Ғұн көсемі - Атилла


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Жоспар
РЕФЕРАТ
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтардың саяси тұлғаларының біреуіне эссе жазу
Астана 2013 ж.
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Ғұндардың саяси тарихы
- Батысты басыбайлы еткен әмірші
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Еділ (шамамен 400, Қара теңіздің солтүстік жағалауы - 453 / 454) - әйгілі Ғұн империясының билеушісі. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империсының мемлекеттік тілінде атағандықтан тарихта осы термин қалыптасты. Алайда оның есімін әр халық әр түрлі айтады. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары тілінде оны Эцель, дат тілінде Артала, испан тілінде Аттила, қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ деп аталады. Аттила есімінің түбірі Еділ (орысша Волга) өзені атымен байланысты. Аттила аталары билік еткен ғұн тайпаларының Батысқа жорығы (ІҮ ғ. ) халықтарының ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды.
434 ж. Ғұн империясының королі Руғила өлгенде мемлекет билигі оның немере інілері Бледа мен Аттила қолына тиді. 10 жылдай ол билікті немере ағасы Бледемен бөлісіп, 445-453 жж. жалғыз өзі билік етті. Аттила шайқастарының тарихы оның аса дарынды қолбасшы болғандығын танытады. 443, 447-448 жж. Аттила әскері қаутты Шығыс Рим империясына жорық жасап, оны тізе бүктірді. 452 ж. Мүмкіндігі бола тұрса да Рим қаласын қиратыға бармады, тек салық жинап кері қайтты. Аттиланың үлгісі жалпы адамзаттық өркениетті отырықшы халықтар ғана емес, Орта Азияның көшпелілері де жасағаның айқын көрсетті. Еділ патшасының кезінде Ғұн империясының жоғарғы сатысына жетті. Бұл империя Европаны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына әсерін тигізді. Аттила билігі тұсында ғұндарда әскери демократиялық құрылыс нығайды. Олар Европаның тұрғылықты халықтарын жаулап алып, қалаларды бағындырғанымен өздерінің көшпелі қалпын бұзған жоқ. Бұрын жеңіліс көрмеген Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап. Тарап кетті. Аттиланың денесі Тисса өзенінің арасына жерленген. Айбынды ғұн көсемі Европаның көптеген халықтарының фольклоры мен жазба әдебиетінің кейіпкері болып мәңгілік сақталып қалған.
- Ғұндардың саяси тарихы
Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі -ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.
Бұлардың біріншісі - қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 - 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя - Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.
Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 - 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518) . Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
- Батысты басыбайлы еткен әмірші
Аттила қаршадайынан «ат үстінде ұйқы алған, аттанып барып жылқы алған» жортуылшы қауымның салт-санасын бойына дарытып, құралайды көзге атқан мерген, босмойын сойылмен бөріні қасқа маңдайдан ұрып сұлататын аңкөс, бұзаутіс дойырмен қарсыласын тобықтан қағып құлататын қамшыгер болып ержетеді. Сонымен бірге Аттила грек, латын, герман тілін, жазу өнерін меңгереді. Оның себебі әкесі көз жұмған соң өзімен аталас Октар, Рагула (Орақ) секілді ғұн әміршілері 12 жасар Аттиланы екі елдің арасында тыныштықты сақтау үшін Рим империясына ақ үйлі аманатқа тапсырып, орнына Рим патшасынан Аетиус деген баланы алмасады. Осылайша, екі елдің болашақ дарынды екі қолбасшысының өмір жолы түйісіпті. Аттила отырықшы елде саяси тұтқын кебінде жүргенімен сол кездегі әлем мәдениетінің бесігі болған Римнің тарихы, мәдениеті, соғыс өнері, мемлекеттік түзімі мен дипломатиялық жоралғыларын үйреніп, көптеген патшалардың өзі теңдес ұлдарымен достасып, болашақта әлемді билеудің мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізіп, көңіліне сыр түйіп еліне оралады.
Ертедегі мемлекеттік жүйеде бір елді екі әмірші қатар билейтін жора-жосын бар болғандықтан Аттила әскери қолбасшы болып тұрады да соңынан 445 жылы билеуші ағасын жолынан тайдырып, ғұн ұлысының дарабоз әміршісіне айналады. Ол ғұн билігін ғана емес, күллі әлемнің әміршісі болуды көксейтіндіктен осы арманын билер мен түменбектеріне түсіндіріп, қылқұйрық деп ұрандап, ауыр қол жинап, сарбаздарын қатаң тәртіпке бағындырып, славян, герман тайпаларын бақылауға алу, шығыс пен батыс Римді жаулау, христиан дінді елдерді түгел құзырына қаратып, атқан оғын Африкаға дейін жеткізу үшін ант беріп, шаңды жорыққа атанады.
Ғұн жауынгерлерінің ат тұяғының дүбірі естілген соң христиан әлемі бас қосып, сақтық шара жасап, Константинополь, Рим шаһарларына күзетті күшейтіп, көшпелілермен шектескен солтүстік Рим империясы астанасын айналдырып, Феодосев қорғанын тұрғызады, Дунай өзенін жағалатып бекініс қамалдарды салады.
Тәңірқұты Аттила 441-447 жылдары солтүстік Рим империясына екі мәрте жорыққа аттанып, төменгі Мизи, Фрак, Иллири секілді өлкелерді иеленіп, Балқан түбегін басып алып, астана Константинополь шәрінің іргесіне қосынын төгеді. Мұндай жаужүрек шапқыншылардан аман құтылудың амалын іздеген шығыс Рим империясының Феодосий ІІ патшасы мәмілегерлік тәсілмен ғұн билеушісіне жыл сайын 7000 фунт алтын, яғни қазіргі өлшеммен 232 келідей алтын төлеуге уәде беріп, оның үстіне Дунайдың төменгі сағасында орналасқан Даки өлкесін тарту етеді. Мұнан соң екі жақ та өз елдерінің салтын сақтап, шартты бұзбау жайында ант-су ішісіп уәде береді.
Ғұндар өз одақтастарымен бірге шапшаң шапқыншылық жасап, қазіргі герман жерін қысқа мерзімде иеленіп, Рейн өзенінен өтіп, Галлия өлкесіне ат тұяғын тигізеді. Олар жолында кездескен қалаларды өртеп, күлге айналдырады. Жабайы ғұндардың үрейлі жорығы туралы аңыз-лақаптар әлемге жайыла бастайды. Ғұн қолбасшысы әскери тактикаға шебер, әскерлері ат үстінен артқа-алға бірдей садақ ата алатын мерген, аттары да иелерінің бұйрығын орындауға әбден үйретілген, тоқта десе тоқтайтын, тіпті жалынан қағып қалып, белгі берсе, жата қалатын есті еді. Әскері онбасылық, жүзбасылық, мыңбасылық, түменбасылық темірдей тәртіпті түзіммен басқарылатын. Арнайы жабдықталған қосындар жүйрік күймемен, жауынгерлер қосар атпен жүйткіп жүретіндіктен ғұн әскерлерінің қозғалысы жай оғындай жылдам еді. Жауды қос бүйірден қысу, маңлайсүбе, үркерше қоралау, барысша құсу секілді көптеген әскери тактикалар шебер қолданылатын. Мәселен, барысша құсу деген тәсілді қолдану үшін ғұн әскерлерінің азғана тобы шаһарға бекінген қалың жауға шабуыл жасап, олардан жеңілген сыңай танытып қашып, жолға олжа төгіп дәндетіп, біртіндеп оларды далаға шығарып алған соң, жасырын тұрған негізгі қол екі жақтан тап беріп талқандайтын. Бұл айла да аңшылық кәсіпке байланысты пайда болған, өйткені қарлы тау басын мекендейтін аш барыс қыстыгүні өз олжасын қиналмай аулау үшін асқазанындағы қоректің қалдығын түлкі, қарсақ мол жүретін етекке әкеп құсып отырады да, соны жеп дәніккен дәмөгей аңды ініне таяп келгенде бас салатын.
Ғұн сардарлары жауды өлтірген соң қанына туының ұшын батырып қандау рәсімін жасайтын, қаһармандары жаудың қанын уысына толтырып ұрттап та жіберетін, тіпті дұшпаны қас батыр болса, өлтірген соң кеудесін ақтарып, жүрегін жұлып ап, шайнап жіберіп, жаудың қайсарлығы маған жұғады деп ырым жасайтын оқиғалар да кездесетін, мұндай ерлерді жұртқа үлгі етіп жайып «жүрек жұтқан батыр» деп атап, аңыз ететін. Сарбаздар жаудан беті еш қайтпай, қасық қаны қалғанша алысып, «ең болмағанда жастығымды ала кетем» деп, бір жауды болсын өлтіріп жіберіп, басына жастана қалатын. Сарбаздар басына түрлі жыртқыш аңды бейнелейтін болат маска, мүйізді дулыға киіп, бетіне қара күйе жағып алатындықтан, кескін-келбеті қаһарлы да айбарлы көрініп, жауды үрейлендіретін. Міне, осындай себептерге байланысты Риммен шекаралас орналасқан ғұн шеріктерінің жауыздығы, адам етін жеуден де тайынбайтын қатыгездігі туралы лақап-аңыздар Еуропаға жайылып, қарсыластары оларға бетпе-бет келуден тайқып, тірі қалудың қамын жеп, қамалға тығылып, орманға қашып жан сақтауға мәжбүр болады.
Жампоз Аттила Еуропаға еміне еніп Мец, Трир, Кёльн, Реймс, Тонгер, Труа секілді қамалды қалаларды қысқа мерзімде басып алады. Ғұндар Орлеан қаласын қоршап алғанда бұл шаһардағыларға жәрдемдескелі батыс Рим империясының Валентиан ІІІ патшасының қолбасшысы Аетиус пен қаһарман вестгот патшалығының біріккен армиясы таяп келеді. Аттила желкесінен шабуыл жасалатынын сезгендіктен қоршауды тастай салып, кері шегініп Каталаун ойпатындағы Труа шаһарына келіп бекініс жасап, шешуші майданға дайындалады. Осылайша, Каталаун ойпатында 451 жылы 15 маусымда әлем тарихында бұрын-соңды болмаған қиян-кескі ұрыс болады. Бұл қазіргі Труа қаласының маңайы, Париждің оңтүстік жағы болса керек. Аттила атой салып қосынын өзі бастап, ат ойнатып, шеріктерін жігерлендіреді. Бұл кезеңде дарынды қолбасшы, ғұн өмірін жақсы білетін Аттиланың бала кездегі ақ үйлі аманаттасы Аетиус римдіктердің ішкі қайшылығын жойып, береке-бірлікке келтіріп үлгерген болатын. Ол ғұнның атты әскері шабуылының үстемдікте болатынын жақсы білетіндіктен сақтық жасап, ор қазып бекініп, жаяу әскер соғысына баса назар аударып, соғыстың тізгінін өзіне қолайлы етіп бұруға әрекет етеді. Ғұндар ат үсті өнеріне шебер болғанымен жаяу соғысқа икемсіз болуы, римдіктердің қола дулыға, болат сауыт-сайманы, қысқа қанжары мен қылышы ғұндардың қайың сапты найзасы мен қайыс арқанымнн басым екендігі соғыс барысында байқалады. тап болып аялдайды.
Бұл кезде батыс тарапта тың тұрған вестготтардың сарбаздары үстеме шабуылға шығып, ғұндарды шегіндіргенімен патшалары Теодрих І қаза болады. Ажалмен бетпе-бет келген ауыр соғыс болғандықтан екі тараптың көп әскері жер жастанып, аздаған жараланғандар тірі қалған деседі. Атты әскерлері зор шығынға ұшыраған Аттила амалсыз шегінеді. Кері шегінген ғұн әскерлерін жау өкшелей қуудан сескенеді. Аттила да толық жеңіліске ұшыраудан тайқып Галлия өлкесін тастап, Рейн өзенінен өтіп ұлы даланы бетке алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz