ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ҚР.ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
1.1 Несиенің формалары, түрлері және олардың жіктелуі
1.2 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі

2 Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістері мен формаларын талдау
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелеу көрсеткіштерін талдау
2.2.Ипотекалық несиелеу нарығы
2.3.Қазақстандағы ипотекалық несиелеу нарығының құрылымы
2.4 Шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу барысы және оларды талдау


3 ҚР.ғы несиенің формалары мен оларды талдау әдістерін жетілдіру бағыттары

3.1 Ипотекалық несиенің дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу . несие әдістерін жетілдірудің негізгі бағыты ретінде
3.2 Тұрғындардың әлеуметтік.экономикалық жағдайының екінші деңгейлі банктердің несиелендіруіне тигізетін әсерін жетілдіру бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КІРІСПЕ

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешүші жағдайы бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты-өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несие тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар айналысы негізінде жүреді.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастармен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
Екінші деңгейлі және банктік емес ұйымдармен несиенің екі формасы беріледі: банктік және коммерциялық. Сонымен бірге несиенің келесідей түрлері бар: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық, банкаралық
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ғ.С. СЕЙІТҚАСЫМОВ. “ҚАРЖЫ,НЕСИЕ,БАНК”.Алматы 2002ж
2. А.С.МАҚЫШ. “АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ”. Алматы 2003ж.
3. А.С.МАҚЫШ. “КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР”. Алматы 2003ж.
4. И.А. ЖУКОВ. “ДЕНЬГИ,КРЕДИТ,БАНКИ”. Москва 2001г.
5. “ МИКРОКРЕДИТОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ МИКРОКРЕДИТНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ В КАЗАХСТАНЕ”. БАНКИ КАЗАХСТАНА –2004г №1.
6. “ДОЛГОСРОЧНАЯ ПЕРСПЕКТИВА: РЫНОК ИПОТЕЧНОГО КРЕДИТОВАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ”.
БАНКИ КАЗАХСТАНА –2002г №5.
7. “ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕУ”.
БАНКИ КАЗАХСТАНА –2004г №5.
“СИСТЕМА ЖИЛИЩНОГО КРЕДИТОВАНИЯ СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ”.БАНК КАЗАХСТАНА – 2004г №8.
8. “ОБ АКТУАЛЬНЫХ АСПЕКТАХ ГАРАНТИРОВАНИЯ ИПОТЕЧНЫХ КРЕДИТОВ”.
БАНКИ КАЗАХСТАНА –2004г №10.
9. “НЕСИЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ
ҚАЖЕТ”. БАНКИ КАЗАХСТАНА –2001г №11.
10. “ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЬЕКТІЛЕРІН
НЕСИЕЛЕУ”. БАНКИ КАЗАХСТАНА –2000г №11.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
1.1 Несиенің формалары, түрлері және олардың жіктелуі
1.2 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі

2 Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістері мен формаларын талдау
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелеу көрсеткіштерін талдау
2.2.Ипотекалық несиелеу нарығы
2.3.Қазақстандағы ипотекалық несиелеу нарығының құрылымы
2.4 Шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелеу барысы және оларды талдау

3 ҚР-ғы несиенің формалары мен оларды талдау әдістерін жетілдіру бағыттары

3.1 Ипотекалық несиенің дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу –
несие әдістерін жетілдірудің негізгі бағыты ретінде
3.2 Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының екінші деңгейлі
банктердің несиелендіруіне тигізетін әсерін жетілдіру бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

КІРІСПЕ

Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешүші жағдайы бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты-
өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің
сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін
ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас
сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн
қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие
қозғалысының ядросы болып табылады.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған
және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несие
тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие
зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын
элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші
және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар
айналысы негізінде жүреді.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі
өндірістік қатынастармен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының
белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек
өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені
экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие
әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар
тобына жатады.
Екінші деңгейлі және банктік емес ұйымдармен несиенің екі формасы
беріледі: банктік және коммерциялық. Сонымен бірге несиенің келесідей
түрлері бар: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық, банкаралық
несиелер. Оның ішінде мен дипломдық жұмысымда жылжымайтын мүлікті
кепілдікке ала отырып берілетін ипотекалық несиені, шағын және орта
бизнесті дамытуға берілетін несие, халық тұтынатын тауарларды сатып алуға
берілетін бөлшек несие және микронесиені қарастырдым.
Дипломдық жұмысымның мақсаты екінші деңгейлі банктердің несиелеу
әдістері мен формаларының дамуын қарастыру. Негізгі обьектісі Қазақстан
Республикасының банк жүйесі болып табылады.

1 ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері
1.1 Несиенің формалары, түрлері және олардың жіктелуі

Несиенің экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бір обьектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиеге қатыстысты оның формасы бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде
сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты
кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің
формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте несиенің екі формасы қарастырылады:
коммерциялық және банктік. Сонымен қатар несие формаларына: тұтыну,
мемелекеттік, халықаралық, фирмалық және т.б жатқызады.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе
көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының
обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің
ерекшелігі мынада: қарыз кпиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның
мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген сомманы
уақытында төлейтіндігін күәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель
қолданылады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі аясы тар мақсат
емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі
жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке
анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге
белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа
факторларға байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы
мүддесіне сай келеді, оны өткізілген тауарлар бағаларының төлемдерімен
салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді
роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ әдетте
анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта
несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Коммерциялық несие көбіне
бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету
ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғылыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып
алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді
кейінге қалдыру - банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді. Көрсетілген
кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл енсие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың
формасы болып табылады. Банктік бойынша несиелік қатынастардың құралына
несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие
беруші:банк және арнайы қаржы мекемелері болса,ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен айналысатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің
басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені
қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етеді,
ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік несие әмбебеп болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық
және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің
қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі
қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталисттермен шектеліп
қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі
мекемелер жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы
өзгереді. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің
әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың
көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы
факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі
жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді
және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру
мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден бір
көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық
нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық
қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына да белсенді ақшалай - чектік эмиссиямен
толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік
компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз
қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу
кезінде қарыз капиталы нарығының коньюктурасын айқындаушы негізгі фактор
болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып
табылады.
Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендеуіне қарамастан, ол
едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Өйткені көптеген
кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші
кезекте,банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік
компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым
ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі
банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және
тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада
берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды
сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір
жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені
тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-
тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл
тәуелділік, әсіресе қазіргі нарықтың тауарлармен толығу жағдайында
көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі
деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының
қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және
Францияда -30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та - 60%-дан жоғары. Тұтыну несиесі
негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді,
электр тұрмыстық құрал-жабдықтарды және т.б пайдаланылады. Тауар қымбат
болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие
көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған
тауарлар көбінесе қолма қол түрде сатып алынады.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі
бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады.
Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін
төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.
Тұтыну көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан
ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді
екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру
сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде
тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне
несиелік шектеу әрекеті таралады.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты
елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға болады. Бұл үшін тұтыну несиесіне
жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін
бөлігін қысқарту,несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі.
Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте зор. Ол тұрғындардың
тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің
ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа
жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады, бірақ ұзақ пайдаланыстағы
тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға
қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында
тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін
мамандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға
қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады.
Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты
жалғастыруға, жарналарды жинау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы
мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланады.
Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз
алушы немесе кредитор ретінде және жергілікті билік органдары болатын
несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы-
мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер,
тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді
қазыналық міндеттемелер ресми түрде бюджетті уақытша кассалық үлесті жабу
үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады.
Халықаралық несие-валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және
пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты экономикалық қатынастар
сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар мен қарыз
алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік
мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше
болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол
жеткізіге мүмкіндік берді.
Ипотекалық несие-жылжымайтын мүдіктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін несие.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде
несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды,
ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді
анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1) мерзімдері бойынша:
а\қысқа мерзімді(1 жылға дейін);
ә\орта мерзімді(1 жылдан 3-5 жылға дейін);
б\ұзақ мерзімді(3-5 жылдан жоғары);
2) несиелеу обьектілері бойынша:
а\негізгі қорларға берілетін несие;
ә\айналым қорларына берілетін несие;
3) несиелеу әдістері бойынша:
а\қалдық бойынша несиелеу. Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы
өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық
бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал
халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1) несиелеу обьектісі бойынша:тауарлы және қаржылық
несиелер;
2) эконом калық мазмұны бойынша:сыртқы сауда
операцияларымен байланысты коммерциялық және
қаржылық кез келген мақсат үшін пайдаланылады;
3) несие субьектілері бойынша:жеке, үкіметтік және
халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
4) мерзімдері бойынша:қысқа мерзімді, орта мерзімді,
ұзақ мерзімді.
Несиелеу әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің
екі әдісі қолданылған:
- қалдық бойынша;
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру
және қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты
болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы - материалды құндылықтар
(шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар
және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер
және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге
деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын
талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды,
өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының
нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының
орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар
бойынша берілді. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан
шегеру жолымен жүзеге асырылды.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозгалысы материалдың құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уакыт бойынша
ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған.
Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер
есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі,
банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық
шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын
ұйымдастыруда оның рөлі арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты
өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті
реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді
несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) біртұтас
несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге
өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда айналым бойынша несиелеу жиынтық
қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ
мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі
жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық,
сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша нссислеу әдістсрі;
- айналым – қалдықтық
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын -жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп,
бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.
Қалдық бойынша несиелеу бларысында несие несиеге деген қажеттілік
тауарлы – материалды құндылықтар және шығындар құндылықтарымен өзара
байланысты. Мысалы, кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің қаржылай
көздері есебінен сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете
отырып, банктен несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды
өтейді. Несие бұл жағдайда тауарлы -–материалды құндылықтардың қалдықтарын
есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті
материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша
несиелеуде несиелеу обьектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым – қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы
– материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынандай екі әдісі белгілі:
бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым
тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатқа қажеттілікті
қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді беру барысында қолданылады.
Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы банктің алдын ала белгіленген
несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға белгілі бір
мерзім аралығында төлем құжаттарын банкке төлеуге көрсету жолымен
қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.
Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде
қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз
алушы алдындағы мідеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының
арасында жасалынған несиелік кілісім – шартқа сәйкес, кез келген есеп
айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана
ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен
несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-
ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк қарыз
алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек
көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп
бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар
клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы
да мүмкін.
Несиелік желінің жаңартылған және жаңартылмайтын түрлері болады.
Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны
өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым қатынас аяқталады.
Жаңартылған несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде
қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі,
сол сияқты мақсаты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелі желі клиенттің
бір келісім – шарт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі
үшін ашылады.
Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни
ірі обьектінің айналымы бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да
болады. Бірақ та олардың арасында айырмашылықтары да бар. Сөйтіп, шетелдік
банктер несиелік желіні тек бірінші кластық қарыз алушыларға ғана ашылады,
ал біздің коммерциялық банктерде ондай клиенттерді бөліп жатпайды. Сонымен
қатар, несиелеу шегін анықтау тәсілдері де әр түрлі, сол сияқты өлшенбейтін
төлемдер көлеміне байланысты ажыратады. Бізде ол біршама маңызды. Мұндай
кемшіліктер жаңа коммерциялық құрылымдарға несиелік желі ашуға болмайды.
Бірақ та, мұндай клиенттерді несиелеудің басты әдісі - әр жекелеген
несиелерді беру барысында қарапайым көзқараста болу болып табылады.
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған.
1. Ұлттық банктің несиелері:
- аукциондық - Ұлттық банктің ақша несие саясатының уақытша құралы
болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде,
республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
- ломардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, жоғары пайызбен берілетін қысқа мерзімді несиенің түрі;
- бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы министірлігіне
қайтарымдылық шартымен беретін несиесі.
2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
- өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт;
- ипотекалық;
- несиелік желі негізінде - қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша
және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру
туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі;
- тұтыну мақсаттарына;
- банкаралық;

1.2 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі

Халықаралық несие нарығы – бұл қайтарымдылық және сыйақы төлеу шарттары
негізінде мемлекеттер арасындағы ссудалық капиталдың қозғалысы жүзеге
асырылатын және сұраныс пен ұсыныс пайда болатын нарықтық қатынастар
аймағы.
Қазіргі заманғы ссудалық капитал нарығы 20-ші ғасырдың 60 жылдары пайда
болған. Бұған дейін 40 жыл аралығында 1929 – 1933ж.ж әлемдік экономикалық
дағдарыстың, екінші дүние жүзілік соғыстың, валюталық шектеулер нәтижесінде
қатты құлдырады. Бастапқы кезеңде бұл нарық баяу дамыды. 60 жылдары
нарықтың даму қарқыны ұлғайды, ал 70 – 90 жылдары ссудалық капитал
нарығының масштабы өте үлкен болды. Әлемдік ссудалық капиталдың негізгі
құралы ұлттық ссудалық капиталдың шетел банктерінің басқаруына бағытталуы
болып табылады.
Классикалық шетел несиелері валюта бірлігі мен қарызды алу орнының
бірдей болу шарттары негізінде пайда болды. Мәселен француздық фирма
несиені Лондоннан фунт – стерлингте алады. 50 жылдардың аяғынан бастап
біртіндеп евронарық құрылды және ол үздіксіз ұлғайып отырды. Евронарық -
әлемдік ссудалық капиталдың бір бөлігі. Оның негізінде банктер евровалютада
депозиттік – ссудалық операцияларды жүзеге асырады. Евровалюта – шетел
банктерінің шоттарына аударылған және оларды барлық елдерде операцияларды
жүзеге асыруға қолданылатын валюта.
Әлемдік ссудалық капитал нарығындағы несиенің құнына сыйақы ставкалары
және әр түрлі комиссиялар кіреді. Егер мәселен Германия Француз банкісінде
депозитті доллармен (яғни несиені АҚШ долларында береді) орналастырады,
онда ол бойынша сыйақы ставкасы АҚШ, Германия, Францияның сыйақы
ставкаларынан ажыратылады. Халықаралық сыйақы ставкалары несиелік лимит
ашылған кезде консорциялдық несие ұсынылған және еврооблигациялық қарыз
шығарылған кезде алынады. Евронарықтағы сыйақы ставкасы өзіне ауыстырмалы
рөлінде ЛИБОР қысқа мерзімді банкаралық евровалютадағы операциялар бойынша
ұсыныстарды лондондық банкаралық ставкасын қосады. Ал тұрақты элемент
ретінде банктік сыйақыға қосымша “спрэд”, яғни банктік қызмет үшін премия
(маржа). Маржа деңгейі 34 %-дан 3 %-ға дейін құбылып тұрады және несиеге
деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына, ссуда мерзіміне, клиенттің несиелік
қабілеттілігіне және несиелік тәуекелге байланысты. Банкаралық қысқа
мерзімді операциялар бойынша сұраныстың сыйақы ставкасы Лондондағы
евронарықта ЛИБИД деп аталады.
Евробанктер жергілікті заң ұйымдардан тәуелсіз және табыс салығын
төлемегендіктен несие бойынша сыйақы ставкасын жоғары табыстылықты сақтай
отырып төмендете алады.
Евронесиелердің формалары. Евробанктер несиені алдын-ала клиенттің төлем
қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін анализдеп, нәтижесінде ссуданың
шарттары жөнінде келісім – шартты рәсімдей отырып береді. Ең қарапайым
келісім – шарт түрі бұл – евронесиені тұрақты сыйақы ставкасымен бүкіл
мерзімге толық соммамен ұсыну болып табылады. Сыйақы ставка өзгерістерінің
әсерінен шығындарды болдырмау үшін банктер осындай мерзімге қысқа мерзімді
евронесие нарығында қайта қаржыландыруға барады. Сондықтан да
евранесиелердің мерзімі тұрақты сыйақы ставка бойынша бір жылдан аспайды.
Орта және ұзақ мерзімді евронесиелер “стэнд-бай” және жаңару шарты бойынша
беріледі. Бірінші жағдайда банк қарыз алушыға қысқа мерзімдерге бөлінетін
(3,6,9,12 ай) бүкіл несиені қолдану мерзіміне келісілген несие соммасын
беруге міндеттеледі. Олардың әр қайсысы үшін ағымды сыйақы ставкасы
орнатылады және бұл евровалюта нарығында ЛИБОР динамикасының есебімен қайта
қарастырылады. Бұл қысқа мерзімді ресурстарды қолдана отырып, орта және
ұзақ мерзімді несие беруге мүмкіндік береді.
Екінші жағдайда ролловерлік евронесиелер әр түрлі шарттармен беріледі.
1. Инвестицияларды несиелеу үшін банктер әдетте бүкіл сомманы келісім-шарт
жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір мерзімнен кейін береді.
Несиенің өтелуі толығымен немесе бөлшектеп жүзеге асырылады.
2. Максималды лимитті қарастыратын және оның шегінде қарыз алушы қажетті
көлемде несиені оны қолданудың мерзім басында ала алады. Қарыздың өтелуі
бөлшектеп немесе толығымен жүзеге асырылатын роллверлік несие түрі
кеңінен таралған.
3. Несиелік келісім-шартында жарты жылда бір рет немесе жылына
орналастырған мерзім шегінде сыйақы ставкасымен несие көлеменің қайта
қарастырылу даталары белгіленеді.
4. Спецификалық түрі қарыз алушыға қажет болған жағдайда несиені келісім
мерзім аралығында алуға құқық беретін роллверлік несиені ұсынады.
Роллверлік несиенің шарттары мен келісім формалары әр түрлі болғанымен,
олар үшін міндетті элементтер: серіктестерінің сипаттамасы; ссудалық
валтасы мен мақсаты; несиені өтеу мерзімі мен тәртібі; несиенің құны және
ол бойынша кепілдік болып табылады.
Евронесиенің негізгі бөлігін әр түрлі елдердің екіден 30-40 несиелік
институттары қатысатын халықаралық банктердің консорциумдары береді. Бұл
банктер уақытша банктік операцияларды жүзеге асыру үшін және қатысушылар
арасында тәуекелді келісімде қатысу бөлігіне сәйкес бөлу мақсатымен
бірігеді. Үлкен масштабты жобаларды қаржыландыру және несиелендіру үшін
банктік консорциумдар аймақтық және сасалық белгілері бойынша маманданады.
Консорциум жетекші менеджер банкті қосады. Ол банк және банк – кепіл тобын
облигация сатуды жүзеге асыру үшін құрады. Банк – менеджер евронесиенің 10-
20 пайызын ұсынуға міндетті, ал басқа қатысушылары 1 млн доллардан төмен
емес көлемде қосады.
Консорциумдық банктік несиелер 80 жылдардан бері өсіп келеді және
көлемі бойынша 90 жылдары дәстүрлі халықаралық банктік несиелерден озып
кетті.
Әлемдік несие нарығының қызметі әлемдік қаржы нарығымен байланысты.
Банктер, әсіресе халықаралық банктер несиені бере отырып, өтімді
құралдардың жеткіліксіздігінен, банктік коэффициенттерді ұстану
қажеттілігінен және тәуекелдің бар болғандығынан басқа несие алушыларға
беруді жүзеге асырады. Әлемдік қаржы нарығы бағалы қағаздарды шығаруды және
сату- сатып алуды жүзеге асырады.

2 Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістері мен формаларын талдау
2.1 Екінші деңгейлі банктердің несиелеу көрсеткіштерін талдау

Қазақстандағы несиелеу нарығы әр түрлі қаржы институттарымен
көрсетілген. Республикада банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге
асырыратын 109 ұйымдар, олардың ішінде 5 несиелік серіктестер, 46 ломбард
және басқа да ұйымдар бар.
Нарықтық экономиканың дамуына байланысты тек қана коммерциялық
банктердің рөлі ғана емес, сонымен бірге олардың саны, қызмет көрсету
ауқымы ұлғайып отыр. Әсіресе экономиканы несиелеуде екінші деңгейлі
банктерді айта кету қажет.
Экономиканың көптеген секторындағы өнеркәсіптердің дамуына, қаржы
нарығының тұрақтылығына, банктердің ресурстық базасының өсуіне байланысты
олардың несиелік қабілеттігі өсті. Нәтижесінде банктер экономиканың нақты
секторының субьектілерін несиелеу қызметінің белсенділігін арттырды.
Осылайша 1996 жылы экономиканы несиелеу көлемі 4,5 есе өсіп, 276.2 млрд
теңгені құрады. Қазіргі уақытта банктердің активтерінің 60 пайызы
экономиканы несиелеуге бағытталған.
Көптеген жылдар бойы банктік жүйенің дамуы көрсеткіштердің интенсивті
өсуімен сипатталады. Осылайша 2002 ж банк несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы –14%
құрады, ал 1999 ж бұл көрсеткіш 8 % аспаған еді.
1997 ж шағын кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі енгізілді және ол кездегі
несие соммасы 22,9 млрд теңге болды. Соңғы төрт жылда олардың көлемі 74,2
млрд теңгеге өсті. Бұл шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатымен
және шағын бизнес субьектілерінің көбеюімен түсіндіріледі.
Бірақ бұл кезде несиелеу бойынша жоғары сыйақы ставкасы болды, яғни
ұлттық валютада 35,9% құрады. Бірақ 1996 ж бастап 2002 ж аралығында сыйақы
ставкасы 3 есе азайды.
Соңғы уақытта қаржы делдалдығы белсенді дами бастады. 2000 ж қаржылық
лизинг аумағын дамыту бойынша заңдық база қабылданды. ҚР-ның өкіметімен
тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ҚР-ғы ипотекалық
несиелеу жүйесін дамыту туралы концепция құрастырылып, қолдау тапты.
Ипотекалық несиені дамыту үшін Ұлттық банк халықаралық қаржы институттары
мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен ААҚ “Қазақстан Ипотекалық
Компаниясын” құрды. ҚР-ның “Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтарының”
заңының қабылдануына байланысты тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін дамыту
үшін қолайлы жағдай жасалды және бұл қаржылық жүйеге халықтың уақытша бос
қаржысын тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы төрт ірі қаржы институттары негізінде, яғни олар ААҚ
“БанкТуранАлем”, ААҚ “Казкоммерцбанк”, ААҚ “БанкЦентрКредит”, ААҚ “Халық
банк” несиелеу саясатының кейбір тенденцияларын қарастыруға болады.
Заңды тұлғаларды несиелеу.
Барлық төрт банк шағын және орта бизнесті несиелеумен айналысады. Шағын
бизнеске берілетін несиелердің орташа соммасы 125000 АҚШ долларын құрады,
ал мах соммасы 150000 АҚШ долларын құрады(БанкТуранАлем). Несиелеу мерзімі
3-3 жыл болды. Сыйақы ставкалары өнеркәсіптің көлеміне байланысты әр түрлі:
орташа көлемі айына 1,6 %.
Банктердің 25 % несиесі өндіріспен айналысатын кәсіпорындарға, әсіресе
жеңіл өнеркәсіптерге берілді. Осылайша кәсіпорындардың кең ауқымын қамтыды.
Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер өздерінің клиенттеріне
микронесиелер береді, олар кәсіпорындардың қызметінің көлемі мен бағытына
байланысты ерекшеленеді. Казкоммерцбанктегі микронесиелердің көлемі 500-ден
30000 АҚШ доллар, БанкЦентрКредитте 30000 АҚШ доллары, Халық банкіде 10000
АҚШ долларын құрайды.
Қазір екінші деңгейлі банктер тарапынан елдің экономикалық секторындағы
ең бір стратегиялы маңызды саласы, яғни ауыл шаруашылығын қолдаудың жоғарғы
белсенділігі байқалып отыр.
Казкоммерцбанк ауыл шаруашылығын қолдау программасы бойынша Азиялық даму
банкісінің линиясы, ЕБРР линиясы арқылы ұзақ мерзімді несиелер береді.
Несиелеу мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін, мерзімі және сыйақы ставкалары әр
бір қарыз алушыға әртүрлі болып келеді.
БанкЦентрКредит ауыл шаруашылығын дамытуға Азиялық даму банкісімен
Дүниежүзілік банк линиялары арқылы өздерінің қарыз алушыларына несие
береді. Несие соммасы 750000 АҚШ доллары, мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін,
сыйақы ставкасы 11-13 жылдық пайызды құрайды.
Халық банк шағын және орта бизнесті несиелеуді Дүниежүзілік банк арқылы
1 жылдан 12 жылға дейін несиелеу мақсатына, өнеркәсіп түрлеріне және қызмет
түріне байланысты жүзеге асырады.
Екінші деңгейлі банктер келесідей несиелеу түрлерін қолданады:
Казкоммерцбанк импорттық сауда және лизингтік операцияларды қаржыландыру,
БанкТуранАлем сауда және жобалық қаржыландыру, Халық банк қысқа мерзімді
несиелеу программасын-овердрафт, отандық тауарлар мен қызмет өндірушілерді
несиелеу.
Жеке тұлғаларды несиелеу.
Жоғарыда айтылған банктер тұтынушылық несиелеуге келесідей несие
түрлерін қосады.(1 кесте)
Халық банкіде халық үшін келесідей несиелеу түрлері бар. Олар өнеркәсіп
жұмысшыларын соның кепілдігімен несиелеу және ААҚ “Халық банкісінің” жинақ
шотындағы орналасқан ақшаларды кепілдікке ала отырып жеке тұлғаларды несие
карточкалары арқылы несиелеу.
Өнеркәсіп жұмысшыларын сол кәсіпорынның кепілдігімен програмдық несиелеу
көрсетілген несиелік қызметтің ауқымын кеңейтуге және банктердің
филиалдарында шоттары, қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейі бар
өнеркәсіптердің жұмысшыларын қарыздық ресурстарға деген қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған.

ААҚ “Халық банкінің” жинақ шотындағы орналасқан ақшаларды кепілдікке ала
отырып жеке тұлғаларды несие карточкалары арқылы несиелеу программасы ҚР-
ның резиденттерін, яғни банкте жинақтау шоттары бар жеке тұлғалардың
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылған болатын. Несиелеу формасы –
несиелік лимитпен карточка шығару.
Бұл программалар бойынша несиелеудің шарттары – клиенттің кепіл ретінде
қамтамасыз етілген жинақ шоттарының бар болуы. Мұнда салымдардың ең төменгі
соммасы 100 АҚШ долларын құрау қажет. Максималды соммасы шектелмеген.
Максималды несиелеу мерзімі 1 жылдан аспау қажет. Несиелік лимиттің
максималды көлемі клиеттердің карточкасында орнатылғандай салым қалдығынан
70 % аспау қажет.
Карт-шоттың валютасы салым валютасына сәйкес АҚШ доллары болып табылады.
Төлем карточкасы арқылы несие алудың келесідей артықшылықтары бар.
- қызметтер үшін төлемдерді келесі жалақыны күтпей жүзеге асыру
мүмкіндігі.
- Бір айлық жалақыдан асатын соммада тоуарлар сатып алу мүмкіндігі және
егер сіз несиені қолданбасаңыз банкпен сыйақы ұсталынбайды.
2-кестеде екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасына берілген
несиелердің көлемі соңғы 4 жылдары 9 есе көбейді, сөйтіп 2004 ж 1 қазанда
1328,9 млрд теңгені құрады. ЖІӨ несиелер бөлігі 7,4 % –дан 28 % -ға өсті.
Несиелік портфельдегі ұзақ мерзімді несиелер көлемі 49%–дан 66% –ға
өсті.
Қарастырылып отырған кезең бойынша несиелердің орташа сыйақы ставкасы
20,7% –дан 12,6% –ға, оның ішінде жеке тұлғаларға 24,4% –дан 17,5% –ға ,
заңды тұлғаларға 20,5% –дан 11,7% –ға төмендедеді.

Шағын кәсіпкердікке берілген несиелердің көлемі 1999 ж салыстырғанда
2004 ж 7 есе өсті,яғни 1999 ж 39,90 млрд тенге болса, 2004 ж бұл көрсеткіш
276,60 млрд тенгені құрады. Оның ішінде жеке тұлғаларға берілген несиелер
2004 ж 20,4 млрд тенге, заңды тұлғаларға берілген несиелер 14,4 млрд
тенгені құрады.

Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің көлемі

Берілген несиелер көлемі(млрд тг)
1999 2000 2001 2002 2003 01.04.0401.04.07
Шарт
Мерзімі 3ж дейін 1ж 1ж дейін6 ай-1ж 1ж дейін 1ж дейін1ж дейін
дейін дейін
Несие 1000 75000т-500$-500200$-1000300$-20 00200$ 100000тг
көлемі $-5000$ 2000$ 0$ $ $ бастап -20000$
дейін.
Кепіл Жеке Кепіл-зАйна-ғы Кепіл-з Айна-ғы Айна-ғы Айна-ғы
мүлік,өнд-с тауар-р тауар-р,бтауар-р тауар-р,
процесіндег Құрал-жа изнес және жылжымай
і тауарлар б-қ. планды тауар-р тын
көрсет-пеайналыстмүлік,е
й. ан а шот-ғы
алынб. ақша.
Сыйақы ай 2,025 % Жыл-қ Ай 1,36%Жыл-қ 30%$- 30% $- 30% $- 17%
ставкасы Жылдық 27% 27% Жыл-қ тг- 37% тг- 37% тг-20%
30%
Қосымша Тұрақ-т 2 адам-ң 3 айдан
шарттар ы таб кепілдеме кем емес
100$ сі болу мерз осы
құрау қажет. банкте
қажет. шот
болу.
Несиені 3 банктік 3 2 - 3 7 - 10 3 банктік2 2
рәсімдеу күн. банктікбанктік банктік күн. банктік банктік
күн. күн күн күнге күнге
дейін. дейін.

Берілген кесте бойынша әр жеке кәсіпкер ақша қажет болған жағдайда
банкке бара бермейтіндігін көреміз. Оның себебі іс қағаздардың көптігі,
тиімсіз сыйақы ставкалары және берілетін несие көлемінің минималды болуы.
Өйткені көптеген жеке кәсіпкерлерге үлкен сомма қажет емес. Бұл да
проблема, әр түрлі жағдайлар кездеседі,шағын фирмаларға несиені берудің
минималды шегінен төмен несие қажет, оған несиені банктен алуға және үлкен
сыйақы төлеуге мәжбүрлі болады. Нарықтық экономика жағдайында бұл жеке
кәсіпкерлер үшін өте тиімсіз. Қарыз алушы өзінің бизнесін жаңадан бастап,
оны дамытуға несие алатын болса, банктер тәуекелден қорқып бастапқы капитал
ретінде несие бермейді. Осыдан біз екінші деңгейлі банктердің екінші
деңгейлі несиелік ұйым екенін көреміз.
Микронесиелік ұйымдар және несиелік серіктестер-бұл үшінші деңгейлі
болып табылады. Несиелік серіктестер бізде жақсы дамымаған.37 несиелік
серіктестердің ішінде 4 Алматыда, 15 ОҚО-да, 3 БҚО-да, 11 СҚО-да
орналасқан. Алматы қаласының несиелік серіктестерінен сұрау жүргізу арқылы
несиелеудің келесі шарттары анықталған. Несиелер ипотекаға және тез арадағы
қажеттіліктерге беріледі және несие соммасы тұрғын үйдің бағасының 50 %
ғана құрайды. Біз көріп отырғандай несиелік серіктестерінің микронесиелеу
шарттары Микронесиелік ұйымдардағыдай тартымды емес.
Микронесиелік ұйымдардың микронесиені беру шарттары 7-кестеде
көрсетілген.
Микронесиелік ұйымдардың артықшылығы олардың шағын кәсіпкерлікпен
айналысатын қарыз алушыларға және ауыл шаруашылығын дамытуға микрокредитті
тез арада беру мүмкіндігі. Сонымен бірге микронесиемен шағын кәсіпкерліктің
субьектілері ғана емес жеке тұлғалар да пайдалана алады. Кейбір жағдайда
бұл өте үлкен қаражат соммасы болады. Сыйақы көлемі екінші деңгейлі
банктерге қарағанда жоғары, себебі тәуекел деңгейі жоғары.
Микронесиелік ұйымдардың (ВалютТранзит Микрокредит) клиенттерінде бір
артықшылығы бар-ол кепілге қойылған мүлікті өз уақытысында сатып қайта
алмаса клиент несиені қолданған үшін сыйақы төлеп, оны өтемегенге дейін
келісім мерзімін ұзартуға құқылы. Тағы да бір маңызды факторлардың бірі бұл
филиалдардың Қазақстанның барлық қалаларында болуы. Сондықтан да клиент
қажет болған жағдайда жуырдағы Микронесиелік ұйымдардың қызметімен қолдана
алады.

7-кесте.

Коммерциялық микронесиелік ұйымдардың несиелеу шарттары

Шарттары МКҰ “Валют МКҰ МКҰ “Валют
транзит” “Казмикрокредит” Транзит
Микрокредит”
Мерзімі Несиені 3 ай. 3 ай.
өтемегенге дейін
3 ай.
Несие көлемі 10000тг -872000тг10000тг –872000тг 10000тг –872000тг
дейін. дейін. дейін.
Кепіл Жылжитын және Жылжитын және Жылжитын және
жылжым-н мүлік. жылжым-н мүлік. жылжым-н мүлік.
Сыйақы ставкасы Кварталға 10%. Кварталға 12% Кварталға 15%
немесе айына 4,5%. немесе айына 5%.
Қосымша шарт Қажетті соммадан
10% алынады.
Несиені рәсімдеу 1 – 2 күн. 1 – 2 күн. 1 – 2 күн.

Ұлттық банктің статистикасы бойынша 01.08.03 ж банктік операциялардың
жекелеген түрлерін орындайтын 46 ұйымдардың ішінде тоғызы шағын және орта
бизнесті несиелеумен айналысады.Олар:
1.ЖАҚ Корпоративтік қор “Қазақстандық ұйымдарды
несиелеу қоры”.Алматы қ.
2.АҚ Мемлекеттік емес ұйым “Микрокредит”.Алматы қ.
3.АҚ “Азиялық несиелік қор”.Алматы қ.
4.АҚ “Қазақстандық кәсіпкерлікке көмектесу қоры”.
Алматы қ.
5.АҚ “Атыраулық микрокредиттеу орталығы”
6.АҚ “Тірек капитал”.Орал қ.
7.АҚ “Даму”.Шығыс Қазақстан облысы.
Коммерциялық емес ұйымдармен несиені беру шарты 8 кестеде көрсетілген.
Бұл ұйымдардың шарттары тиімді сияқты, бірақ ұйым туралы мәліметтердің
жоқтығы кезінде олардың несиелерінің қол жетерлігі де белгісіз болды.
Республикада микрокредиттің одан әрі даму перспективаларын анықтау үшін
екі анықталу факторларға сапалы және сандық бағалау жүргізу қажет.
- елдегі халықтың әр группасының микрокредитте қажеттілік масштабын:
- мұндай түрлі программаларды жүзеге асыруға қажетті несиелік ресурстар
жеткілікті екендігін;

8-кесте.
Коммерциялық емес МНҰ қарызгерлерді несиелеу шарттары

Ұйымның аталуы Мерзімі Сыйақы Несие Кепіл Нес
ставкасы көлемі иен
ің
рәс
імд
елу
і
“Халықты несиелеудің Жеке Айына-2,6%, Жекелей Пәтер,ал
Қазақстандық қоры” несиелеу-1жжылына-32% 300$-дан жер,үй 3-5
, топтық 500$,топтың кепіл күн
несиелеу-6ж әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның экономикасының қазіргі жағдайындағы несиенің теориялық аспектілері және Қазақстандағы несиенің даму тенденциясы
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Екінші деңгейлі банктердің несиелеу әдістері мен формаларының дамуын қарастыру
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Мерзімді салымдар банкі
Нарық жағдайындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік-инвестициялық қызметтері
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу жайлы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер