Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға әсері



Мазмұны


I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II Негізгі бөлім.М

2.1 Мұнай өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Мұнайдың қоршағаМұнай өндірісінің қоршаған ортаға әсерін ортаға келтіретін зияны ... ... ... ... ... ...5
2.3 Мұнайды өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.4 Мұнайдың пайдасы мен зияны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Кіріспе
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрінің айтуынша, министрлік биылдан бастап сот арқылы экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін табиғи тұтынушы мекемелердің жұмысын тоқтату немесе жабу туралы үлкен акциясын жалғастырады. Қазір қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін Қазақстан бойынша шағын 47 кәсіпорын жабылды.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов елдегі ірі инвесторлар болып табылатын мұнай компанияларының қарсылығына қарамастан, қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін мұнай компанияларымен жасалған келісімдерді қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсынысы бойынша жұмысын жалғастыра беретінін айтты. Тек бір «Теңізшевройл» компаниясы жұмысының нәтижесінде табиғатқа зиянды 10 миллион тонна күкірт жиналып қалған.
Мұнайдың физикалық қасиеттері.Мұнай - жанғыш, қара-қоңыр түсті өзіне тән иісі бар май тәрізді сұйықтық, ол судан жеңіл және суда ерімейді.
Мұнайдың негізінен көмірсутектер қоспасы екеніне тәжірибеде көз жеткізу қиын емес. Егер мұнайды көрсетілгендей құралда қыздырсақ, оның жеке заттарға тән белгілі бір температурада емес, температураның кең аралығында айдалатынын байқауға болады. Жайлап қыздырған кезде ең алдымен молекулалық массасы аз, содан кейін жоғары температурада молекулалық массасы үлкен заттар айдала бастайды.<Әлі күнге дейін табиғатқа ең күрделі зиян келтіріп жатқан бірден-бір өндіріс орындары бұл-ірі-ірі мұнай өндіруші компаниялар. Үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай өндіруші компанияларда 2602,3 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Соның 1205,8 миллион текше метрі факельдерде жанып, ауаға тарап кетіпті. Мысалы тек "СНПС-Аырау мұнайгаз" АҚ өзі 805,3 миллион текше метр көгілдір отын жаққан. "Қазақойл" ЖШС болса, 357,59 миллион текше метр газды еш рұқсатсыз ауаға таратып жіберген. Осы мәліметті есепке ала отырып, "Қазақойл" табиғатты ластап отырған "СНПС-Атырау мұнайгаз" компаниясынан кейінгі ең зиянды өндіріс орны болып саналады. Табиғатты қорғаушылармен биыл өндіріс ошақтарына жалпы саны 1414 тексеру шарасы жүргізіліп, 546 заңбұзушылық әшкерленген. Оларға 9,5 миллин теңгеге 289 айппұл салынды. Сонымен қатар 47 табиғатты пайдаланушы нысанның жұмысы тоқтатылды.Қоршаған ортаға келген залалдын мөлшері – 5 миллион 400 мыннан астам тенгені құрағандығы белгілі болды. >
Пайдаланылған әдебиеттер >
1) Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы.1- 3 томдары;
2) Атырау: Атырау мұнай және газ институтының шығармашылық баспа бөлімі.,2005.-318 б.
3) НұрпейісоваМ.Б. , Алматова Б.Г. Мұнай-газ игерудің экологиялық мәселелері.
4) Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. Мұнай мен газды өндіріп, өңдеу. Алматы.: Өлке, 2000 – 512 б.
5) Надиров Н.К. Нефть и газ Казахстана. В 2-х частях. Ч-1.-Алматы: Ғылым, 1995.-320 б.
6) Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. 1- бөлім. Мұнай шикізатының құрлымын өзгертпей өңдеу процестері. Алматы.: Білім, 2001-395 б.
7) Нұрпейісова М.Б. , Алматова Б.Г. Табиғатты қорғау – тіршіліктің кепілі <



Мазмұны

I
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

II Негізгі бөлім.

2.1 Мұнай
өндірісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4

2.2 Мұнайдың қоршаған ортаға келтіретін зияны ... ... ... ... ... ...5

2.3 Мұнайды
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8

2.4 Мұнайдың пайдасы мен
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...10

III
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 12

IV Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...13

h3

Кіріспе

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрінің айтуынша, министрлік
биылдан бастап сот арқылы экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін табиғи
тұтынушы мекемелердің жұмысын тоқтату немесе жабу туралы үлкен акциясын
жалғастырады. Қазір қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін Қазақстан
бойынша шағын 47 кәсіпорын жабылды.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов елдегі ірі
инвесторлар болып табылатын мұнай компанияларының қарсылығына қарамастан,
қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғаны үшін мұнай компанияларымен жасалған
келісімдерді қайта қарау қажеттігі жөніндегі ұсынысы бойынша жұмысын
жалғастыра беретінін айтты. Тек бір Теңізшевройл компаниясы жұмысының
нәтижесінде табиғатқа зиянды 10 миллион тонна күкірт жиналып қалған.
Мұнайдың физикалық қасиеттері.Мұнай - жанғыш, қара-қоңыр түсті өзіне тән
иісі бар май тәрізді сұйықтық, ол судан жеңіл және суда ерімейді.
Мұнайдың негізінен көмірсутектер қоспасы екеніне тәжірибеде көз жеткізу
қиын емес. Егер мұнайды көрсетілгендей құралда қыздырсақ, оның жеке
заттарға тән белгілі бір температурада емес, температураның кең аралығында
айдалатынын байқауға болады. Жайлап қыздырған кезде ең алдымен молекулалық
массасы аз, содан кейін жоғары температурада молекулалық массасы үлкен
заттар айдала бастайды.Әлі күнге дейін табиғатқа ең күрделі зиян келтіріп
жатқан бірден-бір өндіріс орындары бұл-ірі-ірі мұнай өндіруші компаниялар.
Үстіміздегі жылдың тоғыз айы ішінде облыс көлеміндегі мұнай өндіруші
компанияларда 2602,3 миллион текше метр ілеспе газ өндірілген. Соның 1205,8
миллион текше метрі факельдерде жанып, ауаға тарап кетіпті. Мысалы тек
"СНПС-Аырау мұнайгаз" АҚ өзі 805,3 миллион текше метр көгілдір отын жаққан.
"Қазақойл" ЖШС болса, 357,59 миллион текше метр газды еш рұқсатсыз ауаға
таратып жіберген. Осы мәліметті есепке ала отырып, "Қазақойл" табиғатты
ластап отырған "СНПС-Атырау мұнайгаз" компаниясынан кейінгі ең зиянды
өндіріс орны болып саналады.h4
Табиғатты қорғаушылармен биыл өндіріс ошақтарына жалпы саны 1414 тексеру
шарасы жүргізіліп, 546 заңбұзушылық әшкерленген. Оларға 9,5 миллин теңгеге
289 айппұл салынды. Сонымен қатар 47 табиғатты пайдаланушы нысанның жұмысы
тоқтатылды.Қоршаған ортаға келген залалдын мөлшері – 5 миллион 400 мыннан
астам тенгені құрағандығы белгілі болды.

Негізгі бөлімh4

Мұнай өндірісі

Құрамы. Мұнайлардың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де
көмірсутектің үш түрі - алқандар (көбінесе қалыпты құрылысты),
циклоалқандар және аромат қосылыстар кездеседі, бұл көмірсутектердін
мөлшері әр мұнай кендерінде әр түрлі болады. Мысалы, Маңғыстау мұнайы
алқандарға, Баку аймағындағы мұнай циклоалкандарға бай келеді.
Мұнайда көмірсутектерден басқа аз мөлшерде құрамына оттегі, азот, күкірт
және басқа элементтер кіретін органикалық қосылыстар болады. Ным (смола)
және асфальт заттары түрінде жоғары молекулалық қосылыстар да бар. Мұнай
құрамында жүздеген әр түрлі қосылыстар болады.h4
Мұнай өнімдері. Зауыттарда мұнайды айдау арқылы оны жеке фракцияларға
бөледі: 40-200°С аралығында қайнайтын құрамында С5—С11 көмірсутектері бар
бензин алынатын, 150-250°С аралығында қайнайтын, құрамында С8—С14
көмірсутектері бар лигроин; 180-300°С аралығында қайнайтын С8—С14
көмірсутектері бар керосин; бұлардан кейін газойль алынады. Бұлар — ашық
түсті мұнай өнімдері деп аталады.
Қолданылуы. Бензин поршенді двигательдері бар автомобильдер мен ұшақтарға
жанармай ретінде қолданылады. Сонымен қатар майға, каучукқа еріткіш
ретінде, матаны тазартуа, т.б. пайдаланылады. Лигроинды тракторға жанармай
ретінде қолданады. Керосин — трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың
(ракеталардың) жанармайы. Газойль дизель жанармайы ретінде пайдаланылады.
Мұнайдан ашық өнімдерді айдағаннан кейін, қара түсті, тұтқыр мазут деп
аталатын сұйықтық қалады. Қосымша айдау арқылы мазуттан жағар майлары
алынады. Бұдан басқа, мазутты химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге
айналдыруға болады (кейінгі тақырыптардан қараңдар), сондай-ақ қазан
қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланады.
Мұнайдың кейбір іріктемесінен қатты көмірсутектер қоспасы — парафиндер;
қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. (Парафин мен
вазелиннің қайда қолданылатынын естеріңе түсіріңдер.)
Бензиннің детонацияға төзімділігі. Бензиннің аса маңызды қасиеттерінің
бірі — оның детонацияға төзімділігі.
Детонация құбылысын тусіну үшін іштен жанатын автомобиль двигателінің
қалай жұмыс істейтінін еске түсірейік. Двигатель цилиндріне бензин буы мен
ауа қоспасы сору арқылы барады, қоспа поршенмен сығылып, электр ұшқыны
арқылы от алдырылады. Көмірсутектер жанғанда түзілетін газдардың
көлемі ұлғаяды және жұмыс істейді. Бензин буының ауамен қоспасы
қаншалықты қатты сығылса, двигательдің қуаты соншалықты күшті болады
және жанармайды да аз жұмсайды. Алайда бензиннің барлық іріктемелерінің
қатты сығылуды көтере алмайтыны анықталды. Кейбір көмірсутектер сығылған
кезде күні-бұрын от алады және қопарылыс түрінде өте жоғары жылдамдықпен
жанады. Қопарылыс толқынының поршеньді соғуынан цилиндрде дүрсілдеген дыбыс
шығады, детальдар уақытынан бұрын тозып, двигательдің қуаты кемиді.
Бензиннің қопарылыс түрінде жануы детонация деп аталады.
Құрылысы қалыпты алкандар детонацияға өте төзімсіз келеді. Тармақталған
көмірсутектер, сондай-ақ қанықпаған және аромат көмірсутектер детонацияға
төзімді. Олар жанғыш қоспаның қатты сығылуына жол береді, сондықтан
әлдеқайда қуатты двигательдер жасауға мүмкіндік туғызады.
Бензиннің детонацияға төзімділігін есептеу үшін октан шкаласы жасалды.
Бензиннің әрбір іріктемесі белгілі бір октан санымен сипатталады.
Детонацияға төзімділгі өте жоғары изооктанның (2,2,4-триметилпентанның)
октан саны 100-ге тең деп алынады. Өте оңай детонацияланатын н-гептанның
октан саны — 0. Гептан мен изооктан қоспасының октан саны, олардың
құрамындағы изооктанның (проценттік) мөлшеріне тең болады.
Осындай шкаланы пайдаланып, бензиндердің октан санын анықтайды. Егер
бензиннің октан саны 76 болса, ондай бензин цилиндрде 76% изооктан мен 24%
гептан қоспасындай детонациясыз қысым туғыза алады.
Мұнайдан бөлініп алынатын бензин әсіресе тармақталмаған алкандарға бай
болса, оның салыстырмалы түрде октан саны төмен болады. Өңдеудің ерекше
әдістерін қолданып (кейінірек танысамыз), октан саны едәуір жоғары бензин
алады.
Іс жүзінде этилденген бензин жиі пайдаланылады. Бұл бензинге октан санын
арттыру мақсатында антидетонат — тетраэтил қорғасын Рb(С2Н5)4 қосылады.
Этилденген бензин жанған кезде одан бөлінетін қорғасын цилиндрдің
қабырғасына қонып және двигательді тоздырмас үшін оған тағы да шамалы
дибромэтан (немесе бромэтан) қосады. Осындай қоспа жанған кезде қорғасын
пайдаланылған газдармен бірге бромид РbВr түрінде ұшып шығады және
айналадағы ортаны ластайды, сондықтан үлкен қалаларда этилденген бензинді
пайдалануға тиым салынады.

Мұнайдың қоршаған ортаға келтіретін зияны h4

Табиғатқа келіп жатқан зиян күн санап өсуде. Республика бойынша облыс
өндірістік қалдық шығарудан екінші орында, ал қоршаған ортаны қорғау үшін
бюджеттен бөлініп жатқан ақша көлемі жағынан 14-ші орында. Жергілікті
табиғатты қорғаушы басқармалар өнеркәсіп орындарынан шығынды миллиондап
өндіргенімен, нақты нәтиже байқалмайды. Жағдай осылай жалғаса берсе, жер
мен көктің арасын күл-қоқыс қаптайтын болады. Ал Ақтөбе ең үлкен қоқыс
полигонына айналады. Бұл болжамды растау үшін облыстағы өндіріс ошақтары
тыным таппай еңбектенуде. Осыдан екі жыл бұрын жергілікті табиғатты
қорғаушылар "Ақтөбе облысында 2005-07 жылдарға арналған қоршаған ортаны
қорғау аймақтық бағдарламасын" облыстық мәслихатта қабылдап, бекіткен
болатын. Бағдарламаның жүзеге асып келе жатқанына бір жарым жыл болса да
нақты атқарылған әлі ештеңе жоқ секілді.
Теңізшевройл компаниясының өзі көптеген тексерістерге қарамастан өз
жұмысын жақсартуға еш шара қолданбай отыр. Далада жатқан 9 миллион тонна
күкіртке тағы бір миллион тонна қосылған. Ал, оның жыл сайын өңделетіні тек
жарты миллион тонна. Мұнай компанияларымен Қазақстан, яғни энергетика
министрлігі арасында жасалатын келісімдерде жазылғандай, әр мекеме жұмысын
толығымен Қазақстан заңдарына сәйкес жүргізуі керек. Каспийде болған соңғы
оқиғада мұнай компаниясында болған апат кесірінен Каспийге төгілген мұнай
тез арада жиналмаған, нәтижесінде қоршаған ортаға зиян тиді. Ал, егерде
бүгін бір кен орнындағы апаттың кесірін жоя алмасақ Каспийдегі үлкен
апаттар өте қауіпті. Қазақстан бойынша экологиясы нашар аумаққа жататын
Атыраудың табиғатына қоршаған ортаға кесірін тигізетін мұнай компаниялары
бар.
Теңізшевройл және Аджиптің жұмысы, тағы басқа табиғатты қолданатын
46 кәсіпорын бар. Мұнай табатын жерде экология бұзылады.
Күкірттің сыртында жыл сайын 14 миллиард текше метр газ жағылып ауаны
ластайды, дейді экологтар. Дәрігерлердің айтуынша Теңізшевройл
серіктестігіне жақын жатқан елді мекендердегі тұрғындардың барлығында
дерлік денсаулықтары нашар. Ал Теңізшевройл серіктестігі бұл туралы
ақпаратты құпия етіп ұстап отыр. Ресми мәлімет бойынша, бұл кәсіпорында
1993 жылдан бері 250 жұмыскер қаза болған, ал, жұмыскерлердің өздері бұл
тек ресми көрсеткіш, деген пікірлерін білдірген. Олардың кейбіреуі
жүрегіміз қысылып жадымызда сақтау қабілетіміз төмендейді, деп дәрігерлерге
шағымданған. Мұнай шыққан кезде босатылатын газ адамның миына кері әсерін
тигізеді: Бұл газ адамның ақыл ойының дамуына, психикасына кесірін
тигізеді.
Әзірге Қазақстанда ауаны ластаумен күрес айыппұл арқылы немесе күкіртпен
газды игеретін компанияларға жеңілдіктер жасау арқылы жүргізіліп келеді.
Атыраудан 70 шақырым жерде алып мұнай қоры табылғанын елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев алғаш рет әлемге 2000 жылы жариялады. Мұндағы мұнайды алдымен,
барлау және бағалау, сонан соң өндіруге сенімді әріптес боп италяндық
оператор - Аджип Қазақстан Норт Каспиан оперейтинг Компани Н.В.
компаниясы таңдалды. Аджип ККО мұнай секторындағы майталман Эни тобына
кіреді. Жоба бойынша коммерциялық жаңалық ресми жарияланғаннан кейін мұнай
5 жылдан соң, яғни 2005 жылы алынуы тиіс еді. О баста жоспарлағандай
бірінші бұрғылауды Аджип ККО мерзімінде бастады.
Бұрын Нострадамус 1999 жылы 11 августа күн тұтылады. Окалипсис болады
деді. Ақыры айтқаны келді. Күн тұтылды. Сол күні жамандағаным емес Аджип
1 скважинасын бұрғылауды бастады. Сол әлі жалғасып келе жатыр.
Қашаған – геологиялық қоры 38 млрд баррельге татитын жанар-жағармайы
бар, яғни сан ұрпаққа жететін байлығы бар Қазақстан қазынасы. Сондықтан,
үкіметтің инвесторларға қойған талабы да қатаң. Олар: жоғары экогологиялық
тазалық, кенішке отандық мамандарды тарту, өнімдік бөліске ұлттық
компанияны қатыстыру. Тағы бірі – газ бен күкіртті теңіз түбінде
залалсыздандыру. Аджип бұған байланысты жоба жоспарын дер кезінде
тапсырды, теңізге нысанын да салды, бірақ, нәтиже берген жоқ. Қашаған
мұнайын Баку-Жейхан құбырымен тасу жоспары іске асқанда еліміз экспортқа 25
млн тонна мұнай шығарар еді. Өкінішке орай, 2005 жылы өндірілетін мұнай
2008 жылға ауыстырылды. Бұл мерзімнің де болашағы бұлыңғыр болып шықты.
Жоба 2010 жылға қалды.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы жылы жоспар бойынша Аджип
компаниясына қарасты бірнеше нысанда кешендік тексеру жұмыстарын жүргізген
болатын. Көптеген жүйелік заң бұзушылықтар анықталды. Қоршаған ортаға
бірнеше жыл бойы зиын келтірілгені белгілі болды.
2000 жылы 1-ші скаважина күніне 600 мың тонна шығарды. Соның бәрін олар
теңізге лақтырды. Оны істемесе бұлар біле алмайды. Қанша мұнай бар. Апрель-
май аралығында 30 мың тюлень қырылды. Бұл енді бола береді.
Шетелдік компания қоршаған ортаны қорғау заңын белшесінен басқан.
Күкіртті залалсыздандыру үшін экологиялық қауіпсіз жоспарлар жасалмаған.
Қалдықтарды каспий теңізінде рұқсатсыз өртеген. Компания жұмыс істеген
аймақтарда ауа құрамындағы азот қоспалары шамадан тыс екені анықталды.
Сөйтіп, сирек кездесетін және уылдырық шашатын балықтарға және қоршаған
ортаға зиян тиіп отыр.
Аджип Қазақстан Норт Каспиан компаниясы басшыларының үстінен қылмыстық
іс те қозғалды. Еліміздің Кедендік бақылау комитеті Аджипке ірі кедендік
төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған деген айып тақты. Бұл бір ғана
заңбұзушылық. Аджип уақытша әкелу деп аталатын кеден тәртібін бұзған.
Онымен қоса, Аджип 4 млн 900 мың АҚШ долары тұратын екі азаматтық
тікұшақты кедендік рәсімдеу кезінде негізсіз импорттық баж бен Қосымша Құн
салығынан босатқан.
 Қызылорда облысындағы мұнай өндіруші СНПС АйданМұнай Акционерлік
Қоғамы қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруде. Облыстық прокуратура
компания жұмысына қатысты осы және өзге де заң бұзушылықтарды анықтады.
Жер қойнауын пайдалану туралы Заңның талаптары өрескел бұзылған. Нақты
айтқанда, ауаны ластайтын заттар мөлшерден тыс таралған. Газды жою, яғни
оның тұрақты түрде жағылып отыруын қамтамассыз етпеген жағдайда, бұрғылау
және пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге тыйым салынады. Арыс
кен орнындағы 12 мұнай ұңғымасын игеру нәтижесінде қоршаған ортаға таза
ілеспе газ шығарылған. Сонымен бірге, жеке ұңғымалардан өндірілген мұнай
мен газ арнайы резервуарларға жиналып, толуына байланысты мұнай тасымал
көліктерімен жеткізілуде. Мұнымен қоса тексеру барысында, ұңғымалардың
резервуарлары жарық желісіне мүлдем қосылмағандығы анықталды. Осының
негізінде компания ілеспе және табиғи газды ауаға жаққан.
Қоршаған ортаға келген залалдын мөлшері – 5 миллион 400 мыннан астам
тенгені құрағандығы белгілі болды. Сонымен қатар Торғай Петролеум АҚ
тексеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның мұнаймен ластануын сипаттау
Ашық тау өндірімдері
Цемент зауыты шығарындыларының топырақ жағдайына әсері
Мұнай өндіру кезіндегі қоршаған ортаның ластануы
Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж.ж.)
«Экологиялық қолайсыз аймақтардың құқықтық режимі»
Органикалық заттардың уыттылығы
Мұнай және мұнай өнімдерінің биологиялық әсері
Табиғи суларды микробиологиялық жолмен өңдеу технологиясы ( Қопа мысалында )
Пәндер