Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы



Ж О С П А Р

Кіріспе

1. Проблеманың жай.күйін талдау
2. Стратегияның мақсаты мен міндеттері
3. Мақсатқа қол жеткізу және басымдық міндеттерді шешу
жөніндегі негізгі шаралар
4. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
5. Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және
әлеуметтік оңалту
6. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу
7. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың мемлекет белгілеген айналымын тиімді
бақылауды қамтамасыз ету
8. Ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз ету
9. Күтілетін нәтижелер
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан қоғамының одан әрі дамуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мүддесінде әзірленді.
Стратегия "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығының негізгі қағидаларына жауап береді, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып айқындалған. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары 1999 жылғы 25 тамызда жариялаған Бішкек декларациясының, 2000 жылғы 21 сәуірде Ташкент қаласында Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығына өзге де қатерлерге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарттың, сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескерілген.
Стратегия ахуалға және ел Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік органдар қызметінің перспективаларын бағалауға негізделген, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мемлекеттің басымдық міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Стратегияның заңнамалық базасын "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
 Ж о с п а р

Кіріспе

1. Проблеманың жай-күйін талдау
2. Стратегияның мақсаты мен міндеттері
3. Мақсатқа қол жеткізу және басымдық міндеттерді шешу
жөніндегі негізгі шаралар
4. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
5. Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және
әлеуметтік оңалту
6. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу
7. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың мемлекет белгілеген айналымын тиімді
бақылауды қамтамасыз ету
8. Ұйымдастырушылық және ресурстық қамтамасыз ету
9. Күтілетін нәтижелер

Кіріспе
      Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы
күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия)
Қазақстан қоғамының одан әрі дамуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мүддесінде
әзірленді.
      Стратегия "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі
іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығының негізгі қағидаларына жауап
береді, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мемлекеттік
органдар мен қоғамдық институттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі
болып айқындалған. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің
басшылары 1999 жылғы 25 тамызда жариялаған Бішкек декларациясының, 2000
жылғы 21 сәуірде Ташкент қаласында Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына
қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Терроризмге, саяси және діни
экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың
тұрақтылығына өзге де қатерлерге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл
туралы шарттың, сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық
актілердің ережелері ескерілген.
      Стратегия ахуалға және ел Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы
"Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты
Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік органдар қызметінің
перспективаларын бағалауға негізделген, онда нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес мемлекеттің басымдық міндеттерінің бірі ретінде
көрініс тапқан.
      Стратегияның заңнамалық базасын "Есірткі, психотроптық заттар,
прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-
қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңы құрайды.
      Стратегияда Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16
мамырдағы N 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға
арналған мұның алдындағы стратегияны және оны орындау үшін қабылданған 2000-
2001, 2002-2003 және 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламаларды іске асыру
барысында қол жеткізілген нәтижелер баяндалған.
      Осы Стратегия Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2005 жылғы
20 мамырдағы отырысының N 3 хаттамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 411 қаулысына сәйкес әзірленді.

Проблеманың жай-күйін талдау
      Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының алдында тұрған және шұғыл шешуді
талап ететін өзекті мәселелердің ішінде ел халқының денсаулығына және
тұтастай алғанда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаһандық қатер ретінде
нашақорлықтың және есірткі бизнесінің өсу проблемасы алдыңғы орындардың
біріне шығып отыр.
      Соңғы 10 жыл ішіндегі Қазақстандағы есірткі ахуалына жасалған талдау
республикада оның тұрақты келеңсіз серпінге ие айтарлықтай асқынуымен
сипатталатындығын көрсетеді.
      Қазіргі кезде Орталық Азия өңірі әр алуан шығу түрлері мен
нысандардағы есірткілердің экспансиясына ұдайы ұшырап отыр. Оның негізгі
себептері:
      1) есірткі қаупінің көзі болып табылатын мемлекеттерге тікелей
жақындығы, Еуропаға есірткі құралдарын контрабандалық жеткізу үшін
географиялық жағынан қолайлы орналасуы және кеңейіп келе жатқан транзиттік
мүмкіндіктер;
      2) шекараларының ұзындығы, посткеңестік елдермен шекаралас
учаскелерде демаркациялық жұмыстардың аяқталмауы және соған байланысты
олардың сырттан есірткінің енуінен жеткілікті түрде қорғалмауы;
      3) Ауғанстанда есірткі заттарын өндірудің одан әрі өсуі, есірткі
зертханаларының елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) тікелей
шектесетін солтүстік провинцияларына көшірілуі және құрылуы;
      4) Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер контрабандасы көлемінің
ұлғаюы болып отыр.
      Республика өзінің географиялық орны жағынан іс жүзінде есірткіні
заңсыз өндірудің және өткізудің әлемдік нарықтары орталығында қалып отыр,
бұл біздің еліміздің есірткі бизнесімен байланысты халықаралық қылмыстық
ұйымдар мен топтардың мүдделері аясына тартылуына объективті түрде ықпал
етеді. 2004 жылы көп сатылы шұғыл іс-шаралар жүргізу нәтижесінде 2003
жылмен салыстырғанда есірткі 9 еседен көп алынды (2003 жылы - 192,518 кг
болса, 2004 жылы - 1769,020 кг), ал 2005 жылдың қаңтар айынан бастап
қыркүйек айын қоса алғандағы кезеңде 21635 кг-дан астам есірткі алынды.
      Қазақстан аумағымен есірткі жолдарының өтуі республикада есірткіге
тәуелді азаматтар санының көбеюіне айтарлықтай ықпал етеді. Ұйымдасқан
қылмыстық топтардың есірткі бизнесін бақылауға алуға ұмтылысына байланысты
Қазақстанға есірткіні әкелудің, олардың транзиттік жөнелту көлемінің одан
әрі ұлғаятынын, сондай-ақ ірі әкелу-әкету пункттерінің құрылуын болжауға
болады. Осыған орай елде қылмыстық қызметке тартылатын азаматтар санының
ұлғаю мүмкіндігі артады.
      Мұны Қазақстанда тіркелетін есірткі қылмыстары санының 2003 жылғы 9
мыңнан 2004 жылғы 11 мыңға дейін және 2005 жылдың 9 айында 7 мыңға өсуі
көрсетеді.
      Есірткі бизнесінің ауқымын кеңейту үшін ұйымдасқан қылмыстық топтар
билік өкілдерімен байланыс орнатуға ұмтылады, шекара маңындағы аудандардағы
жалпы ахуалға ықпал етуге, оларды есірткі контрабандасының әкелу-әкету
базасына айналдыруға тырысады. Орталық Азияның шекаралас мемлекеттеріндегі
қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақсыздығы билік өкілдерінің ұйымдасқан қылмыстық
наркотоптар бастаушыларымен араласуы үшін алғышарттар туғызады. Қоғамның әр
түрлі топтарына барынша қатты қысым көрсететін есірткі лоббилерінің құрылу
мүмкіндігі де елеулі қауіп төндіреді.
      Халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың
Қазақстан аумағын есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде
пайдаланудан аса жоғары пайда табуы біздің азаматтарды есірткі пайдалануға
барған сайын көптеп тартуға жағдай туғызады. Алайда есірткі саудасынан
түскен кірістерді "тазарту" фактілері іс жүзінде анықталмайды.
      Соңғы жылдары республикада есірткі пайдаланатын адамдар қатарының
(2004 жылы - 47903 адам, 2005 жылдың 6 айында - 51633 адам), сондай-ақ
есірткіні өткізу фактілері санының (2004 жылы - 4435 факті, 2005 жылдың 6
айында - 2334 факті) өсуі байқалады.
      Қазақстан үшін қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада
есірткі бизнесі мен нашақорлықтың өсу проблемасы қоғамның мынадай маңызды
салаларына елеулі нұқсан келтіруі мүмкін.
      Әлеуметтік салада - бұл ұлттың салауатты тектік қорының сақталуына
төнетін қатер.
      Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу
комитетінің деректеріне сәйкес (2005 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша)
есірткі құралдары мен психотроптық заттарды теріс пайдаланатын 51633 адам
есепте тұрады, бұл 2004 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,6 % артық,
оның ішінде 4866 әйел (4,1 %-ке артық), 3942 кәмелетке толмағандар (218,2%-
ке артық), оның ішінде 14 жасқа дейінгілерді қоса алғанда - 771 (294,1 %-ке
артық). Әйелдер мен кәмелетке толмағандар арасында есірткіге тәуелділер
санының өсе түскені айрықша алаңдаушылық тудырып отыр.
      Сараптамалық бағалар бойынша еліміздің әрбір он бірінші тұрғыны
есірткі қаупі аймағына түседі.
      Саяси салада - бұл есірткі мафиясы өңірлік және ұлттық тұрақтылыққа
мүдделі еместігінен туындайтын қауіп. Есірткіден түсетін пайда Орталық Азия
өңірі мемлекеттеріне әсер етуге тырысатын күштерді қолдауға жұмсалады.
Есірткі проблемасы халықаралық терроризмді және діни экстремизмді
қаржыландырумен тығыз ұштасқан.
      Экономикалық салада - бұл өтпелі кезеңде есірткі бизнесінің дамуы мен
нашақорлықтың өсуі үшін жағдайлар туғызатын экономикалық проблемалардың
шиеленісуі. Орталық Азия елдеріндегі есірткі ахуалының нашарлауына ықпал
ететін факторлардың қатарында халық кедейшілігінің жоғары деңгейінің
сақталуын, жұмыссыздықты және көлеңкелі шаруашылық қызметінің дамуын айтуға
болады.
      Бүгінгі таңда Қазақстанда есірткі нарығын қарқынды құрылымдық қайта
құру жүруде, өсімдік тектес дәстүрлі есірткілерді (марихуана, гашиш және
т.б.) "ауыр" есірткілермен (ең алдымен героин) ауыстырудың белсенді процесі
жүріп жатыр. Әсері күшті, қымбат тұратын және денсаулыққа барынша қауіпті
синтетикалық есірткі құралдары мен психотроптық заттарды (ЛСД, экстаздар,
амфетаминдер) пайдалану артып отыр.
      Қалыптасқан ахуалдың күрделілігі мен оның маңыздылығын Қазақстанның
барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
жүргізген, жасы 18-ден жоғары 12000 адам қатысқан әлеуметтік сауалнаманың
нәтижелері де дәлелдейді. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі
нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуын барынша күрделі қатерлердің бірі
деп есептейді. Атап айтқанда, сауал салынғандардың 30,3 %-і есірткінің
таралуы - бүгінде Қазақстан үшін ең өткір проблема деп мәлімдеген.
      Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің деректері
бойынша 2003 жылы түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарда 15561
наркологиялық ауытқу тіркелген (2002 жылы - 14375), олардың 8871-і есірткі
препараттарын пайдалану салдарынан болған. 2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай
бойынша түзеу мекемелерінде есірткіге тәуелді 4094 адам ұсталды, олардың
2560-ы мәжбүрлеп емдеудегі адам, 1534-і сот шешімі бойынша емдеуден
босатылған, 425-і әйелдер, 7-еуі кәмелетке толмағандар. 2004 жылдың осындай
кезеңінде есірткіге тәуелді 4364 адам ұсталған, олардың 2637-і мәжбүрлеп
емделген, 1727-сі сот шешімі бойынша емдеуден босатылған, 557-сі әйелдер,
17-сі кәмелетке толмағандар.
      Наркологиялық ауытқулармен ауыратын адамдарды емдеуді және оңалтуды,
есірткіге деген сұранысты қысқартуға бағытталған мақсатты республикалық
және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды, нашақорлықты емдеудің қазіргі
заманғы әдістерін әзірлеуді және енгізуді, сондай-ақ нашақорлыққа анағұрлым
көп ұшыраған өңірлерді анықтауды құрамында "Нашақорлықтың медициналық-
әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан
әрі - НМӘП РҒПО) РМҚК, "Психиатрия, психотерапия және наркология
республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі бар
республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жергілікті денсаулық
сақтау органдарының наркологиялық қызметтері жүзеге асырады.
      2005 жылдың алты айында нашақорлықпен бастапқы ауыру 100 мың халыққа
шаққанда 323 оқиғаны құрады (2004 жылы - 318). Бастапқы ауырудың жоғары
көрсеткіштері Павлодар (828), Атырау (735), Шығыс Қазақстан (526), Ақмола
(492) және Қарағанды (373) облыстарында тіркелді.
      Есірткіге тәуелділердің арасында АҚТҚЖҚТБ-нің таралу проблемасы
айрықша алаңдаушылық тудырады. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес
жөніндегі республикалық орталықтың деректері бойынша 2005 жылдың 1
шілдесінде Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған 5090 адам ресми түрде тіркелген, оның
ішінде егу арқылы қабылданатын есірткілерді пайдаланатындар 63,4 %-ті
құрайды. Осы ретте АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтыру 25,5 % -ті құрайды.
      Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары айқын
халықаралық сипатқа ие, осыған байланысты тек қана мемлекеттік деңгейде
шешілуі мүмкін емес.
      Қазақстан есірткіге қарсы қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты одан
әрі дамытуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Бірқатар үкіметаралық
және ведомствоаралық келісімдер мен шарттар жасалды. ТМД мемлекеттерімен
қатар АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ елдері осы саладағы біздің дәстүрлі
әріптестерімізге айналды.
      Мұның алдындағы Стратегия мен оны орындау үшін қабылданған
бағдарламалық құжаттардың нәтижелерін талдау барлық жоспарланған іс-шаралар
толық көлемде орындалғанын дәлелдейді. Қазақстанда есірткінің айналымы
саласында бірыңғай және теңестірілген мемлекеттік саясат қалыптасты және
іске асырылуда, елдегі есірткі ахуалының дамуына мемлекеттік және
әлеуметтік бақылау орнатылды. Оны тұрақсыздандыруға және оның Қазақстанның
ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің жай-күйіне, халықтың денсаулығы мен әл-
ауқатына теріс ықпал етуін шектеуге қол жеткізілді.
      Солай бола тұра, проблема өткірлігі бәсеңдер емес, оған бір-бірімен
өзара байланысты бірқатар факторлар әсер етеді, олардың бірі біздің еліміз
арқылы есірткі, ең алдымен Ауғанстанда жасалған есірткі трафигінің күшеюі
болып табылады. Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде есірткіге қарсы белдеу ұру
жөніндегі құқық қорғау шаралары кешенін іске асыруды шұғыл қолға алу
қажеттілігі барған сайын артып отыр.
      Сонымен бірге есірткі бизнесіне қарсы уәкілетті мемлекеттік органдар
қолданып отырған кешенді іс-қимыл шаралары қалыптасқан жағдайға толық
барабар емес, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткіге тәуелділерді
емдеу және кейіннен оңалту проблемасы тиісті деңгейде шешілмейді. Осыған
орай және қалыптасқан жағдайға жедел ден қойып, нашақорлықтың бастапқы
алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан
Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын
бақылау комитетінің Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ретіндегі құқықтық
мәртебесін дамыту мен жетілдіруге ерекше назар аудару қажет болады.
      Проблеманың өткірлігі осы бағыттағы жұмыстың барынша жетілдірілген
нысандары мен әдістерін әзірлеу және іске асыру қажеттілігін негіздейді.
Стратегияның мақсаты мен міндеттері
      Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі
бизнесіне қарсы мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып
табылады.
      Стратегияның ең маңызды міндеттерінің қатарында мыналарды айқындау
қажет:
      1) нашақорлыққа қарсы насихатты күшейту;
      2) есірткіге тәуелділердің алдын алу, оларды ерте анықтау, тиімді
емдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру;
      3) есірткі бизнесіне қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимылды
нығайту;
      4) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық
ынтымақтастықты кеңейту;
      5) уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын
алуға және оны емдеуге мамандандырылған медициналық мекемелердің
материалдық-техникалық әлеуетін нығайту;
      6) наркологиялық қызметті реформалау мен дамыту процесін жаңғырту
және тиімді ғылыми-ақпараттық сүйемелдеу;
      7) наркология саласында кадрлар даярлау жүйесін және білім беру
бағдарламаларын жетілдіру;
      8) есірткіге қарсы қызметті реттейтін заңнамалық базаны жетілдіру,
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған республикалық
заңнаманы және құқық қолдану практикасын тиісті халықаралық құқықтық
актілермен және қоғамдық ұйымдар ұсынымдарының қағидаларымен одан әрі
үйлестіру.
      Стратегияның белгіленген мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін негізгі
факторлар:
      1) мемлекеттің мүдделі құзырлы органдарын үйлестіру, олардың
кәсібилігі және бірігуі;
      2) халықтың және үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде жастар
ұйымдарының қалың көпшілігін қолдау;
      3) жеткілікті қаржылық-техникалық жарақтандыру;
      4) Стратегияны іске асырудың кезеңділігі мен жоспарлылығы
(нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі
өңірлік және салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру) болып
табылады.
Мақсатқа қол жеткізу және басымдық міндеттерді шешу
жөніндегі негізгі шаралар
      Әлемдік тәжірибені және өңірдегі жағдайдың даму ерекшеліктерін ескере
отырып, Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес 2006-
2014 жылдары мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
      1) нашақорлықтың бастапқы алдын алу;
      2) есірткілерді теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік
оңалту;
      3) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
заңсыз айналымының жолын кесу;
      4) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың
айналымына мемлекет белгілеген тиімді бақылауды қамтамасыз ету.
      Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес процесінің үдемелі
дамуын қамтамасыз ету мақсатында Стратегияны іске асыру үш кезеңге
бөлінген: 1-кезең - 2006-2008 жылдарды; 2-кезең - 2009-2011 жылдарды; 3-
кезең - 2012-2014 жылдарды қамтиды. Тиісінше Стратегия оның негізінде
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің өңірлік және салалық
бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру арқылы кезең-кезеңмен орындалатын
болады.
      Бұл ретте 1-кезеңнің мақсаты есірткіні теріс пайдаланудың және
олардың заңсыз айналымының өсуін тоқтату, есірткілердің таралуын қоғамға
барынша аз қауіп келтіретін деңгейге дейін бірте-бірте қысқарту үшін
жағдайлар жасау, атап айтқанда:
      1) психикалық белсенді заттарға (бұдан әрі - ПБЗ) тәуелді адамдар
профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің, оңалтудың, қайта
әлеуметтендірудің қазіргі заманғы технологияларын әзірлеуді қамтамасыз
ететін ғылыми-ақпараттық бағыттағы;
      2) әлеуметтік салада есірткіге қарсы қызметті реттейтін нормативтік
құқықтық базаны әзірлеуді көздейтін нормативтік-құқықтық бағыттағы;
      3) наркологиялық емдеу-профилактикалық мекемелердің құрылымын,
технологиясын, штаттық кестесін және материалдық-техникалық базасын қазіргі
заманғы наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың заңнамамен бекітілген
стандарттарына сәйкес келтіруді көздейтін ұйымдастырушылық бағыттағы;
      4) наркологиялық, психотерапиялық, медициналық-әлеуметтік көмек
көрсету жүйесінде наркология, психотерапия, клиникалық және консультативтік
психология, әлеуметтік жұмыс бейіндері бойынша мамандардың диплом алдындағы
және дипломнан кейінгі даярлығының жаңа біліктілік және білім беру
стандарттарын әзірлеуді және бекітуді, жоғарыда аталған мамандықтар бойынша
ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың арнайы бағдарламаларын әзірлеуді
көздейтін;
      5) тесттен өтетін әр адамның химиялық және психологиялық тәуелділікке
тартылу қатері дәрежесін анықтай отырып, осы қатерлерді төмендету жөнінде
барынша оңтайлы ұсынымдар беріп, автоматтандырылған психологиялық
тестілеудің арнайы компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу; есірткіге қарсы
мектеп және отбасылық бейнеқорларды құру, қағаз және магнитті
тасығыштардағы есірткіге қарсы мектеп кітапханасын әзірлеу, "Тиімді
отбасының өз бетімен үйрену құралын" және "Тиімді ата-ананың өз бетімен
үйрену құралын" дайындау; НМӘП РҒПО жанынан психологиялық-педагогикалық
алдын алу, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу ғылыми-эксперименттік
зертханасын ұйымдастыру және жарақтандыру жөніндегі бастапқы-алдын алу
бағытындағы;
      6) ПБЗ-ға тәуелді адамдарды диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың
клиникалық хаттамаларын (стандарттарын), сондай-ақ наркологиялық көмектің
түрлі бағдарламаларын және наркологиялық қызмет көрсетулердің
ассортименттерін әзірлеу жөніндегі қайталама-алдын алу бағытындағы;
      7) "нашақорлық" диагнозы қойылған адамдарды медициналық-әлеуметтік
оңалтуға бағытталған бағдарламаларды және қызметтердің тиісті ассортиментін
әзірлеу жөніндегі үшінші-алдын алу бағытындағы;
      8) діни конфессияларды, жастар және үкіметтік емес ұйымдарды қоса
алғанда, Қазақстан Республикасындағы есірткіге қарсы қызметтің негізгі
субъектілерінің бірлескен жоспарларын және өзара іс-қимылының өзге де
нысандарын әзірлеу жөніндегі үйлестіру бағытындағы;
      9) Орталық Азия елдері үшін білім беру және ресурстық орталық
ұйымдастыру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық және НМӘП РҒПО базасында
наркология және психотерапия бойынша халықаралық конференциялар өткізу
саласындағы;
      10) ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің осындай жүйелеріне әрі қарай
кіріктіру мақсатында, жедел, статистикалық, есепке алу және өзге де
мәліметтермен алмасудың ведомствоаралық автоматтандырылған жүйелерін құру
жөніндегі;
      11) мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша шекаралық бақылауды
күшейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру болып табылады.
      2-кезең Қазақстан Республикасы халқының арасында ПБЗ-ға тәуелділіктің
таралуы өсуінің әлеуметтік қауіпті үрдістеріне тосқауыл қоюды және кері
дамытуды, яғни:
      1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне және
әлеуметтік саласына есірткіге қарсы инновациялық технологияларды кең
көлемде енгізу, Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек
көрсетуді жаңарту жүйесі қызметі тиімділігінің ұдайы мониторингі жөніндегі
ғылыми-ақпараттық бағыттағы;
      2) денсаулық сақтау мекемелерінің және әлеуметтік саланың есірткіге
қарсы қызметін реттейтін жаңартылған заңнамалық және өзге де нормативтік
құқықтық базаны бекіту және енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық
бағыттағы;
      3) Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық, медициналық-
психологиялық, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық
көмек көрсетуді реформалау, жоғарыда аталған мамандандырылған көмек көрсету
жүйесінің (есірткіге қарсы алдын алу аспекті) қызметі тиімділігінің
мониторингі жөніндегі ұйымдастырушылық бағыттағы;
      4) денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік сала мамандарының есірткіге
қарсы қазіргі заманғы технологиялар бейіні бойынша біліктілігін арттыруға
және кең көлемде оқытуға, ғылыми-педагогикалық кадрларды арнайы
бағдарламалар бойынша және шетелдік үздік оқу орындары мен клиникаларында
оқытуға, тәрбие және білім беру жүйесінде есірткіге қарсы тақырып бойынша
педагогтарға, мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға, әлеуметтік
қызметкерлерге, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандарға арналған арнайы білім
беру циклдарын өткізуге бағытталған;
      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік
саласына алдын алудың, диагностиканың, емдеудің, оңалтудың және қайта
әлеуметтендірудің инновациялық технологияларын кеңінен енгізу, есірткіге
тәуелділер контингентін медициналық-әлеуметтік оңалтудың тиімді
бағдарламаларымен толыққанды қамту жөніндегі қайталама - алдын алу
бағытындағы;
      6) осы бағдарламалармен есірткіні егу арқылы нақты тұтынатындардың
кемінде 80%-ін қамту және олардың бестен бір бөлігін толыққанды емдеу-
оңалту бағдарламалары шеңберіне ауыстыруға қол жеткізе отырып, Қазақстан
Республикасының наркологиялық көмек көрсету жүйесіне үшінші мәрте алдын
алудың әзірленген бағдарламаларын кең көлемде енгізу жөніндегі үшінші мәрте-
алдын алу бағытындағы;
      7) әлеуметтік саланың негізгі агенттерінің есірткіге қарсы қызметтің
бірлескен жоспарларын орындауы жөніндегі үйлестіру бағытындағы;
      8) халықаралық ынтымақтастықты және Орталық Азия өңірінде Ғылыми-
ақпараттық ресурстық өңірлік орталық құру жөніндегі жұмысты жандандыру,
Қазақстан Республикасында есірткіге қарсы халықаралық жобаларды іске асыру,
Қазақстан мен Орталық Азия өңірлерінің мүдделерін ескере отырып, Біріккен
Ұлттар - Ұйымының есірткіге қарсы күрес саласындағы шешімдерін әзірлеу
мақсатында БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясындағы және оның
қосалқы органдарындағы жұмысқа Қазақстанның қатысуын кеңейту саласындағы іс-
шараларды жүзеге асыруды көздейді.
      3-кезеңде Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткінің
заңсыз айналымына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимылдың
қалыптасқан кең ауқымды жүйесін одан әрі жетілдіру көзделеді, ол мынадай:
      1) есірткіге қарсы қызметтің ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етілуін
күшейту, әлеуметтік саладағы оның тиімділігінің тұрақты мониторингі жүйесін
жетілдіру жөніндегі ғылыми-ақпараттық бағыттағы;
      2) халыққа наркологиялық көмек көрсету саласында Қазақстан
Республикасы заңнамасының мүлтіксіз орындалуын бақылау жөніндегі
нормативтік-құқықтық бағыттағы;
      3) наркологиялық бейіндегі емдеу-профилактикалық мекемелер мен
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласында жұмыс істейтін есірткіге
қарсы бағыттағы басқа да ұйымдардың құрылымын, технологиясын, кадрлық
қамтамасыз етілуін, аталған ұйымдардың қызметі тиімділігінің мониторингі
жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық бағыттағы;
      4) денсаулық сақтау және әлеуметтік сектор саласы үшін жұмыс істейтін
наркологиялық бейіндегі мамандардың дипломдық және дипломнан кейінгі
даярлық жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі біліктілікті арттыруға,
инновациялық білім беру бағдарламаларын кең ауқымда іске асыруға
бағытталған;
      5) тиісті диагностикалық және бастапқы алдын алу бағдарламаларының
тиімділігін, негізгі әлеуметтік індеттерге (АҚТҚЖҚТБ-мен бірге жүретін
нашақорлық, қылмыс терроризм, діни экстремизм) тартуға халықтың
психологиялық тұрақтылығын арттыру жөніндегі бастапқы-алдын алу
бағытындағы;
      6) 35-40 %-тік тиімділікке (медициналық-әлеуметтік оңалту
бағдарламасы аяқталғаннан кейінгі бір жыл ішіндегі ремиссия көрсеткіші) қол
жеткізе отырып, ПБЗ-ға тәуелділерді медициналық-әлеуметтік оңалту
бағдарламаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі қайталама-алдын алу
бағытындағы;
      7) есірткіні егу арқылы тұтынушыларды медициналық-әлеуметтік
бағдарламаларға тарту есебінен оларды толыққанды қамту және жалпы санын
азайту, есірткіге тәуелділер арасында АҚТҚЖҚТБ-нің таралуына тиімді
тосқауыл қою жөніндегі үшінші мәрте-алдын алу бағытындағы;
      8) есірткіге қарсы әлеуметтік қызмет саласында мультисекторалдық
ынтымақтастықты бірлесіп жоспарлаудың және үйлестірудің сапасын жақсарту
жөніндегі үйлестіру бағытындағы;
      9) есірткіге қарсы қызметтің белсенділігін арттыру жөніндегі
ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.
Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
      Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары
(моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы,
батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың
бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының
негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін
өзекті етеді.
      Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен
мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі
жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі
бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана
емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.
      Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын,
есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас
бөлігі болуы тиіс.
      Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің
жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал
ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге
ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға
болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін
де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын
қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды
психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына
деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың
іске асырылуын жеңілдетеді.
      Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
Жастардың нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде және оны шешу жолдары туралы
Есірткіге еліткен елдің ертеңі күмәнді
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Есірткі бизнесі Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қатері ретінде
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Нашақорлық әлеуметтік мәселе ретінде
«Нашақорлыққа қарсы күрес - еліңе қосқан үлес»
Есірткіге қарсы күрес
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Пәндер