Өмір және оның мәні



Кіріспе
Өмірдің мәні
"Бақыт" түсінігі
Адасу
Қорытынды
ӨМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?
"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?

Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӨМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген
сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын,
толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды",
— деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні
туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет
калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді
қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де,
өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын
сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам
туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда
қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы
із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар
сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу
қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?
"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет
келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып
қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді
қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?

Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің
мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын
рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам
болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан
артықшылығы болмайтыны анық.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге
талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін
негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі
мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан
дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген
философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші,
моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл
жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке
бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес
екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару
мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар
өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса
керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні
туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ,
әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар.
Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам —
белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған
тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам
өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке
адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды
диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

"Бақыт" түсінігі. Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете
алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты
етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы
естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі
қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен
маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана
ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт
ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті
күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек
екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де
саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады.
Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай
түсінуіне байланысты.
Бақыт сондай-ақ тарихи жене ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді.
Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп
есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты
өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке
адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.
Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық
қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам
мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің
мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол
екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын
болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның
әр мүшесінің бақытынан құралады.
Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттьщ белгісі жанына жайлылық,
тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған,
сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның
өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол — табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен
көңілдің хошын табу — әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.
Өмір жөне оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен
байланыстырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-
өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да,
қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. "Бакыт тек еңбекпен
келеді" деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома
ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, ұзақ
және қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинап, кәсіпқойлықтың шыңына
шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көруі — міне, адамды бақытқа
бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның
зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың
арасында өзі қалаған мамандьны бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген
жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен
туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар
толып жатыр.
Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардьщ өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Адам өмірі өмірлік мақсаттарға негізделгенде ғана мәнді
Адам өмірінің мәні
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Бақыт - өмірге қанағаттану сезімі
Оны философиялық талдау
Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас
Өмірдің мәні адам өмірінің барлық аспектілерін біріктіреді, материалдық жағынан рухани әлемге және адам рухының алып батылдығына дейін
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Өмір мәні
Пәндер