Еңбекақы және құжаттау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.бөлім. І. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Еңбек есебі және нормативтік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Еңбекақы формалары мен жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Құжаттардың жіктемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ. ЕСЕПТЕСУЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... .15

2.1 Есеп айырысу түрлері және есептесуге арналған ағымдық есеп шоттары ... ... .15
2.2 Еңбекақы бойынша есепті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" шоты ... .21


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 6-шы ақпанындағы №170 «Қазақстан Республикасында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1997 жылдың 13-ші ақпанында бекіткен қаулыны қолдану бойынша түсініктемелерге сәйкес ұжымдық келісімшартты бекіту барысындағы меншік түріне қарамастан материалдық салаларды ұйымдастыруда қабылданған салалық және аймақтық келісімдерде еңбекақы қорының шегінен аспайтындай етіп тарифтік мөлшерлемелерді, үстеме ақылар мен қосымша ақыларды көтеруге болады.
Еңбекақы - бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физкалық және рухани қасиеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін, тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы. Жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің құнын анықтайтын еңбекақы мәнін осылай түсіну, қоғамның еңбекақы мөлшерінің негізделуіне қатынасын сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде бұл шама жұмыс табыстылығынан, жұмысшы еңбегінің саны мен сапасын есептей алып түзетіледі, бірақ мемлекетпен негізделген мөлшерден төмен болмауы керек. Еңбекақыға бөлінетін қаражаттардың мынадай түрлері бар:
1. Жұмыс күшінің бағасын сипаттайтын мемлекеттер;
2. Жұмыс берушінің жұмыс күшіне шығындары;
3. Жұмысшының ағымдағы табысын қалыптастыратын, орнын толтыру нышандары.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі мақсаты мен міндеттеріне жататындар:
• еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- еңбекақы және құжаттауды зерттеу;
- құжаттардың жіктемесін анықтау;
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулық;
4.«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңы
Қаз ЭУ Хабаршысы;
6.Бухгалтер бюллетені, N 7- 2005 ж.
7.Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, N 12 – 2004;
8.Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Бухгалтерлік есебі, Алматы – 2005;
9. ҚР-ң ағымдағы жылға «Республикалық бюджет жайлы есеп» заңы
10. ҚР-ң қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген 20.05.1996 ж №111 біртұтас бюджеттік топтамасы
11. ҚР-ң қаржы министрлігінің Қазыналық Департаментінің бұйрығымен бекітілген, жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы 27.01.1998 ж.№30 нұсқаулық және оған қосымшалар.
12. ҚР-ң қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген, толықтырулар мен өзгертулер енгізген жергілікті бюджеттің қаржылық органдардағы бухгалтерлік есеп бойынша №288 24.06.1998ж орындалу нұсқаулығы.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І-бөлім. І. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАУ--------------------------- -----------5

1.1 Еңбек есебі және нормативтік реттеу ----------------------------------- -
----------5
1.2 Еңбекақы формалары мен жүйелері----------------------------------- ------
-------9
1.3 Құжаттардың жіктемесі----------------------------------- ----------------
-----------10

ІІ. ЕСЕПТЕСУЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТӘРТІБІ---------------------------- -15

2.1 Есеп айырысу түрлері және есептесуге арналған ағымдық есеп шоттары------
----------------------------------- ------------------------------------ -----
------------------15
2.2 Еңбекақы бойынша есепті ұйымдастыру----------------------------------- --
---19
2.3 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" шоты-----21

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
--------25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ----------------------------------- ----------26

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 6-шы ақпанындағы №170
Қазақстан Республикасында еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
1997 жылдың 13-ші ақпанында бекіткен қаулыны қолдану бойынша
түсініктемелерге сәйкес ұжымдық келісімшартты бекіту барысындағы меншік
түріне қарамастан материалдық салаларды ұйымдастыруда қабылданған салалық
және аймақтық келісімдерде еңбекақы қорының шегінен аспайтындай етіп
тарифтік мөлшерлемелерді, үстеме ақылар мен қосымша ақыларды көтеруге
болады.
Еңбекақы - бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физкалық және
рухани қасиеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмысшы күшінің ұдайы
өндірісін қамтамасыз ететін, тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес
келетін жұмыс күшінің бағасы. Жұмыс күшінің ұдайы өндірісінің құнын
анықтайтын еңбекақы мәнін осылай түсіну, қоғамның еңбекақы мөлшерінің
негізделуіне қатынасын сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде бұл шама жұмыс
табыстылығынан, жұмысшы еңбегінің саны мен сапасын есептей алып түзетіледі,
бірақ мемлекетпен негізделген мөлшерден төмен болмауы керек. Еңбекақыға
бөлінетін қаражаттардың мынадай түрлері бар:
1. Жұмыс күшінің бағасын сипаттайтын мемлекеттер;
2. Жұмыс берушінің жұмыс күшіне шығындары;
3. Жұмысшының ағымдағы табысын қалыптастыратын, орнын толтыру
нышандары.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еңбек және оған ақы төлеу
есебінің негізгі мақсаты мен міндеттеріне жататындар:
• еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс
мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- еңбекақы және құжаттауды зерттеу;
- құжаттардың жіктемесін анықтау;
• бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу,
- еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
• мекеме жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;

• белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
• жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына
дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару
үшін қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек туралы заңының 5-бабына сәйкес
жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті
құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен
реттеледі.
Курстық жұмыстың құрамы:
Курстық жұмыс кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады. Және осы зерттеу жұмысымның келешек бюджеттік есеп
студенттеріне көмегі тиеді деп ойлаймын.

І. ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
1.1 Еңбек есебі және нормативтік реттеу
Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының
шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар
түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса
маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және
еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті
қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол
салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және
жұмыс беруші белгіленген еңбекақы мөлшері Қазақстан
Республикасының заңында белгіленген Қазақстан Республикасының Еңбек
туралы Заңының 71-бабы ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен
болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңының 7,8-
бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар: [1]

• қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең
еңбекақы алуға;
• қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап
беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;
• кепілдік және өтемақы алуға және т.б.
Жұмыс берушінің құқықтары:
• қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет
ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;
қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т.б.
Жұмыс берушінің міндеттері:
• Қазақстан Республикасының нормативті құқықтың актілерінде, жеке
еңбек келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде
қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақтылы және толық төлеу;
• еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтау;
• Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде
қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем
беру;
• қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби
ауруды ескерту және т.б.
Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:
• еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және
зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін
кепілдік беру және өтемақы төлеу;
• жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі;
• еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;
• өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және т.б. (Қазақстан
Республикасы Еңбек туралы Заңының 9-бабы).[2]
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын
жеке еңбек келісімшартына отыруға құқы бар.
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 13-бабына сәйкес
қызметкердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек
кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісімшарты немесе жұмысқа
қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру
қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісімшартына соған
сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.
Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымының
бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша
басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке
еңбек келісімшартында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі
талап етілмейді (Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 17, 18-
бабы).
Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрын (одан кем болмауы
керек) хабарлау керек.
Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісімшартына сәйкес
толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс
істеуге келісімін бермесе, онда Қазақстан Республикасының Еңбек туралы
Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісімшарт бұзылады.
Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді
бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісімшартында қарастырылмаған
және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа
жұмысқа бұрынғы жұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен
ауыстыруға құқы бар.
Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе
жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске
асырылады (Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 20-бабы).
Жұмыс болмай қалған жағдайда (простой) жұмыс беруші қызметкерді
мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның
келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер
қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкес
онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және
қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына басқа бір білікті
қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның
жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. (Қазақстан Рспубликасы
Еңбек туралы Заңының 21, 22-баптары).
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 23-бабындағы қарастырылған
шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісімшарты мынадай жағдайларда болуы
мүмкін:
• ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі
тоқтағанда (жеке тұлғаның) (Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының
26-бабы, 1-тармағы);
• қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда
(Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 26-бабы, 2-тармағы);
• әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негізінде қызметкерді
үш күндік мерзімге босатқанда (Қазақстан Республикасы Еңбек туралы
Заңының 30-бабы, 3 1-тармағы).

Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 27-бабы, 3-
тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісімшарттарында өтемақының мөлшері
және басқа негіздері белгіленеді.
Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша
ескертіп, жеке еңбек келісімшартын тоқтатуға құқылы.

Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісімшарты ескертілген
мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.
Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісімшартын бұзу
негіздері Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 28-бабында
қарастырылған.

1.2 Еңбекақы формалары мен жүйелері
Қызметкерлер тобы мына категорияларға бөлінеді: басшылар, мамандар және
басқа да қызметкерлер тобына жататындар.
Кәсіпорындардағы шаруашылық етуші субъект еңбекақы жүйесін дербес
таңдайды. Ұжымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісімшартпен немесе жұмыс
берушінің актісімен анықталады.
Жұмысшылардың еңбегі мерзімдік еңбекақымен, кесімді еңбекақымен немесе
басқа еңбекақы жүйелері бойынша төленеді. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық
еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.
Еңбекақының негізгі екі формасы бар:
• мерзімді (негізі - жұмыстың бір сағатына қойылатын тарифтік
мөлшерлеме немесе қызметақы және жұмыс істелген уақыт);
• кесімді (негізі - жұмыс көлемі және оның орындалған бірліктерін
бағалау).
Нарықтық экономика жағдайында алынған табыс немесе пайда
проценттеріндегі түпкілікті нәтиже бойынша еңбекақының дәстүрлі емес
формасы кең тарап отыр.
Мерзімдік еңбекақы тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген
уақыт үшін төленеді. Мерзімдік ақы мынадай жағдайларда төленеді:
• жұмысшы өнім шығарылымын арттыруға тікелей ықпал ете алмағанда;
• кесімді бағалауды анықтауға қажетті өнімділіктің
толық көрсеткіші болмағанда;
• жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылып, жасалынған
жұмыс уақытына нақты қатаң бақылау жүргізілгенде;
• жұмысшыларды дұрыс тарифтендіргенде, яғни разряды бар жұмысшының
орындаған жұмысы біліктілігіне сәйкес келгенде;
• қызметкерлердің еңбекақысы үшін.
Еңбекақының мерзімдік еңбекақы формасында екі төлем жүйесі бар:
мерзімдік-жай және мерзімдік сыйлықақы.
Мерзімдік-жай ақы тарифтік мөлшерлемені немесе қызметкердің
қызметақысын және жасалған жұмыс уақытының санын қолдану арқылы анықталады.
Тәжірибеде бұл еңбекақыны есептеудің 3 тәсілі пайдаланылады: сағаттық, бір
күндік, бір айлық.
Кесімді ақы сияқты мерзімдік ақы жеке және ұымдық (бригадамен)
негізінде іс жүзіне асырылады. Бригадалық форма әдетте орындаушылардың
бірін-бірі алмастырушылығы мен қызметтерді қоса атқарылуын қажет ететін
жағдайда жүзеге асырылады. Мұнда бригада ұжымы кәсіби шеберлік пен қызметті
қоса атқарғаны үшін белгілеген үстеме ақы мен қосымша ақы бойынша, жүмыстың
жалпы нәтижесіне бригаданыә әр мүшесінің нақты қосатын үлесіне қарай
еңбекақы мен сыйлықақының көлемін анықтау бойынша үлкен құқыққа ие болады.

Еңбекті нормалау жұмыстың орындалуына қажетті еңбек шығынын анықтауға
кіретін өндірістік басқару қызметінің құрамдық бөлігін білдіреді және еңбек
шығынының бағалауларын реттемелеудің негізі болып табылады, сондай-ақ
адамның барлық жұмыс істейтін кезеңдерінде оның қалыпты еңбекке
кабілеттілігін сақтауға септігін тигізетін шектен тыс психикалық-физикалық
жүк түсірмеуді көздейтін жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғайтын
біліктілік деңгейін де сипаттайды.

Еңбекті нормалау Қазақстан Республикасьшың Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 ж. 22-ші маусымындағы №152-10
Бұйрығымен бекітілген Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік
ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады. [3]

3. Құжаттардың жіктемесі

Шаруашылық операциясын ресімдеу үшін нысаны мен мазмұны бойынша әр
түрлі құжаттар пайдаланылады, мұның өзі оларды жіктеу қажеттігін
туындатады. Есептік құжаттар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы
құжаттар кәсіпорынға мемлекеттік органдардан, жоғары тұрған ұйымдардан,
салық инспекциясынан, банктерден, құрылтайшылардан, жеткізушілерден, сатып
алушылардан және т.б. келіп түседі. Мұндай құжаттарға төлем тапсырмасы, шот-
фактура, төлем талабы және т.б. жатады. Бұл құжаттар типтік нысандар
бойынша жасалады. Ішкі құжаттар тікелей кәсіпорында жасалады. Оған кіріс
және шығыс касса ордерлері, жүк құжаттар, талаптар және т.б. жатады.
Мақсатына қарай құжаттар өкімдік, аңтаушы, аралас (комбинациялы) және
бухгалтерлік ресімдеу құжаттары болып бөлінеді.
Өкімдік — бұл өкім жасайтын, тапсырыс беретін немесе шаруашылық
операциясын жасауға құқық беретін құжаттар. Мұндай құжаттарға шаруашылық
операциясын жасауға кәсіпорын басшысының және ол өкілеттік берген адамның
өкімі жатады. Бұл құжаттар операцияны бухгалтерлік есепте көрсетуге тікелей
негіз бола алмайды, өйткені оларда операцияның жасалу фактісі көрсетіледі.
Олардың мақсаты — қандай да бір операцияны жасауға құқың беру.
Ақтаушы (атқарушы) құжаттар шаруашылық операциясының жасалу фактісін,
оның орындалуын тіркейді. Оған жататындар: кіріс ордерлері, жүкқұжаттар,
негізгі құралдарды қабылдау-шығару актілері. Бұл құжаттар шаруашылық
операциясы орындалған сәтте жасалады және бастапқы есепті ақпараттың көзі
болып саналады. Ақтаушы құжаттарда мыналар көрініс табады: осы құжатты
жасаған кәсіпорынның атауы мен мекенжайы; шаруашылық операциясын жасауға
қатысушылардың атауы; құжаттың жасалған күні; шаруашылық операциясының
мазмұны мен оны жасауға арналған негіздеме, операцияны сандың және ақшалай
нысанда сипаттайтын деректемелер және басқалар. Шаруашылық операциясының
орындалуына және оның құжаттарда дұрыс ресімделуіне жауапты адамдар ақтаушы
құжаттарға қол қояды. Мысалы: цех басшысы, қойма меңгерушілері, шеберлер
және т.б. Кәсіпорынның бухгалтериясына келіп түсетін ақтаушы құжаттар
тексеріледі, ал содан кейін есепке қабылданады.
Аралас құжатта тек өкім ғана емес, сондай-ақ осы екімнің орындалу
фактісі де болады. Оған жататындар: кіріс және шығыс касса ордерлері; есеп
айырысу-төлем ведомостері, есеп беретін адамдардың аванстың есебі және
басқалар.
Бухгалтерлік ресімдеу құжаттарды есеп мақсаттары үшін бухгалтерия
қызметкерлері жасайды. Оған жинақтаушы ведомость-анықтамалар, бөлу
ведомостері және басқалар жатады. Көбіне бұл құжаттар көмекші рөл атқарады
және бухгалтерия жұмысын жеңілдетуге, оңайлатуға, жылдамдатуға және есептік
жазуларды әзірлеуге арналып жасалады.
Есептік ақпаратты жинақтау дәрежесі немесе мазмұнның көлемі бойынша
құжаттар бастапқы және жинақтаушы болып бөлінеді.
Бастапқы құжаттар қашан да шаруашылың операциялары жасалған сәтте
жасалады және қайсыбір шаруашылық операциясының жасалғанына дәлел болып
табылады.
Оған материалдардың кәсіпорынға келіп түсуі және олардың кәсіпорын
қоймаларынан цехтарға босатылуы туралы; өнімдердің сатып алушыларға
жөнелтілуі туралы, есептелген жалақы туралы құжаттар, жүкқұжаттар, банктен
ақша алуға арналған чек, негізгі құралдарды есептен шығару туралы акт және
т.с.с. жатады.
Жинақтаушы құжаттар бастапқы құжаттарда тіркелген есептік ақпараттарды
жалпылау үшін пайдаланылады. Жинақтаушы құжаттар бастапқы құжаттардың
негізінде шаруашылық операцияларын ақпараттың бастапқы тасығыштарынан
оларды жинақтау маңсатында көшіру жолымен жасалады (мысалы, цех
жұмысшыларымен, жалпы кәсіпорынмен есеп айырысу-төлем ведомосі және т.с.с).
Жинақтаушы құжаттар бастапқы ақпаратты жинақтаудың, топтастырудың және
жүйелеудің құралы ретінде пайдаланылады. Оған аванстың есептемелер,
кассирдің есептемесі, есеп айырысу-төлем ведомостері жатады. Жинаңтаушы
құжаттардың жиынтықтау құжаттарынан айырмашылығы — жинақтаушы құжаттар
бастапқы құжаттардың негізінде жасалады және оның жиыны болып табылады,
жиынтықтаушы құжат — бұл біртіндеп жасалатын бастапқы құжат.
Операцияны қамту және пайдалану жиілігіне қарай құжаттар біржолғы және
жиынтықтаушы болып бөлінеді. Біржолғы құжаттар бір мезгілде жасалатын және
құжаттар тіркелетін, бір немесе бірнеше біртектес шаруашылық операцияларын
көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы, касса ордерлері, талаптар, жүк-
құжаттар, төлем тапсырмасы және басқалар.
Жиынтықтаушы құжаттар әр түрлі уақыттарда және белгілі бір кезең ішінде
жасалған біртектес шаруашылық операцияларын тіркеу және жиынтықтау үшін
пайдаланылады. Жұмысқа екі апталың, айлың нарядтар, кәсіпорын қоймасынан
материалдарды босатуға арналған шектеу карталары және т.с.с. жиынтықтаушы
құжаттарға мысал бола алады. Мерзімі аяқталған бойда жиынтықтаушы құжаттар
түпкілікті ресімделеді және бухгалтерияға беріледі. Онда олар бухгалтерлік
жазбаларға негіз болады. Есеп жазуларының саны бойынша құжаттар бір жолдың
және көп жолдың болып бөлінеді.
Бір жолдың құжатта бір ғана позиция (материалдың бір түрі, бір өнім)
болады.
Көп жолдың құжатта бірнеше атаулар, позициялар көрсетіледі.
Құжат түрлері бойынша хаттамалар, бұйрықтар, есептемелер, актілер және
т.б. болып бөлінеді.
Құжаттың түрі деп бірдей аталатын және біртектес функцияларды
орындайтын құжаттар түсіндіріледі.
Құжаттар нысаны бойынша бірегей және арнайы құжаттар болуы мүмкін.
Бірегей құжаттар — бұл халық шаруашылығының барлық салаларында
пайдаланылатын құжаттар.
Арнайы құжаттар — бұл халық шаруашылығының жекелеген салаларында
қолданылатын құжаттар. Оған атқарылған жұмыстарды қабылдау актісі, жолдама
қағаздар және т.б. жатады.
Қайта шығарылуы бойынша есептік құжаттар түпнұсқа, көшірме және үзінді
болып бөлінеді.
Түпнұсқа құжаттар — тиісті жолмен түпкілікті редакцияда ресімделген
және қол қойылған құжаттар (оригиналдар).
Көшірмелер — құжаттың барлық деректемелерін қайта шығару.
Үзінді — ңұжат бөлімінің көшірмесі.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Кұжаттың ресімделуі мен мазмұнына қатаң талаптар қойылады. Құжаттар
ресімделетін шаруашылық операцияларына сипаттама беретін барлық
көрсеткіштерді көрсетуге тиіс. Бухгалтерлік құжаттама мынадай негізгі
талаптарға жауап беруі тиіс: дәл болу, яғни олардың сипаты, сандың және
ақшалай көрсеткіштері бойынша нақты жүргізілген шаруашылық операцияларына
сәйкес келу; ңарапайым және айқын есеп аппаратының қызметкерлеріне ғана
емес, сондай-ақ пайдаланушыларға (салық инспекциясының, банктердің
қызметкерлеріне, менеджерлерге, кәсіпкерлерге, құрылтайшыларға және т.б.)
түсінікті болуы керек. Мерзімінде ресімделген және есеп процесін
автоматтандыру жағдайында өңделуге бағытталған болуы қажет. Есеп
құжаттарында көрініс тапқан бухгалтерлік ақпарат сапалы және тиімді болуға,
яғни еңбек пен уақыттың аз шығынымен қалыптасуға тиіс.

ІІ. ЕСЕПТЕСУЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТӘРТІБІ
2.1 Есеп айырысу түрлері және есептесуге арналған ағымдық есеп шоттары
Бұл бөлімде тауарлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызметтер
үшін жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысулар, мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар бойынша есеп айырысулар, есеп
беретін адамдармен, жұмысшылармен, степендиаттармен, депоненттермен, мектеп-
интернаттар және басқа да балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Кассадағы операциялар есебі
Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және құжаттарды рәсімдеу
Бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалык пәндермен салыстыру
Пәндер