Паскаль тілі туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.Паскаль. программалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2.TURBO PASCAL ортасын жүктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
3.Бағдаралама құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4.Берілгендер типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
5.Стандартты типтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
6.Стандартты функциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
7.Енгізу операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
8.Шығару операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..19
9.Шартты көшіру операторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
10.Таңдау командасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Қазіргі уақытта дербес компьютерлерді пайдаланып бағдарламалау негіздерін үйрену үшін жеңіл әрі мүмкіндіктері мол тіл ретінде TURBO PASCAL 6.0 және 7.0 диалектілері кеңінен қолданылуда.
Ұсынылып отырған оқу құралында алгоритм ұғымы, алгоритм негіздері және оның қасиеттері, алгоритмнің берілу түрлері және блок-сызба түрінде жазылуы қарастырылған.
TURBO PASCAL ортасын жүктеу, бағдарламаны орындауға жіберу, арнайы пернелердің атқаратын қызметтері туралы жазылған. Бағдарламаның құрылымы, типтері, стандартты функциялары жөнінде мәліметтер берілген.
PASCAL тілінің операторлары: енгізу, шығару, шартты көшіру, таңдау операторларынбағдарлама құруда пайдалану және олармен байланысты зертханалық жұмыстар қарастырылған. Қайталау алгоритмдерін бағдарламалаумен қатар, қайталау операторларына байланысты көптеген мысалдар мен бағдарламалар келтірілген.
Алтыншы тарауда берілгендердің күрделі типтеріне жататын массив ұғымы, бір өлшемді массив, екі өлшемді массив, көп өлшемді массивтерге байланысты есептер қарастырылып, ал массивтерді сипаттау, массив элементтерін енгізу, ең кіші, ең үлкен элементтерін табудың жолдары көрсетілген.
Көмекші бағдарламалар, берілгендердің аралас түрлері, жиындық тип, файлдық типтер толығымен қамтылған. Сондай-ақ, әр тақырыпқа арналған зертханалық жұмыстардың нұсқалары, бақылау сұрақтары берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер
Turbo Pascal
Қ. Бекмолдаева, С. Солтананева
Паскаль для школьников
Д. М. Ушаков, Т. А. Юркова
Информатика
Ермеков Н. Т.
Информатика және есептеуіш техника негіздері
Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, г. Мадиярова

Кіріспе
Қазіргі уақытта дербес компьютерлерді пайдаланып бағдарламалау
негіздерін үйрену үшін жеңіл әрі мүмкіндіктері мол тіл ретінде TURBO PASCAL
6.0 және 7.0 диалектілері кеңінен қолданылуда.

Ұсынылып отырған оқу құралында алгоритм ұғымы, алгоритм негіздері
және оның қасиеттері, алгоритмнің берілу түрлері және блок-сызба түрінде
жазылуы қарастырылған.

TURBO PASCAL ортасын жүктеу, бағдарламаны орындауға жіберу, арнайы
пернелердің атқаратын қызметтері туралы жазылған. Бағдарламаның құрылымы,
типтері, стандартты функциялары жөнінде мәліметтер берілген.

PASCAL тілінің операторлары: енгізу, шығару, шартты көшіру, таңдау
операторларынбағдарлама құруда пайдалану және олармен байланысты
зертханалық жұмыстар қарастырылған. Қайталау алгоритмдерін бағдарламалаумен
қатар, қайталау операторларына байланысты көптеген мысалдар мен
бағдарламалар келтірілген.

Алтыншы тарауда берілгендердің күрделі типтеріне жататын массив ұғымы,
бір өлшемді массив, екі өлшемді массив, көп өлшемді массивтерге байланысты
есептер қарастырылып, ал массивтерді сипаттау, массив элементтерін енгізу,
ең кіші, ең үлкен элементтерін табудың жолдары көрсетілген.

Көмекші бағдарламалар, берілгендердің аралас түрлері, жиындық тип,
файлдық типтер толығымен қамтылған. Сондай-ақ, әр тақырыпқа арналған
зертханалық жұмыстардың нұсқалары, бақылау сұрақтары берілген.

1.Паскаль- программалау тілі

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-
үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болдатын. Бұл тілдің
стандарты акейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралаған АЛГОЛ,
ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірлеген, жұмыс ічтеуге ыңғайлы
тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиісмдлілігінің
арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес
компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған
программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету
оңай.

Бұл тілде жазылған программа компьютиерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тіліне аударылады), обьектік программаға
түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі
алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – обьектілік кодтағы жазылған программа.
Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал
программаны түзету қажет болғнда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы
нұсқасы өңделеді.

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күр делі есептерді шығара
алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналоды. Сондықтан ждалпы білім
беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып
алынған. Енді осы тілдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік.

2.TURBO PASCAL ортасын жүктеу

TURBO PASCAL ортасына кіру үшін Turbo.exe файлын жүктеу қажет. Жүйені
сәтті жібергеннен кейін экранның жоғарғы қатарында TURBO PASCAL ортасында
жұмыс істеудің мүмкін режимдерінің мәзірі пайда болады.

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

Жұмыс барысында функционалдық пернелерді пайдалана отырып,
бағдарламаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аласыз. Сіз
оларды қаншалықты тез есте сақтасаңыз, компьютермен жұмыс істеу соншалықты
жеңілдей түседі.

F1- анықтаманы шақыру;

F2- терілген (редакторланған) бағдарламаны файлға сақтау;

F3- дискіде сақталған бағдарлама мәтінін редактор терезесіне шығару
(файлды ашу);

F4- өңдеу режимінде қолданады (өңдеу режимін қара);

F5- өңдеу терезесін толық экранға үлкейтеді;

F6- редакторлау терезесін өңдеу терезесіне алмастырады;

F7- өңдеу режимінде қолданады (өңдеу режимін қара);

Alt-F9- бағдарламаны компиляциялау;

Ctrl-Ғ9- бағдарламаны компиляциялау жәнеорындауға жіберу;

Alt-Ғ5- нәтижені көру;

Alt-Х- TURBO PASCAL ортасынан шығу.

Жұмыс режимі

Мәтіндік редактор (Editor)

Мәтіндік редактор пайдаланушыға бағдарлама мәтінін теруге және
тузетуге мүмкіндік береді. Мұның көмегіменмәтін бойынша жылжу үшін
төмендегі пернелерді қолдануға болады:

PgUp - Бір бетке жоғары жылжу;

PgDn – бір бетке төмен жылжу;

Home- ағымдағы жолдың басына жылжу;

End- ағымдағы жолдың соңына жылжу;

Ctrl – PgUp –мәтін басына жылжу;

Ctrl – PgDn – мәтін соңына жылжу;

Кез келген мәтіндік редактордағы секілді меңзер мәтіні енгізу орнын
көрсетеді.

Мәтіндік редактор бір мезетте Alt және BackSpace пернелерін басу
арқылы шақыруға болатын Undo командасының көмегімен орындалған іс-әрекетті
болдырмауға мүмкіндік береді. Егер Сіз орындалған іс-әрекетті болдырмауға
асығыстық жасап қойсаңыз, онда оны Redo командасының көмегімен кері қалпына
келтіре аласыз (бұл команданы Shift - Alt - BackSpace пернелерін бір
мезетте басу арқылы шщақыруға болады).

Көпшілік жағдайда іс-әрекетті абзацты жою үшін қолдануға тура келеді.
Алдымен оны Shift және меңзерді басқару пернелерінің (алфавитті-цифрлық
пернелігінің оң жағындағы бағытшалар) көмегімен айырықшаландырып аламыз.
Содан кейін Shift пернесін басып тұрып, оны жібермей Delete пернесін
басамыз. Нәтижесінде абзац алмасу буферіне ауысады.

Жұмыс барысында Сізге бағдарламаның айрықшалаған блогын алмастыру
буферіне ойып алуға (Cut) (бір мезетте Shift және Delete пернелерін басу)
немесе оны алмастыру буферіне көшіруге (Copy) (Ctrl және Ins пернелері),
сонан кейін жаңа орынға қоюға (Paste) (Shift және Ins пернелері) тура
келеді.

Бағдарлама мәтінін теру барысында қате жібермейтін адам кем де шығар.
Егер Сіз басқа әріпті не цифрды жазып қөойсаңыз, егер белгі меңзер
позициясында тұрса, онда оны Delete пернесінің көмегімен өшіресіз. Ал,
егер, дұрыс емес белгі курсордың сол жағында тұрса, онда оны өшіру үшін
BackSpace пернесін қолданамыз.

Толық жолды өшіру үшін Ctrl және У пернелерін басу қажет.

Файлмен жұмыс істеу режимі (File)

File мәзірінде Сізге басқа бағдарламалар бойынша таныс командалар
орналасады.

New- жаңа файл құру

Open-бұрын құрылғанфайлды ашу

Save-активті терезедегі бағдарламаны дискіге сақтау

Save as-файлдың атын және жолын көрсете отырып сақтау

Өңдеу режимі (DEBUG)

Debug- мәзірінің пунктіндегі командаларына кейбір түсіндірулер қажет.

Watch- бақылау терезесін ашу. Стандартты терезе экранның төменгі
бөлігінде орналасады. Егер бағдарлама мәтіні үлкен болса, онда бұл терезе
бағдарламаның мәтінінің бір бөлігін жауып тұрады. Терезенің өлшемдерін
өзгерту және онрың орнын ауыстыру үшін Ctrl - Ғ5 пернесін басыңыз, сонан
кейін ←↑→↓ бағыттарының көмегімен терезенің өлшемі мен орнын белгілеп,
Enter пернесін басыңыз. Мәнін бақылап отырған айнымалының атын енгізу үшін
Insert пернесін басыңыз, экран бетінде тақырыбы Watch Expression деп
жазылған сұр тік төртбұрыш пайда болады. Айнымалының атын енгізіп, енгізу
пернесін басыңыз. Терезеде айнымалы аты пайда болады, айнымалының мәні
(мәндері) шығу үшін бағдарламаны Ctrl-Ғ9 режимінде орындау керек.

Бағдарламаның кейбір бөліктерін қадам бойынша орындаусыз өтіп кетуге
болады. Меңзерді бағдарламаның қадам бойынша орындалуы басталатын жолына
қойып, Ғ4 пернесін басыңыз. Бағдарлама компиляцияланып, оның меңзерге дейін
орналасқан бөлігі орындалады. Содан кейін Сіз Ғ7 пернесі арқылы
бағдарламаны қадам бойынша орындауға мүмкіндік аласыз.

Бақылау терезесіндегі айнымалыны өшіру үшін оған алдын ала жасыл
сызықты қондырып алып, Delete пернесін басу керек.

Еvaluate командасы Сізге өңдеу процесінде кез келген өрнектің мәнін
табуға көмектеседі.

Өңдеу процесінде кез келген айнымалыға жаңа мән беруге болады. Ол
үшін Сіз мынадай амалдарды орындауыңыз керек.

1) Өңдеу режиміне кіру

2) Режимде ашу және evaluatemodify қызметші сөзін табу, Enter пернесін
басу.

Айталық, Сіз массивінің үшінші элементінің мәнін өзгерткіңіз
келді делік. Енггізу пернесін басқаннан кейін экран бетінде сұр тік
төртбұрыш пайда болады.

1-кесте 2-кесте

Арнайы Мағынасы Түйінді сөздер Аудармасы
таңбалар
' Дәйекше AND Және
(апостроф) ARRAY Массив
Тең BEGIN Басы
= Кіші CASE Таңдау
= Кіші немесе тең CONST Тұрақты
:= Үлкен немесе тең DO Орында
- Меншіктеу END Соңы
* Азайту FILE Файл
Көбейту FOR Үшін
(,) Бөлу FUNCTION Функция
[,] Дөңгелек IF Егер
: Жақшалар OR Немесе
. Тік жақшалар ELSE Әйтпесе
, Қос нүкте PROCEDNRE Процедура
; Нүкте PROGRAM Бағдарлама
+ Үтір RECORD Жазу
Үтірлі нүкте REPEAT Қайталау
Қосу THEN Онда
TYPE Тип
VAR Айнымалы

PASCAL тіліндегі бағдарлама сипаттау және операторлар бөлімінен
тұрады. Бағдарлама барысында мәні өзгермейтін деректер- тұрақтылар.
Тұрақтылар бағдарламаның сиппаттау бөлімінде сипатталады және Const түйінді
сөзінен бастиалады.

Мысалы:

Const k=100; n=50;

Pi=3,141592;

Lmp=’p’;

Бағдарламалауда айнымалы деп дерек үшін жадтан бөлінген орынды айтады.
Айнымалылардың мәні бағдарлама барысында өзгеруі мүмкін. Айнымалыларға,
тұрақтыларға, бағдарламаға, процедураға, функцияға, тағы басқаларға атау
(идентификатор) беріледі. Идентификатор құрамында латын әріптері, -
таңбасы және цифрлар кездесуі мүмкін. Мысалы:

Program sum_mus1;

Идентификатор ретінде 2-кестедегі кілт сөздерді қолдануға болмайды.
Айнымалылар жай және индексті болып бөлінеді. Жай айнымалылар өз атымен
жазылады, ал индексі бар айнымалыларда оның аты мен индексі көрсетіледі.

Мысалы: Top,X,Z5,Vol, F[1], B[2,1], A[I], B[I,J].

3.Бағдаралама құрылымы

Бағдарлама мәтіні (мәтіні) : Program бағдарлама аты; деп аталатын
міндетті емес элементтен, ал сипаттау бөлімдерінің басы келесі кілт
сөздерінен басталуы мүмкін:

Label (белгілері)

Const (тұрақтылар)

Type (типтер)

Var (айнымалылар)

Function,Procedure (функция, процедура).

Сипаттау бөлімінен соң, операторлық Begin, End жақшаларына алынған
бағдарламаның орындалу бөлігі орналасады. Айнымалылар келесі сызбалар
түрінде сипатталады:

Varайнеымалы аттары тізімі:тип;

тип - стандартты тип аты не сипатталған тип арқылы берілуі мүмкін.
Сипатталғпгн типтер структуралық айнымалларға қолданылады. Сипатталған
типтер Type бөлімінде анықталады:

Type тип аты=тпитің сипаты;

Тұрақтылардың сипатталынуы: Const тұрақты аты=мәні;

Белгілердің сипатталынуы: Labelбелгілер тізімі;Белгі- ең көбі 4 цифрдан
тұратын және бағдарламада оператор алдына қос нүкте арқылы жазылатын
әріптер не цифрлар комбинациясы. Белгіге өту GOTOбелгі;арқылы орындалады.

Қарапайым радиусы R-ге тең шеңбердің ауданын есептейтін бағдарламаны
қарастырайық:

Program Examplel;

Const PI=3,14; {тұрақтыны сипаттау}

Var R: real; {R-айнымалысын сипаттау}

Begin {операторлық жақшаның басы}

Writeln (радиусты енгіз); {мәтінді экранға шығару}

Readln (R); {R-дің мәнін клавиатурадан енгізу}

Writeln (шеңбер ауданы:, PI*sqr (R))

{нәтижені дисплейге шығару}

End

Түсініктемелер фигуралық жақшаға алынып жазылады. Таңбалық (символдық)
қатарлар мен мәндер дәйекшеге (апостроф) алынады, оларды жазу үшін орыс
немесе қазақұ әріптерін қолдануға болады.

Оператор-белгілі бір іс-әрекет орындау үшін соңында нүктелі үтір (;)
қойылған нұсқау. Бірнеше оператор Begin, End сөздерімен шектеліп жазылса,
ол құрама оператор деп есептелінеді. Begin (басы) және End (соңы)
операторлық жақшалар деп аталады. Begin –нен кейін және End-тің алдына
нүктелі үтір қойылмайды, ал операторлар арасына қойылады. Егер бағдарламада
артық нүктеліүұтір қойылса, ол бос оператор деп есептелінеді. Бос оператор-
ешқандай әрекет орындалмамйтын оператор. Бағдарлама соңында нүкте қойылады.
Begin, End-тен басқа көптеген түйінді сөздер 2-кестеде келтірілген.

PASCAL тілі операторларын жай және күрделі деп жіктеуге болады. Жай
операторлар арқылы тек бьір ған іс-әрекет сипатталады. PASCAL тілінде жай
операторлар: меншіктеу, шартсыз өту, бос оператор, енгізу және шығару.
Күрделі оператор- альтернативтиі бірнеше операторлардан тұратын іс-
әрекеттерді сипаттайды. Күрделі операторлар: құрама, шартты өту, таңдау,
цикл, жазуды біріктіру.

Меншіктеу- PASCAL бағдарламалау тілінің негізгі операторы.

Мұнда V-айнымалының аты; :=-меншіктеу белгісі; а-өрнек.

Мысалы:

Im:=0;P:=1;

Im:=im+2; P:=p*im.

4.Берілгендер типтері

Компьютердің не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық,
символдық, т.б. ақпараттар берілгендер не деректер делінеді. Берілгендер
типтерге (түрлерге) сұрыпталады (1-сурет).

1-сурет. Берілгендер типтерінің жіктелу нобайы

5.Стандартты типтер

PASCALда анықталған стандартты типтер:

- бүтін типтер- Shorting, Integer, Longint, Byte, Word;

-нақты типтер- Real, Single, Double, Extended, Comp;

-логикалық тип-Boolean

-таңбалық (символдық) тип- Char;

-жолдық (қатарлық) тип-String;

-- қатарлдық тип-Pchar;

-мәтіндік файл-Text;

-нұсқағыш тип-Pointer.

Бұлардан басқа типтер Type бөлімінде не Var бөлімінде анықтылауы тиіс.
Жай типтердің PASCALда анықталған стандартты типтерінің қабылдауы мүмкін
мәндерін қарасытрайық.

Бүтін типтер:

-128-ден 127-ге дейінгі аралықтағы бүтін сандар- Shorting;

-32768-ден 32767-ге дейінгі аралықтағы бүтін сандар-Integer;

-2147483648-ден 2147483647-ге дейінгі аралықтағы бүтін сандар- Longint, 0-
ден 255-ке дейінгі аралықтағы бүтін сандар- Byte, 0-ден 65535-ке дейінгі
аралықтағы бүтін сандар-Word.

Нақты типтер:

-2,9*10-39 мен 1,7*1038 аралығындағы нақты сандар- Real;

-1,5*10-45 пен 3,4*1038 аралығындағы нақты сандар-Single;

-5,0*10-324 мен 1,7*10308 аралығындағы нақты сандар-Double;

-263+1 мен 263-1 аралығындағы нақты сандар-Comp.

Boolean - логикалық тип (мәндері: True -ақиқат, False -жалған).

Char- таңбалық (символдық) тип (кез келген PASCAL алфавитіндегі дәйекшеге
алынған а, 5, ; ).

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ ТҮСІНІКТЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Паскаль тілінде сызықтық бағдарлама құру
Құрыдымдық типтер.жиындар
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
Турбо Паскалль тілінің негізгі элементтері
Объектілі бағдарланған программалау
Паскаль тілінде мәтіннен ақпараттарды өңдеу
Turbo Pascal тілінің операторлары
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Пәндер