Қатты қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
а) Қатты қалдықтар
б) Қатты қалдықтарды көму полигондары
в) Қатты қалдықтарды қайта өңдеу және залалсыздандыру
III. Қорытынды
Кіріспе
Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияныңтек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.
Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
Қалдықтардың классификациясы келесі белгілер бойынша айқындалады:
- қалдық түзілу орны (өндіріс саласына байланысты) ;
- өндіріс циклінің кезеңі;
- қалдық түрі;
- қоршаған ортаға және адамға зиянды әсері;
- қолдану бағыты;
- қолданыс эффектісі;
- утильдеу технологиясының қаншалықты қарастырылып, зерттелгені.
Отандық стандарт бойынша «Зиянды заттар классификациясы және ортақ қауіпсіздік талаптары», барлық өндіріс қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа жіктеледі: бірінші классқа - аса қауіпті, екінші классқа - жоғары қауіпті, үшінші классқа - орташа қауіпті, ал төртінші классқа -қауіптілігі аз қалдықтар жатады.
Егер де қалдықтарда сынап, калий хлорқышқылы, үшхлорлы сурьма, мышьяк оксиді және басқа да улы заттар болса, олар бірінші классқа жатқызылады. Хлорлы никель, хлорлы мыс болатын болса екінші классқа жатады. Классификациялардың негізінде орталық жинақтау схемалары жасалады, оларды екінші ретті пайдалануға асыру және ол қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауы қарастырылады. Барлық қатты өндірістік қалдықтарды 2 түрге бөлеміз :
- улы қалдықтар
- улы емес қалдықтар
Улы қалдықтар өзі бірнеше топқа жіктеледі, олардың кейбіреулері төменде көрсетілген:
- құрамында мышьягы бар органикалық емес қатты қалдықтар және шламдар, сынабы бар қалдықтар, құрамында: қорғасын, мырыш, сүрме, висмут, кобальт және т. б. қалдықтар;
- құрамында фосфор және фторы бар қалдықтар мен шламдар, қолданысқа жарамайтын және тыйым салынған пестицидтер;
- гальваникалық өндіріс қалдықтары;
- мұнайхимия және мұнайөңдеудегі қалдықтар;
- хромқұрамды қалдықтар, шламдар, темір карбонильдері бар қалдықтар.
Улы қалдықтарды жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың және көмудің тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік класын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.
Құрамында улы заттары бар қатты қалдықтарды қоймада ұстауға, сонымен қатар өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.
Қалдықтарды орталықтандырып жинау, жеткізу, яғни транспорттау, заласыздандыру және көму қалаларды санитарлы тазалайтын шаралардың бірі.
Улы қалдықтар түрлерінің және мөлшерінің көптігінен оларды залалсыздандыру экономикалық тұрғыдан алғанда тиімсіз. Бұл қалдықтардың химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты залалсыздандыру және жою қоршаған ортаға еш зиянсыз жүргізу болмайды, сондықатан осы улы өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырып, көмуге арнайы аудандық полигондар ұйымдастырылады.
Қалдықтарды көму полигондары табиғи қорғаудағы ғимараттар болып табылады, ал орталық жинақтау, залалсыздандыру және утильденбейтін қалдықтарды сақтауға сақтауға арналғандықтан қорғалады. Полигон саны мен қуаттылығы әр ауданның техникалық-экономикалық есептеулерімен жүзеге асырылады
Полигонның құрамында келесі шаралардың қарастырылуы:
- улы өндірістік қалдықтарды өңдеу заводтары;
- улы өндірістік қалдықтарын көму учаскелері;
- арнайы улы қалдықтарды тасымалдайтын автокөліктерге арналған тұрақтар (гараж) .
Ескерту
1) улы өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу заводтары қалдықтарды жағу және физико-химиялық өңдеу үшін, оларды заласыздандырып улылығын төмендетіп, ерімейтін формаға дейін жеткізіп, көлемін азайту үшін қолданылады;
2) қалдық мөлшері 100 мың т-дан аспайтын болған жағдайда, құзырлы органдармен келісе отырып, мұндай завод құрылысын жүргізбеуге рұқсат беріледі.
Полигонға қабылдамайтын қалдықтар түрлері:
- эффективті әдістер арқылы металл өнімдерін және басқа да заттарды айыруға болатын қалдықтар;
- радиоактивті қалдықтар;
- регенерациялауға жататын мұнай өнімдері.
Полигонның жобаларында өнеркәсіптік қалдықтар жөнінде төмендегі ақпарат болуы керек:
1) өнеркәсіптік қалдықтардың болжанатын мөлшерінің саны мен сапасы (қауіптілік класы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде мәліметтер;
2) қоршаған ортаға өнеркәсіптік қалдықтардың әсер етуінің мүмкін салдарының сипаттамасы;
3) өнеркәсіптік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің технологиялық шешімдері;
4) зиянды заттардан топырақты қорғау және бұзылған, ластанған топырақты рекультивациялау бойынша шаралар;
5) қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттарды анықтау әдістемесі.
Полигондарды орналастыру
Полигондарды орналастыру үшін тұрғын үй, құрылыс нысандарынан аулақ, жақсы желденіп, су баспайтын жерде болу керек. Полигон айналасында 3000м-ден кем емес жерде санитарлы-қорғаныс зонасы ұйымдастырылу қажет.
Полигон кем дегенде 200 м ауылшаруашылық нысандарынан, транзиттік магистральдарынан, орман массивтерінен 50 м алшақ орналастырылады.
Көму орындары бас транспорт магистралінен алшақ болмай және сол магистральмен жолдар жақсы байланыстырылуы қажет.
Алаңдардың жетіспеушілігіне байланысты үлкен қалалардың маңайында қайта жүктеу станцияларын ұйымдастыру арқылы азайтуға мүмкіндік бар. Ол жерде қалдықтар іріктеледі, бөлшектенеді және түрлері бойынша жинақталады. Бұл әдіс қалдықтардың көлемін азайтады және алшақ полигондарға тасымалдап көмуге мүмкіндік береді.
Полигондардың учаскесі нашар фильтрленетін грунттармен орналастырылады (сары топырақ, сланцы, сугликок және т. б. ), олардың фильтрация коэффициенті 0, 1 см/с аспауы шарт. Грунттық сулар деңгейі олардың жоғары көтерілуі мөлшері көмілген қалдықтардан кем дегенде 2м-ден төмен болу керек. (Ережеге сәйкес, 7-15м)
Полигондарды орналастыруға рұқсат етілмейтін жағдайлар:
- пайдалы қазбалар қорына жақын аумақта, құзырлы органдардың рұқсатынсыз;
- активті карст зоналарында;
- қар, лай көшкіні қауіптілігі бар және сель ағымдары бар жерлерде;
- ауыз су қоры бар зона;
- санитарлы демалу курорттарының маңайында;
- көгалданған жасыл қала зоналарында;
- ормандар, демалу орындарында;
- органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған аумақтарда .
Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған улы қалдықтар мөлшерімен(мың. т. ) айқындалады. Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.
Улы өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.
Қазіргі жаңа заман талабына сәйкес, өндіріс қалдықтарын көму келесі жеке инженерлік ғимарттармен жабдықталуы керек, олар:
- тығыз минералды қабаттар мен жасанда материалдар қосындысы (комбинация) ;
- жол айрықтар (проезды) ;
- ағып өтетін судың жинақталу және тазалану ғимарттары;
- сілтіленетін газды утильдеу және жинау ғимараттары;
- рекультивация көмегімен ландшафтарды қорғау ғимараттары.
Көмудің типтері
Қалдықтарды негізінде көмудің екі әдісі қолданылады: жерасты және жерүсті .
Жерасты көму түрі - шахталарды, қуыстар, скважиналар, бұрынғы мұнай алаңдары және т. б - радиокативті және қалдықтарды орналастыруға арналған.
Жерүсті көму әдісі - құрылыс қоқыстары, қатты тұрмыстық қалдықьар және өнеркәсіптік улы қалдықтарды орналастыруға арналған.
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1) жанғыштар (Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б. ) ; 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі) ; 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар, атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1, 2 т ұн алынады. Қалдықтар проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін кұрамында вольфрамы бар минераддар - вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады. Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг қалдыктан 0, 9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті" болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33, 5%-і, Францияда - 6%-і, Ресейде - 10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0, 3%-і. Жылына Москва қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м 3 , Алматыдан - 3 млн. м 3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250 кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1, 5-3), кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса (1-1, 5) . Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда жағылады.
Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz