басталған. Осы келтірілгендерді, яғни патологиялық процестердің қозылар мен саулықтарда дамуы (Аязбаев К және Думшибаев С отарларында) 7-кестеде бейнеленген.
7-кесте. Аязбаев К және Думшибаев С отарларындағы жұғымтал эктимаға зерттеген саулықтардан 2005 жылы туылған қозылардың тізімі.
7-кестеге қарап аурудың инфекциялық ахуалдың өршуі саулықтарда, сондай-ақ қозылардың енесінің арасында да болатындығы белгілі болды.
Желіндерінде қабыршақтары түсе бастаған саулықтардан алынған 14 қозының ернінің терісінде оның көпіршіктену (везикул-пустул) кезеңі басталып, кейбіреулерінде қабыршақтану басталған.
Жұғымтал эктиманың қоздырғышымен инфекцияланған 30 саулықтың 10 басы ауруды қозылардан жұқтырған деп санауға болады. Мысалы, Аязбаев отарында инв № 21222, 43202, 33273, 33274; Думшибаев отарындағы инв № 01392, 13269, 21273, 21274 т. б. саулықтарды атауға болады. Бізден ертеректегі зерттеулерде саулықтардың жұғымтал эктиманың генитальды түрін олардан туған қозылардан жұғады делінсе, біздің зерттеулеріміз бойынша керісінше қозыларға ауру генитальды түрмен ауырған саулықтардан жұғады.
Қозылардың арасындағы жұғымтал эктима кезінде саулықтардың қатысының бар-жоқтығын анықтау үшін, 2005-2006 жылдар арасында бұл аурудың динамикасын анықтау жүргізілді. Саулықтарды ай сайын клиникалық тексеруден өткізіп отырдық. Жұғымтал эктима динамикасын білу үшін, Аязбаев К және Думшибаев С шопандарының отарларында жалпы мал басын зерттеудің нәтижесі 8-кестеде келтірілген.
8-кесте. Саулықтардың жұғымтал эктимасының өтуінің генитальды түрінің динамикасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz