Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Реферат

Тақырыбы : Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттар

Орындаған: Куанбаева Ф.

Тексерген: Беспаева Ш. А.

Қарағанды 2013жыл

Жоспар:

  1. Тынысты ынталандыратындар
  2. Жөтелге қарсы заттар
  3. Қақырық түсіретін заттар
  4. Бронхоспазмда қолданылатын заттар
  5. Жедел тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар

ТЫНЫСТЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫНДАР

Әсерлерінің негізгі бағыттарына қарай тынысты ынталандыратындарды келесі топтарға бөледі:

  1. Тыныс орталығын тікелей белсендіретін заттар - бемегрид, кофеин, этимизол.
  2. Тынысты рефлекторлы ынталандыратын заттар - цититон, лобеин гидрохлоді.
  3. Аралас типті әсерлі заттар (1+2) - кордиамин, көмір қышқылы.

Тыныс орталығына тікелей қоздырғыш әсер ететін дәрілік заттарға сихостимуляторлық зат және аналептик кофеин, аналептик бемегрид және этимизол препараты жатады. Соңғысы орталыққа әсер ететін тынысты ынталандыратындар ішінде ерекше орын алады. Ол бас миының қыртыс асты құрылымдарын және сопақша мидың орталықтарын белсендіреді. Бірақ этимизол ұқсас аналептиктерден бас миы қыртысына тежегіш әсер етуімен ажыратылады, сондықтан, практикалық медицинада оны тек тынысты ынталандырушы ғана емес, психиатриялық күйзеліс жағдайларында тыныштандыратын зат ретінде де қолданады. Препаратты ішке және парентералды енгізеді.

Тынысты рефлекторлы ынталандыратындарға Н-холиномиметиктер цититон және лобелин гидрохлориді жатады. Олардың әсер ету механизмі синокаротидті шумақтың н-холинорецепторларының қозуына байланысты, осы жерден афферентті импульстер сопақша миға түседі және тыныс орталығының белсенділігі жоғарылайды. Көрсетілген н-холиномиметиктер қысқа уақыт әсер етеді(бірнеше мин ішінді) . Оларды тек көк тамырға енгізген жөн.

Аралас типті әсер ететін заттардың орталық әсері каротидті шумақтың хеморецепторларына ынталандырғыш әсерімен толықтырылады. Осындай препараттарға аналептик кордиамин және көмір қышқылы жатады. Соңғысы тыныстың физиологиялық ынталандырғышы екені белгілі.

Медициналық практикада 5-7% СО 2 және 93-95% О 2 қоспасы қолданылады. Осындай қоспа карбоген деген атқа ие болды. Карбогенмен дені сау адамдарды тыныс алдырғанда тыныстың көлемі 5-8 есе артады. Тыныстың қозуы негізінен тыныс орталығында рН деңгейінің төмендеуіне және Н + ионының жиналуына байланысты. Сутегі ионы тыныс орталығының жасушаларының тікелей ынталандырмайды, сопақша мида тыныс орталығына жақын орналасқан арнайы хеморецепторлық құрылымдар арқылы әсер етеді деп есептейді. СО 2 -ның әсерінде синокаротидті шумақтың рефлекстері де белгілі орын алады. СО 2 -ның тынысты ынталандыратын әсері алғашқы 5-6 мин ішінде дамиды. Бұл кезде жалпы қан айналымы да жақсарады. СО 2 мидың да қан айналымын арттырады деген мәлемет бар.

Тынысты ынталандыратындарды опиоидты анальгетиктермен, көмір тотығымен жеңіл улануда, жаңа туған нәрестелердің тұншығуында, наркоздан кейінгі кезеңде өкпе вентиляциясының қажет деңгейін қамтамасыз ету үшін т. с. с. қоладанады. Жалпы тынысты ынталандыратындарды сирек тағайындайды. Гипоксиялық жағдайларда әдетте қосымша немесе жасанды тыныс алдыруды қолданады.

ЖӨТЕЛГЕ ҚАРСЫ ЗАТТАР

Жөтелге қарсы заттардың екі тобын ажыратады.

  1. Орталыққа әсер ететін заттар
  1. Наркотикалық типті әсерлі (кодеин, этилморфин гидрохлориді) .
  2. Наркотикалық емес препараттар (глауцин гидрохлориді, тусупрекс) .
  1. Шетке әсер ететін заттар (либексин) .

Практикалық медицинада сопақша мида орналасқан жөтел рефлексінің орталық тармағын тежейтін орталық әсерлі заттар өте кең таралған. Бұл топқа жақсы белгілі кодеин және этилморфин гидрохлориді жатады.

Кодин (метилморфин) фенантрен қатарына жататын апиынның алкалоиды. Жөтелге қарсы айқын белсенділігі бар. Сонымен қатар, ол әлсіз ауыру сезімін басатын әсер көрсетеді. Кодеин емдік мөлшерде тыныс орталығын тежемейді немесе бұл әсері аз дәрежеде байқалады. Препаратты жүйелі қолданғанда іш қату сияқты жанама әсері болуы мүмкін. Кодеинді ұзақ қолдану бейімделу және кейбір жағдайда дәріге тәуелділік дамуымен жүреді.

Препарат ретінде кодеин және кодеин фосфаты шығарылады. Сонымен қатар, кодеин бірқатар жұптастырылған препараттар құрамына кіреді: Бехтеров микстурасы, «Кодтерпин» таблеткасы және т. б.

Бұл топ заттарына сонымен қатар, синтетикалық жолмен морфиннен алынатын этилморфин гидрохлориді де жатады. Этилморфин гидрохлоридінің жөтел орталығына әсері кодеинге ұқсас, бірақ оған қарағанда белсенділеу.

Опиоидты анальгетиктердің жөтелге қарсы әсері күшті. Бірақ олар тыныс орталығының тежелуін шақырады. Соымен қатар, бұл препараттар дәріге тәуелділік дамуы жағынан қауіпті. Сондықтан оларды кодеин және басқа жөтелге қарсы заттар тиімсіз болғанда тек анда-санда қолдануға болады.

Жөтел орталығын таңдамалы тежейтін және дәріге тәуелділік шақырмайтын бірқатар препараттар алынған. Оларды жөтелге қарсы наркотикалық емес заттар деп атайды. Оларға глауцин гидрохлориді, окселадин цитраты жатады. Глауцин өсімдік тектес алколоид болып табылады, тусупрекс синтетикалық жолмен алынған. Препараттар науқастармен жақсы көтеріледі. Глауцин бастың айналуын, лоқсу шақыруы мүмкін.

Шетке әсер ететін жөтелге қарсы заттарға либексин жатады. Оның әсер ету механизмін жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатына анестезиялаушы әсерімен және біршама бронхолитикалық қасиетімен байланыстырады. Ол ОЖЖ-не әсер етпейді. Либексин дәрісіне тәуелділік дамымайды. Срнымен, либексин де жөтелге қарсы наркотикалық емес заттарға жатады.

Бронхтың шырышты қабатының құрғауында, бронхиалды бездердің тұтқыр және қою секретінді жөтелді бронх шырышты қабатының секрециясын көбейту және де секретті сұйылту арқылы азайтуға болады. Осы мақсатта қақырық түсіретін заттарды, соның ішінді сілтілі ерітінділермен аэрозолді ингаляцияны тағайындайды.

ҚАҚЫРЫҚ ТҮСІРЕТІН ЗАТТАР

Бұл заттардың тобы бронхиалды бездермен өндірілетін шырыштың ( қақырықтың) бөлінуін жеңілдету үшін белгіленген. Қақырық түсіретін заттардың екі түрі бар: 1) рефлекторлы әсер ететін; 2) тікелей әсер етеін.

Рефлекторлы әсер ететіндер - ипекакуана препараттары және термопсис шөбінің препараттары (сығынды) . Олардың құрамындағы алкалоидтар ішке енгізгенде асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Осы кезде бронхиалды бездердің секрециясы рефлекторлы түрде артады, кірпікшелі эпителийдің белсенділігі жоғарылайды, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбейеді, тұтқырлығы азаяды және оның жөтелмен бөлінуі жеңілдейді.

Аталған препараттар үлкен мөлшерде рефлекторлы түрде құсу шақырады, бірақ олар бұл мақсатта қоладнылмайды.

Тікелей әсер ететін қақырық түсіруші заттарға секретті сұйылтатын заттар жатады.

Ацетилцистеин (бронхолизин, мукосольвин) - белсенді муколитикалық зат. Әсері молекуласында протеогликандардың дисульфидті байланыстарын үзіп, қақырықтың деполимеризациясын шақыратын және тұтқырлығын төмендететін бос сульфгидрилді топтың боуына байланысты. Қақырықтың сұйылуы және көлемінің көбеюі оның бөлінуін жеңілдетеді. Ацетилцистеинді ингаляциялық жолмен, кейде парентералды қолданады. Ішке енгізуге арналған әсері ұзартылған препараттар да алынған. Ацетилцистеин ішектен толық сіңіріледі, бірақ оның биожеткіліктігі төмен, себебі, препараттың үлкен бөлігі бауырдан біріншілік өткенде метаболизмге ұшырайды. Құрылысы және әсері бойынша ұқсас препарат карбоцистеин болып табылады.

Тиімді муколитикалық және қақырық түсіретін заттарға химиялық құрылыстары ұқсас амброксол және бромгексин жатады. Препараттардың муколитикалық әсері қақырықтың сұйылуына әкелетін, оның мукопротеиндері мен деполимеризациясына байланысты. Екі препарттың фармакотерапиялық әсері альвеолярлық жасушаларда түзілетін, эндогенді беткейлік-белсенді зат өндірілуінің ынталануына байланысты деп те есептейді. Бұл кезде бронхиалды бездердің секрециясы қалыпқа келеді, қақырықтың реологиялық қасиеті жақсарады, оның тұтқырлығы азаяды, бронхтардан қақырықтың бөлінуі жеңілдейді. Әсері 30 мин кейін басталады және 10-12 сағ сақталады. Препараттарды ішке енгізеді. Жанама әсерлерінен кейде лоқсу, құсу, аллергиялық реакциялар байқалады.

Бұл топқа протеолитикалық ферменттердің препараттары да - кристалық трипсин, кристалдық химотрипсин, дезоксирибонуклеаза жатады. Рекомбинантты α-ДНКаза препараты пульмозим деген атпен шығарылады. Муколитик ретінде муковисцидозда қолданылады. Ингяциялық жолмен енгізеді. Бронхтың шырышты қабартының бездеріне тікелей әсер көрсететін және олардың секрециясын күшейтетін препараттар да қолданылады, мысалы, калий йодиді.

Натрий гидрокарбонаты да қақырықты сұйылтады, бронхиалды секрецияны біршама жоғарылатуы да мүмкін. Калий йодиді мен натрий гидрокарбонатын ішке және ингаляциялық жолмен, ал кристалдық химотрипсин ерітінділерін, ДНКаза-ны ингаляциялық жолмен тағайындайды.

Қақырық түсіретін заттарға құлқайыр тамырының, истод тамырының, қызыл мия тамырының препаратты, терпингидрат, натрий бензоаты жатады.

БРОНХОСПАЗМДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАТТАР

Қалыпты жағдайда бронх бұлшық еттерінің тонусы холинергиялық жүйкемен ұсталынып тұрады, оның қозуы бронхоспастикалық әсерге әкеледі. Бронхтарда симпатикалық иннервация жоқ. Бірақ, бронхтарда айналымдағы адреналин және сырттан енгізетін адренотропты заттар әсер ететін иннервацияланбайтын β 2 -адренорецепторлар бар. β 2 -адренорецепторлардың ынталануы бронходилатациялық әсерге әкеледі.

Бронхоспастикалық жағдайдың даму үрдісінде, соның ішінде бронхиалды демікпеде, бронхоспазмның дамуына әкелетін әр түрлі қоздырғыштарға бронхтардың гиперреактивтілігі дамиды. Олардың қатарына аллергендер, инфекция, химиялық заттар, суық ауамен тыныс алу, стресс, т. б. жатады.

Бронхтардың гиперреактивтілігі қалыптасуының негізінде жатқан қабыну реакциясының дамуында, қабыну медиаторлары үлкен рөл атқарады. Олар бронх эпителийінің жасушаларында, мес жасушаларда, альвеоланың макрофагтарында, нейтрофилдерде, эозинофилдерде, моноциттерде өндіріледі. Әдетте, өкпенің мес жасушаларының құрамында гистамин, аденозин, нейтрофилдер мен эозинофилдер үшін хемотаксистік факторлар бар. Қабыну үрдісі көптеген басқа қабыну медиаторларының- лейкотриеннің, простагландиннің, тромбоксанның, тромбоциттерді активтейтін фактордың өндірілуін ынталандырады. Бұл заттар бронхоспастикалық әсер көрсетеді, бронхтың шырышты қабатының ісінуін шақырады, қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатады, шырышты қабаттың лейкоциттермен инфильтрациялануына ықпал етеді, шырышты гиперсекрециясын шақырады. Осының бәрі бронхоспазмдардың өтуін ауырлатады. Сондықтан оларды емдеудің амалы тек оның дамуын ынталандыратын факторларды жою және бронхолитикалық емдеу ғана емес, қабыну үрдісін де басу болып табылады. Бар мәліметтерге сүйене отырып, бронхиалды демікпені және басқа бронхоспастикалық жағдайларды емдеу үшін қолданылатын препараттарды төмендегідей топтарға бөлуге болады:

  1. Бронхтарды кеңітертін заттар (бронхолитиктер) .
  1. β2-адренорецепторларды ынталандыратын заттар
  2. М-холиноблокаторлар
  3. Миотропты әсері бар спазмолитиктер
  1. Қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсенділігі бар заттар.
  1. Қабынуға қарсы стероидты заттар
  2. Аллергияға қарсы заттар
  3. Лейкотриендер жүйесіне әсер ететін заттар
  1. 5-липоксигеназаның тежегіші
  2. Лейкотриендік рецепторлардың тежегіштері

Қазіргі кезде бронхоспазмда негізінен β 2 -адренорецепторларды айрықша қоздыратын заттар - сальбутамол, фенотерол қолданылады. Олар таңдамасыз әсер ететін β 2 -адреномиметиктерге қарағанда тахикардияны едәуір аз дәрежеде шақырады. Оларды әдетте ингаляциялық жолмен қабылдайды.

β 2 -адреномиметиктертер жылдам әсер ететін бронходилататор болып табылады. Сонымен қатар, олар қақырық бөлінуіне ықпал етеді. β 2 -адреномиметиктер тремор, тахикардия, мазасыздық, аритмия және басқа жанама әсерлер шақырады.

Осы топ препараттарының бірі, β 1 , - және β 2 -адренорецепторларды ынталандыратын изадрин. Ол бронхоспазмды жою үшін қоладнылады. Осы мақсатта оны ерітінді түрінде ингаляциялық жолмен тағайындайды. Жүректің β 2 -адренорецепторларына әсер ететіндіктен изадрин жүректің жиырылуын жиілетеді және күшейтуі мүмкін. Изадринді осылай қолданғанда артериялық қысымды мүлдем өзгертпейді.

Бронхоспазмда α- және β (β 1 және β 2 ) -адренорецепторларға әсер ететін адреналин жиі қолданылады. Тері астына енгізгенде ол әр түрлі себеппен шақырылған бронхтың спазмын тез қайтарады, шырышты қабаттың ісінуін азайтады. Қысқа уақыт әсер етеді. Жанама әсерлерінен артериялық қысымның жоғарыауы, тахикардия, жүректің минуттық көлемінің артуы болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Жалпы фармакология
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар
Белсенді әсер ететін заттар
Тыныс жолдарының аурулары
Қақырықтың бөлінуіне дем беруші дәрілік заттар
Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия
Балалардағы тынысалу жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz