Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері



КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері...5
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару негіздері...5
1.2 Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні...12
1.3 Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу...20

2 Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру...27
2.1 Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқару механизмін жетілдіру жолдары...27
2.2 Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын анықтау...33

Қорытынды ...36

Пайдаланылған әдебиеттер ...39
Кіріспе
Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың мәні ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.
Бұл жұмыстың мақсаты - аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады.
Аймақтық экономиканың пәні Қазақстан Республикасының өндіргіш күштері әлеуметтік-экономикалық аумақтың орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақарлық, ішкі аймақтық және мемлекет аралық экономикалық байланыстарды зерттейді.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.
Бұл жұмысымыздағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалары:
- бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
- жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару:
- әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
- экономиканы тұрақтандыру:
- аймақаралық көлік жүйесін дамыту:
- экалогиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
- кәсіпкерлікті дамыту.
Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы негізінен 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы аймақ, аймақтық саясат түсінігі, оларды жүзеге асыру қарастырылған. Екінші бөлімде аймақ экономикасын жетілдіру басымдықтары жазылған. Және қорытынды, кіріспе, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы аймақ экономикасын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1. "Қазақстан-2030" даму стратегиясы.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы. 2000 жылдың 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N722 Қаулысы.
3. Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасау ережелерін бекіту туралы 2000 жылдың 3 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкімінің N432 Қаулысы.
4. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Т.Н. и др. Планово-финансовые механизмы регулирования экономики. -Алматы: Экономика, 1998.
5. Ихданов Ж., Орманбеков Э. -Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. Алматы; Экономика, 2002.
6. Мамыров И.К., Ихданов М.О. Государственное регулирование в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы: Учебное пособие. -Алматы: Экономикс, 1998.
7. Основные целевые индикаторы и направления государственной социально-экономической политики Казахстана. Азия: экономика и жизнь; 2001 г.-N21,27.
8. Петров А. П.; Демилова С. М., Климов С.М. - индикативтік жоспарлау: теориясы және оны жақсарту мәселелері Санкт-Петербург; Знание, 2000.
9. Т. Ысқақов Н. Әлеуметтік саясат нарық экономикасында. Саясат -2001 ж. -N12.
10. Ысқақов Н. Әлеуметтік қорғау жүйесі және адам дамуының индексі. Аль-Пари-2002ж.-М5.
11. Казахстан 1991-2001 годы: Информационно-аналитический сборник. Агенства РК по статистике - Алматы: Экономика.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың
теориялық және әдістемелік аспектілері------------------------ --------------
--------5
1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық
басқару негіздері-------------------------- ---------------------------------
---------------5
1.2 Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және
мәні.------------------------------ ----------------------------------- -
----------------12
1.3 Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу--
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-----------20
2 Аймақтағы экономиканы мемлекеттік реттеуді
жетілдіру-------------------------- ----------------------------------- -
---------------27
2.1 Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқару механизмін жетілдіру
жолдары---------------------------- ----------------------------------- ------
---27
2.2 Аймақтық дамудың негізгі басымдылықты бағыттарын
анықтау---------------------------- ----------------------------------- -
---------------33
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------36
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------39

Кіріспе

Бүгінгі күнде қазіргі экономиканы тереңінен талдау қажеттігі, оның
бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын анықтау қажеттілігі
өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды
ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында
үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр.
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге
асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге
және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ
еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа
аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи
ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи
белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық
экономиканың мәні ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып
отыр.
Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға
экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды
қамтамасыз ету.
Бұл жұмыстың мақсаты - аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму
ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын
анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады.
Аймақтық экономиканың пәні Қазақстан Республикасының өндіргіш күштері
әлеуметтік-экономикалық аумақтың орналастыру және оның экономикалық
салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи экономикалық, демографиялық
және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақарлық, ішкі аймақтық және
мемлекет аралық экономикалық байланыстарды зерттейді.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін
қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика-
математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аймақтық деңгейде
басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік
бағыттарының бірігуіне негізделеді.
Бұл жұмысымыздағы барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалары:
- бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
- жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару:
- әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
- экономиканы тұрақтандыру:
- аймақаралық көлік жүйесін дамыту:
- экалогиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
- кәсіпкерлікті дамыту.
Жалпы, аймақтық экономиканың негізгі тапсырмасы, аймақтардың
экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын жасап шығару болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы негізінен 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде
жалпы аймақ, аймақтық саясат түсінігі, оларды жүзеге асыру қарастырылған.
Екінші бөлімде аймақ экономикасын жетілдіру басымдықтары жазылған. Және
қорытынды, кіріспе, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы аймақ экономикасын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсарту маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың
теориялық және әдістемелік аспектілері.

1.1 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аймақтық басқару
негіздері

Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып
жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету
жолдары алады.
Аймақтық экономика - бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды
салалардың бірі болып табылады. Аймақтық экономикалық пэні Қазақстан
Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық
орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды
табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған
қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық
байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің
маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін
зерттеу болып саналады.
Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспектіде
әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің
қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады,
сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың
жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын
негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық
экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын
зерттеумен айналысады. Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық
потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі
демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық
қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды.
Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының
құрылмдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті
орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны
тиімді пайдалану жолдарын қарастырады (1).
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ
деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория - бұл географиялық
жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны
сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. Әртүрлі белгілері бойынша
басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты
бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір
мақсаттары жәнее тапсырмаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде
өзінің критериялары қолданылады:
экономикалық-әкімшілік басқару диспозициясы; еңбекті аумақтық бөлудегі
рөлі; әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу; экономикалық кеңістік -
бәрі олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік
инженерлік торабы және тағы басқа.
Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік
экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:
тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи
ресурстар);
орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық
қызмет);байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар,
капитал, еңбек қозғалысының жағдайы).
Аймақтық экономика - бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз
байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-
экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды
зерттейтін ғылым саласы болып табылады (2).
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканы
дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын
барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс-әрекетімен тығыз
байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған
ғана емес, мемлекетпен ретелетін нарық құру болып табылады. Осындай реттеу
жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек.
Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын
пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін
қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және
аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді
толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз
ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дүрыс қатынасты
таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді
аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет.
Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту,
құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек
және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жұргізу үшін аймақ таңдау)
баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық
өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен
жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс.
Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін,
оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканы зерттеудің ерекше әдісі картографиялық әдіс болып
табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу обънктісі ғана емес, ол
сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы
ақпарат алудың көзі болып есептелінеді. Карталарды, картокестелерді,
картограммаларды, картодиаграммаларды қолдану арқылы орналастыру
ерекшеліктері ғана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын
статистикалық мәліметтер де есте қалады.
Жүйелік талдау - бұл проблемаларды, шаруашылық құрылымын және ішкі
қарым-қатынастарды кешенді зерттеу, олардың өзара әрекеттерін зерттеумен
толықтырылып соңғы қорытынды тікелейжәне кері байланыстарды бікіртіру
негізінде жасалынатын ғылыми зерттеу әдісі. Жүйелік талдау кезеңділік
қағидасын қолданушы жан-жақты талдау болып табылады. Ол мақсатты құрудан,
тапсырмаларды анықтаудан, ғылыми гипотиза жасаудан басталып, өндірісті
орналастырудың тиімді нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен
аяқталады. Мұнда оптималдық қағидасы тиімділік, яғни халықтың қажеттілігін
көбірек қанағаттандыру болып саналады.
Өндіріс күштерінің қозғалысы және аймактардың шаруашылық даму
проблемалары күрделене түсуде, ал салалық және территориялық байланыстарды
нарық жағдайында басқару қиындап баруда. Сондықтан маңызды проблемаларды
қамтитын экономика-математикалық моделдерді эзірлеу және қолдану
қажеттілігі туындайды. Территориялық экономикалық процестерді экономика-
математикалық моделдеуді негізгі бағыттарын келесідей бөлуге болады:
елдің экономикалық дамуындағы территориялдық пропорцияларды моделдеу;
шаруашылық салалары бойынша орналастыруды моделдеу; аймақтардың
шаруашылық етуші кешендерін қалыптастыруды моделдеу (3). Математикалық
аппараттардың терең өңделуіне қарамастан, ұзақ мерзімді салдарлар
ескерілмей қалуда. Сондықтан аймақтық экономикада статистикалық әдіс, яғни
стратегиялық мәліметтер негізінде индекстерді есептеу, корреляциялық
талдау, сонымен қатар таңдап зерттеу әдісі, бастылау (генерализация)
қолданылады. Барлық ғылыми әдістер бір-бірімен тығыз байланысты және олар
бірін-бірі толықтырады.
Нарықтық жағдайда аймақтардың рөлі және қызметі халықтың өмірінің
қызметі арасында экономикалық қатынастар қалыптастыруда көрінеді.
А.К.Осипов аймақтық рөлін толығырақ сипаттап, оның қызметтерін бөлді:
институтционалды қызметтер - бір жағынан экономикалық дербесті, екінші
жағынан, халыққа еркін өмір сүру, қай жерде өміп сүруінен тэуелсіз және
әлеуметтік және заңды қорғамауына конституциялық құқықты кепілдейтін,
мемлекеттің жалпы экономикалық бірлігінің саясатын анықтайды; экономикалық
қызметтерді, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық
қызметті еркін жүзеге асыруға мүмкіндік және жағдай туғызуға бағытталған;
әлеуметтік қызметтері, халықтың әлеуметтік дамуын, аймаққа
экономикалық потенциалын қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен құқығын кепіл
етеді;
экологиялық қызметтері, халықтың дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етеді,
табиғи қорғау және басқа да қоршаған ортаны жақсарту бойынша шараларды
жүзеге асырады (4). Қазіргі кезде аймақтық деңгейде басқарудың қызметтері
мен әдістері
экономикалық, әлеуметтік, әкімшілдік бағыттардың бірігуіне
негізделеді.
Реттеудің нарықтық әдістері жалпы танылған маркетинг жүйесі мен
экономикалық тұтқалары мен ынталары арқылы мемлекеттік реттеуден
шығады.
Мақсаттар мен тапсырмалар жүйесі көзқарасынан карайтын болсақ,
аймақтық экономика өзінің мазмүны бойынша қайшы, ал ең алдымен жалпы
республиканың мүддесі үшін дамиды. Осы кезде аймақтық ерекше экономикалық,
әлеуметтік және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып аймақтық мүддені
қолдау қажет. Осыған байланысты аймақтық экономика, аймақтық экономикалық
субъектілердің мүддесін қолдап қана қоймпй, жеке аймақтардың мүддесін
ескеретін механизмнің рационалды қызмет етуіне жетуге мүмкіндік жасауы
керек.
Қазіргі уақытта әрбір аймақ нарыққа кірудің әртүрлі стартты деңгейіне
ие. Сондықтан, аймақтық саясатта аймақтық экономикалық қайшылықтарын жоятын
әкімшілік және саяси шараларды қолдану ерекше маңызды.
Аймақтық экономиканы зерттеудегі басты артықшылықтары аймақтардың
экономикасына әсер ететін процестерді білу, әсіресе: еңбек бөлінісін
жетілдіру, аймақтық шаруашылықтарды территориялдық ұйымдастыру, экономика
құрылымдық қайта құру, халықаралық қауымдастықты және жеке аймақтардың
өндіргіш күштерін орналастыруды дамыту болып табылады. Нарықтық
қатынастардың құрылуы және даму барысында мамандану және шаруашылықтың
кешенді дамуы деген түсінік қалыптасады, яғни қазіргі кезде Қазақстанның
жалпы шаруашылық кешенінің қызмет етуін жақсарту үшін әр аймақтың жинақ
қорын көтеру ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақ тұрғындарының мүдделерін
біршама толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету қажет.
Аймақтардың дамуын болжау әдістемесі он бес жылға дейінгі кезеңді
қамтитын өндіргіш күшті орналастыру мен дамытуды ретроспективті талдаудың
міндетті түрде жүргілуін қарастыруы керек. Бұл әдісте ретроспективті
кезеңде аймақтардың әлеуметтік даму аспектілерін бағалау, ішкі аймақтық
дифференциясын ескере отырып маңызды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге
асыру деңгейі қарастырылуы тиіс. Табиғи, экономикалық және ғылыми
ерекшеліктерін ескеріп халықтың өмір сүру деңгейі бағалануы тиісті (1).

1.2. Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық
экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты
аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат - көпмағыналы ұғым, эртүрлі мэндерде кеңінен
қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі үш
проблеманы көрсетуге болады:
1. Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары
арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
2. Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық
өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға
мемлекеттің араласуы;
3. Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық,
өндірістік, аймақтық және тағы басқалар (5).
В.С.Жихаревич келесідей анықтама береді: "экономикалық саясат
-құрастырылған мақсаттарға жету мүддесінде аймақта өткізілген белгілі бір
концепцияны, экономикаға реттеуші әсер етуші". Аймақтық экономикалық саясат
үш құраушылардан тұрады: субъект, объект және мақсаттар. Аймақтардың
өздерімен жүргізілген аймақтық саясат — бұл нақты бір территорияда
жергілікті жағдайларды қосқанда кеңістіктегі тараптайтын сферасының барлық
элементтердің өзара және келісілген бұзылмайтын дамыту үшін жасалуы тиіс.
Мемлекеттік аймақтық саясат жерлерде аймақтық саясаттық қабілетсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтық саясаттың объектісі - аймақ
арасындағы өзара байланыстар және қатынастар.
Қазақстанның басты аймақтық мүддесі қазіргі кезде, жергілікті
құрылымдарды қолдау ретінде, Қазақстан Республикасының әрбір аймағы өзінің
ішкі потенциалын максималды қолдануы және мемлекеттік көмек мүмкіндіктеріне
көп сенбей жалпы қазақстандық жағдайлар құру болып табылады.
Орталық үкімет аймақтық саясаты елімізді дамытудың жалпы ұлттық
мақсаттары шегінде жүзеге асырылады және экономика жағдайына тәуелді.
Экономикалық дағдарыс кезеңінде экономикалық мақсаттарды иеленеді,
экономикалық өсу кезеңінде - әлеуметтік мақсаттар болады. Қазіргі уақытта,
Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттарына төмендегідей түрлерін пайдалану
пайдалы және мүмкін болып есептеледі:
1. Әр аймақтағы халықтың түрмыс-жағдайы деңгейін теңестіру. Еліміздегі
жүргізілген реформалар аймақтық бөліністердің тез көтерілуіне әкелді.
Аймақтық экономикасын дамыту ерекшеліктеріне төмендегідей негізгі
факторлар әсер етеді:
- өнеркәсіптік дамудың табиғи-шикізаттық база ерекшелігі;
- еңбек потенциалының сипаты және түрғындары;
- аймақтық шаруашылық жинақталған құрылымы; -аймақтың шаруашылық
жағдайда жиналған дәстүрлері;
-еліміздің басқа аймақтарымен экономикалық байланыстарды дамытудың
болмауы немесе қолда бар мүмкіндіктері.
2. Аймақтық даму мақсаты - дипрессивті аймақтарды құрылымдық қайта
құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық
мемлекет үшін жүргізілетінімен ерекшеленеді. Депресивті аймақтарды
құрылымдық қайта құру тек ірі жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге
асырылады, кейбір аймақтарда бұл тапсырманы орындай үшін қажет ресурстардың
жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған
территорияларды жоғары дамудағы аймақтардың деңгейіне дейін көтеру, бірақ
халықтар зардап шекпеуі тиіс.
3. Аймақтардың кешенді дамуы бірдей деңгейде жалпы мемлекеттік сияқты
экономикалық дамудың жеке аймақтық мақсатымен сәйкес келеді. Жергілікті
аймақтық мүдделер берілген территорияның барлық элементтерінің тепе-теңдік
дамуымен келісіледі.
4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бірақ бұл мақсатты
жүзеге асыруда ауырлық түсіп тұрған аймақтарға экономикалық өсуді көтеру
қажеттілігін ұмытпау керек (6).
Мемлекеттің аймақтық саясаты - мемлекет пен аймақ арасындағы өзара
қатырастар ретінде әсер ететін және кеңістіктік, аймақтық аспектіде
еліміздің экологиялық. әлеуметтік, экономикалық, саяси басқару бойынша
қызмет сферасы болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні және тапсырмалары бар және оларды жүзеге
асырудың тәжірибелік жолдарының көзқарастары бар. Аймақтық саясат
тапсырмаларын нақты қою үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін
көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегідей:
еліміздің жеке аймақтарындағы кәсіпкерлікті және табиғи-климаттық
жағдайының айырмашылығы;
аймақтың продуктивтілігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану
бағыты, саласы және масштабы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, пайдалы
қазбаларды шығару ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және
халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
аймақтың терең немесе қатпарлы жағдайы, соның әсерінен көлік шығыны,
баға өсуіне әкеледі. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің
нашарлығына оның экономикалық дамуын қиындатады;
инновация енгізумен артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
агромеграциондық артықшылық (аймақтағы салааралық байланыстардың
қиылуы) және агромеграциондық жетіспеушіліктер (қайта орналастыру);
елдің экономикалық дамудағы тенденциясы;
тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму стадиясы;
жалпы және аймақтық саясаттың формалары, саяси жағдайы;
институтционалды факторы: аймақтық автономия деңгейі, аймақтық даму тарихы
және басқалары;
орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі,
өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерін
қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;
жергілікті кәсіпкерлермен негізделген фирманы үлкен сыртқы бақылау
немесе фирманың шағын салмақ үлесі;
әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім
деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және тағы басқа;
орталықпен жүргізілетін экономикалық макросаясатты жүргізудің аймақтық
есепке алынбауы;
орталық пен аймақ арасындағы құқықтары мен міндеттерін шектеу
процестерінің аяқталмауы;
аймақтық жүйеде және жеке аймақ арасында халық кірістерінің диференциа
процессінің бақыланбауы.
Нарықтық қатынастар экономикалық елдерде аймақтық дамытуда мемлекеттің
араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- "әділдік", яғни барлық аймақ тұрғындары жақсы тұрмыс-жағдайға
жетудің тең мүмкіндіктерінде экономикалық қызметті орналастыру болып
табылады;
- "тиімділік", жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайы мақсатында әр аймақтың
өндірістік потенциалын тиімді пайдалануды талап етіледі. Бұл екі мақсат
қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу
кезеңінде бірінші мақсат болса, дағдарыс кезеңінде — екінші мақсатты
қолданады (5).
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты
ретінде құрылуы керек, бірақ, бұған қоса федеративті мемлекеттердің
аймақтық саясат қағидаларымен сәйкес келуі қажет. Біріншіден, аймақтық
экономикалық саясат, орталық үкіметпен сияқты аймақтық биліктерімен де
жүргізілуі тиіс. Бізге белгілі қазіргі кезде негізі пайда өндіруші
салаларда, әсіресе отын-энергетикалық кешенінде қалыптасады. Тек орталық
үкіметте жалпы елдің экономикалық өсуді ынталандыру, жалпы әлеуметтік
шиеленісуді азайту үшін аймақ және сала арасындағы пайданы тиімді қайта
бөлуді, елдің экономикалық дамудағы терең аймақтық және салалық
диспропорцияны қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу
траекториясына шығуға, республиканың іс белсенділігін дамытуды көздейді.
Сондықтан, Қазақстанның қазіргі даму этапының проблемасы болып аймақтық
экономикалық саясат шығару және механизмдерін жасау болып табылады.
Екіншіден, барлық аймақтарда жалпы мемлекеттік қаржылық ресурстарына
қол жеткізу және тең құқық болуы керек, сонымен қатар, макроқұралдарды
пайдалануда тең құқықтық монетарлы, фискалды және сауда саясаты болуы тиіс.
Аймақтық экономикалық саясат құжаттарымен шешуге мүмкін болатын
Қазақстанның қазіргі даму этапының негізгі проблемаларына біздің
көзқарасымызға байланысты төмендегілер жатады:
1. орталық Үкімет жүргізген экономикалық реформалар шараларының
жергілікті жағдайларына адаптация;
2. Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық
саясат координациясы;
3. әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тұрақтандыру және экономикалық
көтерілу траекториясына шығу;
4. кәсіпкерлікті дамыту және өмір сүру қызметі жағдайында аймақтық
айырмашылық минимумына мәліметтер жинау.(7).
Нарықтық жағдайларда бірінші екі проблема макросаясат пен координация
қаражаттарымен, ал кейінгі екеуі макро-микросаясат қаражатымен шешіледі.
Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізудегі аймақтық ерекшеліктеріне
көңіл аудармаса, әлсіз аймақтық экономикалық саясат жүргізеді, осыған орай
аймақтар территориалды немесе басқа да мүдделері бойынша бірігуді бастайды.
Еліміздің аймақтық экономикалық саясатын құруда "донор" және реципиент"
аймақтардың қарсылығының пайда болуына жол бермеу керек, әйтпесе ол бірлік
экономикалық кеңістіктің құлдырауына әкелуі мүмкін, соңында Қазақстанның
бүтінділігі мен мемлекеттігінің құлдырауына әкеліп соғады.
Аймақтық саясаттың мақсатты функциясы ең алдымен экономиканың қайта
құрулар және экономиканың құрылымдық қайта құруларынан шығады. Экономиканы
реформалау кезіндегі экономикалық реформалар тереңдігін және әлеуметтік-
экономикалық жағдайын сипаттайтын негізгі параметрлері бойынша аймақ
дифференциациясы болады, ресурстарды территориалды қайта бөлуде жабық
каналдар, бірінші кезекте қаржылық жаңай туады. Осы аймақтарда процестердің
нәтижесінде басқа аймақтардың сәйкесінше тездетілген дамуда барлық
әлеуметтік-экономикалық сфераның құлдырауына әкелуі мүмкін.

1.3. Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамытуды мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары аймақтық экономикаға,
аймақтарды дамыту, дәлірек айтсақ республикадағы әрбір аймақтық
экономикалық өсуін, әлеуметтік жағдайын, халықтың әл-ауқатын көтеру,
бюджетті өсіру, қаржы жағдайын, отандық және шетел инвестициясын тарту және
оны тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіптерді, сонымен қатар
шағын және орта бизнесті дамыту сияқты және тағы басқа да проблемаларды
шешіп оларды дамытуға көп көңіл бөлінуде.
Аймақтық дамудың маңызды тапсырмаларының бірі жеке аймақтардағы халық
өмірі деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл тапсырманы
орындау үшін аймақтардың экономикалық деңгейі мен ерекшеліктерін ескере
жеке аймақтардың шаруашылық дамуының мемлекеттік бағдарламаларын қолдану
үлкен мәнге ие.
Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық тапсырмалар - бұл экономикалық
құрылымын реформалау, жеке аймақтарды депрессивті жағдайдан шығару,
әлеуметтік инфрақұрылымын жасау, экономиканы тұрақтандыру, аймақаралық
транспорттық жүйені дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай туғызу.
Аймақтың дамуы үшін қаржы-қаражат орны ерекше. Аймақтық экономиканы
дамытуды тездетуге бағытталған құралдардың екі көзі бар:
- сыртқы инвестициялар — экзогенді көзі
- ішкі инвестициялар — эндогенді көзі.
Эндогенді дамытуды ынталандыру тәсілдері табиғи ресурстарды,
"экономикалық ортаны" (өндіріс, транспорт, коммуникация, жинақталған
экономикалық потенциал және басқалар) және адам капиталы (білім,
квалификация, шығармашылық потенциал, кәсіпшілдігі, халықтың жан тазалығы
және тағы басқа) жағдайын қамтитын проблемалы аймақтардың ішкі потенциалын
белсендірумен байланысты.
Қазір бар технология мен өндірісті ұйымдастырудың атақты тэсілдеріне
негізделген эндогенді аймақтық дамуды ынталандырудың мүмкін болатын
әдістеріне келесілерді жатқызуға болады:
- тікелей мемлекеттік реттеу;
- қызмет секторын ынталандыру;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- арнайы зоналар құру (9).
Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік меншікке негізделеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда меншікті мемлекетсіздендіру әлі жүріп
жатқандықтан, бұл әдісті эндогенді аймақтық дамытуда қолдану қиынға соғуда.
Секторлық ынталандыру құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттың тапсырмасы
ғана болып табылмайды, кейбір жағдайларда оны аймақтық экономикалық
саясаттың тапсырмасы ретінде қарастырылады. Әсіресе, бұл қызмет сферасына
қатысты.
Қазіргі күні Қазақстандағы және басқа елдердегі шағын бизнес ұлттық
және аймақтық экономикалық саясаттың әдістерінің бірі ретінде
қарастырылады. Өзінің құрылымдық өзгерістерге бейімдегі мүмкіндігі мен
икемділігіне байланысты көптеген үкіметтер ұлттық және аймақтық деңгейде
шағын фирмаларды қолдайды. Мұндай қолдау несие бөлуде және жеңілдікпен
қаржыландыруда, кадрларды қайта оқытуға көмек көрсетуде, қаржы
кәсіпорындарының өндірісін басқаруда, инвестицияны ынталандыруда,
технологиямен қамтамасыз етуде және басқа да жағдайларда көрінеді.
Шағын және орта бизнесті аймақтық экономикалық саясат шегінде
ынталандыру,олар экономикалық өсуге мүмкіндік жасаса және аймақта жаңа
жұмыс орнын ашса ғана жүргізіледі. Көмек түрі фирманың ерекшелігіне
(капитал сиымдылықты фирмаларға капитал, қызмет көрсетудің сауда
фирмаларына, айналмалы капитал, жаңа технология мен құрал-жабдық
қажеттілігі) және өмір цикліне байланысты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеуші әсері
халықтың, шаруашылық етуші субъектілерінің өмір сүруінің құқықтық
регломенті жүйесі және жалпы макроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, ақша-
несие), әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық инвестициялық, сыртқы
экономикалық саясаттарды жүзеге асыру, институтционалды құрылымлар
жүргізілу арқылы жүргізіледі. Оларды әзірлеу және тәжірибеде жүзеге асыру
кезінде жүзеге асырылатын шаралардың интеграциялық аймақтық әсері және
олардың территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайына
сэйкестігін ескеру қажет.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың
ерекшелігін, олардың шешілетін стратегиялық және тактикалық тапсырмалардың
сипатын ескеретін, икемді және дифференцацияланған болуы керек (10).
Минералды ресурстардың стратегиялық маңызлы түрі бар, өнеркәсіптік
негізгі саласындағы өнімді өңдеуге маманданған аймақтар үшін, сонымен қатар
әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары дамыған ғылыми өндірістік
потенциалы жоғары аймақтар үшін мемлекеттік реттеу әдістері аймақ
экономикасын құрылымдық құру жағдайын туғызу және әсер етуге бағытталуы
тиіс, оның ішінде экспорттық бағытталған өнім мен халық тұтынатын
тауарларды өндеуді өсіру мақсатында кәсіпорынды техникалық жабдықтандыру
қажет. Бұл аймақтар үшін сыртқы сауда сферасындағы, шетел инвестициясын
тартудағы ірі кәсіпорындарды жекешелендіру жағдайын анықтаудағы мемлекеттік
реттеу мәселелері ерекше орын алады.
Елдің азық-түлік қорын қалыптастыратын аймақ тобы үшін экономикалық
тұтқалар мен ынталар халықты жұмыспен қамтуды өсіру және ауыл шаруашылық
өнімін өңдеуді тереңдету, техникалық қызмет көрсету орталықтарын, көтерме
азық-түлік нарығын, сауда үйлері мен биржаларын, маркетингтік қызмет,
лизингтік компания ұйымдастыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамытуға
мүмкіндік етуі керек.
Экологиялық нашар және артта қалған аймақтар және де депрессивті шағын
және орта қалалар мен шалғай аудандар үшін мемлекеттік реттеу әдістері
экономиканы белсендіру және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мен
экологияның және әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту бойынша белгілі
бір жобаларды және мақсатты кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруға, сонымен
қатар шетелдік технологиялық және гуманитарлық көмек тартуға араласуға
бағытталуы керек (11).
Республикалық билік ең алдымен аймақтықинвестициялық банктар мен
қорлардың қызметін заңды және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету арқылы
аймақтарға қолдау көрсетуі тиіс. Экономиканы мемлекеттік реттеу аймақтың
потенциалын анығырақ ашу мақсатында аймақтарды эртүрлі бағыт қағидасы
бойынша жүргізілуі қажет.
Экономиканы реформалаудың нақты мақсатының негізгі параметрі аймақ
экономикасының әлеуметтік тапсырмаларды шешуге, өмірдің жоғары деңгейіне
жетуге бағытталғандығы болып табылады. Ол үшін республикалық, аймақтық және
жергіліктіоргандардың инвестиция облысындағы қызметін заң негізінде шектеу,
кәсіпкерлік қызметті ынталандырудың аймақтық механизмін әзірлеу,
аймақтардаға жағдайды үнемі мониторингке алу және алған мәліметтерді
саясаттық әзірлеу үшін уақтылы пайдалану қажет.
Мемлекеттік реттеудің құралдарының жиынтығы келесі негізгі
элементтерді қамтиды:
1) Экономикалық болжау - экономиканың болашақ жағдайын және онымен
байланысты сфералар жағдайын көріп білу.
2) Индикативті жоспар (болжау) әзірлеу - елдің барлық шаруашылық
кешенінің дамуын болжау.
3) Шаруашылық етуші субъектілердің белгілі бір тобы бойынша адрестік
жоспар әзірлеу және жүзеге асыру.
4) Шаруашылық етуші объектілерге жанама әсер етудің құралдарын
қолдану.
5) Елдің (аймақтық) әлеуметтік-экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
Муниципалдық менеджмент
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
Аймақтық өсу теориялары
Аймақтың экономикалық дамуы
Аймақтық саясат құрылымы
Басқару теориясының қазіргі жайы
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер