Қазақстандағы туризм саласының даму мүмкіндіктері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

УДК

338. 486 Қасым А. Х

2 курс студенті «Экология» мамандығы

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Алматы қ.

Ғылыми жетекші: Рыскиева Г. Ә., доцент.

Қазақстандағы туризм саласының даму мүмкіндіктері

Туризм ел экономикасына елеулі өзгеріс әкелетін негізгі тетіктердің бірі. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриалды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымдылығымен сипатталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жыл 27-ші қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудағы туризмнің ықпалын : «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік класстардің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді. Үкіметке осы ғажайып аймақты, сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелі жоспарын жасауды тапсырамын»- деп айтып кеткен болатын. [1] «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарында бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлгені белгілі. Осы салалар қатарынан туризм инфрақұрылымын жасау ерекше орын алады. Туризм саласын дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешуге болатындығы, яғни экономикалық өрлеуде еліміздің дамуы үшін туризмнің қаншалықты маңызды сала екені аталып өтілген болатын.

Қазақстандағы туризм саласының қазіргі жағдайына талдау жасай кетсек. Сапалы туристік қызметтерді ұйымдастыру мен туризм саласын реттеу мақсатында мемлекет деңгейінде атқарылып жатқан іс-шаралар 2007-2011 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасында қарастырылған 2010 жылғы есепке қарағанда, туристердің жалпы саны 11, 4 миллион адамға жетіп, ішкі туризмнің көлемі 15, 7 пайызға өскен (3, 4 миллион адам) ; сыртқа шығатын туристер 9, 1 пайызға ұлғайған (4, 8 миллионнан астам адам) ; келушілердің саны 3, 4 миллион адамға жеткен. Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 28 пайызға өсіп, 107, 5 миллиард теңгені құраған. Қазақстандағы туризмнің дамуын 1-кестеден көрумізге болады. [2]

statistics_ru_new.bmp

  1. кесте

Негізгі туризмнен түсетін табыс 15, 3 пайызға көбейіп, 78 миллиард теңгеге артқан. Туризмді реттеу бағытында да біраз іс-шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. 2001 жылдың 13 маусымында № 211-11 Қазақстан Республикасының «Қазақстан республикасындағы туристік қызмет туралы» заңы шықты. [3]

Қазақстанда әзірге дейін туризмнің толық жүйесі жоқ. Сондықтан да, туристерді барлық керекті жабдықтармен, жарнамамен, сауда қызметімен, көлікпен, қонақ үйлерге орналастырумен, тамақтандырумен қамтамасыз етумен байланысты сұрақтар өз шешімін таппай отыр.

Туризмнің дамуының жеткіліксіздігінің тағы бір себебі - туризмді дамытуға қажетті факторлардың ғылыми негіздемелерінің жоқтығы. Біліктілігі жоғары мамандарсыз туризм саласын дамыту мүмкін емес.

Туризм саласындағы фирмалар елге ұлттық табыс ретінде валюталық ресурстарды тартатын болғандықтан, оларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.

Қазақстан жерінің таңғажайып табиғаты кез келген саяхатшының көзін қызықтырады. Қазіргі міндет барды ұқсатып, көрікті мекендердің сұлулығын жарнамалау арқылы туризмнің қазақстандық брендін қалыптастыру. Сонымен қатар, көрсетіліп отырған бар туристік қызметтер түрлерін сақтай отырып, ішкі туризмді дамыту.

Қазақстандағы туризмнің ерекшелігін және өзекті мәселелерін 2-кестеден көре аламыз.

Кесте 2- Туризм нарығындағы іс-әрекеттердің мықты және

әлсіз жақтары

Интеграцияның стратегиялық тиімділігі
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Артықшылықтары
өзекті мәселелері
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: 1
2
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Туризмге тікелей немесе жанама қатысы бар барлық кәсіпорындарды дамыту;
Турфирмалардан алынатын жоғары салық қойылымдары.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Келу туризмін кеңейту арқылы шетел валютасының Қазақстанға келуіне қол жеткізу;
Шетел азаматтары үшін визаның қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу процедурасы. Кедендік процедуралардың күрделілігі
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті дамыту;
Теңізге шығатын жолдың жоқтығы және елдің туризм объектісінің территориялық алшақтығы.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: 3. Еліміздің беделін әлемдік қауымдастық алдында көтеру;
Жоғары салықтық салымдар. Тұрақты сұраныстың болмауы.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі:

Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;

Туристік рекреациялық зоналарының, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі;

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» күре жолының салынуы

Маркетингтік жүйенің дұрыс дамымағандығы. Телекоммуникация торын, байланыс қызметтерінің әлсіз дамығандығы. Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы. Жоғарғы эффектілі жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы орындардың фотосуреттері, видеофильмдер, буклеттер мен брошюралар
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойында орналасуы
Туристік-рекреациондық объектілердің моральдық және физикалық ескіруі
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Қазақстан территориясында тарихи ескерткіштердің көп болуы;
халықаралық стандарт талаптарына елдің туристік кешенінің сәйкес келмеуі;
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Халықаралық нарықтан капиталды жалға алу. Тәуекелдерді басқару және сақтандыру жүйелерін ендіру.
Тауар-транспорттық операцияларда маманданған басшылықтың болмауы.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Саяси тұрақтылық пен экономикалық даму;
Туристердің мүдделерін қорғау мақсатымен Халықаралық туристік қызметін лицензиялау және сертификаттау жүйесін жетілдіру;
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Туризм нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы. Жеткізілім көлемінің және табыстың артуы.
Басқа өндірушілердің туристік өнімдерінің сапасының артуы. Туризм нарығының жаңа қатысушылары.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Ұсыныс көлемінің артуы. Дистрибьюторлық желінің пайда болуы.
Ішкі нарықты тур өнімдеріне деген сұраныстың қанағаттандырылмауы.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Жоғары дәрежеде маманданған кадрлар.
Кадрмен қамтудағы әлсіздік. Туризм саласында Қазақстан мамандарының тәжірибесінің аздығы.
Интеграцияның стратегиялық тиімділігі: Табысты акционерлік саясат, әрдайым инвестициядан түсетін табысты арттыру.
Тур өнімдерін ұсыну обьектілерінде қылмыстықтың болуы.

Тур өнімдерін ұтымды пайдалану мәселесінің ғылыми- методологиялық және қағидалық жағын бөле қарастырған жөн. Осы тұрғыдан алғанда келесідей маңызды үш мәселеге көңіл аудару керек деп санаймыз. Біріншіден, халыққа туристік білімді меңгертіп, туристік сананы қалыптастыру. Осыған байланысты мынадай өзекті мәселе туындайды: біріншіден, ішкі туристердің елдегі туристік объектілерді дұрыс білмеуін немесе ол туралы мәліметінің аз болуын ескерсек, туризмге байланысты кітаптар және әртүрлі турристік маршруттары бар карталар дайындау, құрастыру, оларды пайдаланудың тиімділігі мәселесінің құрамдас бөлігіне айналды да, ғылыми тұрғыдан дәлелдеуді талап етеді [4] .

Екіншіден, Қазақстандағы туризмді аудандастырып, орталықтан басқару мәселесін атап көрсету ләзім. Мысалы, туристердің қауіпсіздігін қадағалау, бағаға бақылау жасау және туризм саласын ынталандыру, қолдау, телеарналарда жарнамалауға жеңілдіктер жасау туризмдегі сервистің дамуын халықаралық стандартқа сай дамуын тездету т. б. мәселелері өз шешімін табар еді. Бұл ғылыми тұрғыдан негізделуді қажет етеді. Бұл мәселенің экономикалық қана емес, әлеуметтік те, астары бар екенін ескерсек, ол одан әрі күрделене түседі. Осыған байланысты зерттеу жұмысында аталмыш мәселе жөнінде өз ойларымызды білдіруді жөн көрдік.

Ал, енді үшінші Ұлы Жібек жолы бойында агротуризмді және этнотуризмді дамыту.

Бірінші мәселе шешімін тапса, туризм өскелең ұрпақты табиғатпен байланыстыру арқылы оны салауатты өмір салтына баулуға, жігер мен руханилыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристтік құқықтарды меңгертеді және турлі туристік объектілерді танытады. Туристік білім алу арқылы тегін жарнамалауға ие боламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Туризмнің мәдениетке әсері
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы мен болашағы
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz