Информатика және этика



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.I Информатика ғылымы және оның дамуы
II.II Этика ұғымы және оның маңызы
II.III Информатика ғылымындағы этиканың орны және маңызы
III. Қорытынды
Информатика ғылымының дамуы адамзат баласының пайда болуымен тікелей байланысты. Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады.
Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені қалыптасты.
ХХІ ғасырда ақпараттық технологияның кең дамуына байланысты информатика ғылымында этиканың маңыздылығы айқындала бастады. Себебі соңғы уақытта ақпаратты тарату барысында этика принциптері ескерусіз қала бастады. Осының салдарынан азаматтардың адамгешілік принципіне негізделген заңды құқықтарының бұзылу фактілері және интернет желісі арқылы таратылған заңсыз бағдарламалар көп тіркелуде. Осындай фактілердің көптеп кездесуіне байланысты информатика ғылымындағы этиканың маңыздылығына тоқталамыз.
1. «Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ» Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Қ.Дәулетқұлов.
2. «Есептеу техникасы және прораммалау» Қ.Ахметов.
3. «Информатика» Камардинов.
4. «Информатика» Н.Макарова.
5. «Этика» Л. Е. Балашов – Москва, 2003г.
6. «Этика» О.Г.Филатова – Санкт-Петербург, 2000г.
7. «История этических учений» А.А.Гусейнова. - М.: Гардарики, 2003г.
8. «Этика науки» М.Г.Лавар.
9. «Прикладная этика» А.А.Гусейнов.
10. «Прикладная этика» И.Л.Зеленкова – Минск: Тетра Системс, 2002г.
11. «Основы инженерной психологии» В.Ф.Ломова.
12. «Системы отабражения информации и инженерная психология» А.М.Смоляров.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

Реферат

Тақырыбы: Информатика және этика

Орындаған: Аубакирова М

Қабылдаған:

Қызылорда, 2012 жыл

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

II.I Информатика ғылымы және оның дамуы

II.II Этика ұғымы және оның маңызы

II.III Информатика ғылымындағы этиканың орны және маңызы

III. Қорытынды

I. Кіріспе

Информатика ғылымының дамуы адамзат баласының пайда болуымен тікелей
байланысты. Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен
генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды
туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми
қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады.
Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану
және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды,
мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық
аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және
әлеуметтік әсер ету кешені қалыптасты.
ХХІ ғасырда ақпараттық технологияның кең дамуына байланысты
информатика ғылымында этиканың маңыздылығы айқындала бастады. Себебі соңғы
уақытта ақпаратты тарату барысында этика принциптері ескерусіз қала
бастады. Осының салдарынан азаматтардың адамгешілік принципіне негізделген
заңды құқықтарының бұзылу фактілері және интернет желісі арқылы таратылған
заңсыз бағдарламалар көп тіркелуде. Осындай фактілердің көптеп кездесуіне
байланысты информатика ғылымындағы этиканың маңыздылығына тоқталамыз.

II.I Информатика ғылымы және оның дамуы

Информатика ғылымының дамуы адамзат баласының пайда болуымен тікелей
байланысты. Информатика ғылымының қалыптасуына тоқталмас бұрын информация
терминіне тоқталамыз.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне
қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар
көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі
информация аламыз.
Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де
информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің
алмасуына мысал бола алады.
Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау -
информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге,
заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен
тығыз байланыста болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу
тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу
арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу -
адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек
мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан
ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді [1].
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап
шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке
жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару,
көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп,
мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны
кез келган қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге
мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып
жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын
толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX
ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде
олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді
магниттік таспаларға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері
бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді
теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда
және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық.
Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика
және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-
қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні –
құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен
әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғы тарихын анықтайды, ол ауыз
сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты
ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму
кезеңдерімен сипатталады.
Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды,
биологиялық, әлеуметтік және т.б.) автоматты басқару және байланыстардың
жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым – кибернетика екпінді дами
бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт
Винердің математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым
гректің kyberneticos – басқару өнерлілігі сөзінен шыққан [2].
Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму
тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар. Біріншіден,
Информатика термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және
алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден,
информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы
өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты
маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде,
яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының
информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші
болды. ЭЕМ-дерді қоғамның маңызды салаларына енгізу жаңа ақпараттық ғылым
Информатика ғылымының пайда болуына алып келді.
Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, өңдеу,
сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылық-
тары мен тәсілдерін және адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың
құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және
қолдану мәселелерін зерттейтін жаңа ғылыми пән [3].
Информатикакның ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық
салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына
тұстас келеді. Нақтырақ айтқанда Информатика термині 60-жылдардың
ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде
Информация және Автоматика сөздерінен пайда болды. Бұл аталым
француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат)
және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс
Европа және АҚШ елдерінде Computer Science (компьютерлік ғылым) деген
атауға ие.
Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық
байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы
және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен
қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен
жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті
тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика – өте көлемді,
динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және  ойдан өткізу кезеңін
кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған
ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика
конгресінде төмендегідей түрде анықтады:
Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану
және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды,
мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық
аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және
әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.
Екінші бір көзқарас бойынша, информатика – жаңа білім алу мақсатында
есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру,
интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.
Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер
және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.
Қазіргі заманда информатика кешенді ғылыми – техникалық ғылым.
Информатика деген аталымға есептеу техникасын құру және жасау мәселелерін,
оны пайдалану заңдылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін,
оны алу, өңдеу, жеткізу және адам өмірінің барлық салаларында қолдану
заңдылықтарын зерттейтін пәндер кіреді. Олар – есептеу техникасы мен
жүйелерінің архитектурасы, аппараттық және бағдарламалық жасақтамалар,
алгоритмдеу және бағдарламалау, жасанды интеллект, есептеу тораптары мен
желілері және т.с.с.
Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы
адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және
компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты
жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген
автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық
технологиялар. 
Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір
сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі,
пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын орны, радикальды прогресс пен
қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз
байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда
білімнің ақпараттық ресурсқа айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы,
дамытушы факторы болып табылады.
Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар
құрады:
- Ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның
басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдерге, әлеуметтік прогресске 
көрсететін әсері.
- Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады.
Информатика ақпараттық ресурстарды қоғамда алу, беру және қолданудың
заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға,
ақпараттық ресурстарды қолдануға негізделген.
- ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолданудың
теориялық негіздерін құрайды.
Практикалық (қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі
ұғымдар анықтайды:
-  есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
-  есептеу техникасы құралдарының бағдарламалық жасақтамасы;
-  аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;
-  адамның аппараттық және бағдарламалық жасақтамалармен әсерлесу
құралдары;
Информатиканың алдына қойылатын міндеттерді анықтау үшін оның
қалыптасқан ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды рөл атқарады.
Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-
жаратылыстану пән екендігін көрсетеді.
Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын
негізгі міндеттер:
-  ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу
және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;
-  ақпараттық ресурстың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін
анықтау;
-  есептеу техникасының аппараттық және бағдарламалық құралдарымен
жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру.
Кез келген ғылыми пән сияқты информатика да информацияларды оқып
білудің жалпы пәні ретінде біріктірілген әртүрлі пәндер жиынтығын ұсынады.
Олар:
- Ақпараттар теориясы;
- Кибернетика;
- Жасанды интелект;
- Бағдарламалау;
- Ақпараттарды қорғау және т.б.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі
үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар
информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын
ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп
барады [4].
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-
дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін
түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны
кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана таза
ғылым ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі – адамзат
қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде,
саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең колданылуы, яғни
технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор болып табылады.
II.II Этика ұғымы және оның маңызы

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль,
адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық және философиялық
пәндердің бірі. Адамды моральды субъект ретінде қарастырып, оның
құндылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бөлімі. Этиканың өзіндік
мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек
философиясынан бастау алады [5].
Моральдық аспект коммуникация, адамдар және субъектілер арасындағы
қарым-қатынас орын алатын кез-келген сферада қолданылады.
Антика дәуірінде бұрынғы құдайға байланысты қорқыныштарды жоққа
шығарып адами құндылықтардың маңыздылығына көңіл бөлудің алғышарттары пайда
болды. Осы кезеңде құндылықтарды бірінші орынға қоятын және моральдық
құндылықтардан жат мектептер құрылды.
Софистердің көзқарасы бойынша этика релятивизмге (латын тілінен
алынған relativus – салыстырмалылық) негізделген деп қарастырды. Яғни,
адамның құндылықтары ортаға, дәуірге тікелей байланысты. Оларға қарсы
пікірді Сократ этикалық рационализм (латын тілінің rationalis сөзінен
алынған) бағытын ұстанды. Бірінші болып антропологиялық мораль түсінігін
енгізген ойшыл болып табылады.
Кирен мектебінің өкілі Аристипптің көзқарасы бойынша адамның ең
жоғарғы ұмтылысы ол әр сәттен ляззат алу деп есептеді. Ал, киникалық
мектептің өкілдері Антисфен, Диоген ойшылдарының көзқарасы бойынша адамның
өз сезімдерін шектеуінде болып табылады. Сократтың ілімін жалғастырған
Платон этика концепциясын екіге бөліп қарастырды: жеке адами этика және
саяси этика. Ал Платонның ілімін жан-жақты қарастырып, елеулі үлесін қосқын
Аристотель.
Этика термині айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель
еңбектерінен алады. Этизм термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне
арналған үш шығармасының (Никомах этикасы, Евдем этикасы, Үлкен
этика) атауына кірген. Аристотель этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш
мәселеге тоқталып, этикалық теория, этикалық кітаптар, этикалық іс-тәжірибе
туралы айтады. Аристотель этикасында құба төбел немесе алтын орта
ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдың
айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып
кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана
білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық – малшашпақ пен
дүниеқоңыздықтың орта шені; батылдық – көзсіз батырлық пен қоянжүрек
қорқақтықтың дәл ортасы; қарапайымдылық – ұяңдық пен ұятсыздыктың
ортан белі және т.б [5].
Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі келесідей мұратты атап
өтуге болады: адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы
болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп
есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын кұлдарды тіпті де
адам деп санамаған. Оларды сөйлей алатын хайуан ретінде қарастырған.
Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың
өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер
адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы
келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде калокагатия идеалы
дүниеге келген болатын. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше,
адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты – өмірдің қызығына бату,
ләззат алу. Ал, эвдемонизмнің өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны – адамның
бақытқа жетуі.
IV ғасырда латын тілінде этика сөзіне пара-пар moralitas термині
пайда болды. Рим ойшылы Цицерон этиканы моральдық философия деп
қарастырды.
О баста грек тіліндегі этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде
мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде этизм – ілім мәнінде,
мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, этизмалық ой-толғамдар
адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әр алуан екендігін
баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау
үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты
ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар
атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді.
Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің
жоғарғы мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа,
экономикаға этикалық нормалармен жетекшілік жасайды [6].
Ортағасыр дәуірінде этикалық ой-тұжырым антикалық дәуірдегі ақылға
емес, діни наным-сенімге негізделді. Бұл дәуірдің көптеген ғылымдары мен
ойшылдары дін төңірегінде көптеген ойлар қалыптастырды. Осы дәуірде
теоцентризм қоғамның барлық саласында жетекші орынға шықты. Осындай
көзқарастардың көрнекті өкілі Августин болып табылады. Августиннің этикалық
көзқарасы төмендегідей:
- Құдай кез-келген бастаманың негізі және құндылықтардың басты
критеийі болып табылады.
- Құдайдан алшақтаудың жолы зұлымдық, қатігездік жасау арқылы жүзеге
асады.
Сонымен қатар Августиннің ойынша адам тек зұлымдық жасайды, ал жақсы
әрекеттердің барлығы құдайдың қалауымен орындалады деп қарастырады. Бұл
көзқарасқа қарсы ағылшын монахы Пелагий өз ұстанымын ұсынды. Оның ойынша
адам өз еркімен жақсы және жаман әрекеттерді орындай алады.
Августиннің ілімін жан-жақты Фома Аквинский толықтырды. Аквинскийдің
айтуы бойынша адам өз еркімен жақсы әрекеттерді де жасай алады, бірақ құдай
қалауының шегінде орындалады деп қарастырады. Ол Аристотельдің еңбектеріне
сүйене отырып мораль мен дінді біріктіруге ұмтылды. Аквинскийдің ойынша
адам зұлымдық пен мейірімділіктің ортасында өмір сүреді және оған
бейімделеді деп есептеді.
Ортағасыр дәуіріндегі этиканың антика дәуірінен басты айырмашылығы ол
адамдарды төзімділікке, шыдамдылыққа шақыру және келесі өмірде мәңгі
рахатқа кенелуге деген сенім концепциясы. Сол дәуірдің ең маңызды көзқарасы
құдайдың жалпы шексіз сүйіспеншілік иесі екендігі.
Жаңа заман дәуірінде біршама өзгерістер болғанымен бұл кезеңде де
антика дәуірінен қалыптасқан этика туралы көзқарастар айтарлықтай орын
алды. Сонымен қатар пантеизм, спектицизм, атеизм бағыттары кеңінен таралды.
Осы дәуірде этикалық ойдың қалыптасуының біренше этаптары қалыптасты. Олар:
1) Бірінші этап. Спектизм идеясы орнықты және оның көрнекті өкілі
М.Монтеньнің Тәжірбиелер (Опыты) деген еңбегінде ескі діни
догмаларға қарсы шықты. Оның ойынша моральдық қасиеттерге тек діни
наным-сенімдерді ұстанған адамдар ғана емес кез-келген адам ие бола
алады.
2) Екінші этап. Этиканы ғылыми теория ретінде қарастрыды. Оның
көрнекті өкілдері Гоббс, Спиноза, Декарт және т.б.
Гоббстың ойынша өзін-өзі ұстау және қажеттіліктерді қанағаттандыру ең
маңызды этиканың міндеті. Сонымен қатар азаматтық әлем мен азаматтық
қайырымдылық туралы ой қозғайды. Ал Спиноза өзінің ойларында Гоббстың
көзқарастарын қолдайды. Спиноза этиканы натурофилософияға жатқызады және
оның ойынша еркін адам өз әрекеттерін ақыл оймен орындауы қажет.
Этика ғылымының негізін салушылардың бірі Иммануэль Кант Гольбах және
Гельвец ұсынған этиканы натурофилософия аясында түсіндіру көзқарасынан бас
тартты. Оның ойынша құндылықтар табиғатта туылғаннан бастап берілмейді, ол
адамға эгоистік қасиеттерді жеңу барысында қалыптасады. Канттың көптеген
еңбектері мораль түсінігіне бағытталған. Атап айтқанда: Құндылықтар
метафизикасының негізі (Основы метафизики нравственности), Құндылықтар
метафизикасы (Метафизика нравов), Практикалық ақылға сын (Критика
практического разума) және т.б. Осы еңбектерінің арқасында өзінің үш
категориялық императивін ұсынады:
1. Әрқашанда өзгелерге үлггі болатындай әрекеттер орындау қажет.
2. Өзіңе қаламаған дүниені өзгеге жасамау.
3. Өзге адамдарды өз пайдаң үшін пайдаланбау.
Неміс классикалық философиясының өкілі Фридрих Гегель этикалық
құндылықтарды әлеметтік қоғам ортасында қарастыруды ұсынды. Ол этика
құндылықтарының негізі отбасы, қоғам, мемлекет деген ой-пікірді ұсынды.
Оның ойынша адамзат еркінің пайда болына аталған үш элемент елеулі ықпал
жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның Адамның табиғаты туралы трактатында
жан-жақты айтылады.
XVIII ғасырдың аяғында этика жаңа пән ретінде қарастырыла бастады. Осы
дәуірде этика өзінің қарықтап даму шегіне жетті. Ал XX ғасырдың аяғы мен
XXI ғасырдың басында этика термині ғылымның көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметіне киберпсихология білімінің әсері
Ақпараттық дүниетанымды қалыптастыру
Жоғарғы мектеп педагогикасының басқа ғылымдармен байланысы
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Қоғаммен байланыс қызметі
Абай философиясындағы адам болмысы Әл-Фараби Ұлы даланың ұлы ойшылы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Басқару іс- әрекеті негізі
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Баспасөздегі жаңа технология
Пәндер