Ақпараттық жанрлар



1.Газет жанрлары
2. АҚПАРАТТЫҚ ЖАНРЛАР
3. Заметка
4. РЕПОРТАЖ
5. Репортаждың түрлері
6. ИНТЕРВЬЮ
7. ЕСЕП (ОТЧЕТ)
8. Публицистика жанрларының ерекшеліктері
9. Корреспонденцияның жанрлық ерекшелігі
10. Корреспонденцияның негізгі арқау . факті
1.Газет жанрлары
Жанр дегеніміз – белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды. Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы – сатираның да өз объектісі, өз міндеті, атқарар өзіндік рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары болады. Осыдан келіп оның әр қилы жанрлары туындайды.
Саралап айтқанда, сатира жанрлары бір-бірінен несімен ажыратылады?
Ең алдымен, олар да сынайтын объектісімен ажыратылады. Мәселен, әшкерелеу объектісі етіп империалимзді, нәсілшілдікті алсақ, жазғанымыз не әшкерелеуші фельетон, не памфлет болады. Егер сын объектісі етіп аң-құс, жан-жануар, әр қилы заттарды алып, солардың іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сиық-көрінісі арқылы адам хараектерін, адам психологиясын ашсақ, жазғанымыз мысалға айналады. Егер объектіміз көркем туынды, сондағы кемшіліктер болса, жазғанымыз не фельетон-рецензия, не әдеби пародия, не әдеби эпинраммаға жатады.
Сатира жанрлары енді бірде алға қойған нақты міндет, мақсатымен, идеясымен ажыратылады. Егер жазғанымызда адам басында кездесетін әлеуметтік зияны жоқ, кешіріммен қарауға болатын әлсіздіктерді әзіл-ажуамен сынап-мінеп түзетсек, жоймақ міндетін қойсақ, онымыз юмореска, юморлық әңгіме болмақ. Егер жеке адамның биік моральдық қасиетін, жоғары табысын қуанышты күлкімен мақтана, паш етсек, жазғанымыз достық шарж болып шығады.
Әрине, бір зерттеуде сатиралық барлық жанрлардың тарихын ашып, теориялық, практикалық мәселелерін шешіп бере қою мүмкін емес. Бұл істе басқа зерттеушілердің де үлесіне тиер сыбаға аз болмас. Келешекте олардың сатиралық жанрлар проблемасы жөніндегі пікірлерді дамыта, толықтыра, орнықтыра түсері даусыз. Әрбір болмыс-құбылыс үнімі дамуда, өзгеруде, жаңғыруда дейтін болсақ, сатира көріністері де, оның жанрлық түрлері де әр кез жаңа қыр-сыр танытып отырады. Бұл үнемі жаңа зерттеулер жүргізіп, тың пікірлер айтып тұруды қажет етеді.

2. АҚПАРАТТЫҚ ЖАНРЛАР
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің «Информация – основная валюта демократии» деген сөзін осы жерде еске алуға болады [2]. Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім. Қазіргі таңда әрбір елдің ең негізгі ұлттық құндылығы – білім екендігіне ешкім күмән келтірмесе керек. Осыдан келіп-ақ, белгілі бір елде зайырлы қоғамның орнауының, материалдық өндірісінің қуаты, рухани ойының потенциалы сондағы айналымға енгізіліп отырған ақпараттың мөлшері мен сапасы арқылы бағаланатын үрдіс әлемде қалыптасқанын байқаймыз. Сондықтан да, «ақпарат деген ұғымның мазмұны мен маңызы ерекше өсіп, материя, энергия секілді ғылымның іргелі ұғымдарымен тең дәрежеге жетті» деген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Шамахайұлы мен орыс ғалымы, техника ғылымдарының докторы В.Плыкиннің: «Разум вселенной – первичен, информация – вторична, энергия третична, а материя и сознание – произведены от первых трех» (Ғаламның санасы, ақыл-ойы – алғашқы, ақпарат – екінші, энергия – үшінші кезекте пайда болса, ал материя мен таным осы үшеуінен бастау алады) деген тұжырымдарының бір-біріне жақындығына көз жеткіземіз.
Ақпарат – материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:
а) Ақпарат – оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.
ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.
1. Белинский В.Г. Сто русских литераторов//ПСС. Т. V. – М.: АН СССР, 1954. С.9.
2. Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика. – М.: Аспект Пресс, 1996. С.183.
3. Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика. – М.: Аспект Пресс, 1996. С.179.
4. Паустовский К. Золотая роза. – М.: Советский писатель, 1983. С. 45.
5. Станиславский К.С. Собр. Соч. В 8 т. Т.І. – М.: Искусство, 1954. С. 406.
6. Молдахметұлы Ж. Екінші сыныптан күнделік жазған жазушы//Айқын, 30 шілде 2008.
7. Дүйсембекова Л. Қазақты намысы қамшыласын//Ана тілі, 17 сәуір 2008.
8. Штейнгольд А.М. Сюжет в критической статье (К постановке проблемы). – Сюжет и художественная система. – Даугавпилс: ДПИ, 1983. С. 126.
9. Ордабеков С. «Сыған серенадасы» қалай туған//Қазақ әдебиеті, 30 мамыр 2008.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
1.Газет жанрлары
Жанр дегеніміз - белгілі бір шығарманың, газет, журнал материалының, радио, телевизия хабарының көрініс табу формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің ғылым белгілеген, жұрт таныған формалары болады. Өзіндік сипаты, өзіндік белгілері бар сол формалардың әрқайсысы жанр деп аталады. Белгілі бір шығарманың, газет материалының өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік, стильдік, тағы басқа белгілерінің жиынтығы оның жанрын айқындайды. Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы - сатираның да өз объектісі, өз міндеті, атқарар өзіндік рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары болады. Осыдан келіп оның әр қилы жанрлары туындайды.
Саралап айтқанда, сатира жанрлары бір-бірінен несімен ажыратылады?
Ең алдымен, олар да сынайтын объектісімен ажыратылады. Мәселен, әшкерелеу объектісі етіп империалимзді, нәсілшілдікті алсақ, жазғанымыз не әшкерелеуші фельетон, не памфлет болады. Егер сын объектісі етіп аң-құс, жан-жануар, әр қилы заттарды алып, солардың іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сиық-көрінісі арқылы адам хараектерін, адам психологиясын ашсақ, жазғанымыз мысалға айналады. Егер объектіміз көркем туынды, сондағы кемшіліктер болса, жазғанымыз не фельетон-рецензия, не әдеби пародия, не әдеби эпинраммаға жатады.
Сатира жанрлары енді бірде алға қойған нақты міндет, мақсатымен, идеясымен ажыратылады. Егер жазғанымызда адам басында кездесетін әлеуметтік зияны жоқ, кешіріммен қарауға болатын әлсіздіктерді әзіл-ажуамен сынап-мінеп түзетсек, жоймақ міндетін қойсақ, онымыз юмореска, юморлық әңгіме болмақ. Егер жеке адамның биік моральдық қасиетін, жоғары табысын қуанышты күлкімен мақтана, паш етсек, жазғанымыз достық шарж болып шығады.
Әрине, бір зерттеуде сатиралық барлық жанрлардың тарихын ашып, теориялық, практикалық мәселелерін шешіп бере қою мүмкін емес. Бұл істе басқа зерттеушілердің де үлесіне тиер сыбаға аз болмас. Келешекте олардың сатиралық жанрлар проблемасы жөніндегі пікірлерді дамыта, толықтыра, орнықтыра түсері даусыз. Әрбір болмыс-құбылыс үнімі дамуда, өзгеруде, жаңғыруда дейтін болсақ, сатира көріністері де, оның жанрлық түрлері де әр кез жаңа қыр-сыр танытып отырады. Бұл үнемі жаңа зерттеулер жүргізіп, тың пікірлер айтып тұруды қажет етеді.

2. АҚПАРАТТЫҚ ЖАНРЛАР
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің Информация - основная валюта демократии деген сөзін осы жерде еске алуға болады [2]. Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім. Қазіргі таңда әрбір елдің ең негізгі ұлттық құндылығы - білім екендігіне ешкім күмән келтірмесе керек. Осыдан келіп-ақ, белгілі бір елде зайырлы қоғамның орнауының, материалдық өндірісінің қуаты, рухани ойының потенциалы сондағы айналымға енгізіліп отырған ақпараттың мөлшері мен сапасы арқылы бағаланатын үрдіс әлемде қалыптасқанын байқаймыз. Сондықтан да, ақпарат деген ұғымның мазмұны мен маңызы ерекше өсіп, материя, энергия секілді ғылымның іргелі ұғымдарымен тең дәрежеге жетті деген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Шамахайұлы мен орыс ғалымы, техника ғылымдарының докторы В.Плыкиннің: Разум вселенной - первичен, информация - вторична, энергия третична, а материя и сознание - произведены от первых трех (Ғаламның санасы, ақыл-ойы - алғашқы, ақпарат - екінші, энергия - үшінші кезекте пайда болса, ал материя мен таным осы үшеуінен бастау алады) деген тұжырымдарының бір-біріне жақындығына көз жеткіземіз.
Ақпарат - материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:
а) Ақпарат - оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.
ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.
в) Қандай бір белгі және сигнал - тек оның мәнін ұғатын, түсінуге қабілеті жететін қабылдаушыға ғана ақпарат жеткізе алады.
Батыс философы Роберт А.Уилсонның Новая инквизиция еңбегіндегі: информация: степень непредсказуемости сообщения; грубо говоря, информация - это то, что вы не ожидаете услышать. Информация в этом смысле может быть истиной или ложной, но всегеда непредсказуемой деген пікірі де жоғарыда айтылған ақпараттың сипаттамаларына сайып келеді.
Масс-медиа саласында да ақпарат деген ұғым әрдайым басты назарда. Мұнда негізінен екі түрлі бағыт ұстану бар. Бірінші бағыт бойынша, ақпарат дегеніміз - әр түрлі хабарламалардың жиынтығы деп анықталады.
1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңында ақпаратқа мынадай анықтама берілген:
бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеулі топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары [3].
Масс-медиадағы екінші бағыт - ақпаратты журналистиканың белгілі бір жанры деп біледі. Журналистика жанрларының ең негізгісі әрі атасы ақпараттық жанрлар. Ақпараттық жанрдағы материалдар субъективтік көзқарастан, жеке тұлғаның қорытындысынан ада болатындықтан әлем журналистикасын зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атап жүр. Өзге жанрлардан гөрі ақпараттық жанр түрлері артық шеберлікті, нақтылықты, жинақтылықты талап етеді. Ақпараттық хабарда әсіресе қызыл сөздермен тіл безеудің де, өте қара байыр тілмен тұрпайы жазудың да зияны бірдей болғандықтан, жалпы және кәсіби шектеулер ақпарат жазушының іс-әрекетін ретсіздіктен, жүйесіздіктен сақтап, нағыз іскер, әрі шығармашылық тұрғыдан тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды.
Сондықтан да ақпараттық жанр - ең өнімді жанр. Қоғамдық-саяси мазмұнына сай әркімге ең жақын әрі тартымды жанр болып табылатындықтан ақпарат құралдары, соның ішінде мерзімді басылымдардың онсыз күні қараң деуге болады. Газеттер мен электрондық ақпарат құралдарындағы барлық жарияланымдардың 40-қа жуық пайызын ақпараттық туындылар иеленіп жатқаны бұл сөзіміздің айғағы.
Шынымен де ақпараттық жанрлардың баспасөзде ерекше ойып алар орны бар. Олар - газет тішілерінің болған оқиғаның ізін суытпай, жеңіл де ыңғайлы жаза қоятын жанрлары. Ақпараттық жанрлар бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі тұрмыс шындығын жан-жақты көрсетеді. Егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Сондықтан бүгінгі өскелең өміріміздің жаңалық хабаршысы - ақпараттық жанрдың мерзімді баспасөзден кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық іс.
Қазіргі таңда дүниежүзілік ақпарат әлеміндегі ірі өзгерістерден, белең алып келе жатқан жаһандану үдерістерінен ешбір елдің саяси өмірі мен бұқаралық ақпарат құралдары тыс тұра алмайтын күрделі кезеңмен бетпе-бет жүздесіп отырмыз. Академик Ғарифолла Есім айтқандай: ... біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор - ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп те жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі, жетілген коммуникация әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің сырын жасыру мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария естілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде [1].
Ақпарат, яғни информация сөзі латын тіліндегі informatio - мәлімет, түсініктеме деген мағына береді.
Ақпарат деген ұғым жайында барлық ғылым саласында жылдар бойы пікірталастар толастамаса да бәрі біркелкі мойындаған, бір ізді етіп белгіленген тұжырымдама әзірше анықталған жоқ. Әркім айналысып жүрген саласы бойынша, қызмет түріне сәйкес ақпаратты өзінше ұғынып, өз қабылдауынша анықтама береді.
Ақпарат бүгінде демократияландыру үрдісінің басты өлшемдерінің біріне де айналды. Нейдер деген американ заңгерінің Информация - основная валюта демократии деген сөзін осы жерде еске алуға болады [2]. Сондай-ақ, ақпарат дегеніміз қоғамдық мәніне сай жаңа мағлұмат, білім. Қазіргі таңда әрбір елдің ең негізгі ұлттық құндылығы - білім екендігіне ешкім күмән келтірмесе керек. Осыдан келіп-ақ, белгілі бір елде зайырлы қоғамның орнауының, материалдық өндірісінің қуаты, рухани ойының потенциалы сондағы айналымға енгізіліп отырған ақпараттың мөлшері мен сапасы арқылы бағаланатын үрдіс әлемде қалыптасқанын байқаймыз. Сондықтан да, ақпарат деген ұғымның мазмұны мен маңызы ерекше өсіп, материя, энергия секілді ғылымның іргелі ұғымдарымен тең дәрежеге жетті деген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Шамахайұлы мен орыс ғалымы, техника ғылымдарының докторы В.Плыкиннің: Разум вселенной - первичен, информация - вторична, энергия третична, а материя и сознание - произведены от первых трех (Ғаламның санасы, ақыл-ойы - алғашқы, ақпарат - екінші, энергия - үшінші кезекте пайда болса, ал материя мен таным осы үшеуінен бастау алады) деген тұжырымдарының бір-біріне жақындығына көз жеткіземіз.
Ақпарат - материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:
а) Ақпарат - оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.
ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.
в) Қандай бір белгі және сигнал - тек оның мәнін ұғатын, түсінуге қабілеті жететін қабылдаушыға ғана ақпарат жеткізе алады.
Батыс философы Роберт А.Уилсонның Новая инквизиция еңбегіндегі: информация: степень непредсказуемости сообщения; грубо говоря, информация - это то, что вы не ожидаете услышать. Информация в этом смысле может быть истиной или ложной, но всегеда непредсказуемой деген пікірі де жоғарыда айтылған ақпараттың сипаттамаларына сайып келеді.
Масс-медиа саласында да ақпарат деген ұғым әрдайым басты назарда. Мұнда негізінен екі түрлі бағыт ұстану бар. Бірінші бағыт бойынша, ақпарат дегеніміз - әр түрлі хабарламалардың жиынтығы деп анықталады.
1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңында ақпаратқа мынадай анықтама берілген:
бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеулі топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары [3].
Масс-медиадағы екінші бағыт - ақпаратты журналистиканың белгілі бір жанры деп біледі. Журналистика жанрларының ең негізгісі әрі атасы ақпараттық жанрлар. Ақпараттық жанрдағы материалдар субъективтік көзқарастан, жеке тұлғаның қорытындысынан ада болатындықтан әлем журналистикасын зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атап жүр. Өзге жанрлардан гөрі ақпараттық жанр түрлері артық шеберлікті, нақтылықты, жинақтылықты талап етеді. Ақпараттық хабарда әсіресе қызыл сөздермен тіл безеудің де, өте қара байыр тілмен тұрпайы жазудың да зияны бірдей болғандықтан, жалпы және кәсіби шектеулер ақпарат жазушының іс-әрекетін ретсіздіктен, жүйесіздіктен сақтап, нағыз іскер, әрі шығармашылық тұрғыдан тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды.
Сондықтан да ақпараттық жанр - ең өнімді жанр. Қоғамдық-саяси мазмұнына сай әркімге ең жақын әрі тартымды жанр болып табылатындықтан ақпарат құралдары, соның ішінде мерзімді басылымдардың онсыз күні қараң деуге болады. Газеттер мен электрондық ақпарат құралдарындағы барлық жарияланымдардың 40-қа жуық пайызын ақпараттық туындылар иеленіп жатқаны бұл сөзіміздің айғағы.
Шынымен де ақпараттық жанрлардың баспасөзде ерекше ойып алар орны бар. Олар - газет тішілерінің болған оқиғаның ізін суытпай, жеңіл де ыңғайлы жаза қоятын жанрлары. Ақпараттық жанрлар бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі тұрмыс шындығын жан-жақты көрсетеді. Егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Сондықтан бүгінгі өскелең өміріміздің жаңалық хабаршысы - ақпараттық жанрдың мерзімді баспасөзден кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық іс.
Тақырыптың өзектілігі: Адамдардың тіршілік етуі үшін ауа мен су қандай қажет болса, бұл күні ақпараттың да рөлі сондай артып отыр. Әр адам тіпті ертеңгі күннің райы қалай болатынынан, өзінің көшесіндегі, тұратын жеріндегі жаңалықтардан бастап, доллар бағамы қандай, ауыл тұрғындары үшін - ауылдағы ауыз су мен жол қатынасын жөндеу, қала халқы үшін - тұрғын үй мәселесі шешіле ме, зейнетақы мен жалақы мөлшері көтеріле ме деген әлеуметтік маңызы бар хабарлардан, мемлекеттік, әлемдік, глобальдық деңгейдегі ақпараттан хабардар болып отырғысы келеді. Сондықтан бұқара өмірде болып жатқан жайлардан хабардар болу мақсатымен газет оқиды, радиохабар тыңдайды, кино мен теледидар көреді. Бұл олардың қоғамдық өмірде дұрыс жол табуы, оң қадам жасауы үшін айналада не болып жатқанын біліп отыруды тұрмыстың өзі талап ететіндігінен, қалың бұқараның күнделікті өмір талабына сай, өмірде болып жатқан жайларды, оқиғаларды, құбылыстарды оқығысы, естігісі, көргісі келетін ынтызарлықтан туады. Ал ақпарат тарату журналистік жұмыстың негізі болып саналатындықтан, хабарға деген бұқараның ынтызарлығы журналистиканың ақпараттық жанрларын кең де өткір қолдануын талап етеді. Бұл талаптарды орындау үшін журналист қоғам дамуының обьективтік жағдайынан, сондай-ақ субьективтік факторларынан да хабарлар беріп тұруға міндетті. Бұл міндеттерді орындау жөнінде журналистиканың барлаушылары атанған ақпараттық жанрлар елеулі рөл атқарады.
Ақпараттың тасқыны өрлеп тұрған қазіргі таңда қазақ газеттерінің біртіндеп ақпараттық сипатқа ауысып бара жатқаны анық байқалады. Бірақ оқырмандарға осы күні өздерінің қалалары, аймақтары тіпті елдеріндегі жаңалықтарды білу аздық етеді. Сондықтан мерзімді баспасөз тілшілері әрбір рухани қазынаны тұтынушыны, яғни ақпарат қабылдаушы аймақтық, ұлттық және жаһандық деңгейдегі қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Осы орайда, журналистика жанрларының көшбасшысы саналатын ақпараттық жанрлардың жалпы даму жолдарын, қыр-сырларын, заңдылығын, сонымен қатар ерекшеліктері мен ішкі сипаттарын зерттеу - қазіргі кезең қойып отырған келелі міндеттердің бірі.
Мақсат-міндеттері: Қазақстанның саяси өміріндегі түбегейлі өзгерістер, халықаралық саясаттағы күнделікті ақпараттар ағыны журналистерге қоғамдағы тың әрі елеулі құбылыстарға әр қырынан ой жүгіртіп, баға беруге өзекті проблемаларды халыққа жедел жеткізумен бірге оның шешім табу жолдарын іздестіруге талпыну секілді жоғары талап қойып отыр. Сондықтан болашақ газет тілшілері баспасөздегі ақпарттық жанрлардың басты принциптерін, әріден бүгінге дейінгі эволюциясын, тілі мен стилін, алдымен теория арқылы білуі тиіс. Диплом жұмысында еліміздің ғалымдарының, зерттеушілердің оқиғалық жанрлар жөніндегі көзқарастары мен тұжырымдары ескеріле отырып осыған өзінше үлес қосу көзделеді.
Ақпараттық жанрлардың қазіргі мерзімді баспасөздегі және қоғамдағы орнын, даму бағыттарын нақты көрсету үшін елімізде жарық көріп жатқан барлық басылымдарды қамту мүмкін емес, әрі оларды қоғамдық-саяси бағыт-бағдарларына сәйкес жекелеген типологиясы бойынша қарастырған тиімдірек деп санағандықтан, диплом жұмысына не

3. Заметка
Заметка дегеніміз - ең шағын және оперативті жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбылыстары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлайды. Заметка көбінесе телеграфтық стильде жазылады. Баспасөздің бұл қарапайым да шағын жанры үгіт-насихатты факті арқылы жүргізетін, оқушыға әсерлігі жағынан ең бір қонымды да ыңғайлы жанр боп саналады. Ол еліміздің, республика мен өлкенің, облыс пен ауданның өмірінде болып жатқан жаңалықтарды, өнеге боларлықтай жайларды, үздік үлгі боларлықтай істер мен жаңа бастамаларды газет оқушыларына тұжырымды түрде жеткізеді. Заметка өмірдің жағымды жақтармен бірге, кейбір кемшіліктері туралы да еңбекшілерге дер кезінде жария ғып отырады. Газеттердің қайсысын алсаңыз да, заметкасыз олардың бір де бірі іжарыққа шықпайды. Газет окушыларының назарын аударарлық жақсы заметкалар жиі-жиі жарияланып тұрса, онда, ол газеттің өмірге терең араласып, газет қызметкерлерінің өмірді жақсы білетіндігін көрсетеді. Демек, газетте өмір ақиқатының шын ұшқындарын шебер керсететін заметкалар неғұрлым көп болса, соғұрлым сол газеттің ажарын ашып, көркемдігі мен мазмұнын байыта түседі.
Заметканың негізінде бір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Заметканың авторы өз пікірін байыптау мен қорытынды жасамайды. Тек бір мәселені, я құбылыс пен бір жақсы бастама, не бір аяқталған жақсы іс туралы үн қатады, соны газет окушыларына асыға хабарлайды. Әрине, заметка жазу үшін көрген-білген, естігендердің бәрі бірдей, кез келген факт негіз бола бермейді. Тек әлеуметтік мәні бар фактілер ғана, өмірдің белгілі бір құбылысын, елесін көрсететін фактілер ғана негіз бола алады. Заметкаға өзек болып отырған факт мен құбылыс тың қоғамдық мәні мен маңызы салмақты болуға тиіс. Сонымен қатар заметка тек өмір шындығына, фактілер мен ресми цифрларға, документтерге сүйеніп отырады. Мұның өзі заметканың айқын, дәл болуының және тек шындыққа ғана сүйенетіндігінің айқын белгілерінің бірі болады, яғни заметканы жазу үстінде автор тек өмір шындығына, өмір фактісіне ғана сүйенуге тиіс. Заметка - үгіт-насихатты тек фактімен жүргізудің бірден-бір құралы. Мұндай әдіс пен тәсіл - өздерінің жұмыс істеп отырған облысы мен аудан еңбекшілерінің күнделікті өмірінде қандай өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқандарын анықтап біліп, олардың қайсысын көпшілікке үлгі ретінде хабарлап, қайсысын кемшілік ретінде сынға алу үшін редакция қызметкерлері мен авторлар үшін үлкен тәжірибе мектебі болуға тиіс.
Өмірдің осындай шындықтарынан алынған заметкалар баспасөзде әр түрлі формада жазылады. Заметкалар ортақ немесе дербес заголовоктармен беріледі. Заметка алуан түрлі формада жазылғанмен, заметканың негізгі екі ғана түрі бар деп санаймыз. Атап айтқанда, бірнеше жолдық тектес заметкалар және дербес заметка. Дербес заметка екі түрлі формада кеңейтілген түрде және сын түрінде жазылады да, ол газеттің күнделікті ісінде өте жиі кездесіп отырады.

Тектес заметкалар. Халық шаруашылығы мен мәдениет саласында болып жатқан алуан істердің жемістерін шағын жолдармен жеткізеді. Заметканың бұл түрі көбінесе өмірдің жағымды фактілерімен оқушыны көңілдендіріп қуантып отырады. Газет редакцияларына талай-талай тамаша қызықты фактілер, хабар-хаттар түсіп жатады.
Тектес заметканың өз алдына дербес заголовкасы болмайды, бірнеше жолдық боп, бір атаумен топталып береді.
Дербес заметка. Бұл заметканың өз алдына дербес заголовогы болады. Дербес заметка, тектес заметка сияқты, ортақ заголовокпен берілмейді. Өйткені оның баяндалуы да, көлемі де ол ырыққа көнбейді. Дербес заметка тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан анағұрлым кең болады
да, мәселені толығырақ қамтиды. Қол жеткен табыстардың мәні
мен маңызын барынша қысқа, бірақ айқып баяндайды. Табыстың мәні мен маңызын хабарлаумен бірге оның сырын да жол-
жөнекей, жол арасында түсіндіріп кетеді. Заметканың бұл түрі
халық шаруашылығындағы жаңалықтарды, үлгілі істерді, жеке адамдардың еңбектегі көрнекті табыстарын өзіне өзек етеді.

4. РЕПОРТАЖ
Репортаж латынның rераrtоrе деген сөзі - хабарлау, баянlау деген мағына береді. Алғашқы уақыттарда ағылшын парламентінің мәжілістері туралы берілген хабарларды репортаж деп атаған. Ондай репортаждардың авторлары - мәжіліске қатысқан баспасөз өкілдері - репортёрлер болған. Репортажға тән нәрселер: репортёр болған оқиғаның басы-қасында, оны бақылаушы болады. Ол сол оқиғаны болған қалпында суреттеп жазады, оны өз әсерлерімен, өз пікірлерімен толықтырады. Кез келген уақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның өзегінде елеулі қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар жатуға тиіс. Ол оқиғалар толық, жан-жақты, жүйелі түрде дамытылуы керек. Репортаж жаңа да елеулі оқиғалар туралы жазылып, өмір шындығына сүйенеді. Тіл, стилі нәрлі де тартымды болуы керек. Егер осы ойымызды түйіндесек: автор өз түйсігі арқылы өмір картиналарын дәлме-дәл күйінде баяндаса, оның баяндауы публицистикалық мәнермен әсерлі де әдемі келіп, болған оқиғаға автордың өзі қатысқаны шығарманың бүкіл өнбойынан сезіліп тұрса, бұл газеттің хабар жанрларының бір түрі - репортаж болады.
Репортажды жазу және ұйымдастыру жөнінде бір-екі сөз. Әрине, бұл жөнінде рецепт ұсыну дұрыс емес. Солай бола тұрса да теория мен тәжірибенің негіздеріне сүйене отырып бірқатар ойлар мен ұсыныстарды ортаға салу жөн болса керек. Ең алдымен, репортажды жазу өте шапшаңдылық пен аңғарымпаздықты талап етеді. Тіпті материалды лезде жаза да, ұйымдастыра да білу керек. Репортаж жазушының бұл жанрды жазуға өзінің табиғи қабілеті мен таланты болуға тиіс. Журналист - творчестволық кызметкер. Оқиға болған жерге барғанда көрген-білгендері онын ой елегінен, субъективтік қабылдауынан барып өтеді. Сондықтан журналист көргендері мен сезгендерін, ойда жүргендерін күні бұрын қандай да болса белгілі бір схемаға салып қоюы әсте мүмкін нәрсе емес.
Журналист репортажды жазуды жоспарлап, ойға салу үстінде біздің жан-жақты сан алуан күрделі өмірімізді тым жақсырақ, неғұрлым ұғымдырақ, толығырақ, сапалы етіп көрсетуді ешбір естен шығармауға тиіс. Журналистің жазуға ықыласы ауған әрбір мәселе мен кездескен оқиғасының тек өзіне ғана тән өзгешеліктері және ешбір қайталанбайтын ерекшеліктері болады. Міне, сондықтан да әрбір оқиға мен факті жайында жазудың, оны көрсете білудің әдістері әрқашанда да соны және жаңаша, ерекше болуы керек. Айталық бір ғалым өзінің ғылыми лабораториясында бидайдың бір жаңа сортын өсіріп шығарды. Міне, осыны жазу үшін оған репортёр келді. Мұны жазу ісіне репортёр ең әуелі лабораториядағы адамдар туралы айтып, коллективті әңгімелеуден бастауы мүмкін. Өйткені қазіргі заманда ғылымның үлкен-үлкен тамаша табыстары коллективтік еңбектің нәтижесінен шығуы кімге де болса түсінікті. Демек репортажды әуелі жалпы мәселеден бастап, сонан соң жалқыға қарай ауысып, ең басты мақсат - ғалым бидайдың жаңа сортын қалай шығарғанын толық жан-жақты жазуға болады.
Репортаждың мақсаты - болған оқиғаны тек бұлжытпастан суретке түсіру емес. Журналист оған тиісті мағына беріп, оның бояуын қылқаламмен әдемілей білуі керек.
Репортаж жазу ісі зор әзірлікті талап етеді. Автор өзінің жазғалы отырған проблемасын терең, жан-жақты көрсете білуі тиіс. Болған оқиғаны жете терең түсінуі былай тұрсын, ол жөнінде ой толғауын туғыза білмеген журналист көңілдегідей көркем, жұрт сүйсінерлік репортаж жазып шыға алады деп айта алмаймыз. Объектаны асықпай-саспай, аса мұқият зерттей білу, адамдармен сөйлесе білу, фактілерді іріктей білу де репортаждың сапасын жақсартып, ажар беретінін естен шығармау қажет.
Репортажды жазудың әдістері мен формаларын журналист
үнемі іздестірумен болады.

5. Репортаждың түрлері
Оперативті репортаж. Бұл репортаж белгілі бір уақыттың ішінде болған оқиғаны ғана қамтиды. Мысалы, бір делегацияның келуі, салтанатты жиылыстар мен мерекелердің өткізілуі, немесе спортшылардың кездесулері және тағы басқа оқиғалар. Мұндай оқиғалар белгілі бір күнде, нақтылы бір уақытта өтеді. Сондықтан сол күні, сол сағатта оған қатысып жазбасаң, әрине, оның маңызы болмай қалады. Ал маңызын жойып алған репортаждың ешбір мағынасы қалмайды. Сондықтан мұндай репортажды тек оперативті түрде ғана жазуға болады.
Оқиғалы репортаж. Кең-байтақ Отанымызда талай-талай таң қаларлық құбылыстар мен оқиғалар болып жатады. Кейбір оқиғалардың қоғамдық-саяси мәні болумен бірге, ол Отанымыздың даму кезеңдерінен елеулі орын алатын оқиғалар болады. Ал, кейде болған оқиғаның тек еліміз үшін емес, бүкіл социалистік елдер үшін, социалистік система үшін, қала берді бүкіл адам баласының тарихында елеулі орын алатыны да болады. Әрине, мұндай жайлар бүкіл елімізді, оның халқын, қала берді бүкіл жер жүзін, бір сілкіндіріп тастайтындығында сөз жоқ. Міне, осындай мәні өте зор оқиғаға арналған репортаждарды оқиғалы репортаж дейміз.

Проблемалық репортаж. Бұл репортаж халық шаруашылығының барлық саласынан жазылады. Репортаждың бұл түрі кәсіпорнының, колхоз бен совхоздың күнделікті өмірінен, ғалымның лабораториясынан жазылады. Әрине, бұл жерде ешқандай оқиға болмайды. Өйткені, кеше де, бүгін де, ертең де заводтар, колхоздар мен совхоздар, кәсіпорындары жұмыс істеген, істеп те жатыр және істейді де. Репортаждың мұндай түрінде журналист кәсіпорындары мен совхоздардың немесе колхоздардың бір күнгі еңбек көрінісін суреттеп жазады. Болмаса жеке бір озаттың еңбек қимылын қамтиды. Мұндай репортажда істің жақсы жақтары: озат кәсіпорны, үздік еңбектің үлгісін көрсетуші адам туралы баяндалады. Мұндай жайсаң жайларды көрсету арқылы, газет оны халық шаруашылығына тартуды көздейді.
Жол-жөнекей репортаж. Репортаждың бұл түрі жол-жөнекей очеркке ұқсас келеді. Ол оқиға туралы баяндаумен қатар журналист жол-жөнекей көргендерінің ішшде елеулі нәрселердің бәрін қысқа баяндап отырады. Журналист заводты, қаланы, яғни белгілі бір объектіні аралағанда назар аударатын жайларды қысқаша, қоюлап жазып отырады. Жол-жөнекей репартаж көбінесе репартердің оъектіні аралау сапарынан туады.
Сөйтіп, жол-жөнекей репортаж көбінесе кәсіпорындары мен совхоз, колхоз шаруашылығын аралау үстінде туады. Репортёр мұндай репортажды жол-жөнекей байқап, көрген-білгендерін әдемілеп суреттей отырып аралаған жерлерінің барлық жайын, адамдардың еңбегін, олардың көңіл күйін көрсетеді.
Репортаж жазу тақырып таңдаудан басталады. Репортаж жазуды тілеп тұратын көп сырлы, әсерлі тақырыптар да болады. Мысалы, бүкіл халықтық мереке, салтанатты жиналыс, көрменің ашылуы, үлкен каналдың пайдалануға берілуі, шопан аулының тойы, егін орағына жаппай кіріскен алғашқы күн тағы басқалар. Қалай болғанда да тақырыптың тыңдығы, жаңалығы ұнамдылығы журналистің үнемі іздену, ойлануы үстінде тууға тиіс. Бұл жөнінде мынадай бір мысал келтіруге болар еді. Лина Малинидің Бейбітшілік гимні деген өлеңін Зара Духанованың радиомен жүзінші рет орындағанын біледі де, репортёр ол жөнінде шағын заметка жазып, бөлім бастығына береді. Заметкада жазылған факт өзінен-өзі болатын нәрсе.

6. ИНТЕРВЬЮ
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы болып саналады.
Әңгіме, кез келген адаммен кездесіп, онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алу деген сөз емес. Жұмыстық табысты болуы мынадай жайларға байланысты: журналист әңгімеге лайық тақырыпты таңдай білді ме, әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек, әңгімені алуға журналистің өзінің әзірлігі қалай, лайықты сұрақтар қоя білді ме? Міне, осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда ғана оның әңгімесі көңілдегідей болып шығады. Интервью туралы айта келіп, бұл жанрды аныктай түссек күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью боп аталады.
Қазіргі баспасөзімізде: интервью - әңгіме, интервьюдің сұрақ-жауап түрі; интервью - суреттеме, интервьюдің анкета түрлері бар. Сонымен қатар соңғы кездері газет тілші тілдескенде, Біздің интервью деген және басқа рубрикалармен де итервьюлер жариялап жүр.
Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірш біледі. Мұндай кездесу көбінесе жайдары жағдайда, екі адамның жәй ғана әңгімелесуі жағдайында өтеді. Журналист фактілерін жинақтап, ой-пікірін саралап, белгілі бір мақсатқа бағыштап, бір арнамен, бір тақырыптың аумағында жазып шығады. Әңгіменің соңында жазып алған пәлен деген аты-жөні айтылады. Немесе әңгіме тақырыбының астына мынадай адаммен әңгіме деп жақша ішіне алына да қойылады. Немесе тілші тиісті бір адамға жолығып, керекті бір мәселені газет оқушыларына айтып берудіде өтінуі де мүмкін.


7. ЕСЕП (ОТЧЕТ)
Газет есебі - съездер, конференциялар, мәжілістер мен кеңестер туралы мерзімді баспасөзде жиі жазылатын хабар жанрларының бір түрі. Коммунистік партияның съездерінен бастап, біздің еліміздің кәсіпорындарында, колхоздары мен совхоздарында жиі-жиі өткізіліп тұратын өндірістік мәжілістерге дейін коллективтік ойласу мен ақылдасудың көріністері және де елеулі істердің барлығын да көпшілік болып шешу социалистік қоғамда дәстүрге айналған. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық-әлеуметтік істерді коллективтік тұрғыдан шешу совет мемлекетінің табиғатынан туады. Мұның өзі - жеке мүддеден қоғамдық мүддені жоғары қою, партия мен Отанның мүддесін жоғары және адал ұстау деген сөз.
Істі коллективтік түрде басқару, оны асықпай-саспай, алып-ұшпай коллективтік оймен пікірлесудің нәтижесінде шешу біздің партиялық, мемлекеттік және қоғамдық, шаруашылық істеріміздің негізгі принципі боп саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда еліміздің қалалары мен ауыл-селоларында, заводтары мен фабрикаларында, мекемелері мен совхоз, колхоздарында, оқу орындарында сан алуан мәселелерге арналған жиналыстар мен кеңестер жиі өткізіліп тұрады. Бұл жиналыстарды партия, совет, комсомол, кәсіподақ ұйымдары өткізеді. Халық шаруашылықтары коллективтерінің де жиналыстары, әр түрлі кеңестер мен мәслихаттары өткізіліп жатады. Сонымен қатар еңбекшілердің митингілері мен салтанатты демонстрациялары, бір жерде ескерткіштің ашылуы, өткізілген спорт жарыстары, әр түрлі делегациялардың кездесуіне арналған салтанатты жиналыс, міне, осы сияқты оқиғалар әр кезде де баспасөздің шағын жанры - газет есебінің өзегі болып отырады. Еліміздің көсемі халқымыздың ақылы мен ожданы болып отырған Қоммунистік партияның съездері, конференциялары мен пленумдары ел өмірінің үлкен қоғамдық саяси елеулі оқиғасы боп саналады. Бұл оқиғаны да баспасөз газет есебінің жанры арқылы ел құлағына жеткізеді.
Газет отчетын жазу - творчестволық жұмыс. Ол журналистен оқиғаға жауаптылықпен қарауды талап етеді. Өйткені жиналыстар мен өнеркәсіптік мәжілістерде көптеген мәселелер қаралады, талай ойлар тоғысады, пікір таластары туады. Мұның ішінде дұрыс та, бұрыс та пікірлер ұшырасады. Ал кейде дұрыс, пайдалы пікір қағыс қалып, теріс пікірлерді қолдаушылар табылуы мүмкін. Бұл жағдайда журналист барынша объективті, барынша адал болуға тиіс. Тек құр адалмын дегеннен гөрі жиналыста қаралған мәселеге жан-жақты, терең түсініп алу керек. Бұл тұрғыдан келгенде, оқиғаға сол жиналыста каралған мәселеге баға бергенде партиялық тұрғыдан келу, лениндік принциптілік тұрғыдан келу талап етіледі. Әрине, мұның барлығы фактіге баға беру, баяндамашы мен сөйлеушілердің сөздерін іріктеу, олардың ой-пікірлерін сараптаудан шықса керек-ті.
Есептің мерзімді баспасөзде жиі қолданылып, көп таралғанымен де, оның санаулы ғана түрлерін атауға болар еді. Қазіргі баспасөздің тәжірибесіне карағанда хабар жанрының бірі - газет есептері: заметка түрінде, қысқа есеп түрінде, тіке және кеңейтілген есеп түрінде, суреттеме түрінде беріледі. Сонымен қатар спорт тақырыптары және соттың мәжілістеріне арналған газет есептері де болады.
Есептің заметка түрі. Телеграфтық стильмен бірнеше жол ғана жазылады. Есептің бұл түрінде жиналыс қайда, қашан өткені, қандай баяндама жасалғаны, оны кім жасағаны, жиналыс қандай шешім қабылдағаны қысқа хабарланады.
Тіке есеп. Мерзімді баспасөздегі мұндай есептер коммунист партиясының, бүкіл еліміздің өмірінде болған елеулі оқиғаларға арналады.
Кеңейтілген есеп. Есептің бұл түрінде жиналыста, мәжілісте қаралған мәселелер түгел көрсетіледі. Мұнда баяндамашы да, сөйлеушілер де түгел қамтылады. Журналистің болған оқиға, қаралған мәселе туралы өзінің пікірін білдіруіне толық жағдай туады. Журналистің шеберлігі де, мәселені қаншама терең білетіндігі де, тақырыпты қандай дәрежеде меңгеретіндігі де, оның адалдығы мен принциптілігі де осы есептің кеңейтілген түрін жазу үстінде анық байқалады.
Қеңейтілген есеп екі түрлі боп жазылады. Ол такырыптық және сын формасында кездесіп отырады.
Кеңейтілген сын есеп. Жиналыстардың өткізілуі, онда мәселенің қойылу дәрежесі бірдей бола бермейді ғой. Кейде жиналыс ешбір әзірліксіз өте нашар өтеді. Немесе жиналыста баяндама нашар боп, ол ешбір мәселе кетермейді, жиналысқа қатысушыларды белгілі бір мәселеге жұмылдыра алмайды. Сондай-ақ мұндай баяндамадан кейін сөйлеушілер де осыған сай болады.
Журналист мұндай нашар өткен жиналыстарға объективті баға беріп, сынап жазуға тиісті.
Суреттеме есеп. Есептің бұл түрі суреттеу стилімен жазылады. Мұнда автор оқиғаны тартымды да қызғылықты әдеби стильде береді. Мұның өзі мерекенің өтуіне, салтанатты жиындар мен слетке, әр түрлі көрмелерге, бүкіл халықтық мерекені мейрамдау демонстрацияларын келісті теңеулерді кең қолдана отырып, жүрекке жылы тиетін әдемі тілмен жазады.
Мерзімді баспасөзіміз газет есептерін жариялаудың тәжірибелеріне өте бай. Есептің көлемін, нөмірдегі орнын анықтай отырып, редакция жазылғалы отырған тақырыптың маңыздылығын, қоғамдық мәнін ескеріп те отыруы керек. Газеттердің тәжірибелеріне қарағанда бірде тіке есеп, бірде тақырыптық есеп, ал кейбір жағдайда есептің заметка түрін жариялаумен ғана шектелуге болады. Біз газетте жарияланған газет есептерінің бірнеше мысалдарын келтірдік. Сондықтан ол жөнінде бегілі бір ереже мен нұсқау ұсыну дұрыс болмас.
Кей жағдайда журналистің газет есебінің жазылу дәрежесі оның шебер бастауына, көркем баяндауына байланысты болады.
8. Публицистика жанрларының ерекшеліктері
Газет қызметкерлерінің барлығы да, олар қай бөлімде жұмыс істесе де, газет есебін жазу ісіне түгел қатысып отырады. Мұның өзі оңай да жұмыс емес. Ол саяси қырағылықты, ойлы-пікірлілікті, әдеби шеберлікті талап етеді. Газет есебін жазудың үздік шеберлерінен үйреніп, олардың жазудағы тәжірибелері мен әдістерін әлі де жете зерттей түсуіміз керек.
Публицистика жанрларының ерекшеліктері, ең алдымен, публицист лабораториясының ерекшеліктеріне байланысты. Публицист өз жұмысын бүкіл жұрт алдында жария жүргізеді, қалың бұқарамен ақылдасып отырады. ОЛ белгілі бір мәселе жөнінде ой қорытып, пікір айту үшін көп ізденіп, талай бұралаң жолдардан өтеді, бұл жолда оның күмәндануы немесе қателесуі ықтимал, сөйтіп, ол талай сезім толқынына түседі. Демек, публицистің лабораториясы ғалым сияқты жабық бөлмеде емес, жұртпен қоян-қолтық араласу арқылы ашық жұргізіледі. Осы лабораториялық жұмысы үстінде публицист шындық құбылыстың қоғамдық-саяси мәнін байқайды.
Публицист жазу әдістері мен тәсілдерін жетілдіре түсіп, өз шығармасы арқылы оқырмандарға идеялық ықпал жасаумен қатар олардың сезіміне де әсерін тигізеді. Оқырман эстетикалық тұшым аларлықтай, оның сана-сезіміне жақсы әсер қалдырарлықтай шығарманың тууы журналистке оңайға түспейді. Өйткенә, журналист бүгінгі, дәл осы сағаттағы оқиғалар мен құбылыстарға жедел ілесуге міндетті, көпшілік жағдайда ұшқырлықпен, көрегендікпен алда болып, уақыттан озып отыруға да міндетті. Заман тынысы, бүгінгі оқырмандардың талабы одан осыны қажет етеді.
Міне, осы жерде публицистің шығарма жазу ерекшелігі мен жазушының шығарма жазу ерекшеліктерін аз ғана салыстырып көруге болады. Публицист өмір фактілері мен құбылыстарына, нақты көрсеткіштерге, мысалдарға, айтылған сөздерге сүйенеді. Мұның өзі іскерлікті, шапшаңдықты, ұшқырлықты талап етеді. Мұнда ой мен пікір анық та айқын, тұжырымды болуға тиіс. Публицист көбіне-көп белгілі фактіні хабарлауға, белгілі бір объектіде бола қалған құбылысты, оқиғаны лезде жазуға мәжбүр болады.
Мысалы, космонавтар келіп қонды. Міне, бұл оқиға туралы журналистер сол сағатта радио арқылы репортаж беріп, телевизия арқылы оны дәл минутында көрсетеді, баспасөз арқылы оқиғаның ізін суытпай-ақ бұқараға жариялайды. Немесе күнделікті өмірімізде бүкіл жер жұзінің, қоғам өмірінің назарын аударатын оқиғалар мен құбылыстар болып жатады. Журналист осы оқиғаларды ұшқырлықпен хабарлауға міндетті.
Бұқаралық үгіт пен насихат құралдары - телевизия мен радиохабар және баспасөз өздерінің күнделікті жұмыстарында публицистиканың хабар және талдамалы жанрларын минут, сағат және күнбе-күн қолданып отыратындығын айтсақ, бұл жанрдың өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала түседі. Сондықтан публицистика өмірдің күнделікті(тіпті сағат сайын) болып жатқан оқиғалары, құбылыстары арқылы үгіт және насихат жүргізіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етсе, көркем әдебиет әлеуметтік типтер мен образдарды мүсіндеп, қоғам мүшелерін көркемдік жағынан тәрбиелеу арқылы олардың ой-санасына, сезіміне, дүние танымына ықпал жасап отырады.Сондықтан жазушы көбіне-көп әлеуметтік типтер, образдар жасау арқылы бүкіл бір дәуірді қамтиды. Осыған байланысты ол жылдар бойы тебірене жүріп, ойлана жазады. Бұған жазушылар М.Шолоховтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Нұрпейісовтің, тағы басқа толып жатқан жазушылар творчествосынан көптеген мысалдар келтіруге болады.
Мысалы, М.Әуезов Абай эпопеясын жиырма жылдан астам мерзім ішінде жазды. Бұл шығармасында ұлы жазушы қазақ халқының жарты ғасырлық әлеуметтік өмірін жан-жақты қамтыды. Қоғамдық-әлеуметтік өмірдің ірі өкілі Абайдың тұлғасын жасады. Бүкіл бір халықтың мақтанышы мен абыройы болып көрінетін Абайдың әдеби-көркем образын мүсіндеп берді. Бұл шығарманы жазуға кірісерде де, оған кіріскенде де жазушы туған халқының өткен-кеткеніне, әр уақытта да көрегенділікпен көз жібере жүрді. Үнемі ойлану үстінде болды. Шындығына келгенде, публицистің ондай уақыты бола бермейді, ол заман үнін бес жолдық заметкадан бастап, жалынды да жарқын публицистикалық мақалаға дейін белгілі бір мерзімде жариялап отыруға тиіс.
Журналист еңбегінің осындай ерекшеліктеріне тоқтала келіп, біз оны айқындай түсу үшін көркем шығарма жазудың әдістерімен сәл салыстырып көрелік.Журналист публицистикалық шығарма жазу үстінде хабар жанрларынан бастап, көркем публицистикалық жанрларға дейін өмірдің нақты фактілеріне сүйенеді. Публицистикалық шығармаларда ойдан қосу, ойдан шығару деген тек көркем публицистиканың жанрларында ғана, оның өзінде де тар көлемде келеді. Сондықтан да публицистикалық шығармалар нақтылы орынға, уақытқа, жағдайға байланысты жазылады және ондағы адамдардың аты-жөні нақтылы болып отырады.
Публицистикалық шығармаларда фактілер, деректер сол қалпында пайдаланылса, көркем әдеби шығармаларда бұл жайлар шартты түрде пайдаланылады. Публицистикаға нақтылық тән болса, көркем әдебиетке шарттылық тән келеді.
Публицистикалық шығармалардың барлығы бірдей сюжетке (мазмұнға) құрыла бермейді және ондағы портреттер ойдан шығарылмайды.
Көркем әдеби шығармалар (әңгіме, хикая, роман) міндетті түрде сюжетке құрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканың көркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон авторлары өздерінің кейіпкерлерімен міндетті түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-құлықтары туралы біраз мағлұмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыққа негнізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады.
Қорыта келгенде, журналист лабораториясының, оның еңбегінің ерекшелігі бүгінгі күннің міндеттерін белгілі бір мақсатпен орындай білуінде. Және күн тәртібіне қойылып отырылған әлеуметтік істер мен оқиғалардан іле-шала, сол минутында әсер ала отырып, нақты саяси программаны іске асыруға әсерлі үгіт жүргізу, сөйтіп, маркстік-лениндік идеологияны тиімді насихаттау болып саналады.
Қалың бұқараға саяси басшылықты оперативті жүргізе білу деген сөз - ол партияның қаулы-қарарлары мен мемлекет белгілеген шаралардың мән-маңызын жан-жақты түсіндірумен ғана шектелмейді. Керісінше, журналист еңбегінің жемісі партия мен мемлекет қойып отырған нақтылы саяси міндеттерді орындауға бұқараның қалай қатысып отырғанынан байқалады. Ал мұныңғ өзі журналист еңбегінің тағы да мынадай ерекшеліктерін анықтай түседі: журналист еңбегі әлеуметтік мәні бар табысқа жету үшін ол үнемі жаңалықты, іздемпаздықты талап етеді. Совет журналисі творчествосының сипаты совет халқының алдында тұрған тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистикадағы сұхбаттың орны
Көркем деректі жанр түрлері
Талдамалы публицистикалық жанр
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Тележурналситика жанрлары мен пішіндері
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
Жанрлар
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Пәндер