Ақсай ЖШС


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Б. Ө. Ж.
Тақырыбы: АҚСАЙ ЖШС
Орындаған:
Қабылдаған:
Пән: Маркетинг
Топ:
Курс:
ТАРАЗ 2013 Ж.
«Ақсай» нан өнімдерін өндіретін комбинатты - тағам өндірісінің қуатты отандық кәсіпорны. Комбинаттық жобасын «Казгипромицпром» институты орындап, 1987 жылы «Алма-Атыпромстрой» тресті құрылысын жүзеге асырған. Комбинаттың жобалық қуаттылығы тәулігіне 21 тонна тоқаш және 142 тонна нан өнімдерін шығаруға есептелген. 1988 жылдан бастап қалыпқа салынған бидай наны, қара бидай, бәтір наны, бәліш, ірі және ұсақ дөңгелек тоқаштар мен тәттітаяқшаларды өндіру үшін 12 технологиялық пештер орнатылып нан және тоқаш өнімдерін өндіру игеріле бастады.
1988 жылдың III - ші тоқсанында комбинат өндіріс қуаттылығының 70 пайызға игерді. 1991 жылдың аяғынан бастап комбинатта тәтті тағам өнімдерін өндіру цехы ашылған болатын. Мұнда ұнтақты тәтті тағамдар өнімдері: торттар, бәліштер, печенье, кекстерді пісіретін пештер орнатылған.
Қазіргі уақытта «Ақсай» нан өнімдерін өндіретін комбинат - Алматы нан зауттарының арасында өнімдерді шығару бойынша озат екендігі даусыз. Комбинат қала дүкендеріне жылына 20 000 тоннаға жуық ұннан пісірілген тағамдарын жеткізеді.
«Ақсай» нан өнімдерін өндіретін комбинат - галерея, оранжереялы жаяу жолдары бар, бірнеше әкімшілік және өндіріс корпустарында орналасқан, қазіргі заман талабына сай өндіріс орны. Қойма және қоймалық жайлардың жүйесі комбинатқа төтенше жағдайларда автономды тәртіпте 10 тәулік жұмыс істеуіне толық мүмкіншілік береді.
«Ақсай» нан өнімдерін өндіретін комбинат - нан-тоқаш, дөңгелек тоқаш, ұннан және тәтті тағам өнімдерінің 90-ға жуық түрлерін шығаратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын. Нан өнімдерін өндіретің комбинат пісірген сапалы нанды алматылықтар жоғары бағалады, ал бұл комбинатқа нан-тоқаш өнімдерінің көлемін ұлғайтуғв мүмкіншілік береді. Қазіргі өнімдердің әр түрлі түрлерінің ассортиментін кез келген жағдайларда ұсынған өте орынды, яғни отбасында шәй ішуден ресми түскі қонақ асына дейін. тортар мен бәліштерді пісіру үшін «тәтті шығарманың» дәмдік сапасын жақсартып қайталанбастай ететін табиғи сертификатталған шикізаттар пайдаланылады. «Ақсай» нан өнімдерін өндіретін комбинат өнімнің негізгі 5 тобын шығарады:
1. Қалыпқа салынған бидай наны - «Жәй нан», «Здоровье», «Бодрость»
2. Қара бидай бәтір наны «Крестьянский», «Бородинский», «Олимпийский», «Особый», жүзім қосылған қара бидай наны.
3. Тоқаш өнімдері - кептірілген ірі дөңгеоек тоқаштар лимон және ванилин қосылған тоқаштар, ұсақ кептірілген «Ақсай» және шәй тоқаштары, тәтті таяқшалар.
4. Бәліш өнімдері - өрме нан, тәтті бәлішер, тәтті тоқаштар, күнжіт қосылған қалам, мүиіз тәріздес нан, «Дәмді нан» шелпегі, хот - доққа арналған бәліштер арсына көкнәр және жүзім қосып қабатталған нан, «Круасаны» атты қаттама жұмсақ нан.
5. Тәтті тағам өнімдері - бисквитті-бал қаймақ жағылған торттар: «Сказка», «Лужок», «Трюфель», «Подарочный»; үлпілдек торттар: «Алия», «Рахат», «Грильяж», «Олимп»; суфле торттар: «Мереке», «Меруерт»; құралма торттар: « Нежность», «Чародейка», «Мираж»; үгілмелі торттар: «Әлем», «Снежок»; үгілмелі сақиналар: «Пикантное», «Әсел», түрлі түсті жылтыратып какос, суфле және т. б. ұнтақтар жағылған қайнатылып пісірілген бәліштер.
Қазақстандық тұтынушылардың ең бір маңызды тамақ өнімдері корзинасындағы компоненттердін бірі нан болатын және ол солай қала бермек. Сатып алған дәннің саны мен сапасы - бидай мен қара бидайдың бұл тағаммен қала халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
«Ақсай» ЖШС- нан - бөлішке комбинаты Алматы қаласындағы ең ірі, қазіргі заман талабына сай, мамандандырылған нан, бөлішке, кодитерлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың бірі. Қаралып отырған кәсіпорында осы салада көп жылдан бері тәжірибе жинаған жоғары мамандандырылған кәсіпкерлік мамандар жұмыс істейді. Кәсіпорында барлығы 585 адам, оның ішінде 157 адам негізгі өндірісте жұмыс істейді. Өндірістік зертханада 5 адамістейді, олардың барлығы жоғары және орта арнайы білімі бар, жұмыс стажы -11-25 жыл істеген адамдар
«Ақсай» ЖШС алып жатқан жерінің көлемі 3, 5326 га.
«Ақсай» ЖШС төмендегідей ғимараттар мен құрылыстары бар: экімшілік тұрмыстық корпус, өндірістік корпус, инжинерлік корпус, 720 тонналық ұнды ыдыссыз сақтайтын жабдық склады, ыдыстар мен құралдарға арналған шатыр, градирия автотаразы (30 тонна жүк көтеретін) . «Ақсай» ЖШС жобалық күштілігі сөткесіне 152 тонна өнім шығара алады. Ұлттық бағдарламаға сай «Ақсай» ЖШС 14. 03. 1997 жылы жекешелендірілген және заң министрлігімен тіркелген жекеменшік түрі -100 пайызға жекеменшік капитал. Комбинаттың бумен, жылумен, сумен қамтамасыз ететін өз кательныйы бар. Комбинатта 12 кешенді механикаладырылған линиялары бар.
«Ақсай» ЖШС басты тапсыпмасы қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдеріме қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорынмеңшігінің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Kомбинат шаруашылық есебі мен өзін өзі қаржыландыру принциптерімен жұмыс істейді. Кәсіпорынның шаруашылық әлеметтік жағынан еңбек ақы төлемін еңбек ұжымының өндірген қніммен түскен қаржысының көлеміне сай, көлеміне қарай жүзеге асырылады. Өнімді таратудан түскен тұсім арқылы кәсіпорын материалдық шығыннан өтейді. Түскен пайданың бір бөлігі мемлект алдындағы бюджет, банк міндеттемелерін орындау үшін жұмсалады. Пайданың екінші бөлігі оның толық билігіне еңбек ақы төлеумен бірге ұжымның таза пайдасын құрайды. Әртүрлі кәсіпорындар арасындағы сыйыстарға қатысып, «жоғары сапалы» сыйлығымен марапатталады. Өндірістік емес тармағында кәсіпорын жұмысшыларына қызмет көрсететін медициналық мекемелері, асханалары бар. Өндірістік тармақтары ( цехтар, бөлімдер, қоймалар, зертханалар, шеберханалар т. б болып табылады), бұлардың сонымен құрамы кәсіпорынның өндірістік құрылымын анықтайды. Барлық өндірістік тармақтар (цехтар, бөлімдер), қызмет көрсететін шаруашылық, өндірістік үрдесіне тікелей және жанама қатысын қызметтердің барлығы серіктестіктің өндірістік құрылымы. «Ақсай» ЖШС өндірістік бірлігінің негізгі құрылымы, ол өндірістік участок, мұнда технологиялық бітектес жұмыстар немесе бірдей, біртиптік өндірістік участоктар бар, міне осылардан цехтар пайда болады. Негізгі өндірістік участокте шикізатты немесе жартылай фабрикаттарды дайын өнімге айналдырудың өндірістік үрдестері жүзеге асырылады (ұннан-қамырға, қамырдан-пісірілген дайын нанға) . Өндірістік үрдістің мазмүны кәсіпорынның және оның үрдістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Сондықтан өндірістік үрдіс кез-келген өнім өндіретін кәсіпорынның негізін құрайды. Негізгі өндіріске нан цехтан, бараночный цехтан, кондитерлік цехтардан тұрады. Бұл цехтар (нан цехы) төмендегі құралдармен жабдықталады:
Ш2-ХПА-25 пешімен; Ұзақ жаймалағыш Ш-33 ХД; Брожендейтін астауХТР; Ұнды себелеуші машинка Ш2-ХМВ; Қамыр илегіш машина А2ХТ3Б; Лопасты қамыр насосы; Герпачты дазор; Ал ашыту цехында: Алты ырғақты насоа НШМ-10 және КНЛ-3; Қуаттылығы жоғары дозатор Заквовочная машина ХЗМ-300; Шайқап қамыр илейтін машина Н8-ХТН-12; Сұйық ашытқаға арналған астау шығару багі; Сұйық ашытқыны танытатын бачок; Ашытқы эмульсияларын әзірлейтін бачок; Тұз еріту бачогі; Закваска жинайтын ыдыс.
Кондитерлік цехта:
Қамыр илегіш машина РВ -60; Езіп араластыратын машина МВ -35-5; Қант пен май ерітуші құрал; Қайнату котелі; Ұн себетін құрал П2П; Вытяжной шкаф; Жылжыту столы; Қамыр илеуші машина МЬТМ-140; Қамыр домалақтайтын машина МБТМ-140; Пеш РЗ ХПГ-2. Орау машинасы «ESPERO»
Ал қосымша өндіріс негізгі өнім өндіруге тікелей қатыспайды, бірақ негізгі өндірістің жұмыс істеіне жағдай жасайды. «Ақсай» нан ЖШС-ң қосымша өндірісіне келетін болсақ олар мынандай бөліктерден тұрады:
1. Қойма; 2- тонналық бункерлер; Сорғытушы құрал; Авто өлшеуіштер МК-50; Себуші құрал Ш2-ХЗ. 2. Котельная: Котель ДКВРЧ/13; Бу котелы 1/9; Ауаны жылытатын вентиляторлар; Жиналған газды соратын насос; Бақылау өлшеу құралдары; Су насостары; Компркссорлар 2ВП-8*10. 3. Вентиляциялық және тоңазыту шаруашылығы: Тоңазыту агрегаты; Салқындату машинасы; Салқындату камералары, тоңазытқыштар; Конденсаторляқ құрылымдар.
Кәсіпорынның өндіретін өнімдері мен шикізаттары лабараториядан өткізу арқылы бақыланып отырады. Кәсіпорын негізінен нан өнімдерін өндіруге бағытталған. Негізігі өндіретін өнім ретінде адамның ең ағашқы қажеттіліктеріне жататтын нан өнімінің технологиясын қарастырамыз. Технология ең алғашқы келіп түскен шикізаттарды лабараториялық талдаудан өткізіп, нан өнімдеріне қажетті стандартқа сәйкестігін анықтайды. Қамыр даярлау. Қамыр даярлауда ең алдымен қою қоспа ұн араластыратын машинкамен белгілі бір қоспалардың қатынасымен әзірленеді, оған ұн себетін машикамен себелей отырып ұн қосылады, қамыр араластыратын машинкамен қамыр даярлайды. Оны біраз уақыт ашыту цехында әр өнімнің түріне, дәміне байланысты ашытады, ол шамамен 2-4 сағат көлемінде болады. Қоспа автоматты бункерге салынып соған сәйкес нан құрамына дәм беретін тұз, қант, ашытқы сияқты ертінділер қосылады. Дайындалған қамыр лапасты насос арқылы қамыр бөлу бөлімшесіне жіберіледі. Қамыр бөлу. Бұл бөлу операциясы белгілі бір салмақта және формада, пісірілетін өнімнің сортына, ашытылу уақытының ұзақтылығына байланысты қамыр бөлгіш машинаның көмегімен жүзеге асады. Одан кейін қамыр домалақтауыш машинаның көмегімен нан өнімдерін формаларына қарай пеш агрегатындағы люлкілерге салынады. Пісіру. нан пісіру уақыты конвеирдің қозғалыс жылдамдығына сәйкес жеткілікті реттеледі, ол 48 минутты құрайды. Нанды салқындату және сақтау. Пісірілген нан ленталық көлікпен циркуляциялық столға жеткізіледі. Осы столдан нан алғаш латоктарға салынады, ол латоктар салқындату контейнерлеріне орналастырылыпғ жаңа (свежем виде) пісірілген күйде сауда орталықтары арқылы тұтынушыларға жеткізіліп отырылады. Өндірістік циклдың ұзақтығы. Өндірісті ұйымдастыру үнемдеуде өндірістік циклдың ұзақтығы - кәсіпорындағы өндіріс мәдениетімен ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын қажетті көрсеткіш болып табылады. Нан пісіретін кәсіпорындарда өндірістік цикл болып негізі, қосымша шикізатты дайындаудан бастап, оны дайын өнімді (нан, нан өнімдірі т. б. ), сақтау орнына өткізгенге дейінгі уақыт аралығын айтады.
«Ақсай» ЖШС-нің ұйымдастырушылық басқару жағынан қарастыратын болсақ басқару аппараты жүзеге асырылады. Басқару аппараты директор, бас экономист, қаржы директоры, бас инжинерлерден тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz