Компьютер тарихындағы ұлы танымал ғалымдар


Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан

Августа Ада Лавлейс

1833 жылы ағылшын ғалымы, Кембридж университетінің профессоры Чарльз Беббидж (1792-1871) программалық басқарумен, арифметикалық және сақтау құралы бар гиганттық арифмометр - аналитикалық машина жобасын жасайды. Беббидждің аналитикалық машинасы қолданылуы мен жұмыс істеуі бойынша, көп жерлерде программалық басқарумен жұмыс істейтін машиналардың біріншісі саналды.

Ч. Беббиджге ғылыми ізденістерде көп жағдайда көмекші және әріптес болған Лавлейс ханым еді.

Августа Ада Лавлейс - англияның ұлы ақын Джордж Байронның қызы, ол 1815 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Д. Байрона отбасылық жағдайы дұрыс болмады - отбасы құрған жылы жолдасынан айрылды.

Байронның қызы Ада да математикамен әуестенді. Кішкентай кезінен Аданың математикамен айналысуына достары, танымал ағылшын математигі Август де Морган (1806-1871) және оның жұбайы, математик Мэри Соммервил мен Чарльз Беббедж көмектесіп, қолдап отырды. Де Морган шәкіртінің математикалық қабілетін және шығармашылық мүмкіндігін жоғары бағалады. Ол Аданың ғылыми сабақтарын бақылайтын, қызықтаған мақалалар мен кітаптарын жіберетін. "Экзаминер" атты лондон журналының танымал редакторы Олбани Фонбланк танысы Августа Аданың портретін қалдырған :"Ол ешкімге ұқсамайтын, бойында ақындық болмаса да математикалық және метафизикалық таланты бар еді . Ер адамдай шешім қабылдап, ойлап, жоспарын іске асыра білетін. Оның талғамы, білімі, тіпті музыкалық қабілеті де бар, әйелге тән нәзіктік пен сұлулық қасиеттері Аданың бойынан табылатын. Ғылыми салада танымал тұлғалармен таныс болуды, олармен пікір-алмасуды, білімді ортаны іздейтін".

Мэри Соммервил былай дейді: Ада екеуіміз "мистер Беббеджге жиі баратынбыз" және ол " бізді жылы қарсы алатын, өзі құрастырған машина құрылысын тиянақты түсіндіріп беретін тіпті, автоматты санау жүйесінің жұмысын практика жүзінде көрсететін".

1842 жылы, қазанда италия математигі Л. Ф. Менабреа "Очерк аналитической машины, изобретенной Ч. Беббеджем" атты статья жариялайды. Статья Беббедждің 1840 жылы Туринде өткен италия ғалымдарының конференциясында оқыған лекциясының негізінде жазылды.

Кейіннен очеркті Ада Лавлейс аударды. Оған Беббедж, Менабреа очеркіне кейбір ескертулер енгізуіне ұсыныс жасады.

Бұл ой Аде Лавлейсқа ұнады және ол бірден іске кірісті. Ада үлкен шабытпен жұмыс істеді. Ескерту жасап жаңаланған беттерді ол Беббиджге жіберетін, Беббидж ескерту беріп кері қайтарып немесе тексеріп дұрыс деп тапса типографияға жіберіп отырды.

1843 ж. тамызда Менабреа статясының "Примечания" атты аудармасы жарық көрді. "Примечаний" шыққан соң Беббидж Аданы "менің қымбатты Интерпретаторым" деп атайтын болды.

Ада да 50 жылдардың басында рактың алғашқы белгілері байқалған. 1852 жылы 27 қарашада, 37жасқа толар шағында Ада қайтыс болады.

Чарльз Бэббидж

Бэббидж дүниеден өткен соң, он жылдан кейін ғана 1871 жылы, XX ғ. 40-шы жылдарда компьютер тарихының ашылуы оның ерен еңбегінің нәтижесі екені мойындалды. Бэббидж XIX ғасырдың айрықша өнертапқыштарының бірі. Ол математик, инженер және ең маңыздысы компьютер құрастырушы.

1822 жылы ол машина жобасын жасады, кей деректерде бірінші автоматты есептеу құралы деп қарастырылды. Он жылдан кейін ғана 1834 жылы, өзінің аналити­калық машинасының құрылымын жасай бастады. Жақсы бір жағдай болғанда, ол бірінші әмбебап компьютер жетістігі болар еді. Факт болатын машина жасалып шықпағандықтан, ол нақты бір сызбалық-сұлба ретінде қалды. Чарльз Бэббидж бірінші болып, жалпы компьютер концепциясын құрушы ретінде танымалдылыққа қол жеткізді. Қазіргі компьютердің құрылымындағы барлық қағида, XIX ғасыр өнертапқышының салған ізі. Бэббидж кез келген математикалық иапсырманы шешуге жоспар құратын. Ең маңыздысы, машинамен програм­малау жүргізудің бірнеше (басқарудың цикл мен программа арқылы жіберілуі) ерекшелікті қарастыра білуі. Перфокарта, ақпаратты жіберу орталығы, соңғы қорытынды бойынша, компьютерде өз орнын тапты, программа енгізуге қолданылды.

Бэббидж, 26 желтоқсанда 1791 жылы, Лондон қаласының маңындағы қазіргі Саутворк қалашығы орналасқан мекенде дүниеге келген. Кішкентай кезінде ауырып қалатын, өте нәзік, рекше дарынды ойлау қабілеті бай бала болған. Оған ойыншық берсе, қалай құрастырылғанын көру үшін бөлшектеп тастайтын. Банкир әкесінен берілген қасиет болған шығар, Бэббидж математикаға өте ерте назар аударған. Оның балалық сезімталдығы көрегенділікке жол ашатын.

1810 жылы қазанда Бэббидж Кембридж Тринити - колледжіне оқуға түстіп, математика мен химияны меңгерді. Ол есептеу қабілеті ұстаздарын ерекше таңқалдыратын. Европада пайда болған жаңа ойларға қарамастан, Кембриджде, 200 жыл бұрын дүниеден өткен Ньютонның Математикасына деген құлшыныс сақталды. Бэббидж және оның достары ойшыл әлем қалыптасуына, қолдарынан келетін бар мүмкіндікті жасауға бір-біріне серт беріп “Аналитикалық қоғам ” деп аталатын клуб құрды. Қоғам Англияда алгебра әлеміне жаңа ойлар тудыру арқылы, математиканы игеруге деген құлшынысты оятты.

Ол, 1814 жылы 2 шілдеде Джорджиан Витморға үйленді. 1815 -1820 жылдар аралығында Бэббидж математикамен ерекше айналысады. Алгебраны игерді, және функциялар теориясы тақырыбында ғылыми статьия жазды . 13 жыл аралығында Бэббиджде 8 бала болса, үшеуі кәмелеттік жасқа толмай дүниеден откен. Бэббидж еш алаңсыз жаңалық ашу, ізденіс жұмыстарымен айналысуға бос уақыты болу үшін, әйеліне балаларды өзі бағып, тәрбиелеуіне тура келді. Ол дүние салған соң ұзақ уақыттан кейін дәлелденген, қазіргі таңда қалған еңбегі - облысты есептеу механикасы. Бірде, Бэббидж кешкілік аналитикалық қоғам бөлмесінде ұйқылы-ояу лога­рифм таблицасына қарап отырғанын көріп, қоғамның бір мүшесі келіп ол нені армандайтынын сұрайды. Бэббидж жоғары қарап, машинамен барлық кестені шешудің мүмкіндік жолын табу - деп жауап береді. Сойтіп, қажымас еңбегінің нәтижесінде, 1822 жылы навигацияға қажет таблицаларды есептейтін, кішкентай құрылғы - машина жобасын жасайды.

Ойға алған жобаны жасап шығару мақсатында талмай тер төкті, бір сызбаны бірнеше рет сызуға және бір бөлшекті қайта жасауға, жұмысшыларға қиындық туғызған ауыр еңбек етуге тура келді. Жұмыс барысындағы себептермен 1833 жылы бұл машинаны жасау жобасы тоқтап қалды. Оның кішкентай ұлы Чарльз 1827 маусымда, әйелі осы жылдың тамыз айында қайтыс болады. Қалған балаларының күтімін жасауды өз анасына тапсырады. Екінші рет үйленбеген. Соңғы жылдарын шекарадан тыс елде өмір сүрген.

Ол бірінші әйел программалаушы - Августа Ада Лавлейстпен таныс болған. Оның құрастырған машинасына Лондонның ғылыми музейінде демонстрация жасалып, Бэббидж машинаның жұмыс істеу әрекетін өзі таныстырды.

Академик Сергей Алексеевич Лебедев

С. А. Лебедев 2 қарашада 1902 жылы Новгородта дүниеге келген. В Лебедев 1921 жылы МВТУ -ға электротехника факультетіне оқуға қабылданып, аталмыш оқу орнын 1928 жылы инженер-электрик маманы болып тамамдады. Оның жұмыстарының нәтижесін отандық жоғарғы волтты өткізу желілерін эксплутациялауда және электростанция құруда қолданды. Лебедев 1939 жылы жасанды энергияның тұрақтылығы тақырыбында ғылыми диссертациясын қорғады. 1945 жылы Лебедев АН УССР -дың мүшесі болып сайланып, кейіннен АН УССР Электротехника Институтының директоры болып қызмет атқарды. 1947 жылдың соңында бұл институтта сандық электронды есептеу машинасының макеті құрастырыла бастады, және 1950 жылы 6 қарашада алғашқы байқау өткізілді. Сынақ барысында машина натурал сандар факториалы мен парабол теңдеулерін шешуді есептеді. Москвада, Лебедев лабораторияда бір мезетте № 1 ИТМ және ВТ - «жылдам электронды есептеу машинасын» құрастыру барысында жұмыс жасады. Лебедевтің бұл жобасы 1953 жылы сәуірде нәтижелі аяқталды.

1953 жылы маусымда Лебедев ИТМ және ВТ-ның директоры болып тағайындалды. ИТМ және ВТ 1975 жылдан бастап Лебедев есімімен аталады. 1953 жылы 23 қазанда Лебедев СССР ғылым Академиясының, физика-математика ғылымдары Бөлімінің мүшесі болып сайланды. Ол «санау құрылғылары» мамандығы бойынша бірінші академик . Сандық Электронды Есептеу Машинасын құрастырғаны үшін Лебедев 1954 жылы Ленин орденімен марапатталса, 1956 жылы Әлеуметтік

«Жылдам Электронды Есептеу Машинасы» жетістігінен кейін, Лебедев әлемдегі ең жылдам болуы керек деп ойлаған, жаңа ЭЕМ М-20 архитектурасы мен жүйесін жобалай бастады. Бұл ЭЕМ мен жұмыс жасау бойынша көптеген оқулықтар жазылды, ВУЗ бағдарламаларына М-20 -ны меңгерту бойынша курстар қосылды және бағдарламалау оқытылды.

Лебедевтің әмбебап ЭЕМ жасаудағы отандық, әлемге танымал болған ЖЭСМ-6 ЭЕМ (1967 ж. ) еңбегінің шыңы болып табылады. Оның еңбектерінің нәтижесінде кейіннен бірнеше ЭЕМ құрастырылған.

С. А. Лебедев 1974 жылы 3 шілдеде дүниеден өтті. Сөйтіп ол кейін шыққан жаңа машиналармен, МВК Эльбрус 2 есептеу құралын көре алмады.

Басқа да маңызды қорытынды болған, көпмашиналық ақпараттық-есептеу комплексі шынайы уақыт АС-6 ғарыштық ұшу аппараттарын басқару орталығында кеңінен қолданылды.

С. А. Лебедев өмірінің соңына дейін ғылыми кадрлар даярлады, жеке үлгісімен жастарды тәрбиеледі. Ол, МФТИ-дың ЭВМ кафедрасын басқарды, лекциялар оқыды, көптеген дипломдық ғылыми жұмыстар мен аспиранттардың жетекшісі болды. Жиырма жыл ішінде оның басқаруымен 15 жоғарыөнімдегі ЭЕМ жасалды.

МЭСМ, БЭСМ, М-20 машиналарын жасап шығаруды эксплуатациялаудағы жобалау процесінде, бас конструктор, инженер ретінде атсалысып, егер қажет болған жағдайда тіптен техник-монтажник қазметтерін шебер атқарған. Кейіннен, жан-жақты шыңдалған мамандар даярланғанда, Лебедев ЭВМ-нің құрылымы мен параметрлеріі жобасында өз жұмысының маңызды бөлігін сеніп тапсырып, өзіне ең күрделі теориямен шешілетін, жаңа ой қозғауды талап ететін бөлімін қалдыратын.

1996 жылы С. А. Лебедевке бірінші советтік ЭЕМ авторы ретінде «Компьютерқұрастырушы пионер» атағы берілді.

«Компьютерқұрастырушы пионер» медалі

.

БЛЕЗ ПАСКАЛЬ

Француз ойшылы, математик және физик. 1623 жылы 19 маусымда дүниеге келген. 1626 жылы анасы қайтыс болады. Әкесі - Этьен, королдің таңдаулы кеңесшісі, ал кейіннен Клермон палата жиынының екінші президенті болған, бірақ ол бұл жұмыстарын тастап, 1631 жылы Парижге көшіп келген соң өмірін білімге арнайды. Этьен меңгерілуі қиын ғылымды 15-16 жастан бастау керек деп санап, Блезді математика сабағынан көп кешіктіретін . 12 жасар баланың ерекше дарыны азар аудартты, өздігінен жеке сөздік пен ойын бөлмесінде салған схеманы пайдалана отырып, Евклидтің бірінші кітабының - үшбұрыштың бұрыштарының саны екі тік бұрыштың санына тең : 32-ші теоремасын, бірнеше геометриялық шешімге тоқтала отырып - дәлелдеуін жасағысы келген. Осыдан кейін ғана әкесі оған Евклидті оқуға рұқсат беріп және Мерсенде жиналатын ғылыми үйірме отырыстарына қатыстыратын. Ол ерте есейіп өз заманының ірі ғалымдарымен тең дәрежеде ғылыми мәселелерді талқылады Паскаль теоремасы деп аталатын тәжірибесін ол 16 жасында жазған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам баласы жасанды интеллект дамуының қай кезеңінде
Робототехникадағы жасанды интеллект
Роботты техниканың тарихы
Қазақстандағы этникалық немістердің ана тілін сақтауы мен мәдениетін дамытуы
Операциялық жүйелер тарихы
Әмір Темір мұрасы
Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары
ГРАФИКА ӨНЕРІНІҢ ТАРИХЫ
CNN компаниясының тарихы мен құрылымы
Қазақ интернеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz