КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге қарсы күрес


М а з м ұ н ы
- Тарау. КСРО-ның мемлекеттік-партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге
қарсы күрес
- Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық
құралы ретінде негіздеу . .
- Дінге қарсы жүргізілген іс-шаралар . .
- Тарау Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат:
іске асырылуы және зардаптары
КІРІСПЕ.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Ата Заң бойынша зайырлы мемлекет қалыптастыруға бет алған қазақ халқының рухани даму тарихын қайта қарау қажеттігі туып отыр. Өйткені, халықтың тарихында түбегейлі өзгерістер әкелген тарихи, рухани процестерді жете зерттемейінше, оларды бүгінгі күні тарих ғылымы қойып отырған талаптар тұрғысынан қайта саралаудан өткізбейінше, тәуелсіз қазақ мемлекетінің болашақтағы идеологиялық бағыт-бағдарын айқындау мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі посткеңестік республикалардың тағдырлас болып, ортақ тарихи кезең «кеңестік тарихынң бірге өткергені белгілі және осы кезеңді обьективті зерделеудің мән-маңызы күн өткен сайын артып келеді. Әлемдік кеңістіктегі елеулі құбылыс-діни фактордың қозғаушы рөлге ие болып отырған кезде және діннің, әсіресе әлемдік діндердің адамзат тарихында өркениет алғышарты ретінде үлкен мәдени серпілістердің қайнар көзі екені әлдеқашан мойындалып отырған шақта, кеңестік кезеңдегі қазақ халқының діни-рухани өткенін қарау өзекті мәселелердің біріне айналды. Ал кеңестік дәуірде жалпы діндерді, соның ішінде ислам дінін де мәдениетке, прогресс ұғымына жат, буржуазияның, империалистердің құралы етіп көрсету кең тарады.
Кеңестік қоғамтану ғылымында бұрындарда орныққан теріс тұжырымдар мен түсініктерге келсек, ол мәселен, дінді мәдениетке қарсы қою, көнеден келе жатқан діни дәстүрді жоққа шығару, оған қарсы құрал ретінде атеистік үгіт-насихатты кең түрде жүргізу, мәдениет пен руханияттың өзегі-әлем мойындаған діннің өзін түбегейлі жоққа шығарушылық, оның адамгершілік, ізгілікке бастар мәнін түсінбеу, оның орнына ешқандай тамыры да, бастау-көзі де жоқ «коммунистік қоғамң және «жаңа атеист адамң тәрбиелеу партияның түпкі мақсаты болды. Нәтижесінде КСРО-да бейрухани тарих пен дінсіз «социалистік ң мәдениет жасалынды. Әлемдік философия мен мәдениеттану ғылымының көрнекті өкілдері тіпті, ХХғ өзінде сыңаржақ материалистік көзқарас пен шектеулі, рационалды сана түрінен бас тартуды ұсынып, ғылым мен дінді интегралдық, яғни тұтастанған жаңа сана аясында біріктіру қажеттігін, сол сияқты осы мақсатқа жету үшін шығыс халықтарының мұрасын зерттеу қажеттігін айтып, адамзатты шынайы руханият пен өзара келісімге шақырғаны белгілі. ХХғ. атақты тарихшысы әрі философы А. Тойнбидің «Тарих-Құдайдың ісің деген сөз айтуы тарих пен теологияның өзара түсіністікке келетін уақыты жақын екенін білдіреді.
Расында, тарихты кезінде материалистік тұрғыдан жазып келгеніміз, ендігі жерде рухани тарихымызды танып-білу міндеті қойылса дұрыс болар еді. Халықтың мәдениеті мен руханиятының негізгі тіні- дінді, діни тарихымызды зерттеу төл тарихшылардың алдындағы келелі міндеттердің бірі болып табылады.
Тоталитаризм құрсауынан саяси азат болсақ та, сананы арылту мемлекет алдындағы үлкен мәселе. Төл тарихымыз бен төлтума мәдениетімізге қайта оралып, рухани жаңғыру үрдісінде осы діни тарихтың өзіндік орны бар. Осы орайда, Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынындаң атты еңбегінде: «Сөз жоқ, мәдени мұраның мәнді салаларының бірі ретінде діннің қалпына келуі, қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал етті . . .
Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан формальді тұрғыда ғана зайырлы мемлекет емес, сонымен бірге іс жүзінде Қазақстан халқының төл табиғаты мен рухы, сана-сезімі дінге деген тарихи кеңшілікте қалыптасқан. ң деген ойлары осы мәселеге терең ден қоюға жетелейді. /1/.
Осы негізде айту керек, күні кешегі кеңестік дәуірдегі қазақ халқының діни-рухани дамуының қасіретті тарихы өкінішке орай, назарымыздан тыс қалып келеді. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда дінге қарсы жүргізген саясаты мен қимыл-әрекеттері мүлдем зерттелмеген. Басылып шыққан еңбектерде Кеңестік партия басшылығының дінге қатысты репрессиялық және идеологиялық-насихаттық негіздегі атеистік саясаты осы кезге дейін ашық көрсетілген емес. Сондықтан да тарих ғылымының кеңестану саласында КСРО-ның атеистік саясатының Қазақстандағы мән-мазмұны мен салдарын ашып көрсетуді бітіру жұмысымызға арқау еттік.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Жалпы, осы тақырыпқа байланысты мемлекеттің дінге қатысты саясаты жөнінде тарихнама бұрыннан қалыптасқан. Осы кезге дейінгі мемлекет-дін қатынасы контексінде қарастырған классик зерттеушілердің еңбектеріне ерекше тоқталған жөн. Т. Гоббс, Н. Макиавелли, Ф. Вольтер, П. Марешал, Э. Канэтти т. б. дін-мемлекет байланысын ашып көрсеткен. /2/. Ал қазіргі Ресей зерттеушілері: К. С. Гаджиев, А. Кураев, М. П. Мчедлов, Л. Р. Полонский, Е. П. Салыгин, Г. И. Эзрин, И. Н. Яблоков және қазақстандық зерттеушілер: А. И. Артемьев, Г. Н. Билялова, А. Косиченко, Г. А. Лупарева, М. С. Машан, Ж. А. Мурзалин, К. Л. Сыроежкин, Е. И. Шехтерман т. б. өз еңбектерінде мемлекеттің дінге қатысты саясатының бағыт-бағдарын талдап берген. /3/. КСРО партиялық жүйесінің діни істерге араласуын қарастырып, оның саяси-құқықтық аспектілеріне тоқталып өтеді. Бұл бағыттағы зерттеулер мемлекет-дін арақатынасын және тарихын түсінуге мүмкіндік береді. Тарихнамада бұл зерттеулерді «дін-мемлекет қатынастарың шеңберіне жатқызуға болады.
Кеңестік марксистік зерттеушілер үлкен топты құрады. Марксистік тарихнаманың алғы легінде В. Д. Бонч-Бруевич /4/., М. И. Калинин /5/., П. А. Красиков, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, /6/., И. И. Скворцов-Степанов, Ем Ярославский /7/., сияқты қызыл атеист қайраткерлердің еңбектері тұтастай дінді жоққа шығаруға, атеизмді кеңінен насихаттауға арналған. Дінге материалистік-марксистік тұрғыдан қараудың методологиялық бағдарын қалыптастырғаны шындық. Марксистік тарихнаманың негізін қалыптастырған атеист-тарихшылардың еңбектеріне терең талдау арқылы кеңес мемлекетінің атеистік саясатының түпкі мақсатын аңғара аламыз. Одан кейінгі марксистік зерттеушілер қатарында: И. И. Бражник /8/, В. В. Клочков /9/, Н. А. Колесник /10/, А. А. Круглов /11/, Ю. А. Розенбаум /12/, В. Д. Тимофеев /13/. өз еңбектерін КСРО-ның дінге қатысты саясатын жақтап жазады. Шіркеу мен партия арасындағы қатынастар социалистік жолмен әділ шешімін тапты деп көрсетеді. Кеңес кезінде ождан бостандығы принциптеріне ерекше тоқталған В. Н. Савельевтің /14/, және А. И. Барменковтың еңбектерін атауға болады. /15/.
Сонымен бірге В. Г. Афанасьева, Б. А. Рыбаков, А. М. Румянцев, М. Н. Тихомиров, М. П. Новиков, Д. М. Угринович, А. Ф. Окулов, Г. Р. Балтанова, В. А. Черняк, И. А. Крывелев, С. И. Никишов, П. Н. Курочкин, Б. Н. Коновалов, Г. В. Воронцов, Н. П. Андрианов еңбектері атеизмнің қалыптасуы мен дамуын сипаттайды және атеистік насихатты күшейтуге шақырады. /16/.
Осы бағыттағы қазақстандық зерттеушілер: Х. З. Ақназаров, К. Нұрмағамбетов, А. Тоқбергенов т. б. еңбектерінде, әсіресе ислам дініне қарсы насихаттың өзекті мәселелерін көтереді. Дін тарихы-зұлымдық, озбырлық тарихы деп оқытып, халықты сендіруге бағытталды. /17/.
Посткеңестік ТМД, Ресей ғалымдары Кеңестер Одағының дінге қатысты саясатын, оның бүгінгі діни ахуалға тигізген салдарын өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың қатарында А. В. Антонов, В. Борщев, В. И. Гараджи, Н. С. Гордиенко, М. Михайлов, В. Сапрыкин, Ю. В. Тихонравов, С. Ф. Филатов, Д. Е. Фурман, А. З. Арабаджян, М. Н. Одинцов т. б. /18/. Және отандық зерттеушілер А. И. Артемьев, Н. К. Фокинді айтуға болады. /19/.
Сондай-ақ КСРО-ның дінге қарсы саясатын айыптап жазған «буржуазиялықң авторлар еңбегі бүгін де біршама құнды және обьективті зерттеулер ретінде ғылыми айналымға кеңінен тартылуы керек. Атап айтсақ, А. А. Рорлих, М. Броксап, А. Бенигсен, Баймырза Хайт, Н. Струве т. б. Бұл шетелдік еңбектерді өз тілімізге аударып, Отандық тарихымызға қолданылса құба-құп болар еді. /20/.
Тек соңғы кездері ғана КСРО-ның дінге қатысты қуғындау және идеологиялық саясатын зерттеу енді ғана қолға алына бастаған десек болады. Әсіресе, пролетариаттық мемлекеттің ислам дініне қарсы саясатына біршама тоқталған Е. А. Кривец /21/, А. К. Султангалиева /22/ және исламтанушы Н. Нұртазинаның еңбектері өте құнды. /23/ . Кеңес мемлекетінің дінге қарсы саясатының мазмұны мен зардаптарына тоқталады.
Большевиктердің діни саясатына назар аударып, тың мәселе көтерген А. Тасмагамбетовтың /24/. және партияның дінге қатысты заңдарына талдау жасаған М. Төлендиеваның мақалалары тікелей осы тақырыпқа арналған. /25/.
Осы мәселе төңірегінде үлкен тарихнамалық мектептердің болуы тақырыптың күрделі екенін көрсетеді. Бұл мәселе жаңа концептуалдық тұрғыдан, тарихи контексте зерделеуді қажет етеді. Бітіру жұмысымызда осы өзекті мәселені арнайы қарастыруды жөн көрдік.
Деректік негізі.
Бітіру жұмысының мазмұнына арқау етіп қолданылған дереккөздерін төмендегідей топтарға бөліп қарастырдық: 1. марксистік еңбектер; 2. КПСС қаулы-қарарлары; 3. мұрағат қорлары; 4. жаңа шыққан құжаттық жинақтар.
Тақырыптың мазмұнын ашу барысында марксистік авторлардың еңбектері К. Маркс пен Ф. Энгельс, В. И. Ленин, В. Д. Бонч-Бруевич, Ем. Ярославский т. б. тезистері кеңінен қолданылды. / 26/.
Кеңес мемлекетінің дінге қарсы саясатының деректері-идеологиялық бағдарлау және әкімшілік-күштеу жұмыстарының ресми құжаттары:
«Декреты Советской власти М, 1957. »/27/, «КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК»/28/, « Материалы Пленума ЦК»/29/.
т. б. құжаттар кеңінен пайдаланылды. Сонымен бірге осы тақырыпта іздену үстінде екі бірдей мұрағат: ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының 81, 789, 1711қорлары және ҚР Президенті Архивінің 141, 708 қорларынан тікелей мәліметтер алынып, пайдаланылды. /30/.
Деректердің келесі тобы-құжаттық жинақтар мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылды: «Коммунистическая партия и Советское правительство о религии и церкви ( Сб док-в) М. 1959ң, /31/. « О религии и церкви. (Сб док-в) М, 1981ң, /32/., «Русская православная церковь в Советское время( 1917-1991) :Материалы и документы по истории отношений между гоударством и Церковью ң/33/, «Преодолевая религиозное влияние ислама (Сб док-в и мат-в) ң/34/, және мерзімдік басылымдар «Агитаторң, «Большевик ң, «Наука и религияң т. б. кеңінен пайдалана отырып, жұмыстың деректік базасын арттыруға және мазмұнын байытуға тырыстық.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Кеңес мемлекетінің дінге қарсы атеистік саясатының мәнін ашып көрсету, халықты атеистендіруде күштеу және идеологиялық жағынан қысым жасалғанын, жалпы КСРО-ның мемлекеттік-партиялық жүйесіндегі «мемлекеттік атеизмдің жаңаша тұрғыда зерделеу бітіру жұмысымыздағы басты мақсатымыз болып табылады. Бұл үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:
- Пролетариаттық мемлекеттің идеологиялық негізгі ұстындары ретінде материалистік-марксистік дүниетанымды, яғни атеистік сананы орнықтыру себептеріне назар аудару,
- Атеизмге неліктен идеологиялық мазмұн берілуіне тоқталу;
- Дінге қарсы қабылданған іс-шараларды, оның репрессиялық сипатын ашып көрсету;
- Кеңес елінде атеистік насихаттың жаппай жүргізілуіне тоқталып өту;
- Кеңестік Қазақстандағы атеистік саясаттың жүзеге асырылуына талдау жасау;
- Атеистік насихаттың түрлері, әдіс-тәсілдері мен ауқымының қаншалықты болғанын саралау;
- Кеңес халқын атеистендірудің рухани, идеологиялық жағынан теріс салдарын көрсету және бүгінгі рухани ахуалмен байланыстыру.
Жұмыстың хронологиялық шегі.
Негізінен зерттеу нысанындағы тақырыптың ауқымы зор, КСРО-ның бүкіл кезеңін тұтас қамтиды десек болады. Дегенмен, жұмысымызда кеңестік партия басшылығының атеистік саясатының жүзеге асырылған кезеңі мерзімдік шегін, яғни 50-85жж. аралығын қарастырдық. Бұл кезең атеистік саясаттың идеологиялық-насихаттық сипатымен көрініс тапқан. Және бүгінгі күнмен байланыста қаралған.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл тақырып мүлдем зерттелмегендіктен, онда жаңа мәселелер көтерілді. Қарастырылған жұмыстың ғылыми жаңалығы төмендегідей анықталды:
- алғаш рет Кеңес өкіметінің дінге қарсы атеистік саясаты коммунизм құрылысымен тығыз байланыста іске асқаны көрсетілді;
- атеизмге идеологиялық үстемдік беріліп, кеңестік қоғам тұтастай атеистендірілгені дәлелденді;
- Кеңестік оқшау жүйеде дінге қарсы күрес алғашында ашық репрессиялық түрде болса, кейін идеологиялық-насихаттық, ғылыми сипат алғаны ескертілді;
- декретте айтылғандай ождан бостандығы емес, шын мәнінде «мемлекеттік атеизмң орын алғаны белгілі болды;
- халық арасында ғылыми-атеистік насихаттың түпкі астарында дінді мүлдем жою саясаты тұрғаны көрсетілді;
- партия басшылығының дінге, әсіресе мұсылман дініне қатал саясат ұстанғаны дәлелденді;
- тоталитарлық режимнің зардаптарының бірі - номенклатуралық рухани сана екені назарға алынды;
- атеистендірудің рухани-идеологиялық салдарының бүгінгі діни ахуалмен байланысы анықталды.
Құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау екі параграфтан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер реті мен қосымшалар берілген.
1-тарау. КСРО-ның мемлекеттік- партиялық жүйесіндегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге қарсы күрес.
- Атеизмді социалистік құрылыстың идеологиялық құралы ретінде негіздеу.
XІX ғасырдың орта шенінде К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектерінде діннің мәні, пайда болуы, дамуы мен құруы сияқты ғылыми сын тұрғысынан талдаған пікірлерінің негізінде ғылымның бір саласы марксизм шыққан болатын. Кеңестік теоретиктер осы сын пікірлерді тұтастай өздеріне идеологиялық негіз жасап алды. Одан олар атеистік ойдың жоғары сатысы ретінде ғылыми, маркстік - пролетарлық атеизм теориясын шығарды. Сонда ғылыми, маркстік атеизм дегеніміз дінді дәлелді түрде, ғылыми негізде жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі. Алдымен біріне-бірі қарама-қайшы екі түсінік: атеизм және діннің ғылыми анықтамасына, мәніне тоқталсақ. Атеизм грекше - а - теріске шығару, шылау және теос - құдай, сөзбе сөз аударғанда - құдайсыздық. Діни түсініктерді (құдайға сенуді, жанның өлмейтіндігін, о дүниені, өлгендердің қайта тірілмейтіндігін т. с. с. ) және жалпы дінді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі. /35/.
Атеизм дегеніміз құдайды теріске шығару арқылы адам болмысына сену - деді К. Маркс. /36/.
Ал дін - relіgіo - латын тіліне аударғанда - ар-намыстылық, ар-ұятқа негізделген қатынас, құдайдан қорқу, тақуалық, қасиет-киелілік т. б. мағыналарды береді. Сонда атеизм түсінігі әлгіндей рухани құндылық, асыл қасиеттерді жоққа шығарушылық болып тұрғанын көреміз. Большевиктер осы атеизмге идеологиялық үсемдік беріп қойды. В. И. Ленин бастаған большевиктер пролетариаттық капитализмге қарсы социализм үшін күресіне негіз етіп таптық теория мен материалистік ұстанымға сай атеизмді маркстік ілімдермен қаруландырып ғылыми атеизмді идеологиялық құралға айналдыруда бар күш-жігерін салып бақты. «Марксизмң, -дейді В. И. Ленин, - буржуазиялық заманның аса бағалы табыстарын тіпті де керексіз етіп тастамай, қайта керісінше адамзат ойының, мәдениеттің 2000 жылдан аса уақыттың шілде дамуындағы бағалы нәрсенің бәрін игеріп, қайта өңдеп революцияшыл пролетариаттың идеологиясы ретінде өзінің бүкіл дүние жүзілік тарихи маңызына ие болды ң-деп жазды. /37/.
К. Маркстың «Еуропалық мәселегең, «Неміс идеологиясың, «Фейербах туралың, «Капиталң, «Гота программасына сынң, т. б. және Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасың, «Антидюрингңт. б. еңбектерінен тезистерінен ғылыми атеизм саласын одан әрі В. И. Ленин дамытып қана қоймай, іс жүзіне асырды. Дінге таптық сипат бере отырып, оған қарсы тұруға шақырды. «Халық достарың, «Қытай соғысың, «Деревня кедейлерінең, «Социализм және дінң деген мақалаларында дін үстем тап құралына айналғанын мейлінше сынай келе былай деп жазды: «Дін дегеніміз - өмір бойы басқа біреуге жұмыс істеумен, мұқтаждық пен жаншылған халық бұқарасын барлық жерде бірдей басқан рухани езгінің бір түрі. ң. /38/. «Қаналушы таптардың қанаушы таптармен күрестегі әлсіздігі ол дүниедегі жақсы тұрмысқа налуды сөзсіз туғызадың деген сөздері өз идеологиясына сай еңбекшілердің түсінігін қалыптастыруды міндет етті.
Ал одан басқа да «Материализм және эмпириокритицизмң еңбегінде идеализм оның тірегі дін деп оған қарсы тұрса, «Жұмысшы партиясының көзқарасың (1909ж. ) мақаласында дін мен шіркеу, мешітке қарсы марксизм тактикасын белгілейді: «Дін дегеніміз - халықтың басын айналдыратын апиын, - Маркстың осы нақыл сөзі марксизмнің дін мәселесі жөніндегі бүкіл дүние тануының ірге тасы болып табылады. Осы заманғы шіркеулер мен діндердің, әр алуан діни ұйымдардың бәрін марксизм әрқашан буржуазиялық реакцияның жұмысшы табын қанау мен оның басын айналдыру үшін қызмет ететін органдар, деп танидың- деп дін атаулыға теориялық қарсы тұруға, кейін идеологиялық шабуылға ұласты. /39/.
Халық санасын атеизмге иландырудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін «Жауынгер материализмнің маңызы туралың, мақаласында көрсетіп береді. «Под знаменем Марксизмаң журналын атеизм мен материализм органы етіп, атеистік тәрбие мен діни сенімдерді жою жолдарына тоқталған екен. Ленин: «Бұқараға атеистік насихат жөнінен мейлінше әр алуан материал беру қажет, оларды тұрмыстың мейлінше әр қилы салаларындағы факторлар мен толыстыру қажет, оларды қызықтыру үшін, діни ұйқыдан ояту үшін оларды түрліше әдістермен серпілту т. с. с. үшін оларға олай да, бұлай да жақындаса білу қажетң деп партияға құйтырқы өсиет қалдырды. Осыдан кейін партия басшылығының дін жөніндегі саясаты мен атеистік насихаты осы көрсетілген бағыт-бағдардан жаңылған емес, қайта асыра орындап шыққанын көптеген құжаттар дәлелдеп берді. Ленин сөзінде кеңес адамының дінге қатысы қалай болу керектігін былайша анық түрде жария етеді. «Дін әркімнің жеке басының ісі деп жариялануға тиіс - дағды да социалистердің дінге көзқарастары осылай айтылады. Бірақ, бұл сөздер ешқандай түсініспеушілік туғызбау үшін олардың мағынасын дәлме дәл анықтау керек. Біз мемлекет жөнінде ғана дін әркімнің жеке басының ісі болуын талап етеміз, ал діннің біздің партиямызға қатысы жөнінде біз оның әркімнің жеке басының ісі деп ешбір санай алмаймыз. Мемлекеттің дінмен жұмысы болмауға діни қоғамдар мемлекеттік өкіметпен байланысы болмау керек. Әркім қалаған дінін ұстауға немесе ешқандай дінді ұстамауға, яғни, әрбір социалистерше, атеист болуға ықтиярлы болуға, пролетариат партиясы үшін дін әркімнің жеке басының ісі емес. Біздің партия - жұмысшы табын азат ету жолында күресетін саналы, алдыңғы қатарлы күресушілердің одағы. Мұндай одақ санасыздыққа, қараңғылыққа немесе діни нанымдар сияқты қаратүнек надандыққа немқұрайлы қарай алмайды және олай қарауға тиіс те емес. Діншілдік тұманға қарсы таза идеялық және тек идеялық қару арқылы күресу үшін біз шіркеудің мемлекеттен толық бөлінуін талап етеміз. Ал идеялық күрес біз үшін әркімнің жеке басының ісі емес жалпы партиялық, жалпы пролетариаттық ісң /40/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz