Төтенше жағдайдың алдын алу


Кіріспе
Негізгі бөлім
Авариялық жағдайда іс әрекетке әзір болу
Өзін өзі құрқару әдістері
Тіршілік дағдыларын және құтқару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру
Қорытынды
Адам және материалдық шығындарға әкелген немесе әкелетін авария, апат, табиғи немесе экологиялық зілзалаларға, эпидемияға, эпизоотияға және эпифитотияға байланысты обьектіде немесе белгілі бір аумақта адамдардың қалыпты өмір жағдайларында қызметтерінің бұзылуын алдын алу, болдырмау. ТЖ орын алған жағдайда өзін.өзі құтқару әдістері.
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:

• Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
• Үш күнге жететін тамақ пен су;
• Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
• Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
• Жылы киім мен аяқ киім.

Алғашқы жер сілкінісі кезінде :
• Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
• Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
• Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
• Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
• Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
• Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
• Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсыңыз:
• Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
• Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
• Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше
1. adilet.zan.kz/kaz/dosc/P940001081_
2. «Дала мен қала» газеті

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 38 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ҚҰТҚАРУ ӘЛІППЕСІ ЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЫ
ЖЕР СІЛКІНУ.
Жер сілкінуіне дейін:

Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған сценариіңіз апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:

Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
Үш күнге жететін тамақ пен су;
Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
Жылы киім мен аяқ киім.

Алғашқы жер сілкінісі кезінде :
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсыңыз:
Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз
Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
Сынған терезелердің құлауы;
Үзілген электр желілері;
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
Өрт;
Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісен кейін:
Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
Радиоқабылдағышты қосыңыз;
Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
Ашық отты пайдаланбаңыз;
Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.
Назар аударыңыздар!
Радио үнемі қосулы тұрсын!
Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
Өрт
Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
Автокөліктен шыққан жалынға;
Күн күркірегендегі найзағайларға;
Майланған материалдың үйкелісіне;
Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
Ескерту шаралары:
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.
Қар көшкіні, опырылып құлау
Қар көшкіні - тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.
Қазақстанда қар көшкіні - Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы - сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.
Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;
Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
Қатты жел тұрып, қар карниздері құрылғанда;
тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;
Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;
Сейсмикалық ауытқушылық.
Қар көшкінінің екпіні ұрса!
Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;
Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;
Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек;
Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;
Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;
Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек;
Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;
Қар карниздеріне шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;
Егер қар үйіліп жатса:
Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.
Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;
Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;
Тау баурайын ізбе-із кесіп өту
Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек

Қар көшкіні болған жағдайда:
Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді
Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек
Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.
Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.
Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.
Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.

Опырылу - ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.
Опырылу (опырылып құлау) - тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.
Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:
Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.
Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.
Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.

Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:
Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау
Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз
Опырылған тік жардың қасына жоламау
Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту
Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.

Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:
Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау керек.
Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу
Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта, өсімдіктер отырғызу

Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады
Әр адамның негізгі парызы
Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз
Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.

Су тасқын, сел
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.
Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:
алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;
жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:
үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
пештегі жанып жатқан отты өшіру;
үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Қар көшкіні - таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 мс. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).
Көшкіннің болу белгілері
Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;
Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;
Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;
Жер сілкінісі.
Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері
Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;
Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;
Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.
Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.
таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;
Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;
Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;
Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;
Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:
Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;
Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;
Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;
Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;
Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз;

Дауыл, құйын
Дауыл - ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады.
Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.
Жазық немесе құрлық далада - жерге жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып, тыныс алу жолдарын шаң мен құмнан сақтану үшін, орап алу қажет. Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.
Тауда - болған жағдайда, шың басынан, асудан аулақ кеткен абзал.
Қауіпсіз орындарда тығылу - ну орманда, үлкен қорғандардың артына жасырыну қажет. Сонымен қатар, тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.
Құйын - өте қауіпті. Құйын жылдмдығы 100 мс дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30-40 кмсағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.
Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап, қарсы бағытта жүру қажет. Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет. Егер құйын, боран, дауылболады дегенді болжамшылардан естісеңіз, үйдің ауласындағы барлық заттарды жерге қағып, қатайтып қою қажет. Әсіресе, бұл салмағы аз үй соғуға қажетті заттарға: татқтайша, фанерлерді, шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет. Бұл заттарды бір-біріне байлап, жерге нықтап қою қажет. Оларды сарайларға тығып, ұшып кетпейтіндей орында орналастру қажет. Жел тұратын бетке қарап тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.
Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз, керосин шамын алыңыз. Сонымен қатар, құрғақ таменқ ішпес үшін, артық балонмен газ плитасын алыңыз.
Сондай-ақ, үйіңізге артығымен тамақ, су, ал қас кезінде көбірек отын жинап қойыңыз.
Дауыл, құйын құйын жақындап келе жатқаннан, үйіңіздің жағдайы нашар, дауылға төзбейд деген жағдайда, погребті паналаңыз (төсенгеш, жылы киім, су, тамақ, шырақ, міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз).

АБАЙЛАҢЫЗ: СУ
Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.
Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:
белгі қойылған жерден аспаңдар!
рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
суда бұзықтық жасамаңдар;
өтірік дабыл көтермеңдер;
өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
таныс емес жерде шомылмаңдар.

Егер сіз қайықта болсаңыз:
техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалоған қайықтарды пайдаланбаңыз;
құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;
техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен азаматтарды алмаңыз!
мас күйде суда жүзбеңіз!
қайықтың мұрындығы мен шетіне отырмаңыз!
жүзу барысында бір орыннан екіншісіне, бір қайықтан басқа қайыққа ауыспаңыз;
қайықтан сүңгіуге секірмеңіз;
қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!

14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тиым салынады.
Ыстық күн мен құмда қыздырынып болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.
Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.
Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.
Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек.
Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет.

Білулеріңіз тиіс:
Сіңір тартылғанда не істеу керек:
саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз.
аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз;

Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда аталғандарды қайталау керек.
Егер сіз су иіріміне тап болсаңыз:
Суға басыңызды батырып, ауаны көп жұтып, ағысқа қарай қатты көтеріліп, су бетіне жүзіп шығыңыз.

Балаларды жүзуге үйретіңіз!

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.
Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б.
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. Мұзды аймақта жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырн, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.
Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз- мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.
Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.
Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда жасанды түрде ауыздан-ауызға жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.

Зардап шегушіні жағаға жеткізу түрлері:
Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері.
Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.
Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек.
Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады.
Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен бу шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
мұз үстінде топ болып тұрамау керек;
мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер

Мұз үстінен жүру ережесі:
Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғилап жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап 5-6 метр болуы тиіс.
Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс.
Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең).
Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы:
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
Тырысқақтың алдын алу
Аурудың алдын алу
Маскүнемдіктін алдын алу шаралары
Нашақорлықтың алдын - алу
Аурудың алдын алу туралы
Тұмаудың алдын алу
Спидтің алдын алу жолдары
Өрттердің алдың алу
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь