Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі


Педагогика пәні: «Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі »
Курстық жұмыс
Мазмұны:
Кіріспе . . . 2
1 Адамгершілік тәрбиесінің іргетасы отбасынан басталады.
1. 1 Тәрбие негізі туралы пікірлер . . . 6
1. 2 Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік . . . 9
1. 3 Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі . . . 13
2 Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы.
2. 1 Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасындағы ата-ананың
ұстаздық рөлін зерттеу . . . 16
2. 2 Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі жан-жақты факторлардың
ролі . . . 22
Қорытынды . . . 26
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене жене рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді . Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен
отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлтгық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар -бәрі де отбасыдағы бала гәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міңдеттері:
1) ізгілік сана қалыптастыру;
2) инабатгылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту;
3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым: 1) адамға ең қымбат - өмір;
2) балалар - өмір жалғасы;
3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік;
4) отансүйгіштік (патриотизм) ;
5) ұлтжандылық;
6) интернационализм;
7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілдік және т. б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейтесті проблемалар - бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбеқке қатынасы.
Тәрбие ісінің этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді.
Мораль - адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ, адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек - олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі.
Этикалық тәрбиенің ең басты мақсаты - адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбие ісінің күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді.
Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс-әрекет қажеттігін қалыптастыру - этикалы тәрбие ісінің маңызды бөлігі.
Тұлғаның адамгершілік қажеттігін қалыптастыру - оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдату процесі.
Адамгершілікті қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін дамытудан этикалы тәрбие ісінің функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-тұру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну) .
Тәрбиені орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс. Тәрбие "күрес" емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ мандай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жәй нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу мәнері, мейір белгілері.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т. б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т. б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі өмірдегі отбасының ролін, мақсаты мен міндеттерін балаларға айқындатып беру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Отбасындағы адамгершілік тәрбие теориясының әдістемелік негізіне сүйену.
2. Бастауыш мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінде оқушылармен әр түрлі мысалдарды қолдана отырып, адамгершілік тәрбиесі туралы ойларын дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығын анықтап беру.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептің 3- сыныбындағы өтілетін «Өзін-өзі тану» пәні.
Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептің оқу -тәрбие үрдісіндегі
«Өзін-өзі тану» пәні.
Зерттеудің жаңалығы: Отбасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесінің негіздері түсіндірілді.
Мектептің оқу тәрбие үрдісінде адамгершілік тәрбиесінің әдіс -тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.
1. Адамгершілік тәрбиесінің іргетасы отбасынан басталады.
1. 1 Тәрбие негізі туралы пікірлер
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т. с. с. Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдарды жүзеге асыру "Бастауыш мектеп" тағы да басқа журналдар мен газеттерде қарастырылып, жүргені баршамызға аян.
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші,
ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалысса, алар асуы биік болары сөзсіз.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз - адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі - имнадылық пен ізеттілікте. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған. Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата -ананың үйдегі іс -әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді.
Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев: «Отбасынан бастап дұрыс жолға тәрбиелеу керек» екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Өз өмірімен адалдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды. "Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата - анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады" деген. [1]
ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер ұрпақтың қамын ойлап былай деген "Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан нақты жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті". [2]
Жүсіп Баласағұнның "Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып" дегені, есі кіріп тілі шыққанан кейін баланы тым шолжаңдатбай, адамгершілігі мол, әдепті, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады. [3]
Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсаринның шығармаларында көтерілген өзекті мәселе - жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден жирендіру. Оның еңбектерінің бірінші беттерінен-ақ балаларды адамгершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әділдікке, тапқырлыққа, мейірімділікке, оқуға шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі.
Бүгінгі ұрпақ - еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз - қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру.
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі, өзін қошаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.
Психологтар мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына, адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келді, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде ымырсаздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер бастауыш кластағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиелетендігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады. Ұрпағымыз адамгершілік тәрбиеге зәру адам.
Әдептілік-мәдениеттілік пен имандылықтың белгісі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдылығымен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден-ақ әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инбатттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
Отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған.
«Қыз қылығымен сүйкімді»,
«Қыз өссе - елдің көркі», «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» деу арқылы, инабатты, ізетті қыздарды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді. Сәлемдесумен қатар ертеден келе жатқан асыл дәстүріміздің бірі - үлкенді сыйлау адамгершілік борышты өтеу болып табылады, әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Қыз балалар үшін .
Әдетте, қазіргі кезде қыз балаға қойылар сын көп «Қызға қырық үйден тыю» дегендей қыз баланың тәрбиесіне ата-бабамыз көп мән берген. «Қыз өссе елдің көркі» деп тегін айтпаған. Ал қыздар мұндайда сәл ғана басын изейді. Жастар өздерінен үлкен адамдармен амандасқан кезде олардан гөрі төменірек иілгені жөн. Көпшілік орындарында сәлемдесу кезінде даурығу, орынсыз дауыс көтеру, өзімсініп сөйлеу жұрт үшін кері әсер ететінін ұмытпау керек. Сәлемдескен кездерде орынан тұрып, ізет білдіру - сыпайлықтың белгісі. Жас жігіттер жандарынан өтіп бара жатқан әйелмен не өздерінен үлкен кісімен амандасқанда, орнынан тұрып ізет білдіреді. Ал жас қыздар қастарынан адам амандасып өткен кезде ғана орынан сәл түрегеліп, әдеп танытады. Қыздар мен келіншектер де бөлмеге өздерінен үлкен әйел кіргенде орындарынан тұрады. Ал ер адам бөлмеге кірген кезде, егер ол кісі болмаса, қыздардың орынан тұруы қажет емес.
Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген.
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан хылықпыз. Сондықтан да тегімізді атадан, тілімізді анадан санған халықпыз. Қорқыт ата кітабында «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» немесе «Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе» деп текке айтылмаған. [4]
Ұлттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. «Қызым - үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі бір кезеңді пайдалана білуде. Ата - ана қыз баланың бойындағы дара ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңуі. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп алдымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны керіп тұрмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау т. б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына, киім-киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз жат жұрттық! Қыз - болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда - ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуы тиіс. Әсіресе қыз атасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс - тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, ықылас тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай, оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ - түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән - мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең маңыздысы - келешекте өзінің де ұл - қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Xалқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап, астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тыңда". Қыз тәрбиесінде - күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру, үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.
Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады.
Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздың жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т. б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер -білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-аналар балаларымен қолынан жетектеп ағаш-темір шеберлерінің, тігінші, ою-өрнекші, әнші, күйші адамдардың жанына апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған.
1. 2 Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz